Рыскельдина анар аблаевна кредиттік оқыту жүйесі жағдайында тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту icon

Рыскельдина анар аблаевна кредиттік оқыту жүйесі жағдайында тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту



НазваниеРыскельдина анар аблаевна кредиттік оқыту жүйесі жағдайында тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту
страница1/2
Дата04.05.2013
Размер464.37 Kb.
ТипАвтореферат
скачать >>>
  1   2


ӘОЖ 378. 147:372.811.1-057.875 Қолжазба құқында


РЫСКЕЛЬДИНА АНАР АБЛАЕВНА


Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында тіл
маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту



13.00.08 - Кәсіптік білім беру теориясы және әдістемесі


Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу

үшін дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010


Жұмыс Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар
және әлем тілдері университетінде орындалды



Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының

докторы, профессор Қозыбай А.Қ.


Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Қоқанбаев С.З.


педагогика ғылымдарының

кандидаты ^ Бақтыбаев Ж.Ш.


Жетекші ұйым: Евразиялық гуманитарлық

институты


Қорғау 2010 жылы 27 ақпанда сағат 1700 -де Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14. 08. 04 біріккен диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі 200, 208 мәжіліс залы.


Диссертациямен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар

және әлем тілдері университетінің ғылыми оқу залында

танысуға болады. 050022, Алматы, Мұратбаев көшесі, 200.


Автореферат 2010 жылы 26 қаңтарда таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы А.Қ. Қозыбай




^ КІРІСПЕ


Зерттеудің көкейкестілігі. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, халықаралық қарым-қатынасының кеңеюі экономиканың қай саласында болсын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елімізде жұмыс істейтін көптеген шетелдік және отандық компаниялар экономикалық, сауда және мәдени қатынастарының ұлғаюы салдарынан шетел тілін еркін меңгеріп, әлемдік стандарттарға сай қызмет көрсете алатын мамандарды қарастырады. Бұл кең етек алып келе жатқан еңбек нарығындағы құбылыстың бір көрінісі. Бұл үздіксіз процесс, оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан білім саласын қоғамның осы ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет.

Мемлекетімізде бұл мәселе «Қазақстанның 2030 жылдарға дейінгі дамуының президенттік стратегиясында» және «Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасында» ерекше айтылып көрсетілген. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, бәсекеге қабілетті білім ордаларын қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізудің бір жолы әлемнің алдыңғы елдерінде қалыптасқан білім берудің мол тәжірибесін зерттеу арқылы ұтымды жақтарын алу болды. Сол ұтымды жақтардың бірі - оқытудың кредиттік жүйеге көшуі.

Лиссабон конференциясының «Еуропа аймағында жоғары білім мамандықтарын мойындау туралы» шешімін Қазақстан Республикасының қабылдауы республика жоғары оқу орындарының студенттеріне басқа елдердің оқу орындарында оқуларын жалғастыруға немесе бітіріп шығуларына мүмкіндік жасап отыр. Сонымен қатар республика оқу орындарының кредиттік оқыту жүйесіне көшуі жастардың өзіндік білім деңгейлерін көтерулеріне және өз беттерімен білім алуларына, оқу орындарын таңдауларына және білім көлемдерін кредит түрінде есепке алуларына әсерін тигізуде. Осыған байланысты XXI ғасырдың өзекті талабы халықаралық өзара қарым-қатынас құралы болып саналатын шетел тілдерін еркін меңгеру. Шетел тілдерін оқу, үйрену бүкіл дүниежүзілік нарыққа шығу, бүкіл дүниежүзілік мәдениетке араласу мақсатында әрбір тұлға үшін маңызды және болашақта адамдар шетел тілін өздерінің кәсіби іс-әрекеттерінде батыл қолданатын болады.

Көп жылдар бойы білімді кәсіптік білімнің негізгі көрсеткіші деп бағалау теория мен тәжірибе жұмысы дайындығы арасындағы табиғи байланысқа мән берілмеуіне, мамандарды кәсіпке дайындауда білім қорының жеткілікті болмауына әкеліп, кейбір студенттердің оқуға, одан кейін болашақ кәсібіне деген біліктілігінің төмендеуіне әсерін тигізді. Жоғары мектептің білім беру барысындағы осы мәселені шешу жолының бірі - студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастыруды қайта бағдарлау арқылы оларды таңдаған кәсібі саласында өз білімдерін, іс-тәжірибелерін, мақсаттарын толықтай жүзеге асыруға тұлғалық құлшыныстарын ынталандыру. Кәсіби біліктілік - ол маманның таңдаған кәсібі алдындағы талаптарды, міндеттерді және оған сәйкес көзқарастарды, пікірлерді, нұсқауларды барынша қабылдау деген сөз.

Елімізде және шетел педагогикасында мамандардың кәсіби дайындығын зерттеу мәселесі жағынан бірқатар тәжірибелер жиналған. Зерттеулер кәсіби білім, саяси-қоғамдық және психологиялық-педагогикалық білім саласында кеңінен өріс алған. Әсіресе болашақ мамандарды ғылыми теория және іс-тәжірибе бағытында дайындауға зерттеулер педагогика ғылымдары жүйесінің әр саласында жүргізілді. Атап айтқанда:

- теория және әдістеме саласында (И.Д.Зверева, Т.М.Мамаджанова, Ю.А.Самарина, А.Е.Әбілқасымова, Г.А.Ахметова, К.Ж.Қожахметова, Ж.А.Караев, Н.Д.Хмель және т.б.);

- педагогика тарихы және білімі (К.К.Құнантаева, А.Н.Ильясова, В.Г.Храпченков және т.б.);

- оқу танымында теория мен іс-тәжірибенің бірлігі (П.Р.Атутов, С.Я.Батышев, В.С.Безрукова, К.С.Успанов, Г.А.Уманов және т.б.);

- әлеуметтік бағытта (К.К.Жампеиісова, А.Г.Қазмағанбетов, А.А.Калюжный, З.У.Кенесарина, Л.К.Керимов, Г.Ж.Меңлібекова, С.А.Ұзақбаева, А.Н.Тесленко, В.В.Трифонов және т.б.);

- кәсіптік білім мазмұны мен технологиясында (В.С.Леднев, Қ.М.Арынғазин, Б.А.Әбдікаримов, А.Ш.Абдраман, Б.А.Альмухамбетов, С.А.Абдыманапов, Б.З.Баталханов, В.В.Егоров, Н.А.Завалко, Ж.Ж.Наурызбай, Г.К.Нұрғалиева, Б.К.Момынбаев, М.С.Молдабекова, А.П.Сейтешев, А.Қ.Қозыбай, К.Н.Үстеміров, С.Т.Каргин, Л.А.Шкутина, Н.Р.Шаметов, Г.Т.Хайруллин, Н.Н.Хан және т.б);

- психологияда (К.Б.Жарыкбаев, Ж.И.Намазбаева, С.М.Жакупов және т.б.);

- экологияда (Г.Д.Ділімбетова, М.А.Лигай, М.Н.Сарыбеков және т.б.);

- мәдениеттануда (М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев, Б.А.Оспанова және т.б);

- зерттеуде (З.А.Исаева, Ш.Т.Таубаева және т.б.) ғалымдардың ғылыми еңбектерін айтуға болады.

Кәсіби бағыттылықты дамытудың маңызды міндеті - жастарды әр кәсіптің ерекшелігімен, олардың мазмұны туралы толық біліммен қаруландыру, әрбір кәсіптің олардың жеке қасиеттеріне қоятын талаптарымен таныстырумен қатар, таңдап алған кәсібіне деген терең қызығушылығын ояту, маңыздылығын сезіндіру, оның қоғамдық өмірдегі әлеуметтік беделін түсіндіру болып табылады. Әсіресе студенттердің болашақ кәсібіне байланысты мәселелерді шешу барысындағы олардың шығармашылық ой қабілеттерінің маңызы ерекше. Бастапқы кезеңде бірқатар студенттер өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуді жоспарламайды, сондықтан олардың оқуға жағымды көзқарасын тудыру арқылы болашақ кәсібіне қызығушылығын қалыптастыру қажет.

Дәстүрлі оқыту жүйесінде кәсіпке бағыттау жұмысы халық шаруашылығының мамандарға деген қажеттіліктеріне байланысты шешілсе, ал қазіргі әлеуметтік–экономикалық саланың дамуы нарықтық қағидаларға негізделіп, жаңа өндірістік қатынастардың қалыптасуына әкелді. Жеке тұлғаларға кеңінен еркіндік беріліп, олардың әр түрлі кәсіп саласында кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасалынды. Қоғамда және елдің сана – сезімінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай бағыттауды қажет етеді. Сонымен қазіргі республика білім жүйесінің әлемдік білім кеңістігімен бірігуі, атап айтқанда кредиттік оқыту жүйесіне көшуі де кәсіптік бағыттылық мәселесін қайтадан қарауға себеп болды.

Жоғары оқу орындарының тәжірибе жұмысын талдау негізінде оқыту процесін кредиттік оқыту жүйесіне сәйкес ұйымдастыру қажеттілігі және осы жағдайда студенттердің кәсіби бағыттылығын дамытуда арнайы теориялық негіздеме және әдістемелік жағынан қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі арасында қарама – қайшылық бар. Осы қарама-қайшылықты шешу қажеттілігі біздің зерттеу мәселеміз болып, «Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту» тақырыбын таңдауға себебін тигізді.

^ Зерттеудің мақсаты – кредиттік оқыту жүйесі жағдайында тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту процесін теориялық тұрғыда негіздеу және практикалық жағынан қамтамасыз ету.

^ Зерттеудің нысаны – кредиттік оқыту жүйесіне негізделген жоғары оқу орнының педагогикалық процесі.

Зерттеудің пәні - тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамытуға кредиттік оқыту жүйесінің мүмкіндігі.

^ Зерттеудің ғылыми болжамыегер, тіл мамандарының кәсіби бағыттылығы мағынасы мен мазмұны теориялық тұрғыдан анықталып, моделі жасалса және ол жоғары оқу орнының оқу – тәрбие жұмысы барысына ендірілсе, онда тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту нәтижелі болады, өйткені онда студенттердің болашақ кәсібі талаптарына сәйкес кешенді, білікті, тұлғаға бағытталған әдістер қолданылып, тұлға өз саласында құзіретті маман болып қалыптасады.

^ Зерттеудің міндеттері:

1. Шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттерді талдау арқылы «тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығы» ұғымының мағынасы мен мазмұнын теориялық тұрғыдан айқындау.

2. Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту моделін жасау.

3.Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамытудың әдістемесін дайындау.

4. Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамытуға әсерін тигізуші педагогикалық шарттарды анықтау.

^ Зерттеудегі жетекші идея: кредиттік оқыту жүйесінде тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту жоғары оқу орнында білім беру мазмұны мен технологияларын жаңарту арқылы жүзеге асады.

^ Зерттеу жұмысының көздеріне зерттеу тақырыбына қатысы бар философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері, қазақстан Республикасы Президентінің Халыққа жолдаулары, «Қазақстан республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жж. мемлекеттік бағдарламасы», «Білім туралы заңы», «Шетел тілі» мамандығы бойынша Мемлекеттік білім беру стандарты, Интернет ақпарат көздері, жұмыс жоспарлары мен бағдарламалар, ғылыми-педагогикалық басылымдар, автордың тәжірибе жұмыстары кірді.

^ Зерттеудің әдіснамалық негізі жоғары мектептің философия және әдіснама білімдерінің басты қағидалары, жоғары педагогикалық білім беру теориясы, кәсіби білім беру теориясы, шетел тілдерінің лингводидактикасы және әдістемесінің оқытылуы, өзіндік танымын дамыту теориясы.

^ Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында әдістер кешені: теориялық талдау, үлгілер, сауалнама, байқау, педагогикалық эксперимент, эксперттік бағалау әдісі, статистикалық өңдеулер қолданылды.

^ Зерттеудің негізгі кезеңдері:

бірінші кезеңде (2001–2003 жылдар) зерттеу мәселесі бойынша теория және практика жағынан арнаулы психологиялық, педагогикалық әдебиеттер сарапталды. Зерттеудің ғылыми аппараты анықталды. Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығы ұғымының мағынасы мен мазмұны нақтыланды.

екінші кезеңде (2003 - 2008 жылдар) тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығының алғашқы даму кезеңдері анықталды, оны нәтижелі дамытудың шарттары зерттелді, кәсіби бағыттылықты дамытудың моделі мен әдістемесі жасалынды. Анықтау, қалыптастыру және бақылау эксперименттері жүргізілді.

үшінші кезеңде (2008 - 2009 жылдар) әдістемелік ұсыныстар жасалды, нәтижелер өңделді, зерттеу бойынша қорытынды шығарылды.

^ Зерттеу базасы. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

1. Психологиялық, педагогикалық және арнайы әдебиеттерді талдау негізінде «тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығы» және онымен тығыз байланысты «кәсіби біліктілік», «тіл біліктілігі» ұғымдарының мағына мазмұндары анықталды.

2. Алғашқы рет тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамытудың теориялық моделі жасалынды.

3. Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамытудың педагогикалық шарттары айқындалды.

4. Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамытудың тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденді.

^ Зерттеудің теориялық маңыздылығы: тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту ұғымының мағынасын анықтау; тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту моделін жасау арқылы кредиттік оқыту жүйесіне үлкен үлес қосу.

^ Зерттеудің практикалық маңыздылығы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және пәнаралық байланыстарды қолдануға арналған әдістемелік нұсқау, құралдар, арнаулы курс, электрондық оқулық, оқу-әдістемелік кешен жоғары және арнайы орта оқу орындарында, педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында, оқу құрал жабдықтарын құрастыруда қолданылуы мүмкін.

Қорғауға ұсынылған қағидалар:

1. Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығы ұғымының нақтыланған анықтамасы.

2. Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту моделі.

3. Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамытудың педагогикалық шарттары.

^ Зерттеу нәтижелерінің негізділігі мен дәлелділігі - зерттеу жұмысының қойылған зерттеу міндеттеріне сәйкес іске асырылуымен, зерттеу нысанына қатысты ғылыми еңбектеді талдаумен, алынған педагогикалық эксперимент нәтижелеріне математикалық өңдеулер жасалумен қамтамасыз етіледі.

^ Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға енгізу.

Зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері республикалық, халықаралық конференцияларда ғылыми баяндамалар түрінде: «Нақылсөздер, мақал-мәтелдерді ағылшын сабағында қолдану және олардың тәрбиелік мәні» (2000); «Организация самостоятельной работы студентов по английскому языку» (2001); «Межпредметные связи в обучении английскому языку», (2001); «Самостоятельная работа в формировании профессиональной направленности студентов», (2007); «О проблеме развития профессиональной направленности личности», (2008,София); «Моделирование процесса профессиональной деятельности» Прага (2008); «Autonomous learner in a language learning environment», (2007); «Методические указания и контрольные задания для студентов языковых специальностей» (2002); Методические указания и контрольные задания для студентов языковых специальностей» Электронный учебник (2005) және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ғылыми педагогикалық кадрларды бақылау және бағалау комитеті ұсынған журналдарда: Вестник КарГУ, 2007, № 1 (45) «К вопросу изучения межпредметных связей в профессиональной подготовке студентов языковых специальностей»; ҚарМУ Хабаршысы, 2007, № 2 (46), («Кредиттік оқыту жүйесінде тіл маманы студенттерінің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері») ; Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ Хабаршы, 2008, № 2 (19), 136-143б Педагогика ғылымдары сериясы («Тұлғаның кәсіби бағыттылығын дамыту моделі») жариялануы арқылы жүзеге асырылды.

Сонымен қатар Ұлттық ақпараттандыру орталығында және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетінде өткен семинарларда талқыланды.

^ Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі ашылып көрсетіледі, зерттеу мәселесі, мақсат, міндеттері, нысаны, пәні, ғылыми болжамымен жетекші идеясы, ғылыми жаңалығы мен теориялық, практикалық маңыздылығы айқындалады, қорғауға ұсынылатын қағидалардың, зерттеу нәтижелерінің қабылдануы және ендірілуі сипатталады.

«Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамытудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде зерттеу жұмысының қазіргі кезеңде іске асырылуының басты мәселелері және кәсіби бағыттылық ұғымының мағынасы анықталады; кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктері ашылады; кәсіби бағыттылықты дамыту моделі ұсынылып, оның компоненттері сипатталады.

«Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту әдістемесі» деп аталатын екінші бөлімде кәсіби бағыттылықтың даму деңгейлеріне болжау жасалады, эксперимент процесінің мазмұны көрсетіледі және сонымен қатар кәсіби бағыттылықты дамытуға арналған эксперимент жұмысының нәтижелеріне талдау жасалынады.

Қорытындыда зерттеудің теориялық және тәжірибе жұмысы қорытындысы жинақталады, мәселенің одан әрі қаралуы жоспарланады.

Қосымшаларда зерттеу барысында қолданылған сауалнамалар, тапсырмалар, оқу-әдістемелік кешен, оқу жұмыс бағдарламасы және т.б. кіреді.


^ НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Кәсіби бағыттылық – бұл философ, психолог, педагогтардың тұлға іс- әрекеті тұрғысын қарайтын күрделі интегральдық өзіндік білім. Біз зерттеуімізде студенттердің кәсіби бағыттылығының қалыптасу деңгейлерін анықтау үшін «кәсіби бағыттылық» және онымен тығыз байланыстағы іс-әрекет немесе қызмет, кәсіби қызмет, тұлғалық кәсіби даму, тұлғаның бағыттылығы ұғымдарының мағына-мазмұндарына назар аударамыз.

Біз А.К. Маркованың пікірін негізге алып, зерттеуімізде кәсіптік іс- әрекетті маманның өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне орай таңдап алған кәсібін меңгеруі, кәсібінің алдында тұрған тұрған міндеттерді, оның қоятын талаптарын меңгеруі, өзін маман ретінде қалыптастырып сезінуі, кәсібі саласына өз үлесін қосуы, мамандығын жетілдіру арқылы өз тұлғасын дамытуы деп түсінеміз.

Кәсіби бағыттылық адамның өз тәжірибесі нәтижесінде жиналады. Оның дамуы адамның өмірде өзін өзі анықтау мәселесін шешуіне, белгілі бір кәсіпті таңдағанда өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін дер кезінде аңғаруына және кәсіпті таңдауда қоғамдық маңызды мотивтерді ескеруіне байланысты. Кәсіби бағыттылықты дамыту - бұл тұлғаның мүддесі мен қабілетінің белгілі бір іс-әрекетке, қызығатын кәсібі қоятын талаптары мен өзінде бар қабілеттердің, тұлғаның кәсіби мүддесі мен қоғамның мамандарға мұқтаждығы арасында үнемі пайда болатын қайшылықтарды шешу процесі.

А.И.Кочетов көрсеткен бағыттылықтың даму сатыларын жалпы жоспар бойынша мына түрде көрсетуге болады: а) тұрақты және өзекті қажеттілік ретінде қызығудың болуы; б) іс-әрекетте жүзеге асырылатын бейімділіктің және тұрақты қызығудың қалыптасуы; в) кешенді және тұрақты қызығу мен әуестіктің мінез-құлықтың басты мотивтері болып, мақсатқа көзделуі; г) бағыттылықтың қалыптасуы тұлғаның басты қасиеттерінің мақсатқа көзделген байланысы ретінде болуы.

Қазіргі таңдағы жоғары оқу орнында кредиттік оқыту жұмысын ұйымдастырудағы басты міндеттердің біріне студенттердің өзіндік жұмыстарының ролі мен тиімділігін арттыру және оның кәсіби бағыттылықты дамытуға көзделуі жатады.

Студенттің оқуы - бұл оның өз қалауы бойынша өз оқуын өзі жалғастыруы емес, бұл танымдық және кәсіби мамандығында өзін өзі жүзеге асыруға және өзін өзі жетілдіруге бағытталған оқытушының жетекшілігімен басқарылатын өзіндік іс-әрекет екенін айрықша атап өту қажет .

Студенттердің өзіндік жұмысында оқытушылар мен студенттердің арасында субъект- субъектік қатынастардың дамуы - студенттердің «өздерін өздері басқару тәртібіне» көшуін, яғни оқу іс-әрекетінің барлық кезеңдеріне олардың белсенді қатысуы үшінші деңгейдегі басқару деп анықталады. Өзін өзі басқаруды адам факторының өзін өзі ұйымдастыра білу қабілеті деп қарап, оны оқу іс-әрекетінде қолдансақ, онда одан мынандай қызметтердің бөлініп шығатынын көреміз. Олар өзара бір бірімен байланысты бір мақсатқа көзделген мотивтер жүйесі, өз жұмысын өзі жоспарлау, өзін өзі ұйымдастыру (өз қызметін ұйымдастыру), өзін өзі қадағалау және өзін өзі бағалау, өзін өзі түзету.

Кредиттік оқыту жүйесіндегі жоғары білім беру орны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сәйкес студенттердің оқу дәрежесін алуына барынша қолайлы жағдайлар жасайды. Ең алдымен жоғары оқу орны оқу жұмысын әдістеме жағынан қамтамасыз етуге жауапты. Осы мақсатта:

  1. Әрбір студентті қамтамасыз ету үшін анықтамалар.

  2. Әрбір пәннен студенттер мен оқытушылар үшін оқу-әдістемелік кешендер.

  3. Әрбір пәннен дәрісхана жұмыстарына материалдар: лекция көшірмелері, тәжірибе және зертхана сабақ жоспарлары, оқу құрал жабдықтары.

  4. Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар: үй тапсырмалары мәтіндері, әр пәннен бақылау, тексеру сұрақтары, тақырыптық баяндамалар және курстық жұмыстар, электрондық оқу құралдары.

  5. Білімді бақылауға материалдар: жазбаша бақылау жұмыстары, тестілер, емтихандық билеттер және т.б.

  6. Тәжірибе жұмысы материалдары: тәжірибе жұмысын жүргізу әдістеме нұсқаулары және жоспарлары, есеп беру құжат түрлері әзірленеді.

Мамандық таңдау – тұлғаның тұрмыстық әл-ауқатының және тұлғаның, қоғамның рухани байлығының көзі болып табылатын еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрін таңдау. Кәсіби өзін өзі анықтау «Кім боламын?» және «Не істеу керек?» сұрақтарына жауап беру ғана емес, сонымен қатар өз қабілеттеріне өзіндік баға беру. Сондықтан өзінің күші мен қабілетін жүзеге асыратын кәсіпті табу жастар үшін күрделі, өйткені кәсібіне қанағаттанбаушылық кейін тұлғаның кәсібіне бейімделу процесіне жағымсыз көзқарастың пайда болуына әкеледі.

Университет қабырғасында студенттерді кәсіпке бағыттау маман тұлғаны қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы қоғамның экономикалық даму жағдайларына тез бейімделіп, еңбек нарығында өз орындарын тауып, өз іс-әрекеттерінен тұрмыстық және рухани қанағат алатын, өз қабілеттерін орынды пайдаланып және шығармашылық күштерін дамытуға белсене ат салысатын озық ойлы, елжанды мамандарды дайындау қажетті деп есептелінеді. Осыған байланысты біздің модель құрудағы мақсатымыз - университет студенттерінің арнайы және экономикалық дайындықтарын жетілдіру (1 кесте).

Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту моделі негізіне И.Д.Багаеваның педагогикалық іс-әрекет кәсібі тұжырымдамасы және Г.Қ.Нұрғалиеваның тұлғаның тұрақты құндылықтары бағдарының жалпы моделі алынды. Тұлғаның тұрақты құндылықтары бағдарын дамытудың жүйесін құраушы фактор ретінде Г.Қ.Нұрғалиева ғылым салаларын біріктіру (М.С.Анисимов, А.Тұрсынов), жалпы және кәсіби білімді біріктіру (М.Н.Берулава) тұжырымдарына сүйене отырып, іс-әрекеттердің біріктірілуін қолданады.

Автор іс-әрекеттердің біріктірілуі іс-әрекеттің сапалы жаңа күйі деп түсінеді. Ол өзара байланыстағы ұсақ-түйектердің бір бүтінге бірігуімен сипатталады, сонымен қатар іс-әрекеттің және оның құрамындағы бөліктердің негізгі сипаттамаларын сақтайды және де бұл тұлғаның парасатының өсуі, мотивациясының артуы, мінез-құлық жақтарының белсенді бірлігінің өзара байланыс нәтижесі және бұл процесс.

Адам психикасының ішкі құрылымының қалыптасуына немесе интериоризация процесіне лайықты шынайы жағдайлар, яғни сыртқы ойдың тұлғаның ішкі ойына көшуі –іс-әрекеттің әр түрінің өзара байланысы кезінде пайда болады. Г.Қ,Нұрғалиева іс-әрекеттің болжау, тану-білу, туындау, бірлесу және бағалау түрлерін тұлғаның құндылықтар бағдарының негізіне жатқызады.

И.Д.Багаева да педагогикалық іс-әрекеттің кәсібі тұжырымдамасында біріктіруге көңіл бөледі: кәсіби бағыттылық бұл іс-әрекетте қалыптасатын тұлғаның интегральдық қасиеті, өзіндік ерекшелігі, бұл іс-әрекет процесі және нәтижесі. Автордың пікірінше, іс-әрекеттік кәсіп тұлғаның және іс-әрекеттің мазмұнымен сипатталады. Сөйтіп оның ойынша педагогикалық іс-әрекеттің кәсіптік құрылымы үш компоненттерден тұрады. Олар: кәсіби білім, құрылым бойынша танымдық іс-әрекет; кәсіби қарым қатынас жасау, құрылым бойынша сөйлеуіс-әрекеті; және кәсіби өзін өзі жетілдіру,құрылым бойынша бағалау және шығармашылық іс-әрекетінің бірігуі.

Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту моделінің жүйелі құрама компоненттері бір жағынан тұлғаның негізгі жақтарын, яғни психологиялық құрылымын көрсетсе, екінші жағынан кәсіби қызметінде мақсатын жүзеге асыру жолында жұмсалатын күші мен қолданатын әдістерін

1-кесте. ^ Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын
дамыту моделі



мазмұндық сипаттама



Студенттердің кәсіби бағыттылығын дамыту


Таным


Қарым қатынас

Өзін - өзі

жетілдіру


Тұлғалық көріністері


психологиялық

сипаттам

Когнитивтік компонент

  • жаңа әлеумет-тік-экономикалық қатынаста кәсіби қызметтің қоғам-дық маңызын түсіну - білу;

- таңдаған кәсібі саласында кәсіп-керлік іс - әрекет-тің мүмкіндігін

түсіну – білу;

- нарық кәсіби өнімінің және білім ұсынысын

түсіну - білу.

- кәсіби қызметтің байлығын және көп бейнелігін түсіну- білу;

- тіл кәсібі саласында нәтижелі қызмет ету факторы ретінде ынтымақтастық-

тың ролін түсіну- білу

-тіл кәсібінің бәсекелестік өлшемдерін түсіну -білу ;

-өз іс - әрекетінің жағымды және жағымсыз жақтарын түсіну- білу ;

-болашақ кәсіби қызметінде тұлғалық өсу жолдарын түсіну -білу

өзін - өзі бағалау

Мотивациялық компонент

- жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдайда кәсіпке қызығушылық білдіру;

- нарық саласында өз білімін ұсыну-дың жолдарын табуға талаптану;

- өмірде тұлғалық маңызды мақсаттарын барынша жүзеге асыру.

- тұлғаға объект және субъект ретінде көңіл бөлу;

- тұлғааралық қатынасқа ұмтылу;

- іскерлік қарым – қатынастыққа ұмтылу.

- білім беру саласында жетістіктерге

жетуге ұмтылу;


-өзінің жеке тұлғалық өзгешелігін көрсетуге ұмтылу;

-білімін заман талабына сай жетілдіріп отыру

Біліктілік


Мінез-құлық компоненті

- кәсіби қызметінде білімін қолдана білу.

- қарым – қатынас жасай білу, тәжірибесінің болымды жақтарымен алмасу

- көздеген мақсатына барынша жету үшін өз іс - әрекетін түзету


Белсен-

ділік,

өз мақ-сатын жү-зеге асыру


білдіретін тұлғаның белсенділігін көрсететін мазмұнды сипаттамасын құрайды. Зерттеу мақсаты - тұлғаның белсенділігінің мазмұнды сипаттамасын (көлденең жазықтық) адам іс-әрекетінің әрбір бағытының ерекше алатын орнын және басқаларымен ерекше түрде өзара байланысын көрсететін психологиялық сипаттама құрылымына (тік жазықтық) кіргізу. Модельдің ерекшелігі оның әр саласының жеңілден күрделіге өзгергенін көру, мұның өзі, біздің ойымыз бойынша, болашақ маманның мінез-құлқын реттеу факторларына терең талдау жасауымызға мүмкіндік береді.

Қалыптасқан кәсіби бағыттылықтың көрсеткіштері психологиялық көзқарас жағынан тік сызықпен белгіленген тұлғаның маңызды жақтарын білдіреді, яғни когнитивтік (танымдық), мотивациялық, мінез-құлық компоненттерін көрсетеді. Пайда болуына қарай әр жақ күрделі. Тұлғалық білімнің мазмұнды сипаттамасын – кәсіби бағыттылықты: іс-әрекеттің танымдық, сөйлеу және құндылықтарды бағдарлау түрлері құрайды. Біз осы іс-әрекет түрлерін философия және социология ғылымдарының адам іс-әрекетінің жалпы құрылымы саласынан алып, кәсіп саласы жағына бұрдық.

Зерттеудің эмпиристік (тәжірибе) бөлімі біз құрастырған модельді қабылдау және университеттің білім беру процесіне енгізу барысында ғылыми болжауды тексеруге бағытталады.

Эксперименттік жұмыс шетел тілі факультетінің табиғи оқу жұмысы барысында өткізілді, сол себепті зерттеу мақсаты мен мазмұны оқу жылының кезеңдеріне сай үйлесуі үшін біраз уақытты қажет етті.

Эксперименттік жұмыстың мақсаты - тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығының дамуына әсер ететін педагогикалық-психологиялық шарттарды анықтау және диссертацияның бірінші бөлімінде ұсынылған модельді білім беру процесіне енгізу үшін зерттеліп отырған бағыттылықты дамыту әдістемесін дайындау болды.

Эксперименттік жұмыс анықтау, қалыптастыру және бақылау эксперименттерінен тұрды.

Анықтау кезеңінде студенттердің кәсіби бағыттылығын дамыту үшін жоғары оқу орнының кредиттік оқыту жүйесінің мүмкіншіліктерін зерттеу; оқытушылар мен студенттердің осы кредиттік жүйедегі оқыту мәселесіне көзқарастарын байқау; университетті бітірушілердің кәсіби дайындығының сапасы туралы жұмыс берушілердің пікірлерін білу; кәсіби бағыттылықтың қалыптасқан деңгейінің диагностикалық өлшемдерін талдау тәрізді зерттеу міндеттері шешілді.

Қалыптастыру эксперименті құрастырылған модельді университеттің білім беру процесінде байқаудан өткізіп енгізуді жоспарлады. Қалыптастыру эксперименті белгілі бір арнайы мақсатты көздеген үш кезеңнен тұрды.

Қалыптастыру экспериментінің бірінші дайындық кезеңінің мақсаты - шетел тілі факультетінің оқытушылары мен студенттерінің жалпы психологиялық–педагогикалық мәдениетін арттыру, олардың назарын бірқатар мәселелерге аудару болды: кәсіби бағыттылықтың мағынасы; кәсіби біліктіліктің философиялық және психологиялық - педагогикалық мәселелері; қазіргі заманда кәсіби шеберліктің атқаратын ролі; университет бітірушілердің қоғамдық ортаға бейімделуі; студенттердің кәсіби бағыттылығын дамытуда университеттің білім беру мүмкіндіктері; оқыту процесінде оқытушылар мен жоғары мектеп басшыларының атқаратын рольдері. Бұл тіл мамандығын меңгеруші студенттердің кәсіби бағыттылығын дамытуға дайындалған модельді енгізуге оқытушылар мен студенттердің қажетті дайындық деңгейін қамтамасыз етті.

Қалыптастыру экспериментінің екінші негізгі кезеңінің мақсаты – университеттің кредиттік оқыту жүйесіне ауысуына байланысты тіл маманы студенттерінің өздерін өздері ұйымдастыру, өздерін өздері ынталандыру және өздерін өздері бақылау әдістерін қолдана отырып, студенттердің кәсіби кеңістікті меңгеруін, сатылы процесті жүзеге асыру сияқты кәсіби бағыттылығын дамытудың мазмұны мен әдістемесін анықтау.

Қалыптастыру экспериментінің үшінші қорытынды кезеңінің мақсаты құрастырылған модельді және әдістемені Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті шетел тілі факультетінің білім беру процесінің тәжірибесіне енгізу болды. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде студенттердің тұлғалық кәсіби бағыттылығын дамыту төмен деңгейден жоғары деңгейге көтерілді.

Біздің бақылау экспериментіміздің мақсаты - тіл маманы студенттерінің тұлғалық кәсіби бағыттылығын дамытудағы жағымды өзгерістердің тұрақтылығын тексеру, факультеттің құрылымындағы қатынас пен қызметіндегі тұлғалық өзгерістердің өсу барысын (динамикасын) талдау болды.

Барлық эксперименттік жұмыс жоғарыдағы міндеттерге сәйкес бірнеше бағыттардан құрылды.

Бірінші диагностикалық бағытта дұрыс психологиялық – педагогикалық әдістемелер таңдалды, диагностикалық іс–жосықтар және шетел тілі факультеті студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту барысына педагогикалық мониторинг жүргізілді.

Екінші ағартушылық бағыт кредиттік оқыту жүйесінде оқытушылар мен студенттердің кәсіптік дайындығының қазіргі мәселелері туралы ағарту жұмыстарынан, осы процесте тұлғаға бағдарланған білімнің орны мен қызметін, сонымен бірге олардың нарық экономикасы және Қазақстанның әлемдік білім кеңістігімен бірігу жағдайында кәсіби бағыттылықтың маңызын, оны дамыту және қалыптастыру ерекшеліктерін жете түсіндіруден тұрды. Оқытушылар және студенттер арасында түсіндірме жұмыстар, мәселелік семинарлар, әдістемелік кеңесулер жүргізілді, «Қазіргі университет барысында студенттердің кәсіби бағыттылығын дамыту» арнайы курсы оқылды. Бұл жұмыстың қорытындысы оқытушылар мен студенттердің тұлғаның кәсіби бағыттылығының маңыздылығын қазіргі заманда университетті бітірушілердің кәсіби дайындықтарының негізгі бір бөлігі ретінде түсінулері, олардың кәсіби бағыттылықтың көрсеткіштері мен деңгейлерін меңгерулері болды.

Үшінші бағыт оқытушылардың студенттермен психологиялық – педагогикалық мәдени қарым - қатынастарын арттыру, білім беру барысына негізгі тіл иелерін шақырудан, кәсіби бағыттылықтың қалыптасуының қажетті шарты ретінде өзара әрекеттестіктің тұрақты, жағымды психологиялық климатын құрудан тұрды.

Оқытушылар және студенттердің оқу өзара әрекеттері арасында жағымды көңіл күй тудыратын және өзін өзі түзетуді іс жүзінде меңгеруге дайындық ретінде психологиялық - педагогикалық тренингтер жүргізілді.

Төртінші бағыт тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту процесіне жүргізуге керекті педагогикалық құралдар арсеналын байыту болды. Оқытушылар мен студенттер кәсіби бағыттылықты дамыту процесін ұйымдастыру жөніндегі педагогикалық жаттықтыру сабақтарына,осы процесті үлгілеуге арналған іс–әрекеттік ойындарына қатысты. Осы жұмыс нәтижесінде оқытушылардың қызығушылығы мен шығармашылығы арта түсті, оның өзі кәсіби бағыттылығы әр деңгейдегі студенттерге ерекше көңіл бөліп, жеке тұрғыдан қарауға себебін тигізді.

Сонымен бірге студенттердің кәсіби бағыттылығы әр түрлі деңгейде дамуы факультет басшылығы, оқытушылар және студенттер жағынан бірыңғай түсінушіліктің болуы, бірге әрекет жасау және студенттердің хабардар болуы үшін оларды анықтау эксперимент нәтижелерімен және тапсырмалармен таныстыру ескерілді. Студенттер кредиттік оқытудың мазмұн түрлері мен әдістерін құрайтын іс-әрекетті ұйымдастыру ойындарына және оларды жүзеге асырудағы шараларға белсене қатысты.

Бесінші бағыт тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту үшін олардың белсенді түрде өзіндік танымын арттыруға әрекеттер және қарым –қатынастар жасауларына, өздерін қанағаттандыруға, студенттердің әр түрлі деңгейдегі қалыптасқан бейімділіктері мен қызығушылықтарын көрсетуге арналған көптеген мүмкіндіктер жасауды мақсат тұтты.

Алтыншы бағытта болашақ кәсіби қызметке дайындық және педагогикалық әдіс қағида ретінде студенттердің дұрыс нәтижелерге жеткенін көрсететін және жаңа білім көздерін табуға ынталандыратын, кәсіби тапсырмалардың шешімдерін өз беттерімен іздеуге ұмтылдыратын мәселелік жұмыс түрлері ұйымдастырылды.

Жетінші бағыт оқытушыларды «оқыту әдісін өздері таңдау еркіндігін» өз жұмыстарында ұйымдастыруды қолдануға шақырды. Бұл студенттермен жұмыс барысында артық нұсқаулардан бас тартуға, студенттердің жеке бейімділіктері мен қызығуларын есепке ала өз жұмыстарын өздері ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Бұның өзі оқытушылар мен студенттер арасында өзара жағымды қарым-қатынастың орнауына, өзіндік және шығармашылық әрекеттер жасауға рухани көмек көрсетіп, олардың қол жеткен жетістіктерін мақтауға әсерін тигізді.

Қалыптасқан негізгі талаптар бойынша зерттелетін нысанаға - тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту мәселесіне зерттеулер - осы процестің диагностикалық моделін тексеруге эксперименттік жұмыстың ұйымдастырылу қағидасын ескерді, тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамытуды жүзеге асыру әдістемесін анықтады (1cyрет)

Біздің әдістемеде екі тең субъект көрсетілген: оқытушылар және студенттер, олардың ара қатынастары өзара құрметтеу, серіктік, ынтымақтастықта құрылатын болады. Біз шетел тілі факультетінің ерекшеліктерін негізге ала отырып, кәсіби бағытты дамыту кезінде еске алынатын, тіл мамандығын меңгерудің ерекшеліктерін бөліп шығардық.

Біздің әдістемеде оқытудың мазмұнына, нысанына және әдісіне, оның кәсіби бағыттылықты дамытудың мәнін түсінуге маңызды орын беріледі. Университеттің оқу процесінде зерттелетін бағыттылықты дамыту туралы мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқу дайындығының құрылуы оның




1–сурет. ^ Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту әдістемесі


алдын ала талдануын көздейді. Біздің ойымызша, әлеуметтік– гуманитарлық, ғылыми жаратылыс тану және тіл пәндерінің барлықтары кешенді түрде осыған бағытталулары тиіс.

Зерттеу жұмысының бірден бір міндеті–тіл мамандығын меңгеруші студенттердің кәсіби бағыттылығының дамуына себепші болатын педагогикалық шарттарды айқындау.

Кәсіби бағыттылықты дамыту процесінің табыстылығына әсер ететін педагогикалық шарттарға: тілдік кәсіптің маңыздылығын, оның әлеуметтік беделдігін, оның жеке тұлғаларға қоятын талаптарын жете түсіну; кәсіби нарық инфрақұрылымының өзгеруіне, дайындаудың мазмұны мен нысанына бейімделу; студенттің жоғары оқу орнында өзіндік оқу траекториясын жүзеге асыру; студенттің кәсіби өз тағдырын өзі шешу процесіндегі белсенділігі. Нарық экономикасы жағдайында бәсекелестік қабілеті бар, жоғары шығармашылық потенциялы кәсіби жаңа түрдегі маманды дамытудың негізгі жолы – оқытудың белсенді әдістері негізінде жоғары оқу орны білімін қайта құру. Айта кететін бір жай, бұл шарттардың орындалуына кредиттік оқыту жүйесі көптеген мүмкіндіктер жасайды.

Құрастырылған кәсіби бағыттылықты дамыту моделі негізінде кәсіби бағыттылықтың құрама бөліктерін, көрсеткіштерін және белгілерін көрсету -оның даму деңгейіне диагностика және өзіндік диагностика жүргізуге мүмкіндік берді.

Құрама бөліктер, яғни компоненттер ретінде мотивациялық, когнитивтік және мінез-құлық үш түр бөлінді; көрсеткіштер ретінде жиырма нышан негізінде өлшенген көзқарас, мәліметтілік, меңгеру алынды (2сурет).

Құрастырған модель және әдістеменің жүзеге асырылуының нәтижесі - шетел тілі факультетін бітіруші тұлғаның кәсіби бағыттылығының қалыптасқаны болып танылады, ол жоғары, орта және төмен деңгейлерге бөлінуі мүмкін. Қалыптасқан кәсіби біліктілік, кәсіби және тұлғалық мүмкіндіктеріне байланысты өзін өзі дұрыс бағалау, кәсібі саласында өзін барынша жүзеге асыруға ұмтылу жоғары деңгейді білдіреді.

Қалыптасқан кәсіби дүниетаным (сенімділік, көзқарас, мақсаттар), болашақ кәсіпте тұлғалық өсу жолдарын түсіну - білу, бірақ танымдық және кәсіби белсенділігінің, сонымен қатар мамандығында өзін өзі жүзеге асыру кейбір жағдайларға байланысты болуы орта деңгейді білдіреді.

Кәсіби дүниетанымының жеткіліксіз болуы, тұлға өмірінде кәсіптің ерекше орын алмауы, мотив және танымдық ой–өрісінің аздығы төмен деңгейді көрсетеді.

Анықтау эксперименті нәтижесінің қорытындысы бойынша Е.А.Бөкетов атындағы университеттің шетел тілі студенттерінің барлық көрсеткіштерінде олардың қалыптасуының орта және төмен деңгейлері басым екендігі белгілі болды.

Бұл жағдай студенттердің кәсіби бағыттылығын дамыту мәселесін шешу үшін арнайы курс бағдарламасын жүргізуге себепкер болды. Ол 2003/2004 оқу жылының 2 жартысында эксперименттік топтың І курсында оқылды және сол уақыттан бері ол тұрақты түрде оқытылып келеді. Арнайы курсты сонымен бірге шетел тілі факультетінің барлық оқытушылары тыңдады.




2-сурет. ^ Тіл мамандығын меңгеруші студенттердің кәсіби бағыттылығы

құрылымы.


Арнайы курс студентерге өздерінің тұлғалық және кәсіби мүмкіндіктерін және оларды жетілдіру жолдарын түсінуге әсер ететін семинарлар және практикалық сабақтар түрлерінде өткізілді. Бірінші курс студенттері бүгінгі күннің маманында теориялық дайындықтың жеткілікті болуын, қазіргі экономикалық ойлау қабілетін, басқару және ұйымдастыру жұмыс дағдыларын қалыптастыруды және компьютерді, үш тілді - мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін толықтай меңгеруді білу қажет деп түсінді. Олар ұйтқышыл, кәсіпкер, өз білімдерін әрқашан жаңартып және толықтырып отыру, өте икемді, ұтқыр болу ерекшеліктерімен айрықша көзге түсулері керек. Осыған байланысты жоғары білім беру ортасында білімнің мазмұны тұрақты және сыннан өткен қолайлы әдістерді жан жақты қолдана отырып, өмірде болып жатқан өзгерістер талабына сай бұрынғыдан да мол, бұрынғыдан да жоғары деңгейдегі білім беруді қажет етеді.

Шетел тілі факультетіндегі бірінші курс студенттерінің оқу жұмысын арнайы бақылау кредиттік жүйеге көшудегі алғашқы кезеңдегі кездескен қиындықтардың үйреншікті екендігін көрсетеді.Олар:

- оқудың, кәсіби дайындықтың жаңа жағдайларына бейімделу қиыншылықтары: оқытудың жаңа мазмұнын ұғу, білім беру процесінің жаңа түрлерін, жаңа субъектілерін қабылдау;

- оқытудың жаңа жағдайында өзін өзі ұйымдастырудың, оқытушылардың тұлғаның бағыттылығына және белсенділігіне, оның қабілетіне, адамгершілігіне, ой-өрісіне, психологиялық т.б. қасиеттеріне қойған талаптарын жүзеге асырудағы қиындықтары;

- іс-әрекеттің жаңа түрлерін меңгерудің қиындықтары болып табылады.

2-кестеде арнайы курстың оқу - тақырып жоспары ұсынылады.

Сондықтан осы қиындықтарды жеңу үшін оқудың алғашқы күндерінен бастап, факультетте «Мамандыққа кіріспе» пәні жүргізіледі және оның шеңберінде әр түрлі психологиялық және әр мазмұнды пәндік тестілер, сауалнама, әңгімелер, мәдени қарым-қатынасты дамытуға арналған дайындық жұмыстар жүргізілді, студенттердің білім және тұлғалық ерекшелік деңгейлері және тұлғалық ұсыныс - сұраныстары анықталды. Сонымен қатар олар оқу жоспарымен, мамандықты сипаттау бағдарламаларымен, оқу барысын

ұйымдастырудың ерекшеліктерімен толықтай танысты. Бұл студентке оқу – тәрбие жұмысы процесіне тез бейімделуге, өз кәсібін өсу мүмкіндігіне көңіл аударуына, әрбір студенттің тұлғалық сипатын ашуға және топқа тез сіңіп бейімделуіне көмектесті.

Шетел тілінің оқытушылары студенттердің кәсіби бағыттылығын дамытуға көмектесуге бағытталған арнайы курсқа қатысты. Осы процесте білім технологияларының барлық құрылымдарын: оқу мақсатын, пәндердің мазмұнын, оқу түрін, оқытудың әдістері мен құрал жабдықтарын, өзара әрекеттесу жолдарын, іс-әрекет нәтижелерін біріктіріп қолдануға ерекше көңіл бөлінді.

Эксперименттік жұмыста контекстік оқыту, рефлексивтік - топтық жалпы мәселе өрісін талдау, іскерлік және рольдік ойындар, мәселелі оқыту, модульдік - рейтингтік технология кеңінен қолданды.


2–кесте. «Қазіргі университет жағдайында студенттердің кәсіби бағыттылығын дамыту» арнайы курсының жоспары




Курстың мазмұны

Дәрістер

Семи -

нарлар


Зертханалық

және тәжірибе жұмысы сабақтары

1

Кіріспе. Курстың мақсат, міндеттері.Негізгі ұғымдардың мағыналары.

2







2

Тіл мамандығы фаультетін бітірушілердің кәсіби іс - әрекеттерінің ерекшеліктері.

2

2




3

Тұлғаның бағыттылығы, кәсіби бағыттылық.

2







4

Кредиттік оқыту жүйесі бойынша кәсіби бағыттылықты дамытудың ерекшеліктері.

2

2

2

5

Студенттердің өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру.

2

2




6

Студенттердің кәсіби дайындықтарын өзіндік ұйымдастырулары (жоспарлау, бақылау,бағалау ынталандыру,түзету).

2







7

Тұлғаның кәсіби бағыттылығын дамытуды басқару және өзіндік басқаруы

2







8

Білім алу траекториясын модельдеу

2

2

2

9

Қалыптасқан кәсіби бағыттылықтың өлшемдері мен көрсеткіштері

2

2




Барлығы: 30 сағат


Дәрісхана сағаттарының белгілі бір мөлшерде қысқаруы, олардың әдіснамалық бағыттарын күшейтуге, мазмұндарын тереңдетуге, пәнаралық байланыстарды орнатуға, студенттің кәсіби мамандығының теориялық жақтарын жеткілікті түсінуге бағыттауға әкеледі. Осы жағдайларда оқытушы білім беруші ғана емес, танымдық жұмысты ұйымдастырушы және басқарушы.

Кредиттік оқыту жүйесі бойынша шетел тілі оқытушылары біршама қиыншылықтарға тап болады, өйткені шетел тілінің айтылу және оқытылу жұмыстары, грамматикалық ережелерді түсіндіру, сөздікпен жұмыс істеу, сөз байлығын кеңейту, сөйлеу дағдыларын дамыту, аудару, студенттерге түзетулер жасау және көмек көрсету сияқты және т.б. көптеген жұмыс түрлері айтарлықтай уақыт мөлшерін қажет етеді.

Біз эксперименттік жұмысымызда студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды қолдану арқылы оқу әдістемелік кешен және т.б.оқу құрал жабдықтарын дайындау қажеттілігіне көңіл бөлдік.

Оқу - әдістемелік кешен дайындау мемлекеттік білім беру стандарттары қабылдаған және бірыңғай қатаң оқу бағдарламасына сәйкес жасалған оқу жұмыс жоспары негізінде жүргізіледі. Олар электрондық сақтаушыларға жазылып, оқу барысында көп көмегін көрсетуде. Студенттердің өзіндік жұмыстарына тіл қызметінің түрлі қиын ерекшеліктеріне арналған тапсырма жұмыстар оқу құралдарында ескерілді. Атап айтқанда, сөздің айтылуына және оның мағынасына әсер ететін, әсіресе орыс, қазақ тілінде жоқ дыбыстарға көңіл бөлінді. Дыбыстардың дұрыс айтылуы әр түрлі жаттығулар, шығармалардан үзінділер мен өлеңдерді мәнерлеп оқу, ағылшын тілінің айтылуын көбірек тыңдау, өз сөзін таспаға жазып қайта тыңдау, фильмдерді үндендіру, көру сияқты көптеген жұмыс түрлерін қолдануды қажет етеді. Сөздікпен жұмыс жасағанда сөз қорын молайтатын, студенттердің өз ойларын нақты бере білулерін, тез ойлау қабілетін дамытатын, ой - өрісін кеңейтетін (жұмбақтар, мәтіндер, фразеологиялық тіркестер, бейнелі сөздер, белгілі суретшілердің шығармаларын суреттеу, әңгіме - сұхбат жүргізу, көркем шығармалардан үзінділер ойнау, белгілі бір тақырыптарда кештер жүргізу, әндер үйрену, фильмді талқылау, шығарма жазу, оқырмандар конференциясын жүргізу және т.б.) жұмыстар жасалынады.

Кәсіби бағыттылықты дамытуды ақиқат дүниедегі құбылыстар мен үрдістердің арасындағы шынайы қатынастар және студенттердің диалектикалық ойлау қабілеттерін өркенді дамытуға әсерін тигізетін, олардың ғылыми дүниетанымдық, бүтін көзқарастар мен сенімдерінің қалыптасуын бейнелейтін пәнаралық байланыстар арқылы жүзеге асыруға болады деп ойлаймыз.

Эксперименттік жұмысымызда біз пәнаралық байланыстардың әр түрін қолдандық: олар оқу пәндері мен ғылым салалары арасындағы фактілер деңгейіндегі фактілік байланыстар; жалпы гуманитарлық пән ұғымдарын қалыптастыруға бағытталған ұғымдық байланыстар; белгілі бір пән саласындағы ғылыми білім жүйелерінің теориялық байланыстары; материалистік диалектиканың категориясын (жалпы және ерекше, себептер мен салдар, қажеттілік және кездейсоқтық, мүмкіндік және шындық, мазмұн және түр, мән және құбылыс және т.б.) бейнелейтін философиялық байланыстар.

«Елтану», «Ағылшын тілінің практикалық курсы», «Аударма тәжірибе жұмысы», «Тілі оқылатын елдің әдебиеті» және тағы басқа пәндерді оқытуда бірнеше жылдар бойы эксперименттік жұмыс нәтижесінде әдебиет, тарих, экономика, саясат, музыка, бейнелеу өнері саласы пәндерінің деректері кеңінен қолданылып келді.

Экспериментке қатысқан студенттер тобы жұмыстың қызулығына қарамастан эксперимент туралы жағымды пікірде болды, өздерінің кәсіби деңгейінің, біліктілігінің көтерілгенін, білім беру процесінің тиімділігі артқанын, өздерінің шығармашылық туынды күш қабілеттерін жүзеге асырудан қанағат алғандарын атады. Университет басшылығы, деканат және кафедра меңгерушілері студенттердің білім сапасының, олардың оқу және кәсіби мотивациясының артқанын, студенттің өз біліміне жауапкершілікпен қарай бастағандарын атап өтті.

«Кәсіби бағыттылықты дамыту туралы факультетте жүргізілген эксперименттік зерттеу «Сізге не берді?» деген сұраққа оқытушылардың 75% арнайы курсқа барғаннан кейін өздерінің кәсіби іс - әрекеттеріне басқа көзбен қарай бастағандықтарын, кәсіптеріне деген қызығушыларының артқанын атады. Пікіртерімге тартылғандардың 68% эксперимент барысында студенттердің кәсіби бағыттылығын дамытуда мүмкіндіктер мен жаңа білім алғандары туралы сөз қозғады; жауап берушілердің 52% эксперименттің табысты өтілуіне шетел тіліне оқытуға жаңа әдістерді, жолдарды қолдану әсер етті деді; 44 % біліктіліктің, кәсібиліктің, шығармашылық қабілеттің дамуына, олардың өз әріптестерімен жаңа педагогикалық идеялармен бөлісіп алмасқаны ынталандыра түскендерін атады.

Студенттер «Университеттің оқу барысында ұнамды өзгерістер бар ма, егер бар болса, ол қандай өзгерістер?» деген сұраққа сабақтар мен дәрістердің қызықты және тартымды өткізіле басталғанын, сабақта «еркіндік пен туындылық» мүмкіндіктерінің қалыптасуы орын алғанын, тапсырмалардың көптеген түрлері кәсіби-бағдарлы, кәсіп туралы оқытушылармен еркін әңгімелесуге болатыны, өзіндік жұмыстардың және пәнаралық байланыстардың ұйымдастырылуы жақсарғанын және сонымен қатар оқытушы көмектеседі, іс-әрекеттерімізді бағыттайды, қателесуімізге ерік береді деген сияқты көптеген өзгерістерді атады.

Эксперименттік жұмыстың қорытындысы бойынша студенттердің білім сапасының (15%-ға) артқаны, үздік дипломмен бітірушілердің санының (10%-ға) көбейгені, ғылыми жұмыспен айналысатын студенттер санының (25%-ға) өсуі, факультеттің және жалпы университет олимпиадаларында шетел тілі бойынша жүлделі орын алған студенттердің саны (8%-ға) өскені байқалды.

Студенттер мен оқытушылардың сабақта тұрақты және жағымды көңіл - күйде болуы; күрделі оқу жағдайында қоршаған адамдармен өзара дұрыс қарым қатынас жасау мүмкіндіктерінің дамығаны; кафедра ұжымымен студент топтарының бірлесе жұмыс істеулері; өздерінің кәсіби өсу мүмкіндіктерін дамытуды басқару, тұлғалық келешектерінің кеңуін нәтижелерінен деп атады.

Студенттердің тұлғалық кәсіби бағыттылықтарының қалыптасу деңгейінің өсуіне дамыту эксперименті шеңберінде жүйелі түрде жүргізілген мотивациялық, когнитивтік, мінез-құлық компоненттерінің барлық деңгейлерін көтеру себеп болды. Тұлғаның кәсіби бағыттылығы компоненттерінің дамуындағы өзгерістер 3 суретте көрсетіледі.






жоғары деңгей

орта деңгей

төмен деңгей





K1 K2 K1 K2 K1 K2


1

2

3

3-сурет. Эксперимент тобындағы студенттердің кәсіби бағыттылығын дамыту деңгейіндегі өзгерістер


Санмен белгіленгендер :

1.Студенттердің болашақ кәсіби қызметіне көзқарасы:

2. Кәсіби бағыттылық құрылымы және оны дамыту жолдары туралы мәліметті болу:

3. Болашақ мамандардың кәсіби дағдыларды және іскерліктерді меңгеруі

К 1 - анықтау эксперименті

К 2 – бақылау эксперименті

3-суреттегі диаграммаға сәйкес кәсіби бағыттылықтың көрсеткіштері өсе түсті. Бірақ бақылау тобында эксперименттік топпен салыстырғанда, олардың, яғни орта (5-9%) және жоғары деңгейлердің аздаған (1-3%) артуы төмен деңгейдің төмендеуі (5-9%) арқасында болғанын, яғни дәстүрлі оқыту процесінің студенттердің кәсіби бағыттылығының өсу барысына онша көп әсерін тигізбейтінін көрсетті. Сонымен бірге эксперименттік топтағы нәтижелерді талдау кәсіби бағытылықтың жоғары (28% дейін ) және орта (30% - дейін) деңгейлерінің мөлшерлі түрде ұлғаюын көрсетеді, оның өзі факультетте студенттер тұлғасының жетуге ұмтылған қасиеттерін қалыптастыру барысындағы жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижелерінің өте нәтижелі екендігін көрсетеді.

Эксперименттік мәліметтердің дұрыстығы Стьюденттің коэффициенті мен Фишердің бағалау өлшемдерін қолданумен дәлелденеді.

Сонымен бақылау тобындағы эксперимент нәтижелері кредиттік жүйе бойынша оқитын шетел факультеті студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамытуға арналған модель және әдістеменің олардың кәсіби іс - әрекеттерінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруды дамытудың қажетті екендігіне әсерін тигізгенін, қажетті білім мен шеберліктерді меңгеруге мақсатталғанын, жаңа әлеуметтік экономикалық заманда бәсекелестік қабілеттерін жетілдіруге көзделгенін көрсетті.

Зерттеу нәтижесіне қарай біз мынандай қорытындыға келдік:

  1. Кәсіби бағыттылық студенттің өзі қалаған кәсібі саласында білімін, тәжірибесін және қабілеттерін толықтай жүзеге асыруға ұмтылуы. Бұл тұлғалық қасиет тіл мамандығына деген қалыптасқан ұнамды көзқарастың, тілге деген бейімділігі мен қызығушылығының болуын, тіл кәсібі саласында еңбектеніп, ( шетел тілі мұғалімі, аудармашы және т.б.) өзінің тұрмыстық және рухани қажеттерін қанағаттандыруды қалауымен сипатталды. Сонымен тіл мамандығында кәсіби бағыттылықты қалыптастырып дамыту үшін студентті белгілі бір нақты іске – тіл біліктілігін дамытуға, мәдени «диалог» құра білу шеберлігіне, мәдениет аралық қарым қатынас жүргізе білуге үйрету қажет.Сонымен бірге кәсібіне субъективтік таңдаулы жағымды көзқарастың болуы (кәсіптің беделдігі, қоғамда алатын орны сияқты) қалыптасқан шынайы қатынастардың тигізетін әсері анықталды.

  2. Қазіргі қазақстандық жоғары оқу орындарының кредиттік оқыту жүйесі жағдайында кәсіби бағыттылықты дамытудың ерекшеліктеріне студенттердің білім алу траекторияларын өз беттерімен тиянақты жоспарлауы; бірыңғай халықаралық жоғары білікті еңбек нарығында бәсекелестік қабілетке дайындығын дамыту үшін студенттердің шетел жоғары оқу орындарында оқулары қалаулы; студенттердің өзіндік жұмыс көлемдерінің көбеюіне байланысты пәндердің мазмұнын тереңдету және өзіндік жұмысты дұрыс ұйымдастыру жатады.

  3. Кәсіби бағыттылық мәселесінің теориялық және практикалық талдауларына сүйене отырып, тіл маманы студенттерінің бір бірімен өзара байланыстағы, өзара үйлесімдегі және диалектикалық өзара әрекеттегі тұлғалық маңызды жақтарының, яғни компоненттерінің (когнитивтік, мотивациялық, мінез-құлық); дамыту процесінің компоненттерінің (танымдық, қарым-қатынастық және өзін өзі жетілдіру) және тұлғаның өз мінезінде байқалатын (өзін-өзі бағалауы, біліктілігі, белсенділігі, өз мақсатын жүзеге асыруы) тұлғалық ерекшеліктерін біріктіру негізінде кәсіби бағыттылықты дамыту моделі жасалынды. Университеттің тіл мамандығына оқыту процесінде модельдің байқаудан өтуі және енгізілуі ұсынылған болжамның дұрыстығын дәлелдеді.

4. Эксперимент барысында байқаудан өткен кәсіби бағыттылықты дамыту әдістемесі тіл мамандығының ерекшеліктерін ескеретін мақсаттан; оқытушылар мен студенттердің теориялық және практикалық оқыту жұмысында дәстүрлі және инновациялық оқытудың түрлері мен әдістерін қолданумен қатар өзіндік және зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудағы өзара біріккен әрекеттерінен; оқытудың мазмұнына әлеуметтік гуманитарлық, ғылыми - жаратылыстану, психологиялық, педагогикалық және тіл пәндеріне қосымша «Кәсіби бағыттылықты дамыту» арнайы курсын ұсынып толықтырудан; студенттердің дайындық бағдарын бағыттылықтың теориялық моделі (мотивациялық, когнитивтік және мінез-құлық) компоненттеріне аударудан, кәсіби бағыттылықты дамытудың диагностикалық және өзіндік диагностикалық деңгейлерінен тұруы керек.


^ Диссертация мазмұны төмендегі басылымдарда жарияланды

1 ақыл сөздер, мақал-мәтелдерді ағылшын тілі сабағында қолдану және олардың тәрбиелік мәні.-Қазіргі қоғам даму сатысындағы шетел тілдері қызметі және олардың оқытылу мәселелері: Республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары / ҚарМУ. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2000. - 204 – 211б.
  1   2



Похожие:

Рыскельдина анар аблаевна кредиттік оқыту жүйесі жағдайында тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту iconСабақ – қазіргі мектептегі оқу процесін ұйымдастыру негізгі формасы
Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында...
Рыскельдина анар аблаевна кредиттік оқыту жүйесі жағдайында тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту iconАлдешов сапарғали ергенұЛЫ
...
Рыскельдина анар аблаевна кредиттік оқыту жүйесі жағдайында тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту icon• Ағылшын тілін көп деңгейлі оқыту: деңгейлер А1-А2, В1-В2, С1-С2
Көптілді білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету, ағылшын тілін оқыту әдісі бойынша халықаралық ткт тестін тапсыру, ағылшын...
Рыскельдина анар аблаевна кредиттік оқыту жүйесі жағдайында тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту iconЛитературно – музыкальный вечер «Мемлекеттік тіл – біздің тірегіміз»
Бүгінгі біздің кездесуіміз мемлекеттік тіліміз – қазақ тіліне арналады:«Мемлекеттік тіл біздің тірегіміз». «Өз алдына ел болуға өзінің...
Рыскельдина анар аблаевна кредиттік оқыту жүйесі жағдайында тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту iconБаяндама:"Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы "
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген...
Рыскельдина анар аблаевна кредиттік оқыту жүйесі жағдайында тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 Бұйрығы «Білім туралы»
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы
Рыскельдина анар аблаевна кредиттік оқыту жүйесі жағдайында тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту iconНарық жағдайында кәсіпорында еңбек ақыны төлеуді басқару
Жшс “ПолимерМеталл-Т” кәсіпорындағы еңбекті мөлшерлеу мен еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйесі
Рыскельдина анар аблаевна кредиттік оқыту жүйесі жағдайында тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту iconҚазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша тіл үйретудегі ұстаным

Рыскельдина анар аблаевна кредиттік оқыту жүйесі жағдайында тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту iconБітіруші дипломдық жобасына (жұмысына) Пікір Жоба тақырыбы: «Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері»
Азіргі таңда психология ғылымының өзектілігі өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру оқыту мәселесін жақсарту...
Рыскельдина анар аблаевна кредиттік оқыту жүйесі жағдайында тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту iconТіл дамыту Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтарым Мақсаты
Балалардың сүйікті ойыншықтары арқылы оларды бауырмалдыққа, мейрімділікке, қамқор болуға дағдыландыру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов