3 I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері icon

3 I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері



Название3 I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері
страница3/5
Дата06.05.2013
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5



Танымжорықтың негізгі объектісі – табиғат құрам бөліктері болып табылады. Танымжорық өлкетану негізінде экологиялық проблемаларды оқып үйренуге, айналадағы ортаны қорғауға, табиғи құбылыстарды білуге, табиғат объектілерін анықтауған көмектеседі.

Танымжорықтың мақсаты:

1.Танымжорық өтетін жермен алдын-ала танысып, маршрутын анықтау;

2.Танымжорық бойындағы табиғи объектілер мен құбылыстарды есепке алу; 3.Танымжорық бойындағы объектілер туралы мәліметтерді жинау

4. Табиғатта білімгерлердің зейінін табиғи объектілерге аудару.

Танымжорыққа шығар алдынада Ұлы Жібек жолында орналасқан ежелгі қалалардың бірі: Тараз – Арыстанбаб - Түркістан объектілерін белгілеп алдық.

Маршрутты Түркістан деп алуымыздың себебі, ол халқымыздың мемлекет болып қалыптасуында үлкен роль атқарған. Екі жүз жылдан астам қазақ халқының сүйікті астанасы болған қасиетті қала. Халқымыздың керемет ел билеген көсемдері, сөзге жүйрік шешендері, елін жерін жаудан қорғаған хас батырлары мен көріпкел, болашақты болжағыш абзал ұлдары мен қыздары жерленген жер.

Түркістан - өзге жерден ерекше киелі жер. Халық нақылында: Түркістанда бар Түменбаб, Сайрамда бар сансыз баб, солардың ең үлкені Арыстанбаб делінген. Сондықтан оқушылар Тараз қаласындағы мавзолейлерді аралап, содан кейін Арыстанбабқа барып түнеп, одан кейін Түркістанға келеді.

Оқушылар осы объектілерді жәй көріп қана қоймай, қалалардың тарихын, географиялық орнын, табиғатын, салт – дәстүрлерімен танысып, қандай экологиялық проблемалар бар екендігін көреді.


II.Инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқушыларға экологиялық білім беру әдістемесі

^

II.1.Модульдік оқыту технологиясы



Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан –2030» стратегиялық жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңында, 2000 жылдың 30-қыркүйегінде қабылданған “Білім” мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл – ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді [22].

Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын экология сабақтарында қолдануға болады. Ал, жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізсе, ал оқушының ойлау, есту, көру, ынталандыру, бақылау, қабылдау, іздену мен танымдық қабілеттерін ашуға, өзін-өзі өзектілендіруге, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу–тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. (М.М.Жанпейісова). Бүгінгі таңда П.Э. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті– тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модельді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модельді оқыту технологиясы, В.М. Монаховтың, В.П.Беспальконың оқыту технологиялары кеңінен таралған.

Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің, Ш.Т.Таубаеваның, Қ.Қ.Қабдықайыровтың, С.Н.Лактионованың, М.М.Жанпейісованың және Қ.М.Нағымжанованың т.б. ғалымдардың оқытудың жаңа технологиялары белсенді түрде қолдануда [14].

«Модульдік оқыту технологиясы» деп аталған педагогикалық технология нұсқасын жасағанда «толық менгеру» әдістемесінің негізгі қағидалары ұстанылған. Осы технология - 1960 жылдардың соңында пайда болған. Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын біршама дербес бөлігі. Қазір дүние жүзінде модульді оқытудың 4 түрлі жолы бар:

1.Американдық модуль;

2.Неміс модулі;

3.Скавиннің орыс модулі;

4.Алексюк пен Фурманның Украина модулі.

Модульдік оқыту технологиясы – оқушы өзінше мақсаты жеке бағдарламамен оқитындай етіп оқыту процесін өзгертеді. Модульдік оқытудың өзегі оқу модулі. Ол:

-ақпараттардың аяқталған блогынан;

-оқушы іс-әрекеті бағдарламасынан;

-бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан тұрады.
^



Модульдік оқыту технологиясының мынандай құрылымы бар. Ол үш бөлімнен тұрады:

1.Кіріспе

2.Диалогтық сұхбат бөлімі

3.Қорытынды бөлімі.

Әр модульдегі сағаттар саны әртүрлі болады. Бұл бағдарлама бойынша тараулар, тақырыптар блогына, тақырып берілген санына байланысты.

Психолог Л.М.Фридман тақырыпты оқып үйрену: кіріспе – қызықтырушылық, операционалдық – танымдық, рефлекциялық – бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс деп есептейді. В.Ф. Шаталов технологиясындағы сызба және белгілік үлгілерді оқу модулінің кіріспе бөліміндегі визуалдық, лекцияда пайдалану объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптыстырады. Оқытудың жаңа мазмұнына сай берілетін ақпаратты тірек сызбалар арқылы “жалпыдан жекеге” қағидасы бойынша ұғындыру – тұлғаның есте сақтау, көру қабілетін арттырады. Оқу модулінің кіріспе бөлімінде ғана емес, сөйлесу бөлімінде де осы тілдің коммуникативтік қызметі жүзеге асады.

Оқу модулінің бірінші сабағында мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай: визуалдық лекция, лекция - өзара сөйлесу, проблемалық лекция үлгілерін пайдаланады.

Лекция бірізіділікпен түсінікті тілмен баяндалып, көрнекілік, сызба – нұсқаулар пайдаланғанда, міндетті түрде жазылып, соңында негізгі ұғымдар бойынша әңгімелесіп, қорытынды жасау керек.

Оқу модулінің сұхбат бөлімінде тұтас оқып – үйренудің, екінші – операционалдық – танымдық кезеңі іске асырылады. Оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуде оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге назар аударылады. Тұлғаны дамытатын жағымды эмоция тудыратын қызмет болғандықтан, оған оқу, танымдық қызметпен айналысудың ұнайтындығын, ақыл – ой жұмысынан ой-өрісінің кеңеюін ескеру қажет. Тұлғаның өзіне қиындық туғызатын деңгейде оқыту – дамыту құралы болып табылады. Ол тапсырмалар қарапайым, орташа, күрделі сұрақтардан тұрып, геометриялық фигуралармен белгіленеді. Осы үш деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеті артады.

Осы модулінің сұхбат бөлімінде тұлғаның танымдық қабілетін жетілдіруге негізделген Б.Блумның таксономиясына сүйену орынды. Олар:

- білу;

- түсіну;

- қолдану;

- талдау;

- топтау;

бағалаудан тұрады.

Оқу модульдегі үш деңгейлік тапсырмалардың кез келгенін өз қалауы бойынша таңдап алады. Тұлғаның қабілетіне сай білімін жағдай жасалынады. Оқушының білімін бағалау кез келген оқыту жүйесінің міндетті бөлігі. Тақырып, тарау, немесе модуль бөлімдерін өткен сайын, оның қалай өткендігін, қандай нәтижеге қол жеткізгендігін оқыту процесінің қаншалықты үйлесім болғанын, ненің толық істеліп болғанын, ненің алдағы уақытта атқарылу қажеттігін анықтау – білімін бағалау үшін дәстүрлік бағамен, және рейтингі жүйесімен бағалау әдісін қолдануға болады.

Оқу модулінің қорытындысы бөлімінде бақылау жүргізу, диагностикалық тест арқылы жүзеге асатынын атап көрсеткен. Тұлғаның танымдық қызметінің бақылаудың екі түрі бар:

1.тестілеу – міндетті түрде;

2.сынақ, бақылау, мұғалімнің таңдауы бойынша жүргізуді нақтылайды.

М.Жанпейісова оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша оқу бағдарламасы негізінде тестік тапсырмалар құрастыруды ескеріп, күрделі маңызы жоқ, яғни тым қарапайым материалдарды тестке енгізуге болмайтынын ескертеді.

Тест сұрақтарын екі топқа бөліп қарастырады:

1.абстрактілі – негізгі ережелер мен пәнаралық байланысты айқындайды;

2.нақты – орташа күрделірек дәрежедегі нақты материалдар бойынша білімін айқындайды.

Қазіргі таңда оқыту үрдісінде модульдік технологиялар кең өріс алуда. Оқушылардың мектепте алатын білімі мен тәрбиесін жетілдіруде оқытудың жаңа формасы тиімді болды. Мысалы ретінде, “Қала және жергілікті жер экологиясы” мен “Өндірістік экология” деген тарауларды ала отырып, модульдік технологиясы арқылы оқушыларға сабақ өтіп, экологиялық білімін қалыптастыруға болады. “Қала және жергілікті жер экологиясының” жоспары ұсынылады (№ 2-Кесте)

Мақсаты:

1.Қазақстан қалаларының зиянды заттармен ластануы туралы түсінік беру. Қазақстанның түсті металдарды өндіруде әлемдегі үлесі туралы білім қалыптастыру.

2. Қазақстан қалаларының зиянды заттармен ластануын айта отырып, оқушылардың өй - өрісін дамыту.

3.Географиялық, экологиялық және экономикалық білім беру.

^
Қала және жергілікті жер экологиясы” тарау бойынша өтетін сабақтың жоспары

2-кесте



Модуль құрылысы

Сабақ саны

Сабақ түрі мен мазмұны

Сағат саны

1

Кіріспе

1 – сабақ


Қазақстан қалаларының зиянды заттармен ластануы.

Тірек –сызба, нұсқа


1



2



Диалог сабақтар


2,3 – сабақ

«Тапқырлық ойыны»

Қалалардағы ірі өнеркәсіптер, зауыттар мен автокөліктердің көбеюі және адам организміне әсері.



2

4 – сабақ «Сиқырлы сандық»

Сұрақ жауап арқылы топпен жұмыс. Викториналық сұрақтар

1

5 – сабақ

«Мені түсін»



Қалалардағы жер-су көздерінің ластануы. Табиғатты аяла сөзжұмбақ арқылы оқушылардың білімін тексеру.


1

3

Қорытынды

6 –сабақ

Релелік сынақ

Оқушылардың білімін тексеріп, ой-өрісін арттыру.

2



Педагогикалық технологияның ерекшелігі, оның талабы осы мақсатқа жету, оқушының өзі іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы, ойлау дағдыларын дамыта отырып, жүзеге асыруды қарастырады. Оқушылардың оқудағы іс-әрекет арқылы, олардың ойлау дағдыларын жетілдіре отырып, мақсат қою технологиясын тарау бойынша көрсетуге болады (Блумның жүйесі бойынша №3 кесте).

«Қала және жергілікті жер экологиясы» тарауы бойынша оқушылардың алған экологиялық білім қорының жүйесі төмендегідей:

3-кесте

Білу

Осы тарауда қандай проблемалар келтірілген?

Түсіну

Қазақстан қалалардың зиянды заттармен ластануын қалай түсіндіруге болады?

Қолдану

Жергілікті жердің өзіне тән экологиялық проблемасы бар ма?

Талдау

Жер – су көздерінің ластану тобына, ластанудың негізгі себептеріне, негізгі ластану көздерін айқындау.

Жинақтау

«Тапқырлық» және «Сиқырлы сандық» ойын арқылы өз ойын жинақтау.

Бағалау

Қазақстанның дүние жүзілік түсті металдар өндірісіндегі үлесі.



Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың басқа технологиялардан ерекшелігі мынада:

1.Оқу мазмұнының меңгерілуі қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асатын жекеленген кешендер түрінде ұсынылады. Мақсат оқушы үшін қойылап, онда тек оқылатын мазмұнымен көлемі ғана көрсетіліп қоймай, оны меңгеру деңгейі де анықталады. Сонымен қатар оқушы мұғалімнен жұмыс істудің тиімді жолдары көрсетілген жазбаша нұсқау алады;

2.Мұғалімнің оқушылармен қарым –қатынас түрі өзгереді. Ол модульдер арқылы басқарушы мен бағынушы арасындағы жеке қарым – қатынас процесі арқылы жүзеге асады;

3.Оқушы көп уақыт өз бетінше жұмыс атқарады. Ол мақсат қоюға, өзін жоспарлауға, өзін ұйымдастыруға, өзін бағалауға үйренеді.


ІІ.2. Компьютерлік және ақпараттық технология


Модернизациялық жүйенің негізгі бағыттарының бірі - мектепте экологиялық білім беруде компьютерлік технология мен мультимедианы енгізу болып табылады. Бұл процесс жақында ғана басталса да, оның таралу жылдамдығы өте жоғары.

Феноменнің құрылымы соншалықты, егер мұғалім компьютерлік технологияға қарсылығын көрсететін болса да, оқушылардың ішінде компьютерді және мультимедианы жақсы меңгерген нұсқауларды қабылдайды. Қазіргі жастар тапсырманы орындау барысында өздері компьютерлік мүмкіндіктерін қолдануға тырысады. Әсіресе бұл тапсырмалар қазіргі таңдағы көп ақпараттарды пайдалануға және жұмысты даярлауында үлкен талаптар қойылуымен байланысты. Мұндай жағдайда мұғалім экологиялық білім беруіндегі барлық мүмкіндіктерді сонымен қатар жаңа пайдалы жаңалықтарды қолдануға барлық күшін салады [27].

Орта мектептің оқылатын пәндердің, барлығында компьютерлік технологияны пайдалану мүмкіндіктерді қарастырылуда және қолданылып та жүр (Шульгина, 2003; Горечко, Чернышев, 2004; Перфильев, 2003; Брукс, Кент, 2002, Таможняя, 2002) [28].

Экология сабағында жаңа технологияларды қолдануға көптеген мүмкіндіктер бар. Экологиядан сабақ беруде бірнеше негізгі бағытта компьютерлік технологияны және мультимедианы қолдануға болады (2-сурет).


1   2   3   4   5



Похожие:

3 I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері iconТұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері
3 I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері icon3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
Кіріспе
3 I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері iconІ сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда окушыларға экологиялық тәрбие берудің мәні және оның құрылымы
3 I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері iconКіріспе диплом жұмысының өзектілігі
Психологияның ежелгі таным ретіндегі дәстүрлі емес ғылыми салалармен байланысының теориялық талдауы
3 I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбиені қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері
3 I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері icon3-7 I тарау: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері
Кәсіптік бағдардың мәні мен мазмұны
3 I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері iconМазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол мекенінде өткізілген туристік экологиялық жарыс
3 I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері iconКіріспе бет і-тарау білім берудің ақпараттандырудың теориялық негіздері
Кіріспе бет
3 I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері iconМазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларында көркемдік-эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың теориялық негіздері
Кіші мектеп жасындағы балаларда бейнелеу өнерін оқыту арқылы эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың ерекшеліктері
3 I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 Бұйрығы «Білім туралы»
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов