Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі icon

Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі



НазваниеАлдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі
страница2/3
Дата04.05.2013
Размер0.51 Mb.
ТипДиссертация
скачать >>>
1   2   3

^ Негізгі бөлім


Қазіргі ақпараттандыру заманында жалпы білім беретін мектептердің алдына оқушыларды компьютерлерді пайдалануға арналған білімдер және біліктіліктермен қаруландыру мәселесі қойылып отыр. Бұл – компьютерлерді мектептің негізгі пәндерін оқытуға қолдану мәселелерін зерттеуді талап етеді. Бүгінгі таңда мектепте компьютер екі түрлі рөл атқарады, біріншісі – оқып-үйрену объектісі, екіншісі – оқыту құралы. Оқып-үйрену объектісі ретінде компьютер информатика сабақтарында қарастырылады. Компьютерлерді қолданудың отандық, ресейлік және шетелдік мектептердегі тәжірибесі көрсетіп отырғандай, компьютер оқыту құралы ретінде информатиканы оқытуда ғана артықшылықпен қолданылады, ал басқа пәндерді оқытуда тек эпизодтық сипатқа ие болуда. Сондықтан, оқытуды ақпараттандыру мектептегі әрбір пәнді оқыту әдістемесін өзгертуді ұсынады.

Ақпараттық-қатынастық технологияларды (АҚТ) білім беру процесіне ендіру мәселелерін қазақстандық ғалымдар Б.Баймұханов, Г.Қ.Нұрғалиева, С.Е.Чакликова, Е.Ы.Бидайбеков, Д.М.Жүсібалиева, Ж.А.Қараев, Ш.Х.Құрманалина, Е.А.Набиев, Ж.К.Нұрбекова, С.С.Үсенов, А.І.Тәжіғұлова, және т.б., ресейлік ғалымдар И.Е.Вострогнутов, Л.Герих, Б.С.Гершунский, А.П.Ершов,А.А.Кузнецов, В.В.Лукин, Е.С.Полат, И.В.Роберт, И.И.Трубина және т.б. зерттеген.

Еліміздің ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып- үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған бағдарламалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін бағдарламалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалар [Г.Қ.Нұрғалиева].

Біздің зерттеуіміз алгебраны оқытуда компьютерлік бағдарламаларды жасау және қолдану ісімен байланысты болғандықтан, біз Т.Ж.Байдильдиновтың, Л.А.Баймаханованың, Е.В.Баранованың, А.К.Бекболғанованың, Ю.С.Брановскийдің, І.Ж.Есенғабыловтың, А.Ю.Колягиннің, Р.С.Шуақбаеваның Л.Л.Якобсонның, А.В.Якубовтың және т.б. зерттеу жұмыстарын қарастырдық. Бұл жұмыстарда математиканы оқып-үйренуде белгілі бір дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыру үшін ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдалану тиімділігі көрсетілген.

Компьютерлік бағдарламалар негізінде оқыту – динамикалық процесс. Оның дамуындағы негізгі тенденциялар компьютерлерді оқу процесінде пайдалану аясын кеңейтуге байланысты. Мұнда дайын шешімдерді бермеу керек, себебі, компьютердің негізгі міндеті – есептердің шешімдерін табуға итермелеу, оқушылардың алған нәтижелерін тексеріп, қайта қарауына жағдай жасау.

Зерттеу нәтижелерін талдау қазіргі таңда математика пәні бойынша әртүрлі фирмалар және жеке қолданушылар өздерінің шығарған өнімдерін ұсынып отырғанындығын көрсетті. Олар: Ресейде «Математика 5-11 классы. Практикум» («1С»), «Все задачи школьной математики» («Просвещение-Медиа»), «Математика абитуриенту» («Новый диск»), «Математика 5-11. Новые возможности для усвоения курса математики» («Дрофа»), «Интерактивная математика. 5-9 классы» («Дрофа»), «Курс математики базовый. Для школьников и абитуриентов» («Медиа Хаус»), «Алгебра. 7-11 класс» («КУДИЦ», «Кордис & Медиа»), Зеленоград мектебінің математика пәнінің оқытушысы Ю.М.Астратовтың бағдарламалары: «Теорема Виета» (8-9 сыныптар үшін), «Решение линейных уравнений» (5-7 сыныптар үшін) «Решение линейных неравенств» (8-9 сыныптар үшін) т.с.с., Қазақстанда электрондық оқулықтарды шығарудағы көшбасшы – Ұлттық ақпараттандыру орталығы болып табылады. «Математика» (1-10 сыныптар үшін) электрондық оқулықтары көптеп жасалып қолданыс табуда. Осындай бағдарламалардың көпшілігі: 1) оқыту, 2) жаттығу, 3) бақылау деп аталатын алгоритм бойынша жасалған. Өздерінің қарапайымдылығына қарамастан бұндай бағдарламалар мұғалім мен оқушыларға жақсы көмекші ретінде қызмет етуде.

Аталған бағдарламалық құралдардың артықшылықтарымен бірге кемшіліктері де бар. Сондықтан нақты бір құралды таңдағанда оларды сабақтың мақсатына, міндеттеріне, формасына, сабақ түріне және оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес ескеру қажет.

Әлдеқайда қызықты және мазмұны жағынан толық бағдарламалық құралдарға келесілерді жатқызуға болады: «Математика 5-11 классы. Практикум», «Все задачи школьной математики», «Математика 5-11. Новые возможности для усвоения курса математики», Ұлттық ақпараттандыру орталығының «Математика» (1-10 сыныптар үшін) электрондық оқулықтары.

Қарастырылған бағдарламалық құралдарды алгебраны оқытуда пайдалану:

  • оқушылардың мотивациялық негізін арттыруға; шығармашылық қабілетін дамытуға;

  • математикалық ойлауын қалыптастыруға;

  • оқушыларды зерттеу жұмыстарына жұмылдыруға;

  • өзін-өзі басқаруға;

  • есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.

Арнайы өңделген компьютерлік бағдарламалар қазіргі заманғы компьютерлік технологиялардың жетістіктерін, атап айтқанда, жоғары сапалы графиканы, анимацияны, дыбыстық қолдауды, бейнероликтерді және мультимедияның басқа да құралдарын пайдалануы тиіс.

Оқытудың тиімді жүйелерін жасағанда компьютерлік жүйе мен оқушының өзара қатынасындағы дидактикалық және психологиялық талаптар мен принциптерді ескеру керек. Өзін-өзі оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалардың айрықша ерекшелігі мұғалім мен оқушы арасындағы тікелей немесе қандай да бір техникалық құралдар бойынша сұхбаттық өзара әсердің болуында. Сондықтан дербес және өзін-өзі оқытуға арналған бағдарламаларды жасағанда сұхбаттың жалпы құрылымын ғана емес, оның тұжырымдарын, тапсырмалардың, мәселелердің толықтығы мен дәлдігін, сұхбаттың басқа да элементтерін өте тиянақты түрде құрастыру керек. Сол сияқты, басқа техникалық оқыту құралдарына қарағанда компьютерлік оқыту бағдарламаларының интерактивтілігі, яғни оқушының сұрақтары мен іс-әрекетіне дереу жауап беру мүмкіндігі бар екенін, оның үстіне мәселені анықтай түсуге, мәліметтерді беруге, оқушыға ақпаратты ұсына алатындағын да ескеру керек.

Егер оқушы мен компьютер арасында тығыз қарым-қатынас байқалса, бұндай оқытуды интерактивті деп атайды. Әдетте, мұндай қарым-қатынас оқушылар қандай да бір тапсырманың шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды өз бетінше тапсырманың жауабын табуға үйрету. Оқушыларға дайын жауаптарды берген кезде олардың ақыл-ой белсенділігі өспей қалады. Ал әлдебір мәселені өздері шешіп үйренген кезде ақыл-ой белсенділігі артады.

Өзіміздің зерттеуімізде біз интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламасын жасау міндетін қойдық^ . Интерактивтіліктің түрін анықтау негізінде О.Г.Смолянинованың еңбегіне сүйендік. Ол интерактивтіліктің үш түрін қарастырад:

  1. Реактивті интерактивтілік: оқушылар бағдарлама ұсынған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмалар реті белгілі бір ережеге сүйеніп, өте қатаң түрде анықталады (оқытудың сызықтық моделі);

  2. Іс-әрекетті интерактивтілік: оқушылар бағдарламаның жұмыс істеуін өздері басқарады. Олар тапсырмаларды ұсынылған ретпен орындауды не бағдарлама көлемінде өз бетінше іс-әрекет етуді өздері шешеді (оқытудың сызықтық емес моделі). Сызықтық емес модель қашықтан оқытуда тиімді болады;

  3. Өзара интерактивтілік: оқушы мен бағдарлама бір-біріне бейімделуге қабілетті («Басқарылатын ашықтық» модель). Бұл модель оқып-үйренушіге кездесетін әртүрлі кедергілерді жеңе отырып зерттеу жүргізуге, жеке есептерді шешуге мүмкіндік береді. Бұндай түрдегі бағдарламаларға жаттықтыратын және практикумдық оқыту бағдарламалары және т.б. мысал бола алады.

Бұл модельдердің үшеуінде де оқушы және бағдарлама тарапынан бақылау деңгейі әртүрлі. Реактивті деңгейде оқып-үйренушінің іс-әрекеті бағдарламамен анықталады. Ал іс-әрекеттік, әсіресе, өзара деңгейлерде басқару және қимыл-әрекет қолданушының өз еркінде.

Курсқа және ақпараттың мазмұнына әсер ету үшін интерактивтіліктің кең мүмкіндіктері бар екендігі анықталды, олар: экрандағы объектілерді тінтуірдің көмегімен басқару, айналдыру жолағының көмегімен экранда жылжу, анықтамалықтың сұхбаттық қызметі, кері байланыс, құрылымдық өзара әрекет, рефлексивті өзара әрекеттер.

^ Интерактивті компьютерлік бағдарламаларды жасағанда біз дидактикалық принциптерді, сонымен қатар түрлі оқыту мақсатындағы бағдарламалық құралдарды жасау проблемаларымен айналысып жүрген көптеген ғалымдардың [Ш.Х.Құрманалина, А.І.Тәжіғұлова, Ю.А.Винницкийдің т.б] еңбектерінде қарастырылған принциптерді басшылыққа алдық. Атап айтсақ, олар:

  • Қажетті мақсатқа лайықтылық принципі. Жасалатын компьютерлік бағдарлама оқу процесінің тиімділігін арттыруы тиіс. Нақты оқу курсында компьютерлік технологияларды әлдеқайда тиімді қолдануға болатын аймақты анықтауға көп көңіл бөлу керек.

  • ^ Модульді пайдалану принципі. Жобалау кезеңінің өзінде қолданылатын модульдерді анықтап, олардың сыныптық-сабақ жүйесінде орындалу мүмкіндігін ескеріп компьютерлік бағдарламалардың модульдігін қамтамасыз ету қажет. Мұғалім педагогикалық сценарийді құрастыра отырып, оқу модульдарын тапсырмалармен толтыра алуы керек. Бұндай мүмкіндік ашық модульдік архитектура негізінде жүйелерді жобалау кезінде пайда болады.

  • ^ Оқу сәйкестігі принципі. Оқытуға арналған компьютерлік бағдарламаларды жасауда қолданылып жүрген оқулықтар мен оқу бағдарламалары және оқушыларға қойылатын талаптар деңгейі ескерілуі керек.

  • Ұйымдастырылған эргономикалық принцип. Бұл принцип компьютерлік бағдарламаларды қолданып өтетін сабақты ұйымдастыруға және жұмыс барысында алынған нәтижелерді талдауға мұғалімнің аз уақыт жұмсауы керектігін ұсынады;

  • ^ Ашықтық принципі. Қолданушы өзінің әдістемелік тәжірибесіне байланысты толықтыра және өзгерте алатын ақпараттар, тапсырмалар, жаттығулар және тест жүйесі болуы керектігін білдіреді.

Зерттеу барысында аталған принциптермен қатар компьютерлік бағдарламаларды жасауға қойылатын жалпы талаптар:

  • компьютерлік бағдарламалардың мазмұнының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі;

  • компьютерлік бағдарламалардың мазмұны ұлттық дәстүр мен оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп жасалуы және оқушылардың оқу материалын интерактивті режімде өз бетімен меңгеруіне бағытталған болуы;

  • оқу материалын бергенде ғылыми терминдерді оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес пайдалану және оқу материалының түсінікті, дәл, әрі толық болуы;

  • интерактивтіліктің кері байланыс арқылы жүзеге асуы ескерілуі қажеттігі анықталды.

Сонымен қатар біз Г.Қ.Нұрғалиеваның, Е.Ы.Бидайбековтың, Б.Бөрібаевтың және т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі компьютерлік оқу құралдарына қойылған талаптарға сүйендік, олар:

  • берілген оқыту әдістемесін толықтыру немесе жаңа оқу әдістемесін жасау, яғни оқу процесіне сай компьютердің функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, бұрыңғы дидактикалық тәсілдерді жетілдіретіндей мүмкіндіктер болуы қажет;

  • оқу құралының жалпы сценарийін және пәннің әрбір тақырыбының, сабақтың және сабақ ішіндегі белгілі бір кезеңдердің жеке «сценарийін» жасайтындай мүмкіндіктер болуы қажет;

  • даярланған бағдарламаның «ашықтық» деңгейін анықтау, яғни оны пайдаланушылар оқу құралының белгілі бір функционалдық блогын оқу жүйесінің соңғы талаптарына сәйкес өзгерте алатындай мүмкіндігі болуы керек. Мысалы, оқу құралының тексеру блогына жаңа есептер қосу немесе оқу процесін басқару бөлігін жетілдіру, т.с.с.

Оқу процесінде қолданылатын ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламасын жасау – көп еңбекті және компьютерлік технология аймағындағы қажетті білімді талап ететін ұзақ процесс болғандықтан, біз оны жасаудың бірнеше кезеңдерін анықтадық (1-сурет).

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, компьютерлік бағдарламаларды білім беру процесінде пайдалану тиімділігі оның әдістемелік тұрғыдан дұрыс анықталғандығымен сипатталады деп айтуға болады.

Компьютерді алгебраны оқыту процесінде қолдану, алгебраның оқу пәні ретіндегі ерекшелігімен сипатталады. Алгебраны оқыту үшін мұғалімнің алдында тұрған міндет – оқушылардың курстың ұғымдық аппаратын меңгеруі және есеп шығарудың практикалық біліктілігі мен дағдысын және тепе-тең түрлендірулер жасау дағдысын, функция графиктерін сала білу, теңдеулер мен теңсіздіктерді шеше білуді қалыптастыру.

Оқушылардың білім, білік дағдысына қойылатын критерийге сүйене отырып алгебра курсының бүкіл мазмұнын мазмұнды-әдістемелік төрт бағытқа бөлуге болады: теориялық-сандық, тепе-тең түрлендірулер, теңдеулер мен теңсіздіктер, элементар функциялар.




1 сурет – Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасау кезеңдерінің моделі

Қазіргі кезде оқу іс-әрекетін компьютер арқылы басқаратын бағдарламалар кең тарағандықтан, алгебраны компьютер көмегімен оқытуды екіге бөлуге болады: жаңа білімді игеру міндетті түрде мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асуы керек, ал оқып үйренгенді бекіту, жүйелеу және бақылауда компьютерлік

бағдарламаны қолданған дұрыс.

Мектеп алгебра курсын оқытуда оқу процесін ұйымдастырудың жаңа білім беру, бекіту және игерген білімді бақылау кезеңдерінде қарастырайық. Оқыту процесінің бұл кезеңдері оқушылардың өзіндік зерттеу іс-әрекеттерінің деңгейлерімен ерекшеленеді. Біздің жүргізген зерттеуіміз компьютерлік бағдарламаларды сабақтың барлық кезеңдеріне қолдануға болатындығын және әрбір кезеңде айтарлықтай оң нәтижеге қол жеткізуге болатындығын көрсетті.

1-кестеде компьютерді қолдану оқу процесін өзгертпейтіндігі, яғни компьютер мұғалімнің қызметін жоққа шығармайтындығы, ол тек мұғалімге көмектесетіндігі көрсетілген.


1 кесте –Дәстүрлі және компьютерлік оқытудың салыстырмалы талдауы


Оқыту процесінің кезеңдері

Дәстүрлі оқыту

Компьютерлік оқыту

Жаңа білімдерді беру және оларды қабылдау

Мұғалім негізгі тұлға: оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқарып, мотивацияны жүзеге асырады. Оқуға ынталандыруда мұғалімнің рөлі ерекше.

Оқыту мотивациясы күшейеді. Бұл оқытудың жаңа түріне қызығушылықтан туады.

Білімді түсіну, бекіту және қолдану



Ішкі кері байланыс жүзеге аса бастайды. Мұғалім көмегі азаяды. Сыртқы кері байланыс та жүзеге асып, мұғалім кеңесші рөлінде болады.

Мұғалім көмекші рөл атқарады, оқушыларға оқу есептерін орындауға көмектеседі. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі артады.

Игерген білімді бақылау және тексеру

Ішкі және сыртқы кері байланыстар жүзеге асады (білімді бақылау мен бағалаудағы субъективизм).

Оқушылардың іс-әрекетін әділ бағалау мен өзін-өзі бағалау қажеттілігін қанағаттандыру.


Оқу пәні ретінде 8-сыныптың алгебра курсы таңдалынды, мысал ретінде компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып алгебра сабақтарын өткізу әдістемесі қарастырылды. Бұл біріншіден, алгебра «іс-әрекеттің әдістері» болып есептелетін жетекші компоненті бар оқу пәндеріне жататындығымен, екіншіден, сегізінші сыныпта оқушыларда алгебраны пән ретінде қарастыратын түсінік толық қалыптасатындығымен, үшіншіден, бұл курстың алгоритмдік құраушысы негізгі болып есептелетіндігімен түсіндіріледі.

Біздің елімізде жеткілікті бағдарламалық біліктілігі жоқ пайдаланушыларға (мұғалімдерге, әдіскерлерге т.с.с.) бағытталған арнайы жасалған бағдарламалық құралдар жоқтың қасы. Сондықтан біз диссертацияда математика мұғаліміне оқыту әдістемесін практика жүзінде іске асыруға болатын бағдарлама сценарийін өз бетінше жасауға мүмкіндік беретін әдістерді қарастырдық. Нақты мысалдар арқылы оқушыға берілетін ашық интерактивті тапсырмаларды орындауына қатысты іс-әрекеттерге талдау жасау негізінде жауаптардың нұсқаларын жасауға арналған жұмыс көрсетілген, сол сияқты компьютер көмегімен белгілі бір біліктілікті қалыптастыруға арналған ашық интерактивті тапсырмаларды таңдау принципі сипатталған.

Ұсынылып отырған әдістеменің маңызы төмендегі екі режім бойынша педагогикалық сценарий құрастыруда, олар: ұсынылған жауап нұсқаларының ішінен бірнешеуін таңдау режімі (1-режім) және оқушының жауапты еркін түрде жазу режімі (2-режім).

Алдымен ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларының эксперименттік пакетін жасауда пайдаланылған өзіміз құрған автоматтандырылған оқыту жүйесінің (АОЖ) негізгі сипаттамаларын қарастырайық. АОЖ – бағдарламалауды білмейтін мұғалім оның көмегімен оқыту курстарын, оларды кейінгі уақытта оқыту процесіне пайдалана алатындай етіп жасауға арналған құрал. Аталған жүйе сұрақнамалар пакетінен тұрады. Сұрақнама файлын іске қосқаннан кейін рұқсатсыз өзгертуден қорғау мақсатында қолданушыдан құпия сөз талап етіледі. Құпия сөзді енгізу туралы нұсқау мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықта берілген. Егер құпия сөз дұрыс енгізілсе, Сұрақнама пакеті терезесі ашылады. Сұрақнама пакеті үш сұрақнама редакторынан тұрады. Әр редактордың өзіндік ерекшелігі бар. Сұрақнама редакторлары ашық интерактивті тапсырмалар мен ашық тест сұрақтарын енгізуге арналған компьютерлік бағдарлама.

Редакторларда мұғалім келесі әрекеттерді орындайды: сұрақтың мәтінін, дұрыс жауапты, жауаптар нұсқаларын және жауапқа деген әрекетті, яғни көмекті енгізу, дұрыс жауап нөмірін немесе көрсеткішін енгізу (2 а, ә-суреттер).



    1. 2а сурет – 2-режімнің 2 ә сурет – 2-режімнің

«Сұрақ» бөлімін толтыру «Кеңестер» бөлімін толтыру



Сұрақнамамен жұмыстың толық сипаттамасы диссертацияда көрсетілген.

Мұғалімнің «Квадрат теңдеу» тақырыбы бойынша жаттықтырушы-бағдарлама сценарийінің үзіндісін құру кезіндегі жұмысын қарастырайық.

Қазіргі кезде мектептерде қолданылып жүрген оқулықтағы «Квадрат теңдеудің дискриминанты» (КТД) деген пункттегі материалды бекіту үшін төмендегі типті интерактивті тапсырмаларды орындауды ұсынуға болады:

  1. ax+bx+c=0 квадрат теңдеуінің а0 болғанда, екі шешімі болады егер...

  2. -2х-3=0 теңдеуін шешпей-ақ, оның түбірлерінің санын көрсетіңдер

  3. р-нің қандай мәндерінде х+2х+р=0 теңдеуінің түбірлері болмайды?

  4. +7х-11=0 квадрат теңдеуінің дискриминантын есептеңдер.

Бірінші типтегі тапсырмалар төмендегідей жалпы ережені меңгеруді көздейді: D>0 болғанда теңдеудің екі түбірі болады, D=0 болғанда теңдеудің бір түбірі болады, D<0 болғанда теңдеудің шешімі болмайды.

^ Екінші типтегі тапсырмалар нақтылы жағдайда дискриминанттың таңбасын анықтау арқылы, түбірлер санын анықтауды іздеуге меңзейді. Квадрат теңдеудің түбірлерінің санын дискриминантты есептемей тұрып-ақ табуға болады, сондықтан берілген пункттің материалын бекіту үшін осы типтегі тапсырмаларды беруге болады.

Үшінші типтегі тапсырма зерттеу сипатына ие.

Төртінші типтегі тапсырмалар квадрат теңдеудің дискриминантын есептеуді талап етеді.

Дискриминанттың таңбасы бойынша квадрат теңдеудің түбірлер санын зерттеуге арналған бірінші және екінші типтегі тапсырмаларды орындағанда, оқушылар дискриминанттың таңбасын көп жағдайда дұрыс анықтай алмайды. Үшіншіге ұқсас тапсырмаларды орындағанда кең тараған қателердің бірі – дұрыс құрастырылмаған теңсіздік болып табылады, сондықтан жауап дұрыс болмаған жағдайда оқушыға ұқсас мысал ұсынылады, одан кейін ол негізгі тапсырманы орындауға қайта оралады. Соңғы тапсырманы орындаудағы қателік оқушыға дискриминантты есептеу формуласын еске түсіреді. Бір тапсырманы мысалға ала отырып «КТД» тақырыбы бойынша бағдарлама сценарийінде жауаптар нұсқасының қалыптасуын сипаттайық.

–2х–3=0 теңдеуін шешпей тұрып, оның түбірлерінің санын анықта деген сұраққа мүмкін болатын жауаптардың нұсқаларын қарастырайық.

Әдеттегі әдістерді пайдаланып бұл материалды оқып-үйрену кезінде кездесетін қателерді талдау, ең көп тараған қате дискриминантты есептегенде «-» белгісін «+» белгісіне ауыстырып алу болып табылатындығын көрсетті. D=b– 4ac-ның орнына D=b+4ac-ны есептейді. Сол себепті де, жауаптың мүмкін нұсқаларының бірі «түбір жоқ, себебі D=-56» болады.

Болмашы, яғни зейінсіздіктен пайда болатын кең тараған қателердің бірі «4» коэффициентін ескермеу, яғни D=b–ac-ны есептеу болып табылады. Осылайша «екі түбір, себебі D =19» деген жауап нұсқасы шығады.

«Бір түбір, себебі D=64» деген жауаптың нұсқасы дискриминанттың формуласын қалай меңгергенін тексеру үшін қойылатын қосымша жауап.

Қарастырылған сұрақтың дұрыс жауабы « екі түбір, себебі D=64 ».

Сөйтіп, осы жағдайда бағдарламаның бір сұрағына жауаптардың бес нұсқасы қарастырылған.

Тұжырымдалған жауаптың нұсқаларына әрекет ретінде мұғалімнің әдеттегі оқытудағы жауаптары ұсынылады. «Кеңес» бөліміндегі хабар оқушының жіберген қателеріне байланысты болады, ал жауап ол қателерден өзгеше болса, онда бағдарлама квадрат теңдеудің дискриминантын есептеу формуласын және квадрат теңдеудің түбірлерінің санын анықтау үшін оның дискриминанты бойынша зерттеудің алгоритмін ескеру қажеттігіне назар аударады.

Бағдарлама сценарийінде қарастырылған сұрақтың бейнеленуі келесі түрде болады:

Сұрақ:2-2х-3=0 теңдеуін шешпей-ақ, оның түбірлерінің санын анықта.


2 кесте – Дискриминанты шешу кезіндегі компьютерде орындалатын алгоритм


Жауаптар нұсқалары

Дұрыстығы

Оқушы жауабына берілетін әрекет

Түбірлер саны

Дискриминанттың мәні

2;

D=64

+

Дұрыс

Түбірлері жоқ;

D=-56

-

D-ны дұрыс есептемедің. Формуладағы таңбаға мән бер.

2;

D=19

-

D-ны дұрыс есептемедің. 4 коэффициенті ескерілмеді.

1;

D=64

-

Дұрыс емес. Егер D>0 болса, теңдеудің қанша түбірі бар?

Басқа жауаптар берілген жағдайда

-

Дискриминант D=b2 – 4ac

Егер D=0 болса, теңдеудің бір түбірі бар;

Егер D>0 болса, теңдеудің екі түбірі бар;

Егер D<0 болса, теңдеудің түбірлері болмайды.

D-ны қайта есепте


Жоғарыда айтылғандарды қорыта келіп, мұғалімнің ашық интерактивті тапсырмалардың бағдарлама сценарийін жасау кезіндегі жұмысының негізгі кезеңдері төмендегідей болуы мүмкін деп айтуға болады:

а) осы тақырыпта (параграфта, пунктте) енгізілетін негізгі түсініктерді бөліп қарастыру үшін тақырыптың логикалық-дидактикалық талдауын жүргізу;

ә) оқушылар арасында көп жіберілетін қателерді анықтау мақсатында оқушылардың тапсырмаларды орындау процесіне жеткілікті түрде талдау жасау;

б) тапсырмаларды іріктеу және әрбір тапсырма үшін оқушылардың жауапқа арналған мүмкін деген нұсқаларын және оларға сәйкес әрекеттерді қалыптастыру керек.

Сабақта оқып-үйренген материалды бекіту (пысықтау) бағдарламаның ойланып жасалған интерактивті тапсырмаларының арқасында, қарастырылатын сұрақты мүмкіндігінше түсіндіруді алдын-ала ескеріп, мұқият жасалған жоспар бойынша жүзеге асады.

Квадрат теңдеуді шешу дағдысын қалыптастыру үшін оқу бағдарламаларының пакеті эксперименттік оқыту кезеңін жүргізгенде пайдаланылды.

Эксперименттің негізгі міндеті ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын алгебра курсын оқытуда қолдану оқыту сапасын және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға себепші болады деген ғылыми болжамның дұрыстығын тексеру болды.

Эксперимент дәстүрлі оқыту әдістері мен компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып оқыту тиімділіктерін салыстыра отырып, компьютерлік және дәстүрлі оқыту элементтерінің педагогикалық мақсатқа сәйкестігін зерттеу мақсатында қойылды.

Эксперименттік зерттеудің нақты міндеттері мыналар болды:

  • негізгі мектепте алгебраны компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып оқыту жағдайын зерттеу, алдыңғы қатарлы оң тәжірибелерді қорытындылау, кемшіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын белгілеу;

  • негізгі мектептің алгебра курсында компьютерлік бағдарламаларды қолданудың негізгі тенденцияларын анықтау;

  • оқу процесінде ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын пайдалану әдістемесін жасау;

  • оқытудың дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда, компьютерлік оқыту жағдайындағы оқушылардың білім сапасын бағалау, атап айтқанда:

  1. әр жағдайдағы оқушыларға ұсынылған нақты материалды меңгеру беріктігін бағалау;

  2. компьютерлік оқыту әдістемесін пайдаланып оқыту кезінде оқушылардың бірдей көлемді жұмыстарды орындауға кететін уақытын, дәстүрлі оқыту әдістемесімен оқытуға кететін уақытымен салыстыру.

  • оқытуда компьютерді пайдаланудың оқушылардың қызығушылығының дамуына және өз бетінше жұмыс жасай алуына әсерінің қандай екенін анықтау.

Экперименттік жұмыс 2004 оқу жылынан бастап 2009 оқу жылына дейінгі аралықта жүргізілді. Педагогикалық зерттеудің бақылау, әңгіме, сауалнама, білім элементтерін талдау арқылы жасалатын бақылау жұмыстарын жүргізу сияқты әдістері пайдаланылды.

Эксперимент жұмысы үш кезеңге сәйкес жүргізілді, олар: айқындау, іздену, оқыту кезеңдері.

^ Айқындау экспериментінде (2004-2005 жылдар) компьютерді алгебра курсында пайдалану мүмкіндіктері, компьютерді оқыту құралы ретінде қолданудың қазіргі жағдайы мен ерекшеліктері зерттелді.

Компьютерлерді математиканы оқыту процесінде қолдануға арналған теориялық материалдарды және практикалық тәжірибелерді зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оқушыларды компьютермен оқыту процесіне дидактикалық талдау жасалды; компьютерді математика сабақтарында пайдалану тұрғысындағы компьютердің функционалдық мүмкіндіктері зерттелді; математика бойынша әртүрлі оқу бағдарламалары қарастырылып, оларды сабақта қолдану тиімділігі зерттелді.

Алгебраны дәстүрлі оқытуды ұйымдастыру мен компьютердің қолдауымен оқытуды салыстырмалы түрде талдау компьютерлік бағдарламаларды оқушылардың білімдерін бекіту, жүйелеу және бақылау кезеңдерінде пайдалану тиімді болатынын көрсетті.

«Квадраттық теңдеулер» тақырыбын дәстүрлі әдістермен оқып-үйрену мәселелері талданды. Осы тақырып бойынша оқушылар орындаған бақылау жұмыстарын талдау квадрат теңдеулерді шешуде оқушылардың жіберетін кең таралған қателерін айқындауға; «Квадрат теңдеулерді шешу» біліктіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтауға; сонымен бірге квадрат теңдеулерді компьютерлік бағдарламалар көмегімен шешу әдістемесін жетілдіру мақсатындағы бағытты айқындауға мүмкіндік тудырды.

Бұл кезеңдегі жұмыстың мақсаты – компьютерді пайдаланып оқытуда тиімді болатын негізгі мектеп алгебра курсының тақырыптарын нақтылау үшін, кейіннен мұғалім жаңа материалды бекітуге, оның қаншалықты меңгерілгендігін тексеруге пайдалана алатын сұрақнамалар пакетін жасау, тапсырмалар мазмұнын нақтылау.

Эксперименттің іздену эксперименті деп аталатын екінші кезеңінде (2005-2007 жылдар) зерттеулер өзіміз құрған автоматтандырылған оқыту жүйесін пайдаланып жүргізілді. Бұл кезеңдегі эксперимент мақсаты – сұрақнамалар редакторын тексеру мен өңдеуден өткізу, оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін компьютерді пайдаланып ұйымдастыруға кететін уақытты анықтау, тапсырмаларды беру формаларын зерттеу, оқушылардың «Квадрат теңдеулер» тақырыбын компьютерді пайдаланып оқығандағы нәтижелерін тексеру.

Бұл кезеңде сауалнама жүргізу, бақылау, тәжірибелік-педагогикалық жұмыс, тестілеу, педагогикалық тәжірибені қорытындылау сияқты әдістер қолданылды.

2005-2006 және 2006-2007 оқу жылдарында «Квадрат теңдеулер» тақырыбын оқытуда компьютерді пайдалану бойынша Талдықорған қаласындағы №9, 14 мектептердің 8-сыныптарында зертханалық эксперимент жүргізілді. Оған жалпы саны 86 оқушы қатысты. Эксперимент жүргізу үшін эксперименттік және бақылау сыныптары алынды. Олардағы оқушылар саны және білім сапасы шамамен бірдей болды.

^ Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу нәтижесінде бақылаудағы топтың оқушыларына қарағанда эксперименттік топтың оқушылары жоғары баға алулары керек деген болжам жасалды. Эксперименттік топтың оқушылары біз жасаған компьютерлік бағдарламамен және Ұлттық ақпараттандыру орталығы жасаған электрондық оқулықтармен жұмыс істеді, ал бақыланатын топтың оқушыларымен сондай тапсырмаларды орындау жөнінде кеңестер жүргізілді. Содан кейін ол сыныптардың оқушылары «Квадрат теңдеулер» тақырыбы бойынша тесттік тексеру жұмысын орындады. Эксперименттік топтың оқушыларының көрсеткен нәтижелері біршама жоғары болды.

Эксперименттік топтағы оқушыларға компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеп болғаннан соң сауалнама таратылды. Сабаққа қатысқан мұғалімдерге де сауалнама берілді. Сауалнамалардың үлгілері диссертацияның а және ә қосымшаларында берілген.

АОЖ-нің алғашқы нұсқасын жасағаннан кейін және оны 8-сынып алгебрасын оқыту процесінде сынақтан өткізгеннен кейін оған түзетулер жасалды. Түзетулер енгізген кезде эксперименттік сыныпта жұмыс істеген математика мұғалімінің және оқушылардың сауалнамаларда келтірілген ұсыныстары ескерілді.

Эксперименттік жұмыстың үшінші кезеңі (оқыту эксперименті) 2007-2008, 2008-2009 оқу жылдарында Талдықорған қаласының № 9, 11, 14 және Алматы облысы Кербұлақ ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептерінде жүргізілді.

Эксперименттік зерттеудің үшінші кезеңіндегі негізгі міндет «Квадрат теңдеулер» тақырыбы бойынша жасалған ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламасының білімді меңгерудегі тиімділігін, сол сияқты, оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің жалпы деңгейіне тигізетін әсерін талдау болды. Бұл кезең 2-кезеңде алынған нәтижелерді оқыту тәжірибесіне енгізумен байланысты болды.

Мектептерде жүргізілген эксперимент оқушылардың «Квадрат теңдеулер» тақырыбы бойынша алған білімдерін жетілдіру мақсатында болды. 106 оқушыдан тұратын эксперименттік сынып оқушылары осы тақырып бойынша өткізілген бақылау жұмысының нәтижелері негізінде таңдалынып алынды.

Компьютерлік бағдарламаларды алгебраны оқытуда қолдану жөніндегі эксперименттің негізгі нәтижесі деп білім сапасының салыстырмалы түрде жоғарылауын, оқушылардың алгебраны оқып-білуге деген қызығушылығы, компьютерде жұмыс істеуге деген ынтасының артуын айтуға болды. Оны бақылау нәтижесінен, бақылау жұмысының деректерінен және сауалнамалар талдауынан көруге болады.

Сауалнамалар жүргізуге 427 оқушы қатысты, оқушылардың сауалнама сұрақтарына берген жауаптарын талдау мыналарды көрсетті: барлық оқушыларға компьютерде жұмыс істеу ұнайды. Олардың жауаптары әртүрлі: «қызық және өзіңді-өзің тексеруіңе болады», «Компьютер өткен материалды жақсырақ меңгеруге көмектеседі» т.с.с.

«Квадрат теңдеулер» тақырыбы бойынша ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламасы Ұлттық ақпараттандыру орталығында, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ақпараттық технологиялар және ИОӘ кафедрасында, математика және МОӘ кафедрасында, Талдықорған қаласының № 9, 11, 14 және Алматы облысы Кербұлақ ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептерінің педагогикалық кеңестерінде талқыланды.

Бақылау жұмысы негізгі материалдар бойынша жүргізілді. Оның негізі оқытудың міндетті түрдегі нәтижелерін тексеру болды.

Оқыту бағдарламаларының жасалған жүйесін сабақта қолдану тиімділігін бағалауға мүмкіндік тудыратын сипаттамалар ретінде профессор И.Т.Огородников ұсынған білімнің параметрлері, яғни білім көлемі, білімді ұғыну және білімнің беріктігі алынды.

Бақылау жұмысын орындағандағы оқушылардың білімі орта мектепте математика бойынша бағдарламада келтірілген оқушылардың орта мектептегі математикадан алған білімдері мен дағдыларын бағалау нормаларына сәйкес бағаланды. Бақылау жұмысының ең маңызды және табанды еңбекті талап ететін бөлігі–оқушылардың жұмыстарын талдау болды. Бақылау жұмысының әрбір тапсырмасын оның элементтері бойынша талдау схемасы жасалды. Оны бір тапсырманы мысалға ала отырып көрсетейік: «-нің қандай мәндерінде теңдеуінің түбірі болмайды (әртүрлі екі түбірі болады)?» деген тапсырманы орындаудың тиімді жолы мынандай:

  1. дискриминантын есептеу, ;

  2. теңсіздігін құру;

  3. теңсіздігін шешу



Тапсырманы орындауды талдаудың сәйкес схемасы төмендегідей жұмыс кезеңдерін қамтыды:

  1. тапсырманы орындағандар;

  2. -ні дұрыс есептегендер:

а) квадрат теңдеудің коэффициенттерін дұрыс анықтағандар;

ә) дискриминанттың формуласын дұрыс қолданғандар;

3) теңсіздікті дұрыс құрғандар;

4) теңсіздікті дұрыс шешкендер;

Осы тапсырманы эксперименттік және бақылаудағы сыныптарда орындау туралы мәліметтер.


3 кесте –Тапсырманы орындауды талдаудың сәйкес схемасы

Сыныптар

1





3

4

Эксперименттік

Сыныптар (106)

106

100%

106

100%

98

93,3%

90

85%

55

52 %

Бақылаудағы сыныптар (103)

98

95,1%

93

90,3%

85

82,5%

75

72,8%

36

37 %


Эксперимент жүргізген мектептердің эксперименттік және бақылаудағы сыныптарының оқушыларына осы бақылау жұмысы екі рет ұсынылды: эксперимент біткеннен кейін және келесі оқу жылының басында. Қайта алынған бақылау жұмысының нәтижелері білім сапасының жақсару тенденциясының сақталатынын көрсетті.

4-кесте эксперименттік және бақылау сыныптарындағы бақылау жұмыстарының нәтижелерін бейнелейді. Нәтижелер кестесін талдау эксперименттік сынып пен бақылаудағы сыныптың оқушыларының нәтижелеріндегі білім сапасының айырмашылығын көрсетеді. Бұл кестедегі мәліметтер эксперименттік сыныптың оқушыларының білімді меңгеру дәрежесі бақылаудағы сыныптың оқушыларының білімді меңгеру дәрежесіне қарағанда артық екенін көрсетеді.


4 кесте– Бақылау жұмыстарының нәтижелері

Тапсырма

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

«5» пен «4» алғандары

«3» алғандары

«2» алғандары

«5» пен «4» алғандары

«3» алғандары

«2» алғандары

ЭС

БС

ЭС

БС

ЭС

БС

ЭС

БС

ЭС

БС

ЭС

БС

1

22

21%

26

25,3%

66

62%

67

65%

18

17%

10

9,7%

70

67%

47

46%

32

30%

37

36%

4

3%

19

18%

2

21

20%

19

18%

64

60%

64

62%

21

20%

20

28%

68

65%

45

44%

30

28%

45

44%

8

7%

13

12%

3

16

15%

21

20,5%

71

67%

65

63%

19

18%

17

16,5%

68

64%

38

37%

32

30%

45

44%

6

6%

20

19%

4

18

17%

19

18%

61

58%

62

60,5%

27

25%

22

21,5%

65

61%

34

33%

32

31%

47

45,6%

9

8%

22

21,4%

5

13

12%

16

15,5%

76

72%

69

67%

17

16%

18

17,5%

63

60%

36

35%

34

32%

42

40,7%

9

8%

25

24,3%


5-кесте эксперименттік сыныптағы экспериментке дейінгі және одан кейінгі үлгерім сапасын бейнелейді.


5 кесте – Үлгерім сапасы

Оқушылар саны

Үлгерім

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

5

4

3

2

5

4

3

2

Эксперименттік сыныптар (106)

2

1,9 %

16

15%

67

63,2 %

21

19,9%

12

11,3%

55

51,8%

32

30,3%

7

6,6 %

Бақылаудағы сыныптар(103)

3

2,9 %

17

16,5 %

65

63,2%

18

17,4 %

4

3,8 %

36

35%

43

41,7 %

20

19,5 %





3 сурет – Эксперименттік және бақылау сыныптарының бастапқы және соңғы көрсеткіштерінің мониторингі


Эксперименттік жұмыстың нәтижелері төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді.

  1. Компьютерлік бағдарламаларды оқушылар білімін бекіту және бақылау кезеңдерінде қолдану, тиімді екендігін эксперимент жүзінде дәлелденді;

  2. Теориялық зерттеулер кезінде айтылған «Курсты компьютермен қамтамасыз етуде ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын пайдалану керек» – деген пікір эксперимент кезінде расталды;

  3. «Квадрат теңдеулер» тақырыбын оқып-үйрену жөнінде ұсынылған жүйе оқушылардың тақырып бойынша білім деңгейін арттыруға жағдай тудырды.

1   2   3



Похожие:

Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі iconАлдешов сапарғали ергенұЛЫ
...
Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі icon«Филология пәндері бойынша ледагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасы диплом жұмысы тақырыбы: «Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі»
Сыныптан тыс жұмыстардың оқушы тілін ауызша дамытудағы педегогикалық көзқарастар
Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі iconКіріспе дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі
Бұл сөзсіз, оқытудың тиімді технологияларын жасаудың, жетілдірудің мықты стимулы қызметін атқарады
Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі iconҚазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде қазақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады
М. Әуезов атындағы ОҚму 0315 -«Педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі» мамандығының 4- курс ПӨ 01 4к1 тобының студенті «Бастауыш...
Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі iconАшық баяндама Жаңақоныс негізгі мектебінің Білім беру және дамыту
Ашық баяндамада статистикалық мәліметтер бойынша ауылдық округтың санағы бойынша Жаңақоныс негізгі мектебі білім беру мекемесі болып...
Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі icon7-сынып/ Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің
Көрнекілігі: интерактивті тақта, жазушының портреті, Есіл өзенінің, саятшының суреттері, алты қырлы кубик
Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі iconЖолда жүру ережесіне арналған апталығына мектепішілік жоспар құрылып бекітілді
«Бағдаршамды білейік, аман – есен жүрейік» атты 5-9 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Бастауыш сыныптары «Мен және...
Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі iconБөлім. Компьютерлік ойындардың агрессивті мінез-құлқына әсер ету факторы ретіндегі проблемаға теориялық талдау
Негізі
Алдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі iconI кезең бойынша ашық тендер өткiзетiндiгiн хабарлайды
«Негізгі құралдарды сатып алу және сату», «Жүйелер мен қондырғыларды, ғимараттарды қайта құру және құрылыс жұмыстары» лоты бойынша(Шымкент...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов