Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны icon

Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны



НазваниеМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
страница3/4
Дата05.05.2013
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4

II-тарау. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдары.

^ 2.1.Бастауыш сыныпта оқушыларды оқыту және оқу үлгерімін жетілдіру.

Оқыту процесіндегі оқушының оқудағы, білім алуындағы тұрақты күшті ықпал жасайтын мотив-ол қызығушылық,сабаққа,сабақ оқуға, білімге,білім алуға. Қызығушылық-ол оқушының ерекше маңызды сезетін, оқу іс-әрекетін нақты жасауға жеткізетін себеп, маңызды, мәні бар әрекеттер. Қызығушылық танымдық қажеттіліктің білінуі, нысаң немесе құбылысты тануға ұмтылу формасы,белгілі іс-қызмет түрін игеру деп түсінуге,анықтама беруге болады.

"Қызығушылық-ол балалардың тәртібін табиғи қозғалтқыш есебінде, инстинктілік ұмтылысының сенімді білнуі, баланың қызметінің қызығушылық шектеулік тұтынушымен сай келуі"-деп атап көрсетті. Л.С.Выготский (Выготский Л.С. Педагогическая психология.-М.1996,с.84)

Оқытуға қызығушылық әсерінің,әрекетінің жалпы заңдылығы белгіленген:

Бірінші-оқушылардың қызығушылықтарының білім деңгейі мен сапасына тәуелділігі, ақыл-ой қызметнің жинақталуы, қалыптасуы.

Екінші-оқушылардың қызығушылығының олардың мұғалімге қатынасына байланыстылығы.

Өздері жақсы көретін,құрметтейтін педагогтардың сабақтарын қызыға оқиды, олай болса ұстаз білімді болу басты шарт екен. Ең алдымен педагог, келесі оның ғылымы, оқыту әдісінің меңгеруі, балалардың психологиясын жан-жақты игеруі, оқыту талаптарын орындау деңгейі, педагогикалық әдептілігі, педагогикалық шеберлігі.

Оқушылардың тұрақты танымдық қызметтерін, қызығушылықтарын қалыптастырудың көптеген жолдары мен құрамдары ішінде практика анықтағандарын айтайық:

  • жүрегі жылынуыын бере сабақ беру;

  • сапалы білім беру, оқу материалдарындағы жаңалықты,бастысын жете түсіндіруі;

  • оқу материалдылығының тарихилығына мән беруі;

  • білім және оны ашылуына қатысты болжамдалуы,

  • зерделенген білімдернің практикаға қолданулындағы байланыстар және оқушыларды бағдарлау;

  • оқытудың нәтижесі, дәстүрлі емес инновациялық формалары мен әдістерін алмастыру,түрлендіруң

  • проблемалы оқыту;

  • эврикалық оқыту;

  • компьютерлік қолдау мен оқыту;

  • мультимедиа жүйесін қолдану,

  • интерактивті компьютерлік құралдарды пайдалану;

  • өзара оқыту (жұптап, шағын топпен);

  • білімдерін,икемділігін,іскерлігін тестілеу;

  • оқушылардың білім деңгейін көрсету;

  • табыс жағдайын жасау;

  • жарыс (сынып оқушыларының өзмен-өзінің);

  • сыныпта оң ауа атмосферасын туындату;

  • педагогикалық такт,педагогтың идеололгі;

  • педагогтың өзне оқыту пәніне және шәкірттеріне деген қатынасы;

  • мемлекеттік қатынастарды гуманизациялау;

  • он-лайн-сабақ тәсілін зерделеу,пайдалану әрекеттері және т.б.

Бастауыш сыныпта, басқада сатыларда оқушының қызығушылығы артса,ынта-ықыласпен балалар оқиды,белгісінің байқау қиын емес:

  • күлімдеп еңбек етеді;

  • көзі жайнап,оқу,оқу,оқу, үстінде болады;

  • қозғалыстары жеңіл,еркін,жылдам;

  • ол өз ісін қызыға, маңыз бере сапалы, тез,табысты орындауға бейімделгендей;

  • ой жұмыс іздеуде,қайталау,пысықтау,оқулық қарау бәрін ретімен жасауда;

  • есте болсын, ең маңызды,қажетті мотив білім алу-ол танымдық қызығушылық;

Қызығушылық қажеттілік ықпалымен туындайды үзілмес байланыста болады.Қызығушылық:

  1. жинақталған білім,іскерлік, икемділік деңгейімен сапасына, ақыл-ой қызметінің қалыптасу тәсілдеріне;

  2. оқушының мұғалімге қатынасына байланысты;

кіші жастағы оқушылардың оқуға деген мотивтерін қалыптастыру үшін келесі шарттарды қамтамасыз ету маңызды:

  • тұлғаның бағдарлық қызығушылығын арттыру үшін мазмұны материалдармен байыту;

  • барлық оқушыларға-талапты,үлгермеуші, бәрібір дегендердің өзіне гуманды қарым-қатынас жасау;

  • оқушылардың танымдық сұраныстарын және қажеттіліктерін қанағаттандыру;

  • балалардың өзара пікір алысуларын қызықты ұйымдастыру;

  • ойларын байыту,сезімдерін дамыту;

  • әлемнің, дүниенің құпияларын білуге деген білім құштарлығын қанағаттандыру;

  • өзінің мүмкіндіктерін өзіндік бағалау белсенділіктерін қалыптастыру;

  • өзін-өзі дамыту,өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыстарын арттыру;

  • балалардың ұтымды, тиімді бастамалаларын пайдалану, қолдау, пайдалаларын ата-аналармен бірлесіп,ақылдасып шешуге әрекеттер жасау;

  • оқу еңбегіне деген қарым-қатынасты тәрбиелеу;

Мұғалім өзінің оқушыларының оқу және мінез-құлқын мотивтерін тұрақты зерделеу арқылы оқу үлгерімін жетілдіру амалдарын ұтымды табады. Оқу материалының мазмұнын сапаландыру,зерттеулерге сай ұсыныстарды ескеру қажет.

Мұғалімдер бастауыш білім берудің жаңа мазмұнына байланысты оқытуды да жүзеге асыруға баса зор назар аударып отыр. Солай болғанмен де олардың біраз бөлегі үшін оқушылар білімін дамыту критерийі толық айқындалмай отыр.

Бастауыш сыныпта оқушылардың үлгерімін жетілдірудің жолдары көбіне оқушылар білімінің дамуын олардың хабардар болуына қарай, әр түрлі салалардан, ең алдымен фильмдерді, телевизиялық хабарларды көру, радионы тыңдау, сондай-ақ ересектердің әңгімелерінен алынған көптеген еміс-еміс мағлұматтардың, фактілердің жинақталуына қарай бағалайды. Кейде төменгі сынып оқушыларының лексикасындаы ғылыми терминологияның мол қоры дамудық жоғары дәрежесі ретінде қабылданады. Оқушылар шын мәнінде ғылыми қиын терминдерді асқан шеберлікпен сан құбылта білгенмен, әлде бір себептермен көбінесе олардың мәнін түсіне алмайды. Мұнда «дамыған» оқушылар, эксперименттшілер жасаған атарлы «пәндік әрекеттерді ойдағыдай орындай отырып, бұрын таныс емес жағдайдағы ержені игеруге арналған практикалық тапсырма берілсе қиналып қалады, жазу кезінде грамматикалық талдаудан қателер жібереді.

Осындай қате түсініктің практикада дамуы оқушылардың білімді үстірт игеруіне әкеліп соғады.

Интелектуалды даму өзара байланысты және өзара шарттастық білім іскерлік пен дағдыны меңгеруді көздейді. Мұның өзі ең алдымен фактілерді білуді, олардың мәні мен маңызын түсінуді,бұрыннан белгілі білімге сүйене отырып,түсіндіре білуді талап етеді.

Бастауыш сыныпта оқушылардың үлгерімін жетілдірудің жолдары қу жұмысының барлық түрлеріндегі белсенділік пен дербестік оқушылар білімінің дұрыс дамуындағы маңызды көрсеткіш. Төменгі кластардың бұл жұмысын оларға маңызды логикалық операцияларды меңгермейінше орындаудың мүмкін еместігі өз-өзінен түсінікті.

«Балаларды дамыту-деп жазды Л.В.Занков,-бұл олардың туа пайда болған қабілеттерінің артуы ғана емес, сонымен бірге көп ретте мұғалімнің түлектерін дамытудағы мақсатқа орай және жүйелі түрде жүргізген жұмысының нәтижесі. Балаларды дамытуда интенсивті алға бастыруға бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында: біліммен қарулану да, дағдыларды меңгеруге де білімге құштарлықты қалыптастыруда қол жеткізеді».

Демек,төменгі клас оқушыларын интелектуалды дамуы тиісінше оқу процесінің мазмұны мен қойылу жағдайын жүзеге асыру қамтамасыз етіледі.

Бастауыш сыныпта оқушылардың үлегерімін жетілдірудің жолдары дамыта оқыту мазмұны барлық пәндерден бастауыш кластарды оқыту програмаларына арналған түсінік хаттарда ашып көрсетіледі.

«Оқылатын шығармалардың мазмұнымен жұмыс істеу барысында,-делінген оқу бойынша программаға арналған түсінік хаттарда,-балалар басты мәселені екінші кезектегі жайлардан айырып, негізгі ойды екшей білуге, шығарманы бірнеше бөлімге ажыратуға, олардың арасындағы байланысты анықтауға үйренетін болады. Бұл балалардың логикалық ойлауын дамытуға көмектеседі».

Орыс тіліне арналған программа түсінік хатында мынау атап көрсетіледі: грамматика мен емле ережесі элементтерін игеру процесінде балалардың тілдік материалды талдау, тілдік құбылыстарды салыстыру, тоатастыру және қорытындылау, басты мәселені табу шеберлігі жетіледі; ақыл-ой және тілдік дамуы жүзеге асырылады. Бұл программа балалардың оқылатын грамматикалық және орфографиялық құбылыстарды түсінуін, олардың өз пікірлерін түсіндіруін, дәлелдей білуін, тіл құбылыстарын салыстыруды, топтастыруды қалыптастыра білуін, жинақтаулар мен қорытындылар жасауды талап етеді. Бағдарлама балалардың білімін ауызша және жазбаша тіл практикасында қолдана білуіне аса зор маңыз береді.

Бсатауыш сыныпта оқушылардың үлгерімін жетілдірудің жолдары математикаға арналған программада тура және кері амалдар, компоненттер мен амалдар нәтижелері арасындағы өзара байланыс ашылады. Өзара байланысты ұғымдарды, амалдар мен есептерді салғастыруды, салыстыруды, қарама-қарсы қоюды үнемі қолдануға, қарастырылып отырған фактілердегі ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтауға зор маңыз беріледі. Оның ішінде бағдарламада уақытқа қарай есептердің іріктелуі мен орналасуы, сондай-ақ өзара кері есептердің жүйесі осы факторларды есепке алумен анықталған.

Оқушылардың кейбір есептерді шешу мүмкіндігі болатын алуан түрлі әдістерден өзіне-өзі есеп бере білу және өздеріне белгілі ең тиімді әдістері саналы түрде таңдап алу талап етіледі.

Бағдарлама есептеу тәсілдерін саналы түрде пайдалану, есептерді шешуде қарапайым ортақ тәсілдерді меңгеру негізінде есептеу дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

Математикаға арналған бағдарлама негізіне алынға елеулі принциптердің бірі әрбір жаңа мәселені мейлінше дәрежеде, бірақ сол жастағы оқушыларға сай деңгейде қарастыру принципі болыр табылады.

Еңбекке үйретуге арналған бағдарламаға техникалық жасаудың енгізілуі балалардың техникалық жасаудың енгізілуі балалардың техникалық ой-өрісін танытып, техникалық творчествоға қызығу белсенділігін тәрбиеге ықпал жасайды.

Бейнелеу өнеріне арналған бағдарлама мұғалімдерді оқушылардың өздігінен суреттер тақырыптарын таңдаудағы оларды ашудағы дербестігін ынталандыруға, олардың комрозициялары мен қол тумалылығын, орындалуының сезімталдығын, әсемділігін ынталандыруға бағыттайды.

Музыкаға арналған бағдарлама түсінік хатында көргендей, музыка тыңдау оқушылардың музыкалық қорын молайтуға, музыкалық ой-өрісін кеңейтуег және оларды қабылдауын дамытуға мүмкіндік беретін музыкалық тәрбиенің маңызды элементі болып табылады.

Оқытуды дамытудың міндеттерін іс жүзінде шешудегі көптеген қателіктер абстрактілі ойлаудағы бастауыш мектеп оқушыларның қабілеттерін жеткілікті балмалаудан туады. Осының нәтижесінде бірқатар мектептерде дағдыларды қалыптастыру күні бүгінге дейін «осылай істе» деген принцип бойынша, яғни нақты танымал және практикалық міндеттерді шешуге игерілген жалпы заңдылықтар мен жинақталған интелектуалды іскерлігін саналы түрде қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерге ұғынбастан еріп негізінде құрылып жүр.

Осы себептен кейбір оқушылар жаңа материалдарды оқу кезінде, оқу және практикалық тапсырмалардың жаңа түрлерін орындау кезінде игерген білімдері мен дағдыларын пайдалана алмайды.

Төменгі сынып оқушыларын оқытуда бастауыш класс оқушыларының күрделі абстракті ойлау формаларына, жоғары теориялық дәрежеде қорытындылауға әзірленген асыра бағалау нәтижесі болып табылатын қателіктердің екінші түрі едәуір қиындық келтіреді.

Балалардан осы тектес қорытындыларды талап ететін материалдарды сабақтарына енгізу, әдетте, күтпеген нәтижелерге душар етеді: оқушылар ұғымдардың тиісті анықтамаларын мәнін түсінбестен, үстірт жаттап алады, бұл олардың ойлау қабілетін дамытуға ешқандай мүмкіндік жасамайды.

Дамуға ұласатын бастауыш сыныпта оқушылардың үлгерімін жетілдірудің жолдары жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істеудің алғашқы жылдардағы тәжірибесі бастауыш оқыту кезінде білімге немқұрайлылыққа ұрындыратын түрлі құралдармен әуестенудің қажетсіз екенін көрсетті. Математика оқулығының I сыныпқа арналған бастапқы нұсқасында схемалар мен формулалардың өте көп болуы оқушылардың жұмысын едәуір қиындата түсіп, оқушылардың есептерді күрделі талдаусыз шешуіне-сандық мәліметтерді даяр формула қойып, берілген схема бойынша есеп мазмұнын жаяу арқылы олардың «ойлау әрекетін» шектеуге әкеп соғатынын ескерткен жөн.

Қазіргі гуманистік дидактикада оқыту принциптері оқу үлгерімін жетілдіру, сапаландыруды көздейді,олар:

  1. саналық және белсенділік;

  2. көрнектілік;

  3. жүйелілік және сабақтастық;

  4. беріктілік;

  5. қол жетерлік;

  6. ғылымилық;

  7. теорияның практикалық байланыстылық;

Аталған принциптер жаңа дидактикалық жүйе үшін талдамадан өткен, оларға барлық педагогтар келісім береді. Бұл принциптерді көпшілік танылғанды септеуге болады.

4 кесте




мақсат




міндеттері















технология












Білімдік дамытушылық және тәрбиелік жағынан білім мазмұнын оқыту үшін оқулыққа қандай талаптар қойылуы керек?

Мұғалім бағдарламаны толық орындауға міндетті болуымен қатар,өздігінен сабақ мазмұнын құрастыруға, оқу құралы немесе оқулықты таңдауға, жоспарлауда айтарлықтай еркін құқы болуы тиіс.Дегенмен де, еркімен таңдау барысында педагогтың өзі оқытатын оқу пәні туралы дидактикалық түсінігі болуы керек.

Білім мазмұнын құрастыру,оқу пәнінде ғылымның көрініс беруі, оқулықтарға қойылатын талаптар, оқушылардың оқу танымына басшылық жасау, оқу үрдісін ұйымдастыру, мазмұнның тәрбиелік потенциялын жүзеге асыру-осының бәрі оқу пәнәнің типі мен оның жетекші мақсатына байланысты болады. Оқу пәндерінің типологиясын білу мұғалімге өз пәнінің басқа пәндерге қарағандағы ерекшелігі мен орнын айқындап, өз қызметін тиімді ұйымдастыруға көмек беруімен қатар, әріптестерінің тәжірибесін шығармашылықпен ұғуға, әдістемелік бірлестіктердің жемісті еңбек етуімен қатар, сабақты, озат тәжірибені құрылымдық жағынан талдауына да көмек береді.

Шығармашыл бағытта жұмыс істейтін мұғалім өз жұмысының соңғы нәтижесінде тек бағдарламалар мен оқулықтарды «сөйлетуші» ғана емес: барлық материалдың меңгерілуін қамтамасыз етіп,осы немесе басқа да мәселелерге байланысты жіберілген қателер, қиындықтар мен кемшіліктердің орынын толытушы болып табылады.

ОҚУ ПӘНІ

Оқу пәні-білім мазмұнын жүзеге асыратын басты құралдардың бірі.

Оқу пәнінің дидактикалық үлгісі-пән мазмұны мен оны игеру құралдары, оқушыларды дамыту және тәрбиелеу сияқты бөлшектеуге келмейтін тұтастықты білдіреді. Оқу пәнінің үлгісі екі бөлім-екі блоктан тұрады: негізгі, оқу пәні мазмұнының оқу бағдарламасына енуі себебі және құралдар блогы (немесе үрдістік) білімді меңгеріп, (жалпы,арнайы,еңбек) біліктілік пен оқушылардың дамуы мен тәрбиесін қалыптастырады.

Алдымен оқулықтың негізгі блогын қарастырайық.

Педагогикалық ғылым мен практика оқу жоспарына енген барлық пәндерді: жаратылыстану ғылыми және гуманитарлық деп екі циклға бөлу шарт. Бұндай бөлу ғылымдарды зерттеу объектілеріне қарай бөлуге сәйкес (табиғат туралы ғылым және адам туралы ғылым: математиканы жаратылыстану ғылыми пәндерімен байланыстыру шартты түрде болған) келеді. Мысалы әр мұғалімнің алгебра, физика сабағына дайындығы әр түрлі болатыны жақсы білседе, дегенмен де, мектеп пен әдістемелік бірлестік осы қағиданы жиі ұстанады. Аталған пәндердің арасындағы пән аралық байланыс оларды оқыту мен меңгерудің толық негізін құрамайды. Сонымен қатар мысалы, тарих пен қазақ тілі бір гуманитарлық циклге жатқанымен, оқыту тәсіледерінен, оқыту үрдісінен ұйымдастырудың ортақтығын табу қиын.

Оқу үрдісін ұйымдастырудың жалпылығы мен ерешелігін тереңірек түсіну үшін оқу пәндерін басқа негізде біріктіру керек. Оқу жоспарындағы пәндерді жетекші мақсаттарына қарай біріктірген ұтымды. Тек жетекші мақсат қана оқу үрдісі мен мазмұнын құрастырудағы неғұрлым жалпылықты анықтай алады.

Әрбір оқу пәні бірнеше мақсаттан тұрады. Мысалға, физика оқу пәнінің алдында: белгілі бір біліктілік пен ғылыми білім жүйесін оқыту, диалектикалық-материалистік көз-қарасты қалыптастыру. Ғылымға деген тұтас қарым-қатынасты тәрбиелеу және т.б. тұр. Дегенмен, оқу пәнінің түрлі мақсаттары арасында оқулықтың оқу жоспарына енген жетекші мақсаты бар. Бұл оқу пәнінің басты мақсаты-оның жетекші компонентін анықтайды.

Бағдарламалар мен оқулықтарды құрастырып, оқу үрдісін ұйымдастыру үшін оқу пәнінің қай типке жататындығын білу маңызды.

Бір оқу пәндерде жетекші рөлді (физика,тарих) білім атқарса, басұасында біліктілік пен қызмет тәсілі (еңбек) атқарады. Осыған байланысты дидактикада оқу пәндері мазмұнына қарай жетекші компоненттері бойынша топтастырылып, осының негізінде оқу пәнінің үш типі енген типология әзірленді.

^ Бірінші тип,ғылыми білімді жетекші компонентері бар оқу пәндері құрайды. Бұл типке:физика, химия, биология, астрономия, география,тарих және т.б. жатады.

Екінші типке, мазмұнында қызметтік тәсіл компоненттері бар оқу пәндері кіреді. Оқушылар тартылатын практикалық қызмет түрлері алуан түрлі: бұл еңбек, спорт-сауықтыру, сызу. Осы типке тілді дамытатын оқу пәндернің ерекше тобы да қатысты. Оның практикамен ұқсастығы ондағы моторлық сезімдердің (тіл мен есту мүшелерінің,сонымен бірге жазудағы қол сезімдері) атқаратын рөлі. Бұл ұлттық мектептегі орыс тілі мен ағылшын тілі және мемлекеттік тілде оқытатын мектептегі қазақ тілі.

Екінші типке жататын оқу пәндері оқушылардың практикалық мәдениетін,күш-қуаты мен тілдің ерекшеліктерін дамытып қалыптастырады.

Үшінші типке, оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыратын пәндер жатады. Бұлар музыка, бейнелеу өнері, әдебиет.

Келтірілген типологияның мағынасы-ол әр пәнінің мазмұнындағы басты нәрсені көруге көмектеседі.

Жетекші компоненттері бйынша жаратылыстану және кейбір гуманитарлық оқу пәндерін біріктіргенде (мысалға,химия мен тарих) бір типке түседі. Мазмұндарын құрастыру мен оқу үрдісін ұйымдастырғанда тарих пен ана тілі сабағының арасындағы байланысқа қарағанда, жаратылыстану мен гуманитарлық оқу пәндерінің біріктірілуі олардың арасындағы жалпы ұқсастықтың көп екенін көрсетеді. Математика, әдебиет, ана тілінің қай типке енетінін кейінірек талдаймыз.

Енді оқыту үрдісінің дидактикалық үлгісіндегі үрдістік блокқа келейік. Ол неден тұрады? Үрдісті блок:көмекші, «фондық» кешенді білімдер (ғылыми аралық-логикалық, методологиялық және т.б.; пән аралық;тарихи-ғылыми;бағалау); қызмет тәсілдері;оқу үрдісін ұйымдастыру нысандары (зертханалық жұмыстар,практикумдар).

«Қосымша білім» атауы шартты. Олар жетекші компоненттік қарым-қатынасына қарай солай аталған. Негізгі оқу пәнін игеруге көмек беруімен қатар, оқушыларды дамыту мен тәрбиелеу үшін құндылығы үлкен құралдардың бірі болып табылады.

Көмекші кешен білімдеріне қысқаша сипаттама береміз.

Логикалық білім-оқушылардың логикалық ойлауын дамыту және ғылыми біілімді толық меңгеру үшін қажетті (ұғымды анықтау,) логикалық білімдер жинағынан тұрады. Оның болмауы біілмді немқұрайлы меңгерудің басты себебі болып табылады. Методологиялық білім-ғылымдардың негізін саналы жүйелі меңгеру, оқушылардың ғылыми ойы мен ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін қажетті методологиялық (теория туралы, дәріптеушілік туралы білім) ғылымдардың білімдер жинағы. Философиялық білім-материя мен оның нысандарының болуы туралы, әлемді тану туралы,абсолюттік және біршама шынайы т.б. білімді меңгеру нәтижесі мен құралы болып табылатын оқушылардың диалектико-материалистік дүниетанымын қалыптастыруға тартылады.

Тарихи-ғылыми білімдер-ойлардың, теориялардың, ұғымдардың, түсініктердің эволюциясын, нақты ғылыми жаңалықтардың ашылу жолдарын, ғалымның адамгершілігі мен жауапкершілігі туралы түсінік береді. Танымның нәтижесін саналы ұғуға көмек бере отырып, олар басты дамытушы және тәрбиелеуші қызметті атқарады.

Пән аралық білімдер-аталған оқу құралының жетекші компонентеріне «қызмет көрсетуге» тартылған түрлі оқу пәндеріндегі білім. Таным объектісіне тұлғаның құнды қарым-қатынасы ретінде оқу үрдісінде жазылатын бағаланатын білімдер. Шебер дәлел туралы, ой ізденісінің эстетикасы туралы солай айтамыз. Бағалау білімдері оқуға енгізіліп, оқушылардың эмоцианалды-мотивациялық саласын тәрбиелеуге қызмет етеді. Білімді меңгеру құралы мен меңгерудің тұлғаға маңызды нәтижесі болып табылады.

Үрдістік блок қосымша білімнен басқа ғылыми және практикалық тәсіл қызметтері мен оқыту үрдісін ұйымдастырудың белгілі бір нысандарынан да тұрады.

Оқу пәнінің дидактикалық үлгісін келесі түрде ұсынуға болады.

^ НЕГІЗГІ БЛОК

ҮРДІСТІК БЛОК ҚҰРАЛДАРЫ

ЖЕТЕКШІ КОМПОНЕНТТЕР

1.ҒЫЛЫМИ БІЛІМДЕР

2.ҚЫЗМЕТ ТӘСІЛДЕРІ

3.КӨРКЕМДІК БІЛІМ МЕН ЭСТЕТТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ


^ КӨРКЕМДІК БІЛІМДЕРДІҢ КЕШЕНІ

Пән аралық,ғылым аралық,бағалау, тарихи-ғылыми

ҚЫЗМЕТТІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

ОҚЫТУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ НЫСАНАДАРЫ

Оқу пәнінің жетекші компненттеріне байланысты үдістік блокты құрастырушы бір компонент ауыстырмалы болды.

Егер «қызмет тәсілдері» жетекші компанент болса, онда үрдісті блок қажетті ғылыми білім кешеніне енеді; егер «көркем білім мен эстетиткалық тәрбие»

жетекші компонент болса,онда үрдісті блокға ғылыми білімдердің кешені мен арнайы тәсілдері енеді.

Ғылыми жүйелік пәндер жүйелі болуы керек. Оның жетекші элементтері мектеп сатыларына байланысты түрлі: бастауышсатыда бұл түсінік және түсініктер жүйесі орта сатыда-түсініктер жүйесі мен заңдар;жоғары стаыда-теориялар негізі.

Екінші және үшінші типтегі оқу пәндері ғылыми білімдерге енеді,бірақ бірінші типтегі пәндерден ерекшелігі, жүйе түрінде емес тек кешен немесе жиынтық ретінде ұсынылады.

Ана-тілі, математика және әдебиетті оқу пәндерінің қай типіне жатқызуға болады? Оның бәрі бұл пәндердің алдына қойылған басты міндеттеріне байланысты. Егер басты міндет екеу болса, бұл оқу пәнінің екі жетекші компоненті бар: «ғылыми білімдер» және «қызмет тәсілдері» (ана тілі мен математика) немесе «ғылыми білімдер» және «эстетикалық тәрбие» (әдебиет). Екі қызметі оқу пәнінің оқыту үрдісін қатты қиындадаты, себебі түрлі мақстақа түрлі ұйымдастыру қажет. Мүмкін, жоғарыда аталған оқу пәндерін біржетекші компонентке бағыттау керек шығар. Онда «ана-тілі» оқу пәнінің жетекші компоненті « қызметтің пратикалық тәсілдері »болып шығады. Математика пәні жетекші компонеті жағынан әр текті: Геометрияны «ғылыми білімдер» жетекші компоненті бар оқу пәндеріне, алгебраны «қызметтің ғылыми тәсілдері» жетекші компоненті бар оқу пәндеріне бағыттаған жөн. Әдебиет ең алдымен «адамгершілік- эстетиткалық тәрбиеге » бағытталады. Әрине, алгебрада, әдебиетте ғылыми компонент маңызды. Жоғары сыныптардың әдебиет курсында ғылыми компоненттілігі зор болуы соншалықты, әдебиетті екі функциялы оқу пәні деп санауға негіз бар. Осыған байланысты оған не бағынады деген сауал туады?

Біз түрлі пәнедердің үлгілерін суреттедік. Шындығында оқу пәндері аралас сияқты, көрінгенімен, жетекші компонент жайлы ұмымпаған жөн. Оған байланысты оқу пәнінің мазмұнын қалыптастыру мен оқу үрдісін ұйымдастыру өзгеріп тұрады.

Бір жағдайда біз ғылыми білім жүйесін, басқа жағдайда- олардың кешенін немесе қарапайым жиынтығын құрастырды.

Оқу пәнінің ерекшелігі оқу үрдісінің барлық сатысында көрінеді. Әсіресе бастауыш сыныптан бастап барлық талаптар орындалуы қажет.

«Ғылыми білімдер» жетекші компоненті бар оқу пәндері жаңа мазмұнды баяндау (түрлі нысанда) көренкілік, демонстрация, көркем фильмдермен ұсынылады. «Қызметтің ғылыми тәсілдері» жетекші компоненті бар оқу пәндері жаңа мазмұнды көрсету немесе айту (олардың бірлігінде) жолдармен жеткізеді.

Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту және оқу үлгерімін жетілдіру мұғалім мен оқушылардың бірлескен еңбектеріне тәуелді. Ұстаздың біліктілігімен балалардың белсендіктері, саналы түрде оқу материалдарын түсіну және оқу іс-әрекеттеріне өздерінің үлестеріне тәуелді.

1   2   3   4



Похожие:

Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconБастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту. Мазмұны Кіріспе. І тарау
Тарау. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамытудың теориялық негіздері
Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconБастауыш сыныпта сын есімді оқыту. Жұмыстың жалпы сипаты 1-3 І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологялық ұғымдардың мазмұны мен олардың өзара сабақтастығы
Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау Бастауыш сынып математика сабақтарында пәнаралық байланыстар

Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері

Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconМазмұны Кіріспе 3-5
Тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негізі
Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconМазмұны. Кіріспе
Тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconМазмұны. Кіріспе
Тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны iconМазмұны Кіріспе i-бөлім. Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады. Ең үлкен пайданы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов