І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс icon

І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс



НазваниеІ- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс
страница1/5
Дата06.05.2013
Размер0.89 Mb.
ТипДиплом
скачать >>>
  1   2   3   4   5


Жалпы білім беретін мектептер тәжірибесінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану жолдары


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ .................................................................................................................3-6


І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс.


1.1. Білім үрдісіндегі “технология” ұғымы ...........................................................7-24

1.2.Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары........................................................................................................24-52


ІІ – тарау. Оқытудың жаңа технологиялары Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің іс- тәжірибелерінде


2.1.Оңтүстік Қазақстан облысы мектептері тәжірибесінде қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялар және олардың сипаттамалары........................53-64


2.2.Жаңа педагогикалық технологияларды оқыту үрдісінде пайдалану тәжірибелерінен......................................................................................................64-71


Қорытынды...........................................................................................................72-76

^ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ................................................................... 77-80


Кіріспе

Диплом жұмысының көкейкестілігі:

XXI ғасырда Қазақстан Республикасындағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңының 8-бабында “Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” - деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру(1).

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген.(2) Оны жүзеге асыру-мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру. Алайда, инновациялық педагогикалық технологияларды қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы оқушылардың білім деңгейін , шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. Әлі де болса көптеген мектептер оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуде оқытудың дәстүрлі әдістері мен тәсілдерін пайдаланумен шектелуде. Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мектепті сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір мектепке өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізер еді. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын мектеп практикасына белсенді түрде ендіру – қоғам талабы.

Осыған байланысты біз дипломдық зерттеу жұмысының тақырыбы ретінде “Жалпы білім беретін мектептер тәжірибесінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану жолдары” – тақырыбын таңдап алдық.

Инновациялық педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы етіп, оларды оқу үрдісін жетілдіру бағытында қолдану мәселелерімен В.П.Беспалько, В.В.Егоров, М.В.Кларин, В.М.Монахов, Қ.Қабдықайырұлы, М.М.Жанпейісова, Ж.А.Қараев, Г.К.Селевко, Ш.Таубаева, Л.А.Шкутина, т.б. ғалымдар айналысты.

Жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы білім беретін орта мектептерінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану жолдарын іздестіру, озық тәжірибелерді жинақтау және жалпылау.

Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін орта мектептердегі педагогикалық процесс.

Зерттеу пәні: Жалпы білім беретін орта мектептердегі оқыту процесі

Зерттеудің міндеті:

- “Технология”, “инновациялық технология”, “педагогикалық технология” ұғымдарының мәнін педагогика ғылымының қазіргі кезеңдегі даму деңгейі тұрғысынан сипаттау.

- Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамаларын талдау.

- Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің іс-тәжірибесінде қолданылатын оқытудың жаңа технологияларын анықтау, оларды

талдау және жинақтау.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Іс-әрекет теориясы, Тұлға теориясы, таным теориясы, П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясы, Қазақстан Республикасының 2007- жылдың 27-шіл-десінде қабылдаған “Білім беру туралы заңы”.

Зерттеу көздері: Зерттеу нысанына байланысты педагогикалық-психологиялық әдебиеттер, “ Қазақcтан мұғалімі” газеттері, “Ізденіс”, “Қазақстан мектебі” журналдарының 1990-2008 жылдар аралығындағы сандары, Оңтүстік Қазақстан облысының кадрлар біліктілігін арттыру және жаңа технологияларды дамыту институтының әдебиет қоры мен мұраханасының материалдары.

Зерттеу әдістері: Педагогикалық тұрғыдан ғылыми теориялық талдау әдісі, озық тәжірибелерді жинақтау және жалпылау әдістері, мұрахана материалдарын талдау және жалпылау әдістері, педагогикалық бақылау әдісі, сұрақ-жауап әдістері, әңгімелесу әдісі.

Зерттеу базасы: Оңтүстік Қазақстан облысының үздіксіз білім беру институты, Шымкент қаласының № 1, 25, 65 орта мектептері. Бұл жұмысты жазуда Қазақстандық педагогика ғылымындағы, әсіресе, оның дидактика саласындағы, сондай-ақ білім мазмұнын іріктеу ұстанымдары; оқытудың ұйымдастыру формалары; оқытудың әдіс - тәсілдері; дүниежүзілік халық ағарту саласында өзгерістер мен жаңа бағыттар ескерілді; мектептерде жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелері, алдыңғы қатарлы озат мұғалімдердің тәжірибелері осы жұмысқа арқау болды. (6)

Тың тақырып бойынша жазылып отырғандықтан бұл дипломдық жұмыстың тарихи әдістемелік сипаты бар, яғни мұнда оқыту теориясы мен әдістемесі мәселелерімен қатар, мектептерде пәндерді оқыту тәжірибесінде, сондай-ақ мерзімді педагогикалық баспасөзде ақпараттық технологияны пайдалану, интерактивті әдістер сияқты оқытуды ұйымдастыру мен әдістерінде де жаңашылдық кездеседі. Оқу-әдістемелік мекемелердің, жоғары оқу орындарының кафедраларының, халыққа білім беру саласының облыстық, қалалық, аудандық мекемелері мен облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру институттарының, ондағы мектептердің қатысуымен жүзеге асырылды.

Жұмыстың құрылымы: Дипломдық іздену жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І-тарау - “ Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс” ,

ІІ- тарау - “ Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің іс- тәжірибесінде ” – деп аталады.


^ I. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс.

1.1. Білім беру үрдісіндегі “ технология ” ұғымы

“Технология” ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрі болмасын, өзінің мәнін анықтап, сипаттама беруді қажет етеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми айналымда технология және технологиямен байланысты жеке ұғымдарға берілген анықтамалар баршылық. Алайда білім беру жүйесінде дәл қазіргі кезеңде жүріп жатқан процестердің технологиясының мәнін ашып, түсіндіретін жалпы анықтама жоқ (3).

Білім беру жүйесі басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, білім беру технологиясы деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер осы процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз — технологияның осы түрі.

“Технология ұғымы Tehne”- өнер, шеберлік ,logos” – ілім, білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіретін, грек тілінен енген екі сөзден тұрады. Сондықтан, технологиятерминін қазақ тіліне өнер туралы ғылым немесе шеберлік туралы ғылым деп аударуға болады.

“Технология” бұл қандайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы./Педагогикалық сөздік/

“Технология” өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы. /Шетел сөздігі/

“Технология” оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. /В.М.Монахов/

Бұл ұғымға пәндік саланы сипаттайтын терминдерді қосамыз да кез-келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.

АҚШ пен Батыс Европада XX ғасырдың екінші жартысынан бастап оқыту процесінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. 1940-50 жылдары оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты білім берудің технология” термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, 50-60-шы жылдары түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен бұл терминдер педагогикалық технология деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында технологиялық әдіс шет елдерде кеңінен талқылана бастады. Мұнда негізгі екі бағыт көзге түсті (4). Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті, техникалық құралдарды қолданумен байланыстырылса, екіншісінің құрамында оқу процесінің өзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да педагогикалық технология оқытудың технологиясы деген термин пайда болды.

60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың бас кезінде АҚШ, Англия, ФРГ, Франция, Италия, Япония т.б. көптегсн елдерде оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымсн айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту үрдісі білім беру үрдісінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан, оқытудың технологиясытерминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай олқылық тәрбиенің технологиясы”, “дамыту технологиясы ”, “ қалыптастыру технологиясыұғымдарына да тән. Қазіргі кезеңде батыста білім беру саласындағы технологияны белгілеу үшін білім беру технологиясы ұғымы пайдаланылып жүр. Осы ұғымның ғана мейлінше аясы кең, білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, біліктілікті арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегі оқыту процесіңде және т.б.) қолданылатын кез келген технологияны қамти алады. Сондықтан, білім беру технологиясы терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге (дисциплина) қатысты қолданған дұрыс болар еді. Бірақ, әзірше бұл термин көп жағдайда тек мектептегі оқыту үрдісі төңірегін сипаттауда ғана қолданылып жүр.

Сондықтан, бұдан әрі қарай білім беру технологиясы ұғымын мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудін технологиясына — оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады. Сондықтан, оларды жеке-жеке талдаған кезде бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктерін атап көрсетуге тиіспіз.

Бұл оқыту үрдісінің педагогикалык үрдісдеп аталуына байланысты. Әлемдік терминологияның бірегейленуіне байланысты білім беру технологиясы ұғымына тоқталуға тиіспіз.

Т.К.Смыковская, Т.Б.Руденколардың пікірінше: “Әдістеме тек бір ғана – оқыту үрдісіне көңіл бөлсе, технология бір мезетте оқу және оқыту үрдісімен қатар жұмыс істейді. Және технология алға қойылған мақсаттың нақты соңғы нәтижесіне кепілдік береді”. Ежелгі философтардың өзі педагогикалық шеберлікті тарату туралы айтқан, ал бұл осы күнгі технологияға жақын. Сондай-ақ, К.Ушинский, А.С:Макаренко да технологиялық рәсімдерді анық көрсете білген(5).

Сырттай қарағанда, технологияның әдістемесі мен оқыту үрдісіңдегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдер арасында карама-кайшылық жоқ. Себебі, оқытудың әдістемесі ұғымы “білім беру технологиясы” ұғымынан әлдеқайда кең. Дәлірек айтсақ, әдістеме не үшін, неге және қалай оқыту керек?негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады. Ал, технолог болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс-әрекетін, жолдарын анықтау қажет болған сәтте ғана іске кіріседі. Сонымен, Т.Г.Новикованың тұжырымдауынша, технология, негізінен, триаданың үшінші сұрағына, яғни қалай оқыту керек? деген сұраққа ғана жауап береді. Олай болса, технология әдістемелік процестің құрамына еніп, әдістемені жүзеге асыруға қызмет етеді деген қорытынды жасауға болады (Автор).

Схема түрінде бұл жағдайды 1-кестеде көрсетілгендей сипаттауға болады.

Бір қарағанда, технологиялық әдіс жеке пәндерді оқыту әдістемелері ішінде де дами алар еді деген ой туады. Бірақ, әдістемелік және технологиялық амалдардың мақсаттық ұстанымдары қалыптасқан.

^ Технология мен әдістеменің ерекшеліктері




Тә


1 - кесте

Технология ұғымы тар мағынада бір нақты объектінің технологиясы ретінде және кең мағынада ғылым саласы ретінде қарастырылады. Егер, технологияны педагогикалық ғылымдарға қатысты алсақ, педагогикалық технология ұғымының мәнін анықтап алу қажет.

Ғылымипедагогикалық әдебиеттерде педагогикалық технологияның мәнін ғалымдар түрліше анықтайды. Атап айтқанда:

  • В.А.Беспальконың пікірінше, педагогикалық технология — алдын ала жобаланған оқу-тәрбие процесінің практикада жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы;

  • Б.Т.Лихачевтің тұжырымдауынша, педагогикалық технология — оқыту мен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы;

  • В.М.Монаховтың айтуынша, педагогикалық технология — оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу процесін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты (ұсақ-түйегіне дейін) ойластырылған моделі;

  • М.В.Клариннің пікіріне қарағанда, педагогикалық технология — педагогикалық мақсатқа жету үшін колданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу реті ;

  • В.И.Андреев педагогикалық технологияны жобалау және берілген технологияны тәжірибеде педагогикалық заңдылықтарды, мақсаттарды, мазмұнын, формасын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын қолдану, сонымен қатар кейінгі жаңғырту ретінде түсінеді;

  • Н.Е.Щуркова педагогикалық технологияны балаға педагогтың шынайы өзара әрекетін қамтамасыз ететін қолданбалы ғылыми педагогикалық пән ретінде анықтайды;

  • А.К.Колеченконың тұжырымы бойынша, педагогикалық технология қойылған мақсатқа сәйкес білімді, білікті, дағдыны және қатынасты құрастыру, қалыптастыру мен бақылау бойынша операциялардың жиыны болып табылады;

  • Ш.Т.Таубаева мен Б.Т.Барсай педагогикалық технологияны оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі ретінде сипаттайды.

Дегенмен, барлық анықтамаларға ортақ басты негіз бар. Осы негізді арқау ретінде алып, педагогикалық технологияның мәнін былай сипаттауға болады: “Педагогикалық технологиялар — бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдама мен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жасайды. (М.М.Жанпейісова)(6).

Педагогикалық технологияларға барлық елдер ғалымдары қызығушылық танытуда. Сондықтан 1979ж. АҚШ-та педагогикалық коммуникация мен технология Ассоциациясында ресми түрде төмендегідей тұжырым қабылданды:

“Педагогикалық технология — комплексті, интегративті процесс. Соның ішінде адамдарды, идеяларды, ұйым іс-әрекетінің құралы мен әдіс-тәсілін мәселенің анализі мен шешімін басқару, білімді меңгерудегі барлық аспектілердің орамды болуын іске асырады”. “Педагогикалық технология” ұғымы оқыту мен тәрбиелеу саласында кең қолданылады. Педагогикалық технологияның пайда болуының екі жолы бар. Алғашқысы технологияның теорияда пайда болуы (В.П.Беспалько, В.В.Давыдов, В.К.Дьяченко, Л.В.Занков, П.Я.Гальперин, Н.В.Кузьмина және т.б.). Кейінгісі технологияның тәжірибеде пайда болуы(Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, Б.Ф.Шаталов және т.б.)

Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практика ара-лығында орын алып отыр. Педагогикалық технология деп мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі жаңа ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үрдісін айтамыз. (С.Сполдинг, 1969.) Сонымен, педагогикалық технология — оқыту үрдісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, білім берудің тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология педагогикалық қолданбалы сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың практикалық жалғасы. Ол классикалық дидактиканы дамытады, төмендегідей технология ұстанымдарына сүйенеді:

а) технологиялық құрылымдық және азаматтық тұтастығы;

ә) оның диагностикалық мақсаттылығы, аяқталғандық, әлеуметтік және табиғатқа сәйкестілік, барлық үрдістердің қарқынды жүруі (В.Беспалько, 1984.) Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, әлеуметтік философия, басқару және мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуалды білім беру және кибернетика элементтерінен тұратын пәнаралық конгломерат ретінде қарастырады. Педагогикалық технология Я.Коменскийдің модулі және жобалаудың ереже-нормасын, білім берудің тиімді жүйесі мен үрдістерін іске асыруды қамтиды. Мектептің әрбір басқышындағы қазіргі оқу жоспарлары мен бағдарламалары үнемі жақсартылуы керек, оларды қисындастыра және байланыстыра отырып алмастыруы керек. Тиімді педагогикалық жүйелерді осы заманғы жағдайда тәжірибелік жұмыстарда жобалап және тексеріп көрудің маңызы зор. Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз — белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. /Селевко Г./

Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейінгі орынды алады. Оқытудын технологиясын қолданбалы дидактика десе де болады. Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы - оқыту іс - әрекетінін әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы. Сонымен, технологиялық әдіс дидактикалық немесе жеке әдістерден туындамайды, оқу үрдісінің дербес бағыты болып табылады. Технология оқу процесімен — оқытушы мен оқушының іс - әрекеттерімен, яғни, құрылымы, құралдары, әдістері және түрлерімен тығыз байланысты. Технология әдістемеден оқыту әрекеттерінің өңдеуге болатындығымен ерекшеленеді. Сондықтан, педагогикалық технологияның құрылымы мына бөліктерден тұрады:

1. Концептуалдық негізі.

  1. Оқытудың мазмұндық бөлігі:

    • оқытудың мақсаттары: жалпы және нақты;

    • оқу материалының мазмұны.

  2. Процессуалдық бөлігі немесе технологиялық үрдіс:

    • оқу үрдісін ұйымдастыру;

    • оқушылардың оқу іс-әрекетінің әдістері мен формалары;

    • оқушылардың оқу материалын игеруін басқарудағы оқытушының іс- әрекеті;

    • оқыту үрдісін диагностикалау .

Сонымен бірге, кез келген педагогикалық технология мынадай негізгі әдіснамалық талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

  1   2   3   4   5



Похожие:

І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс iconМазмұны кіріспе I. Тарау. ӘЛемдік және отандық ТӘжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
Жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері
І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс icon1 Әлемдік экономика және хэқ-дың пәні: a әлемдік тауар,қызмет және капитал нарықтары
Елдер арасындағы бөлшектік және технологиялық мамандану қай кезеңдегі хеб-ін сипаттайды?
І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы технологиялық университеті
Алматы технологиялық университеті 2013 жылдың 25-26 сәуірінде кәсіптік білім мен тәжірибені терең меңгерген студенттер арасындағы...
І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс iconАлматы технологиялық университеті
Білім алушының білім траекториясын таңдауы. Білім алушының жеке оқу жоспары
І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс iconКіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі
Бүгінгі білім саласында республикалағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және мұғалім іс-әрекетін жаңаша...
І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс icon2 1 тарау. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау
І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс iconМемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе
Бітіру жұмысының тақырыбы «Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері» деп аталады....
І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс iconЖоспар Кіріспе Тарау І. БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері
Халықаралық ұйымдар-әлемдік саясаттың ажырамас бөлігі, халықаралық ұйымның қалыптасу тарихы
І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс iconІ тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып...
І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс iconІ тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов