2-4 І тарау. Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың негізі icon

2-4 І тарау. Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың негізі



Название2-4 І тарау. Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың негізі
страница1/3
Дата05.05.2013
Размер0.49 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
  1   2   3

Мазмұны


Кіріспе...........................................................................................................................2-4


І тарау. Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың негізі

1.1. Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру....................................5-12

1.2. Жеке пәндерді оқыту процесінде балалардың дүниетанымын қалыптастыру............................................................................................................13-16


ІІ тарау. Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесі

2.1. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарымен оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру............................................................................................................17-37

2.2. Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесі............................38-41


Қорытынды..................................................................................................................42


^ Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................43-44


Кіріспе


Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының басты міндеттерінің бірі жас ұрпаққа білім беру, ХХІ ғасырда – халықаралық даму кезеңіне сай, бәсекеге лайықты, барынша білімді, білікті жас маманды даярлау межеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясын ел келешегі жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың білім негіздерін игеруіне, біліктілігіне елдің болашағы байланысты екендігі айтылып, оған мән берілуі маңызды іс екендігін байқатады. Сондықтан, сапалы білім беріп, саналы етіп жас ұрпақты тәрбиелеу – басты мақсаттардың бірі, соның ішінде халық «білім негізі - бастауышта» деген тағылымды ойды орынды айтады.

Бастауыштан бастап күнделікті оқу, жүйелі дайындалу, сапалы болудың бірден бір жолы дүниетанымын арттыру. Оқушылардың ғылыми көзқарастарын бастауыштан бастап қалыптастыру бірден бір міндеттердің бастысы. Мектеп, ата-ана шәкірттердің – балаларымыздың, болашағымыздың саналы, мейірімді болуын ойластырып, келесі түйінді тұжырымдарды ұсынады:

  • бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді;

  • баға құнды емес, бала құнды;

  • ұстаз қызметінің мақсаты - өз пәнін жақсы үйретуден гөрі, адам есебінде өзін-өзі тануы, келесі кезекте дүниені тануы;

  • мұғалімнің өзінің сабағын білуі жеткіліксіз, бала жанын ұғуы міндет, келесі дүниетанымын, сенімін молайту;

  • әр баланың өмір тіршілігі өзінше бір тағдыр. Баланың тағдырын ойлан, дұрыс шеш, дүниетанымын арттыр, дүниеге көзқарасын білуге ұмтыл, дұрыс бағыт беріңіз;

  • баланың ықыласын оят, қолынан іс келетіндігіне сендір, дүниетанымын молайт;

  • мұғалімнің сөзі мен ісі жаманды емес, шынайы болуы қажет, бәрі оның дүниетанымына байланысты;

  • шәкірттің кемшілігін іздеме, оның артықшылығын тап, дүниетанымын жетілдір;

  • балаға сыйлы боламын десең, баланы өзің ойла, дүниетанымын түсін, зерделе;

  • көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа, сеніп айтқан сырын шашпа, мүмкін болса, сендіру амалын жаса, дүниетанымын қалыптастыр;

  • сабақ үстіндегі тыныштықты іздесең бәріне бірдей қара, жұмыс бер, дүниетанымының өзі көрсетсін;

  • қиын тақырыпты түсіндіре салып, сұрауға асықпа, келесі сабақты қайта түсіндіруден баста, дүниетанымына баса назар аударыңыз;

  • баланы сабақтың кейіпері ете біл, сонда дүниетанымы жетіледі;

  • әр бала – табиғаттың ғажайып құбылысы. Оны сол үшін де сыйлауға болады.

Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесін жасаудың маңыздылығы шәкірт саналы болып қалыптасуына негіз қаланады, сапалы білім алуға ынта-ықыласын арттыра түседі.

^ Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесін ойластыру және оның талдамасын жасау.

Зерттеудің міндеттері:

1. Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесінің оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру мәнін анықтау.

2. Педагогикалық шарттарды анықтау.

3. Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесіне талдама жасау.

Зерттеу нысаны: бастауыш мектептегі дүниетаным пәнін оқыту.

Зерттеу әдістемесі:

  • педагогикалық бақылау;

  • дүниетаным пәнін, бастауыштың басқа пәндерін оқыту мәселелері, жаратылыстану пәндерін оқыту ерекшеліктері;

  • педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, озық тәжірибелерді қорытындылау;

  • педагогикалық эксперимент.

Бітіру жұмысы: кіріспеден, 2 тараудан, әрбір тарау екі тақырыпты қарастырудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Жұмысты жинақтау, зерттеулерде психология, педагогика, дүниетануды оқытуға қатысты соңғы жылдардағы әдебиеттер, оқу-әдістемелік зерттеу еңбектеріне шолу жасау, жарияланған материалдарды ой елегінен өткізу, ең озық тәжірибелерге негіздеме жасауға арналды.


І тарау. Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың негізі

1.1. Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру

Адамды жан-жақты етіп тәрбиелеу, білім беру жүйесінде олардың ғылыми көзқарасын қалыптастырып дүниетанымын, наным, сенімін қалыптастыру мәселесі тәрбиенің өте маңызды мақсаты.

Ғылыми көзқарас, дүниетаным жеке адамға өзін қоршаған өмірді, оның құбылыстарын танып білуге мүмкіндік береді, сонымен қатар оған объективті баға беруге мүмкіншілік жасайды. Осының бәрі дүниетанымның қажетті қызметі бағыттаушылық, хабарлау, айқындау, бағалаушылық /ориентационная, информационно-отражательная и оценочная/. Мұндай сапасы арқылы ол көптеген көрсеткіштің маңызды цементтеуші жүрек жарды негіздері идеялық, ғылыми және адамгершілік-эстетикалық дамуын қалыптастырып, ынтасын, күресте мұқалмауын қоғамның гуманитарлық идеалын жүзеге асыру үшін күреседі.

Тарихта мұндай /сынбайтын/ иілмейтін, тұрақтылығымен белгілі адамдар бар.

Италияның ұлы ғалымы Галилео Галилей /1564-1642/ - «А все же она вертится...» - «Бәрі бір ол айналады» деген көзқарасынан қайтпаса, Поляктың аса көрнекті астрономы Николай Коперник /1474-1543/ өзінің гелиоцентристік идеясынан қуғын-сүргін мен қорлауға қарамай бас тартпаған. Бұған орыс демократы Н.Г. Чернышевскийді, Отан соғысының қаһарманы Д.М. Карбышевтің табандылығын қосуға болады.

Халқымыздың күрескер ұлдары Кенесары, Махамбет пен Исатай бастаған азаттық қозғалысы, желтоқсанның /1986/ қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың ерлігі, отан қорғау соғысында Бауыржан Момышұлының, қазақтың қаһарман қыздары Әлия мен Мәншүктің ерліктері бүгінгі және болашақ жастарға үлгі-өнеге боларлық тағылымдар.

Дүниетаным адам санасының арнайы түрі, оның өзін қоршаған дүниеге, яғни қоғамдық өміріне, табиғатқа, өміріне көзқарасы және сенімі. Адамның өмірлік поэзиясының, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекетінің тірегі, көрсеткіші. Сондықтан оны қоғам құрметтеп, зор баға береді.

Дүниетаным деген сөздің маңызына көз жіберсек, оның адам мінездемесінде атқаратын негізгі /роліне/ орнына маңыз бере қарасақ, оның лексикалық құрылымына көңіл аударсақ та жеткілікті. Ол екі сөзден түзілген: дүние және таным /мир и соззрение/. Осыны ой елегінен өткізсек, дүниетаным адамның санасының өзінше ерекше түрі, қоршаған ортаға оның көзқарасы, дүние және сол дүниеден оның алатын орны.

Осыған орай ғылыми дүниетанымның, құрылымдық компаненттерінің төрт түрінің бар екенін ғылыми зерттеулердің нәтижесі көрсетеді. Олар: ғылыми білім жүйесі, сенім, адам мұраты, дүниетану.

Білім объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы адам табиғаттың және қоғам құбылыстарыңың объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғынады. Ғылыми білім адамды қалыптастырудың және дүниені танып білуінің үлкен тірегі. Ғылыми білім арқылы қабылдаудың нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына сеніміне айналады. Сондықтан жеке адамға қаратып айтылған ескертпе сөздерде сенімінде ғылыми база болсын дейтін пікір кездеседі.

Дүниетаным жеке адамның өзін қоршаған ортадағы табиғат пен әлеуметтік құбылыстарды түсініп, байымдау арқылы, ой тұжырымдауы. Адамның пайда болуы туралы бүгінге дейін екі ұдайы пікір қалыптасқан. Мысалы, бірі материалистік тұрғыдан дәлелдесе, екіншісі адамды жаратушы Алла /Құдай/ деген тұжырым жасайды - мұны діни пікір дейді.

Сенім терең, тиянақты ойланып қортылған идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адамның. Бойына нық орнап, қалыптасқан өмірлік позициясы, оның беріктігін айқындайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әр түрлі идеялардың ішінен адам сенімін тауып алу, шындықты терең танудың жгізі, соны берік үстау.

Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адамның жоғары мұрат-мақсаттары, өмірде ілгері ұмтылушылық, талаптанушылығы. Біздің бүгінгі жағдайда әлеуметті өмір қажеттілігін, жеке бастың өз мүмкіншілігін айкын сезініп әрекет арқылы алдына койған биік мақсатқа кол жеткізуі.

Дүниетанымының қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның барысында жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық жасайды. Дүниетанымның қалыптасуына әр түрлі факторлар микроорта мен тәрбие, ақпарат құралдары т.б. әсер етеді.

Әрине әр адамның өмірге өз көзқарасы болады, ол оның табиғат пен қоғамда болып жатқан құбылыстарға өз көзқарасы арқылы көрінеді. Оның сапалығы өмірлік тәжірбиесі мен ғылыми әзірлігіне байланысты бағаланады.

Дүниетанымдылық білімін оқушылар дене және ақыл күшінің дамуына, білім дәрежесіне сәйкес бірте-бірте игеріледі. К.Д. Ушинский " Әрбір сынып ең төменгі сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек, әр жыл сайын бұл көзқарас тереңдетіліуі, кеңейтіліп толықтырылуы тиіс", -деп жазады.

Бастауыш, орта, жоғары мектеп жасындағы балалар кандай дүниетанымдық ұғымды меңгеруі керек?

Оқыту мен тәрбие барысында әр кезеңге байланысты білім берудің мазмұны, тереңдігі оларды оқушыларға түсіндіру, оқу, тәрбие бағдарламаларында белгіленген. Онда оқушылардың жас ерекшілігі және күрделі дүниетанымдық ұғымдарды игеру қабілеттері еске алынған.

Бастауыш сынып оқушылары дүние, табиғат құбылыстары, адамның
табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріне олардың алатын орны туралы
ғылыми білімнің бастапқы негізгілерін игереді. Олар Отан,
халықтар достығы т.б. мәселелерді түсінеді.

Сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымы жаратылыстану, математика, физика және гуманитарлық пәндерді оқу процесінде дамиды. Сонымен бірге, еңбек оған көзқарастары қалыптасады, азаматтық жауапкершілігі тәрбиеленеді. Оқытудың өмірімен байланысы қалыптасады.

Жоғары сынып оқушыларының табиғат пен қоғам туралы ғылыми білім шеңбері кеңіп, тереңдейді, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады. Өздеріне және басқа адамдарға талап қоя білуге, әділетті, адал болуға тырысады.

Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Олардың құрамында адам өмірінің материалдық жағдайлары, өмір сүріп отырған микро және макро ортасы, көпшілік хабарларды тарату құралдары, оқыту мен тәрбиелеу кіреді. Ғылымда бұл факторлардың бірдей күшпен және тиімді әсер етпейтіні белгілі. Сондықтан болашақ мұғалімдер дүниетанымды бағдарлы қалыптастыратын факторларды басқаруды үйрену керек.

Дүниетанымның психологиялық құрылымы танымдық, эмоционалдық және еріктік сиякты құрамаларды қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін оны тек ойластырып қана қоймай, терең сезіну, қоғамдық өмір және іс-әрекетпен салыстыруы керек.

Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды. Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатынасы бар.

Мектепте оқытылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі ұғым жүйесін жасайды. Ботаника, жалпы биология курстарын оқу, мектептің оқу-тәжірибе учаскілерінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында шәкірттер жұмыс істей жүріп, өсімдіктердің даму процесін адам баласының толық меңгере алатындығына көзі жетеді.

Физика, химия заңдарын білу және сол пәндер бойынша тәжірбие жасау оқушылардың дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінігін, дүниетанымдыльщ көзқарасын және сенімін нығайтады. Физика, астрономия сабақтарында адам ойының табиғаттың сырын бірте-бірте ашуы, тануы және заңдарын пайдалануы туралы оқушылар түсінік алады. Бұл жөнінде ғарышкерлердің космосқа ұшуы, оның кеңістігін зерттеу пән мұғалімдерін бай материалдармен қамтамасыз етеді.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда гуманитарлық ғылымдардың орны ерекше. Тарих, әдебиет сабақтарында қоғамның дамуы туралы шәкірттердің диалектикалық-материалистік көзқарастары қалыптасады, олар адам өмірінің мәніне, мұраттарының, мінез-құлығының бағыттылығына, іс-әрекетінің мақсатын анықтауға түсінеді.

Тарих курсы қоғамның даму заңдарын түсінуге мүмкіндік жасайды. Әдебиет адамдар арасындағы қарым-катынасқа жаңа өмірге, еңбекке жастардың дұрыс көзқарасын тәрбиелейді. Әдебиет сабақтарында оқушылар өмір шындығымен, Отандық және дүниежүзілік мәдениеттің барлық прогресшіл дәстүрлерімен, идеялық байлығымен танысады.

Сонымен мектепте оқыту оқшылардың дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Олай болса оқыту процесінде бірқатар психологиялық және педагогикалық шарттар жүзеге асырылуы керек.

1. Мұғалімнің ғылыми дүниетанымын негіздерін қалыптастыру іс-әрекеті кезеғдерінің нақты жоспарлауын қамтамасыз ету. Бірінші кезеңде мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру ісінің жүйесінде әрбір пәнінің орнвн анықтау, пән аралық байланысты айқындау, негізгі философиялық, саяси-әлеуметтік және адамгершілік идеяларды бөліп алу маңызды. Екінші кезеңде мұғалім оқушыларды айқындалған идеяларды мағыналы ойлауға жетелейді, оларды пәндерді оқудың уақыты бойында логикалық және деректік сипатына қарай күрделенетін ретпен тізбектей орналастырып, бірнеше басқышқа бөледі. Үшінші кезеңі дүниетаным кортындыларын топтауды міндет етеді. Төртінші кезеңде оқытылатын материалдан шығатын дүниетаным қортындыларын тақырыптарға сәйкес бөлу және оларды сабақ жоспарларында, оқушылардың өзіндік жұмысы үшін берілетін тапсырмаларды белгілеу жүзеге асады. Бесінші кезенде оқушылардың оқуын, ғылыми дүниетану негіздерін қалыптастыруды басқаруға көмектесетін оқушылар танымдық іс-әрекеттерінің тәсілдерін, оқытудың әдістерімен формаларын анықтайды.

2.Табиғатпен қоғамдық өмірдің танылуы тиісті құбылыстарына оқушылардың жеке қатынасын қалыптастыру. Дүниетаным идеяларын меңгеруге оқушының белсенді және орынды қатынасы оның ақиқат екендігіне сенім қалыптастырады.

3. Алған білімді меңгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігі. Білім тек саналы ойлау жұмысының нәтижесінде алынып, тәжирбиеде тексеріліп, іс- әрекеттің жетекші идеясына айналса ғана дүние таным сипатына алады.

4. Оқушының адамгешілік қатынас тәжірбиесін жүйелі жиналуы.
Адамгершілікті көзқарастарды қалыптастыру, тереңдету мен бекіту, оқушыны
коршаған орта, оны қоғамның-саяси белсенділіке, өз бетіндік іс-әрекетке және
жауапкерлікке итермелейтін жағдайда қоюды талап етеді.

5. Мұғалім-ғылыми дүниетаным иесі, және оны жүзеге асырушы. Жалпы, оқушынның дүниетанудағы жәрдемшісі мұғалім. Ол рухани жан дүниесі бай идеялық, психологиялық және әдістемелік даярлығы бар, ой-өрісі кең және берік көзқарасты адам болуы керек.

Әртүрлі сыныптың және мектептен тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың ғылми дүниетанымының дамытудың қажеті құралы. Мұндай тәрбие жұмыстары арқылы мектеп оқушыларының қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-өрісін кеңейтеді, оларды еңбекке, мамандықты таңдап алуға

көзқарастарын қалыптастырады. Осы бағытта жүргізілетін түрлі оқу пәндері, жас натуралистер мен жас техниктер станцияларының, көркемөнер үйірмелерінің, тәрбиелік мәні аса зор.

Мектепте үйелмен және өндірісте оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегінің, олардың қоғамда өз роліне, бақытты өмір сүруіне түсінуінің өзінің алатын орнын білуінің маңызын атап өткен жөн. Өйткені еңбек процесінде оқушылар әртүрлі үжымдар мен жеке адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы білім және практикалық дағдыны игереді, қоғамдық қатынастар тәжірбиесін иемденеді. Осының нәтижесінде оқушылардың адамгершілік көзқарасы, сенімімен сезімі дамиды.

Көп жылдар бойына әдебиет беттерінде атеистік тәрбие сөз етіліп келді. Адамның дүниетанымын қалыптастыруда қажетті құралдардың бірі болды. Атеизм туралы ұғым тарихта діни оқулармеқ олардың әртүрлі заманда үстемдік ету сипатымен байланысты болды. Атеизм ғылыми негізге сүйене отырып, Құдайды бекерге шығарады. Міне, осы тұрғыдан қазіргі қайта құру кезеңінде атеистік тәрбиені әр түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырады.

Ғылыми-атеистік тәрбиенің негізгі мақсаты дүниенің біртұтас екендігі жөнінде оқушылар көзқарастарының жүйесін қалыптастыру. Ең маңыздысы оқушылар жас шамасының мүмкіндігіне сай дүниеде мәңгі қозғалыста және диалектикалық дамитын материалдан басқа ешнәрсенің жоқ екендігін түсінуі.

Міндет —оқушыларды жаратылыстан тыс күшке сенуді жокка шығаратын ғылыми атеизммен қаруландыру.

Атеист болу дегеннің өзі тек Құдайға сенбеу емес, дүниеге дұрыс, ғылыми көзқарастың болуы. Оқушы атеизм адамның түлғалық мәнінің бір қыры екендігін түсінуі.

Дүниені диалектикалық, материалистік, атеистік тұрғыдан қараудың элементтері ең алдымен оқу процесінде қаланады. Қандай пән болмасын, оның оқу материалы дұрыс қойылса ғана мазмұны балаға тәрбие берудің объективтік алғы шарты бола алады. Оқушыларға атетстік тәрбие беру құралдарының ішінде ұйымдастыру жолдары алуан түрлі сыныптан тыс жұмыстар ерекше орын алады (сұхбаттасу, кино, теледидарлық материалдар көру және талқылау, діни сенімдерге байланысты кештер, жиындар, пікірталастар өткізу, саяхаттар, түрлі үйірмелер т.б.) . Бірқатар балаларды діни салттар әуестендіру мүмкін.

Ғылыми-атеистік тәрбиеде үйелмен оқушының кұнделікті тұрмыстық ортасы маңызды роль ойнайды. Оқушы үйелмені, оның тұрмыстық ортасын, атеистік тәрбиеде мұғалім өзіне көмекші етіп алғаны жөн. Бұл жерде де мектеп мұғалімі дінге сенуші ата-ананың немесе басқа үйелмен мүшелерінің сөзімен аяқасты етпеуі керек.

Қоғам дамуының жаңа сатысында тәрбиеге ықпал жасайтын факторларға біржақты, тиым салу тұрғысынан қарауға болмайды.

Кейбіреулер қайта құру, жаңарту кезеңдерінде болып жатқан жағдайды пайдаланып, діни тәрбиен.ің кең өріс алуын барынша қолдайды. Осы тұрғыдан мешіт не шіркеу қызметкерлерінің адамгершілік тәрбие тақырыптарына діни кітаптардың, әсіресе құранның, таураттың үзінділерін пайдаланып, әңгімелер өткізуіне оқу орындарының есіктері ашыла бастады.

Бірсыпыра ғалымдардың пікірінше тауратты, басқа да діни әдеби және тарихи кітаптарды пайдаланып, дүниежүзілік мәдениетпен және өнермен жастарды таныстыру қажет. Мысалы, Мәскеудің мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде студенттер антик және орта ғасыр әдебиеттері бойынша семинар сабақтарында діни тауратты пайдаланды, демек, грек, Римнің қоғамдық құрылысы, мәдениеті және өнері мен танысады. Бұл жерде сөз діни тәрбиесі туралы емес, студенттерді тарихи әдебиет көне ескерткіштерімен таныстырды. Өйткені бұларсыз дүние жүзілік мәдениет даму процессінің пайда болуын түсіну қиын.

Бірақ шіркеумен және мешітпен жақындасуды тіпті дінмен келіскендіктің белгісі деп қарастыруға болмайды. Олармен араласпау, қарым —қатынас жасамау, оларға қарсы тұру діни қызметкерлері қоғам арасында болмауы тиіс. Төологтар өздерінің діни тарихының халықтар мәдениеті туралы білім тапшылығын болдырмауда белгілі көмек көрсетеді.

Бәрімізге белгілі барлық классикалық кескіндеме таураттық (библия) сюжетке негізделген классикалық музыка көркем дауысты шіркеу әнін бойына сіңірген, бұрынғы философиялық оқу осы қайнар бұлақпен қөректенеді.

Сонымен, біздер дүние жүзінің әдебиетімен тарихи мәдениетіне түсінбей, ешуақытта жастардың жалпы мәдениет деңгейін жоғары көтеру мүмкін емес.

Қазіргі кезеңде жастардың дін деген не, оған олардың қөзқарасы, өмірге қатынасы қалай, міне, осы мәселелерге терең ойланып шыдамдылықпен қарау тиіс. Осыған орай, оқыту және тәрбие барысындағы басты міндеттер - бұл дүниетанымдылықты дамыту, атеистік білімнің бірыңғай жүйесін қамтамасыз ету, еліміздің әлеуметтік-эканомикалық дамуын және ғылыми үдеуді есепке алып, жастардың ғылыми-атеистік тәрбиесінің деңгейін көтеру, толық сенімі мол белсенді атеистерді тәрбиелеу.

Дүниетанымның ғылыми-матералистік тұрғыдан түсіндіруді жақтай отырып, дінге сенушілердің сезіміне нұқсан келтіруге болмайды. Олардың халық арасындағы әртүрлі жаңа салтымее әдет-ғұрыптарды кеңінен тарату жөніндегі болымды істеріне көмектесіп, бағыт беріп отырған жөн. Демек, осы бағытта мешіт, шіркеу кызметкерлері жалпы адамдық құндылық және мейірімділік қозғалысына үлес қосуға тиіс.


^ 1.2. Жеке пәндерді оқыту процесінде балалардың дүниетанымын қалыптастыру

Бүгінгі заманда сауатсыз адамды табу мүлде мүмкін емес. Мемлекеттік мектептің бірыңғай жүйесі қалыпты жұмыс істейді. Мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастырып, тәрбиелеп, оқытып, білім беретін орын ретінде қоғам үшін маңызы өте зор. Өйткені ол жалпыға бірдей ғылыми жүйе ретінде, бүкіл халықты қамтиды. Сонымен бірге, бүкіл азаматтарды қамтитын ақпарат құралдары әдебиет, үнқағаздар, журналдар, кинотеатрлар, теледидар, радио т.б. көпшілікке арналған таным құралдары жұмыс істейді...

Десек те, жас жеткіншектердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыратын, жеке пәндерді белгілі бір жүйемен оқулықтар мен оқу құралдары арқылы оқытатын, сол арқылы табиғат пен қоғамның даму заңдарын ашатын жәнг дәлелдейтін көп мүмкіншілікке оқу орындарының адам өмірі мен оның қалыптасуында орны бөлек.

Жаратылыстану, математика ғылымдарымен танысу барысында оқушылар теориялық және тәжірбиелік іс-әрекеттің белгілі бір білім көлемін меңгереді, игереді, математика, химия, экология оқулықтарындағы теориялар мен заңдармен танысады. Мысалы, дифференциялды интегралды есептеу теориясы, атомдық молекула оқуы, Д. И. Менделеевтің периодтық заңдар табиғат құбылыстарының терең байланыстылығын ашады, материалдық және рухани өзара байланыс заңдылықтарын түсіндіреді, коршаған дүниені тану заңдылықтарын материалистік тұрғыдан түсіндіруге күш салады.

Физика, химия заңдарын білу және ол заңдылықтарды түсінуге арналған тәжірбиелер жасау оқушылардың дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінігін, дүниетанымдылық көзқарасын және сенімін нығайтады. Физика, астрономия адамның табиғат сырын бірте-бірте ашуы, тануы және ашылған заңдарды пайдалану туралы оқушылар түсінік алады.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда гуманитарлық ғылымдардың орны ерекше. Тарих, әдебиет сабақтарында қоғамның дамуы туралы, адам өмірінің мұраттарының, мінез-құлығының бағыттылығына, іс-әрекетінің мақсатын анықтауды түсінеді.

Тарих пәні қоғамның даму заңдарын түсінуге мүмкіншілік жасайды.

Әдебиет сабағында оқушылар өмір шындығын, отандық және дүниежүзілік мәдениеттің барлық прогресшіл дәстүрлерімен, идеялық байлығымен танысады.

Сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, ой-өрісін кеңейтеді, еңбекке, мамандық таңдауға көзқарастарын қалыптастырады.

Осы салада түрлі пән, техникалық, жас натуралистер, қолөнер үйірмелерінің тәрбиелік мәні зор.

Мектеп пен отбасы, ынтымақтаса отырып,оларды пайдалы еңбекке айналастыру арқылы оқушының дүниетанымын дамыта түседі.

«Білім» сөзі - өте күрделі және көп мағыналы ұғым. Жалпы мағынасында білім адамның жүйеленген білік, дағдыларды меңгеру үрдісі мен нәтижесі. Ақыл мен сезімнің дамуы, дүниеге көзқарас пен танымдық қабілеттің қалыптасуы. Білім мазмұнына тек оқыту нәтижесі ретіндегі білім, білік, дағдыоар ғана кірмейді, бұл ұғым аясы болып жатқан окиғаларды сын тұрғысынан ой елегінен өткізу, шығармашылықпен жұмыс істеу.

Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдірудің қайнар көзі- мәдениет немесе әлеуметтік тәжірбие. Дегенмен, әлеуметтік тәжірбиенің мазмұны, немесе мәдениет мектептегі білім мазмұнын толық анықтамайды. Міне, осылар материал таңдаудың және оны тиісті құрылымға құрастырудың факторларын анықтайды. Бұлар - ғылым, қоғамдық қатынастар тәжірбиесі, материалдық және рухани өнім жасау, қоғамдық сананың түрлері, т.б. жоғарыда айтылған қайнарлардың білім беру материалын құрастыру нақты психологиялық және тарихи талаптарды ескере отырып жүргізіледі.

Осы талаптарға сай әлеуметтік тәжірбиенің мазмұны, педагогикалық сын тұрғысынан қарастырылады. Білім мазмұнын құрастыруда сол сияқты балалардың жекелік -тұлғалық дамуының, олардың қабілетінің дарындарының, қызығушылықтарының талаптары ескерілуі тиіс. Осы мақсатта жалпы білім беру мақсатында міндетті пәндер мен катар оқушылардың қызығушылығына қарай таңдайтын таңдау пәндері де шгізілген.Бұл оқушылардың өзіндік қасиеттерінің, кәсіби бағытталуының тереңдеуіне жағдай жасайды.

Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасының ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.

Сондықтан білім берудің басты міндеттері:

оқушының өзін қоршаған, өзі өмір сүретін жаңа әлеуметтік ортаға үйренуі, онда жаңа әлеуметтік мәртебе- оқушы мәртебесінің қалыптасуы;

оқу, ойын, еңбек, қарым-қатынас,т.б. әрекет түрлерін кажетті деңгейде меңгеруі;

айналадағы дүние мен дара тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық, адамгершілік негіздерін қамтамасыз ету.

Бастауыш саты оқушысының жас ерекшеліктеріне сай таным мүмкіндіктерін және оқыту мақсатының оқушы тұлғасын тәрбиелуге бағдарланатынын ескерсек, онда бұл сатыда оқылатын пәндерді ғылымдар негіздері түрінде құруға болмайтындығы түсінікті, мұнда негізінен оқушыда мәдениеттің базистік қырларын қалыптастыру бірінші орынға шығады. Осыған орай білім мазмұнын былай жүктеуге болады: коммуникативтік мәдениет,(ана тілі), ақыл-ой мәдениеті (математика, жаратылыстану, қоғамтану), эстетика және адамгершілік мәдениеті, еңбек мәдениеті, дене тәрбиесі.

Бастауыш сатыда білім берудің жоғарыда көрсетілген түбегейлі мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда әр оқу пәнінің өз орны мен рөлі бар. Бұл тұрғыда оқулықтардың атқарар қызметі зор. Осыған орай оқулықтарға қойылатын талаптарға тоқталайық:

- Оқу материалының қазіргі ғылым мен техниканың дәрежесіне баяндалуы;

- Жоғары идеялығы мен оқулықтар мазмұнының бағдарламаның мазмұнын ұғынуға лайықты болуы;

Оқулық материалдары жүйелі және бірізді түрде оқушылардың жалпы және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы, т.б.

Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе, Ахмет Байтұрсыновтың: "...Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім. Екіншісі - оқыту ісінг керек құралдардың қолайлы һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істемейді һәм құралдар кандай болса, істеген істе сондай болмақшы. Үшінші - мектепке белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып шығуы үшін оның үлгісі не мезгілді өлшеуі болуы керек. Үлгісіз не өлшеусіз істелген іс - ол не артық, не кем шықпақшы..." -деген оқытудың дидактикалық негіздерін ғылыми тұрғыдан нақтылап белгілеп берген сөздерін келтіруге болады.

  1   2   3



Похожие:

2-4 І тарау. Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың негізі iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
2-4 І тарау. Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың негізі iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
2-4 І тарау. Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың негізі iconТақырыбы. Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері Мазмұны. Кіріспе. І тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
Тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
2-4 І тарау. Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың негізі icon3 і-тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық негізі
Тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық негізі
2-4 І тарау. Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың негізі iconМазмұны Кіріспе 3-5
Тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негізі
2-4 І тарау. Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың негізі iconБастауыш сыныпта сын есімді оқыту. Жұмыстың жалпы сипаты 1-3 І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологялық ұғымдардың мазмұны мен олардың өзара сабақтастығы
2-4 І тарау. Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың негізі iconБастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың педагогикалық шарттары мазмұНЫ
Оқу процесінде дамыта оқытудың ролі, педагогикалық теориялық негіздеулері
2-4 І тарау. Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың негізі iconДокументы
1. /Бастауыш сыныптарда о?ытуды? ?д_с-т?с_лдер_.docx
2-4 І тарау. Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың негізі iconБастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту. Мазмұны Кіріспе. І тарау
Тарау. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамытудың теориялық негіздері
2-4 І тарау. Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың негізі icon4-5 I. Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық- психологиялық ерекшеліктері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов