Мазмұны кіріспе icon

Мазмұны кіріспе



НазваниеМазмұны кіріспе
страница5/9
Дата05.05.2013
Размер1.45 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5   6   7   8   9

^ Психотерапиялық ертегілердің функциялары:


  • ертегі клиенттің жеке өмірлік тарихындағы олқылық жағдайларды жалпы адами ақпараттармен толықтырады;

  • ертегі қарым-қатынас пен мінез-құлықтың конструктивті моделін жасай отырып, болып жатқан жағдайды сезінудің жаңа деңгейіне өткізе отырып, оған жаңаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді;

  • ертегі клиенттің ішкі қарама-қайшылықтарын көрсетіп отырады және сол туралы ойлануға көмегін тигізеді;

  • ертегі клиенттің жеке өміріндегі жағымсыз сәттерді ығыстырып шығаруға мүмкіндік береді;

  • ертегі клиент пен ертегі терапевті арасындағы символдық “буфер” болып табылады.Осының әсерінен клиенттің іштей қарсыласуын бәсеңдетіп, барлық күшін ойлануға бағыттайды;

  • ертегі өмірлік әртүрлі мәндегі жағдайларды қабылдаудың альтернативті (балама) концепциясы;

  • ертегі көптеген проблемеларды жағымды жаққа қарай шешуге сенімділікті қалыптастырады.



Ересек адамдардың ертегі терапиясына бірден дайын бола алмайтынын естен шығармау керек. Психотерапиялық ертегілерді қолдануда негізгі үш нәрсені естен шығарып алмау керек:

  • орындылық;

  • шынайылық;

  • мөлшерлілік.



Психолог ертегіні қаншалықты жақсы көргенімен оны орынды қолдана білуі қажет. Ондай болмаған жағдайда, балық идея бұрмаланып кетуі мүмкін. Психотерапиялық ертегілерді айтып беру, бұл, клиент пен терапевт арасындағы “арақашықтықты” жақындатады.Осыған орай ертегі терапиясын жүргізуші терапевттен ашық-жарқындылық пен шынайы келбет танытуы талап етіледі.

Ертегі терапиясының құрамды бөліктерінің біріне – ойын арқылы терапия жүргізу жатады. Осыған жете тоқталып кетер болсақ, көптеген ғасырлар бойы әдебиеттанушылар, фольклоршылар, психологтар және педагогтар ойынның ұлы құпиялы жақтарын ашып-білуге ұмтылуда. Солардың еңбектері мен зерттеу жұмыстарының арқасында Біріккен Ұлттар Ұйымы ойынды баланың әмбебап және ажырамас бөлігі мен меншігі деп жариялады.

Ойын халықтық педагогиканың басты ережелерінің бірі болып табылады. Ол баланы болашақ өмірге дайындаудың негізгі әдіс-тәсілдерінің бірі болып табылады. Ойын баланың рухани жан дүниесін байытады және өмірдің құндылығын түсіндіреді. Өмірде жасалып отыратын әртүрлі іс-әрекеттерге көзқарасын қалыптастырады.

Ойын терапиясы - бала мен ересек адам арасындағы біріккен іс-әрекет түрі болып табылады. Осы іс-әрекеттер арқылы адамның ішкі “Мені” құрылып, нығаяды. Сонымен қатар, адамның қазіргі өмір сүріп отырған уақыты мен болашақ өмірінің моделі құрылады. Бұл ойында берілген өмірдің маңызды бір жағдайын ойнап, бастан кешірумен тығыз байланысты болады.

Ойын терапиясының ертегімен жүргізілетін негізгі бір түрінде ертегі оқылады немесе өсиет-нама ретінде айтылып беріледі. Ертегі формасындағы ойын баланың ойынға белсенділігін арттырады.

^ Жай ғана ойын терапиясын ғажайып, ертегі формасындағы ойынға айналдырудың екі формасы бар.

  1. Ойындағы барлық нұсқауларды ертегіге немесе өсите-намаға айналдыру.

  2. Ойын ертегіге байланысты ойдан шығарылады. Жұмыстың мақсаты мен тәрбиеленушілердің проблемаларына байланысты ертегілер іріктеп алынады және соған негізделе отырып ойынның қойылымы құрылады.

Ертегіге негізделген ғажайып ойындар адамның әлсіз және күшті жақтарын ашып, көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мінез-құлқындағы кейбір жағымсыз жақтарының себептерін анықтайды.


^ 2.2 Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат - міндеті, болжамы, әдістемелер мен дамыту-түзету жаттығуларының кешені


Біздің зерттеу жұмысымыздың эксперименталды бөлімінің мақсаты - оқу процесіне арт-терапия элементтерін енгізуге дейінгі және оқу процесіне арттерапия элементтерін ендіргеннен кейінгі студенттердің “Өзін-өзі тануы”, жеке қасиеттерінің сапалық өзгешеліктерінің нәтижелерін салыстыру болды.

Зерттеудің болжамы: Инновациялық оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде арттерапияны оқыту процесінде тиімді және орынды қолданған жағдайда жеке бастың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады.

Зерттеудің обьектісі: Зерттеуге М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң “Педагогика және психология” мамандығының төртінші курс студенттері қатысты.

Зерттеудің пәні: оқыту процесіндегі арттерапия элементтері.

Зерттеудің мерзімі: «қыркүйек»_2006 ж._- «мамыр»_2007 ж._

Зерттеудің әдістемелері: арттерапия элементтері мен дамытушы-түзетуші жаттығулар, ҰЕҰБЭ тұлғалық сауалнамасы.

Әрбір студенттің оқу процеснде жетістікке жетуіне көптеген факторлар әсер етеді. Солардың ішінен сабаққа дайындалу, сабақты өз бетінше оқу, өзін-өзі бақылауы мен өзін-өзі бағалауы, өзінің танымдық іс-әрекетінің жеке ерекшеліктерін меңгере алуы, өзінің жұмыс уақытын дұрыс жоспарлай білуі, эстетикалық сезімі, ұжымшылдығы, ұйымдастырушылығы, еңбексүйгіштігі, білуге құштарлығы және т.б. бөліп көрсетуге болады. Жеке тұлғаның жоғарыда атап өткендей жекелік құрылымдық бөлімдерін анықтау мақсатында ҰЕҰБЭ (ОТКЛЭ) тұлғалақ сауалнамасын қолдандық және арттерапия элементтері мен дамытушы-түзетуші тренингтік сабақтар жүргізуді жоспарладық.

Әдістемелік зерттеудің міндеттері:

  • ҰЕҰБЭ тұлғалық сауалнамасын топқа жүргізу, нәтижесін өңдеу;

  • эксперименттік топқа арттерапия элементтерін жүргізу;

  • дамытушы- түзетуші эксперимент кешенін өткізу;

  • арттерапия элементтері мен дамытушы- түзетуші эксперимент кешенін өткізгеннен кейін ҰЕҰБЭ тұлғалық сауалнамасын қайта жүргізу;

  • алғашқы және кейінгі сауалнама нәтижелерін өңдеп, салыстыру және болжамды дәлелдеу.

Зерттеу жұмысымыздың эксперименталды бөліміндегі құрылған болжамға сәйкес топ студенттерімен арттерапия элементтерін жүргізер алдын тұлғалық ҰЕҰБЭ сауалнамасы жүргізілді.

^ Тақырыбы: Тұлғалық ҰЕҰБЭ(ОТКЛЭ) сауалнамасы

Мақсаты:Ұсынылып отырған сауалнама жеке тұлғаның негізгі жекелік- психологиялық ерекшеліктері мен негізгі жекелік бес қадір-қасиетін анықтауға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылық, еңбексүйгіштік, ұжымшылдық (яғни, топқа немесе өзге бір адамдарға бағыттылық), білуге құмарлық және әсемдікке талпыну (эстетикалық өсу) деңгейлері жинақталған сұрақтар тізімімен анықталады. Бұл сұрақтар арқылы жоғарыда көрсетілген жағымды көрсеткіштердің даму дәрежесі анықталады.

^ Орындау ережесі: Сізге 115 сұрақтан тұратын сауалнама бланкі мен жауап парағы беріледі. Сұрақтарды мұқият оқып шығып, “ия”, “жоқ” немесе “кейде” деп жауап беріп, оны жауап парағына белгілеңіз. Жауап берер алдын сол немесе өзге жағдайларда өзіңіздің көрсететін мінез-құлқыңызды елестетіп, объективті тұрғыда жауап беруге тырысыңыз, сауалнамада тексеру немесе өтірік жауап шкаласы да бар.

^ Нәтижені өңдеу: сауалнама нәтижесін стандартталған саулнама кілтіне салып өңдейміз (қосымша Ә2 қараңыз).

Осы нәтижелерді толыққанды өңдеу барысында олардың орта мәні шығарылып, диаграмма құрылды.

Кесте 2





№ 



А.Ж.Ф.


 

Ұйымдастыру- шылық

Еңбексүйгіштік

Ұжымшылдық

Білуге құштарлық

Эстетикалық талғам

1

Азамат А.

16

13

10

12

11

2

Айгерім И.

12

13

15

14

19

3

Айдын П.

16

17

17

20

19

4

Алия Қ.

13

15

14

12

13

5

Ақмарал А

13

18

13

15

14

6

Ақмарал М.

15

22

14

14

12

7

Ахметжан Ә.

11

16

10

13

14

8

Бақытгүл Қ.

13

15

15

12

18

9

Гүлбану А.

10

14

10

11

15

10

Гүлдана А.

12

15

14

20

18

11

Гүлжамал У.

16

15

16

17

16

12

Ғабит Е.

17

20

18

19

16

13

Ділбар А.

14

15

12

10

12

14

Еркебұлан Б.

13

16

12

14

11

15

Жадыра Ж..

14

15

13

16

17

16

Жанар А.

10

11

11

9

14

17

Мақпал У.

14

13

14

13

13

18

Мөлдір А.

18

20

15

18

18

19

Нұрсұлу А.

11

13

12

15

12

20

Назипа Е.

15

12

14

15

17

21

Перизат А.

18

15

19

20

15




Орта мәні

12

15

13

14

13



Диаграмма 1.


Арттерапия әдістерін оқыту процесінде қолданудың ерекшеліктері және жүргізілетін сабақтар тақырыбы:


Біз өзін-өзі тану курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сай арт-терапия элементтері бар психодиагностикалық жаттығулардан тұратын бағдарлама жасадық. Бұл курс 19 арттерапия әдістерін және түзетуші-дамытушы тренингтер қатарын қамтиды. Әр тақырыпқа бірнеше арт-терапиялық жаттығулар қарастырылған. Оның құрамына суреттермен, коллажбен, ертегілермен, тренинг ойындарымен жұмыс жасау кіреді. (қосымша А қараңыз).

^ Жұмыстың мақсаты: Жағымсыз психологиялық қысымнан арылту; Өзіндік “Меніне” және өзін-өзі бағалауда оң көзқарасын қалыптастыру.

Жұмыстың міндеттері:

  • өзекті мәселелерге мән беру;

  • эмоцияналдық қысымды төмендету;

  • агрессия, негативизм, демонстарция түрінде көрінетін психологиялық қорғаныс механизмдеріне коррекция жүргізу;

  • әлеуметтік барьер, теріс әсерлі бағдар, үрейді коррекциялау;

  • өзінің маңыздылық сезімін дамыту;

  • өзара әрекетке түсудің тиімді жақтарын қалыптастыру (өзара келісе алушылық, жол беру, жалпы іске өз үлесін қоса білу, өзге адамдардың жетістігін бағалай білу, өз беделін бағдарлай алу);

  • белсенділіктің тиімді жақтарын қолдау (творчестволық тапсырманы шешуде ынта-ықылас таныту, өзінің негативті реакцияларын ұстай білу және т.б.);

  • адамның негізгі эмоцияларымен танысу;

  • өзіндік әрекеттерін бақылай білу қабілеттілігін дамыту;

  • қиялды дамыту.

Сабақтың жүргізілу орны: қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған топқа жайлы бөлме;

^ Кездесу жиілігі:аптасына бір рет.

Эксперимент жүргізу барысында қолданылған арттерапия элементтері мен тренингтерге және жалпы жұмыс барысына

сипаттама беру


1-сабақ. “Көңіл-күйді саламыз”

1. Танысу. Бұл жаттығудың негізгі міндеті – адам ешқандай сөзді пайдаланбай-ақ, тек қана сурет арқылы өзін топқа таныстыру. Немесе шеңбер жасай отырып танысу ритуалын бастау. Мұнда әртүрлі ойын элементтерін пайдалануға болады.

^ 2. “Күн сәулесі” атты графикалық тапсырма. Мұнда жүргізуші арттерапияға қатысушы студенттерге бағыт-бағдар, нұсқау бере отырып, атмосфераға ендіреді. Оларға өздеріңмен өздерің бола отырып, өздеріңді күнмін деп санаңдар дейді. Егерде сендердің көңіл-күйлерің қуанышты болса сәулелер қуанышты, ал көңілсіз болсаңдар – көңілсіз сәулелер шашырайды. Енді көңілсіз, таңқалушы, қуанышты, ашулы сәулелері шашырап тұрған күн саламыз.

Бұл тапсырма қатысушыларды кейінгі шығармашылық іс-әрекетке бағыттайды, белгісіздіктің әсерінен болатын психологиялық қысымнан арылтады. Содан кейін жүргізуші әрбір автордың туындысына комментарий береді.

^ 3.”Көңіл-күй түстері” атты диагностикалық тапсырма.

Мұнда әрбір қатысушы адам силуэтін салып, оның көңіл-күйін білдіретін бояу түстерімен безендіреді. Осы арқылы біз қатысушылармен әңгіме-дүкен құруға ақпарат жинаймыз.

^ 2. “Қамығу” сабағы.

1. Бұл сабақта адамдардың сезімдері мен көңіл-күйлері, “қамығу” туралы әңгіме жүргізіледі. Адамда қай кездері қамығу болады? Қамығу дегеніміз не? деген сұрақтар қойылып, қамығып тұрған адамның суретін салу ұсынылады. Көптеген суреттердің арасынан қамығып тұрған адамның суретін алып, оның себебін талқылайық.

^ 2. Графикалық тапсырма.

Студенттерге қамығып тұрған бір нәрсенің суретін салу ұсынылады. Олар салған суреттерін көрсетіп, түсіндіріп өтеді және оған тиісті сұрақтар пайдаланылады. Бұл олардың жағымсыз сезімдерін сыртқа шығаруға мүмкіндік береді.

^ 3. “Бөлме кеңістігіне бейімделу” тапсырмасы.

Мұнда әрбір қатысушы бөлмедегі жабырқаулы болып көрініп тұрған затты іздеп табады. Олардың мына зат жабырқаулы деген пікірлері әртүрлі болады. Әркімнің өзіндік жеке пікірі болады. Бұл тапсырма олардың жекелік ерекшеліктерін танып білуге көмектеседі.

^ 4. Диагностикалық тапсырма.

“Шеңбер ішіндегі сурет”. Бұл тапсырмада қатысушыларға жабырқау тақырыбындағы мандала салу ұсынылады. Бұл сурет арттерапия сабағының соңына дейін сақталынып қойылады. Өйткені соңғы сабақта еркін тақырыпта қайтадан мандала салынып бірінші мандаламен салыстырылады. Қатысушылар өздеріне ұнаған мандаланы таңдап алады.

^ 5. “Жетістікке жетуге жағдай жасау” тапсырмасы.

Күзгі уақытта жапырақтардың түсуі адамның көңілін жабырқаулы күйге әкеледі, ал кепкен жапырақтардың сыңғыры көптеген қуанышты сезімдер сыйлауы мүмкін. Бұл жаттығуда жүргізуші стол үстіне шығып, жапырақтарды жоғарыдан себелейді. Әрбір қатысушы түсіп келе жатқан жапырақтарды қағып алуға тырысып, қағып алған жапырақтарды өзінің басына қарай лақтырады. Ол фейерберк сезімін тудырады. Сонымен қатар қолдағы жапырақтармен сурет салуға да болады. Қағаз бетіне клей жағып, қолдағы жапырақты ұсақтап қағазға себеді. Нәтижелі картина шыққанша қайталайды.

Бұл сабақта алғашқы екі жаттығу қатысушыларды белсендіреді. Ал соңғы жаттығу тыныштандырады.


Арттерапия әдістері

Танысу”

  • Өмір сүру салтыңызды бейнелейтін сурет салыңыз.

  • Суретте өз қызығушылықтарыңызды, құндылықтарыңызды, отбасыңызды, айналысатын іс-әрекеттеріңізді көрсетуге тырысыңыз.

  • Түстердің түрлері мен сызықтардың көмегімен өзіңіздің өмірді сезіну ерекшеліктеріңізді көрсетіңіз.


Автопортрет”

  • Өзіңіздің дәл қазіргі уақыттағы бейнеңізді салыңыз.

  • Автопортрет – 2 минутта.

  • Өзіңіздің қалауыңыздай етіп сыртқы ортаның сізді қабылдағанын салыңыз.

  • Сізді дос және дос емес адамдардың қалай көретінің бейнелеңіз.


Сурет салу және бақылау”. Бұл шығармашылық жұмысты адамның жұптасып жүзеге асыруын білдіреді.

Біреуі екінші сурет салып жатқан адамды бақылап тұрады және сурет салушыға өзінде суретке қарап туындаған ойларын айтып отырады. Сурет салушы екінші адамның ойын өз қалауынша пайдаланады. Содан соң олар рольдерін ауыстырады.

Ал топ болып осы жұмысты жасағанда бірінші топ бастап, екінші топқа жалғастыруға береді. Соңынан бірінші топтың ойын екінші топтың жалғастыруы қаншалықты сәтті болғанын бірінші топ талқылайды.


Интерпретация”. Әрбір қатысушы бір сезімді бейнелейді (абстрактілі-символды және нақты). Парақтың келесі бетіне қандай сезім екені белгілейді. Содан соң суреттер араластырылады. Топ мүшелерінің қатысуымен интерпретация жүргізіледі. Суреттер кезекпен алынады. Жүргізілген интерпретация парақтың келесі бетіндегі сезім белгісімен салыстырылады.


^ Адамның өткен, қазіргі өмірі мен болашағы”. Өзіңіздің болашағыңызды, өткен және қазіргі өміріңізді бейнелейтін үш сурет салыңыз.

  • Журналдар қиындыларын пайдаланыңыз.

  • Өзіңіздің болашағыңызды, өткен және қазіргі өміріңізді бейнелейтін үш сурет салыңыз.

  • Өткен өміріңізде жоғалтқандарыңызды және болашақта нені алғыңыз келетінін суреттеңіз.

  • Сіздің өткен және қазіргі өміріңізде орны ерекше маңызды адамдарды суреттеңіз.


Жол”. Өзіңіздің таңдап алған жолмен жүріп өтіңіз.

  • Жеті параққа мына жеті сөздің суретін салып шығыңыз: жол, көпір, түсінушілік, метамарфоза, күш, кедергілер, мәңгілік өмір.

  • Бірінші орынға жолдың суретін, екінші орынға көпірдің суретін, ал қалған суреттерді қалауыңыз бойынша қойып шығыңыз.


^ Жақсылық пен жамандық”. Адамдардың бойында кездесетін сізге ұнайтын жақсы және жаман жақтарын, жетістіктері мен кемшіліктерін салыңыз.

  • Жағымды және жағымсыз жақтарын салып болғаннан соң, олардың арасында әңгіме құрамыз.


^ Менің ішкі “Менімнің” шегі”. Өіңіздің суретіңізді парақтың ортасына салып, жан-жағына сіздің ерекшеліктеріңізді анықтайтын көрсеткіштерді жабыстырыңыз.

  • Сіздің қатынастарыңызды көрсететін заттар мен адамдарды өзіңіздің айналаңызға орналастырып шығыңыз.

  • Бір парақтың үш түспен боялған алаңында сіздің өміріңіздің рухани, интеллектуалды және физикалық аспектілерін көрсететін символдарды суреттеңіз.


Түстермен байланыс”. Әртүрлі түсініктерді әртүрлі түспен байланыстыру қажет, мысалы:

  • Эмоциялар (қайғы, қуаныш, тыныштық, үрей).

  • Өмір этаптары (балалық шақ, жастық шақ, ересектік кезең, қарттық кезең).

  • Тәулік пен жыл мезгілі және т.б.


Герб пен символ”. Сіздің жекелік ерекшеліктеріңізді көрсететін “Герб пен символ” ойлап тауып, оның суретін салыңыз.


Метамарфозалық автопортрет”. Өзіңізді бір зат немесе жануар түрінде суреттеп, бейнелеңіз. Оның фонын да салуға болады.

  • Бейнені салып болғаннан соң, ол туралы өзіңіздің атыңыздан айтып беріңіз.

  • Өзіңізді, сіздің қазіргі хал-жағдайыңызды көрсететін зат түрінде бейнелеңіз.

  • Өзіңізді өсімдіктің қайсыбір өсу этапына теңеп, суреттеңіз.

  • Осы кездегі пайда болған өз сезімдеріңізге дейін бөліп, көрсетіп отырыңыз.


^ Балауызбен бейнелеу”. Шамды пайдаланып, қағаз бетіне қандай да бір бейне түсіріңіз. Соңынан краскамен бояп, бір туынды шығарыңыз. Бұл оны контрастылы көрінуіне себеп болады.


Коллаж”. Журналдардан адамдардың, жануарлардың суреттерін және т.б. фигураларды қырқып алып, формат бетіне олардан композиция құрыңыз. Ондағы фигуралардың нені білдіретінін, адамдардың не ойлап тұрғанын және не істеп жатқаны туралы жазып қоюға болады.


^ Жануарлар” фрескасы. Әрбір қатысушы жеке параққа бір жануардың суретін салып, оны бояп, қырқып алады. Соңынан барлық қырқылған фигуралар бір форматқа жабыстырылады.


Иллюстрация”. Келесі тақырыптың біреуіне сурет немесе коллаж жасау керек.

  • Табиғат (ен дала, таулар, жануарлар және өсімдіктер әлемі).

  • Ауа райы (нөсер, дауыл, түн, жазғы күн т.б.).

  • Ертегі және ғажайып кейіпкерлер (клоун, жалмауыз кемпір, сиқыршы, елес және т.б.).

  • Діни түсініктер мен оқиғалар (жақсылық пен жамандық, пейіш пен тозақ, әлемді жаратушы және т.б.).

  • Түстер мен қиялдар.


Жарнама”.Өзіңе арналған аз ғана мәтіні бар жарнаманың суретін сал. Сурет салу аяқталғаннан кейін топ мүшелері бір-бірінің жарнамаларына автрдың жіберіп алған моменттері мен жекелік қасиеттерін қосып отырады.


^ Сараң телефон”. Бұл әдістемеде бірінші адам 2 минут аралығында сурет салады. Өзінің салған суретін екінші адамға көрсетеді. Ол көрген суретін есінде сақтай отырып, келесі параққа салады, ол үшінші адамға көрсетеді. Соңғы адамның салған суретін бірінші суретпен салыстырады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе 5 1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Кіріспе 5
Мазмұны кіріспе iconМазмұны кіріспе 3 i-тарау
Кіріспе 3
Мазмұны кіріспе iconМазмұны. Кіріспе

Мазмұны кіріспе iconМазмұНЫ
Кіріспе б
Мазмұны кіріспе iconМазмұны кіріспе

Мазмұны кіріспе iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны кіріспе iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны кіріспе iconМазмұны Жоспар бет
Кіріспе
Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе І тарау. Аминдер

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов