Мазмұны. Кіріспе icon

Мазмұны. Кіріспе



НазваниеМазмұны. Кіріспе
страница2/4
Дата05.05.2013
Размер0.74 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4
1.2. Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары.


Қазіргі кезде пәнаралық байлансты педагогика ғылымының басты мәселесі болып отырған жағдайда оны жан-жақты қарастыру барысында біздер көрнекі философ, психолог, педагог еңбектерінде талқылау жасадық. Мұнда философБ. М. Кедров адамның дүниетанымын қалыптастыруға әр түрлі пәндердің өзара әсерінің мәнін көз жеткізе баяндаған. М. Б. Кедров өзінің еңбектерінде ғылымда пәнаралық байланыс мәселесіне жаңа әдістемелік тұрғыдан қарауды талап етеді. пәнаралық байланыс проблемасы бүгінгі күнге дейін бір ғылымға бір пән, керісінше бір пәнге бір ғылым ғана бір-бірімен өзара байланысты болып шектеліп тәрбиеде қолданып келгенін көрсетіп, ол қазіргі кезде бір пәнді бірнеше ғылым өзара әрекеттесіп жан-жақты қарастыра бастағанын дәлелдейді. Сонымен ғылымның зерттеуінде бір ғылым тек «өзінең тиісті пәнмен ғана емес, қайта көптеген басқа пәндермен бірлікте болуы қажеттігі айқындалған.

Біз ғалымдар пәнаралық байланыс негізінде білім-тәрбие беру проблемасын зерттегенде осы тірек бола алатын жаңа әдіснамалықты басшылыққа алдық.

Пәнаралық байланыстың педагогикалық жағы бір аса маңызды міндеті ғалымдардың бір-біріне бөлшектенбей ғылыми білімнің бір жүйеге топтасуын, басқаша айтқанда интеграциялану тенденциясын жоғары дәрежеге көтеру.

Соңғы кезде пәнаралық байланыс ұғымы ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде жаңа мәнімен енгізіле бастады және оны білімдердің, танымдардың, сенімдердің адамның психологиялық ойлауының жиынтығы деп түсінуіміз керек. пәнаралық байланыс ұғымы «табиғат-қоғам – адам ойың жүйесінде білім негізін пәнішілік қатынастарды және ғылымдардың интеграциялануын реттеуші қызметін жүзеге асырады.

Біз анықтағандай пәнаралық байланыс білім және тәрбие міндеттерін шешуде ерекше роль атқарады. Мектептегі білімдер жүйесі өздерінің мазмұны жағынан комплексті. Олардың мәні және меңгерілуі пәнаралық деңгейде жүзеге асуы тиіс. Мәселеге тек осылай келгенде ғана шәкірттерге ақиқат дүние біртұтас жүйе екен деген түсінік қалыптасады. Бұл жүйеде барлық элементтерді біріне-бірі ықпал жасайтындығын, процестер өздерінен өздері туындап жататындығын мұғалім білуі керек.

Пәнаралық байланысты оқу-тәрбие процесінде мынадай жағдайлардан көруге болады: пәнаралық байланыстар теориялық білімді іс жүзінде қолдануға, ғылымның түрлі салалары жөнінде кең ұғымы бар адамды тәрбиелеуде мүмкіндік береді. Қазіргі кезед оқушыларға білім беру және олардың танымдық қызметін өркендетуге жағдай жасайды.

Көптеген педагогтар мен психологтар пікірлеріне қарағанда, оқушылардың түрлі пәндердегі білімдер мен біліктерді, бейімділіктердің жеке элементтері арасындағы байланыстарды байқап және қабылдануы олардың білімдерін жүйеге түсіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады, таным қызметіне шығармашылық сипат береді.

Белгілі психолог Ю. А. Самарин өзінің «Ақыл-ой психологиясының очергтерің деген еңбегінде былай деп жазды: Диалектикалық тұрғыдан ойлай білу дегеніміз - әр құбылыс басқалармен байланысы көп, түрлі фактілердің өзара ықпалы, қайшылықтары мен дамуы барынша күрделі екендігін көре білу деген сөз. Дүниені тануға келгенде диалектикалық әдіс – адам баласы ақыл ойының жоғары деңгейі.

Ол бұған қоса диалектикалық тұрғыдан ойлау, құбылысты оның барлық байланыстарымен жанама түрлерін көре білу деген сөз. Дүниені тануға келгенде диалектикалық әдіс – адам баласы ақыл-ойының жоғары деңгейі. Ол қасиет бірте-бірте барған сайын күрделене беретін білімдер жиынтығын меңгеру барысында қалыптасады деп дәлелдейді.

Ю. А. Самариннің позициясы бойынша пәнаралық байланысқа диалекталық заңдылық деп қарау керек. Пәнаралық байланыс әр шәкірттің санасын өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, ойлайтын адам табиғаттағы жеке құбылыстардың өзара байланысын түсінетіндей бейімділік дарытуымен қатар олардың неғұрлым кең жүйедегі басқа құбылыстарымен өзара байланысын байқауы керек.

Кейбір ғалым –зерттеушілер пәнаралық байланысты дидактикалық шарттар, оқыту мазмұнының арнайы құрылымы десе, келесі бір ғалымдар оны дидактикалық қағидалар деп есептейді. Біздер бұл анықтамалардың қай-қайсысы болса да, толық әрі дәл емес деген көзқарастамыз.

Пәнаралық байланысты дидактикалық қағида деп қараудың қажеттілігі жоқ, себебі оның педагогикалық мақсаттылығы оқытудың жүйелілік қағидасынан туындайды, ол білімнің тұтастай жүйесінің оның оның негізгі бөліктерінің, атап айтқанда табиғат, қоғам және адам туралы нақтылы айқын түсініктердің өзара байланысын білдіреді.

Дегенмен түрлі зерттеушілердің И. Д. Зверев, В. Н. Максимова, Г. И. Беленьский, П. Г. Кулагин, Н. Ф. Лошкараева, т.б. пәнаралық байланыстың мәніне көзқарастары бірдей емес. Мәселен Г. И. Беленьский пәнаралық байланыс жалпы пәндердің мазмұнын құрылымдық бөліктерінің мақсат бірлігін көрсетеді десе Н. А. Сарокин пәнаралық байланыстар идеясын дидактикалық қағидаларды жүзеге асырудың қажетті шарты деп есептейді.

В. Н. Максимова ұсынған классификация бойынша мынадай топтар бар екендігін көрсетеміз: мазмұн-хабарлық, операциялық-қажеттік, ұйымдық-әдістемелік. Бірінші топтың байланыстар ағарту жұмысы міндеттерін тәуірірек шешуге, екіншісіндегілері – оқушылардың практикалық жұмысын ұйымдастыруға, үшінші топтағылары – ұйымдастыру жағынан айқындықты, тиімділікті қамтамасыз етуге бағыт-бағдар ұстауға көмектеседі.

П. Г. Кулагин пәнаралық байланысқа мұғаліммен оқушылар жасайтын жүйесі деген анықтама береді де бағдарламалардың материалдарын неғұрлым тиянақты меңгеріп алу мақсатында, білімдердің, игерілу процесінде ұқсас пәндердің мазмұны пайдаланылады да қамтылады дейді.

Г. Ф. Федорецтің зерттеу еңбектерінде біз сөз етіп отырған проблема мынадай түсінік береді.

- пәнаралық байланыс дегеніміз шындық өмірдің объектілері, құбылыстары және процестері арасындағы синтездеуге, интеграциялауға ұшырайтын қарым-қатынасты бейнелейтін педагогикалық катергория. Ал олар оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, формалары мен тәсілдерінен көрінеді және тәрбиелеу қызметін атқарады.

Н. А. Лошкараева «Пәнаралық байланысң деп аталатын ұғымға берілетін мәні жағынан түрлі-түрлі анықтамалар негізгі екі нәрсеге саюға болады: пәнаралық байланыс дегеніміз оқу-тәрбие процесінде объективті шындық өмірді баяндауын диалектикалық формасы мен педагогикалық талап принципі.

Зерттеушілердің пәнаралық байланыс жөніндегі оның жаңа қызметінің қырларын көрсететін анықтамаларға басқа тұрғыдан келушіліктер байқалады. Мысалы В. И. Янсен пәнаралық байланысты білім берудің құрамды бір бөлігі деп қарайды да, бұл бөлік оқу қызметінде түрліше көрінеді дейді. И. Ф. Боисенко пәнаралық, ғылымаралық ұғымдардың дидактикалық баламасы деп түсіндіреді.

Бүгінгі қоғамның тереңдеп келе жатқан процесі мектептегі ғылымдар негізінен білім беруді ғылымдардың алуан салаларының өзара байланысымен интеграциясының жаңа дәрежеге көтерілуі негізінде құруды талап етіп отыр.

Осыған орай пәнаралық байланыстың философиялық, психологилық, жалпы ғылымдық және арнайы дидактикалық негіздері анықталуы тиіс.

Пәнаралық байланыстың философиялық негізінде дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады.

Объективті дүние белгілі заңдылықпен ұйымдасқан жүйе болғандықтан, оны танып білуде де ғылымдар арасындағы байланыстар қажет.

Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен толар бір-бірінен өз алдына оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті өзара байланыстылықты танып білу.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға негіз болатын өткен жылдардағы мектептегі қоғамтану пәні еді. Онда оқушылар табиғаттың, қоғамның, адам ойының даму заңдылығын диалектикалық және тарихи материализм негізінде қабылдап теориялық танымдық біліммен қаруланатын еді.

Соңғы жылдардағы блоктық жүйемен алынған курстар оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеп отыр. Бұл бағыт жеке тұлғаның интелектуалдық потенциалын дамытады және дүниетанымын қалыптастыруды жүзеге асыруға көмектеседі.

Ең бастысы қазіргі кезде өздігінен білім алудың, оқытудың өзекті мақсаты етіп бірінші орынға диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыруды қою керек. бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілуі мүмкін емес. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоюмен шектелмеуі керек. ол материалдың өзара байланысын бір-біріне тигізетін ықпалын, ортақ негізгі тенденцияларын, әлеуметтік-экономикалық, рухани ортақ белгілерін, топтастыру, бір-бірімен сабақтастыру, ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс.

Жоғарыдағы айтылған ойларды мектеп тәжірибесінде айқындау үшін әрбір мұғалім өзінің пәнін оқыту барысында қандай дүниетанымдық міндеттерді шешуді, жеке тарауларды, мәселереді өтуде, қайсысы ең басты идея, шешуші проблема болатынын бөліп алдын-ала ойластыруы керек. сол идеяға оқушылардың назарын аудара білу, олардың материалды меңгеруін, ұйымдастыру және басқара білу қажет. Оқушылардың ол меңгерген білімдері сайып келгенде әрбір шәкірттің жеке тұлғалық көзқарасына, сеніміне өмірлік құндылық бағдарына, мінез-құлықтың қағидасына айналу керек.

Пәнаралық байланыстың психологиялық негізі. Пәнаралық байланысты анықтау психологиялық физиологиялық заңдылықтарға негізделген. Жүйелік адам миының арнайы қызметі.

И. П. Павлов мидың аналитикалық-синтетикалық қызметін зерттеп, оны үздіксіз дамуда, өзгерісте болатынын анықтайды. Мида сыртқы дүниеден қабылданатын көптеген тітіркендіргіштер реттеліп жүйеге келетінін түсіндіріледі.

Сондықтан ойлау нерв процестерінің күрделі динамикалық жүйесі болғандықтан, ол мидың анализ синтез қызметімен орындалады. Бұл жүйеге әр пәннің өз ішіндегі және пәнаралық бірлестіктеріндегі бөлімдер жүйесі сәйкес келеді.

Қорыта айтқанда пәнаралық байланыстың физиологиялық, психологиялық негізінің нәтижесі білімдер жүйесінің мида орнаасуы адамның үнемі алға ұмтылушылығына жағдай туғызады да оның шығармашылық іс-әрекетіне дайын бола алатындығын дәлелдейді.

Пәнаралық байланыстың негізі. Ғылыми әдебиеттерде пәнаралық байланыстың дидактикалық негізінде оқу пәндері алынған. Ғылымдардың гуманитарлық, табиғаттану және техникалық болып дәстүрлі топтастырылуы, олардың зерттейтін объектілерінің ортақтылығында, пәндік қатынастардың бірлігіне негізделген. Олар қоғам, табиғат, еңбек салалары бойынша біріктіріледі де, әр пән өз ішінде білім іскерліктерге арналған материалды және оқушылардың жалпы таным объектілерінің бір жүйеге келтірілуі.

Сонымен пәнаралық байланыстың маңызына мыналар жатады:

  1. Оқу пәндер арасындағы өзара байланыстың болуы – ғылымдар негізін меңгерудің және білім жүйесінің дамуының қажетті шарты.

  2. Диалектикалық көзқарастың қалыптасуы білім мазмұнының барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.

  3. Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын комплексті жүзеге асыруға ықпал жасайды.

  4. Пәнаралық байланыс педагогикалық еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.

  5. Педагогикалық ұжымның барлық іс-әрекетінің бір-бірімен келісімді және демократиялық негізге жүріп отыруына әсер етеді.

Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары. Әр нақтылы міндетті оқу-тәрбие процесі арқылы жүзеге асырылады. Пәнаралық байланыс оқытудың мазмұны, әдістері, оқытудың ұйымдастыру түрлерімен ғана шектелмейді. Ол оқушы мен мұғалімнің оқу-таным іс-әрекетінің бір бөлігі болып саналады.

Оқу материалының мазмұнымен, ана тілі, дүниетану, еңбек пәндерін бейнелеу өнерімен байланыстыра оқытудың ғылыми-әдістемелік жолдарын мектеп тәжірибесі негізінде ашып көрсетуге болады.

Біз оқушыларға ана тілінен білім беру дегенді кең түсінеміз. Өйткені тіл – оқушыларды дүние тануға баулитын қоғамдық құрал. Тілсіз қоғам жоқ, тілсіз ғылым жоқ. Адамдар өзінің қоғамын қашан да тіл арқылы дамытып отырады.

Тіл шындықтың, ғылымның және ол жөніндегі ақыл-ойдың танылуы немесе олардың адамдар ұғымынан орын алып, жүйеге келуі. Олай болса, өмір шындығынсыз мидың қызметі болуы мүмкін емес, сол сияқты мидың қызметінсіз тіл немесе тілдегі ой мен ұғым болуы мүмкін емес. Ондай жүйеге келген ғылымдар мектебімізде ең алдымен сол өзінің ана тілінде оқытылады.

Мектеп тәрбиесінде ана тілі пәнінің мұғалімдері пәнаралық байланыс негізінде сабақ өткізу барысында «Абай өлеңдеріндегі түсініксіз сөздерң мысалы «Қысң-деген өлеңінде, «жидемң-деген сөз балаларға түсініксіз болады. мұғалім балаларға бұл сөздің мағынасын ашып түсіндіру барысында еңбек пәнімен байланысы арқылы жүргізеді. Сондай-ақ А. С. Пушкиннің «Қысқы кешң-өлеңінде жазушы өзінің тіл байлығымен балаларды сол өлеңді оқи отырып көз алдына елестеген суретті қағаз бетіне түсіруі арқылы ана тілінен бейнелеу өнерін байланыстыра жүргізу арқылы оқушылардың зейінін, байқағыштығын, ойлау қабілеттерін арттыруға болады.

Оқушыларға барлық пәннен білім беретін мұғалімдеріміз өздерінің мамандығын, оның ғылыми жүйесімен бағытына ана тілі арқылы үйретеді.

Сонымен қатар біздің мектептеріміздегі тәжірибелі мұғалімдеріміз қазақ тілін оқыту жұмыстарын табиғат құбылыстарымен ұдайы байланыстырып жүргізіп отырады.

Табиғат құбылыстарымен тілді оқыту жұмыстарын практика жүзінде ұштастыра жүргізіп отырудың алуан түрлі тәсіл амалдары бар. Оқытушылардың ең алдымен сол тәсіл-амалдары және оны практикада қолдана білудің жолдарын меңгереді. Мысалы, оқытушы белгілі бір тілдік тақырыпты өткенде, оқушылардың табиған құбылыстарына байланысты сөз байлықтарын толықтырып дүниетануын күшейту мақсатында табиғат байлықтарын суреттеп көркем жазылған шығармалар мен өлеңдерден үзінділер алады.

Табиғат құбылыстарын суреттейтін ана тілінен алынған текстерді алдымен оқушылардың ұққанын әңгімелетіп айтқызады немесе өздеріне мазмұндатып жаздырады.

Сонымен ғалымдардың дәлелдеуінше: тіл қоғамды біліп, дамытудың құралы, ендеше тіл адамның ақыл-ойының көрінісі, әдет-ғұрпының байлығы, өнер-білім қазынасын меңгертудің құралы.

Жоғарыда келтірілген мысалдар арқылы оны

  • мұғалімдердің пәнаралық байланысты практикалық қызметінде пайдалануы;

  • сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың пәнаралық байланыс бағыттылығын күшейте түсу. Бұл міндетті шешу озық тәжірибелерді жинақтауды, жұмыстың неғұрлым тиімді түрлерін практикада пайдалануды қажет етеді.

  • мұғалімдердің оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім мен тәрбие беру дайындығын және қандай жағдайда екендігін білу.

Сонымен пәнаралық байланыс өзінің мәні жағынан көпмағыналы педагогикалық табиғаты бар проблема. Қазіргі педагогика ғылымының жан-жақты қарастырылатын, зерттейтін мәселесінің бірі. Демек, пәнаралық байланыс білім беру мәселесінің бірі ретінде мазмұнды әдістер жүйесін және ұйымдастыру жұмыстарының түрлерін сапалылық жағынан қайта бұруға жетелейді. Нәтижесінде оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейеді.

Бұдан біз пәнаралық байланыс идеясы білім мазмұнын айқындаудың негізінде алынуы керек деп есептейміз.

Білім мазмұнын анықтауға ғылымдардың саралануы (дифференциялану) және кіріктірілу (интеграциялануы) қағидалары негізге алынады.

Ғылымдардың ішкі табиғи байланыстарын ашу табиғат, қоғам, адам ойының даму заңдылықтарының методологиялық негізін білу қазіргі мектептің білім мазмұнын бағытын жасауға тірек болады.

Әрбір ғылым негізінде жеке пәндер адам ақыл-ой дамуының оның танымдық жемісі болғандықтан жалпы адамзаттық құндылықтар білім мазмұнына алынуы керек.

Қазіргі ғылым мазмұнындағы негізгі бағыт жалпы білімнің гуманитралық бірлікте болуы көздерінеді. Білім мазмұнының жаңа құрылымы Республиканың мәдени, рухани потенциалының жаңа сапалық деңгейіне көтерілуінің бірден-бір тілін оқытуда бірнеше ғылымдар саласымен байланыстырудың педагогикалық-әдістемелік мол мүмкіндіктері бар екенін тәжірибесінде көріп аламыз.

Мектеп тәжірибесінде біртіндеп қолданылып келе жатқан пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылып, кейбір сабақтарға, кластан тыс жұмыстарға тоқталу керек.

Пәнаралық іскерлік. Оқушының бір пәннен меңгерген білім іскерлік дағдыларын, екінші жақын пәндерді меңгеруді пайдалана білу қабілеттерінен көрінеді. Мәселен қазақ тілі пәніне меңгерілген кітапты пайдалану іскерлігі, ана тілі, дүниетану, математика т.б. пәндерді оқып-үйренуге қолданылады. Сол сияқты оқушының бір пәннен үйренген еңбек іскерліктері, екінші пәнді терең жан-жақты меңгеруге ықпал жасайды.

Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – ол оқыту процесінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып табылады.

Қазіргі мектептердің жалпы білім беру мазмұны, оның ішінде оқу жоспарлары пәнаралық байланыс негізінде жетілдіріліп келеді. Осыған орай, ғалым зерттеушілердің шығармашылық еңбек етуші мұғалімдердің ізденістері интеграцияланған, жүйеленген қорытындыланған жаңа курстардың оқу-тәрбие процесінде қажет екендігін дәлелдеп отыр.

Білім және тәрбие берудің аса маңызды құрылымының бірі пәнаралық байланыс екендігі біздің зерттеу жұмысымызда дәлелденеді.

Міндеттері мыналар:

  • оқушылардың оқыту процесіндегі пәнаралық байланысты түсінуін, саналы қабылдауын, танымдық беленділігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.

  • оқу пәндерінің оқушыларға біліммен тәрбие беру және пәнаралық байланыс орнату мүмкіндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта мектептің оқу жоспарымен бағдарламаларында тыңғылықты таңдау жасау басты шарты болып табылады. осыған байланысты білім мазмұнына қазіргі заман ғылымының серпінді бағыты жалпы білім беретін мектептердің жаңаруына, жеке тұлғаның шығармашылық ойлауымен еңбек ету дағдысының қалыптасу процесінде көрініс табады.

Республикада мемлекеттік құбылыс түбегейлі түрде өзгеріп, жаңа түрдегі қоғамдық қарым-қатынастар біртіндеп орын алып экономикалық-әлеуметтік проблемалар туындап отырған жағдайда, білімнің беделін көтеруде жаңа көзқарас қалыптастыру қажет.

Бұл міндет саласында іргелі ғылымдарды тереңдетуді, оқытудың мазмұнын дифференциялау, интеграциялау, шығармашылық ойлармен еңбектің мәдениетін жаңа сапалық деңгейге көтерумен шешіледі.

Дүниежүзілік тәжірибеде көрсеткендей ғылыми дүниетанымды берік меңгеру, әлемдік құбылысты, деректерді қабылдау білім мазмұнын бөлшектенбеген жағдайда тұтас, жүйелі қалыптасуы нәтижесінде жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс қазіргі дидактиканың басты қоғамдағы екені бізге мәлім. Мектеп және мұғалім үшін бұл ең көкейтесті проблема болып отыр. Себебі пәнаралық байланыс білімдердің синтезі үшін қажет. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын айқындау, әсіресе өнер мен мәдениеттің басты міндеті деп түсінеміз. Сондықтан өзімнің күнделікті сабағымда пәнаралық байланысты оқыту процесінің өзегі деп есептеймін.

Қорыта келгенде классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп қазіргі педагогика ғылымының басты мәселесіне айналып отыр.

Адамзат баласының алдындағы негізгі міндеттерінің бірі –қол жеткен қоғамдық, рухани және материалдық құндылықтарды, өндіпрістік тәжірибені игерген тұлға даярлау. Осы міндетті жүзеге асыру негізінен білім беру жүесіне жүктелетіні белгілі.

Тұлға – бұл субъект ретіндегі нақты адам. Адам санасының белсенділігі оның танымына, әсерленуінде жүреді.

Адамның негізгі қасиеттерінің тобын кез келген педагогтің білуі шарт. Олар: бағыттылығы (сенімі, дүниетанымы, идеалы, қызығуы), тәжірибесі (адамның даярлығы, оның білімі, дағдысы, ептілігі мен әдеті), психикалық үрдістері (қабылдау, ойлау, түйсік, зейін, ес, ерік, сезім, эмоция, сенсомоторика), темпераменті (адамның жоғары жүйке қызметінің типологиялық негіздері, жеке тұлғаның жас және жыныстық қасиеттері мен патологиялық өзгерісі). Аталған негізгі қасиеттерді біле отырып, әр түрлі жастағы оқушы үшін оқу материалдарының мазмұнын іріктеу және соған сәйкес іс-әрекеттерді ұйымдастыру кез келген педагогтің білімі мен біліктілігіне, тұлғалық қасиеттеріне байдланысты.

Оқушының адам қасиеттеріне сәйкес бағыттылығы мен тәжірибесін негізінен мектеп қабырғасында дұрыс қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Адамның бағыттылығы мен тәжірибесіне негіз болатын құрушының бірі – оның білімі. Білімнің өзін мазмұндық және іс-әрекеттік тұрғыдан қарастыру көптеген зерттеулерде орын алған. Мазмұндық тұрғыдан оның өмір сүру формасы – оқу-әдістемелік әдебиеттерде тіркелуі.

Осыған сәйкес М. Скаткин жалпы білім беретін пәндерге қатысты өзара байланысты білімнің түрлерін: негізгі ұғымдар мен терминдер; әр түрлі нысандар мен болмыс құбылыстары арасындағы байланыстарды және қатынастарды ашатын күнделікті болмыстық және ғылыми фактілер; берілген пәндік саланың құбылыстарын түсіндіру және болжау нысандары мен әдістерінің жиынтығын анықтау жөніндегі ғылыми білімдер жүйесін қамтитын теориялар; ғылыми және әлеуметтік идеялар; іс-әрекет тәсілдері, таным әдістері және білімді алу тарихы, ғылым тарихы жөніндегі білімдер; қоғамдағы белгіленген өмірлік әр түрлі құбылыстарға қатысты нормалар жөніндегі білімдер деп қарастырады.

Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интеллектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көзқарасты қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибемен байланыстырудағы құралдардың бірі - пәнаралық байланыстар. Пәнаралық байланыстар өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегінде кеңінен зерттелген мәселенің бірі ретінде де қарастырылады. Зерттеулірдің нәтижесіне сәйкес пәнаралық байланыстар оқытудың қағидасы және білім берудегі міндетті элемент ретінде де айқындалады (В. Краевский, И. Лернер, А. Бейсенбаева, И. Зверев, В. Максимова және т.б.).

И. Зверев пәнаралық байланыстарды толықтыру көлемде жүзеге асыру тәсілдерінің сипатынсыз олардың білім беру, дамыту және тірбиелеу функциясының өзара байланыстарын ашпайынша бұл мәселені елестету мүмкін еместігін айтады. Пәнаралық байланыстардың жалпы біім беретін функциялары оқушыларда материя қозғалысының әр түрлі формаларының өзара байланысын көрсететін әлем жөніндегі жалпы білімдер жүйесін қалыптастыруды қарастырады. Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу функциясы оқушыларда диалектикалық-материалистік дүниетанымды, өнегелік-эстетикалық идеяларды, жеке тұлғаның эмоционалдық-еріктік қасиеттерін қалыптастыруды көрсетеді. Пәнаралық байланыстардың дамытушылық функциясы салалас пәндерді зерделеу кезінде жалпы жаратылыстану-ғылыми және политехникалық ұғымдарды дамытуда, талдап қорытындыланған іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруда жүзеге асырылады.

Сондай-ақ пәнаралық байланыстар жастарды тәрбиелеу ісінде жасөспірім тұлғаны қалыптастыру функциясында едәуір мәнге ие. Еңбекке баулу мен ғылыми негіздерінің пәнаралық байланысты мектеп оқушысының белсенді өмірлік көзқарас үстанымында, объективтік ақиқакт құбылыстары мен фактілерінің ғылыми түсінуінде пайда болатын түсінуде пайда болатын дүниетанымды қалыптастыруға едәуір ықпал етеді. Ол сананың, сезім мен мінез-құлық әрекетінің жүзеге асуына мүмкіндік береді. Технология пәні мен ғылым негіздері пәндерінің байланысы политехникалық функцияны жүзеге асырады. бұл функция еңбек үрдістерінің жалпы ғылыми негіздерін, бірыңғай ұйымдастыру – экономикалық ұстанымдарын ашуға көмектеседі.

В. Скакун өз жұмысында пәнаралық байланыстарды: зерделейтін оқу материалдары мазмұны бойынша, оқушыларда қалыптастыратын жалпы оқу іскерліктері бойынша, оқыту әдістері мен құралдары бойынша, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістері мен құралдары бойынша деп ажыратады. Пәнаралық байланыстардың оқушы жеке тұлғасын дамыту міндеттерін шешудегі әлеуметтік-педагогикалық аспектісін ескеру қажеттігі туындайды.

В. Скакуннің пәнаралық байланыстарының түрі бойынша мұғалім мен оқушы тарапынан орындалатын іс-әрекеттер сипаты төменде беріліп отыр:

  • зерделенетін оқу материалдары мазмұны бойынша пәнаралық байланыстар. Бұл байланыс түрінде оқу материалдарын іріктеуден бастап пәнаралық байланыстарды белгілеу, басқа пәндерді зерделеу барысында өндірістік және өмірлік тәжірибеде алған білімдерді оқушылардың берілген пәнді зерделуі үшін пайдалану, барлық пәндерде кездесетін терминді бірыңғай ғылыми көзқарас тұрғысынан пайдалану, әр түрлі пәндерді зерделеу барысында оқушылардың алған білім мен іскерліктерді кешенді пайдалану жүзеге асырылуы тиіс;

  • оқушылардың жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыру кезіндегі пәнаралық байланыстар. Бұл байланыс түрінің сипатына оқушылардың кітаппен жұмыс жасау іскерліктері, оқушыларда жоспарлау іскерліктерін қалыптастыру, пәнаралық сипаттағы интелектуалдық іскерлікті қалыптастыру, тәжірибелік және ұйымдастырушылық (жұмыстағы тәртіптілік, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, өзіндік бақылау, еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау) іскерліктерді қалыптастыру тән;

  • оқыту әдістері мен құүралдары бойынша пәнаралық байланыстар. Мұнда әр түрлі оқу материалдарын пайдаланып үй тапсырмасын орындау, пәнаралық сипаттағы білімдерді дамытуға әңгімелер өткізу, басқа пәндер бойынша деректі фильмдерді, үзінділерді, көрнекі құралдарды қолдану, сандық және танымдық тапсырмаларды, пәнаралық музыкадағы кроссвордтарды шешу, т.б. іс-әрекеттер жүзеге асырылуы тиіс;

  • оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістері мен құралдары бойынша пәнаралық байланыстар. Бұл байланыста әрбір пәннің дүниетанымдық идеясын ашу, қоғамдық құрылыстың өмірмен байланысы, еңбекке шығармашылық қатынасты, оқушылардың танымдық белсенділігін және өз бетінше жұмыс жасай алатынын дамыту, барлық педагогтер тарапынан оқушыларға қойылатын бірыңғай педагогикалық талап, оқушылардың ұжымшылдығын, өзара комектесулерін дамыту, педагогтің өзінің жеке үлгісін өнеге ретінде жүзеге асырылуы қажет.

М. Абдрасилов өз ғылыми зерттеуінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда мұғалімдердің 41 пайызының ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен жеткілікті қамтамасыз етілмегендігін, 28 пайыз оқушылардың аралас пәндер бойынша білімдердің әлсіздігінғ яғни төмендігін тілге тиек етеді, мұны мұғалімдердің 21 пайызының аралас пәндер мұғалімдерімен қатынасының жоқ себептерінен деп біледі.

А. Бейсенбаеваның зерттеуі бойынша пәнаралық байланысты үнемі жоспарлап, сабақ өткізетіні – 30%, анда-санда ғана жоспарлайтыны, мүлде жоспарламайтыны - 20%, жауап бермегендері - 15%. Педагог-ғалымның зерттеуі бойынша мұғалімдердің пәнаралық байланыс негізінде өткізетін сабақтарының түрлерінде қарастырылатыны, оның ішінде тақырыптық жастарда пәнаралық байланысты 38%, жеке сабақ жоспарында белгілейтіні - 32%, пәнаралық байланыс қа арналған арнайы жоспар жасайтыны - 20%, пәнаралық байланысты сабақ беруде мүлде ескермейтіні - 10% болғандығы сипатталады.

Кез келген пәнді зерделеудегі мақсат – нақтылы болмысты көрсететін ғылыми білімдер жүйесімен оқушыларды қаруалндыруға және қоршған ортаға адамның қатынасы негізінде жатқан жеке тұлғаның әр түрлі сапалық қасиеттерін, дүниетанымын, этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыруға қабілетті ету. Білімді игеру мен оларды тәжірибелік іс-әрекетте қолдануда ғана адам өз бетінше талқылау және әрекет ету іскерлігі мен дағдысын игереді.

Пәнаралық байланыс мәселесін шешуде оқу-тәрбие үрдісіндегі пәнаралық байланыстарды айқындау әдістері мен жүзеге асыру жолдарын іздеуді керек етеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың объективті және субъективті екі жағын бөліп көрсетуге болады. объективті жағы оқыту мазмұнын анықтау кезінде көрініс табады және оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын және т.б. әзірлеу кезінде ескеріледі. Субъективті жағы тікелей оқыту үрдісінде көрініс табады, яғни оқушыларға қатысты пәнаралық байланысты жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен әдістері қарастырылады.

Еліміздегі Білім беру жүйесінің 12 жылдық оқу мерзіміне өтуде, жаңаланған оқыту мазмұнын айқындауда пәнаралық байланыс түрлерін педагог-ғалымдарымыздың, әдіскерлеріміздің есте ұстағаны дұрыс деп білеміз.

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі бағыттарында: пән бойынша оқулықтарды, оқу құралдарын жазу кезінде; оқу жоспарларын және бағдарламаларды даярлауда; жеке әдістемелерді және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді жазуда; оқу орындарының түріне байланысты әдістемелік және оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізуде бұларды басты назарда ұстаған жөн. Сондай-ақ педагогика ғылымында белгіленген пәнаралық байланыстарды оқу материалдарының уақыт критерийі (алдын ала, сәйкес және кейінгі); жекелеген пәндердегі оқу материалын фактілік, ұғымдық, теориялық ақпараттық мәні; оқу пәндеріндегі білімдер мен іс-әрекет түрлері; мазмұндық ақпараттық, операциялық іс-әрекеттік, ұйымдастыру-әдістемелік сипатына тән талдап қорытындыланған түрі бойынша жүзеге асырғанымыз абзал.


1   2   3   4



Похожие:

Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны Кіріспе 5 1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Кіріспе 5
Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны кіріспе 3 i-тарау
Кіріспе 3
Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны. Кіріспе

Мазмұны. Кіріспе iconМазмұНЫ
Кіріспе б
Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны кіріспе

Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны кіріспе

Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны Жоспар бет
Кіріспе
Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны Кіріспе І тарау. Аминдер

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов