Мазмұны Кіріспе icon

Мазмұны Кіріспе



НазваниеМазмұны Кіріспе
страница3/4
Дата06.05.2013
Размер0.79 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4

«Авто ісі» пәні бойынша 10-сыныпқға арналған

тақырыптық жоспар


Р/с

Тараулар мен тақырып атаулары

Жалпы сағат

теория

прак

1.

Кіріспе.

Жұмыс орнын ұйымдастырудың қауіпсіздік техникасы

1




2.

Автомобильдің жалпы құрылысы

4

1

3.

Қозғалтқыштың жалпы құрылысы

3

5

4.

Жол жүріс ережесі

4

6

5.

Қозғалтқыш кривошипті шатунды және газ бөлу механизмдері

4

6

6.

Суыту және майлау жүйесі

4

4

7.

Карбюратор қозғалтқышының қоректену жүйесі

4

6

8

Дизель қозғалтқышының қоректену жүйесі

2

4

9

Карбюратор қозғалтқышының тұтандыру жүйесі

6

6




Барлығы:

32

38


^ Сабақтың үлгі жоспары

Сабақтың тақырыбы: Карбюраторлық қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі туралы мәлімет. Қарапайым карбюратор

Сабақтың мақсаттары:

а) білім беру: оқушыларға теориялық мәлмет беру, карбюратордың құрылысын, жұмыс істеу принципін түсіндіру.

ә)тәрбиелік: оқушыларды шынайылыққа және құыптылыққа тәрбиелеу.

б)дамытушылық: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және бейімдеу.

Сабақтың түрі: теориялық.

Оқыту әдісі: проблемалық-түсіндіру.

Пайдаланылған әдебиеттер: В.С.Калинский. Автомобиль.

В.И. Плеханов. Автомобиль.

Көрнекіліктер: плакат.

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі: (2-5минут)

а) сәлемдесу.

ә) оқушыларды түгендеу.

б) кезекшілерді тағайындау.

в) оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.

2.Өткен сабақты қайталау (20-25 минут).

1.Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесіне нелер жатады?

2. Отын багінің қажеттілігі неде?

3. Карбюратордың атқаратын қызметі не?

4. Қоректендіру жүйесінің атқаратын қызметі немесе оның жабдықтарының қызметін атаңыз?


Жаңа сабақты түсіндіру (55-60 минут)

Қоректендіру жүйесі туралы мәлімет.

1. Карбюраторлы автокөлік қозғалтқыштарына арналған жанармай.

2. Жанар қоспаның құрамына сипаттама.

3. Қарапайым карбюраторға сипаттама.

Карбюраторлы автокөлік қозғалтқыштарына арналған жанар май, 40-205оС температура аралығында қайнайтын, мұнайдың неғұрлым жеңіл фракцияларының қоспасы б.т. бензинді автокөліктің карбюраторлы қозғалтқыштарында қолданылады. Автокөлік бензині – тез тұтнағыш, мөлдір сұйықтық. Бензиннің тығыздығы 0,70-0,77г/см3 .

Карбюраторлы автомобиль двигателі тек оңай ұшып буланатын жоғары калориялы отын май-бензинмен ғана белгілі бір қуатпен жұмыс істей алады. Бензинді мұнай өнімдерінен тікелей ажырату немесе жоғары температура мен қысымда қайта өңдеу жолымен тазартудан — крекинг-бензин алынады. Автомобиль двигательдері үшін негізінен крекинг-бензин колданылады. Бензиннің сапасы оның тығыздығымен, жылу шығарғыштық қабілеті және детонациялық қасиеттерімен сииатталады.

Бензиннің тығыздығы 200С температурада 0,700—0,760 г/см3 аралығында болады (Бір текше сантиметр заттың граммен өлшенген массасын оның тығыздығы деп атайды).

Бензиннің жылу шығарғыштық қасиеті 10 500—11000 ккал шамасында болады (жылу шығарғыштық қасиеті деп — I кг отын түгел жанғанда шыға-ратын жылудың шамасын айтады. Ол калориямен өлшенеді).

Бензиннің сапасын анықтаудағы бірден-бір көрсеткіштердің бірі оның буланғыштығы. Сондықтан неғұрлым бензиннің булануы жақсы болса (қайнау температурасы төмен), соғұрлым двигательді іске қосу жеңіл және ол үнемді жұмыс істейді.

Автокөлік бензиніне қойылатын талаптар:

қозғалтқыштың барлық жағдайда тез оталуын, тез қызуын, орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

детонацияға қарсы жеткілікті беріктігі болуы;

қозғалтқыштың бөлшектерінде смола күйенің пайда болуына қарсы тұра алуға;

жоғары антикоррозиялық қасиеттерге – қозғалтқыш бөлшектерін, сүзгілерді, жанар май түтіктерін, бактарды сақтау және пайдалану кезінде тот баспауын қамтамасыз ету.

Автокөлік бензиндері әр түрлі маркада шығарылады: А-66, А-76, А-80, А-85, АИ-92, АИ-93, АИ-95, АИ-98. а әрпі бензиннің автокөліктерге арналғандығын білдіреді. Цифрлар октан санының ең төменгі мәнін көрсетіп, бензиннің детонацияға беріктілігімен сипатталады.

^ Отынның детонациялық қасиеті. Цилиндрде сығылған жұмыстық қоспа қалыпты жағдайларда 20-30 м/сек. жылдамдықпен жанып, цилиндрдің ішіндегі қысым бірқалыпты өсіп отырады. Кейбір жағдайларға байланысты (бензиннің сапасының нашарлығынан двигательдің шамадан тыс қызып кетуінен, ерте от алу бұрышының артуы т.б.) қоспаның бір бөлегі өте жоғары 200 м/сек. жылдамдықта соққы толқынымен жануымен және қысымның тез өсуімен қабаттаса жүреді. Жұмыстық қоспаның осылайша жануын детонация дейді. Отынның детонациялық жануы двигательдің жұмысына үлкен зиян келтіреді. Детонацияның белгілеріне двигательден дүрсілдің шығуы, қуатының кемуі, өшіргіштен қою қара түтін шығуы және двигательдің тез қызуы жатады. Сондықтан детонация кезінде двигательдің бөлшектері тез тозады.

Кейде жұмыстық қоспаның өздігінен ерте от алуын детонациямен шатастырады. Өздігінен ерте от алу дегеніміз — жоғары температурада жұмыс істейтін" қоспаға ашық жалынның әсері тимей-ақ өздігінен от алу қасиетін айтады. Өздігінен от алу двигатель шамадан тыс қызған уакытта сығу тактісінің соңында сығылған жұмыстық қоспаның температурасы өте жоғарылағанда қоспаның тұтануы электр ұшқыны пайда болғанға шейін болады. Өздігінен от алу кейде жоғары температурадағы қоспа свечаның қызған электродына немесе күйе бөлшектеріне қызудан от алу типінен де пайда болады. Өздігінен от алуда от алу жүйесі ажыратылғанда да, двигатель біраз уақыт өздігінен жұмыс істейді, ал бұл жағдай детонация кезінде кездеспейтін жай.

Отынның детонацияға қарсы тұрушылығы октандық санымен бағаланады. Отынның октандық саны неғұрлым көп болса, соғұрлым оның детонацияға қарсы тұрушылығы арта түседі. Автомобильдерге қолданылатын бензиннің октандық саны 66-98 аралығында болады. Бірақ кейде октандық саны басқа да бензин қолданылуы мүмкін. Бензиннің детонацияға карсылығьгн оған антидетонатор (этиль сұйығы) қосу арқылы езгертіп отырады. Этиль сұйығын бензинге қосқанда бензиннің 1 литріне 1,0 см3 сұйық қосады.

Этиль сұйығы қосылған бензинді этильденген деп атайды.

Ескерте кететін жай, этиль сұйығы у болғандықтан бензинге азғантай ғана қосқанның өзінде бензин улы болады. Этильденген бензинді жай бензиннен ажырату үшін оған қызғылт-сары, не көк-жасыл бояу қосады. Этиль сұйығы өзінің ерігіштігі, ұшпалығы және адам терісіне тез сіңіп, өткіштігінің арқасында адам организміне өтіп оны қатты уландырады. Этильденген отын этиль сұиығындағыдай өте хауіпті, сондықтан онымен жұмыс істегенде өте сақтықпен, ұқыпты болып, оның теріге тиіп, не ішкі организмге кіріп уландырмауына мұқият болу керек. Этильденген бензинмен деталь мен қолды жууға, кір жууға, шланг арқылы ауызбен соруға немесе бензин жүретін түтіктерді үрлеп тазартуға болмайды. Егер этильденген бензин теріге тиген болса оны әуелі керосинмен, кейін сабынды сумен жуу керек. Этильденген бензинмен жұмыс істеген двигательді бөлшектегенде детальдарын ұқыпты түрде керосинмен жақсылап жуу керек. Жоғарыдағы айтылғандай сақтықпен қолданылған этильденген бензиннің жұмыс істеушіге ешбір зияны жоқ.

Жанғыш қоспаның құрамы. Карбюраторлы двигательдің әрбір жұмыс тактысы циклінің тактысы өте аз уакыт ішінде (0,02—0,01 сек.) өтетін болғандықтан, жұмыс жүрісінің бас кезінде-ақ қоспа жанып бітуі керек, олай болса қоспаның жану уақыты одан да аз (0,002-0,003 сек). Сондықтан қоспаның жоғарыдағыдай өте аз уақыт ішінде жанып үлгеруі үшін отынның өте ұсақ бөлшектеріне ауа қосылуы керек. Өте ұсақ бөлшектер отынның бүркуінен және булануынан пайда болады, ал толық жануы ауаның қажетті мөлшерімен осы булардың мұқият араласуынан болады.

Қоспадағы бензиннің - толық жануы үшін әрбір килограмм отынға 15 кг ауа араласса, мұндай қоспаны қалыпты қоспа деп атайды. Әдетте қалыпты қоспадан басқа да құрамды қоспалар болуы мүмкін.

Байытылғай қоспада 1 кг бензин мен 13-тен 15 кг дейін ауа болады. Мұндай қоспа үлкен жылдамдықпен жанады да оның әсерінен цилиндрдегі газдардың да қысымы өте үлкен болады.

Бай қоспаның құрамында 1 кг бензинге келетін ауа 13 кг кем болады. Бұл қоспа жай жанады, ал 1 кг бензинге 5 кг ауа келсе, ондай қоспа от алмайды.

Кедейленген қоспаның құрамында 1 кг бензин, 15-16,5 кг ауа болады. Қоспаның құрамы мұндай болған жағдайда бензин толық жанады, бірақ жану жылдамдығы төмендеуі салдарынан двигательдің қуаты кемиді, әрІ отынның үнемділігі артады.

Кедей қоспаның құрамында 1 кг бензинге 17 кг артығырақ ауа болады және өте жай жанады. Егер І кг бензинге 21 кг не одан да артық ауа келсе, ондай қоспа от алмайды.

Түрлі жағдайларда жұмыс істейтін двигательге қолданылатын қоспаның құрамы әдеттегі қалыпты жағдайдан өзгеше болуы да мүмкін.

Салқын қозғалтқышты іске қосқанда енгізу трубопроводтар мен цилиндрлердің салқын қабырғаларында бензин буларының конденсациялануы, сон-дай-ақ ауаның жылдамдығының нашарлауы және қоспаны жылытатын жағдайдың жоқтығынан қоспа нашар дайындалады. Осы жағдайларды еске ала отырып, двигательді іске қосқанда қоспаның сенімді түрде от алуы үшін онда бу тәрізді отынның жеткілікті мөлшерінің қалуы, отын бөлшектерінің конденсациялануына қарамастан қоспа біршама бай болуы тиіс.

Зая жүрістің жай айналысында цилиндрдегі қоспаның шамасы аз болады. Себебі отынның түйіршіктері бір-бірінен алшақтағандықтан қалдық газбен араласуынан қоспа нашар жанып, двигатель нашар істейді. Зая жүрістің-жай айналысында двигатель тұрақты жұмыс істеуі үшін қоспаның жану жылдамдығын байытылган қоспаны пайдалана отырып арттыру қажет. Орташа күшпен жұмыс істеу үшін кедейленген қоспа қолдану арқылы отынның шығынын кемітеді. Қоспаның мұндай құрамын қолданғанда двигательдің қуаты кемиді. Толық күшпен жұмыс істегенде двигательдің қуатын барынша арттыру үшін толық күш беріп байытылған қоспаның жану жылдамдығын арттырады. Зая жұмыс істеп тұрған двигатель бірден толық күш беру жағдайына көшірілгенде қоспаны байыту керек әйтпесе оның тоқтап қалуы мүмкін.

Цилиндрде жанармай қалыпты жанған кезінде тұтандыру свечасымен жану камерасының бүкіл көлемі бойынша жалынның тарау жылдамдығы 30-40 м/сек болады. Бұл жағдайда цилиндрдегі қысым тез, бірақ бірқалыпты жоғарылайды.

Қарапайым карбюратор. жанғыш қоспаны дайындау процесін карбюрация, осы процесті іске асыратын приборды карбюратор деп атайды. Карбюраторлардың жұмысы бүріккіш пульверизатор процесіне негізделеді.

Карбюратор қалытқысы бар қалытқылы камерадан және инелі клапан мен араластырғыш камерадан тұрады. Араластырғыш камераның ішінде диффузор, жиклерлі бүріккіш және дрюссель орналасқан.

Қалытқылы камера – карбюратордың ішіндегі отынның мөлшері мен қысымын бірқалыпты ұстау үшін керек. Отынның бетінде қалқып жүрген ішкі қуыс қалтқының рычагына инелі клапан тіреліп тұрады. Қалытқылы камераны белгілі бір деңгейіне дейін толтырғанда қалытқы инелі клапанды өзінің ершігіне қысып, отынның бұдан әрі келу жолын бітеп тастайды. Отынның деңгейі азайғанда қалытқы мен инелі клапан төмен түсіп, қалытқылы камераның отын енгізетін жолын қайта ашады. Қалтқылы камераның жоғарғы жағында атмосферамен жалғасып тұратын тесігі бар.

Араластырғыш камера – диффузордан дрюссельге дейінгі карбюратор, келте трубасының бір бөлігі. Араластырғыш камерада жанғыш қоспа пайда болады. Одан калибрленген тесікжиклер арқылы қалытқылы камерамен байланыстыратын түтік – бүріккіш шығарылған. Өзара қатынасушы ыдыстар заңына сәйкес бүріккіштегі отынның деңгейі қалтқылы камерадағымен біршамада болады. Бүріккіштің жоғарғы жағы араластырғыш камераның таралған бөлігі – диффузорында орналасады. Карбюратордың араластырғыш камерасы енгізу трубопроводына бекітіліп, клапан ашылған уақытта қозғалтқыштың цилиндрімен жалғасып отырады.

Енгізу тактысында қозғалтқыштың цилиндрінде жанған газдың қысымы ыдырап азаяды, себебі бұл уақытта енгізу клапаны ашылады да, ауаның ағымы араластырғыш камерасына одан әрі цилиндрге тарайды. Ауа ағымының ең үлкен жылдамдығы оның араласу камерасының ең тар жерінде бүріккіш тесігінің түбінде болады.

Қалытқылы (атмосфералық) және араластырғыш (газ қысымының сиреуі) камераларының ішіндегі қысым әр түрлі болғандықтан, отын бүріккіштің тесігінен өздігінен ағып шыққан жолында ауаның ағынымен араласып бұл тәрізді тұманданған белгілі бір қатынастағы жанғыш ұсақ қоспаға айналады. Цилиндрдегі кіретін жанғыш қоспаның шамасы жүргізуші кабинасынан басқарылатын дроссель тесігімен реттеліп отырады. Қарапайым карбюратор белгілі бір күшпен қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігінде қанағаттанарлық жұмыс істей алады. Қозғалтқыштың жұмыс режимі өзгеріп отырса, күші және ауаның ағымы мен карбюратор диффузорындағы қысы да өзгеріп отырады.

Ауа ағымының бағытына және жанғыш қоспаға қарай карбюраторлар жоғары көтерілуші, төмен құлаушы және көлденең ағынды болып үшке бөлінеді. Практикада кең орын алғаны төмен құлаушы ағынды түрі, себебі мұнда қоспаның араласуы мен цилиндрлердің жанғыш қоспамен толуы жақсарады.

Қорыта келгенде карбюраторлы автокөлік қозғалтқышы тек оңай ұшып буланатын жоғары калориялы отын май - бензинмен ғана белгілі бір қуатпен жұмыс істей алады.

Жану процесі кезінде жанар майдың құрамындағы көміртегі мен сутегі ауадағы оттегімен қосылады. Қозғалтқыш цилиндріне келетін ауаның мөлшеріне байланысты жану толық және шала болуы мүмкін. Карбюратор енгізу құбыры бойымен цилиндрлерге келетін жанар қоспасын дайындайды.

Пысықтау сұрақтары (10-15 минут)

1. Бензиннің негізгі қасиеттерін атаңдар?

2. Автокөлік бензиніне қойылатын негізгі талаптар қандай?

3. Автокөлік бензинінің маркаларын атаңыз?

4. Бензин маркасындағы әріптер мен сандар нені білдіреді?

5. Жанғыш қоспаның құрамын атаңыз?

6.Қалыпты, байтылған, бай, кедейнген және кедей жанар қоспаларындағы жанар мен ауа мөлшерінің ара қатынасы қандай?

7. Карбюратор деп аталу себебін түсіндіріңіз?

8. Қарапайым құрылысын атаңыз?

9. Қарапайым карбюратордың жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

10.Қарапайым карбюратор бөлшектерінің атқаратын қызметін түсіндіріңіз?

Сабақты қорытындылау (5-7).

Өткен сабақты қайталау.Үйге тапсырма


2.2. авто ісі пәнінің «қоректендіру жүйесі» тарауын оқытуда кейс әдісін қолдану жолдары


Кейбір авторлар кейсті біренше түрге бөледі:

Далалық (полевые) – нағыз өмірден алынған фактілерге негізделген;

Креслолық – авторлардың ойлап тапқан фактілеріне негізделген;

Американдық – ұзақ;

Батыс еуропалық – қысқа.

Ұзақ - кейс көлемі – 20 немесе одан да көп беттен тұрады.

Орта – 8-10 парақ.

Қысқа – 5 бетке дейін немесе бірнеше қатар сөйлемнен тұрады.

Кейстер бірнеше формада, яғни бір беттегі бірнеше сөйлемнен көптеген бетке дейін. Бірақ, есте ұстайтын нәрсе көп беттен тұратын кейстерді оқушылардың шешуіне қиындықтар туғызады. Кейсте бір ұйымда болған бір жағдай берілуі мүмкін немесе біренеше кәсіпорныдарда болған бірнеше оқиғалардың даму тарихы берілуі мүмкін.

Бұл оқыту технологиясының әралуан белгіленулері бар. Шет елдік баспаларда бұл әдісті әр алуан атайды: ситуацияларды зерделеу; іскерлік тарихы; кейс әдісі.

ТМД елдерінде: нақты ситуациялар әдісі;іскерлі ситуациялар; кейс әдісі.

Біздің пікірімізше «нақты ситуация», ал дәлірек айтқанда «нақты оқу ситуациясы» деген терминді қолданған жөн деп есептейміз. Бұл атау 1995 жылдан бері қолданылып келеді.

Кейс әдісі негізделген оқу үрдісі, бұл ұсынылып отырған ситуацияларды жан жақты зерделеуге негізделуге мақсаткерлікпен бағытталған үрдіс, кейс проблемаларын ашық пікірталас уақытында талқылау және шешімдер қабылдау дағдыларын меңгерту б.т. Кейс әдісінің ерекшелігі нақты өмірден алынған фактілер негізінде проблемалық ситуациялар туындату.

Кейс-әдісі құрамында кейс банкісінен басқа, кейсті қолдануға арналған әдістемелік құралдар, оқушыларға пікірталас үшін сұрақтар, оқушыларға арналған тапсрымалар, мұғалімге арналған көмекші дидактикалық материалдар болуы қажет.

Кейс әдісі теориялық оқыту мен практикалық дағдылардың оңтайлы үйлесімін табуға көмектеседі. Мұғалімнің кабинеттегі пікірталасты ұйымдастыруы кезінде оқушының ой-өрісі дамиды. Пікірталасты жүргізу және сілтемелер беру, бағыттаушы сұрақтар беру, шешім қабылдауға бағыттау бұл ең негізгі мұғалімнің іс әрекеті б.т.

Кейс-әдісінің оқыту үрдісінде оқушылардың мынадай кілтті кәсіби сапаларының: коммуникабелділік, лидерлік, қысқа уақыттың ішінде реттелмеген көп көлемді ақпаратты зерледеу біліктілігі, стресс және жеткіліксіз ақпарат жағдайында шешім қабылдау және т.б. іс жүзінде дамуына әсері мол. Бұл жерде кейс әдісі сабақтың лекция формасында өтілетін түпріне қосымша түрінде қызмет етеді. Нақты ситуацияларды қолдану әдісі:

  • өмірден немесе бизнес пракитасынан алынып дайындалған жазбаша ситуация үлгісі;

  • оқушылардың ситуацияны өзбеттерінше зерделеуі және талқылауы;

  • кабинетте отырып ситуацияны төраға жетекшілігімен бірлесе отырып зерделеу;

  • «шешім шығарудан басқа талқылау» үрдісінің негізгі болуы принципін басшылыққа алу.


Кейстің артықшылығы:

  • нақты уақиғаларға байланысты академиялық теорияларды демонстрациялауға мүмкіндік береді,

  • басқа заттар мен құбылыстарға байланысты нақты затты зерделеуге оқушыларды қызықтыруға мүмкіндік беред;

  • ақпараттарды жинақтау, қайта өңдеу және зерделеу бойынша білім және дағдыларын белсенді түрде меңгеруге мүмкіндік жасайды.

Кейс-әдісі әртүрлі практикалық дағдылардың дамуына қолдау жасайды:

  • зерделеу дағдылары – берілген мәліметтерді ақпараттардан ажырата білу, топтастыра білу, маңыздыны маңызды еместен ажырата білу, оны көз алдына елестете білу және таба білу, қарастырылмай қалған ақпарттарды табу және толықтыру, анық және логикалық ойлау;

  • практикалық дағдылар – кейсте берілген проблеманың өмірдегімен салыстырғанда деңгейінің күрделі емес болуы, теорияның, әдістің және қағидалардың іс жүзінде қолданылуы практикалық дағдылардың қалыптасуына мүмкіндік береді;

  • шығармашылық дағдылары – логикалық жолмен табу мүмкін емес балама шешімдердің маңыздылығы;

  • коммуникативтік дағдылар - пікірталасты жүргізу іскерлігі, айналадағыларды сендіре білу, көрнекі материалдарды және т.б. құралдарды пайдалану, өз көзқарасын дәлелдеу, қарсыластарды сендіре білу, қысқаша нақты есеп жасау;

  • әлеуметтік дағдылар – адамдардың тәртібін бағалай білу, тыңдай білу, пікірталас барысында қолдай білу және қарама-қайшы пікірлерді аргументтеу, өзін өзі бақылау;

  • өзіне өзі талдау жасай білу - пікірталас барысында келісімге келмеу өзінің және өзгенің пікіріне мойынсыну немесе зерделей білу.

Кейс түрлері және құрылымы. Кейс – бірігей ақпараттық кешен, ол үш бөліктен тұрады:

  • кейсті зерделеуге қажетті қосымша ақпарат;

  • нақты ситуацияны сипаттау;

  • кейске берілетін тапсырма.

Кейстер әртүрлі формада берілуі мүмкін:

Бір беттегі бірнеше сөйлемнен, бірнеше беттегі материалдарға дейін.

Кейстің ұсынылуы: баспалы, мультимедия, видео.

Кейстің стандартты түрдегі формасы болмайды. әдетте кейс баспа түрінде беріледі, бірақ мәтінде фотосуреттер, диаграммалар, таблицалар және т.б. берілетін болса оқушылар үшін мазмұны көрнекі болып шығады. Соңғы кезеңде мультимедиа түрінде презентациялау жаппай қолданылуда.

Кейс дайындалу әдісі бойынша типтендірілген болуы мүмкін, мысалы, кітапханалық, көпшілік, классикалық және кабинеттік.

Нақты ситуациялар дайындалу әдісі бойынша әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, кейстің қай жерде жазылуына байланысты обьектіде немесе мұғалімнің жұмысшы столында, ал кейстегі қолданылған ақпараттар формальды (көпшілік) немесе формальды емес (нақты жерден алынған) сыпатта болса, онда осы аталғандардан төрт кейс түрі: кітапханалық, көпшілік, классикалық және кабинеттік түрлері жасалынады.

Кейстер оқыту мақсатына байланысты: зерделеуге және бағалауға үйрететін кейстер, проблеманы шешуге және шешімдер қабылдауға үйретеін кейстер болып бөлінеді.

Мазмұны бойынша кейстер типі:

  • зерлеуге және бағалауға үйрететін кейстер;

  • проблеманы шешуге және шешімдер қабылдауға үйрететін кейстер;

  • проблеманы, шешімді немесе тлығымен концепцияны иллюстрциялайтын кейстер.

Нақты ситуацияларды зерделеу - оқушылардың белсендi танымдық қызметiн ұйымдастырудың тиiмдi және кеңiнен тараған әдiстерi. Наты жағдайларды зерделеу әдiсi өмiрлiк және өндiрiстiк мiндеттердi зерделеу қабiлеттерiн дамытады. Нақты ситуацияларда тыңдаушы, мұнда проблема бар ма, ол неден туады және өзiнiң ситуацияға қарым - қатынасын анықтауы қажет.

Нақты ситуацияны зерделеу жұмысының әдiстемесiн екi бағытта жүргізуге болады.

1. Нақты ситуацияларды рольдерде ойнау. Бұл кезде қатынасушылар ситуацияны алдын ала зерттеп бiледi және сабақ талдаудан рольдiк ойынға ауысады.

2. Бiр ситуация шешiмiнiң варианттарын бiрлесiп талқылау оқушылардың тәжірибесiн тереңдетедi; олардың әрқайсысының варианттар шешiмімен танысуға, толықтыруға, өзгертуге мүмкiндiктері бар.

Практика көрсеткеніндей, нақты ситуацияны зерделеу әдiстемесі қойылған сұрақтардың жауабын алу үшiн оқушыларды терең бiлiм алуға ұмтылдырады. Бұл әдiстiң негiзгi мақсаты – оқушылардың аналитикалық қабiлетiн дамыту, өздерiндегi ақпаратты дұрыс пайдалануға мүмкiндiк туғызады.

^ Проблемалық ситуациялардың пайда болу шарттары және олардың типтері. Проблемалық ситуациялардың «пайда болуы» және «жасауы» деген екі ұғым кездеседі. Олардың қайсысы шындықты дұрысырақ білдіреді? Бұл жерде бір мәнді жауап қайтаруға болмайды. Біріншіден, оқушы үшін проблемалық ситуация әрқашан пайда болып отырады, мұғалім үшін проблемалық оқу ситуациялар деген жоқ, тек қана педагогикалық (методикалық) қиындықтар болуы мүмкін. Екіншіден, поблемалық ситуация, оқу пәнінің логикасын немесе оқу процесінің логикасынан туады. Оқу пәнінің логикасы бойынша олар, әдетте, мұғалімнің тілегіне байланыссыз, яғни объективті түрде пайда болады. Сондай-ақ мұғалім мен оқушылар қимылының дидактика ережелерімен белгіленген дәйектілігіне байланысты оқу процесінің логикасы бойынша да пайда болуы мүмкін. Әдетте, мұндай ситуациялар – мұғалімнің проблемалы болып шыққан сұрақтар немесе міндеттер қоюының салдары. Бұл жағдайда мұғалім ол құбылыстың психологиялық мәнісін тіпті аңғармауы да мүмкін. Сұрақтар мен міндеттер мүлде басқа мақсатпен (оқушының зейінін аудару, оның материалды меңгерген – меңгермегенін білу және т.б. үшін). Қойылса да, проблемалық ситуация тудыруы мүмкін. Оның пайда болуы мұғалімнің мақсатты әрекеттеріне байланысты емес, бұл – оқу процесінің әбден табиғи әрі заңды құбылысы. Бұл секілді ситуациялар, күмән жоқ, оқушылардың ойлау әрекетін күшейтеді (активтендіреді), ол оқу процесінде әрқашан болып отырған. Ал проблемалық ситуациялар тұрақты пайда болып отыру үшін қалай істеу керек? Егер мұғалім проблемалық оқытуды ұйымдастыру ережелерін білсе, ол проблемалық ситуацияларды әдейі жасауы мүмкін.

Мұғалімнің өзінің тілегінен тыс (объективті түрде) пайда болған проблемалық ситуацияларды және ол әдейі жасаған ситуацияларды мақсатты түрінде көрінеді, оны шеберлікпен қолдану проблемалық оқытудың негізгі ерекшелігі де болып табылады.

Проблемалық ситуациялар жасаудың дидактикалық және методикалық жағынан дәлелденген тәсілдері мұғалімге олардың пайда болуының жалпы заңдылықтары белгілі болған жағдайда ғана табылуы мүмкін. Кеңес педагогикасында проблемалық ситуациялардың кең және, біздің пікірімізше, педагогикалық шындықты дәл көрсететін типологиясын Т.В.Кудрявцев ұсынды. Практикада көрсетіп отырғандай, оқу материалында болатын қайшылықтардың барша алуан түрлілігі педагогикалық психологияның неғұрлым жинақталған ұғымы ретінде проблемалық оқу ситуацияларының бар болғаны бірнеше типімен ғана айтылуы мүмкін.

^ Проблемалық ситуация жасау. Оқу процесінің негізгі кезеңдері: бұрын меңгерілген материалды қайталау, жаңа материалды қабылдау мен меңгеру және оны жаттығулар орындау жолымен бекіту – дидактикаға бұрыннан мәлім. Алайда оқушының осы кезеңдердің әрқайсысындағы жұмыс әдістері мен методтары әртүрлі болуы және әр түрлі нәтижелерге жеткізуі мүмкін.

Проблемалық ситуацияның оқудың бірінші және екінші кезеңдерінің негізгі элементіне – оқушылардың ойлау қызметін күшейтудің басты құралына айналуында.

Оқытуда проблемалық ситуация қалай көрінеді? Ол өзінен-өзі пайда бола ма немесе мұғалім тарапынан жасала ма?

Сабақ өтуде проблемалық ситуациялар жүйесін жасау жөніндегі, оқу материалын түсіндіріп, баяндау (толық немесе ішінара) жөніндегі және жаңа білімдерді меңгеруге - дәстүрлі жолмен де, өздігінен оқу проблемаларын қойып, оларды шешу жолымен де - бағытталған оқушылардың іс-әрекетін басқару жөніндегі мұғалімнің қызметі ретінде анықтаймыз.

^ Проблемалық ситуация жағдайларынд мұғалімнің түсіндіргендерін қабылдау, проблемалық ситуацияларды өздігінен (немесе мұғалімнің көмегімен) талдау, проблемаларды тұжырымдап, оларды ұсыныс, гипотезалар жасау арқылы (логикалык және интуитивті) шешу, гипотезалар мен ұсыныстарды негіздеу және дәлелдеу жолымен, сондай-ақ шешімнің дұрыс-бұрысын тексеру жолымен білімдер мен іс-әрекет тәсілдерін меңгеру жөніндегі оқушылардың оқу-танымдық қызметі.

Зерттеулер көрсеткендей, проблемалық ситуациялардың педагогикалық практика үшін неғұрлым тән, барлық пәндер үшін неғұрлым тән, барлық пәндер үшін ортақ типтерін ажыратуға болады .

^ Бірінші типті неғұрлым жалпы және көп тараған тип деп санаған жөн: проблемалық ситуация оқушылар қойылған міндетті шешудің тәсілін білмеген, проблемалық сұраққа – жауап, оқу немесе өмірлік ситуациялардағы жаңа фактіге – түсінік бере алмаған жағдайдаға, яғни оқушылар бұрынғы білімдерінің жаңа фактіні түсіндіруге жеткіліксіздігін сезген жағдайда пайда болады.

^ Екінші тип – проблемалық ситуациялар оқушылар бұрын меңгерген білімдерін жаңа практикалық жағдайларда пайдалану қажеттілігіне тап болған кезде пайда болады. Әдетте мұғалімдер бұл жағдайларды оқушылар өздерінің білімдерін практикада қолдана алуы үшін ғана емес, сонымен қатар олрдың жеткіліксіздік фактісіне тап болуы үшін де ұйымдастырады. Оқушылардың бұл фактіні сезінуі танымдық ынта тудырып, жаңа білімдер іздеуге түркі болады.

Үшінші тип – міндетті шешудің теориялық тұрғыдан мүмкін болатын жолы мен таңдап алған тәсілдің практикада жүзеге аспайтындығы арасында қайшылық болғанда оңай пайда болады.

^ Төртінші тип - проблемалық ситуация оқу тапсырмасын орындаудың практикалық жақтан қол жеткен нәтижесі мен оқушыларда оны теориялық негіздеуге керекті білімдердің жоқтығы арасында қайшылық болған кезде пайда болады.

Оқу процесінде проблемалық ситуация жасау қандай дидактикалық мақсаттар көздейді? Мына дидактикалық мақсаттарды көрсетуге болады:

А) оқушының назарын сұраққа, міндетке, оқу материалына аудару, онда танымдық қызығушылық пн қызметтің басқа да мотивтерін ояту.

ә) оны шамасы келетін мынадай танымдық қиыншылыққа кездестіру қажет: бұл қиыншылықты жеңу ойлау қызметін күшейтетін болсын.

Б) оқушы алдында өзінде пайда болған танымдық қажеттілік пен сло қажеттілікті білімнің, шеберліктің, дағдының қолда бар қоры арқылы қанағаттандырудың мүмкін еместігі арасындағы қайшылықты ашу.

В) оқушыға танымдық міндеттегі, сұрақтағы, тапсырмадағы негізгі проблеманы анықтауға және пайда болған қиыншылықтан шығу жолдарын іздестіру жоспарын белгілеуге көмектесу, оны белсенді ізденіс әрекетіне ынталандыру.

Г) оған бұрын меңгерілген актуалдандырылатын білімдердің шекараларын анықтауға көмектесіп, қиыншылық ситуациясынан шығудың неғұрлым ұтымды жолын іздеу бағытын көрсету.

Пікірталастың тиімділігі мынада:

- оқушылардың дайыдығы (хабарлау және білу);

- тақырыптық ұқсастық (терминдер мен ұғымдар, шартты белгілер);

- мәдениеттілікті сақтау;

- мұғалімнің пікірталасты дұрыс ұйымдастыра білуі.

Дұрыс ұйымдастырылған пікірталас 3 (стадия) кезеңнен тұрады:

1. Бағдарлау.

2. Бағалау.

3. Консолидация.







Бірінші сатыда оқушылар проблеманы меңгереді және бір-біріне үйренеді. Сонымен қатар қойылған проблеманың шешімдерін ізденуге деген ынтасы қалыптасады. Мұнда мұғалімнің алдына міндеттер қойылады.

1. Пікірталас проблемасын және мақсатын айқындау. Ол үшін ненің талқыланатынын және оның нәтижесі не екендігі түсіндіріледі.

2. Қатысушыларды (егер топ алғаш рет кездесіп отырса) бір-бірімен таныстыру. Оқушылардың өздерін таныстыруын сұрану немесе "интервью" әдісін қолдану, онда оқушылар жұптарға бірігіп, қысқаша әңгімелесуден соң бір-бірін таныстырады минуттан көп емес).

3. Оқушылардың бойында қажетті мотивация қалыптастыру, яғни, проблеманы айту, оның маңыздылығын ашып көрсету, ондағы қарама-қайшы, шешімін таппаған сұрақтарды айқындау, алынатын нәтижені (шешімді) анықтау.

4. Пікірталастың шектеу уақытын белгілеу, нақтырақ айтқанда сөйлеушілер уақытын белгілеу.

5. Пікірталастың жүргізілу ережесін белгілеу, ең негізгі - барлық қатысушылар өз пікірлерін айтуы тиіс. Сонымен қатар, әр пікір білдірушінің ойын, сөзін бөлмей тыңдау, позициясын нақты дәлелдер келтіре отырып ұстануы, қайталамау, соңына дейін тыңдау және сонан кейін баға беру.

6. Пікірталас барысында жағымды қарым-қатынас жағдайын қалыптастыру.Мұнда мұғалім оқушылармен жағымды түрде күлімсіреп, әр түрлі қимыл-қозғалыстар арқылы әңгімелер жургізуі тиіс. Кез-келген оқыту дебат әдістерінің негізі дау-жанжалсыз оқыту болып табылады.

7. Терминдер мен ұғымдардың және т.б. семантикалық (мәнін) түсінігін қалыптастыру. Ол үшін сұрақтар мен жауаптар арқылы зерттелетін тақырып бойынша ұғымдық аппаратын, яғни жұмысшы анықтамасын нақтылап алу қажет. Ұғымдық аппаратын жүйелі түрде анықтауды мақсат ету оқушылар бойында, олар өздеріне жақсы таныс және түсінікті ұғымдармен жұмыс істеуге үйрету. Өздеріне түсініксіз сөздер қолданудан шектеу және анықтамалық әдебиеттерді жүйелі түрде пайдалануға әдеттендіреді.

Екінші сатысы - бағалау сатысы - мұнда салыстырушылық ситуациялар идеяларға келіспеуішілік туындауы мүмкін, дұрыс жетекшілік жүргізілмесе жеке бас арасындағы дау-жанжалға ұласуы мүмкін.

Бұл жерде пікірталас жүргізушінің алдына мынадай міндеттер қойылады:

1. Қатысушылардың өзара пікір алмасуын бастауы. Мұғалім сөзді өзі бірінші бастамауы тиіс.

2. Ой, пікірлер, ұсыныстардың көптеп жинақталуы. Бұл үшін әр оқушыны белсенді қатысуға жұмылдыру қажет. Оқушылар алдымен өз ой-пікірін білдіруі, сонан сон барып ұсыныс беруі мүмкін, немесе бірденнен өз ойы мен ұсынысын бірге білдіреді.

3.Тақырыптан алшақтамау, яғни ұйымдастырушының беделділігі оқушылардың мәселеден ауытқымауын қадағалап, оны кажетті "арнаға" салу.

4. Барлық қатысушылардың жоғары белсенділігін қолдау. Барлық оқушыларды пікірталасқа тарту, сөйлеу уақытын шектеу.

5.Пікірталастың келесі кезеңіне өтпестен бұрын айтылған ой, пікірлерді ұсыныстарды оперативті талдау.

6. Пікірталас сұрақтары қарапайым болуы керек.

Жоғарыдағыдай проблемаларды болдырмау үшін келешекте өтілетін сабақтарды қалай ұйымдастыруға болады?

Соның нәтижесінде оқушыларда ақыл-ой операциялары мен әрекет дағдылары, білімдерді тасымалдау дағдылары қалыптасады. Зейін, ерік, шығармашылық қиял ойлап табушылық дамиды, жаңа білімдерді алу мен гипотезалар ұсыну және оларды негіздеп дәлелдеу жолымен әрекеттің жаңа тәсілдерін табу қабілеттері қалыптасады.

Проблемалық жағдай - адам пайда болған құбылысты, фактіні шындық процесін қалай түсіндіруді білмеген, мақсатқа өзіне мәлім әрекет-тәсілімен жете алмайтын жағдайда туған оның интеллектуалдық қиналуы. Бұл түсіндірудің жаңа тәсілін немесе әрекет - тәсілін іздестіруге түрткі болады. Проблемалық жағдай деп продуктивтік, шығармашылык, танымдық қызметтің заңдылығын айтамыз.

Проблемалық жағдайды: талдау оқушы үшін қиын болуы керек және онда осы проблеманы шешуге қызығушылық пайда болуы керек.

Қарапайымнан күрделіге қарай жүру, материалдың оқушы түсіне алатындай болуы, оқытудың өмірмен байланысы және т.б. тек оқушының нәтижелі іс-дрекеттерінің шарттары ғана. Қиындық келтірген сұрақ, стандартты емес міндет барлық уақытта проблемалық жағдайлар туғызып отырған.

Мұғалімнің мектеп оқушысының оқу процесін танымдық қызмет кезеңдерін ескере отырып құруға талпынуы бұл процестің логикасын өзгертеді, оқу процесін ұйымдастырудың жаңа схемасы, жаңа принциі пайда болады. Ойлау адамның проблемаға тап болуынан басталатын болғандықтан, проблемалық оқытудың негізі мұғалім жүйелі түрде жасайтын проблемалық жағдайлар болып табылады.

Ақыл-ой операциялары толық циклының проблемалық жағдайдың пайда болуынан бастап проблеманың шешуіне дейін бірнеше кезеңі болады:

1) проблемалық жағдайдың пайда болуы;

2) қиындық мәнін ұғыну мен проблема қою;

3) ойлап табу немесе жорамалдар жасау мен гипотезаны негіздеу жолымен шешу тәсілін табу;

4) гипотезаның дәлелдемссі;

5) проблема шешімінің дұрыстығын тексеру.

Проблеманы дұрыс қою үшін сұрактың құрылымына назар аудару керек. Проблема алынған білім мен белгісіз дүниелер арасында логикалық байланыс орнатылу керек. Мысалы, "Не себептен май жанады?" деген сұрақ тек информациялық болады. Себебі ол тек тиісті заңдылықты білдіруді қажет етеді.

Енді біз диплом жұмысының практикалық бөлігінде таңдап алынған негізгі тару «Карбюратор қозғалтқышының қоректену жүйесі» тарауына келетін болсақ, тарауды оқытуға 10 сағат берілген. Сабақтың негізгі мақсаты: оқушыларды карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесінің құрылысымен, қызметімен және әрекет ету принциптерімен таныстыру.

^ Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар мен оқыту құралдары. Плакаттар: «Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесінің приборлары», кинофильмдер: «Карбюраторлы двигательдің қоректендіру жүйесі», модельдер мен макеттер: «Отын насосының моделі», «Реттеуіш моделі», «Көп режимді реттеуіш моделі», натуралды объектілер: карбюраторлар, отын насосының таратқыш секциясы, форсунка, бензин насосы т. б. детальдар, тексеру құралдары, кинопроектор.

Сабақ барысы. ^ Сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.

I. Жаңа материалдарды баяндау ерекшеліктер. Мұғалім алғашқы сабақта карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйелерінің конструкциялық ерекшеліктерімен таныстырып, олардың негізгі бөлшектерін атап өтеді. Ол плакаттар мсн схемаларды пайдалана отырып, қоректендіру жүйесінің әрбір механизмі мен деталының қызметін түсіндіреді. Плакаттан автокөліктердің қоректендіру жүйесінің белшектерін көрсетіп, оқушылардың назарын жүйе ерекшеліктеріне аударады.

Екінші сабақта мұғалім карбюраторлы двигательдердің отындары туралы түсінік беріп, детонациялық беріктілік, беизиннің антидетонациялық қасиеттеріне тоқтайды. Бензинмен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң сақталуын ескертіп, әсіресе этилденген спиртпен жұмыс істеген кезде өте сақ болу керектігін айта кеткен жөн. Этилденген бензинмен қолды, детальдарды, киімді жууға, шлангыдан ауызбен сорып пайдалануға тиым салынатынын да ескерту қажет.

Двигательдің қоректендіру жүйесінің қызметін түсіндіру барысында оның отынының толық жануы мен экономикалық көрсеткіштері ең жақсы болу үшін поршень жоғары өлі нүктеге келгенге дейін отынды цилиндрге бүрку керектігін айтқан дұрыс. Отын багы мен сүзгісінің құрылысын плакаттан көрсетіп, мұғалім оқушылардың назарын ондағы отын ағынын реттеуіш, тор көзді сүзгіш элемент, тыныштандырғыш, резеңкелі нығыздағыш, тұндырғыш стакан және тағы баска элементтердің жұмысына, әрекет ету принциптеріне аударады.

Оқушыларға турбокомпрессордың қызметін түсіндіру үшін «Двигатель қуатын қалай арттыруға болады?» (№1) деген проблемалы сұрақ беруден бастауға болады. Олардың жауабын толықтыра келе мұғалім цилиндрге (үрлеп толтырылған) сығылған ауа беру арқылы двигатель қуатын арттыруға болатынын айтады.

Прболемалық ситуация №1.

Қоректендіру жүйесі негізінен екі түрге бөлінеді.

1) дизельді; 2) карбюраторлы.

Сұрақ: екеуінің айырмашылығы неде?

Жауабы: 1) карбюраторлық – ұшқыштық әсерінен, яғни жанар қоспа карбюраторда дайындалып ұшқыш әсерінен ұштанады.

2) дизельдік – сығым арқылы форсункадан бүріккіш ауа поршеннің жану камерасының әсерімен ұштанады.

«Авто көліктің қоректендіру жүйесі» тақырыбы бойынша проблемалық ситуация №2.

Авто көлік қозғалтқышы кенеттен өшіп қалды.

1. Жанар май багінде май тола.

2. Аккумулятор қуатты, яғни қозғалтқышты оталдыруға күші жетеді.

3. Авто көлікті оталдыру үшін барлық жағдай бар.

Бірақ карбюраторда жанар май өздігінен төгіліп жатыр. Себебі не?

Жауабы: карбюратор қозғалтқыштың инесі тиекті жауып тұр, міне сол себептен жанар май сыртқа төгіліп жатыр.

№3. «Авто көлікке қызмет көрсету» тақырыбы бойынша.

Авто көліктің жанар май багі тесіліп қалды. Мұны жинаудың біренеше тәсілі бар. Оқушыларды осы тәсілдерді атап өтеді.

Мысалы: дәнекерлеу, тойтармалау (заклепкалау) және т.б.

Сұрақ: тойтарма шегені қолдану тиімсіз. Дәнекерлеу барысында бак жарылып кетуі мүмкін.

Бак жарылмас үшін қалай дәнекерлеу қажет?

Жауабы: бак ішіне су толтырылып дәнекерленеді.

№4 проблемалық ситуация.

Қозғалтқыш сұйық қоспамен жұмыс істеген джағдайда өшіргіштен қара түтін және мылтық атылғандай дауыс естіледі. Қою қоспамен ұзақ уақыт жұмыс жасаған кезде қозғалтқыштың қуаты жойылады, қызып кетеді, жанар майды белгіленген мөлшерден артық жұмсайды, жану камерасы қабырғаларында қара күйе пайда болады.

Сұрақ: Осы ақаулар себебі неде?

Жауабы: 1) қозғалтқыштың инесі тығыз жабылмады, қалтқылы камерада жанармай деңгейінің жоғарылап кету.

2) сапасыз жанар майды қолдану. Яғни бір маркадағы жанар майдың келесі маркалы жанар маймен ауысып кетуі.

Педагогикалық іс тәжірибеде барысында бірнеше жағдайларды кездестіруге болады. Оқу процесінде үлгермеуші оқушылар компьютермен жаттығу жұмыстарында жақсы нәтиже көрсетуі, үлгерімі де арта түсуі мүмкін. «Авто ісі» пәні бойынша сабақтарды ұйымдастырудың айырмашылығы сол оқуда оқушының таңдауына байланысты автомобиль механизмдері мен сырт келбетін жобалауға мүмкіндігі болады. Негізінде қазіргі заман талабына сай әртүрлі басқа да бұйымдар әзірлей алуға мүмкіндігі болады. Тереңірек зерделей алады. Оқыту үрдісінде мұғалім білім беру процесінің сапасын арттырады. Осы аталған әдістемені қолдану сабақ беру үрдісін белсендіре түседі және оқушылардың білімге деген қызығушылығын артыра түседі. Біріншіден, мұғалімнің жаңа сабақта кейсті қолдануы дайындығы әртүрлі деңгейдегі оқушылардың білімді бірдей деңгейде меңгеруіне мүмкіндік береді. Екіншіден, мұғалімнің кәсіби дайындығына жоғары талаптар қойылады, себебі мұғалім сабақ беру әдістерінің қазіргі кезең талаптарына сай дәрежеде болуын үнемі қадағалап отыруы және өзінің біліктілігін қазіргі кезең техника және технология жетістіктері негізінде арттырып отыруы қажет болады.


ІІІ тарау. Автомобильдің қоректендіру жүйесі

^ 3.1. Жанғыш қоспалар түрлері және олардың қасиеттері


Карбюраторлы автомобиль двигателі тек оңай ұшып буланатын жоғары калориялы отын май-бензинмен ғана белгілі бір қуатпен жұмыс істей алады. Бензинді мұнай өнімдерінен тікелей ажырату немесе жоғары температура мен қысымда қайта өңдеу жолымен тазартудан — крекинг-бензин алынады. Автомобиль двигательдері үшін негізінен крекинг-бензин колданылады. Бензиннің сапасы оның тығыздығымен, жылу шығарғыштық қабілеті және детонациялық қасиеттерімен сииатталады.

Бензиннің тығыздығы 200С температурада 0,700—0,760 г/см3 аралығында болады (Бір текше сантиметр заттың граммен өлшенген массасын оның тығыздығы деп атайды).

Бензиннің жылу шығарғыштық қасиеті 10 500—11000 ккал шамасында болады (Жылу шығарғыштық қасиеті деп — I кг отын түгел жанғанда шыға-ратын жылудың шамасын айтады. Ол калориямен өлшенеді).

Бензиннің сапасын анықтаудағы бірден-бір көрсеткіштердің бірі оның буланғыштығы. Сондықтан неғұрлым бензиннің булануы жақсы болса (қайнау температурасы төмен), соғұрлым двигательді іске қосу жеңіл және ол үнемді жұмыс істейді.

^ Отынның детонациялық қасиеті. Цилиндрде сығылған жұмыстық қоспа қалыпты жағдайларда 20-30 м/сек. жылдамдықпен жанып, цилиндрдің ішіндегі қысым бірқалыпты өсіп отырады. Кейбір жағдайларға байланысты (бензиннің сапасының нашарлығынан двигательдің шамадан тыс қызып кетуінен, ерте от алу бұрышының артуы т.б.) қоспаның бір бөлегі өте жоғары 200 м/сек. жылдамдықта соққы толқынымен жануымен және қысымның тез өсуімен қабаттаса жүреді. Жұмыстық қоспаның осылайша жануын детонация дейді. Отынның детонациялық жануы двигательдің жұмысына үлкен зиян келтіреді. Детонацияның белгілеріне двигательден дүрсілдің шығуы, қуатының кемуі, өшіргіштен қою қара түтін шығуы және двигательдің тез қызуы жатады. Сондықтан детонация кезінде двигательдің бөлшектері тез тозады.

Кейде жұмыстық қоспаның өздігінен ерте от алуын детонациямен шатастырады. Өздігінен ерте от алу дегеніміз — жоғары температурада жұмыс істейтін" қоспаға ашық жалынның әсері тимей-ақ өздігінен от алу қасиетін айтады. Өздігінен от алу двигатель шамадан тыс қызған уакытта сығу тактісінің соңында сығылған жұмыстық қоспаның температурасы өте жоғарылағанда қоспаның тұтануы электр ұшқыны пайда болғанға шейін болады. Өздігінен от алу кейде жоғары температурадағы қоспа свечаның қызған электродына немесе күйе бөлшектеріне қызудан от алу типінен де пайда болады. Өздігінен от алуда от алу жүйесі ажыратылғанда да, двигатель біраз уақыт өздігінен жұмыс істейді, ал бұл жағдай детонация кезінде кездеспейтін жай.

Отынның детонацияға қарсы тұрушылығы октандық санымен бағаланады. Отынның октандық саны неғұрлым көп болса, соғұрлым оның детонацияға қарсы тұрушылығы арта түседі. Автомобильдерге қолданылатын бензиннің октандық саны 66-98 аралығында болады. Бірақ кейде октандық саны басқа да бензин қолданылуы мүмкін. Бензиннің детонацияға карсылығьгн оған антидетонатор (этиль сұйығы) қосу арқылы езгертіп отырады. Этиль сұйығын бензинге қосқанда бензиннің 1 литріне 1,0 см3 сұйық қосады.

Этиль сұйығы қосылған бензинді этильденген деп атайды.

Ескерте кететін жай, этиль сұйығы у болғандықтан бензинге азғантай ғана қосқанның өзінде бензин улы болады. Этильденген бензинді жай бензиннен ажырату үшін оған қызғылт-сары, не көк-жасыл бояу қосады. Этиль сұйығы өзінің ерігіштігі, ұшпалығы және адам терісіне тез сіңіп, өткіштігінің арқасында адам организміне өтіп оны қатты уландырады. Этильденген отын этиль сұиығындағыдай өте хауіпті, сондықтан онымен жұмыс істегенде өте сақтықпен, ұқыпты болып, оның теріге тиіп, не ішкі организмге кіріп уландырмауына мұқият болу керек. Этильденген бензинмен деталь мен қолды жууға, кір жууға, шланг арқылы ауызбен соруға немесе бензин жүретін түтіктерді үрлеп тазартуға болмайды. Егер этильденген бензин теріге тиген болса оны әуелі керосинмен, кейін сабынды сумен жуу керек. Этильденген бензинмен жұмыс істеген двигательді бөлшектегенде детальдарын ұқыпты түрде керосинмен жақсылап жуу керек. Жоғарыдағы айтылғандай сақтықпен қолданылған этильденген бензиннің жұмыс істеушіге ешбір зияны жоқ.

Әр түрлі двигательдер үшін бензиннің бірнеше маркалары - ВАЗ 2106 автомобилі үшін АИ-98 бензиндері колданылады.

Жанғыш қоспаның құрамы. Карбюраторлы двигательдің әрбір жұмыс тактысы циклінің тактысы өте аз уакыт ішінде (0,02—0,01 сек.) өтетін болғандықтан, жұмыс жүрісінің бас кезінде-ақ қоспа жанып бітуі керек, олай болса қоспаның жану уақыты одан да аз (0,002-0,003 сек). Сондықтан қоспаның жоғарыдағыдай өте аз уақыт ішінде жанып үлгеруі үшін отынның өте ұсақ бөлшектеріне ауа қосылуы керек. Өте ұсақ бөлшектер отынның бүркуінен және булануынан пайда болады, ал толық жануы ауаның қажетті мөлшерімен осы булардың мұқият араласуынан болады.

Қоспадағы бензиннің - толық жануы үшін әрбір килограмм отынға 15 кг ауа араласса, мұндай қоспаны қалыпты қоспа деп атайды. Әдетте қалыпты қоспадан басқа да құрамды қоспалар болуы мүмкін.

Байытылғай қоспада 1 кг бензин мен 13-тен 15 кг дейін ауа болады. Мұндай қоспа үлкен жылдамдықпен жанады да оның әсерінен цилиндрдегі газдардың да қысымы өте үлкен болады.

Бай қоспаның құрамында 1 кг бензинге келетін ауа 13 кг кем болады. Бүл коспа жай жанады, ал 1 кг бензинге 5 кг ауа келсе, ондай қоспа от алмайды.

Кедейленген қоспаның құрамында 1 кг бензин, 15-16,5 кг ауа болады. Қоспаның қүрамы мұндай болған жағдайда бензин толық жанады, бірақ жану жылдамдығы төмендеуі салдарынан двигательдің қуаты кемиді, әрІ отынның үнемділігі артады.

Кедей қоспаның құрамында 1 кг бензинге 16 кг артығырақ ауа болады және өте жай жанады. Егер І кг бензинге 21 кг не одан да артық ауа келсе, ондай қоспа от алмайды.

Түрлі жағдайларда жұмыс істейтін двигательге қолданылатын қоспаның құрамы әдеттегі қалыпты жағдайдан өзгеше болуы да мүмкін.

Салқын двигательді іске қосқанда енгізу трубопроводтар мен цилиндрлердің салқын қабырғаларында бензин буларының конденсациялануы, сон-дай-ақ ауаның жылдамдығының нашарлауы және қоспаны жылытатын жағдайдың жоқтығынан қоспа нашар дайындалады. Осы жағдайларды еске ала отырып, двигательді іске қосқанда қоспаның сенімді түрде от алуы үшін онда бу тәрізді отынның жеткілікті мөлшерінің қалуы, отын бөлшектерінің конденсациялануына қарамастан қоспа біршама бай болуы тиіс.

Зая жүрістің жай айналысында цилиндрдегі қоспаның шамасы аз болады. Себебі отынның түйіршіктері бір-бірінен алшақтағандықтан қалдық газбен араласуынан қоспа нашар жанып, двигатель нашар істейді. Зая жүрістің-жай айналысында двигатель тұрақты жұмыс істеуі үшін қоспаның жану жылдамдығын байытылган қоспаны пайдалана отырып арттыру қажет.

Орташа күшпен жұмыс істеу үшін кедейленген қоспа қолдану арқылы отынның шығынын кемітеді. Қоспаның мұндай құрамын қолданғанда двигательдің қуаты кемиді.

Толық күшпен жұмыс істегенде двигательдің қуатын барынша арттыру үшін толық күш беріп байытылған қоспаның жану жылдамдығын арттырады.

Зая жұмыс істеп тұрған двигатель бірден толық күш беру жағдайына көшірілгенде қоспаны байыту керек әйтпесе оның тоқтап қалуы мүмкін.

1   2   3   4



Похожие:

Мазмұны Кіріспе iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
Мазмұны Кіріспе iconМазмұны Кіріспе 5 1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Кіріспе 5
Мазмұны Кіріспе iconМазмұны кіріспе 3 i-тарау
Кіріспе 3
Мазмұны Кіріспе iconМазмұны. Кіріспе

Мазмұны Кіріспе iconМазмұНЫ
Кіріспе б
Мазмұны Кіріспе iconМазмұны кіріспе

Мазмұны Кіріспе iconМазмұны кіріспе

Мазмұны Кіріспе iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны Кіріспе iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны Кіріспе iconМазмұны Жоспар бет
Кіріспе
Мазмұны Кіріспе iconМазмұны Кіріспе І тарау. Аминдер

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов