Мазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі icon

Мазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі



НазваниеМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
страница3/7
Дата05.05.2013
Размер1.27 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5   6   7

II.Қаржылық есеп берудің негізгі көрсеткіштерін талдау

^ 2.1. «ҰҚ ҚТЖ» АҚ-ның активтерін талдау


«ҰК ҚТЖ»АҚ-ның активтері- кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Активтер – бұл құндылық бағасы бар субъектілерінің мүліктік байлықтары мен құндылықтары.

Активтерді сипаттау үшін олардың құрамы мен құрылымы, олардағы болған өзгерістер зерттеледі.

Кәсіпорынның активтерінің жұмылдыру коэффициенті ағымдағы активтерінің құнын кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына бөлу арқылы есептеледі.

Қаржы тұрғысынан бұл көрсеткіштің артуы кәсіпорынның мүлкінің жұмылдырылуын, оның айналымдылығының, оның жеделдеуін, оның пайдалану тиімділігін жоғарлауын көрсетеді.

«ҰК ҚТЖ» АҚ-ның ағымдағы активтері мен ұзақ мерзімді активтерінің қатынас коэффициенті төмендегі формуламен анықталады.

К ағымдағы активтер мен ұзақ мерзімді активтер = Ағымдағы активтер/ Ұзақ мерзімді активтер.


К = 13781мың/18770мың = 0,734


«ҰК ҚТЖ»АҚ-ның дебиторлық қарыздарын талдау үшін ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын қарастыру қажет.

Ағымдағы активтері мен мүліктің өтімділігінің өсуіне қарамастан «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның жетекшілері оның құрамындағы өзгерістерді бағалау қажет. Дебиторлық қарыздың пайда болуымен орнығуын талдауға көп көңіл бөлу қажет, өйткені олар кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі. Кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық қарыздың өсуін емес, ол оның мөлшері мен формасы, қозғалысы ықпал ететінін атап өткен жөн.

«ҰК ҚТЖ» АҚ-ы қарыздың екі түрін: бірқалыпты және ақталмаған деп бөледі.

Дебиторлық қарыздың құрамы мен құрылымымен толық танысып болған соң оған нақты құн тұрғысынан баға беру қажет. Бұл дебиторлық қарыздың қайтарылмай қалуымен байланысты. Оның қайтарымдылығы ағымдағы шарттармен өткен тәжірбиелер нәтижесінде анықталады. Қарыздың қайтарымының жалпылама көрсеткіші болып айналымдылық табылады.[38]

«ҰК ҚТЖ» АҚ-ғы дебиторлық қарыздың өтімділік көрсеткіші – дебиторлық қарыздың ақша құралдарына айналу жылдамдығын сипаттайды. Осылайша дебиторлық қарыздың өтімділігі мен сапалық көрсеткіші болып – оның айналымдылығы болуы мүмкін.

Айналым коэффициенті өнімді сатудан алынатын пайда көлемінің орташа дебиторлық қарызға қатынасы ретінде есептеледі.

«ҰК ҚТЖ» АҚ-ның баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау –кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

«ҰК ҚТЖ» АҚ-нің қаржылық есебінің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет.

«ҰК ҚТЖ» АҚ-ның баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 4-аналитикалық кесте құрылады.


«ҰҚ ҚТЖ» АҚ-дағы баланс активтерінің құрамы мен құрылымы.

Кесте 4





Көрсеткіштер



2003 жыл

2004 жыл

Жыл бойындағы өзгеріс (+;-)

Құрылы-мының өзгеруі (4гр.-2гр.)

сомасы мың тг.

Үлес салмағы, %

сомасы, мың тг.

Үлес салмағы, %

Млн тг. (3гр.-1гр.)

% (5гр.:1гр.*100)







Активтер құны, барлығы соның ішінде:

1.1. Ұзақ мерзімді активтер:

а) негізгі құралдар;

ә) Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз

1.2. Ағымда-ғы активтер:

а)Қысқа мерзімді дебиторлық борыш

ә) тауар.

б) ақшалар

200,0


74,0


60,0


14,0


126,0


67,0


37,0


22,0

100


37


30


7


63


34


18,2


10,8

349,0


94,0


68,0


26,0


255


77,0


102,0


76,0

100


27


19,5


7,5


73


22


29,2


21,8

+149,0


+20,0


+8,0


-


+129,0


+10,0


+65,0


+54,0

+74,5


+27


+13


-


+102


+15


+176


+245

x


-10


-10,5


+0,5


+10


-12


+11


+11




Кәсіпорын-ның өндірістік потенциалы-ның құны

60,0

30

68,0

19,5

+8

+13

-10,5



4-кесте мәліметтерінен «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң активтерінің нақты құнын көрсететін баланс валютасын 2004 жылы 149 млн теңгеге немесе 74,5%-ке артқандығын көруге болады.

Бұл «ҰК ҚТЖ»АҚ-ның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобилдігін анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың,өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің құндары қосылады. [33,38]

Екінші әдістемеде «ҰК ҚТЖ»АҚ-ның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады (4). Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни Кn ≥ 0.5 қалыпты болып есептеледі.

Екінші әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал құны біз талдау жүргізіп отырған «ҰК ҚТЖ» АҚ-да 2003жылы – 60 млн теңгені, 2004жылы соңы – 68 млн теңгені құрайды, яғни 8 млн теңгеге немесе 13%-ға өскен. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциял үлесі 2003 жылы 13,37 пунктке кемігенмен 2004 жылы 19,5%-ды құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.

2-кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешіледі. Егер «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның ағымдағы активтердің үлесі 2003 жылы 27 пунктке көп болса (63-37), 2004жылы ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 46 пунктке асып кетті (73-27) және 73%-ды құрады. Яғни, «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның 2003,2004жылдарды талдау барысында ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 3 есеге артық (102: 27) болып отыр.

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобилдьді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады, яғни мүлік әлдеқайда мобильді болады. Бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.[38]

Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл коэффициенттің деңгейі 2003жылы 0,63 (126:200), ал 2004жылы 0,72 (255:349) құрады. «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады. Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.

Талданып отырған «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң бұл көрсеткіш деңгейі 2003 жылы – 1,73=(126:74), ал 2004 жылы – 2,7=(255:94) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу қарқынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. 2004 жылы біріншілер, яғни мобильді қаражаттар 2 есеге (255:126), ал екіншілер – 1,2%-ға (94:74) ғана өскен. «ҰК ҚТЖ» АҚ ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.

Әрі қарай «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементтінің жағдайын зерттеу қажет. «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударылады. Өйткені бұл көрсеткіш «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

Негізгі құралдардың жалпы құнындағы оның активті бөлігінің (жұмыс машиналарының құны) үлесін анықтау өте маңызды және де бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымды кезең болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі қор қайтарымдылығының өсуіне әкеледі. Алайда біздің «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң негізгі құралдардың активті бөлігінің үлес салмағы 2003жылы-30қарағанда, 2004 жылға-19,5 құрады.

Негізгі құралдардың активті бөлігінің үлесінің 0,13 пунктке кемуі, олардың өсу қарқынының барлық негізгі құралдардың өсу қарқынынан айтарлықтай дәрежеде артта қалуының нәтижесінде болып отыр. Барлық негізгі құралдар құны – 13%-ға (8:60*100) өскен. Бұл әрине «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымсыз кезеңі ретінде қарастырылуы тиіс.

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш – бұл осы негізгі құралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті. Біздің кәсіпорынымызда негізгі құралдардың тозу коэффициенті 2003 жылы – 0,63 (56:93), ал 2004 жылы – 0,68 (37:555) құрайды, яғни 0,05 пунктке өскен.

Бұл мәліметтер, негізгі құралдардың сапалық тозуын айтпай-ақ, олардың 2/3-ден көбі табиғи тозғандығын және ескергендігін көрсетеді. Кейбір экономисттердің бағалаулары бойынша 50%-дан жоғары тозу коэффициенті жағымсыз құбылыс болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылығы осы кәсіпорынның материалды-техникалық базасын нығайтуға және жаңартуға қатаң көңіл аударуы тиіс.

Әрі қарай, келесі 5-аналитикалық кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.


«ҰК ҚТЖ» АҚ-ң ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы
Кесте 5




Көрсеткіштер

2003 жыл

2004 жыл

Өсуі (+), кемуі (-), %

сомасы, млн тг.

үлес салмағы, %

сомасы, млн тг.

үлес салмағы, %

1

Ағымдағы активтер, соның ішінде:

1.1Тауарлы-материалдық қорлар

1.2.Дебиторлық борыш

1.3Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

1.4.Басқа да ағымдағы активтер

126


37


67


22


-


100


29,4


53,2


17,4


-

255


102


77


76


-


100


40


30


30


-


х


+10,6


-23,2


+12,6


-


5-кестедегі келтірілген мәліметтер «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер – яғни ақша қаражаттар мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар 2004 жылда 76 млн теңгеге немесе 12,6% -ға көбейген.

Ағымдағы активтердің ең мобильді бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықталатын айналым қаражаттарының мобильдік коэффициенті 12,6 есеге көбейген және 30%-ды құрайды. Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталатын қаражаттардың жалпы сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді.

Ең мобильді қаражаттар сомасының көбеюі және айналым қаражаттарының мобильдік коэффициентінің жылдам жоғарлауы кәсіпорынның төлеу қабілетінің жеткіліктілігін сипаттайды. Алайда, нарық жағдайында айналым қаражаттарының төмен мобильдігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың болмауы, кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.

Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 10,6%-ға өсті және ол 2004жылы 102 млн теңгені құрады. Олардың үлесі 0,36пунктке азайғанымен оның көлемі әлі де болса жоғары (40%) болып отыр. Бұл жағдай, материалды айналым қаражаттарының құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқ па, соны анықтау үшін олардың құрамы мен құрылымына тереңдетілген талдау жүргізуді қажет етеді. Біздің «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң материалдық ағымдағы активтер негізінен материалдар есебінен көбейген, олардың көлемі 2004жылы 102 млн теңгені құрады, бұл 2003жылмен салыстырғанда – 2,5 есеге көп. Осы мерзімде өндірістік қорлар 9,5%-ға азайған.

2004 жылы дебиторлық борыш та әжептеуір өскен. Егер оның көлемі 2003 жылы – 67 млн теңгені құраса, 2004 жылы ол – 77 млн теңгені құрайды немесе 11,6%-ға өскен, алайда ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 0,53 пунктке азайды [2].

Дебиторлық борыш неге көп өскендігін және бұл бапты не үшін түсіндіру керектігін зерттеп, қарыздарды өтеудің болашағын бағалау және егер болған жағдайда олардың құрамындағы күмәнді қарыздарды анықтау қажет. Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып табылады.

Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Осылайша, мүліктің және ағымдағы активтердің мобильділігінің өскеніне қарамастан, «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің негізділігін және оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға басты назар аударуы қажет. [38]

Айта кеткен жөн, «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оның меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілетіне ешбір ықпал етпейді.

«ҰК ҚТЖ» АҚ-ң дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлем мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.

Дебиторлық борыштың құрамы мен құрылымымен толық танысып шыққаннан кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сай келмеуі мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде зияндар елеулі дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек.[43]

Баланстың активі кәсіпорынның меншігіндегі жалпы мүлкіне баға береді және де мүліктің құрамында айналым құралдары мен айналымнан тыс қаржыларды бөліп көрсетеді. Кәсіпорын мүлкіне баланста құны көрсетілген негізгі қорлар, айналым қаржылары және басқа да құндылықтар кіреді. 6-кестеде «ҰК ҚТЖ» АҚ мүлкін бағалаудың есептері келтірілген.


«ҰК ҚТЖ» АҚ мүлкін бағалау, млн.теңге

Кесте 6

Көрсеткіштер

2004 жыл

2005 жыл

Ауытқулар 2004 жыл

Ауытқулар

2005 жыл




жыл басына

жыл соңына

жыл басына

жыл соңына

абсолютті

шамада

%

абсолютті шамада

%

І.Барлық мүлік, соның ішінде:

160,8

349,0

349,0

730,0

188,2

2,2 есе

381

2,2 есе

Айналымнан тыс активтер

НҚ және басқа да айналымнан тыс актавтер

24,4

68,0

68,0

307

43,6

2,8 есе

239

4,8 есе

- мүлікке %-бен қатынасы

15,2

19,5

19,5

42,0

4,3




22,5




2.1.материалдық емес активтер

-

4,0

4,0

-

4,0

100

-

-

•материалдық емес активтерге %-бен

-

5,9

5,9
















2.2.негізгі қорлар

24,4

64,0

64,0

307,0

39,6

2,6 есе

234

4,8 есе

• негізгі қорларға %-бен

100

94,0

94,0

100

-6,0




6,0




2.3.Бітпеген өндіріс

-

-

-

-

-

-

-

-

-Бітпеген өндіріске %-бен

-

-

-

-

-

-

-

-

2.4.Ұзақ мерзімді ; қаржылай салымдар

-

-

-

-

-

-

-

-

-Ұзақ мерзімді қаржылай салымдар %-бен

-

-

-

-

-

-

-

-

3.айналым қаржылары

112,4

255,0

255,0

397,0

142,6

2,3 есе

142,0

155,7

-айналым қаржыларына

%-бен

70,0

73,0

73,0

54,4

3,0




-18,6




3.1.материалдық айналым қаржылары

45,8

70,0

70,0

89,0

24,2

152,9

19,0

127,0

- материалдық айналым ; каржыларына %-бен

40,7

27,4

27,4

22,4

-13,3




-5,0




3.2. ақша қаржылары мен қысқа мерзімді 1 міндеттемелер

0,3

76,0

76,0

36,0

75,7

253,3 есе

-40,0

-47,4

• ақша қаржылары мен кысқа мерзімді 1 міндеттемелерге %-бен

0,27

30,0

30,0

9,0

29,7




-21,0




3.3. дебиторлық берешек

52,0

77,0

77,0

246,0

25,0

148,0

169,0

3,2 есе

дебиторлық берешекке %-бен

46,3

30,2

30,2

62,0

-16,1




31,8




3.4.алынған кұндылықтар бойынша ққс

6,1

2,0

3,0

26,0

-4,1

32,8

23,0

8,7 есе

алынған құндылықтар бойынша ҚҚС %-бен

5,4

0,8

1,2

6,5

-3,2




5,3




4.шығындар

24,0

26,0

26,0

26,0

2,0

108,0

0

100

шығындар %-бен

15,0

8,0

8,0

3,7

-7,0




-4,3





Кәсіпорынның мүліктік жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің серпінділігін талдай отырып, есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің жалпы құны 381 мың тенгеге немесе 2,2 есе, ал 2004 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 188,2 мың тенгеге немесе 2,2 есе (323 мың тенге/160,8 мың тенге) артқандығын байқаймыз. Жалпы 2005 ж. кәсіпорынның мүлкінің көлемінің артқандығы байқалады.

Кәсіпорынның мүліктерінің құрамында есепті кезеңнің басына айналым қорлары 73 % құрады. 2005жылы олар 142 мың тенгеге артып, олардың кәсіпорын активіндегі үлес салмағы 54,4 %-ға дейін өтімділігі жоғары ақша қаржылары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдардың айналым қаржыларындағы үлесі 21 % -ға дейін төмендеді (40 мың тенгеге азайды). Сонымен бірге, дебиторлық берешек 2005 ж. басында 30,2 %, ал 2005 жылдың басында 62 % құрады. Мұндай жағдай кәсіпорын үшін тиімді, өйткені оның 169 мың тенгеге артуы (3,2 есе), айналым қаржыларының 1,2 есеге артқандығын білдіреді (169 мың тенге. /142 мың .тенге. х 100 %).[40]

1   2   3   4   5   6   7



Похожие:

Мазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі iconМазмұны Кіріспе 3-5
Тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негізі
Мазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі iconМазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол мекенінде өткізілген туристік экологиялық жарыс
Мазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі iconМазмұны кіріспе
Экологиялық тәрбие берудің маңызы
Мазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі iconМазмұны Кіріспе 5 1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Кіріспе 5
Мазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі iconКіріспе бет і-тарау білім берудің ақпараттандырудың теориялық негіздері
Кіріспе бет
Мазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі iconМазмұны кіріспе I. Тарау. ӘЛемдік және отандық ТӘжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
Жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері
Мазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі iconМазмұны Кіріспе
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудің дидактикалық қағидаларының сипаты
Мазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі iconКіріспе
Тарау адам дамуындағы білім берудің алатын орны және оның маңыздылығЫ
Мазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі iconМазмұны кіріспе 3 i-тарау
Кіріспе 3
Мазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі iconМазмұны Кіріспе І тарау. Аминдер

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов