Мазмұны Кіріспе icon

Мазмұны Кіріспе



НазваниеМазмұны Кіріспе
страница1/4
Дата06.05.2013
Размер0.79 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
  1   2   3   4


Мазмұны





Кіріспе

3

І

Тарау. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудің теориялық негіздері


6

1.1.

Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудің дидактикалық қағидаларының сипаты

6

1.2.

Білім берудегі инновациялық технологияларға шолу

15

1.3.

Кейстік оқыту технологиясының теориялық негіздері

29

ІІ

Тарау. Жоғары сынып оқушыларын «Авто ісі» пәніне оқытудың әдістемелік негіздері


35

2.1.

«Авто ісі» пәнін оқытудың мазмұны

а) 10 сыныпқа арналған тақырыптық жоспар

ә) сабақтың үлгі жоспары

35

37

38

2.2.

Авто ісі пәнінің «Қоректендіру жүйесі» тарауын оқытуда кейс әдістін қолдану жолдары

47

ІІІ

Тарау. Автомобильдің қоректендіру жүйесі

64

3.1.

Жанғыш қоспалар түрлері және олардың қасиеттері

64

3.2.

Қоректендіру жүйесінің приборлары

68

3.3.

Қоректендіру жүйесінің ақаулары


72




Қорытынды

75




Әдебиеттер

76




Қосымша

78



Кіріспе

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы қашанда әлеуметтік қайта өрлеудің қайнар көзі болып келді және оны дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», - деп көрсетуінің өзі бүгінгі таңда жастарға ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру мүмкіндігін жетілдіру сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен бейімділігін, ептілігін арттыру әділетті қоғамның басты міндеті болып отырғанын көрсетеді. Білім берудің мақсатын, міндеттерін жүзеге асыруда мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілулері қажет. Оның өзі уақыт талабынан туындауда. Оқушылардың шығармашылығын әдетте мектептерде сабақтарда, шеберханаларда, от басында шынығады. Оқушыларға кәсіптік білім түрлерін тереңірек зерделей отырып оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын міндетті және мүмкіндік талаптарды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

Мектеп оқушыларының жеке ерекшелігін ескере отырып ішкі мүмкіндіктерін ояту, білімге құштарлығын арттыру, ең алдымен, олардың көңіл күйлерін жағымды арнаға түсіріп, қолайлы жағдай туғызуды талап етеді. Оның ғылыми негіздерін зерттеуде ұлы ғұламалар мен психолог-педагог ғалымдардың (Әл-Фараби, Я.Коменский, Ж.Баласағүн, К.Ушинский, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Л.Толстой, А.Макаренко, Ш.Уәлиханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, И.Песталоцци, Д.Лихачев, Л.Фридман, т.б.) тәрбиелей отырып оқыту теорияларын басшылыққа алуға болады.

ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңінде білім беру, прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті. Сондықтанда білім беру ісінде оңды нәтижелерге жетелейтін жаңа педагогикалық оқыту технологиялары туралы соңғы кездері ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде және баспа материалдарында кеңінен айтылуда. Сабақ барысында оқыту әдістерінің тиімді түрлерін қолдану жақтарын көптеген педагогтар Т.И.Щукина, Н.Бабанский, В.Ф.Шаталов, Т.А.Ильина т.б. өз еңбектерінде көрсеткен.

Жас кезден игерілген ойдың орамдылығы ауылдық икемділігі дүниенің қыр-сырын шексіз меңгеруге болатынына мүмкіндік беретін психологиялық тұрғыда жан-жақты зерттеген Я.А.Пономарев Л.С.Выготский Н.А.Лук сияқты ғалымдардың еңбектерінен белгілі.

Кәсіпке баулуда жоғары сыныпта өтілетін «Ауылшаруашылық техникасы» пәнінің келешегі зор. Оқушыларды оқытуда заман талабына сай озық технологияларды және оқытудың жаңа әдістерін қолдану өте тиімді екендігі даусыз. Соңғы жылдары жаңа білім бағыттары туралы көптеп жазылып жүр. Ол Кейс әдісі интенсивті оқыту технологиясы ретінде оқушының өз бетінше ойлау және инициативашылдығын мен мұғалімнің творчестволықпен педагогикалық жетекшілік етуінің үйлесімділігіне ерекше мүмкіндіктер береді. Кейстер шешімдерді ұжымдық және жеке ізденісті қажет ететін практикалық проблемалар көрсетілген оқу материалы.

^ Кейс әдісі - оқушының мәселені нақты іс-әрекетте алынған теориялық білімін қолданып, талдау қабілеті, бейімдік дағдылар мен шеберлікті дамытуға және өз ұстанымын қорғауды үйренуге мүмкіндік береді. Қарастырған зерттеу жұмыстары авто ісіне үйретуде оқытудың инновациялық технологияларын қолдану мәселелерін қарастырмаған, сондықтан да біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Оқушыларды «Авто ісі» пәнінің «Қоректендіру жүйесі» тарауын оқытуда инновациялық оқыту әдістерін қолдану» деп алдық.

Зерттеудің нысанасы: 10 сынып Авто ісі пәні.

Зерттеудің пәні: оқушыларды ииновациялық оқыту әдістерін қолдана отырып кәсіпке баулу үрдісі.

Зерттеудің мақсаты: жоғарғы сынып оқушыларын «Авто ісіне» үйретуде инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Зерттеудің міндеттері:

  • білім беру процесінде дидактикалық принциптердің маңызы мен мәнін зерделеу;

  • инновациялық оқыту технологияларын пайдалану мүмкіндіктерін негіздеу;

  • кейс әдісінің теориялық негізін аныш қарастыру;

  • оқушыларды «Авто ісіне» үйретудің мазмұнын анықтау;

  • пәнді оқыту барысында кейс әдісін қолдану жолдарын ашып көрсету;

  • Зерттелетін пән мазмұнын ашып қарастыру.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: жоғары сынып оқушыларын Авто ісі сабағында «Қоректендіру жүйесі» тарауын оқытуда кейс әдісінің қолданылу жолдары мен материалдық техникалық базасының ерекшеліктері ашып көрсетіледі.


І тарау. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудің теориялық негіздері


1.1. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудегі дидактикалық қағидалардың сипаты


Дидактикалық принциптері негіздерінің алғашқы әрекеттері Я.А.Коменскийдің, Ж.Ж.Руссоның, И.Г.Песталоццидің еңбектерінде жасалған. Олар принциптердің бірін жетекші ретінде ұстауды да, соның негізінде дидактикалық қағидаларының бүкіл жүйесін құрды.


Дидактикалық қағидаларының жүйесі оқыту процесінің заңдылықтарын білдіреді және тәрбие мақсаттарымен белгіленеді.

Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық қағидалар білім мазмұнының негізіне алынады. Олар төмендегідей:

  • оқыту процесін гуманитарландыру қағидасы;

  • оқытудың ғылымилығы, жүйелілігі қағидасы;

  • теория мен практиканың байланыстылығы қағидасы;

  • оқытудың көрнекілігі қағидасы;

  • оқытудың саналылығы мен белсенділігі қағидасы;

  • білім беру мен тәрбиенің және жеке тұлғаның дамуының байланыстылығы қағидасы;

  • білімнің шамаға лайықтылығы мен оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу қағидасы;

  • білімді берік және тиянақты меңгеру қағидасы;

  • оқыту процесінде пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық қағидасы.

Гуманитарлық білім беру төмендегідей басты міндеттерді жүзеге асыруды көздейді:

- барлық пәндерді оқыту білім берудің гуманистік бағытын, шығармашылық потенциалының қалыптасуын, болашақ маманды даярлауды жалпы адамзаттың рухани құндылықтарының басымдығын қамтамасыз ету;

- гуманитарлық білім беруді Қазақстан Республикасының ұлттық тарихымен, мәдениетімен, дәстүрімен байланысты болып, әрі жалпы өркениеттік міндеттер аясында әлемдік және ұлттық мәдениетпен бірлікте жүргізу;

- гуманитарлық пәндерді оқу-үйрену ынтымақтастық педагогикасының студенттер мен оқушылардың ұсынылған арнаулы оқу курстарын еркін таңдауына негіздеу;

- гуманитарлық білім беру алынған мамандықтың қажеттіліктерін, кәсіби қызметте адамның шығармашылық әлеуметінің ашылуына жәрдемдесіп, өздігінен білім алуға ынтасын туғызу, әрі іскер қарым-қатынас дағдысын, адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;

- жеке адамды оқыту /әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыру/ кезеңдерінің өн бойында гуманитарлық даярлықтың үздіксіз сипатта жүргізілуі тек танымдық мақсатта ғана емес, сонымен қатар дара қарым-қатынас, икемділік, шыдамдылық, батылдық, ынталылық жеке бастың тәртіптілігі жауапкершілік қатынастарын игеруін және сыртқы ортада дұрыс бағыт-бағдар ұстай білу қабілетін қалыптастыруды көздейді.

Кәсіпке баулу сабақтарында мұғалім оқыту процестерінің гуманитарландыру қағидасын жүзеге асыруы қажет.

Дидактикалық қағидаларының кәсіпке баулу сабақтарында қолданылуы қажеттілік болып табылады.

Оқытудың ғылымилық принципі. Кәсіпке баулу сабағының мазмұны өндірістің негізгі компоненттері бойынша анықталатындығы белгілі. Кәсіпке баулу сабағының техника, технологиялық процестердің және экономикалық көрсеткіштерді оқыту барысында олардың негізгі анықтамаларын, заңдылықтарын ғылыми негізде түсіндіру қажет.

Техника мен технологиялық ғылыми негізі жаратылыстану негізінде түсіндіріледі, экономикалық көрсеткіштер сандық-саналылықпен анықталынады. Сонымен бірге мұғалім пайдаланған ғылыми ұғымдар мен терминдерді түсіндіріп, дұрыс қолдана білуге үйретеді.

Кәсіпке баулу сабағында оқушыларға бұйым жасауда материалды таңдау үшін олардың қасиеттерін, технологиялық өңдеу барысында болатын құбылыстарды ашып ғылыми тұрғыда түсіндіру, оқушының ойлау қабілетін дамытады.

Оқытудың жүйелілік және бірізділік принципі. Білімнің жақсы меңгерілуі үшін жаңа білім бұрынғы бар білім жүйесіне біртіндеп енгізілуге тиіс. Таным қызметінің бұл жағы жүйелілік және бірізділік принципі деп аталады. Мұғалім оқу материалына, мазмұнына байланысты әрбір сабақтың оқу материалын, мазмұнын дидактикалық талаптарға сай логикалық байланыста, оқуға жүйелі қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпке баулу сабақтарының барлығында әрбір оқушы жүйелі түрде политехникалық және арнайы еңбек дағдыларын және сол сияқты өндірістің ғылыми негізін міндетті түрде меңгеруі тиіс. Міне, сондықтан оқушыларды сыныптан сыныпқа көшкенде еңбек операциялары, технологиялық процестерін, техника негіздерін және еңбек құралдарымен жұмыс істеуді біртіндеп қарапайымнан күрделіге өтіп меңгерілуі тиіс. Кәсіпке баулу сабақтарында бірізділік, жүйелілік принципті жүзеге асыру бағдарлама мазмұнында көрсетілген. Егер бұйымдарды мұғалім енгізуді қажет деп санасы онда, бұл қағиданы естен шығармауы тиіс. Бағдарлама мазмұнында алдымен өңделетін материалдың қасиетін оқып үйрету қарастырылса, содан соң оларды өңдеу технологиясы меңгеріледі. Сабақ барысында бірізділік, жүйелілік принциптерін іске асыруда мұғалімнің қызметі мына бағытта жүзеге асырылуы тиіс: кәсіпке баулу сабақтарының барлық кезеңдерінде оқушылардың жалпыеңбектік, жалпыөндірістік дағдыларын қалыптастыру көздеуі; өндірістің ғылыми негізін, бір тұтас жүйелі білімді қалыптастыруды қарастыруы; оқушылардың әрбір сабақта меңгерген оқу материалы бұрынғы өтілген сабақтардың негізінде жүргізуі; әрбір сабақты жоспарлауда ол сабақтардың өткен сабақтармен байланысты болуын қарастыруы; сабақта өткен техника-технологиялық мағлұматтар бағдарламалы тиянақты белгілеуді.

Оқытудың түсініктілігі мен ауқымдылық принципі. Білімнің жақсы меңгерілуі үшін олар түсінікті келтірілген болуы керек. Оқытудың түсініктілігі мен шамаға лайықтылығы берілген сыныпқа, оқушылардың жас ерекшелігіне, білім деңгейіне сай болуы тиіс.

Шамаға лайықтылық - алған білімнің оқушының санасына байланыстылығын көрсетеді. Егер ондай байланыс болмаса, онда білім шамаға лайықты емес. Шамаға лайықтылық /түсініктілік пен ауқымдылық/ ол баланың саналы білімі оқыту процесінен, жанұялық тәрбиеден, табиғаттан тікелей алған және қоғамдық құбылыстардан, үлкендермен қарым-қатынаста, кітап оқуда, кинофильмдерден алғаны. Білімнің түсініктілікпен ауқымдылық жүйесі көлемі мен ауқымдылығы жағынан оқушының білім деңгейін көтеруі қажет.

Кәсіпке баулу сабағында білімнің шамаға лайықтылығын былай қарастыруға болады. Жасалатын бұйымның оқушылардың жас ерекшелігіне, физиологиялық ой ерекшелігіне сай келуі. Сонымен бірге істелетін жұмыс қарапайым да, күрделі де емес, оқушының қабілетіне сай болуы.

Оқытудың көрнекілік принципі. Оқушылық таным нақты фактілер мен құбылыстарды сезімдік қабылдауынан басталады. Көрнекілік принципі нақтылық пен абстрактіліктің бірлігі негізінде алынып қарастырылады. Бұл принцип оқушылар білімдерді игергенде оқылып зерттеліп отырған заттармен құбылыстарды немесе олардың кескінін жанды қабылдаудан жинақтауға, қорытындылауға немесе керісінше, жалпыдан жалқыға, нақтыға қарай оқытуды осылай етіп қою талаптарын білдіреді. Я.А.Коменскийді көрнекі оқытудың еңбек сіңірген жасампазы деп санаймыз.

К.Д.Ушинский оқушыларда байқағыштықты таным, білім белсенділікті дамыту үшін көрнекі оқытудың маңызын жақсы түсінген. Мұғалімнің сөзінің көрнекілікпен дұрыс ұштасуының үлкен маңызы бар. Дидактикада сөз бен көрнекілікті ұштастырудың екі жолы белгілі. Бірінші жолы - көрнекі құралдарды көрсету мұғалім сөзінің алдынан келеді. Бұл жағдайда мұғалім оқушының байқауына басшылық етеді, ал, байқаулардың барысында олар қажетті білімдерді алады. Екінші жолы - сөзбен түсіндіру құралдарды көрсетудің алдынан келеді. Біріншісі тиімді саналады. Өйткені бұл білімдердің хабарлауын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сондай-ақ оқушылардың байқағыштығын дамытуға жол ашады. Екіншісі уақытты аз керек етеді және материалдық сипаты мен оқыту жағдайларына қарай пайдалануға болады. Кәсіпке баулу сабағында еңбек процесінің орындалу ретін оқушыларға тиянақты жеткізу мақсатында мұғалім әр түрлі көрнекі құралдарды пайдаланады. Олар техникалық суреттер, сызбалар, плакаттар, модельдер, макеттер. Практикалық жұмыс барысында дайын бұйымдардың үлгілері қолданылады. Көрнекілікпен оқыту танымға барлық сезім органын қатыстыру. Көрнекі құралдарды тек мұғалім ғана емес, сондай-ақ білімдерін бекітіп, тексергенде оқушылар да пайдаланады.

Сабақта көрнекі материалмен бастырмалауға болмайды. Көрнекі құралдар тым көп болып кеткенде туатын әсерлердің молдығы оймен толғап қорытуы қиындатады және оқушылардың білім сапасына нұсқан келтіреді.

Оқытудың саналылық және белсенділік принципі. Саналылық пен белсенділік оқушылардың таным-білім және практикалық іс-әрекетіне жасалатын педагогикалық басшылықтың дәрежесіне байланысты. Саналылық пен белсенділік дәрежесі көп жағынан оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу сапасына байланысты болады. Белсенділік пен саналылық oқытудың бүкіл барысында қалыптасады.

Оқу материалын саналы игеру мұғалім оңайлатып жібермей баяндаған жағдайда мүмкін болады. Мұғалім пайымдауының, айқындығының, нанымдылығының және дәлелдігінің үлкен маңызы бар. Материалды саналы игеру балалар жаңа бейтаныс сөздердің түсінігін дербес табуға ұмтылған жағдайда мүмкін болмақ.

Оқытудың өмірмен байланыс - білімдерді саналы игерудің маңызды алғы шарты. Саналылық - оқу ісіндегі формализмді жеңудің маңызды жолы. Оқу ісіндегі формализм - оны жеткілікті түсінбей және практикада қолдана білмей оқу материалын жайдан-жай жаттап алу.

Саналылық, белсенділік, өзіндік принципі еңбек әрекетінде айқын байқалады. Сондықтан оқушыларды еңбек әрекетін, қабілетін саналы түрде, белсенді түрде, белсенді өзіндік жұмыс атқару арқылы қалыптастыру әрбір мұғалімнің міндеті. Кәсіпке баулу сабақтарында оқушылардың еңбегі өз бетінше орындалатын жаттығулар, лабораториялық, практикалық жұмыстар арқылы оқу өндірістік тапсырмалар арқылы техникалық құжаттарды талдауы, техникалық, технологиялық есептерді, экономикалық есептерді шешу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан қарастырып отырған принцип оқу материалын меңгеру деп проблемалық оқыту тұрғысынан шешу арқылы қарастырылады. Себебі оқушы тапсырма алу арқылы өз бетінше сол тапсырманы орындайды. Практикалық жұмыс барысында еңбек құралдарын анықтайды, схема, сызба, есептеу жолдарын қарастырады. Бірақ ол әрекеттердің барлығын оқушы бір мезгілде шеше алмауы мүмкін. Сондықтан мұндай әрекетке мұғалім біртіндеп оқытуды үйретеді.

Білімді игеру беріктігінің принципі. Білімді игерудің беріктілік принципі оқушының оқыған оқу материалын ұзақ уақыт есте сақтауды көздейді.

Жалпы білім беретін мектептер мынадай міндет қояды: оқушыларға берілетін білімдер олардың өмір бойы есінде сақтайтындай ету. Ол үшін мұғалім оқыту процесінде оқушының білімді саналы игеруін, белсенділігін туғызуы керек. Сонда білімдер берік игеріліп, оқушының дамуына ықпал ете алады. Кәсіпке баулу сабағында оқушыларға икемділік пен дағдыны дұрыс қалыптастырсақ және теориялық білімді саналы игертіп белсенділігін тудыра алсақ, онда оқушылар практикада орындаған еңбек операциялардың өмір бойы ұмытпайтын болады. Мәселен, пайдаланатын құрал-жабдықтардың, технологиялық процестердің ғылыми негізі жөнінде де білімі берік қалыптасуын қамтамасыз ету қажет. Мұның бәрі теориялық мағлұматтарды мұғалімнің оқушыларға қалай және қайтып жеткізуінде болмақ.

Теорияның практикамен байланыстылық принципі. Оқушылардың ғылым негіздері болып саналатын сабақтардан алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуді айқындайды.

Кәсіпке баулу сабағындағы негізгі құраушы принциптердің бірі - политехникалық білім беру принципі. Политехникалық білім беру дегеніміз өндірістің негізгі элементтері туралы экономикалық байланыстары туралы білім беріп, өндірісте көп кездесетін еңбек құралдарымен жұмыс істеумен дағдыландыру. Соның нәтижесінде барлық өндірістер туралы мағлұматтарды қалыптастыру.

Политехникалық білімді былай көрсетуге болады:

1. Жалпы өндірістің теория және практика жүзінде ғылыми негізі туралы жүйелі білім.

2. Жалпыеңбектік, жалпыөндірістік біліктілік пен дағды.

3. Жеке бастың еңбекке қабілеттілігін қалыптастыру. Кәсіпке баулу сабақтарында оқушыларға өндірістің негізі туралы мағлұмат беріледі. Өндірістің негіздерін төмендегідей көрсетуге болады:

1. Материалдық.

2. Техника негіздері.

3. Технология негіздері.

4. Басқару жүйесі.

5. Адам және оның еңбегі.

Өндірісті оқыту екі аспектіде оқытылуы ықтимал:

1.Өндірістің материалдық игілігі;

2. Өндірістің дидактикалық аспектісі.

Өндірістің дидактикалық аспектісіне өндірісте кездесетін техникалық жұмыс істеу принципі технологиялық процестердің заңдылықтары, өндірістің құрылымы, өндірісті басқарудың экономикалық принципі, өндірістің жоспарларының тәсілдері жатады. Өндірістегі жұмысшының өндірістік процеске байланысты еңбек функциясын, еңбек әрекеттерін қарастыру дидактикалық мәселелерді қамтиды. Политехникалық білім беруде оқушыларға жан-жақты білім беру қарастырылады.

Оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру принципі. Кәсіпке баулу сабағы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады және оның 75%ға жуық уақыты практикалық сабақтың үлесіне тиеді. Осы практикалық жұмысқа бөлінген уақытта оқушыларға міндетті түрде сабақтың барысында пайдалы өнімді өндірумен шұғылдануы тиіс. Мұндағы ескеретін нәрсе оқушының еңбегі үйретілетін, шеберлігін қалыптастыратын алғашқы оқу еңбегі, маман жұмысшының еңбегіндей емес. Мектепте кәсіпке баулу сабақтарына байланысты оқуды, өнімді еңбекпен байланыстыруда мына міндеттерді шешу қажет: 1)оқушылардың жасайтын өнімдерінің жоспарын орындау; 2)оқушылардың жасаған бұйымына байланысты еңбегін материалдық және моральдық ынталандыру;3)оқушылардың жасайтын бұйымына байланысты есеп жүргізу және ол бұйымдарды қажетке жарату; 4) базалық кәсіпорын жағдайларында оқушыларды жұмыс істеуге бейімдеу. Практикалық еңбек процестерінде кездесетін құбылыстар мен заңдылықтарын, ғылыми тұжырымдамаларын анықтайды. Еңбек процесіндегі кездесетін құбылыстардың, заңдылықтардың еңбек ету процесінде де жүзеге асырылатынын оқушыға көрсету қажет етіледі.

Мұғалім қызметінде оқыту принциптерін әрқайсысын жеке емес, бірімен бірі тығыз байланысты жүзеге асыруы қажет.

Кәсіпке баулу процесінде дұрыс іріктелген оқу материалы мен практикалық іс-әрекеттерге сәйкес біздер оқушыларға дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикалық тәрбие элементтерін беруге жұмыс жасаймыз. Бұйымдағы түстердің үйлесіп, қоршаған дүние, табиғат жөніндегі ойды оқуға, бейнелеуге үйретеміз. Бейнелеу сауаттылығын қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

  1   2   3   4



Похожие:

Мазмұны Кіріспе iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
Мазмұны Кіріспе iconМазмұны Кіріспе 5 1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Кіріспе 5
Мазмұны Кіріспе iconМазмұны кіріспе 3 i-тарау
Кіріспе 3
Мазмұны Кіріспе iconМазмұны. Кіріспе

Мазмұны Кіріспе iconМазмұНЫ
Кіріспе б
Мазмұны Кіріспе iconМазмұны кіріспе

Мазмұны Кіріспе iconМазмұны кіріспе

Мазмұны Кіріспе iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны Кіріспе iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны Кіріспе iconМазмұны Жоспар бет
Кіріспе
Мазмұны Кіріспе iconМазмұны Кіріспе І тарау. Аминдер

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов