Мазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы icon

Мазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы



НазваниеМазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы
страница4/10
Дата05.05.2013
Размер1.5 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

^ 2.3 Коммуникативті компетенттіліктің байланысы және баланың құрбылас топтағы орнына қанағаттанбауы.

Бала мектепке келгенде элеуметтендірудің шешуші факторы болып оқу әрекетін меңгеру, мектептік үйрену және дағдыларын өңдеп шығару болады. Сонымен қатар, оқушыда жеке тұлға арасындағы қарым-қатынаста қалыптасатын - әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі жүріп жатады. Бұл «әлеуметтенудің жоспарының бағдарламасы» деп аталады, ол арқылы баланың әлеуметтік және эмоциялық өмірі дамиды, оның өзі туралы, басқалар ол туралы не ойлайтыны туралы бейнесі қалыптасады. Мектепте болудың бірінші күнінен-ақ, бала, мұғалім және сыныптастарымен жеке тұлға арасындағы өзара қарым-қатынас процесіне түседі. Бұл бастауыш сынып жаста өзара қарым-қатынаста белгілі бір динамика және даму заңдылығы бар. Бірінші сыныптағылар мектепке бейімделу процесінде сыныптастарымен қарым-қатынасты, ереже бойынша екінші орынға көшеді. Олар мектептегі алған әсеріне, өздерінің жаңа мәртебесі мен міндеттеріне кіріп кеткендігі соншалық, кейде қарапайым ғана: «Жаныңда, партада сенімен бірге кім отырады?» деген сұраққа жауап бере алмауы мүмкін (Дубровина И.В. 1998).

Бірінші сыныптағыларды бақылағанда, олар алғашқыда бір-бірімен контактіге түсуге қашатын сияқты, әрқайсысы әзірге «өзімен-өзі». Өзара контактіні педагог арқылы жүзеге асырады. П.Л.Коломенскийдің бірінші сынып өмірінен мына эпизодтарды қарасақ: «Оқушының біреуі қаламсапты әкелуге ұмытып кетсе, ол жанындағы оқушылардан артық қаламсапты сұрамайды. Әдетте оқушы тыныш отырады, ал кейде, мұғалім оның осы күйін байқап қалады ма деген үмітпен мазасызданып жылайды. Мұғалім осы жағдайды көріп, кімде артық қаламсап бар деп сұрайды. Артық қаламсабы бар оқушы оны жаңағы оқушыға апарып бермейді. Ол қаламсапты мұғалімге береді, ал мұғалім жаңағы оқушыға береді.» (Коломенский П.Л., 1969) /35/.

Балалық топтағы құрбылар арасындағы функциянальды – ролдік, эмоцияналді-бағалаушылық және жекелік-мәндік қарым-қатынастар деп бөліп көрсетуге болады. Функциональды – ролдік қарым-қатынас «кәсіптік» қарым-қатынасты және біріккен іс-әрекетті қарастырғанда маңызды. Мұндай қарым-қатынастар балалардың өмірлік әрекеттерінде кездеседі (еңбек, оқу, ойын және т.б.). Ойынның өзінде де және басқа да балалар топтарындағы біріккен әрекет формаларында қарым қатынастың екі түрі көрініс табады: жекелік өзіндік қатынас және ойындағы біріккен әрекетке байланысты қарым-қатынас. Эмоционалді-бағалаушылық қарым-қатынастың негізгі функциясы ретінде, біріккен әрекет және қарым-қатынастың қабылданған нормаларына сәйкес құрбысының құлығын коррекциялау қолданады. Бірінші кезекте эмоциялық сипатына (симпатия, антипатия) көңіл бөлінеді. Жекелік-мәндік қарым-қатынас негізі, егер бір баланың мотиві басқа құрбылары үшін мән-мағына болып келетіндігінде. Мұндайда біріккен іс-әрекет қатысушылары сол баланың құндылықтары мен қызығушылығының өздерінің жекеліктері сияқты уайымдай бастайды. Мұндай қарым-қатынас, әсіресе, сол бала ересектердің ролін алып, және сол ролге сәйкес әрекет еткен жағдайда анық көріне береді. Балалық топтағы біріккен әрекет деңгейі жоғарылаған сайын, ондағы ұжымдық құрылу процесі де қарқындала түседі, өзара келісу, өзара қызметтестік қарым қатынасы да белсендірек туындайды. Жеке тұлға арасындағы қарым-қатынасты туындататын және дамытушы «аймақ» болып табылады. Жеке тұлға арасындағы қарым-қатынстың факторы балалардың біріккен әрекеттегі мотивациясы, мысалы, біріккен әрекет жетістіктері немесе сәтсіздіктері үшін топ мүшелерін мазақтау немесе жазалауы. Табиғи немесе ұйымдасқан түрдегі баланың құрбыларымен ара қатынасы жас кезеңдерімен байланысты. Бастауыш сынып жаста құрбыларымен өзара қарым-қатынасы, балалардың сол жастағы құлықтың ерекшелігіне негізіделіп орнатылады. Жеке тұлға дамуының жаңа әлеуметтік жағдайы баланың мектепке келуіне негізделіп, оған бейімделуді қажет етеді. Кішкентай оқушы – бұл, қарым-қатынас дағдыларын белсенді меңгеретін адам. Бұл кезеңде достық қатынасты қарқынды орнату жүріп жатады. Топтағы құрбыларымен өзара қатынастың әлеуметтік дағдыларын меңгеру және достарын қызықтыра алуы осы кезеңдегі дамудың маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. (Роттар М., 1987).

Арнайы зерттеушілердің нәтижесі, достарына деген қарым-қатынас және достық түсінігінің өзі бастауыш сынып жас кезеңінде белгілі бір динамикасы болатынын көрсетеді. (Коломенский Я.Л., 1969) . 5-7 жасар бала үшін достар – бұл оның кіммен ойнайтыны, кімді жиі көретіні. Досты таңдау сыртқы себептермен анықталады: балалар бір партада отырады, бір үйде тұрады, т.с.с. Бүл кезеңде балалар тұлғаның сапасынан бұрын құлығына көңіл бөледі. Достарын сипаттағанда, олар «достар өздерін жақсы ұстайды», «олармен қызық» деп айтады. Осы кезеңде достық байланыстар тиянақсыз және ұзақ емес, олар тез арада үзілуі мүмкін.

8-11 жас аралығында балалар, өздеріне көмектесетін, олардың ұсыныстарына жауап қататын және қызығушылықтарын бөлісетінді дос деп санайды. Өзара ұнатушылық және достықтың пайда болуына қайырымдылық, зейін қоюшылық, өз беттілік, өзіне сенімділік, әділдік сияқты жекелік сапалар маңызды бола бастайды.

Социометриялық зерттеушілердің нәтижесі, оқушының сыныптағы жеке тұлға арасындағы қатынастың құрылу жүйесіндегі орны, түрлі жас кезеңіндегі топтарға ортақ факторлар қатарымен анықталады. Сыныптағылардың көп дауысын алған балалар, келесідей сипаттарға ие: мінезі тұрақты, жақсы қабілеттерге ие, бай фантазиясымен және ынтасымен ерекшеленеді; олардың көбі жақсы оқиды, қыздар әдемі сырт көрініске ие. Сыныптағы қатынастың жекелік жүйесіндегі сәтті емес орындағы оқушылар тобы да сипаттрға ие: мұндай балаларға құрбыларымен қарым-қатынас жасауы қиын, сыйымсыз, сотқар, дөрекі, тұйық болуы мүмкін және де қызғаншақ, салақ болуы мүмкін. Социометриялық дәрежеге ие бірінші сыныптағылар үшін, көбіне келесідей ерекшеліктер маңызды: сұлу сыртқы көрініс, сынып белсендісі болу, заттармен, тәтті тағамдармен бөлісуге даярлық. Бұл жастағы екінші орынға оқуға деген қатынасы және жақсы үлгерім ие. Сыныптағы атақты балалар үшін сонымен қатар физикалық күш те үлкен мәнге ие. «Тартымды емес» оқушылар келесідей ерекшеліктерімен сипатталады: сыныпта белсенді болмау; құлығының және оқуының нашар болуы; достықтағы тұрақсыздық; тәртіп бұзушылармен дос болу және де жылауықтық.

Осылайша бірінші сыныптағылар құрбыларын оңай көрінетін сыртқы және мұғалім назарына жиі ілігетін сапаларына қарап бағалайды. Бастауыш сынып жасының соңына қарай, оқушылар құрбыларын, бірінші сыныптағыдай мұғалімнің қоғамдық тапсырмаға тағайындаған оқушыны емес, оның шынайы ұйымдастырушылық қабілеттілігін, қоғамдық белсенділігін, және де бұрынғысынша - әдемі сыртқы келбетті бағалайды. Бұл кезеңдегі балалар үшін белгілі бір жеке тұлғалық сапалар да маңызды: өз беттілік, өзіне сенімділік, әділдік. Үшінші сыныпта оқу екінші орынға ауыса бастайды. «Тартымды еместер» үшін үшінші сыныпта: қоғамдық пассивтілік; басқаның заттарына, еңбекке деген қатынастың қара ниеттілігі.

Ереже бойынша, жас ұлғайған сайын балаларда құрбы топтарындағы өзінің орнын саналы түрде ұғыну адекваттылығы және толықтығы жоғарылай бастайды. Бірақ бұл кезеңнің аяғында, сонымен қатар үшінші сыныптағыларда өзінің әлеуметтік дәрежесін қабылдау, адекваттылығы бірден төмендеп: сыныптағы жақсы орынға ие балалар оны бағаламауға бейім болып, және керісінше, өздерінің бұл жағдайларына көңілдері толады. Бұл бастауыш сынып жастың аяғында өзіндік сапаларын қайта құру жүріп жататындығын білдіреді. Оған жеке тұлға арасындағы қатынас және де оны ұғыну да кіреді. Сөзсіз, бұл, осы жаста құрбы топтарында белгілі бір орынға ие болу қажеттілігінің туындауымен байланысты. Бастауыш сынып кезеңінің аяғында құрбыларының ролінің өсуіне мына факт куә бола алады: 9-10 жастағы оқушылар сыныптастарының көзінше алынған ескертулерге әдеттегіден қаттырақ толғанады (уайымдайды), олар ұялшақ келіп, тек бейтаныс ересек адамдардан ғана емес, өзімен жасты басқа балалардан да ұяла бастайды. Бұл жастағы өтіп жатқан құрбыларымен қарым-қатынастағы өзгерісті «тәрбиеленуші» шараларды ұйымдастыруда ескеру қажет. Жекелік қатынас жүйесі әр адам үшін эмоциональды маңызды болып келеді, өйткені оның бағалаушылығымен және оны жеке тұлға ретінде тануымен байланысты.Сондықтан құрбы топтарындағы орнына қанағаттанбауды балалар бастан қиын кешіреді және жиі адекватты емес реакцияларының себебі болып табылады (Славина Л.С., 1996).

Алайда, егер балада ең болмағанда бір өзара байланыстық болса, ол жеке қатынас жүйесіндегі өзінің жаман орнына қатты күйзелмей, ол туралы ойлай бермейді. Сол бір жарылыс өзара таңдаудың өзі өзіндік психологиялық қорғаныс болып табылады және баланы «шетте қалғаннан» танылған, мойындалғанға айналдырған соң, бірнеше кері тануларды да теңестіре алу мүмкін. Бастауыш сынып оқушылардың өзара қатынастардың туындауына шешуші ролді педагог жасайды. Мектептің оқу жылы басында, әлі балаларды өзі және сыныптастары туралы қатынас құрмай тұрғанда, олар сөзсіз мұғалімнің бағалаушылғын қабылдайды, меңгереді. Педагогтардың түрлі әлеуметтік дәрежедегі балаларға берген мінездемелердің анализі, педагогтардың өздері де бөлектенген балаларды жақсы көрмейтіндерін көрсетеді (Коломенский Я.Л., 1969).

Бұл дегеніміз, мұғалімдердің өздері ерікті немесе еріксіз түрде баланың сыныпта оңашалануына септігін тигізеді. Өзара қатынас жүйесі де оқушы жағдайына кері әсер ету – бұл бір оқушыны бүкіл сынып алдында мақтай беру де, яғни бүкіл сыныпқа қарсы қою деген сөз. Көбінесе жалпы ұсыныстар келесідей (Колменский Я.Л.,1969):

1. Оңашаланған оқушыны қызықты әрекетке кіргізу;

2. Ең бірінші баланың орнына (жағдайына) байланысты әрекетте жетістікке жетуге көмектесу;

3. Баланың жиі психологиялық оңашалану себебі болып табылатын аффективтілігін (ренжу, т.б.) жою;

4. Кейбір балалардың өзіне деген сенімділігін шыңдау керек;

5. Жанама шараларды қолдану: мысалы, беделі бар құрбыларына әлсіз баланы қолдап тұруға ұсыну /35/.

Құрбыларымен достық қарым-қатынас орнату үшін, балада өз беттілік, өзіне сенімділік, ынтасы сияқты сапаларының болуы үлкен мәнге ие. Бастауыш сынып жаста балада, ереже бойынша, өзінің оқу қабілеттілігі, жалпы мүмкіндіктері сияқты белгілі бір өзін-өзі бағалаушылық қалыптасады. Әрине, өзін бағалаушылық жоғары және адекватты болған жақсы. Баланың мынаны білуі өте маңызды: Мен мынаны істей аламын, ал мынаны Мен бәрінен жақсы істей аламын. Бәрінен жақсы істей алу қабілеттілігі бастауыш оқушылары үшін өте маңызды. Дәл осы жастық кезеңнің, сәтсіз жағдай болса, толық еместік сезімінің немесе сәтті ситуация болса, өзіндік үйрене алу, компетенттілік сезімінің дамуын анықтайтын баланың түрлі үйренулерді үйренуге ұмтылысымен сипатталатыны бекер емес. Әр бала өзінің құндылығы мен қайталанбайтындығын сезіну маңызды. Үлгерім бұл жерде –анықтаушы критерий емес, өйткені балалар енді, өздерінің және басқалардың оқуымен байланысты емес сапаларын бағалай бастайды. Әр балаға өздерінің мүмкіндіктерін, істей алу құндылықтарын ашуға көмектесу өте маңызды (Дубровина И.В., 1998).

Осылайша, баланың үйренулерді, оны өзінің күшті және әлсіз жақтарын білу құрбыларымен қарым-қатынаста көбірек компетентті болуға мүмкіндік беретін, өз беттілік, өзіне сенімділік, жеке тұлғалық тәуелсіздігінің қалыптасуына негіз болып табылады. Коммуникативті компетенттіліктің қалыптасуы мазасыздану деңгейінің төмендеуіне әкеледі деген ұсынысты, біз, тәжірибе жүзінде тексеруді бекіндік.


ІІІ Тарау. «Бала – бала» жүйесінің әсер етуімен мазасыздану деңгейін төмендетуге бағытталған, арнайы ұйымдасқан коррекциялық- дамытушылық жаттығулардың, бастауыш сынып балаларының коммуникативтік үйренулерінің қалыптасуына әсер ететін эксперименттік зерттеулер.


Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздану мәселелерінің теориялық бастауларында көрінетін эксперименттік қалануы.

Эксперименттік зертту келесідей міндеттерді шешуге бағытталған:

1. Бастауыш сынып оуқышыларының мазасыздануының көрінуін және себебін анықтау.

2. Бастауыш сынып оқушыларының құлығындағы мазасыздануды төмендетуге бағытталған комплекстік шараларды құру.

3. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануының төмендетуге бағытталған коррекциялық – дамытушылық жұмыстың тиімділігін тексеру.

Эксперимент Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 гуманитарлық-эстетикалық гимназия-мектебінде өтті.

Экспериментті үш кезеңнен өту көзделді: белгілеуші, қалыптастырушы және бақылаушы.


^ 3.1 Бастауыш сынып жастағы балалардың деңгейінің көрінісіне бағытталған психодиагностикалық зерттеу белгілеу эксперименті.


Бұл кезеңдегі зерттеу экспериментінің мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының мазасыздану көріністерін және себебін, анықтау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер ұсынылады:

1. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануының көрінісіне психодиагностикалық зерттеу жүргізу.

2. Жоғарылаған мазасызданудың туындау себептеріне психодиагностикалық зерттеу жүргізу.

3. Мазасызданудың көрінісі мен мазасызданудың пайда болу себептері арасындағы байланыстың бар жоғын анықтау.

Эксперименттік жұмыс пен зерттеу процесінің өзін дұрыс құруда, бастауыш сынып оқушыларының күйін анықтап, белгілеп, қана қоймай, оның дамуында біршама болжам жасап, сонымен қатар балалармен жұмыс кезінде ұсыныстар беріп, соның негізінде коррекциялық бағдарлама құруға әбден мүмкін.

Балалардың мазасыздану көрінісін қарастыру үшін «Тейлордың мазасыздану деңгейін өлшеу» әдістемесі, «Филлипстің мектептегі мазасыздану тесті» әдістемесі қолданады.

Әдістеме мазасыздану деңгейін өлшеуге арналған. Ол 50 сұрақтан тұрады. Ол тізім немесе карточка ретінде берілуі мүмкін. Зерттелінушінің мазасыздануын білдіретін жауаптар саны есептеледі.

40 – 50 балл мазасызданудың өте жоғары деңгейде екенін көрсетеді, 25 – 40 балл мазасызданудың жоғары деңгейде екенін, 15 – 25 балл – орташа (жоғарыға бейім) деңгейде, 5 – 15 балл – орташа (төменге қарай) деңге йде, 0 – 5 балл мазасызанудың төменгі деңгейін айтады.

№1 кесте. Мазасыздану көрсеткіші




Өте жоғары мазасыздану көрсеткіші

Жоғары мазасыздану көрсеткіші

^ Орта (жоғарыға қарай) мазасыздану көрсеткіші

Орта (төменге қарай) мазасыздану көрсеткіші

Төменгі мазасыздану көрсеткіші

Зерттелінушілер саны, %

3%

40%

23%

32%

2%


Әдістемені жүргізгеннен кейінгі алынған нәтиже зерттелінушінің 43% өте жоғары және мазасыздану деңгейінің жоғары көрсеткіштерін көрсетті.

Содан кейін, бастауыш сынып оқушыларының мектеппен байланысты мазасызданудың сипаты мен деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін «Филлипстің мектептегі мазасыздану тесті» жүргізілді. Тест оқушыларға санауға болатын немесе жазбаша түрде ұсынылатын 58 сұрақтан тұрады. Әр сұраққа «Ия» немесе «Жоқ» деп жауап беру керек. Нәтижелерді өңдеу кезінде жауаптары тест кілтімен сәйкес келмейтін жауаптардың сұрақтарын бөледі. Кілтпен сәйкес келмейтін жауаптар - бұл мазасыздану көрінісі. Өңдеу кезінде саналады:

1. Барлық тест бойынша сәйкес келмейтін жалпы санды, егер ол 50% көп болса, баланың жоғарылаған мазасыздануын айтуы, ал егер 75% көп болса, жоғары мазасыздануды айтады.

2. Тестте белгіленген мазасызданудың әр 8 фактісіне сәйкес келген сандар.

Мазасыздану деңгейі бірінші жағдайдағыдай анықталады. Көбіне сол немесе басқа мазасыздану синдромдары (фактор) мен оның мөлшерін анықтайтын, оқушының жалпы ішкі эмоционалді күйі анализденеді. Әр синдромның (фактордың) сипаттамасы:

1. Мектептегі жалпы мазасыздану – мектеп өміріне қосылатын түрлі формамен байланысты, баланың жалпы эмоционалды күйі.

2. Әлеуметтік стресті уайымдау - әлеуметтік қатынасы (ең алдымен - құрбыларымен) даму бейнесіндегі баланың эмоционалді күйі.

3. Сәттілікке жетудегі структуралық қажеттілік балаға өзінің қажеттіліктерін сәттілікке, жоғары жетісткке жетуге дамуға мүмкіндік бермейтін жақсы емес, сәтсіз психикалық фон.

4. Өзін байқауға қорқынышты өзін ашумен емес, өзін басқаларға тапсырумен, өз мүмкіндіктерін демонстрациялау қажеттілігімен байланысты жағдайды эмоционалді уайымдау.

5. Білімді тексерудегі жағдайға қорқыныш білімдерді, жетістіктерді, мүмкіндіктерді тексеру (әсіресе көпшілік алдында) жағдайындағы үрейді уайымдау және кері қатынас.

6. Айналадағылардың үмітін ақтай алмай қалу қорқынышы – айналадағылардың берген бағасын ойлап, мазасыздану.

7. Стреске психофизиологияық қарсы тұруының төмен болуы - әсіресе, баланың стрессогендік сипаттағы ситуацияларға бейімделуі төмендететін психофихиологиялық организациялар.

8. Мұғаліммен қатынас жасауға қорқатынымен байланысты проблемалары – мектептегі әрекеттермен жағымсыз эмоциялық қарым – қатынасы бала үлгерімінің төмендеуіне әсер етеді.


№2 кесте. Мазасыздану көрсеткіші

р/с

Мазасыздану факторы

Зерттелінушілердің саны,

пайызбен



Мектептегі жалпы мазасыздану

14%



Әлеуметтік стрессті уайымдау

3%



Сәттілікке жетудегі фрустрациялық қажеттілік

7%



Өзін байқауға қорқыныш

18%



Білімді тексерудегі жағдайға қорқыныш

18%



Айналадағылардың күткендеріне сәйкес келмей қалу қорқынышы

27%



Стресске психофизиологиялық қарсы тұруының төмен болуы

18%



Мұғаліммен қатынас жасауға қорқатынымен байланысты проблемалар

14%



Бұл методиканы пайдалана отырып, біз мазасызданудың жалпы көрсеткіштерін емес, әр параметрді жеке алып қарастырдық, сондықтан біз үшін әр параметр ақпаратты болуы, және де белгілі бір жағдайды мазасызданудың пайда болу себептерін анықтауға мүмкіндік берді.

Бұл зерттеуді талдай келе, біздің байқағанымыз, бастауыш сынып балаларының мазасыздануларының жоғары факторы, көбіне, айналадағылардың жеткендеріне сәйкес келмей қалу қорқынышты болып шықты.

Сонымен қатар екінші сынып оқушыларының көбі мазасыздануларының жоғары екені анықталды.


№3 кесте. Мазасыздану көрсеткіші

р/с

Мазасыздану факторы

Зерттелінушілердің саны,

пайызбен



Мектептегі жалпы мазасыздану

14%



Әлеуметтік стрессті уайымдау

14%



Сәттілікке жетудегі фрустрациялық қажеттілік

20%



Өзін байқауға қорқыныш

7%



Білімді тексерудегі жағдайға қорқыныш

27%



Айналадағылардың күткендеріне сәйкес келмей қалу қорқынышы

34%



Стресске психофизиологиялық қарсы тұруының төмен болуы

20%



Мұғаліммен қатынас жасауға қорқатынымен байланысты проблемалар

20%


Талдау нәтижесінде мазасызданудың жоғарылауы айналадағылардың күткендеріне сәйкес келмей қалу қорқынышы факторымен байланысты екені анықталды. (Қосымша №2).

Сондықтан топтағы мазасызданудың пайда болу себептері «бала - бала» жүйесінің бұзылуынан деген ұсыныс жасалды. Жасалған ұсынысты дәлелдеу үшін социометриялық зерттеу жүргізілді.

Социометриялық тест топ мүшелері арасындағы өзара түсінушілік, эмоционалді байланысты диагностикалауға және келесідей міндеттерді шешуге арналды:

а) топтағы ұйымдасқан (үйлесімді) ұйымшыл емес жүйенің өлшеуге;

б) топ мүшелерінің мәртебесі бойынша симпатия антипатия белгілерін (лидерлер, жұлдыздар, шетте қалғандар) қарастыруға;

в) ресми емес мүдделердің басшылығымен топ ішінде құрылған құрылымдарды анықтау.

Бұл әдістеме аз уақытта топ ішіндегі қатынасты анықтап, соның әсерінен алынған нәтижелерді топтың қайта құрылуына, қызметінің тиімді және ұйымшылдығының жоғарылауына қолдануға болады.

Мазасыз балалар кез – келген оңды және солды таңдауларды саны болуы мүмкін екенін, әдістеме жүргізілгеннен кейінгі нәтижелер көрсетті (Қосымша №3). Әр топ мүшесі үшін таңдау көлемінен гөрі, топтағы өз орнына қанағаттану коэффициенті маңыздырақ:

Социометриялық зерттеудің көмегімен алынған нәтижелер социометрия түрінде ұсынылуы (Қосымша №). Осыдан, жүргізілген социометриялық зерттеудің нәтижесінде анықталды:

1. Мазасызданудың айқын көрінісіндегі балалар түрлі мәртебедегі орында болуы мүмкін және оңды, солды әр түрлі таңдау мөлшерін жасай алулары мүмкін.

2. Мазасызданудың айқын көрінісіндегі балалар көп жағдайда құрбылас топтарындағы өздерінің орындарына қанағаттанбаған.

Бұл эксперименттік зерттеулерден мынадай қорытынды шығаруға болады: бастауыш сынып оқушыларының топтағы мәртебелік орынға қанағаттанбауы мен мазасыздануларының көріністері арасында байланыс бар. Олай болса, бастауыш сыныптағы мазасыз балалар, олардың өзара іс - әрекеттерінің дамуына бағытталған құрылымдық тәсілдері, коррекциялық әрекетті қажет етеетінін белгілеуге болады. Мазасызданудың өзі адамға қолданылады – затты шектеулік, оларды ол, қиын өзіне жетіспеушілігі, оны ол өзінің қызметі мен басқа адамдармен өзара іс - әрекетте қолданады. Сондықтан оқушылардың қылығының, мазасыздануынан құтылу емес, коммуникативтік құралдарының қолдану аясының белсенді дамуына көзделеді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Похожие:

Мазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы iconМазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы

Мазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы iconМазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы

Мазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
Мазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы iconМазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері

Мазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы iconМазмұны. Кіріспе
Тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
Мазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы iconМазмұны. Кіріспе
Тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
Мазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы iconМазмұны кіріспе -тарау. Дарындылық психологиясының теориялық
Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулары
Мазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы iconБастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту. Мазмұны Кіріспе. І тарау
Тарау. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамытудың теориялық негіздері
Мазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы iconМазмұны Кіріспе 5 1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Кіріспе 5
Мазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы iconТақырыбы. Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері Мазмұны. Кіріспе. І тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
Тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов