Мазмұны кіріспе icon

Мазмұны кіріспе



НазваниеМазмұны кіріспе
страница4/9
Дата05.05.2013
Размер1.45 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5   6   7   8   9

І бөлім бойынша тұжырымдама


Сонымен, қорытындылай келе дипломдық зерттеу жұмысының теориялық бөлімінде жаңа инновациялық оқыту технологиясының ерекшеліктері, оқытудың озық үлгісі – арттерапия және оның элементтері мен “Өзін-өзі тану” бағдарламасына қатысты көзқарастардың ғылыми-әдістемелік тұжырымдамалары келтірілген. Оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде арттерапияның ерекшеліктері, оқыту процесінде қолданылатын элементтері мен арттерапияның диагностикалық, профилактикалық және психокоррекциялық жақтары қарастырылды.

Зерттеу жұмысымызға өзек болған еңбектер Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функциялардың мәдени-тарихи даму туралы теориясы; А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы; прфессор С.М.Жақыповтың бірлескен-диалогты іс-әрекеті; З.Фрейд пен К.Г.Юнгтің бейсаналық туралы психоаналитикалық теориясы және С.А.Назарбаеваның “Өзін-өзі тану” бағдарламасы.

Жоғарыда аталған еңбектерге сүйене отырып жүргізілген зерттеу жұмысының теориялық бөлімінде оқыту процесінде арттерапия элементтерін жүйелі әрі бірізді, срнымен қатар сауатты қолдана білу әрбір жек тұлғаның өзін-өзі тануына жол ашады. Оның шығармашылық қабілеті мен қиялы байып, креативті ойлау қабілеті дамиды және өзін-өзі бағалауы жоғарылайтындығы анықталады.

Сонымен, инновациялық оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде арттерапия және оның элементтерін оқыту процесінде қолдану өте маңызды әрі тиімді болып келетіндігі анықталған. Сонымен қатар, арттерапия элементтерін оқыту процесінде қолдану сабақты жандандыра түседі.


^ 2 бөлім. Арттерапияны білім беру процесінде қолданудың эксперименталды зерттеу бөлімі


2.1 Арттерапия - оқыту процесінің тиімділігін арттыру шарасы


Қазіргі таңдағы көпетегн зерттеулердің нәтижелеріне сүйенер болсақ, арттерапияның, яғни, өнер арқылы терапия жүргізудің пайдалы емдік мақсаттағы терапия екенін түсіндіріп, дәлелдеп отыр. Оларға қысқаша тоқталып кетер болсақ:

  • Әлеуметтік ортада туындап отыратын көңіл-күйдегі агрессивті сезімдерден босаңсу. Сурет салу, живопись, түрлі-түсті краскалармен глинаны пайдалана отырып мүсіндер жасау – адам бойындағы психикалық қысымдардан босаңсуына пайдасын тигізетін ең бір зиянсыз әдіс.

  • Психотерапияны жүргізудің вербальды түріне қарағанда, көптеген бейнелердің көмегімен ішкі уайымдаулар мен санасыз түрде кикілжіңге түсу себептерін сыртқа шығару оңайырақ болады. Яғни, терапияның тиімді әрі пайдалы жақтары осыдан байқалады. Сонымен қатар терапия барысын алға, жағымды жағынан ілгерілеуін тездетеді.

  • Терапия жүргізу процесінде диагностикалық жұмыстармен интерпретация жасаудың негізгі мүмкіндіктерін нақты беріп отырады. Клиенттің жасап шығарған творчестволық туындыларының шындықтағы бар нәрсе екенін ол өзі жоққа шығара алмайды. Клиенттің шығармашылық жұмысының стилі мен мазмұны ол жөнінде терапевтке көптеген ақпарат беріп отырады. Сонымен қатар туындының авторы терапевтпен бірге интерпретация жасауда көптеген өзіндік үлесін қосады.

  • Көптеген арыла алмай жүрген ойлар мен қиын ауыр сезімдермен жұмыс жүргізуге болады. Кейбір уақыттарда үдемелі сезімдер мен қандай да бір наным-сенімдердің себептерін анықтаудың, оны түсіндіре алудың бірден-бір жолы – осы вербальды емес әдіс арқылы қарым-қатынас жасау болып табылады.

  • Терапиялық өзара қарым-қатынасты нығайтуға көмегін тигізеді. Топ мүшелерінің творчестволық жұмыстарындағы кейбір элементтерінің ұқсас келуі өзара жағымды сезімдер мен бір-біріне деген эмпатияның қалыптасуын тездетеді.

  • Іштей өзін-өзі реттей алушылық пен өзін-өзі бақылай алу сезімінің пайда болуына әсерін тигізеді.

  • Өз сезімдеріне зейін қоя отырып, көңіл бөлуін дамытады және нығайтады.

Арттерапия өзiн бейнелеу мен өзiн-өзi тануда кең көлемдi қолайлылықтың көзi болғандықтан, адамдардың жағымсыз әсерлерден босануға, оң әсерлi эмоциялардың көрiнуiне, тығырықты, ішкі конфликтілі жағдайларынан шығуға және де белсендi өмiр позициясын құруға жол ашады.

Арттерапияны құрамды элементтеріне байланысты қолданудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Оларды бір-бірімен байланыстыра отырып, кезектестіре жүйелі түрде қолдануға болады (қосымша В қараңыз).


Арттерапия келесi мақсаттарға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi:

  1. ^ Агрессивтi көңiл-күйден және негативтi әсер етушi сезiмдерден босануға жол ашады. Суретпен, картинамен, скульптурамен жұмыс жасау қауiптi емес екенiн дәлелдейдi.

  2. Емдiк процестi жеңiлдетедi. Өзi сезбейтiн қарама-қайшылықтарды және уайымдауларды вербальды психотерапиялық процеске қарағанда, сурет арқылы ашып салу оңайырақ болады.

  3. ^ Диагностикалық қорытынды мен интерпретация жасауға қажеттi материал алуға болады. Творчестволық еңбектің жемiсi ұзақ өмiрлiк нәтиже болып келедi. Клиент оның шындықтағы факт екенiн жасыра алмайды. Шығармашылықтың стилi мен мазмұны терапевтке пациент жөнiнде қосымша ақпарат бередi.

  4. ^ Пациенттiң жасырып қалуға бейiмделген ойлары мен сезiмдерiн көрсете бiлу. Өте қатты уайым-қайғыларын және сенiмдерiн көрсетудiң бiрден-бір жолы кейде вербальды емес қарым-қатынас болып табылады.

  5. Терапевт пен клиент арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтiру. Творчестволық iс-әрекетке бiрiгiп әрекет жасау қатынастағы эмпатиямен бiр-бiрiн жақсы қабылдауға ықпал етедi.

  6. lштей бақылау сезiмдерiн дамыту. Суретпен, картинамен немесе скульптурамен жүргiзiлген жұмыс түстер мен формаларды бiрыңғай қалыпты қолдануға көмек бередi.

  7. Түйсiну және сезiну арқылы зейiндi бағыттау. Творчестволық жұмыспен айналысу кинестетикалық және көру түйсiктерiмен эксперименттеуге өте бай жағдай жасайды және де олардың қабылдау қабiлеттiлiгiн дамытады.

  8. ^ Шығармашылық қабiлетiн дамытады және де өзiн-өзi бағалауын жоғарылатады. Арттерапияның ең негiзгi маңызды мәнi, ол жасырын таланттарын ашып және оны дамытуда қанағаттанушылық сезiмiн сезiндіру болып табылады. Сонымен қатар, өзінің мүмкіндіктерін танып-білу арқылы өзін-өзі бағалауы жоғарылайды.

Арттерапияны жеке адаммен немесе топпен өткiзуге болады. Арттерапевт арттерапияға қатысушыларды қажет құралдармен қамтамасыз етуi керек, олар: краска, қаламсап, қағаз, түрлi-түстi карандаштар т.б немесе қатысушыларға өздерiң әкелуге болады деп айтуға да болады. Арттерапия жүргiзер орын кең, ауасы таза болуы тиiс. Қатысушылар онда еркiн қозғала бiлулерi қажет. Арттерапевттiң атқаратын функциясы айтарлықтай қиын әрi ситуацияға байланысты ауысып отырады. Ол өнер мен творчествоның белгiлi бiр қағидаларын бiлiп, үйренген болуы тиiс. Өйткенi арттерапияны жүргiзiп жатқан кезде творчествоның, өнердiң белгiлi бiр техникалық қабылдауларын түсiндiрiп қана қоймай, оны iс жүзiнде көрсетуi қажет болады. Арттерапевт сурет творчествосымен өзi шұғылданып жүруi тиiс, ол оған көптеген процестердi анық сезiнiп, түсiнуiне көмектеседi. Арттерапевт қатысушылардың Әрқашанда ақыл-ойын, психикалық жағдайын, олардың жеке дара ерекшелiктерiн, дайындықтарын және өзге де факторларын есепке алып отырулары қажет. Арттерапия жүргiзер алдын ол қатысушылармен олардың проблемалары жөнiнде әңгiме қозғауы керек. Өйткенi қатысушылар арттерапевттi арттерапияға қатысушы топтың бiр мүшесi ретiнде қабылдаулары тиiс. Сонда ғана арттерапевттiң өтілетін сабаққа қатынасуы оларға бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасауына керi әсерiн тигiзбейдi. Мұнда арттерапевт қатысушылардың эстетикалық дағдыларын дамытушы ретiнде қатысады. Арттерапиямен жұмыс iстеудiң бiрiншi этапы, ол қайшылықтарды жеңе бiлу болып табылады. Ол “lстей алмаймын деген комплекстi” жеңудiң бiрден - бiр жолы. Клиентті болып жатқан ситуацияға қызықтыру керек, сонымен қатар оның эмоциясы мен қызығушылығына, көзқарасына сәйкес, оны теоретикалық әңгiмеге тарта отырып, оған пайдалы әрi айналысатын жұмысына қажеттi ақпарат берiп отыруы керек. Жұмыстың ақпараттандыру этапы, ол – клиенттің өнердiң техникалық жақтарымен танысуы, яғни оған жалпы өнер туралы мағлұматтарды жеткiзуден тұрады. Бұл этапта әлеуметтiк-коммуникативтi характердiң сұрақтары шешiледi.

Арттерапияда тек қана белгiлi бiр тақырыпты таңдап алу талап етiлмейдi, керiсiнше арттерапияға қатысушылардың өмiрiнiң әртүрлi жақтарын қамтитын тақырып болғаны дұрыс.

^ Оларға төмендегiдей тақырыптарды ұсынуға болады:

  1. Өзiнiң жекелiк өткен шағы мен қазiргi уақыты: өзiң туралы не ойлайсың; қоршаған ортада мен қалай көрiнемiн; менiң негiзгi проблемам; мендегi ең негiзгi нашар көзқарас; мен және менiң жағымсыз сезімдерім; мен неден қорқамын; менiң жанұям; менiң ата-анам; менiң негiзгi кемшiлiгiм мен мәртебем; мен адамдардың арасындамын; адамдарда маған не ұнамайды; мен кiммiн; мен жануар ретiнде; өмiрлiк жол; менiң түстерiм.

  2. ^ Болашақ, мақсат және абстрактiлi түсiнiктер: мен қандай болғым келедi; аурусыз өмiр; мен кiм болғым келедi; егер мен Чародей болғанда; менiң Отаным; үш арман; мен он жылдан кейiн; махаббат; жеккөрушiлiк; сұлулық; сағыныш; еркiндiк; күш пен әлсiздiк; тәуелдiлiк пен тәуелсiздiк; қайырымдылық; қысым; қорқыныш; тiлек; ауру; сезiмталдылық; ерлiк.

  3. ^ Топтағы қарым-қатынас: менiң топтағы орным; топтағы менiң қарым-қатынасым және проблемам; топпен кездесуге байланысты бүгiнгi көңiл-күйiм; топ жануарлар көрiнiсiнде; сиқыршы топты өзгертiп жiбердi; сахарадағы топ; топ дракондармен айқасуда; топ балмаскарадқа кеткелi жатыр; бiздiң хан сарайымыз; мен адамдарға не берiп жатырмын және олардан не күтемiн; топ мүшелерiнiң портреттерi;

Тақырыпты ұсыну әртүрлi жолмен жүзеге асады. Тақырып белгiлi бiр соңғы реакцияларға байланысты ұсынылады. Бiрiншiден қатысушылардың қарсыластығы, яғни “Aдамдардың суретiн сала алмаймын”, “Оларды қолдан жабыстырып жасай алмаймын”, екiншiден: топтың алғашқы мақсаты. Тақырыпқа қойылатын негiзгi талап оның кейiнгi талқылауға катализатор болатын потенциальды қабiлетiнiң болуы.

Малколмның пiкiрiнше, тақырып дұрыс таңдалмаған жағдайда оның эффектiсi төмен болады. Сол себептi тақырыпты өзiндiк орнымен, өзiндiк уақытына сәйкес таңдауы қажет.

Арттерапияға қатысушы өзiндiк iшкi қайшылықтарын жеңiп, iске өз еркiмен кiрiскенде, арттерапевт өзiнiң емдiк мақсаттарын жүзеге асыруға болады. Бейнелеу өнерi сөздiк бейнелеу қорын күшейтедi. Сондықтан, арттерапевт клиентке жұмыс кезiнде туындаған ойларын қағаз бетiне түсiрiп отыруға ұсыныс жасауына болады.

Арттерапияның негiзгi жетiстiгi, ол – клиенттің қылықтарын әлдеқайда тереңiрек бағалай бiлуге мүмкiндiгi болып табылады. Қатысушының қандай өмiрлiк этапта тұрғаны жөнiнде пiкiр бере отырып, оның суреттерiнен дәл қазiргi кездегi ойларын ғана бiлiп қоймай, болашаққа және өткенге деген көзқарасын, жасырын уайым-қайғыларын көруге болады. Бұлар қатысушының анық өмiрiнiң күнделiгi мен емi болып саналады.

Бурно өзiнiң “Өзiн творчествомен көрсету терапиясы” атты кiтабында, өзiн шығармамен бейнелеудi диагностикалау жағынан ғана емес, терапиялық бағалы әсер ету құндылығы ретiнде де қарастырады.

Арттерапияны, белгiлi нәтижеге қол жеткiзудiң негiзгi құралы – бейнелеу өнерi болып табылатын топтық психотерапияның бiр нұсқасы деп санауға болады. Топ негiзiнде 8-10 адамнан тұрады. Жүргiзiлiп отырған процесте қатысушының белсендi болуы негiзгi талап болады. Топтық жұмыстың бастамасы арнайы әңгiмеден басталады және алғашқы жаттығулардың бiрi болып – творчестволық ойындар саналады. Ол топтың бiр-бiрiмен танысуына, творчестволық материалдарды көрiп бiлуге және қысымды төмендетуге әсер етедi. Кейiн келе арттерапия процесi топ арасында проблема болуын тоқтатады, қорқыныш сезiмi, қарсы келушiлiк, шығармашылықты көрсетудегi қиыншылық сезiмi жоғалып, ең негiзгi көзге түсушi жасалған шығарманың өзi емес, оның авторы болып қалады. Автордың жеке басына қатысты аналитикалық талдаулар пайда бола бастайды, клиенттерге берiлген тақырыпқа байланысты жалпы әрi нақты бағалаулары, эмоциялары көрiнедi. Тақырыпқа сәйкес өзiндiк болжаулары туындайды.

Жасалған жұмыстарды талдау сурет салуды, жабыстыруды, тiгiстi аяқтағаннан кейiн басталады. Дискуссия арттерапевттiң сөздерiнен басталады, оның суретке қарап ойлануы, суреттiң iшiне енуi, сол арқылы автордың суретпен не айтқысы келгенiн шешу. Арттерапевттiң мақсаты талқылау барысында дискуссияны стимулдау және информацияны қолдануы, бiрақ аяқталған жұмыстармен қоса, топ мүшелерiнiң ерекшелiктерiн де есепке алуы қажет.

Арттерапия техникасы психодиагностика мен коррекциялық практикада кеңiнен қолданылады. Арттерапияны жүргiзер алдын, шығармашылық түрiнiң тақырыбын ұсынбас бүрын, түстерге деген қатынасын анықтау үшiн тест жүргiзiледi. Бұнда Люшердiң тестiн жүргiзуге де болар едi, бiрақ стимулды әрекеттерге байланысатын түрлi-түстi қарындаштарды таңдап алу мүлдем мүмкiн емес. Сол себептi бiз картоннан жасалған 8 тiк төртбұрыш немесе шеңбер дайындаймыз. Сонымен қатар, 8 түрлi-түстi қарындашты дайындаймыз (қызыл, сары, көк, жасыл, күлгiн, қоңыр, сұр, қара). Алдын-ала жасап дайындаған 8 картонымызды осы түстерге бояймыз және өзiмiздiң 8 түстi тестiмiздiң вариантын аламыз. Тесттiң келесi процедурасы классикалылыққа сәйкес келедi. Арттерапияны жүргiзгенде ертегi инструкциясын қолдануға болады. Мысалы: “ Көздерiңе елестетiңдершi, ертегiлер әлемiнде өмiр сүретiн ғажайып көбелек болады екен. Ол ормандардың, егiстiктердiң, көлдер мен теңiздердiң үстiмен ұшып серуендеп жүредi екен. Ол көбелек өзiнiң егiстiктер әлемiне жасаған саяхаттарының бiрiнде, егiстiкте жайқалып өсiп тұрған түрлi-түстi гүлдердi көрiп, оларға қызыға қарайды. (Осы кезде тесттi жүргiзушi стол бетiне түрлi түстерге боялған картондарды қояды). Ғажайып көбелек гүлдердi айнала ұшып жүрiп, сол гүлдердiң iшiнен бiреуiне қонғысы келiп кетедi. Айтыңдаршы, ғажайып көбелек қай гүлге келiп қонады (бала көрсетедi, жүргiзушi қай түс 1-шi орында екенiн жазып алады да, сол түстi картондар қатарынан алып тастайды). Көбелек демалып болғаннан соң, қайта саяхатын жалғастырады. Серуендеп жүрiп бiраз уақыт өткеннен соң, ол өзiне таныс бiр егiстiктi кездестiредi. Ал, осы кезде ол қай гүлге қонар екен а?”

Осындай адам iшiн пыстырмайтын әдiстер арқылы жүргiзушi түстердiң кезектiлiгiн бiлiп алады. Ол нәтижелер кестеге жазылып қойылады.

Қолдануда оңай әрi қызықты әдiстердiң бiрi “Анонимдiк сыйлық” болып табылады. Топ мүшелерi “Менiң сезiмiм” немесе “Менiң ойым” деген тақырыптарда өз жұмыстарын жасайды. Сонымен қатар өзге де проективтi әдiстердi де жүргiзуге болады. Бұл жерде ең негiзгiсi топ мүшелерiнiң бос болмауы және олардың қасындағы адамдардың жұмысын қарап шықпауы болып табылады. Жұмыстарын аяқтап болғаннан соң, топ мүшелерiне өз жұмыстарын белгiлi бiр орынға әкелiп қоюлары сұранылады. Жасалған жұмыстардың авторлары белгiсiз болып қалады. Топтың әрбiр мүшесi жасалған жұмыстарын қарап шығады. Содан кейiн өзiне ұнағанын таңдап, сол жұмысқа сыйлық сыйлайды. Содан кейiн топтың қатысушылары кiшкене тiлектерi мен азғана сыйлық дайындай бастайды. Сыйлықтар дайын болған соң өздерiне ұнаған жұмыстардың қасына өз сыйлықтарын қояды.

Мұндай тапсырмалар адамдарға өзгенi түсiне бiлуге және оларға мейiрiмдiлiк көрсете бiлуге, сонымен қатар сыйлық бере бiлумен сыйлай алушылыққа үйретедi. Ал талқылау барысында көптеген тiлектер өте пайдалы екендiгi анықталады.

Ұсынылған техникалар адамдардың бiр-бiрiне жақындасуға өте күштi көмек бередi, активизацияның маңызды факторы әрi ойлау, ес, дағдылардың сенсомоторлық жаттығуы болады. Ал арттерапия жөнiндегi бар бiлiм қазiргi уақытта тек қана психологтарға ғана емес, мүғалiм, ата-ана және әлеуметтiк жұмыс орындарындағы адамдарға да өте қажет.

Терапевттiң жұмыстың техникасын таңдауы ол оның теориялық бiлiмiне және топтың құрылымына тiкелей байланысты болады. Тарихи тұрғыдан алып қарасақ, топтық арттерапия ауруханалық жағдайларда үнсiздiкке берiлген пациенттермен жұмыс жүргiзуден басталған. Терапия барысында пациенттер өзге пациенттердiң шығармаларына қызығушылықпен қарай бастаған. Осы қызығушылықтардың арқасында бiр-бiрiмен сөйлесулерi көрiне бастаған. Невроз ауруына шалдыққан адамдар өте өз сөздерiне ұстамды әрi талдағыш болып келедi. Олар өз мүсiндерiн жасағанда немесе краскаға батырылған қолдарымен мүсiндердi бояп, краскамен өздерiн жауып тастаған кезде, олар өздерiнiң қорғаныстарын ашып көрсетедi. Ал шизофрения ауруына шалдыққан адамдарда өзiндiк позитивтi iшкi “Менiн” көрсетуi үшiн арттерапевттер оларға сыртқы қоршаған ортаны, портреттердi салуларын ұсынады. Бұл суреттер олардың үрейленулерiнiң деңгейiн төмендетедi.

Арттерапияның психодинамикалық бағыты.

Көптеген артерапевт мамандар өз практикаларында психодинамикалық әсер ету жолын қолданып, Фрейд пен Юнгтың идеяларына тоқталады. Олардың айтулары бойынша бейнелеу өнерiндегi шығармалар символдық формада санасыз процестердi бейнелейдi. Осындай әсерге мысал, Маргарет Наумбургтың еңбегi бола алады. Ол психокоррекциялық топтардың мүшелерiнiң өз фантазияларын, қорқыныш сезiмдерiн сөзбен емес, суретпен жеткiзуi оңайырақ екендiгiн жиi байқаған. Өз iшкi уайым-қайғыларын бейнелеуде пациенттер соларды сөзбен сипаттау қабiлеттерiне ие болып отырған. Психокоррекциялық топтардың жетекшiлерi қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын интерпретацияламайды, олар тек қана олардың шығармаларының жасырын мән-мағыналарын өзiндiк тұрғыда түсiнулерiне көмектеседi. Осы мақсатта жетекшiлер топта достық сезiмдегi атмосфераны құруға тырысады, бұл атмосфера қатысушыларды критикалық талқылаулардан аулақ болуыларына көмек бередi. Сонымен қатар тфорчестволық процесте қатысушылар арасында құрылған еркiн ассоциацияны жетекшiлер әрдайым қолдап отырады. Қатысушылардың өз творчестволары мен байланысты ассоциативтi қатарларды өз ерiктерiмен құруы принцип бойынша өте қажет болып саналады. Ол өз-өздерiн тануларын дамытудың бiрден-бiр жолы. Бiрақ, кейбiр терапевттер қатысушылардың жасаған еңбектерiн өздерi интерпретациялайды, содан кейiн барып қатысушыларды өз қорытындысымен таныстырады. Мысалы: Бернард Леви, “Пациенттiң жасаған творчестволық жұмысын терапевт интерпретациялай бiлсе және бағалай алса, онда ол пациенттердiң өздерiн тереңiрек түсiне алуларына мүмкiндiк туғызады”- дейдi.

Топтық арттерапияның бiрден-бiр танымал түрi – ол бiрлесiп сурет салу. Әрбiр қатысушы жалпы бiр қағазда немесе тақтада өз ойларына не келедi соны бейнелейдi. Қатысушыларға өздерi жасаған бейнелерге комментарий жасаулары ұсынылады, ал терапевт болса, қатысушылар арасындағы контактiлердi ретке келтiруге көмектеседi

Жоғарыда кестеде айтып кеткендей арттерапия құрамды элементтерден тұрады.Солардың ішінен өзімнің зерттеу жұмысымда қолданған арттерапия элементтері – сурет терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясына толығырақ тоқталып кетейін.

Сурет терапиясына қысқаша тоқталар болсам, мұнда жоғарыда арттерапия мүмкіндіктерін айтып кеткендегідей, сурет салу арқылы адам өзін-өзі бос ұстап, арман-тілектері мен өз мүмкіндіктеріне еркіндік береді.Сонымен қатар, сурет салу барысында адам күшті уайымдаулары мен конфликтілі жағдайларда туындаған өз ойларын, сезімдерін сыртқа шығарып бейнелеп отырады. Бұл оның санасында жүрген қоршаған ортадағы шындықтың бейнесі ғана емес, оған деген қатынасы мен өзі жасап алған модельдерінің көрінісі болады.

Сурет салып отырған адам жағымсыз, жаралы бейнелерді есіне түсіреді.Сол уақытта туындаған қорқынышты, ауыр жағдайларды қайта басынан өткізе отырып, сол кезде пайда болған сезімдер мен арман-тілектерін сыртқа шығарып отырады. Сол себепті, көптеген стресстік жағдайларда, қорқыныш сезімін бастан кешу кезеңінде, невроздарда коррекциялық жұмыстар жүргізу барысында және психологиялық қысымды төмендету үшін сурет салдыруды пайдаланады.

^ Зерттеу жұмысымызда қолданған арттерапияның құрамды элементтерінің бірі - ертегі терапиясы.

Ертегімен терапия жүгізу - адамзат дамуындағы тәжірибелік психологияның ең бір көне әдістерінің бірі және қазіргі заманғы ғылым тәжірибесіндегі жаңа, жас әдістедің бірі болып табылады. Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей - ертегідегі теңестірулер, яғни, метафора, адамның бейсаналы күйіне тікелей әсерін тигізеді. Ескеретін жағдай, метафора әсері терең әрі тұрақты деңгейде жүреді. Метафоралық ғажайып әсерлер жеке тұлғаның өзіндік, жекелік ресурстарын белсендіре түседі. Көптеген образдар, метафора тілдері қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, адам санасын оятып, белсендіреді.

Ертегі терапиясын жүргізудің негізгі ерекшеліктерінің бірі – клиент пен терапевттің жоғары деңгейде өзара әрекеттесуі. Психологиялық, мәдени, педагогикалық мәселелер адами, рухани құндылықтарға бағыттала, жекелік потенциялдарға сүйене отырып талқылынады.

Ертегі терапиясын сол себепті адамның рухани жан дүниесіне үйлесе отырып тәрбиелейді деп айтады. Көптеген адамдар ертегі терапиясын балалармен ғана жүргізу керек деп айтады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалармен. Бірақта, психологиялық қызмет барысында ертегі терапиясын қолданғанда адамның жасы мүлдем шектелмейді.


Ертегі терапиясының жетекші идеялары болып:

  • өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің құндылығын, өзіндік потенциалдарын сезіну;

  • оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну;

  • қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу;

- қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету;

- үндестік пен күшті сезіну.

Жасөспірімдер мен ересектер ертегіге ене отырып, нақты жағдайда творчестволық конструктивті өзгерістің жаңа мүмкіндіктерін ашады және өзіне күш жинайды. Жасөспірімдер мен ересектер өздеріне жаңа ресурс аша отырып, өз өміріндегі оқиғаларға ауысады, аз-маз басқаша ойлай бастайды және оның конструктивті әлеуметтік моделіне кіріседі.

Жасөспірімдер мен ересектерге ертегі терапиясының когнитивті және творчестволық аспектілер ерекше маңызды. Ертегіге талдау жасау (когнитивті талдау) рухани құндылықтарға жанасуды, күнделікті жағдайларға қатысты көзқарасты өзгертеді немесе едәуір байытады. Қиялдың творчестволық энергиясын – шығарма, сурет салу, қуыршақтар дайындау, ертегіні драматизациялау (творчестволық аспектілер) арқылы шығаруға мүмкіндік береді. Барлық осы күштер өз өмірін конструктивті өзгертуге көмегін тигізеді.

Ертегі терапиясымен әсер ету ертегінің бес түрінің көмегімен жүзеге асады: көркемдік, дидактикалық, психокоррекциялық, психотерапиялық және медитативті. Әрбір жағдайда, әрбір кеңес беру кезіне сәйкес келетін ертегілер таңдалып алынады немесе арнайы құрастырылады. Бұл ертегі терапевтерінің оқыту тақырыбы болады. Әртүрлі образдағы ертегілер клиентке әртүрде ұсынылады: ертегіні талдау, ертегіні айтып беру, шығарма, қуыршақ дайындау, драматизация, сурет салу, ойындар, медитация және т.б. / 17 /.

Психологиялық қызмет көрсету барысындаертегілерді қолдануға болады ма деген сұраққа біздің екі түрлі жауабымыз бар: жалпы және психологтарға арналған.

1. Ертегіні бәрі де жақсы көреді. Ертегіні мойындағысы келмейтін адамдардың өзі де жақсы көреді. Ертегіде бәрі де ертегідегідей ғажайып болады. Ертегіде мен туралы емес, әсіресе мен туралы, сіз туралы және ол туралы, біздің балаларымыз туралы деген сияқты жағдайлар кездеседі. Өз проблемаларымызды ертегі формасында көруіміз бен қабылдауымыз оңайырақ болады, она ауыр тимейді және көңіліміз де қалмайды. Ертегі кейіпкерлеріне әрбір жағдайдан шығып кету оңай, өйткені, ертегілерде бәрі де мүмкін болады. Кейіннен ойланып қарасақ, бұл шешімді өміріңдегі өзіңнің жағдайларыңа да қолдануға болады. Өйткені, ертегінің соңы әрқашан жақсы болып аяқталатыны барлығымызға мәлім.

2. Ертегі терапиясын жүргізу – психотерапияның адамға жарақат салмайтын, ауырсыну сезімін тудырмайтын түрі. Ертегінің көмегімен немесе оның әсер етуімен өмірлік қойылымдар құрылады және осы сәтсіз құрылған қойылымдардан адамды арашалап шығарып алу мүмкіндігі болғандықтан шығар

^ Ертегімен психологиялық қызмет көрсетудің

әдістемелік ерекшеліктері


Психологиялық тәжірибеде ұлттық және атақты авторлардың (Х.К.Андрсен, К.С.Льюс, Е.Шварц) ертегілерін және психотерапияға арналып арнайы жазылған ертегілерді қолдануға болады.Ертегінің әрбір түрінің өзіндік жетістігі мен өзіндік кем жақтары болады. Ұлттық ертегілерді қолданудың негізгі жетістіктеріне тоқталып кетер болсақ, оларға мыналарды жатқызуға болады:

  • ертегінің метафоралығы және бейнелігі жекелік проекцияның мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді;

  • топтың және клиенттің белгілі бір қойылыммен немесе ертегі мәтінімен сөзбе-сөз таныс болуы;

  • жете түсіндірді қажет етпейтін, ғасырлар бойы айтылып келе жатқан қойылымдар;

  • динамикалылығы;

  • алуан түрлілік, қажетті тақырыпты таңдап алуға мүмкіндіктің болуы;

  • ұлттық ерекшелік пен ұлттық мінез-құлыққа сәйкестік;

Атақты авторлардың ертегілерінің артық жақтарын ашып көрсетер болсақ, ұлттық ертегілердің жетістікті жақтарын қайталайды, яғни:

  • қойылымның әйгілілігі, балалық шақтан бұл ертегіні білу;

  • метафоралық;

  • қойылымдардың алуан түрлілігі, әртүрлік ұлттық нұсқадағы түрлері, солардың арасынан біреуін таңдап алу;

Ертегі терапиясын жүргізгенде атақты авторлардың ертегілерін қолданудың қиындық туғызатын жақтарына тоқталып кетер болсақ:

  • оқылып отырған кітаптың белгілі болуының салдарынан қызығушылықтың төмендеуініің мүмкіндігі;

  • көптеген қойылымдық қатарлар кейбір топтық сабақтарда шұғыл терапия жүргізуде, қысқа уақыттық терапия жүргізуде ертегіні жарамсыз қылады;

  • авторлық ертегілер міндетті түрде автордың көзқарасын көрсетіп отырады, ал бұл психолог пен клиенттің көзқарастарын үндестікке, ұйқастыққа алып келеді;

  • авторлық ертегілер өнердің әрбір туындысы секілді жанашырлықпен, ұқыптылықпен қатынас жасағанды талап етеді. Сол себепті психологтың ұсынып отырған жұмысы ретінде қойылымды өзгертіп отыру мүмкін болмайды. Ертегіні өзгерту немесе түрлендіру психологиялық қарым-қатынас атмосферасының бұзылуына және ертегінің бұзылуына әкеліп соғады.

Ал егерде ертегілер арнайы, ертегі терапиясы үшін жазылып отырса, онда жоғарыда айтылып өткен қиындықтармен кездеспеуге болады. Ертегі проблемаға қатысты шығарылып отырады, ал кей кездері нақты бір клиентке арналып арнайы жазылады. Топқа немесе жеке клиентке ұсынылатын ертегі оларға белгілі болмайды. Сол себептен, адамды толғандыратын немесе оның жеке ертегісі ретінде ұсынылып отырған ертегі қызықты болып келеді.

Ертегі мәтінімен танысуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:


Топтың немесе жеке клиенттің ертегі мәтінімен танысуы әртүрлі жолмен жүзеге асуы мүмкін. Ескеретін жағдай, жалпы ең бастысы – ғажайып атмосфераны бұзып алмау.

  1. Психолог әрбір топ мүшелеріне ертегінің көшірмесін таратып береді. Олар ертегіні сабақтың басталуына дейін оқып шығады. Шындығын айтатын болсақ, бұл тәсіл сабаққа деген топ мүшелерінің қызығушылығын төмендететіні анық.

  2. Психолог ертегіні нақышына келтіріп, дауыстап оқиды. Талқылауға арнап арасында үзіліс жасап отырады. Топ мүшелері ертегінің соңын немен аяқталатынын өздері талқылап, табулары үшін кей кездері ертегі соңына дейін оқылмайды. Негізінен ертегіні оқығаннан айтып берген тиімдірек болады.

  3. Ертегі қойылымға қатысушы топ мүшелерінің көмегімен бөлімдерге бөлініп оқылады. Бұл ертегінің бөлімдері бойынша анық түсінікті болып ашылуы үшін.

  4. Келесі бір түрі, ертегі рольдер бойынша оқылады. Автордың мәтіні міндетті түрде оқылады.

  5. Ертегі спектакль болып қойылады. Психолог рольдер бойынша топ мүшелерін бөледі, яғни қатысуға тілек білдірушілерді шақырады, жреби тастайды. Психолог ойналатын ситуацияны суреттейді және әрбір қатысушының монолог құруын сұрайды. Сонымен қатар ертегіге қатысушыларға жансыз заттардың да ролі беріледі (қамалдың есігі, ағаштар, қала қақпалары). Мұндай рольдер сөзбен немесе сөзсіз ойналады.

^ Ертегі терапиясының мақсат- міндеттері


  1. Қалай үйрену керектігін үйрету.

  2. Қажетті нәрсені емес, қызықты нәрсені ғана танып-білуді қалайтын адамдарға арналған оқытудың әдістемесін ойлап шығару.

  3. Сенімділікті ояту. Сенімділік қана жекелік ресурстарды белсендіреді және іс-әрекет барысында қосымша күшті жеткізіп отырады. Шынайы сенімділік нәтиженің жетістігін көрсетеді. Ғасырлар бойы ертегілерді, мифтарды, аңыздарды және таң қаларлық тарихи оқиғаларды пайдалана отырып, сенімділікті оятқан және қалыптастырған. Ғажайып ертегілердегі ізгілікті істердің жеңіп шығуы кездейсоқтық емес, міне осы істер ішкі сенімділік пен ішкі саналы күшті оятады. Алғашқыда олар түсініксіз бір сезім, діріл ретінде байқалады, кейін келе сезініп жүзеге асыратын қабілетке айналып отырады.

Ертегілік қойылым барлық уақытта оған қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Егер де ертегіні өте жоғары деңгейде ұйымдастыра білсе, кейбір қиын мәселелерге қатысты жүргізілетін терапиялық жұмыстар мен коррекциялық жұмыстарда да өзінің көмегін тигізеді.

Ертегі терапиясында терапия имиджі деп аталатын арнайы бағыт бар. Терапияның ғажайып имиджін құрушы Петербургтік ертегіші және сиқыршы А.В.Гниздилов. Осы жаңа имидж арқылы символикалық түрде жаңадан өткен шағын, қазіргі уақытын және болашағын алып отырады. Өйткені біздің әрбіріміз өмірде көптеген рольдерді ойнаймыз. Бірақта біз әбден бір рольге үйреніп алатынымыз соншалық, сол рольдің құлына айналып кететін кездер де болады. Психологтар мұндай көріністі “Бейнеге сәйкестену” деп атайды.

Адамның бейнелерге нақтылай сәйкестене алмауы, оны спонтандылықтан айырады. Осы жерде көмекке ертегілер келеді. Дәл осы жерде тіптен өзгеруге мүмкіндік болады. Өзін күтпеген рольдерде сынап көруге жағдай жасалынады. Ертегі терапиясының негізгі мәні – лезде адам кейпін өзгерту.

Адам ғажайып өмірді басынан өткере отырып қосымша күштерді меңгереді. Ғажайып ертегі бейнесінде ол өмірде өзіне жетіспейтін күштерді сезінеді және өз бойындағы күштерді анықтайды.

1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе 5 1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Кіріспе 5
Мазмұны кіріспе iconМазмұны кіріспе 3 i-тарау
Кіріспе 3
Мазмұны кіріспе iconМазмұны. Кіріспе

Мазмұны кіріспе iconМазмұНЫ
Кіріспе б
Мазмұны кіріспе iconМазмұны кіріспе

Мазмұны кіріспе iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны кіріспе iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны кіріспе iconМазмұны Жоспар бет
Кіріспе
Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе І тарау. Аминдер

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов