Мазмұны. Кіріспе icon

Мазмұны. Кіріспе



НазваниеМазмұны. Кіріспе
страница4/4
Дата05.05.2013
Размер0.74 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4

Б О Р


Қ А Р
1

2


А Я З

3


К Ү Н



4

5
Б И Д А Й



С А Б Ы Н


6


Қ Ы Р А У


7


С А Ғ Ы З
8


Е Ш К І


9


1. Жазу жазып жалықпаған,

Ертемен күнде сен

Жаза-жаза арықтаған.

(Бор).

2. Жерде жатты ақ мамық.

(Қар).

3. Аумаған қар,

Қолы жоқ, сурет салады,

Жаумаған қар,

Тісі жоқ тістеп алады.

(Аяз).

4. Күміс табақ дөңгелек.

Аспанда жүрер дөңгелеп.

(Күн).

5. Ұзын мұртты сары бар,

Қойнында наны бар.

(Бидай).

6. Қолыңа сүйкесең,

Кетіп кір-ласың,

Тап-таза боласың.

(Сабын).

7. Сәскеде жоқ

Таңертең бар.

(Қырау).

8. Шайнап-шайнап күнімен,

Тауыса алмадым мұны мен.

(Сағыз).

9. Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Адам деуге болмайды,

Бірақ та тағы сақалы бар.

(Ешкі).

Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «БАЯНДАУЫШң.

  • Үй жануарларына не жатады? Олар қалай дыбыстайды?

^ Түйе, қой, жылқы, сиыр, ешкі.

Үш топтан бір оқушыны шығарып, сахналық көрініс көрсетіп, сөйлем құрату.

Не істейді? Не істейді? Не істейді?

Түйе боздайды. Сиыр мөңірейді. Жылқы кісінейді.

Мысалдарды талдай отырып, кестедегі ережені шығардық. Ережені бекіту.

Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз. Баяндауышқа не істеді? неғылды? қайтті? сұрақтары қойылады.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс. Дәптерге жазу.

Ү. «Көкпарң ойыны (ұпай). Сурет бойынша сөйлем құрап жаздыру.

160-жаттығу. Жазған сөйлемдеріндегі бастауышын астын бір, баяндауыштың астын екі сыз.

^ 1-топ. Үйрек жүзеді. Марат шомылады.

2-топ. Апам жіп иірді. Ақгүл көмектеседі.

3-топ. Құстар ұшады. От жанады. (Сурет бойынша жазған сөйлемдерін тақтаға, дәптерге жаздыру).

ҮІ. «Жорғаң жарысы (ұпай).

1. Балалар, жылдың мезгілі болады?

2. Қазір қандай мезгіл?

3. Күз айларын ата?

Табиғат календарын көрсете отырып, 159-жаттығуды орындату, өлеңді мәнерлеп оқу, дәптерге көшіріп жазу.

Маусымдар.

Қыс құнар береді,

Көктем дән себеді.

Жаз баптап өсірсе,

Күз жинап тереді.

Қарамен жазылған сөздердің астын сызу. Оларға сұрақ қою, бастауышқа қатысын анықтау.

ҮІІ.Серігу сәті.

ҮІІІ. «Қыз қууң ойыны арқылы сөзжұмбақты шешу. 162-жаттығу.

Маңырайды

Мияулайды

Үреді

Жануарларды қатыстырып сөйлем қүрау. Бастауыш пен баянадауышты табу.

не? не істеді?

^ 1-топ. Ешкі маңырайды.

2-топ. Мысық мияулайды.

3-топ. Ит үреді.

ІХ. Топпен шығармашылық жұмыс.

1-топ. Мысыққа мінездеме беру.

2-топ. Баяндауышқа байланысты мақал-мәтел айту.

3-топ. Ешкіге байланысты, бастауыш пен баяндауышқа байланысты сөйлем құрау.

«Құстар қалай сайрайды?ң ойыны. Доп қағу арқылы баяндауышты айтады.

^ Бұлбұл сайрайды.

Торғай шырылдайды.

Шағала шаңқылдайды.

Х. Бекіту.

ХІ. Үйге тапсырма. Қорытынды.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

  • Міне, балалар, кемеңгер ғұлама ақын жазушылардың тілі – туған тіліміз – қазақ тілі сабағы аяқталды.

Сабақ жоспары.

Мақсаты: Оқушыларды Ыбырай Алтынсарин шығармашылығымен жақынырақ таныстыру. Балаларды әдеби шығармаларды сүйіп оқуға, өз оқығанын түсіне білуге, шығармадағы жақсы қасиеттерді өз бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден аулақ болуға үйрету.

Оқушылардың сөздік қорларын, мәнерлеп айта білулерін дамыту.

Балаларды еңбексүйгіштікке, білімді, әдепті болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, әңгіме мазмұнына байланысты оқушылардың салаған суреттері, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, сөзжұмбақ. Кітаптар көрмесі.

Қолданылатын әдіс: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрініс, т.б. Ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері сабақтарымен байланыстыра өткіздім.

^ Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі тәлім-тәрбие сағатымызға кездесуге мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бибігүл Базарбайқызы қонаққа келді. Қарсы алыңыздар!

ІІІ. Оқушыларға алдын-ала берілген тапсырма бойынша: бірінші оқушы өмірімен, екінші оқушы шығармаларымен, үшінші оқушы ақын өмірінің соңғы кезеңдері жөнінде айтып өтті.

ІҮ, Сөз кезегі қонаққа берілді.

Оқытушы Ыбырай атамыздың балалық кезі туралы, оның әңгімелеріне шолу жасап, өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Оқушыларға жұмбақ жасырды.

Ү. Шығармаларына тоқталу.

Өлең, әңгімелеріне түсінік беріп отырдым. Оқушылар жазушының өлеңдерін жатқа айтып, әңгімелерінен шағын көріністер қойды.

Өз шығармаларында Алтынсарин қазақ халқының көзін ашу, өнер-білімді ету, мәдениетке баулу, тұрмысын жақсартуға зор мән берді. «Өсиетң деген өлеңінде:

^ Оқымаған жүреді,

Қараңғыны қармалап,

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар, - деп жас ұрпақты білім алуға шақырған. Білім арқылы мақсаттарына жететін деген.

^ 1-оқушы «Кел балалар, оқылықң.

«Жазң, «Өзенң атты өлеңдерінде ол өзінің табиғатқа көзқарасын білдіреді және қоршаған ортаның адамның жүйкесіне әсер ететінін суреттейді. Яғни жаныңды сергітіп, әрі сауықтыратынын көрсетеді.

Табиғат берген байлықты өзінің қажетіне жұмсай білсін, пайдасына асырсын, жайдан жай ағып жатқан пайдасыз өлең екен ғой деп қарамасын дегенді үйретеді.

^ 2-оқушы «Өзенң.

Адам тіршілігі табиғатпен өте жақын. Адамның эстетикалық қалыптасуы, өзін қоршаған табиғатпен өзара байланысы Ы. Алтырсарин шығармаларында айрықша көрініс табады.

«Таза бұлақң әңгімесінен көрініс.

Осы әңгіме арқылы автор халықты жан мен тән тазалығына, адалдыққа, достыққа және мейірімділікке шақырады. «Ей, жолаушы, болсаң осы таза бұлақтай бол!ң сөйлемнің мағынасын оқушылардан сұрау.


^ Ы. Алтынсарин – аудармашы.

Тамаша педагог, ағартушы, жазушы Ыбырай Алтынсарин – И. А. Крылов шығармаларын қазақ даласына ең тұңғыш таратушылардың бірі. Ол 1879 жылы Орынборда шыққан «Қазақ хрестоматиясың атты И. А. Крыловтың «Қарға мен түлкің мысалын аударып енгізген. Ол оқиғаны мысалдап айтып, жатқылыққа, жаман әдеттен жұртты сақтандырады, адамгершілік қасиетті үлгі етеді.

«Қарға мен түлкің қойылымы.

Алтынсарин балаларға арнап, сөзі жатық, мағынасы қызғылықты ұсақ әңгімелер жазды.

Оның әңгімелерінің жастарға тәлім-тәрбие беруде маңызы өте зор. Ол жастарды әдептілікке, сабырлылыққа, қанағаттылыққа, мейірімділікке, әділдікке, еңбек сүйгіштікке, т.б. өнегелі істерге үгіттеді.

«Әке мен балаң көрініс.

Ы. Алтынсарин ананы қандай түрде бағалап, қалай сүюдің айқын үлгісін жазушы «Аурудан – аяған күштірекң деген әңгімесінде көрсеткен. Бұл әңгімеде аяғы сынған Сейіт деген бала жанына аяғының ауруы қанша батса да анасын ренжітпеу үшін қабақ шытпағандығы айтылады. Сейіт шын мәнінде мейірімді бала болып суреттелген. Әлпештеп өсірген анамызды қадірлеп, сыйлауымыз керек. Ана жүрегі, ананың аялы алақаны қашан да құдіретті екенін естен шығармай жадымызда сақтау керек.

^ 3-оқушы: «Бұл кімң.

4-оқушы: «Ананың сүюің.

Ыбырай атамыздың әңгімелерінің негізгі тақырыбының бірі – еңбек.

  • Еңбек туралы қандай әңгімелерін білесіздер! (Оқушылар жауап береді).

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығашң көрініс.

Бұл әңгімеде, ең кішкентай жәндіктердің де өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсеткен, оны балаларға үлгі еткен.

Қарлығаш, өрмекші, құмырсқа құрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа дейді.

Бұл әңгімелер еңбекті қадірлеуге және сүюге тәрбиелейді.

Ыбырай Алтынсарин тек әңгімелер жазып қана қоймаған, сонымен қатар ол мақал-мәтел, жұмбақтар жазған.


ҮІ. Мақал-мәтелдер айту. (Мағынасын түсіндіру).

«Әдептілікң көрініс.

Оқудың пайдасы, оқу арқылы баланың көп нәрсеге жетілетіні жайында Ыбырай шығармаларында аз айтылмаған. «Өнер-білім бар жұрттарң деген өлеңінде өнер-білім, техниканың пайдасын айта келіп, балаларды, жастарды мәдениетті ұлы орыс халқының қатарына қосылуға, соған жетуге, солардан үлгі-өнеге алуға шақырады. Ғылым табыстарын мадақтайды.

«Өнер-білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды

^ Айшылық алыс-жерлерден

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғыздың - деп радио, телефон, телеграфты

айтса,

«Мың шақырым жерлерге

Аты жоқ құр арбаны

^ Күн жарымда барғыздың, - деп поезд бен автомашинаны

үлгі етіп көрсетті.

5-оқушы: «Өнер-білім бар жұрттарң. Өлеңін оқу.

ҮІІ. Сөзжұмбақ шешу.

А С Ы Л Ш Ө П


И Б Р А Г И М


Қ А Й Ш Ы


К Р Ы Л О В


Б А Л Ғ О Ж А


Қ О С Т А Н А Й



ҮІІІ. Қорытындылау.

Жазылған нақыл сөздер мен мақалдарға түсінік бере отырып, тәрбие сағатын аяқтау.

Сабақ жоспары.

Сабақтың тақырыбы: 6 саны.

Сабақтың мақсаттары: 6 санымен таныстырып отырып, тура және кері санауға үйрету, ауада жазылуын көрсету, әдемі, таза жазуға дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мәні: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілік құралдары: Сандар, ертегі, жеміс суреттері.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойындар.

Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру.

Өтілген сабақты пысықтау.

Ой қозғау, сергіту сәті.

Жаңа сабақ.

Сұрақ-жауап.

Ой тастау Венн диаграммасы.

Қорытынды.

  • Ал, балалар, бәіміз бері қараймыз. Кәне, кім айтады, үйге қандай тапсырма берілді? (1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санау).

  • Олай болса, балалар, өтілген сабақты ертегі арқылы пысықтайық.

Ерте, ерте-ертеде, бір қарияның бес саусағымыздай бес ұлы болыпты. Күндердің күнінде қария қартая бастаған соң, өзіне бір ұлын мұрагер етіп тағайындамашы болып, ұлдарын шақыртып, былай депті:

Сен – бас бармақсың,

Сен – балалы үйрексің,

Сен – шылдыр шүмексің,

Сен – ортан терексің,

Сен – кішкентай бөбексің.

  • Мен болсам қартайдым, біреулерің үй иесі болуларың керек. кім ақылдылығын көрсетсе, сол мұрагерім болады, - деді қария.

Бас бармақ былай дейді:

Алтын жүзік қолымда,

Байлық менің жолымда.

Мұрагерің болайын,

Түсіңдер менің соғыма.

Балалы үйрек:

Күміс белбеу белімде,

Жалт-жұлт етеді көрдің бе?

Тең келмейсің менімен,

Түсіңдер менің соңыма.

Ортан терек:

Асыл киім үстімде,

Байлық менің жолымда.

Мұрагерің болайын,

Түсіңдер менің соңыма.

Шылдыр шүмек:

Құндыз бөрік басымда,

Жүрейін әке қасында.

Кішкентай бөбек:

Алтын жүзік менде жоқ,

Асыл киім менде жоқ,

Күміс белбеу менжде жоқ,

Құндыз бөрік менде жоқ,

Екі қолым сенерім,

Аянбай еңбек етермін.

Қария кенже ұлының сөзіне риза болып, мұрагері етіп кенже ұлын қалдырыпты. Сонымен, балалар, атайдың неше ұлы болыпты?

  • Бес ұлы.

  • Кім маған атайдың ұлын тура санап береді?

  • Кім кері санап береді?

Көрнекіліктер арқылы ауызша 5 санына байланысты есептер шығарту.

  • Енді, балалар, сергіту ойынын ойнайық.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды соғайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

  • Ал енді жаңа сабағымыз 6-саны. Біз таныс 5-санымыз оң жақтағы көршісі 6-саны ауада былай жазылады.

  • Кәне, өздерің де жазып көріңдерші, саусақтарыңмен көрсетіңдерші?

  • Дұрыс, балалар, өте тамаша бәріміз біледі екенбіз. Ал, енді менің қолымдағы қандай құс?

  • Қарлығаш.

  • Түр-түі қандай? (ала) Нешеу? (6).

  • Алма қандай? (қызыл) Нешеу? (5).

  • Өрік қандай? (сары) Нешеу? (4).

  • Шие қандай? (қызыл) Нешеу? (3).

  • Шар қандай? (көк) Нешеу? (2).

  • Қайшы қандай? (ақ) Нешеу? (1).

Енді осы көрнекіліктерді санату, тура санағанымызды санның артатынын, кері санағанда санның кемитіндігін ұғындыру, түсіндіру.

  • Сонымен, балалар, біз қандай санмен таныстық? (6 санымен).

Ендеше, 6 саны туралы тақпақтар жаттайық.

Бір дегенім бірлік,

Екі дегенім еңбек,

Үш дегенім уәдең,

Төрт дегенім теңге,

Бес дегенім бәйге,

Алты даегенім алма,

Алмадан тәтті бар ма?

  • Ал, балалар, кім осы алма туралы тақпақ, жұмбақ біледі?

Көркем:

Пісіп тұрғам алмамын,

Тамсандырар бал дәмім.

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайың.

Күзде піседі, домалап түседі. (Алма).

Өзі қатты, өзі тәтті

Жеген жанды таңырқатты. (Алма).

Күн нұрымен піседі,

Уылжып қолға түседі. (Жеміс).

Сонымен, балалар, біз сандарды нешеге бөлінеді деп едік, өткен сабақтарда? (2-ге).

  • Қандай? (Жұп сандар, тақ сандар).

  • Олай болса, тақтаға алты бала шығып, қоржыннан 6 санды алып «Венн диаграммасынң пайдаланып сандарды орналастырайық.


Натурал сандар.

Тақ сандар Жұп сандар



6 санын дәптерлерімізге әдемілеп жазайық.

Жазған сандарын қадағалап, сабаққа жақсы қатысқандарын ауызша бағалап, марапаттап, үлгі ету, сабақты қорыту.

  • Сонымен, балалар, 6 саны қандай санға жатады екен? (Жұп санға).



Қорытынды.


Қорыта келгенде бұл ғылыми зерттеу жұмысымның бүгінгі күн талабына сай дамуының интеграцияланған бағытты ғылымдар арасындағы білікті, оның негізінде мектептегі пәнаралық байланысты қажет етеіндігі ғылыми психологиялық-педагогикалық тұрғыдан баяндалады.

Оқу тәрбие процесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың тиімділігін арттыру мақсаты көзделініп, пәнаралық ғылыми-теориялық негіздері көрсетіледі. Қазіргі кезде жалпы оқушы жастардың білім алуға деген ынта ықыластарымен қызығушылығын арттыру мен оларды жан-жақты дамытуда дүниетану ғылымдарының негіздерін пәнаралық байланыс арқылы беру басшылыққа алынып отыр. Сондықтан да, әсіресе, қазақ бастауыш мектептерінде оқушыларға пәнаралық байланысты жүзеге асыру, ол өскелең ұрпақтың ғылым негіздерімен ықшаланып алынған білім жүйесін толық меңгеруге мүмкіндік береді. Бүгінгі қоғам сұранысы мен өмір талабына жалпы адамзаттық құндылықтарға жету басты нысана болып отырған жағдайда, білім берудегі оқу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру негізгі шарт. Осы тұрғыдан саралай келе бастауыш сыныптарда оқу процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімді жолдарын қарастырып оған теориялық тұрғыдан негіздеме беру – бұл өмір талабы. Осыдан қорыта келе төмендегідей пікірлерді ұсынамын, пәнаралықты жүзеге асыруда басшылыққа алған жөн деп есептеймін.

1. Бастауыш мектептерде берілетін білімнің мақсаты мен мазмұнына қарай, пәнаралық байланысты жүзеге асыру баланың жас ерекшеліктерін негізге алуы тиіс.

2. Оқу барысында пәнаралықты жүзеге асыруда негізге алған дидактикалық ұстанымнан ауытқымау. Жетекшілікке алынып отырған пәннің өзіндік ерекшеліктерін ескеру басты шарт.

3. Пәнаралықты жүзеге асыру барысында оқу-тәрбиенің біртұтастық заңдылығын не күзге алу т.б. тиімді нәтиже береді деп есептеймін.

Осы негізгідегі қағидаларды жүзеге асырумен пәнаралық байланыстың тиімді болуы оқулық мазмұнымен оқу материалдарының жақындық үйлесімдіктерін ескерту, оқу бағдарамасын басшылыққа алуда зор үлесі бар және берік негізі болады.


Пайдаланылған әдебиеттер.


1. А. Бейсенбаева «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыруң Алматы – 1995 ж.

2. «Қазақстан Республикасының бастауыш білімінің мемлекеттік стандартың

3. Ж. Б. Баянбаев «Педагогикаң Астана 1998 ж.

4. Ж. Аймауытов, А. А. Бейсенбаева Шығармалары, Алматы «Жазушың 1989 ж.

5. Б. Р. Айманбетова, А. А. Бейсенбаева «Әдіснамалық негізгі тұрғысынанң «Қазақстан мектебің 1993 ж. №9 20-24 бет.

6. А. А. Бейсенбаева «Педагогика курсының лекциялары мектептегі оқу тәрбие процесіндегі пәнаралық байланысң алматы Абай атындағы КазПУ 1991 ж.

7. А. Д. Балтаев «Пәнаралық байланыс арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық психологиялық негізің Алматы 1994 ж. 30 бет.

8. «Сабақ беру тиімділігін арттыру жолдарың Құрастырған Б. Сманов Алматы Мектеп 1989 ж.

9. Д. Сабыров «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарың Алматы Мектеп 1978 ж. 110 бет.

10. Д. Сабыров «Оқыту теориясының негіздерің Педагогика коллледждер мен училищелерге арналған дидактикалық оқу құралы Алматы 1993 ж.

11. Қазақстан Республикасының заңы , Білім беру туралы «Алматы ақшамың 1992 ж 24 ақпан.

12. А. Көбесов, Әл Фараби Алматы «Қазақстанң 1971 ж.

13. О. Мұсабеков «Пәнаралық байланысты жұүзеге асыруң Қазақстан мектебі, 1989 ж. №13 49 – 50 бет.

14. Б. А. Сухомлинский «Мектептің жас директорымен сырласуң Алматы 1987 ж.

15. «Қазақстан Республикасының бастауыш білімінің мемлекеттік стандартың

16. Б. Р. Айманбетова, А. А. Бейсенбаева «Әдіснамалық негізі тұрғысынанң Қазақстан мектебі 1993 жыл №9.

17. А, А. Бейенбаева «Педагогика курсының лекциялары, мектептегі оқу тәрбие процесіндегі пәнаралық байланысң Алматы Абай атындағы КазПУ 1991 жыл.

18. «Сабақ беру тиімділігін арттыру жолдарың Құрастырған Б. Сманов Алматы Мектеп 1989 ж.

19. Т. Сабыров «Оқыту теориясының негіздерің Педагогикалық колледждері мен училищелерге арналған дидактикалық оқу құралы Алматы 1993 ж.

20. В. А. Сухомлинский «Мектептің жас директорымен сырласуң Алматы 1989 ж.

21. Т. Сабыров «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарың Алматы Мектеп 1978 ж.
1   2   3   4



Похожие:

Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны Кіріспе 5 1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Кіріспе 5
Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны кіріспе 3 i-тарау
Кіріспе 3
Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны. Кіріспе

Мазмұны. Кіріспе iconМазмұНЫ
Кіріспе б
Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны кіріспе

Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны кіріспе

Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны Жоспар бет
Кіріспе
Мазмұны. Кіріспе iconМазмұны Кіріспе І тарау. Аминдер

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов