Мазмұны кіріспе icon

Мазмұны кіріспе



НазваниеМазмұны кіріспе
страница7/9
Дата05.05.2013
Размер1.45 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҰЕҰБЭ тұлғалық сауалнамасының нәтижелерін бағалау.

Өздеріңіз 4-ші кестеде көріп отырғандайз ерттеу жұмысымыздың барысында оқу процесіне арттерапия элементтерін ендіргеннен кейін, топ мүшелерінің еңбексүйгіштігі, эстетикалық талғамы, білімге құштарлығы, ұжымшылдық пен ұйымдастырушылық қабілеттері өскен. Біз бұл салыстырмалы ерекшеліктерін диаграмма ретінде көрсетуді жөн деп санадық.





Диаграмма 3.


Бұдан шығатын қорытынды, арттерапия элементтері пайдалы, әрі оқытудың жаңа инновациялық әдіс-тәсілі ретінде оқу-тәрбие процесінде қолданудың маңыздылығы жоғары екендігі байқалады. Яғни, оқыту процесінде сауатты ұйымдастырылған арттерапия элеметтері жеке тұлғаның өзін-өзі тани отырып, үйлесімді дамуына жол ашады. Өзіндік бағалауы жоғарылайды. Қоршаған ортамен қарым-қатынасы оңтайланады.


^ 2.3 Арттерапия арқылы адамның жан-жақты дамуының әдістемелік практикалық нұсқаулары


Мұғалім мамандығы – қиын әрі қызықты мамандық. Мұғалім үшін ең қиын нәрсе – сенің соншалықты беріліп өткізген сабағыңнан соң көздері мөлдіреп, еш нәрсе түсінбей қалған балаларды көру. Не істеу керек?

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында ұлттық және әлемдік мәдениет, жалпы адамзаттық құндылықтар, білім алуда тілді және мектептің түрін таңдау еркіндігі негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту бағдарламалары айқындалған. Онда қоғамды ізгілендірудің, яғни адамдар арасында бірін-бірі сыйлау, бір-біріне көмектесу, қоғамның талаптарын сыйластықпен қарау сияқты адамгершілік тәрбиесі негіздерін бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылардың дүниетанымындағы басым құндылықтар ретінде қалыптастыру қажеттілігі айтылған.

Сол себепті жеке тұлғаны дамыту үшін оның өмірдегі алатын орнын анықтау қажет. Олай дейтініміз, жеке тұлға жалпы қоғамда және білім беру жүйесінде басты орын алады. Сондықтан да жеке тұлға идеясы қазіргі педагогикалық ұғымда екі түрде: күнделікті және ғылыми түрде қаралып отыр. Бірінші түрде білім беру барысында жеке тұлғаға этикалық-гуманистік тұрғыдан қарау, сыйлау, бірлесіп жұмыс істеу, ынтымақтасу, пікір алысу, т.б. Ал, жеке тұлғаға білім беру барысында тұжырымдаманы қарастыруға байланысты әр түрлі тұжырым-ұғым құрылымы болады. Оқу процесінде міндеті жеке тұлға деңгейінде шешіледі, ал қазіргі оқу процесінің әдістері жеке тұлғаны дамытуға сәйкес келмейді. Жеке тұлғаға бағытталған оқу процесінде оқу кезеңдерінде әрбір білім алушының белсенділігін арттыру мақсатында өздерінің қажеттілігін сезіндіретін педагогикалық жағдаят туғызу керек. Осы жерде арттерапияның маңызды жақтары ашылады. Яғни, арттерапия элементтерін дамытушы-түзетуші трениенгтер кешенімен бірге байланыстыра отырып, оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде ұйымдастырып қолданып отырса жеке тұлғаны дамытуда үлкен жетістікке жетуге болады. Өйткені арттерапия – психодиагностикалық, психопрофилактикалық және психокоррекциялық қызмет атқарады.

Арттерапияның диагностикалық ерекшелігіне тоқталып кетер болсақ, ол адамның психикалық қасиеті мен күйін көптеген әдіс-тәсілдері арқылы сандық сипатта бағалайды және нақты сапалық тұрғыда талдайды. Соның нәтижесінде, адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы болып табылады.

Арттерапияның психопрофилактикалық қызметі – адамның өмірінде кездесетін қиын-қыстау кезеңдердің салдарынан пайда болатын, адам психикасына кері әсерін тигізетін жағымсыз психикалық жағдайларды көптеген әдіс-тәсілдердің көмегімен анықтай отырып, алдын-алу болып табылады.

Ал, арттерапияның психокоррекциялық қызметі , ол арттерапия элементтері мен дамытушы-түзетуші жаттығуларды бірлікте пайдалана отырып, анықталған психикалық жағдайға түзету жүргізу болып табылады.

Арттерапияны жүргізген кезде төмендегі сызбада көрсетілген әдістерді пайдалануға болады.


^ Артерапияның жүргізілу жолдары


Сызба 2




Сызбада көрсетілген әдістердің көмегімен адамның көңіл-күйін көтеріп, ішкі конфликтер мен қатты эмоцияларды сыртқа шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, терапиялық процесті жеңілдететді. Адамның қиялын, шығармашылық қабілетін, творчестволық ойлауын дамытады.Әрбір жеке тұлға бойында сенімділікті оятады, сол сенімділікті сезінуге, қоршаған ортаны шындықтағы бар өз тұрғысынан қабылдауға үйретеді. Арттерапияның әрбір функциясы адамның гармониялы дамуына өз үлестерін қосып отырады. Олардың әлеуметтік ортаға бейімделулерін қамтамасыз етеді.Жалпы жеке тұлға оқу процесінде өзін-өзі көрсете білуі тиіс. Мұнда жеке тұлғаның шығармашылық еркіндігі, өз бетімен қызмет етуі, өмірде кездесетін қиындықтарға қарсы тұра білуі, өзінің жеке басының өмірде рухани дамуын қамтамасыз етуі секілді қызметі дамиды. Жеке тұлғаның рефлексивтік және ойша іздену қызметі қалыптасады. Өзінің “Мені” және өзін-өзі көрсете білуі дамып, адам қарым-қатынас әлемінің есігін ашады. Сол себепті, оқу-тәрбие процесінде арттерапия элементері мен дамытушы-түзетуші жаттығулар кешенін бірлікте ұйымдастырып, жүйелі өткізу оқу-тәрбие процесін жандандыра түседі деген тұжырым жасаймын.


Қорытынды


Бұл дипломдық зерттеу жұмысында жаңа инновациялық оқыту технологиясының озық үлгісі, психотерапияның жас әрі мамандандырылған формасы – арттерапия жан-жақты қарастырылды. Зерттеу жұмысымның теориялық зерттеу бөлімінің өзі маңызды мәселелерді қозғайтын екі бөліктерден тұрады.

Оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде арттерапияның ерекшеліктері, оқыту процесінде қолданылатын элементтері мен арттерапияның диагностикалық, психопрофилактикалық және психокоррекциялық жақтары қарастырылды. Сонымен қатар, арттерапияның мән-мағынасы, мазмұн ерекшелігі, өтілу барысы ғылыми әрі әдістемелік тұрғыда анықталды.

Төмендегі авторлардың еңбектеріне сүйене отырып, Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функциялардың мәдени-тарихи даму туралы теориясы; А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы; профессор С.М.Жақыповтың бірлескен-диалогты іс-әрекеті; жеке адам дамуының гуманистік теориясының негізгі тұжырымдамалыры; З.Фрейд пен К.Г.Юнгтің бейсаналық туралы психоаналитикалық теориясы; С.А.Назарбаеваның “Өзін-өзі тану” бағдарламасы; және тағы да басқа еңбектерде көрсетілгендей шығармашылықтың, яғни креативтілік тұрғысынан жеке тұлғаның дамуы бүгінгі таңда маңызды мәселе болып отырғандығы дәлелденді.

Зерттеу жұмысымызға өзек болған еңбектерге сүйене отырып жүргізген теориялық және эксперименталды зерттеуіміздің нәтижелеріне тоқталып кетер болсақ: оқыту процесінде арттерапия элементтерін жүйелі әрі бірізді, сонымен қатар сауатты қолдана білу әрбір жеке тұлғаның өзін-өзі тануына жол ашады. Оның шығармашылық қабілеті мен қиялы байып, креативті ойлау қабілеті дамиды және өзін-өзі бағалауы жоғарылайды.

Арттерапия - ішкі кернеулер мен қатты эмоциялардан босатады. Арттерапия элементтерінің көмегімен топтың қалыптылығын сақтап, өзара қарым-қатынасты жағымды әрі тиімді ұйымдастыруға болады. Шығармашылықтың көмегімен адам өз сезімдерін терең түсініп, жүгендей білуге үйренеді. Бұл оның әлеуметтік ортаға тез бейімделіп, еніп кетуіне бағыт-бағдар беріп отырады. Креативтілік адам бойында сенімділікті оятып, оның қалыптасуына негіз болады. Қоршаған ортаны, шындықтағы болмысты өз тұрғысынан қабылдауға үйретеді. Арттерапияның әрбір функциясы әрбір жеке адамның үйлесімді дамуына үлес қосады.

Өнер арқылы терапия жүргізудің көмегімен – жеке тұлғаны мазалайтын өзекті мәселелер айқындалады, эмоционалдық қысым төмендейді, агрессия, негативизм, демонстрация түрінде көрінетін психологиялық қорғаныс механизмдеріне коррекция жүргізіледіәлеуметтік барьер, теріс әсерлі бағдарлардан арылтады. Сонымен қатар шығармашылық - өзара әрекеттке түсудің тиімді жақтарын қалыптастырады. Атап айтсақ, өзара келісе алушылық, өзгеге жол беру, жалпы іске өз үлесін қоса білу, өз беделін бағдарлай алу секілді жекелік құндылықтар коррекцияланады.

Жалпы, оқу-тәрбие процесін ізгілендіру мақсатында оқытудың креативті жақтарын дұрыс ұйымдастыра білсе, арттерапияның берері мол. Арттерапия оқыту процесін өзінің шынайы көрнекіліктерімен жандандырып, әрбір білім алушының білімге, ғылымға деген қызығушылығын оятады. Сонымен қатар шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, қоршаған ортаға байланысты көзқарасын жаңаша қалыптастырады. Жалпы арттерапияны интерактивті оқыту әдістемесінің қатарына жатқызса да болады. Өйткені,білім алушы мен арттерапевт немесе педагог та сабақ барысында белсенді позцияда болады. Тағы да айта кететін жағдай арттерапиямен тек арттерапевт, психолог немесе педагог қана айналыспайды. Арттерапиямен барлық маман иелері, үй жағдайында ата-аналар сауатты түрде айналысса, қоғамымыз шығармашыл, мәдениетті, эстетикалық талғамы жоғары дамыған жеке тұлғалармен толыққан болар еді.

Сонымен, дипломдық зерттеу жұмысымыздың теориялық және эксперименталды бөлімдерін тұжырымдамалап, қорытындылай келе зерттеу жұмысымыздың: “Инновациялық оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде арттерапияны оқыту процесінде тиімді әрі орынды қолданған жағдайда жеке бастың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады” деген болжамымыз дәлелденді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Бұзаубақова К. “Жаңа ПЕД-технологияны меңгеру - міндет”.

// Қазақстан мектебі. № 9-10. 2005 ж. 25-26 б.

  1. Байғазиева Г. “Жаңа Педтехнология”. // Қазақстан мектебі. № 8. 2005 ж. 53-54 б.

  2. Бұзаубақова К. “Жаңа педагогикалық технологиялар”. // Қазақстан мектебі. № 4. 2005 ж. 5-8 б.

  3. Арысбаева З. “Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері”. // Қазақстан мектебі. № 1. 2007 ж. 69-70 б.

  4. Әмір Шарапат. “Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары” // Қазақстан мектебі. № 6. 2001 ж. 32-34 б.

  5. Бейсембаева А. “Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудің мүмкіндіктері”. // Қазақстан мектебі. № 4. 2001 ж. 12-13 б.

  6. Көшімбетова С. “Оқыту тиімділігі – озық технологияларда”. // Қазақстан мектебі. № 7. 2005 ж. 16-17 б.

  7. Б.М. Камзина. “Жаңа инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің педагогикалық шарттары”. //

Валеология. № 3. 2006 ж. 4-5 б.

  1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. / Егемен Қазақстан. 2 наурыз, 2006 ж.

  2. Қазақстан -2030. / Егемен Қазақстан. 11 қазан, 1997 ж.

  3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия. Питер, 2001

  4. Карвасарский Б.Д. Психотерапевтическая энциклопедия – Питер, 2000.

  5. Копытин А. И. Основы арт-терапии. – СПб.: Лань, 1999

  6. Кузовкин В.В. Теоретико-методологические проблемы личностного роста студентов.// Инновации в образовании 2001, № 1 С.103-121

  7. Практикум по арт-терапии/ Под ред. А.И.Копытина. – СПб: Питер,2000. – 448 с.

  8. Рудестам Н. Групповая психотерапия. Психокоррекционные группы: теория и практика. – М.: Прогресс,1990

  9. Гнездилов А.В. Авторская сказкотерапия. Дым старинного камина (сказки доктора Балу). – СПб.: Речь, 2003. –292с.

  10. Баркер Ф. Использование метафор в психотерапии. Эффективное использование метафор и анекдотов в психотерапии. Воонеж, 1995

  11. Богоявленская Д.Б. О предмете исследования творческих способностей.// Психологический журнал, 1995. – Т. 16.- № 5 С.25-49

  12. Божович Л.И. Проблемы формирования личности. М., Воронеж, 1995

  13. Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход. – М.: Высшая школа, 1991

  14. Грин А.А. Зоопарк творческих задач.//Школьные технологии 2000 г № 5, С.218-226

  15. Групповая психотерапия. Психокоррекционные группы: теория и практика/Пер. с англ. - М.: Прогресс, 1990. –368 с.

  16. Гузеев В.В. Образовательная технология: от приема до философии. М.: Сентябрь, 1996. С.112.

  17. Джакупов М.С.Управление познавательной деятельностью студентов в процессе обучения. – Алматы, 2002

  18. Защиринская О.В. Сказка в гостях у психологии. Психологические техники: сказкотерапия. – СПб.: Издательство ДНК, 2001 –152с.

  19. Зинкевич-Евстигнеева Т.Д. Как помочь особенному ребенку. СПб.: 2001

  20. Зинкевич-Евстигнеева Т.Д., Грабенко Т.М. Практикум по креативной терапии. СПб, 1998

  21. Изюмова С.А, Чмыхова Е.А. Влияние индивидуально-психологических особенностей на обучаемость студентов.// Инновации в образовании. 2001, №3

  22. Калошина И.П. Структура и механизмы творческой деятельноси. - М.: МГУ, 1990.

  23. Калошина Т.Ю., Тимошенко Г.В. Марионетки в психотерапии. – М.: Изд-во Института Психотерапии, 2001. – 192 с.

  24. Квинн В. Прикладная психология – СПб.: Питер, 2001.

  25. Кларин М.В. Интерактивное обучение – инструмент освоения нового опыта// Магистр. 1999. С.85-95

  26. Красило А. Желанные берега.//Школьный психолог, июнь 2001, №23 С.7

  27. Копытин А.И. Системная арт-терапия. – СПб.: Питер, 2001. –224с.

  28. Лебедева Л.Д. Арт-терапевтические занятия в начальной школе.// Школьные технологии

  29. Лебедева Л. Лечение с увлечением.//Школьный психолог, январь 2000г., №4 С.12-13

  30. Лебедева Л., Лебедева О. Жила-была рябина.// Школьный психолог, август 2001, № 32, С.4-5

  31. Маджуга А.Г., Маджуга Л.Г. Арт-терапия как одно из приоритетных направлений современной коррекционной психологии и педагогики.// Вопросы ментальной медицины и экологии. -Том IX .-2003.-№3.- Москва – Павлодар С.21-24

  32. Маджуга А.Г., Шоманбаева А.О., Кабылбекова З.Б. Теория и практика инновационных технологий. Шымкент, 2004

  33. Маслоу А. Мотивация и личость. – СПб, 1999

  34. Немов Р.С. Психология. Т. 2 – М.: Владос, 2000

  35. Немов Р.С. Психология. Т. 3 – М.: Владос, 2000

  36. Нестеренко А.А Страна загадок //Школьные технологии, 2000г №5, С.208-214

  37. Никитин В.А. Энциклопедия тела: психология, психотерапия, педагогика, театр, танец, спорт, менеджмент. М.: Алетейа, 2000

  38. Обухова Л.Ф. Возрастная психология, М., 1996

  39. Осухова Н. Между войной и миром.//Школьный психолог, март 2002,№12

  40. Подласый И.П. Педагогика: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений, - М.:, 1996

  41. Полянский В.С.Теоретические основы психолого-педагогического сопровождения обучаемых.// Инновации в образовании. 2001, № 3

  42. Практикум по психодиагностике/ Сост. Э.В. Маруга – Балашов, 1997

  43. Практическая психология образования. М., 1997

  44. Психотерапевтическая энциклопедия / Под ред. Б.Д. Карвасарского. – СПб.: Издательство «Питер», 2000. –1024с.

  45. Столяренко Л.Д. Основы общей психологии. 4-е изд., перераб. и доп. (Серия «Учебники, учебные пособия».) – Ростов н/Д: Феникс, 2001. –672с.

  46. Смирнов А.Г. Практикум по общей психологии: Учебное пособие. – М.: Изд-во института Психотерапии, 2001. –224с.

  47. Степнова Л.А. О некоторых подходах к психотерапии смысложизненных ориентаций личности.//Мир психологии 2001 № 2(26) С.89-93.

  48. Теоретические и прикладные проблемы практической психологии. Часть 2/ Под ред. С.М. Джакупова – Алматы, 2002 –157с.

  49. Смолкин А.М. Методы активного обучения. – М.: Высшая школа, 1997

  50. Словарь-справочник про психодиагностике./ под ред. Бурлачук А.Г. – СПб, 2003

  51. Теоретические и прикладные проблемы практической психологии. Часть 2/ Под ред. С.М. Джакупова – Алматы, 2002 –157с.

  52. Формирование учебной деятельности студентов./ под ред. В.Я. Ляудис – М.: МГУ, 1986

  53. Цукерман Г.А., Мастеров Б.И. Психология саморазвития. М.: Интерпракс, 1995. –288с.

  54. Хайкин Р. Художественное творчество глазами врача. СПб.: Наука, 1992

  55. Ялом И. Групповая психотерапия. – СПб.: Питер,2000

  56. Психология. Словарь. Под общей редакцией А.В.Петровского, М.Г.Ярошевского. М., 1990

  57. Никитин В.Н. Энциклопедия тела; психология, психотерапия

  58. Автономова Н.С. Современная западная философия: Словарь – М., 1991.

  59. Болл Б. Интеграция научных исследований, практики и теории в арт-терапий // Исцеляющее искусство: журнал арт-терапий – 2000. – Т.3., N 4 – С. 10-32.

  60. Глаттхорн Т. Игра “Метафора терминаций”// Практикум по игровой психотерапийй / Под ред. Х.Кэдьюсон и Ч.Шефер – Питер, 2000.

  61. Гудман Р. Обсуждение и создание детских рисунков // Практикум по арт-терапий / Под ред. А.И.Копытина. – Питер, 2000.

  62. Кейз К. Об эстетическом моменте переноса // Исцелляющее искусство: журнал арт-терапий -–1998. Том 1.

  63. Яком И. Групповая психотерапия. Питер, 2000.

  64. Сьюзан Хоган. Феминистские подходы в арт-терапии. Лондон: Рутледж, 1997

  65. Копытин А.И. Арт-терапия на русском языке. Питер, 1994.

  66. Журнал “Няня”, Арттерапия – лечение игрой. N 2,2002

  67. Медведева Е.А., Левченко И.Ю., Комиссарова Л.Н. Артпедагогика и арттерапия в специальном образовании.

  68. Арттерапия. Артметоды как психологический инструмент исследования и развития личности. Психологическая газета. N 6. 1997. Статья 7.

  69. Крыжановская Л.И. Артпсихология как направление психолого-педагогической реабилитации подростков. Питер, 2004.

  70. Диагностика в арттерапии. Метод “Мандала”- http://science-education-books.

  71. Молодежная газета. Teenager (Газета). Психология/ Арттерапия: 2004 г. Октябрь. http: // www.almateer. freenet kz.

  72. Курск. Душевные болезни – лечать арттерапией – Regions. Ru. www. 46

  73. PSYLIB r. К.Рудестам. Психокоррекционные группы. www.psylib. ord.ua

  74. Архангельские педагоги и психологии изучают методы арттерапии для работ с детьми и взрослыми. www.atrmedia.ru

  75. Gestalt.ru: События “Арттерапия в группе и частной практике” www. gestalt.ru.

  76. Детский психолог – Мероприятия. Семинар. Арттерапия: основы теории и практик метода. www.childpsg.ru.

  77. Арттерапия в работе с детьми. webshops.ru. EUP. RU – экономика и управление на предприятиях.

  78. Арттерапия – это творчество под наблюдением психолога. http: // bd.ru

  79. Видео-арттерапия – Психологический словарь. http: // psi.webzone.ru

  80. Артпедагогика и арттерапия в спецальном образовании - …tttp:// gbg.ru



Қосымшалар


Қосымша А.

КТЖ бойынша сабақ тақырыптары


Ұсынылатын арттерапиялық жаттығулар

Модуль 1.

1 бөлім. Жаңа қоғамдастық

1 тақырып. Сәлеметсіздерме! Сіздермен танысуға рұқсат етіңіздер.

Танысу

Автопорттрет

2 бөлім. Ересектер ойын ойнайды ма?

2 тақырып. Менің жаңа статусым: студент.


Студент мәселелері -ертегісі

3 тақырып. Ойын ойнайтын адамдар.

Көңіл-күйді саламыз

Жануарлар фрескасы

4 тақырып. Адамдар ойнайтын ойындар.

Қамығу

Коллаж

Модуль 2.

3 бөлім. Қарым-қатынас үйренуді қажет етеді.

5 тақырып. Үйлесімділік пен конфликт.

Сурет салу және бақылау.

Топпен жұмыс.

6 тақырып. Ұжымшылдық, достық және құрдастық.

Интерпретация.


4 бөлім. Көкжиектің арғы жағында не бар?

7 тақырып. Дүние жай ғана әшейін емес.

Жол


Модуль 3.

Құнды компас.

8 тақырып. Өзіңі кумир жасап алма.

Жақсылық пен жамандық.

Иллюстрация.

9 тақырып.Болашақ келіп қалды.

Менің ішкі “Менімнің” шегі.

Түстермен байланыс.

10 тақырып. Өмір жолы.

Герб пен символ.

Метамарфозалық автопортрет.

11 тақырып. Барлық уақытта жақсылық жолымен жүр.


Студенттердің ертегі құрауы.



Қосымша Ә.

ҰЕҰБЭ(ОТКЛЭ)Тұлғалық сауалнамасы


Ұсынылып отырған сауалнама жеке тұлғаның негізгі жекелік- психологиялық ерекшеліктері мен негізгі жекелік бес қадір-қасиетін зерттеуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылық, еңбексүйгіштік, ұжымшылдық ( яғни, топқа немесе өзге бір адамдарға бағыттылық ),білуге құмарлық және әсемдікке талпыну (эстетикалық өсу) деңгейлері жинақталған сұрақтар тізімімен анықталады. Бұл сұрақтар арқылы жоғарыда көрсетілген жағымды көрсеткіштердің даму дәрежесі анықталады.

Орындау ережесі: Сізге 115 сұрағы бар бланкі мен жауап парағы беріледі. Сұрақтарды мұқият оқып шығып, “ ия ”, “ жоқ ” немесе “кейде” деген жауап беріп, оны жауап парағына белгілеңіз. Жауап берер алдын сол немесе өзге жағдайларда өзіңіздің көрсететін мінез-құлқыңызды елестетіп, объективті тұрғыда жауап беруге тырысыңыз, сауалнамада тексеру немесе өтірік жауап шкаласы да бар.


  1. Кешке қарай мен ертеңгі күнгі жұмыстарымды жоспарлаймын.

  2. Қара жұмысты ( ыдыстарды жуу, бақшада жер аудару және т.б.) салғырт орындаймын.

  3. Топ өмірі менсіз өтіп жатыр ( топ өміріне араласпаймын ).

  4. Әдебиеттен берілген тапсырманың негізгі бөлімін ғана емес, қосымша бөлімдерін де оқимын.

  5. Мен ән салғанды ұнатамын.

  6. Мен ылғида өзге адамдардың жеткен жетістіктеріне қуаныш білдіремін.

  7. Мен өз үйімді жинастырғанды ұнатамын.

  8. Мені жетекші роліне таңдағанда қарсылық білдіремін.

  9. Менің жаңа кітап жаңалықтарын үнемі қадағалауға уақытым жетпейді.

  10. Шығармашылық кештерде шығармаларды оқығанда, өнер туындыларымен кездескенде ( кітап, музыка, спектакль және т.б. ) көзіме жас алуға дейін барамын.

  11. Өзімнің жоспарлап қойған жұмысымды мен жиі орындай алмай қаламын.

  12. Мен өзімнің берген уәдемді барлық уақытта орындаймын.

  13. Маған барлық уақытта біреуге көмектесуге тура келіп тұрады.

  14. Ақпарат көздерінен теледидар мен киноны қалаймын.

  15. Менің тәнім би музыкаларымен үндеседі.

  16. Барлық практикалық ( семинар ) сабақтарына дайындалу мүмкін емес деп ойлаймын.

  17. Бірнеше сағаттар бойына тиімді физикалық жаттығулар мен физикалық жұмыстармен айналыса аламын.

  18. Театр мен музейге бару мүмкіндіктерін еш уақытта жібермеймін.

  19. Қиын тапсырманы өзім шешпей, қасымда отырған оқушыдан көшіріп алғанды қалаймын.

  20. Театрға барғанда конфет пен балмұздақ жеп отырған кездерім болған.

  21. Менің жұмыс столым әдетте жинақы болады.

  22. Мен үшін бастысы – жұмысты өз уақытында орындау, ал сапасы – шыққанына байланысты.

  23. Дауыс көтерген мен өз-өзін ұстай алмағанды кешіруге болады, егерде сен өзқұқығыңды қорғаған болсаң.

  24. Кейбір кездері мен ойлап тұрған нәрсені емес, өзге нәрсені айтамын.

  25. Мен көркем өнерпаздар сайысына қатысып тұрамын.

  26. Мен алған хатыма жауап жазуға асықпаймын.

  27. Жануарларға қамқор болғанды қалаймын.

  28. Менде топта не істеуге болатыны жөнінде көптеген идеялар туындайды.

  29. Ақыл-ойды қажет ететін жұмыспен айналысып отырып, ойын-сауық, демалысымды құрбан ете аламын.

  30. Өмірімде бірнеше рет маған өтірік айтуға тура келді.

  31. Үйге лас аяқ киіммен оралғанда тез арада оны тазалап, ретке келтіремін.

  32. Ешқандай іс-әрект істемеуге мәжбүр болған кездерімде де ( ауырып қалғанда, бірнәрсені күткенде және т.б ) өзіме жұмыс тауып аламын.

  33. Бір адаммен байланысқа түссем, сол адаммен достық қарым-қатынас жасауға тырысамын.

  34. Кейбір кездері сабақтарда пікірталас тудыратын өзімнің көзқарасымды білдіремін, оқытушы пікірімен келіспейтін кездерім болады.

  35. Мені сахнадағы актерлардың ойнауы толғандырады.

  36. Кейбір кездері мен оқытушы мен студенттерді түсініп тұрған кейіп танытамын.

  37. Бастаған ісімді аяғына дейін жеткізуге менің шыдамым жиі жетіспейді.

  38. Топта қоғамдық жұмыстарды орындаудан мен ләззат аламын.

  39. Менің ақыл-ойымның жетістігінің деңгейі жеткілікті.

  40. Би кезінде мен үшін маңыздысы – жай қозғалу ғана.

  41. Бүгін істей алатын жұмысымды ертеңге қалдырмаймын.

  42. Қоғамдық орындардағы тәртіпті барлық уақытта сақтаймын.

  43. Жиналыстарда айтарға өз көзқарасым болса да, үндемей отырғанды қалаймын.

  44. Менің қызығушылықтарым шыдамдылық пен орнықтылықты талап етеді.

  45. Мен алдында бір минутта көріп тұрмаған, бейнелеу өнерлері бар.

  46. Қоғамдық жұмыстармен, үй жұмысымен, спортпен айналысу арқылы бос болмау менің сабағыма жағымсыз әсерін тигізеді.

  47. Нашар істелген жұмыс маған дұрыс демалуға мүмкіндік бермейді.

  48. Қиын тапсырма алғанда мен барлық уақытта қуанамын.

  49. Өзімнің жеке кішкентай жаңалығым үшін бірнеше сағаттар, апталар бойы бір проблеманы шешумен айналысамын.

  50. Мен өзімнің сыртқы келбетіме көп мән беремін.

  51. Бір күнге үш тапсырма берілсе де, маған қиын соқпайды, өйткені мен оларға алдын ала дайындалып қоямын.

  52. Сенбілік күндері мені еңбек құралдарымен қамтамасыз етпесе, мен қолыма түскен нәрсені пайдаланамын.

  53. Егер де менің жолдасым сабақта, жұмыста үлгермей жатса, оған көмек көрсетуге мүмкіндік табамын.

  54. Қалалық мәдени іс шараларға жібермей қатысамын..

  55. Радиода эстрадалық музыканың орнына классикалық музыка беріп жатса, өшіріп тастаймын.

  56. Мен таңғы асымды ішіп үлгерместен жиі сабаққа жүгіріп кетемін.

  57. Үй тұрмысындағы жұмыс мені шаршатады.

  58. Критикалық ескертпелерді мүлдем қаламаймын.

  59. Сабаққа толығымен дайындалу үшін маған оқулық жеткілікті болады.

  60. Мен барлық уақытта жолдан арнайы жерден өтемін.

  61. Сабаққа ешқандай себепсіз бармай қала аламын.

  62. Кей кездері мен терезеден ұсақ қоқыстарды тастаймын.

  63. Конфликтіге түскен жағдайда сөз таңдамастан дөрекі сөздерді қолдана аламын.

  64. Жолдастарым өзара қызықты ғылыми ақпараттармен алмасып жатқанда, мен тек тыңдаймын.

  65. Мен классикалық музыкалар жазылған пластинка жинаймын.

  66. Менің өмірімде есіме түсіргім келмейтін жағдайлар (кездер) болған.

  67. Бірнеше сағаттар бойына тиімді ақыл-ой жұмыстарымен айналыса аламын.

  68. Егер сабақ кезінде жауап беруші екі сөздің басын қоса алмай тұрса маған күлкілі болады.

  69. Сұрақтың жауабын білмегендіктен

  70. Маған даусы қатты қосылған магнитофонмен, транзистормен қыдырған ұнайды.

  71. Егер оқуда сәтсіздік кезеңі белең алса, менің оқуға деген қызығушылығым төмендейді.

  72. Мен маған оқытушының қойған бағасымен келісемін.

  73. Менде әрқашан қоғамдық тапсырмалар болады.

  74. Мен оқығанды жақсы көремін.

  75. Көркемөнер, репродукция жайында кітаптар жинаймын.

  76. Әрбір затты мен уақытысында өз орнына қоямын.

  77. Қара жұмысты орындау мен үшін жеке тұлғаны кемсіту болып табылады.

  78. Кез-келген тақырыптағы әңгімені қолдай аламын.

  79. Сабақ үстінде оқытушыға тақырыпқа сай сұрақ қойғым келеді де тұрады.

  80. Барлық сыйлықтың орнына гүл сыйлағанды дұрыс көремін.

  81. Сабақты жіберіп алған жағдайда өзімді қолайсыз санаймын.

  82. Өсімдіктермен жұмыс жасағанды ұнатамын.

  83. Егде жастағы адамдар мені өздерінің ұрысқақтығымен, жай қимылдауларымен тітіркендіреді.

  84. Кез-келген жағдайда көңілді жұмысты қалаймын.

  85. Әдемі жасалған зат мені соған ұқсас бұйым жасауға итермелейді.

  86. Менің стилім – емтиханға дайындық кезінде сабақтағы пробелдерімді жою.

  87. Маған көмектесіп қалады деген үмітпен істеп жатқан жұмысымды созыңқыраймын.

  88. Егер мені сынап-мінеп жатса, үндемей қалмаспын.

  89. Маған болып жатқан құбылыспен жалпы таныса салған жетеді, өзгелер ақ оның мән-жайын, мазмұнын терең талқылай берсін.

  90. Жоспарлап қойған жұмысымды істеп үлгермей қалған жағдайда, өзіме ақтау айтамын.

  91. Мен сабақтың басталуынан он минут бұрын келемін.

  92. Сабақ уақытында және жұмыс уақыттарында ұзақ үзілістерді қалаймын.

  93. Өз тапсырмамды орындап болғаннан кейін ақысыз қосымша жұмыс істеуге келісемін.

  94. Мен үшін өмір қызықсыз әрі ішпысарлықтай болып көрінеді.

  95. Концерттерде отырғанымда менің де әнші болғым келіп кететін кездер болады.

  96. Мен таңғы дене шынықтырумен айналысамын.

  97. Қажетті, бірақ қызық емес қара жұмысқа уақытымды жұмсау мені қыспаққа алады.

  98. Фирмалық заттарды алып бере алатын адамдарды силаймын.

  99. Мен жаңа іс-әрекет түрлерімен жиі әуестенемін, бірақ тез басыламын.

  100. Классикалық әдебиет туындыларына түсірген фильмдерді соңына дейін көріп бітіруге менің шыдамым жетіспейді.

  101. Егерде мен бір пән бойынша семнарға өте жақсы дайындалған болсам, онда басқа практикалық сабақтар дайындалусыз қалады.

  102. Бір жұмысты орындауға кіріскенде оны барынша жақсы орындаймын.

  103. Сабаққа жауап беріп тұрған жолдасыма ойнап тиіскенді ұнатамын.

  104. Жаңа ақпаратты кітаптан іздемей, басқа адамдардан сұрастырамын.

  105. Кей кездері кинода, трамвайда , лекцияда отырғанда пісте шағамын немесе бірнәрсе жеп отырамын.

  106. Кей күндері ұйықтап шыққан төсегімді жинап үлгерместен сабаққа жүгіріп кетемін.

  107. Шаруашылық жұмыстарды орындау барысында өзімді сенімсіз сезінемін.

  108. Егер сенбілікте жұмыс фронты дайындалмаған болса, онда оны өз мойныма аламын.

  109. Газет, журналдардан қырқып алынған кесінділер мен жазуларды сақтаймын.

  110. Кітап оқып жатқанда әдеттегідей табиғатты сипаттаған қатарларды тастап кетемін.

  111. Қоғамдық тапсырмаларды ешқандай еске салусыз орындаймын.

  112. Ауылшаруашылық жұмыстарын орындау барысында тапсырманы жылдамырақ бітіруге тырысып, демалыс жайында ойланамын.

  113. Егер мен аудиторияның шашылып жатқанын ( лас тақта, қоқыс, орнында тұрмаған столдар және т.б. ) көрсем, тез арада ретке келтіремін.

  114. Сабаққа дайындалу барысында жолдастарым түсінбеген жерлерін түсіндіруді сұрап келеді.

  115. Бос уақытымда сурет салумен, тігіс тігумен, музыкалық аспаптарда ойнаумен және т.б. істермен айналысамын.


1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе 5 1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Кіріспе 5
Мазмұны кіріспе iconМазмұны кіріспе 3 i-тарау
Кіріспе 3
Мазмұны кіріспе iconМазмұны. Кіріспе

Мазмұны кіріспе iconМазмұНЫ
Кіріспе б
Мазмұны кіріспе iconМазмұны кіріспе

Мазмұны кіріспе iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны кіріспе iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны кіріспе iconМазмұны Жоспар бет
Кіріспе
Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе І тарау. Аминдер

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов