Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі icon

Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі



НазваниеАлдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі
страница1/3
Дата04.05.2013
Размер0.51 Mb.
ТипДиссертация
скачать >>>
  1   2   3


ӘОЖ 371.315.7:004.4:512 Қолжазба құқығында


АЛДАБЕРГЕНОВА АЙГҮЛ ОҢАЛБЕКҚЫЗЫ


Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік

бағдарламаларын жасаудың әдістемесі

(алгебраны оқыту мысалында)


13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру)


Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның


Авторефераты


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

^ Жұмыс Ұлттық ақпараттандыру орталығында орындалған


Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Баймұханов Б.Б.


Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Үсенов С.С.


Педагогика ғылымдарының кандидаты

^ Бекболғанова А.Қ.


Жетекші ұйым: С.Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекеттік

университеті


Диссертация 2010 жылы 01 наурызда сағат 1500 -де Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде (050022, Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі 200, мәжіліс залы – 208) педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД-14.08.04. диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.


Диссертациямен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ғылыми оқу залында танысуға болады.


Автореферат 2010 жылы 29 қаңтарда таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы А.Қ.Қозыбай


мыс ҚР БҒМ ҒК Жер туралы ғылым, металл^ Кіріспе


Зерттеу жұмысының көкейкестілігі.  Жиырма бірінші ғасырдың  басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық прогресс әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – еліміздің экономикасының, мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғышарты.

1997 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың №3645 жарлығымен орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарлама негізінде елімізде кешенді және нақты жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиялармен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылып, енді ақпараттық технологияны қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында жұмыстар жүргізілуде.

Ақпараттандырудың негізгі міндеттерінің бірі – мектепте компьютерлерді оқыту құралы ретінде қолдану болып табылады. Бірақ, көптеген отандық, ресейлік және шетелдік мамандар компьютерлерді және басқа да техникалық оқыту құралдарын енгізу, қазіргі заманғы оқыту теориясының жетістіктерін өз деңгейінде пайдаланбай, эмпирикалық түрде жүргендігін, сол себепті де оқытуда компьютерлерді пайдалану ойдағыдай нәтиже бермегендігін атап көрсетті. Оның себебін олар оқытуды компьютерлендірудің теориялық негіздерінің жеткілікті мөлшерде жасалмағандығы деп біледі. Ғылыми түрде негізделген және әдістемелік түрде сауатты бағдарламалық құралдардың болмауынан, оқу-тәрбиелеу процесінде компьютерлер өз мәнінде пайдаланылмайды. Сондықтан, бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Оқу процесіне компьютерлік технологияларды енгізу ісі математиканы оқытумен де тығыз байланысты. Математикалық білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқу процесіне жаңа ақпараттық-қатынастық технологияларды енгізу арқылы оқушыларда ойлаудың сапалы жаңа түрін қалыптастыру болып табылады.

Компьютерлерді математиканы оқыту процесінде пайдалануға арналған көптеген диссертациялық зерттеулер бар.

Айталық, Ю.С.Брановскийдің жұмысында дербес компьютерді мектеп курсындағы алгебра және анализ бастамаларының белгілі бір бөлімдерін оқытуға арналған құрал ретінде тиімді пайдалану үшін бағдарламалық-әдістемелік жабдық жасалған. Онда компьютерлерді пайдалануға болатын математиканың оқу материалдарын таңдау критериилері де анықталған. Компьютерлерді инструменттік құрал ретінде пайдаланудың әдістемелік мәселелері мен оқытудағы компьютерлік модельдеу мәселелері де қарастырылған.

Л.И.Долинер оқушыларды компьютерлерді пайдаланып математикаға оқытудың педагогикалық тиімділігінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеген және компьютерді қолдану жағдайларындағы оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді әдістерін негіздеген.

Төменгі сынып оқушыларын компьютерді қолданып математикаға оқытуда оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру ерекшеліктері Ю.А.Иванованың жұмысында негізделген. Онда төменгі сынып оқушыларын компьютерлерді пайдаланып математикаға оқытудың, оқушының оқу іс-әрекетіндегі субъект ретінде қалыптасуына бағытталған әдістемесінің негізі айқындалған.

А.Ю.Колягиннің диссертациясында автоматтандырылған бақылаушы оқу курстарының жүйесіне қойылатын жалпы талаптар анықталып, оларды құру мен іске асырудың принциптері қалыптастырылған. Оқушының білімін бақылау тиімділігін арттыруға арналған автоматтандырылған оқу курстарының (АОК) құрастырылуының әдістемесі жасалған.

Дербес компьютерді математиканы оқыту процесінде оқушылардың білімін жүйелеу және жинақтауда оқу құралы ретінде пайдаланудың әдістемесі А.В.Якубовтың жұмысында сипатталған. Ол 9-сыныптар үшін математика пәні бойынша компьютерлік бағдарламалар жасаған.

Л.Л.Якобсонның жұмысында көпжақтардың графикалық бейнелерін жасау процесіне арналған психологиялық-педагогикалық талаптары баяндалып, осы процестің әртүрлі кезеңдеріндегі оларды пайдалану нұсқаулары жасалып, көпжақтардың графикалық бейнелерін жасау процесіндегі педагогикалық бағдарламалық құралдардың рөлі мен орны анықталған және олардың басқа оқыту құралдарымен байланысы көрсетілген.

Е.В.Баранованың диссертациялық зерттеуінде компьютерлік оқыту бағдарламаларын жасауға арналған материалдарды («Бүтін алгебралық өрнектерді теңбе-тең түрлендіру» тақырыбының материалдары бойынша) оқыту бағдарламаларын жасауға және пайдалануға қатысатын математика мұғалімдеріне оларды қолдану арқылы әртүрлі оқыту әдістерін іске асыруға болатындай түрде нақты нұсқаулар берілген.

Л.П.Миронованың жұмысында практикалық және дербес сабақтарда оқушылардың қызметтерін ажыратуға, сонымен бірге қолданбалы бағдарламаларды институттарда жоғары математикадан дербес сабақтар өткізуге пайдалану туралы жаңа әдіс ұсынылған.

Р.С.Шуақбаеваның диссертациялық жұмысы компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жоғары сынып оқушыларына көпжақтарға берілген есептерді шығаруды үйрету әдістемесін жасауға арналған.

Л.А.Баймаханованың ғылыми еңбектерінде компьютерлік технологияны қолданып бастауыш мектеп оқушыларына математика есептерін шығаруды үйрету әдістері қарастырылған.

А.Қ.Бекболғанованың диссертациялық жұмысы ақпараттық-қатынастық технологияны қолдану негізінде колледжде математиканы оқыту қолданбалылығын арттыру жолдарына арналған.

І.Ж.Есенғабыловтың ғылыми еңбектерінде орта мектептің 5-6-сыныптарында компьютерлік технологияны қолданып математиканы оқытудың тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылған.

Жоғарыда қарастырылған жұмыстарда компьютерді мектепте және педагогикалық жоғары оқу орындарында математиканы оқыту процесінде қолдану мәселелерінің жекелеген аспектілері, атап айтқанда, бағдарламалау тілдерінің көмегімен жасалған педагогикалық бағдарламалық құралдар қарастырылған.

Бірақ, компьютерлерді математиканы оқытуда қолдану жөніндегі зерттеулерге талдау жасау кезінде 7-9-сыныптардың алгебра курсында ашық компьютерлік бағдарламалық құралдарды қолдану әдістемесі іс жүзінде қарастырылмағанын көрсетіп отыр. Сонымен қатар компьютерлік бағдарламаларды жасау процесі көп еңбекті қажет етеді және бағдарлама құра алмайтын мұғалімдерге қиын тиеді. Бұл инструменталдық құралдарды пайдалана отырып, бағдарлама құра алмайтын қолданушыға бағытталған педагогикалық компьютерлік бағдарламалық құралдарды жасау проблемасын зерттеу және оны математиканы оқытуда қолдану әдістемесін жасау қажеттілігін тудырады.

Сонымен, қазіргі кезде негізгі мектептегі алгебраны оқытуда ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын қолданудың қажеттілігі мен оның әдістемесінің жасалмауының арасында қарама-қайшылық туындап отыр.

Анықталған қарама-қайшылық зерттеу тақырыбын «Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі (алгебраны оқыту мысалында)» деп алуға негіз болды және бұл зерттеу тақырыбының көкейкестілігін анықтайды.

Осыған орай зерттеу проблемасы былай деп анықталды: ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасауды теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеп, оның әдістемесін жасау.

Зерттеу мақсаты – компьютерлік оқыту бағдарламаларын жасаудың дидактикалық негіздерін және оларға қойылатын талаптар мен типтік ерекшеліктерін анықтау негізінде ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасауды негіздеп, оны қолданудың әдістемесін жасау және жасалған әдістеменің оқытудың тиімділігін арттыруға әсерін тәжірибелік-эксперименттік түрде тексеру.

^ Зерттеу нысаны – алгебрадан білім беруді ақпараттандыру.

Зерттеу пәні – негізгі мектепте алгебрадан ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасау әдістемесі.

^ Зерттеудің ғылыми болжамы: егер сабақтарды ұйымдастыру үшін ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламалары және оны қолданудың әдістемесі жасалса, онда оқушылардың білімді меңгеру сапасы артады, өйткені бұл жағдайда жүйелі, жеке іс-әрекеттік және дербестік тәсілдер жүзеге асып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығы мен саналылығы артады.

Зерттеудің мақсаты, пәні және болжамы негізінде зерттеудің келесі міндеттері анықталды:

  1. Мектептегі алгебра курсы бойынша ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларының дидактикалық мүмкіндіктерін ашу;

  2. Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың педагогикалық талаптарын анықтау;

  3. Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын негізгі мектепте алгебрада қолдану әдістемесін жасау және оның тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы: компьютерлік бағдарламалардың дидактикалық мүмкіндіктерін анықтау негізінде оларды оқыту процесінде тиімді түрде пайдаланса, негізгі мектепте алгебраны оқыту нәтижелері жоғары болады.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері: дидактикадағы озық ғалымдардың [С.И.Архангельский, Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалько, П.И.Пидкасистый, Н.Ф.Талызина т.б.] іргелі еңбектері, білім беруді компьютерлендіру саласындағы [А.А.Андреев, Б.С.Гершунский, В.В.Гузеев, А.П.Ершов, Е.И.Машбиц, В.М.Монахов, С.Пейперт, Б.Баймұханов, Г.Қ.Нұрғалиева, С.Е.Чакликова, Ж.А.Қараев т.б.] теориялық негіздер, бағдарламалап оқыту жүйесі бойынша еңбектер [В.П.Беспалько, Н.Ф.Талызина, Ж.Қ.Нұрбекова және т.б.], компьютерлік технологиялардың оқытуды қарқындатудағы артықшылықтарына арналған зерттеулер [М.М.Буняев, Я.А.Ваграменко, Д.М.Жүсібалиева, А.Қ.Қозыбай, Г.А.Козлова, И.И.Мархель, М.В.Меламуд, Ю.О.Овакимян, М.Ф.Поснова, А.Я.Савельев, С.С.Үсенов, А.І.Тәжіғұлова және т.б.].

Зерттеудің теориялық негіздері: компьютерлік технологияларды қолдану жағдайларындағы оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді әдістері, оқу процесінде ақпараттық-қатынастық технологияларды қолдану жөніндегі зерттеулер, білімді ақпараттандыру тұжырымдамасы, компьютерлік бағдарламаларды жасаудағы және қолданудағы жетістіктер, математиканы оқытудағы компьютерлік технологияның анықталған мүмкіндіктері.

^ Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы, орта мектептің пәндік оқу бағдарламалары, педагог және әдіскер ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері.

^ Зерттеу әдістері: қарастырылып отырған зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін айқындау мақсатында психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерделеу және оларға талдау жасау; оқулықтарға, есептер жинақтарына, әдістемелік құралдарға, ғылыми-әдістемелік негізде талдау жасау; оқушылардың математикалық білім, білік және дағдыларының жайын зерттеу; пән мұғалімдерімен әңгімелесу; тәжірибелік-эксперимент жүргізу, компьютерді қолданып жүргізілетін практикалық жұмыстарды зерделеу; сауалнамалар жүргізу; эксперимент нәтижелерін математикалық статистика көмегімен өңдеу және қорытындылау.

^ Зерттеудің тәжірибелік-экперименттік базасы: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (ЖМУ), Талдықорған қаласындағы № 9, 11, 14, Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептері.

^ Зерттеу кезеңдері: зерттеу үш кезеңде жүргізілді.

Оның бірінші кезеңінде (2004-2005 жылдар) зерттеудің негізгі бағыттары мен бастапқы түсініктері анықталды; зерттеу проблемасы бойынша жинақталған материалдар талданды және жүйеге келтірілді; зерттеудің ұғымдық және ғылыми аппараты анықталды; мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетте ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдалануға дайындау жүйесінің мазмұны мен кезеңдері анықталды: зерттеудің мақсатына, міндеттеріне және болжамына сәйкес тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар ұйымдастырылды. Компьютерлік бағдарламаларды орта мектепте алгебраны оқыту процесінде пайдаланудың бастапқы деңгейін анықтауға арналған айқындау эксперименті жүргізілді.

^ Екінші кезеңде (2005-2007 жылдар) психологиялық-педагогикалық, арнайы әдебиеттерді оқып-үйрену мен теориялық талдау процесінде және функционалдық негіздеу арқылы алгебраны негізгі мектепте компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып оқытудың дидактикалық негіздері айқындалды. Алгебра курсының мазмұнды-әдістемелік бағыттарын компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып оқытудың мүмкіндіктері теориялық тұрғыда негізделді. Алгебраны компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып оқыту процесіне талдау жасалды және компьютерлік оқыту жүйесін пайдаланып оқыту бағдарламаларын құруға арналған іздену эксперименті жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2007-2009 жылдар) анықталған дидактикалық шарттарға сәйкес оқыту эксперименті жүргізілді, оны жүргізу барысында екінші кезеңде жасалған компьютерлік бағдарламалар сынақтан өткізілді; алынған нәтижелер талданды, нәтижелерді статистикалық түрде өңдеу жүргізілді, зерттеу нәтижелерін енгізуге арналған негізгі қорытындылар мен нұсқаулар тұжырымдалды; жұмысты рәсімдеу аяқталды. Зерттеу тақырыбы бойынша әдістемелік нұсқаулар жасалып, олар эксперименттік мектептердің іс-тәжірибесіне енгізілді.

^ Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

– ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктері айқындалды;

– негізгі мектепте алгебраны оқытуда компьютерлік бағдарламаларды қолданудың қажетті шарттары анықталды;

– негізгі мектепте алгебраны оқыту процесінде ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын қолдану әдістемесі жасалды және оларды оқушылардың сыныптағы және өз бетінше орындайтын жұмыстарына қолдану шарттары айқындалып, олардың тиімділігі эксперимент жұмыстары арқылы тексерілді.

^ Алынған ғылыми нәтижелердің теориялық маңыздылығы оқытуда қолданылатын бағдарламалық құралдарды жіктеуді толықтыру және жинақтаудан, негізгі мектепте алгебралық материалдарды оқытуда қолданылатын компьютерлік технологиялардың аппараттық қамсыздандырылуының жіктемесін жасаудан, компьютерлік технологияларды пайдаланып оқу бағдарламаларын құру және «Квадрат теңдеулер» тақырыбын компьютерлік бағдарламаларды қолданып оқытуға арналған әдістемесін жасау кезіндегі математика пәні мұғалімінің жұмысын анықтаудан тұрады. Бұл білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесіне қосылған қомақты үлес болып табылады.

^ Жүргізілген зерттеудің практикалық маңыздылығы зерттеу барысында жасалған материалдарды негізгі мектептің математика мұғалімдерінің өз жұмыстарында пайдалана алатындығында, сол сияқты студенттерді, яғни келешек мұғалімдерді алгебра курсын компьютерді қолданып оқытуға дайындауда қолдануға болатындығында. Осындай материалдардың қатарына Macromedia Flash бағдарламасында жасалған және бір модульге біріктірілген «Квадрат теңдеулер» тақырыбы бойынша жасалған жаттықтырушы-бағдарламаларды, тест бағдарламасын, «Квадраттық функцияның графиктері» атты демонстрациялық бағдарламаны және Delphi ортасында осы бағдарламаларға ашық интерактивті тапсырмалар мен тест сұрақтарын енгізуге мүмкіндік беретін бағдарламалауды білмейтін мұғалімдерге арналған сұрақнамалар пакетін, сонымен қатар осы бағдарламаларды қолдану жөніндегі мұғалімдерге және оқушыларға арналған әдістемелік нұсқауларды жатқызуға болады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

1.Негізгі мектепте алгебрадан алған білімдерін жинақтау мен жүйелейтін, танымға деген қызығушылықты арттыратын, оқыту процесін қарқындататын оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру процесінде компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктері;

2.Оқушылардың сыныптағы сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарында оқыту процесін жетілдіру үшін оқыту процесінде компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың әдістемелік шарттары;

3.Негізгі мектепте алгебраны оқыту процесінде ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын қолдану әдістемесі және «Квадрат теңдеулер» тақырыбындағы материал негізінде жасалған әдістемені іс-жүзінде қолдануға арналған қолданбалы бағдарламалар пакеті.

^ Алынған нәтижелердің дәлелдігі мен негізділігі ғылыми аппараттың және әдістердің зерттеу пәніне, нысанына және міндеттеріне; бастапқы позициялардың теориялық және әдіснамалық негіздемелеріне; нәтижелерді сандық және сапалық түрде талдау жасауға мүмкіндік беретін статистикалық өңдеулер әдістемесін пайдалануға, сол сияқты автордың орта мектепте математика және информатика пәнінің мұғалімі ретіндегі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Ақпараттық технологиялар және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы ретіндегі жұмыс тәжірибесіне негізделді.

^ Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен іс-тәжірибеге енгізу эксперименттік жұмыстарды орындау кезінде жүзеге асырылды, жұмыстың нәтижелері төменде көрсетілген Халықаралық және Республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды:

1. «Использование персональных компьютеров при обучении учащихся 5-6 классов решению математических задач», ІҮ Международный форум «Информатизация образования Казахстана и стран СНГ», Алматы, 2006.

2. «Ақпараттық-компьютерлік технологияларды алгебра сабағында оқыту құралы ретінде қолдану» «Кредиттік жүйе аясында білім беруді басқару» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, Талдықорған, 2009.

3. «Білім берудегі компьютерлік-ақпараттық технологиялар», «Білім берудегі қашықтан оқыту технологиялары-2009» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, Қарағанды, 2009.

4. «Организация процесса обучения алгебре с использованием компьютерных технологий», Международная научно-практическая конференция «Использование технологий дистанционного обучения в высшей школе», Қарағанды, 2009.

5. «Возможности использования компьютера при изучении основных содержательно-методических линий курса алгебры основной школы», Международная научно-практическая конференция «Педагогическое образование как интеллектуальный и инновационный ресурс Казахстана», Семей, 2009.

Зерттеудің негізгі мәселелері мен нәтижелері Ұлттық ақпараттандыру орталығының проблемалық семинарында, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің математика және математиканы оқыту әдістемесі, информатика, ақпараттық технологиялар және информатиканы оқыту әдістемесі кафедраларының отырыстарында бірнеше рет талқыланды, зерттеу нәтижелері Талдықорған қаласындағы № 9, 11, 14-ші және Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептерінің оқу процесіне енгізілді.

^ Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, кестелер мен суреттер қамтылған екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі мен маңыздылығы негізделген, зерттеу жұмысының мақсаты, оның нысаны мен пәні, болжамы мен міндеттері анықталып, әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу әдістері, оның кезеңдері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі баяндалған.

«Оқытуда компьютерлік бағдарламаларды қолданудың дидактикалық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде компьютерлерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың теориясы мен практикасы талданды, оқытуда қолданылатын компьютерлік бағдарламалық жүйелердің рөлі баяндалды және оның негізгі компоненттері ашып көрсетілді. Сондай-ақ, бұл бөлімде «адам-компьютер» жүйесіндегі сұхбаттық өзара әсерлеcуді ұйымдастырудың әдістері сипатталған және компьютерлік бағдарламаларды жасауға қойылатын талаптар айқындалған, сонымен қатар, компьютерлік оқыту бағдарламаларының кейбір типтерінің ерекшеліктері мен оларды іс жүзінде қолдану әдістері баяндалған.

«Негізгі мектепте ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын қолданып алгебраны оқыту әдістемесі» деп аталатын екінші бөлімде компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану мүмкіндіктері мен ерекшеліктері қарастырылған, негізгі мектептің алгебра курсындағы негізгі мазмұндық-әдістемені оқып-үйренуде компьютерлік бағдарламаларды қолданудың негізгі тенденциялары қарастырылған; оқытудың кезеңдерінде: жаңа білімдерді түсіндіргенде, оқып-үйренген материалды бекіткенде және оқушылардың білімін бағалағанда компьютерлік және дәстүрлі оқытудың салыстырмалы талдауы жүргізілді. Сонымен қатар, бұл бөлімде мұғалімнің ашық сұрақнамалар пакетін пайдаланып бағдарламалар сценарийін құру жұмысы қарастырылды, қолданбалы бағдарламалар пакетін қолданып алгебралық материалдарды оқып-үйрену әдістемесі («Квадрат теңдеулер» бөліміндегі материалдар) және педагогикалық эксперимент пен зерттеу нәтижелеріне талдау сипатталды.

Қорытындыда диссертациялық зерттеудің ұсыныстары мен негізгі қорытындылары тұжырымдалған, проблеманы ары қарай зерттеудің перспективалары анықталған.

Қосымша ретінде «Квадрат теңдеулер» тақырыбы бойынша жасалған оқу бағдарламаларының пакетімен жұмыс істеу үшін мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар, сауалнамалар келтірілген.

  1   2   3



Похожие:

Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі iconАлдешов сапарғали ергенұЛЫ
...
Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі icon«Филология пәндері бойынша ледагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасы диплом жұмысы тақырыбы: «Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі»
Сыныптан тыс жұмыстардың оқушы тілін ауызша дамытудағы педегогикалық көзқарастар
Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі iconКіріспе дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі
Бұл сөзсіз, оқытудың тиімді технологияларын жасаудың, жетілдірудің мықты стимулы қызметін атқарады
Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі iconҚазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде қазақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады
М. Әуезов атындағы ОҚму 0315 -«Педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі» мамандығының 4- курс ПӨ 01 4к1 тобының студенті «Бастауыш...
Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі iconАшық баяндама Жаңақоныс негізгі мектебінің Білім беру және дамыту
Ашық баяндамада статистикалық мәліметтер бойынша ауылдық округтың санағы бойынша Жаңақоныс негізгі мектебі білім беру мекемесі болып...
Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі icon7-сынып/ Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің
Көрнекілігі: интерактивті тақта, жазушының портреті, Есіл өзенінің, саятшының суреттері, алты қырлы кубик
Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі iconЖолда жүру ережесіне арналған апталығына мектепішілік жоспар құрылып бекітілді
«Бағдаршамды білейік, аман – есен жүрейік» атты 5-9 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Бастауыш сыныптары «Мен және...
Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі iconБөлім. Компьютерлік ойындардың агрессивті мінез-құлқына әсер ету факторы ретіндегі проблемаға теориялық талдау
Негізі
Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі iconI кезең бойынша ашық тендер өткiзетiндiгiн хабарлайды
«Негізгі құралдарды сатып алу және сату», «Жүйелер мен қондырғыларды, ғимараттарды қайта құру және құрылыс жұмыстары» лоты бойынша(Шымкент...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов