Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны icon

Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны



НазваниеМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
страница2/4
Дата05.05.2013
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4

1 кесте




Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық негізгі мақсатқа сай оқыту мәнін,мазмұнын нақтылауда психологиясын білу, оқу,қабылдау, игеру,ой елегінен өткізу, бекіту, қолдану,қорытындылауды байланыстыру.

Бастауыш сыныпта оқытудың педагогикалық негізі стандарт, типтік бағдарлама, тақырыптың күнтізбе бойынша оқу материалдарын игеру амалдарын жасау,оқыту әдістемелерін, технологияларын түрлендіру арқылы оқу үлгерімін жетілдіру жолдарын қарастыру. Мақсат оқу үлгерімін жетілдіру үшін.

  • білім негіздерін қабылдау сапасын жақсарту;

  • икемділік,іскерлік,дағдысын арттыру;

  • түсіну,ұғыну және ой елегінен өткізу;

  • оқу материалдарын бекіту;

  • зерделенген,игерген оқу материалдарын іс-тәжірибеде пайдалану,

  • диагноздау нәтижелеріне сай оқу,оқу және амалдарын түрлендіру,жетілдіру;

Оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру басты мақсат, оны жүзеге асыру үшін әрбір кезеңнің міндеттерін сапалы орындау, іс-әрекеттерін талдау, бастауыш сынып оқушыларының танымдық процесін басқару, күрделі қиын еңбектер-ғана үздіксіз оқу нәтижесін береді:


^ 1.2. Бастауыш сыныпта оқытудың әдістері және оқу үлгерімі мәселелері.

Бастауыш білім беру мазмұны балалардың жан-жақты дамуы, олардың ойлауын қалыптастыру, танымдық қызығушылықтарын арттыру, білім алуларын дамыту және болашақ еңбек қызметін даярлаудың негіздерін құрайды.

Бастауыш сыныпта оқытуда басты мақсаты оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру үшін білім беру мазмұнын сапаландыру. Оқыту мақсатын жүзеге асыру құралы ретінде мазмұны: адамзат, болашақта қоғам мен жеке адамдардың қажеттілігіне сай болуы керек, олар-бастауышта білім беруді қалыптастыру құралыстары:

  1. білім беру мазмұны;

  2. әлеуметтік және ғылыми жетістіктер,

  3. қоғамдық қажеттіктер;

  4. жеке қажеттіктер;

  5. педагогикалық мүмкіндіктер;

Мүмкіндіктер педагогикалық процесті, әсіресе бастауыш мектептің материалдық-техникалық жабдықталу және экономикалық ресурстарын жарақтандыру деңгейін реттейді."Қазақстан-2030" стратегиясына сай бастауыш мектепті оқыту мазмұнын анықтап, ұлттық және жалпы азаматтық дамуы,құндылықтары алынып дамытылуы, жалпы мазмұнында:

  • гуманизациялау;

  • нитеграциялау;

Мотивтер 2кесте

Түрі бойынша

Әлеуметтік танымдық


Танымдық




2 кесте

р/с

Танымдық мотивтер деңгейі бойынша

1

Кең әлеуметтік мотивтер




2

Тар әлеуметтік мотивтер




3

Әлеуметтік ынтымақтастық мотивтер




4

Кең танымдық мотивтер

Білім алу нәтижесін көру,қанағат алуға жету

5

Оқу танымдық мотивтер




6

Өз бетінше оқу мотивтер

Сапалы білім алу үшін



  • диффенияциялау;

  • тұлғаны жан-жақты дамыту;

  • азаматтықты қалыптастыру;

  • ғылыми маңыздылығы;

  • практикалық мәнділігі;

  • жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;

  • жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану;

Мазмұн элементтері-білім, икемділік, іскерлік, дағды, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық қызметінің тәжірибесі сапаланумен оқу үлгерімі жақсарады.Оқу үлгерімін жақсарту өте күрделі, қиын мәселе-ол баланың мотивіне тәуелді. Мотивтер көп, әрқашан өзара байланысты, педагогикалық процесте біз көптеген әсер етуші мотивтермен іс-жүзінде кездесеміз, оларды врарыл бойынша жіктеуге болады.

Түрі бойынша:

  • әлеуметтік;

  • танымдық мотивтер болып бөлінеді;

Деңгей бойынша:

  • кең әлеуметтік мотивтер (борыш, жауапкершілік, білім алудың әлеуметтік маңыздылығын түсіну); Ең алдымен білім алу арқылы қоғамда орнын табу, өзінің әлеуметтік мәртебесін бекіту;

  • тар әлеуметтік мотивтер (болашақта маман болу, белгілі қызметке орналасу, қоршаған ортаға танылу, еңбегін бағалауға жету);

  • әлеуметтік ынтықмастық мотивтер (өзара қарым-қатынастар жасауға бағдарлану, сыныпта өзінің орнын, ролін анықтау).

  • кең танымдық мотивтер-білім алу және оның нәтижелеріне сай қанағаттану, оқу үлгерімі арқылы танылуы.

  • Оқу-танымдық мотивтері (білім алу тәсілдеріне бағдар беру, нақты оқу пәндерін игеру, оқу үлгерімін жақсарту-ол үздіксіз, жүйелі оқу,оқу және оқу екендігін ұқтыру);

  • өз бетінше оқу, өз бетінше білім алу (сапалы білім алу үшін қосымша оқу, қайталау, пысықтау, бірлесіп оқу).

Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімі жағдайына тәуелді және мотивтер бағыт береді:

  • борыш сезімі;

  • мұғалімнің мақтауына жету;

  • жазалаудан қорқу;

  • үлкендердің талаптарын орындау әдеті;

  • танымдық қызығушылық;

  • сыныпта орын табу,танылу;

  • намысы;

  • ата-анасын қуанту әрекеті;

  • сыныптастарынан қалмау,озу;

Әрбір сыныпта дертіндегі білімге деген қатынас бөлінеді, оны психологиялық, педагогикалық тұрғыдан байқап, бағалау, жасау оқу үлгеріміне ықпалы сезіледі.

Оқу үлгеріміне ықпалы мол мотивтеу бастама мен танымдық қызығушылықтарына қатысты:

  • оқу тапсырмаларын орындауға даярлығы;

  • өз бетінше қызметке ұмтылысы;

  • тапсырмаларды орындауға саналық;

  • оқудың жүйелігі;

  • өзінің жеке дейгейін арттыруға ынтасы;

Оқу үлгерімін жетілдіру жолдарының бірі санасын арттыру, оқу материалдарын игеруге жол табу ұмтылуы,тиімді жол табу.

Оқу материалын оқушылардың санасына қалай жеткізу керек? Балалар білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды игере алуы үшін олардың белсенді танымдық қызметін қалай ояту керек? Оқушылардың оқуға деген оқытуды қатынасын тудырып, олардың білімдерін сенімге айналдыруға қалай көмектесу керек? Ынтасы барларды да, ынтасы жоқтарды да түгелдей қалай оқыту керек? Бұл мәселелерді мұғалім сабаққа даярлағанда күн сайын шешуіне тура келеді. Бұлардың бәрі қалай болған күнде де оқытудың мейлінше табысты әдістерін іздестіруге байланысты болады. Оқыту әдістері деп нені түсіну қабылданған? Оқыту әдістері-оқыту міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың бірлескен қызмет тәсілдері.

Қазіргі дидактика оқыту әдісінің талаптандыратын функциясына үлкен көңіл бөледі. Әдістің атқаратын қызметі білімдерді жай бере салу емес, мектеп баласының танымдық қажетін, қандай да болсын міндетті шешуге оның ынтасын ояту болып тұр.

Жаңа аспектілер әдістің дамытушылық және тәрбие беруші функцияларында көрінеді.

Оқушыларды танымдық қызмет тәсілдерімен қаруландыру-оқу әдісінің дамытушылық функциясын арттырудың аса маңызды тенденциясы. Ынтықмастық, коллективтік толғану жағдайларын жасау, өзара көмек қатынастары, міндетті өздігінше шешу жауапкершілігі-осы бағытта оқытуды одан әрі жетілдіру әдістері іздестірілуде.

Оқыту әдістерін құралдардан ажырата білу керек. Әдіс қызметпен тығыз байланысты және қызметтен тыс өмір сүрмейді. Оқыту құралдары ретінде оқулықтар, кітаптар, анықтамалықтар, оқу құралдары, техникалық құралдар, сөздіктер, көрнекті құралдар пайдаланылады. Олардың түрлі мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін. Қайсыбір қызметке енгізіле отырып, олар қызмет мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқыту процесінде түрлі құралдарын пайдалануды қызмет әдісінің өзі өзгертеді. Сан алуан құралдары пайдалану оқу әдісінің құрылымын өзгертуге жеткізеді. Мәселен, мұғалімнің әңгімесіне кинофрагменттерін енгізу мұғалім мен оқушылар қызметінің сипатын өзгертеді.

Әдістің жеке бөлшектерін, оның құрамды элементтерін методикалық тәсілдер деп атайды. Егер әдістің көмегімен оқу метериалының негізгі мазмұнын игерсе, ал қандай да болсын методикалық тәсілдер пәнінің немесе тақырыптың жеке мәселелерін тереңдеп игеруді қамтамасыз етеді. Практикада көптеген мөлшерде сан алуан методикалық тәсілдерді кездестіруге болады. Бұлардың кейбіреулері көптеген пәндерге ортақ, басқалаларын сол пәнді оқытқанда ғана қолдануға болады.

Мұғалім балаларға қажетті білімдерді қамтамасыз ете алатын, олардың ақыл-ой қызметін оятатын, бұлардың бойында оқуға деген ынтаны дамытып, қолдайтын жұмыс әдістері мен тәсілдерін таңдап алады.

Оқу жұмысының методикасын жетілдіру үнемі жүріп жатады. Қазіргі кезең оқыту әдістерінің саласында ерекше қарқынды ізденулермен сипатталады.

Халыққа білім беретін қызметкерлерін бүкіл оқу-тәрбие жұмысын одан әрі сапалы жетілдіре түсуге шақырды. Өзінің білімдерін дербес толықтырып ғылыми және саяси информацияның ағындаған тасқынында бағдарлай білуді дарытудың, маңызы зор.

Жаппай орта білім алуды және мектепті одан әрі жетілдіре түсуді жүзеге асыру ұйымдастыру мен жұмыс методикасында бұрынғыдан да көбірек оралымдылықты, оны оқушылардың түрлі категорияларына бейімдеуді талап етеді.

Қазіргі кезде дидактикада оқыту әдістерін саралаудың шұғыл байқаулары өтіп жатты. Оның барлық белгілі әдістерді белгілі бір жүйеге келтіру және олардың ортақ сипаттары мен ерешеліктерін ашу тәртібі үшін үлкен маңызы бар.

Неғұрлым ерте саралау әдістерді мұғалімнің жұмыс әдістеріне (әңгімелеу, түсіндіру,әңгімелесу) және оқушылардың жұмыс әдістеріне (жаттығулар, өздігінен атқартын жұмыстар) бөлу болып табылады.

Соңғы кезде оқушылардың ойлау қызметіне басшылық ету сипатына қарай әдістерді саралау ұсынылып түсіндірме, иллюстрациялық, репродуктивтік, проблемалық баяндау, ішінара іздестіру, зерттеу әдістері.

Білімдерді алу-көзіне қарай әдістерді саралау көбірек қабылданғаны саналады (сөздер, көрнекі құралдар,практикалық қызмет). Осылай қарауға сәйкес әдістер үш топқа біріктіріледі.

1.Сөйлеу әдістері: әңгімелеу,түсіндіру,әңгімелесу,оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу.

2.Көрнекілік сөйлеу әдістері:бақылау,көрнекі құралдарды көрсету, кинофильмдер мен диальмдер.

3.Практикалық әдістер:ауызша және жазбаша жаттығулар.

Жаттығулардың сипаты мен методикасы оқу пәнінің, нақтылы материалдың, оқылатын мәселенің және оқушылар жасының ерекшеліктеріне байланысты.Алайда дидактика жаттығуларды жүргізудің бірқатар ортақ ережелерін тұжырымдайды.

Жаттығуды орындау мақсаты мен тәртібін оқушылардың санасына жеткізу бірінші ереже болып табылады.

Жаттығудың сан алуандылығы-оларды ұйымдастырудың екінші маңызды ережесі.

Үшінші ережесі-жаттығуларды жүргізу жүйелілігі. Мұнда жаңа материал түсіндірілгеннен кейін жаттығулар жиі беріледі. Жаттығудың қиындылығын бірте-бірте арттыру-оларды өткізудің келесі ережесі.

Жаңа материалды оқып үйренгеннен кейін мұғалім бірден соған стене тән жаттығуларды береді, бұларда оқушылар үйренген белгілер мейлінше айқын да бадырая көрінеді. Жаңа материалды оқушылар берік игерген соң балалар пәннін басқа да тақырыптары білімдерін пайдаланып орындаулары үшін

^ Білім алу ****қатысты әдістерді жіктеу

3 кесте

р/с

әдістер

мотивтер

1

Сөйлеу

1.1.әңгімелеу

1.2.түсіндіру

1.3.әңгімелесу

1.4.оқулықтық жұмыс

1.5.электронды оқулықпен жұмыс

2

Көрнекілік

2.1.бақылаулар

2.2.көрнекі құралдарды көрсету

2.3.оқулық, техникалық

2.4.комьпютер арқылы көрсетіледі

2.5.Он-лайн тәсілінде

3

Практикалық

3.1.ауызша

3.2.жазбаша

3.3.матрицалық тест

3.4.комьпютерлік тест

3.5.зерттханалық, шеберханалық


тапсырмалар мен жаттығулар беріледі.

Егер балалар оқу еңбегінде: есепті тексере отырып шығаруда, ана тілі бойынша жаттығуларды орымдағаннан кейін тексеруде,өзін-өзі қадағалауға үйренген жағдайда жаттығулардың тиімділігі арта түседі. Дұрыс ұйымдастырылған жаттығулардың үлкен тәрбиелік маңызы болады. Оқушыларға жаттығулардың ықпал сипаты олардың өзіндік орындалу сипатына байланысты. Жаттығулардың мазмұнының да маңызы кем емес. Бұл жоғары идеялылық талапқа сай болуы тиіс.

Бастауыш кластарды көптеген сан алуан жазбаша жаттығулар беріледі. Бұл ерекше мұқият орындалуға және жақсы толтырылуға тиіс. Бұл орайда барлық оқушылардың дәптерлдерді ұқыпты жүргізудің маңызына болашақ мұғалімнің назарын аударғым келеді. Мектептерде қатал орындалып отыруға тиісті дәптер жүргізуінің белгілі бір режимі орнатылуы қажет.

Оқу-практикалық жұмыстар. Бұлардың мақсаты оқушылардың алған танымдық білімдерін бекітуді және нақтылауды, оқытудағы мен практиканың байланысын толығырақ жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Практикалық жұмыстар тек класта ғана жүргізілмейді. Бұған өсімдіктерді баптап өсіру, малды күту, егінді жинау, мектеп жанындағы учаскелердегі сабақтар енгізіледі. Тікелей еңбек бұл практиаклық жұмыстың логикалық жалғасы, оның қажетті құрамдас бөлімі.

Мектептің оқу-тәрбие беру процесінде практикалық жұмыстардың көлемін ұлғайту дидактиканы олардың тиімділігін арттыру жағдайларын іздестіруге ите,рмелейді. Практикалық жұмыстардың ғылыми білімдермен тығыз байланысты осындай жағдайлардың бірі асыру өмір шындығын бейнелі түрде қабылдауға байланымты қалыптасатын түсініктерін ролін ешбір кемітпейді. Табиғат құбылыстары жөнінде, тарихи оқиғалар мен осы заманғы қоғамның өмір оқиғалалары туралы, қазіргі кездегі техника туралы, көркемөнер шығармалары туралы берілетін түсініктер бастауыш кластардағы программалық материалдың елеулі бөлігін құрады.

Оқыту үстінде заттық-бейнелік көрнекілік арқаратын рольді кейбір методикалық әдебиеттер мен бірқатар мектептердегі жұмыс практикасында орын алғанындай кемсітудің ешбір қисыны жоқ. Бұған оқыту ісіндегі эмпирикалық және теориялық бастамаларды бір-біріне орынсыз қарама-қарсы қою есебі болып келді. Программалық материалды игеру деңгейі, демек,оқыту ісінің әсерлілігі де көрнекіліктің әралуан құралдарын пайдаланып отыруға көп жағынан тәуелді келеді. Бұрынырықта көрсетіп кеткеніміздей, белгілі бір жағдайларда көрнекі құралдарды пайдаланып отыру оқушылардың абстрактілік ойын дамытуға ғана емес,сонымен бірег оқушылар тарапынан аса маңызды ойлау операцияларының меңгерілуіне септігін тигізеді.

Оқу процесінде көрнекі құралдарды пайдалану белгілі бір жағдайларда ғана әсерлі болады деп біз жайдан-жай жақылыс айта салған жоқпыз. Ендеше ол нендей жағдайлар?

Көп мәселенің түйіні сол көрнекі құралдардың сипатына тәуелді болады. Мұғалімнің сабақ үстінде қандай да бір көрнекі құралдарға қандай роль жүктейтіндігінің де едәуір маңызы бар. Оқу процесінде әр-түрлі информациялық деректерді, оның ішінде көрнекі құралдар мен мұғалімнің ез сөзін бір-бірімен дұрыс ұштастырып отырудың мәні зор.

Көрнекі құралдар оқушылардың оқу процесіндегі роліне қарай екі үлкен топқа:-заттың-бейнелік көрнекі құралдары (картиналар, фотосуреттер, суреттер, диапозитивтер, диафильмдер, кино үзінділері, кино фильмдер, табиғи обьектілер және т.б.) мұғалімге түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру кезінде сезімдік қабылдауына оқушыладың арқа сүйеуіне жәрдем беріп отырады. Екінші жағдайға көрнекі құралдар (схемалық көлемді модельдер, схемалар, чертеждер, карталар т.с.с) оқылатын обьектілердің күрделі байланыстарын, өзара тәуелділігін және қатысын, олардың нақтылы,бейнелі қабылдауға көндікпейтін ішкі құрылымын түсіндіру үшін керек.

Өмір шындығының адам санасында бейнеленуі сезім мен тиімділіктің біртұтастығы жағдайында жүзеге асатындығы белгілі.

«Сезімдік таным да, абстрактілі ойлау да жекелей,бір-бірінен бөліп алғанда зерттеліп отырған объектінің мәнін толық таныта алмайды»,-деп ескертеді А.П.Шептулин. Танымның әр түрінің өзіне тән ерекшелігі болады және ол таным процесінде, оның ішінде оқу танымында да белгілі бір орынға ие болады. Осыған байланысты көрнекіліктің бір түрлерін жан-жақты етіп жіберуге, ал оның екінші бір түрлерін жеткілікті түрде бағаламауға болмайды. Оқу процесінде заттың- бейнелік және таңбалы көрнекілікті бір-бірімен ұштастырып отыру қажет, мұның өзі, оқылып жатқан объъектінің қасиеттері мен белгілерін барлық жағынан алып қарастыруға мүмкіндік береді.

Көрнекіліктің қандай түрінде болсын изоморфизм мен қарапайымдылық ұштастырылып отыруы керек.

Көрнекі құралдардың изофермизмі туралы айқанымызда оқылып жатқан объектілердің құрылымы және қатынастары көрнекі құралдар арқылы берілген кескіндемемен, ол кескіндеме қандай формада жүзеге асырылмасын, тепе-тең екндігін естен шығармау керек. Қабалдау қарапайымдылығы мәселесіне оралсақ көрнекі құралдар жасаған кезде оқылатын объъектінің барлық маңызы шамалы бөлшектері мен ұсақ-түйек жақтары керексіз етіліп, ұғымдардың негізгі қасиеттерін немес түсініктің басты компоненттерін белгілейтін-тек ең маңызды бөлшектері мен жақтарын ғана сақтау арқылы қол жеткізіледі.

Мектеп практиаксын дәл осы сабақта оқылып жатқан объектінің анағұрлым маңызды жақтарын айқын бейнелей алатын, оқушыларға дәл осы түсініктің немесе ұғымның негізгі оларды жинақтап-қорытуды қажет ететін тап сол маңызды белгілері ажыратып алуға, одан соң біріктіріп топтастыруға кедергі жасайтын басы артық ұсақ-түйектерден аса көрнекті құралдарды пайдаланудың әсерлілгін дәлелдейді. Бұрынырақ көрсетіліп кеткеніндей, өздерінде образды бейнелер схемалық бейнелермен ұштастырылып отыратын көрнекі құралдар да пайдалы келеді, мұның өзі оқушы ойының нақтыдан абстрактілікке қозғалысын жеңілдетеді.

Көрнекіліктің әр құралы оның жоғары әсерлілігін қамтамасыз ететін оқу процесінде өзі атқара алатын өзіне ғана тән ерекше қызметке ие болып отырады.

Қандай да бір нәрсе туралы тек жалпы түсінік алу керек болған кезде (ал мұның өзі көбінесе төменгі кластарда орын алады), натуралды объектілерді демонстрациялау немесе олармен тікелей табиғаттың өзінде танысу,сабақ үстінде табиғи тарапта-көрнекі материалды пайдалану анағұрлым тиімді болады. Әсерлілігі аздау болғанымен, иллюстрацияды көрнекілік:картиналар, диапозитивтер және диафильмдер көмегімен де қандай қа бір зат туралы тұтастай түсінік туғызуға болады.

Алайда оқылатын объектілер туралы немесе құбылыстардың аса маңызды қасиеттері туралы олардың динамикалы бейнемелері өте көп-жағдайда дұрыс та жан-жақты түсінік береді. Бұлар, мысалы, балаларда жануарлардың тіршілік етуі, кейбір табиғи құбылыстар мен тарихи оқиғалар туралы түсініктер тудыру үшін қажет. Табиғат тану курсында оқылатын оқандай да бір құбылыстың ішкі даму процестерін де динамикалық қозғалыс күйінде көрсеткенде тиімді. Мұның өзі олардың ішкі мәнін анағұрлым толық ашуға мүмкіндік береді. Мұнда кинофильмдер мен киноүзінділері көрнекіліктің анағұрлым пәрменді құралдары бола алады. Алайда оқылып жатқан объектінің жеке жақтарын анағұрлым егжей-тегжейлі қарастыру қажет болған жағдайда кино көмекші құралдарының аталған артықшылығы ада болады. Мұны статикалық көрнекілік, яғни таблицаларды, диапозктивтерді демонстрациялау,иллюстрация лы тарапта материалдармен жұмыс істеу бере алады.

Ғылым негіздерін оқытудың теориялық дәрежесін көтеру сонымен бірге көрнекіліктің көптеген құралдарының сипаты мен құрылымына елеулі өзгерістер негізуді және осыған қоса оларды сабақта пайдалану тәсілдерін жетілдіре түсіруді шарт етіп қояды. Көрнекі құралдарды өзгерту ісі құбылыстардың, нәрселердің аса мәнді қасиеттерін, олардың өз арасындағы және олардың элементер арсындағы қатынастарды айыра алуға және қабылдауға кедергі жасайтын бейнелеу артықшылықтарынан және тым көп ұсақ-түйектерден арылту бағытында жүргізілуге тиіс.

Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру арқылы оқу үлгерімін жетілдіру жағдайы туындайды,ол үшін бала:

  • өзінің ойын айтып,пікірін дәлелдеуіне мүмкіндік беру;

  • сабақтың кез келген кезеңінде, элементінде (жаңа сабақты түсіндіру,үй тапсырманы сұрау,өзіндік жұмыс,сабақты бекіту,үйге тапсырма,еңбектерін бағалауда және т.б.) малқылау,талдауға қатысуы;

  • сыныптастарына және мұғалімге сұрақтар қоюға қатысуы;

  • балалардың жауаптарына пікірін білдіруі;

  • сыныптастарының жауаптарын және жазба жұмыстарын жағалаулары;

  • үлгермеушілерге көмектесу;

  • түсінбейтін мәселелерді балалардың өзара түсіндірулері;

  • тапсырмаларды шамаларына сай алу еркіндігі;

  • танымдық міндеттер,проблемалар, жағдайларға мүмкін болатын бірнеше нұсқаларын табу;

  • өзін-өзі тексеру,өзінің жеке танымдық және практикалық іс-әрекеттерне жасау жағдайын туындату;

  • өзіне белгілі тәсілдерді пацдаланып танымдық құбылыстар,процестер,мәселелерді шешуге кешенді жолдарды қарастыру;

Мотивтер-ол оқушылардың оқуға,іс-әрекет жсауға, намысқа тырысуға, қатарынан қалмауға ой туындату, себеп болу, өзін-өзі жігерлендіру арқылы тәртібін,мінез-құлқын, әрине оқу үлгерімін жетілдіру. Оқыту процесінде бір мезгілде бірнеше мотивтер әсер етеді. Оқушылардың оқу іс-әрекетінде мотивтерін анықтап, соған қатысты білім беру амалдарын жобалайды,нақтылап жүзеге асырады. Мотивация заңдарын білу-мектептік проблемалардың көпшілігін шешуге жол табу болып есептеледі.

Оқушылардың оқу үлгермін жетілдіру жолдарының бірі әрине ұстаз еңбегі, бастысы өзінің белсенділігі,ынтасы іс-әрекеттері,сыныптастарының оқуға деген бірлесіп, ынтымақтасып іс-әрекеттерін сапаландыруына.

1   2   3   4



Похожие:

Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconБастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту. Мазмұны Кіріспе. І тарау
Тарау. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамытудың теориялық негіздері
Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconБастауыш сыныпта сын есімді оқыту. Жұмыстың жалпы сипаты 1-3 І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологялық ұғымдардың мазмұны мен олардың өзара сабақтастығы
Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау Бастауыш сынып математика сабақтарында пәнаралық байланыстар

Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері

Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconМазмұны Кіріспе 3-5
Тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негізі
Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconМазмұны. Кіріспе
Тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconМазмұны. Кіріспе
Тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconМазмұны Кіріспе i-бөлім. Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады. Ең үлкен пайданы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов