Диплом жұмысы қазiргi қазақ тiлiндегi бір қҰрамды сөйлемдер icon

Диплом жұмысы қазiргi қазақ тiлiндегi бір қҰрамды сөйлемдер



НазваниеДиплом жұмысы қазiргi қазақ тiлiндегi бір қҰрамды сөйлемдер
страница1/3
Дата06.05.2013
Размер475.93 Kb.
ТипДиплом
скачать >>>
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI


ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

ҚАЗАҚ ТIЛ БІЛІМI КАФЕДРАСЫ


МЫҢБАЕВА РАУЗА


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ


ҚАЗIРГI ҚАЗАҚ ТIЛIНДЕГI БІР ҚҰРАМДЫ СӨЙЛЕМДЕР


Жетекшiсi: ф.ғ.к., доцент Т.Н. Ермекова

Сарапшысы: аға оқытушы А.Н. Мамиева


Қорғауға жiберiлдi:

“__” ___________ 2007 ж.

Кафедра меңгерушiсi: _________________

ф.ғ.к., доцент Т.Н. Ермекова


АЛМАТЫ, 2007.

Ж О С П А Р


Кiрiспе........................................................................................................3

І бөлiм. Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер....................................5

1.1.Бір құрамды және екі құрамды сөйлемдер...................................5

1.2.Бір құрамды сөйлемдердің зерттелуі............................................9

1.3.Бір құрамды сөйлемдерді жіктеу (классификациялау)...............15

ІІ бөлім. Бір құрамды сөйлемнің түрлері................................................18

2.1. Атаулы сөйлемдер..........................................................................18

2.2. Жақты, жақсыз сөйлемдер.............................................................21

2.3. Жақсыз сөйлемнің түрлері.............................................................25

2.4. Белгісіз жақты сөйлемдер..............................................................27

2.5. Жалпылама жақты сөйлемдер.......................................................29

2.6. Ауыспалы жақты сөйлемдер.........................................................38

Қорытынды................................................................................................41

Пайдаланылған әдебиеттер ...................................................................44


К I Р I С П Е

Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму тарихында оның негізін салушылар А.Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев есімдері ерекше аталатыны сөзсіз. Аталған ғалымдар жалпы қазақ тіл ғылымының дамуына зор үлес қосты дейтін болсақ, соның ішінде синтаксис саласына қалдырған мұралары күні бүгінге дейін маңызын жоймағандығын атап өтуіміз керек. Синтаксистің аса күрделі де күрмеуі мол салаларын зерттеп, зерделеу, оның тілдік табиғатын таныту мен құрылымдық-семантикалық белгілерін айқындау ісінде белгілі ғалымдар Н.Сауранбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р. Әмір еңбектерінің мәні зор. Кейiнгi жылдары жарық көрiп жатқан оқулықтар мен зерттеу жұмыстары аталған ғылым саласының әлi де зерттей түсудi қажет ететiн тұстары бар екендiгiн көрсетiп отыр.

Тілді грамматикалық тұрғыдан қарайтындар да, логикалық аспектіде қарайтындар да сөйлемнің қандай түрі болмасын предикативтік қасиетке ие және ол бұның ең басты белгісі болып саналады деп есептейді.

Осыған байланысты да көп уақытқа дейін сөйлем атаулының барлығы дерлік тек екі басты мүшелі болуға тиіс деген идея үстем болып келді.

Алайда сөйлемді үздіксіз әрі жан-жақты зерттеу нәтижесі құрылымдық ыңғайда оның белгілі бір стандартқа сыймайтынын, сөйлем сан қырлы сыры бар құбылыс екенін көрсетті. Сөйлемнің сондай ерекшелігінің бірі - олардың бір бас мүшелі болып та келуі. Осыған байланысты тіл ғылымында “ бір бас мүшелі” (бір құрамды) сөйлемдер идеясы қалыптасты. Сөйлем синтаксисін зерттеушілердің қайсысы болмасын бір құрамды сөйлемдердің де предикативтік құрылымға негізделетінін жоққа шығармайды. Қазақ тіл білімінде бұл мәселені арнайы зерттеген – ғалым Ж. Сәдуақасов. Аталған проблемаға қатысты негізгі мәселелер айқындалды десек те, әлі де айқындауды қажет ететін тұстары бар.


^ ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӨЗЕКТIЛIГI


Ойды жарыққа шығарудың құралы ретінде қолданылатын жай сөйлемдердің құрамдық, мағыналық сипаты әр алуан. Осыған орай, сөйлемдердi таптастыруда бiр iздiлiк жоқ. Бір құрамды сөйлемдерге қандай сөйлемдер жататындығы жөніндегі көзқарастар да сан алуан. Аталған мәселенiң оқулықтар мен зерттеулерде әр түрлi қаралуы, бiр iздi пiкiрдiң болмауы, мектеп оқулықтарында жүйелі түрде берілмеуі оның өзектiлiгiн танытса керек.


^ ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН

МIНДЕТТЕРІ


Зерттеудiң мақсаты – сөйлем синтаксисiнiң негізгі нысандарының бірі болып саналатын бір құрамды сөйлемдердің граматикалық табиғатын таныту.

Осыған орай, төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:

– бір құрамды сөйлемдер туралы жалпы және қазақ тіл біліміндегі пікірлерді жинақтап-саралау;

  • бір құрамды сөйлемдерді топтастыру;

  • бір құрамды сөйлем түрлерiнiң ерекшелiктерiн ашу;

  • олардың тұлғалық-құрылымдық сипатын анықтау;

  • тiлдiк фактiлермен (мәнбірлермен) нақтылау.



І бөлiм. Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер

1.1. Бір құрамды және екі құрамды сөйлемдер

Сөйлем синтаксисіне қатысты еңбектердің барлығы оның бірнеше түрін көрсетеді. Сөйлемді бас мүшенің қатысына қарай топтастыру кейінірек пайда болды. Орыс тіл білімінде “бір бас мүшелі сөйлемдер” ұғымын алғаш қолданған адам А.А.Шахматов болды. Ол осы тіл біліміндегі “психологиялық коммуникация” ілімін дүниеге әкеліп, тіл ғылымының кейінгі дамуына елеулі үлес қосты. Ғалым кез келген сөйлемді адамға тән психологиялық процестің көрінісі ретінде қарайды да, олар психологиялық субьекті мен психологиялық предикаттың қатынасы арқылы жасалады деп есептейді. Ол сөйлемдер бір бас мүшелі де, екі бас мүшелі де, атаулы да болатынын ескерте отырып, “олардың бәрі де осы екі мүшенің қатынасына негізделеді”, -дейді. Ғалым бір бас мүшелі сөйлемдердің түрлерін “бастауышты” (подлежащное), “бастауышсыз” (безподлежащное), “жақсыз” (безличные), “вокативті” (вокативное) деген терминдермен атап көрсете отырып, бір құрамды сөйлемдердің мәнін грамматикалық тұрғыдан қарағанда “субьекті мен предикат мәнінің сөйлемнің бар мүшесі арқылы көрінуі”, -деп түсіндіреді [1].

Сонымен, А.А.Шахматов тұжырымдамасы бойынша, кез келген бір бас мүшесі бар сөйлем (яғни, субьектісі мен предикатының мәні бір бас мүшеге жинақталған сөйлем) бір құрамды болып есептеледі.

А.А . Шахматовтың “психологиялық коммуникациясы” ілімі кезінде ғылыми тұрғыдан қатаң сыналғанымен, оның сөйлемді “қос құрамды” және “бір құрамды” деп бөлу жөніндегі идеясын синтаксистердің көпшілігі қолдады. Олардың пікірі бойынша, бастауышы мен баяндауышы лексикалық жолмен берілген сөйлемдер “қос құрамды сөйлемдер” болады да, ал контекст, ситуация ыңғайына қарамастан, бір ғана бас мүше (баяндауыш-предикат) арқылы құрмалас сөйлемдер “бір құрамды сөйлем” болып есептеледі. Ал екінші тұжырымдаманы жақтаушылардың пікірінше, (Г.А. Золотова) белгілі жақты, жақсыз сөйлемдерді қос құрамды сөйлемдер қатарына жатқызады. Субьектінің лексикалық ыңғайда берілмеуі бұл сөйлемді бір құрамды сөйлемдер қатарына жатқызуға негіз бола алмайды. Себебі – ол, субьектінің сөйлеуші арқылы берілуінің бір жолы ғана немесе сөйлемнің контекстік толымсыздығының көрнісі болып табылады. Сөйлемнің құрылымдық ядросына субьекті мен предикатты білдіретін арнаулы құралдар болуы тиіс. Яғни, баяндауышта субьектіні білдіретін, оны танытатын, іздеп табуға мүмкіндік беретін морфологиялық тұлғалар болады. Мұндайда сөйлем қос құрамды болып есептеледі. Бұл көзқарас бойынша, бір құрамды сөйлемге тек етістік баяндауышы “жақсыз етістіктен” болатын жақсыз сөйлем жатады. Түркі тіл білімінде де сөйлемнің бір құрамдылығы жөніндегі ойлар осы екі бағытта дамыды.

Кез келген сөйлем семантикалық компоненттер (мағыналық жағынан) мен синтаксистік компоненттерден (құрылымдық жағынан) тұрады. Синтаксистің обьектісі болып табылатын семантикалық компонент морфологияның обьектісі болып есептелетін жалғаулар арқылы да (жіктік, тәуелдік, кейбір септік жалғауы ) беріле береді. Сөйлем компонентері әр түрлі синтаксистік қызметтер атқара отырып, синтаксистік категория болып есептелетіндіктен, оны морфологиялық тұрғалармен бір деп қарауға болмайды.

Есімдік бастауышы бар және бастауышы жоқ жақты сөйлемдердің құрылымдық айырмашылықтарын дұрыс ескерген ғалымдар белгілі, белгісіз және жалпылама жақты сөйлемдерді бір құрамды сөйлемдер деп есептейді. Сөйлемнің семантикалық құрлымы мен құрылымындағы өзгешеліктер тек жай сөйлемде ғана емес, құрмалас сөйлемде де байқалады.

Осы айтылғандарды негізге алсақ, түркі тілдерінде бір құрамды сөйлемдер жоқ деген үзілді-кесілді қортынды жасау дұрыс емес.

Сөйтіп, біздіңше, ядролық мүшесі (баяндау бөлігі) етістіктің жақтық формасы арқылы берілген, ал бастауышы лексикалық тәсілмен берілмеген жай сөйлемнің ( толымсыз сөйлемнен басқа) барлық түрін бір құрамды деп қарау қажет.

Мазмұндық компоненттердің морфологиялық тәсілдермен тек бір құрамды сөйлемде ғана және тек жіктік немесе тәуелдік жалғаулармен ғана беріліп қоймайды. Мұндай құбылыстар қос құрамды сөйлемде де және предикат мүшенің септік жалғауларының кейбірімен түрленіп келуі арқылы да беріледі. Мысалы: Балам, мынау саған, ал мынау апаңа. Адам күні- адаммен. Баланы жастан т.б.

Етістікті бір құрамды сөйлемнің бас мүшесін “баяндауыш”, есімді бір құрамды сөйлемнің бас мүшесін “бастауыш” терминімен атайтын ғалымдар оларды қос құрамды сөйлемнің бас мүшелерімен сәйкес бас мүшелерімен сәйкес келеді деп есептейді. Мысалы, М.Расулов “... бір құрамды сөйлемнің құрылымдықлық негізін бастауыш немесе баяндауыш құрайды”, - десе, ал У.Алиев “Бір құрамды сөйлем деп грамматикалық жағынан бір бас мүшенің –бастауыштың немесе баяндауыштың айналасына топтасатын сөйлемді айтамыз”, - дейді. “Башқұрт тілінің грамматикасында” да бір құрамды сөйлемнің бас мүшесін атауда “бастауыш” және “баяндауыш” терминдері қолданылған [2].

Бір құрамды сөйлемнің бас мүшесі жөніндегі екінші көзқарас В.Виноградовтың «бір құрамды сөйлем бас мүшелерінен таза мүшелерінен таза бастауыштық» немесе «таза баяндауыштық» қасиеттерді, болмаса солардың эквивалентін іздеу дұрыс болмайтыны жөніндегі пікірімен байланысты туындайды [3]. Мысалы А. Чувакин бір құрамды сөйлемнің бас мүшесі қос құрамды сөйлемнің бас мүшесімен сәйкес емес екенін айта отырып, қос құрамды сөйлемнің бастауышы сөйлемнің предикатты - анықтауыштық компоненті болса, баяндауышы предикатты - анықталушы компонент ретінде бірі екіншісінің болуын қажет ететіндігін, ал бір құрамды сөйлемде бұл екі мүше бір тұтастыққа жымдасып келу арқылы бір бас мүше жасайтындығын айтады. Бір құрамды сөйлемдер бас мүшесін осындай тұрғыда деп түсінетін ғалымдар көбінесе жай ғана «бас мүше» терминін пайдаланады. Мысалы, М. Закиев: «Тек бір ғана бас мүшесі бар сөйлемдерді бір құрамды сөйлем» дейді [4].

Дәстүрлі грамматикада екі құрамды сөйлемдердің бастауышы - тәуелсіз, баяндауышы - тәуелді мүше ретінде қаралады. Ал бір құрамды сөйлемдердің бас мүшесі басқа ешбір мүшеге тәуелді емес, сөйлемді ұйымдастыруға негіз болатын жалғыз ғана бас мүше болып табылады.

Бұл ерекшелік - бір құрамды сөйлем бас мүшесін қос құрамды сөйлем баяндауышымен тең дәрежеде қарауға болмайды деген ойға жетелейді.

И. Ахматов: «Түркі тіліндегі бір құрамды етістікті сөйлемнің бас мүшесін предикатты - субъектілік мүше» деп, ал тәуелді тұлғалы есім формалары бас мүшені «субъектілік - атрибутивтік» септік жалғаулы бас мүшелерді «субъекті - предикатты - толықтауыштық т.б. деп атауға болар еді», - деген пікір айтады. Сондықтан, біз бір құрамды сөйлемді зерттеушілер көп қолданатын «бас мүше» терминін пайдаланамыз. Оған себеп: біріншіден, бір құрамды сөйлемде бір ғана мүше болады, екіншіден, біздің зерттеуіміз формадан мазмұнға қарай жүргізіледі, соған байланысты, сөйлемнің құрылымдықлық құрылымына баса назар аударылады [5].

Екі құрамды сөйлемдерге қарағанда бір құрамды сөйлемдерде субъективтік модальдік пен интонацияның қызметі басымырақ көрінеді. Оларды ажыратуда басты критерий - предикативтік белгі заңды құбылыс болып табылады.

Қорыта айтқанда, екі құрамды сөйлемдер мен бір құрамды сөйлемдердің айымашылықтарын белгілейтін басты критерий олардың грамматикалық құрылымы болып есептеледі.

Екі бас мүшесі де лексикалық сөздермен предикаттық қатынас ыңғайында берілген (толымсыз сөйлемде бар) сөйлемдер екі құрамды болып табылады, да предикаттық - жақтық қатынас бас мүше ретіндегі бір ғана лексикалық сөзбен берілген сөйлем бір құрамды болып табылады.

Бір құрамды сөйлемнің типтік түрлерін ажырату олардың семантикалық құрылымымен тығыз байланысты. Оны сол сөйлемнің аттарының өзі аңғартады (белгілі жақты, жалпылама жақты, белгісіз жақты, жақсыз, атау). «Бір құрамды жағы белгілі, жағы белгісіз, жағы жалпылама сөйлемдердің әрқайсысына арналған жеке форма жоқ», - дейді М.Х. Ахматов [5, 8 б.].

Бір құрамды сөйлем деп бір ғана бас мүшелі предикативтік құрылымда келіп, синтаксистік құрылымы жағынан екінші бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтін жай сөйлем түрін айтамыз.

Жай сөйлемнің бір құрамды, қос құрамды болып бөлінуі, бір құрамды сөйлемдердің жеке түрлерге топтастырылуы синтаксистік семантика мен грамматиканың бірлігі ыңғайында зерттелетіні туралы айтқан - В.В.Бабайцева.


1.2. Бір құрамды сөйлемдердің зерттелуі

Жалпы тіл білімінде бір құрамды сөйлемдер туралы ХІХ ғасырдың аяғында сөз бола бастағанымен, оның кейбір түрлері туралы (жақсыз сөйлем) одан да ертерек ауызға алынды.

Түркі тіл білімінде бір құрамынды сөйлемнің кейбір типтері туралы 40-жылдардан бері қарай ғана сөз бола бастады. Міне, осы жылдардан бері дәуірді түркологиядағы бір құрамды сөйлемдердің зерттелу дәуірі ретінде екі кезеңге бөліп қарауға болады:

1- кезеңде (40-60 жж) түркі тілдерін зерттеушілер еңбектерінде бір құрамды сөйлем туралы алғаш әңгіме болады және кейінірек кей түрлері арнайы зерттеу объектісіне айналады.

Осы тұстағы ғалымдар жақсыз сөйлемнің бұл тілдерде басқаша жасалу жолдары бар екенін аңғарды және олар бір құрамды сөйлемді тек жақсыз сөйлем деп түсінген. М.З. Закиев татар тіліндегі бір құрамды сөйлемдерді алдымен үш топқа:

етістікті,

есімді,

сөз-сөйлем деп бөлінеді де,

етістікті түрлеріне:

белгілі жақты,

белгісіз жақты,

жалпылама жақты және

жақсыз сөйлемдерді топтастырады.

Ал есімді түріне атаулы сөйлемді, сөз-сөйлемге мүшеленбейтін сөйлемді жатқызады [4, 17-79 бб.]. Осылай топтастыру бұдан кейін бір құрамды сөйлемдерді де қос құрамды сөйлемдер тәрізді есімді және етістікті деп бөліп қарауға негіз болды. Бұл идея осы кезге дейін басқа да түркі тіліндегі бір құрамды сөйлемдерді топтастыруда басшылыққа алынып келеді.

Тува тілін зерттеуші А.Ч. Кунаа бір құрамды сөйлемдерді:

жақты,

жақсыз,

атаулы қыстырмалар деп бөледі де,

жақты түріне жағы белгілі,

белгісіз,

жалпылама сөйлемді жатқызады [6, 7-11 бб.].

Бұл жерде екі ғалым бір құрамды сөйлемді екі түрлі аспектіде қараған. М.З. Закиев бір құрамды сөйлемнің бас мүшесі қай сөз табынан жасалуына қарай грамматикалық ыңғайда топтастырса, А.Ч. Кунса жаққа қатысы ыңғайында топтастырады.

70-жылдардан бері қарайғы кезең орыс тіл білімінде болсын, түркологияда болсын сөйлемді жаңа қырынан, әсіресе семантикалық құрылымы жағынан зерттеу кезеңі болды. Сөйлем формальді, семантикалық, коммуникативтік тұрғыдан зерттелді.

Осы кезеңде түркі тілін зерттеушілер де өз үлестерін қосып жатты. Бұған Э.В. Севортянның, Н.А. Басқақовтың, З.И. Будагованың, А.Юлдашевтің, Н. Дмитриевтің, М. Закиевтің, И. Ахматовтың т.б. ғалымдардың бір құрамды сөйлемдерге, оның жекелеген түрлерін зерттеуге арналған алуан түрлі ғылыми мақалалары, еңбектері айғақ.

Қазақ тіл білімінде бірлі-жарлы еңбектер ғана аталатыны болмаса «бір құрамды сөйлемдер» өзіндік жеке ерекшеліктерімен дәстүрлі қос құрамды сөйлемдерге қарсы-қарсы қойылып, арнайы зерттелеуі әлі де аз.

Бір құрамды сөйлемдердің типтік түрлері болып есептелетін сөйлемдерді зерттеу 30-жылдардан бері жүргізіліп келеді. Жақсыз сөйлемдермен бірге қазіргі орыс және басқа түркі тілдеріндегі зерттеулерде бір құрамды сөйлем түріне жатқызылатын «атаулы» сөйлем жай сөйлемнің ерекше құрылымдағы түрі ретінде қазақ тілінде алғаш С. Аманжолов пен С. Жиенбаевтардың еңбегінде сөз болады [7, 170-175, 8, 34-39].

1954 жылы қазақ тілі мамандарының көп жылғы зерттеу жұмыстарының қорытындысы іспетті алғашқы академия грамматика жарыққа шықты. Бұл еңбекте де жалпы жай сөйлемдердің құрылымдық түрлері ретінде жақты, жақсыз, толымды, толымсыз, атаулы сөйлемдер аталады [8, 498-503].

1950 жылы М. Балақаев жай сөйлем синтаксисінен докторлық диссертация қорғап, 1957 және 1959 жылдары сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксистеріне арналған ғылыми кітаптарын жарыққа шығарды. Соңғы еңбегінде «бастауышсыз» деп аталатын сөйлемдер қатарына бір бас мүшелі сөйлемдер деп танылып жүрген белгісіз және жалпылама жақты сөйлемдерді қосады [9]. Бір құрамды сөйлемдердің бұрынғы аталған толымсыз, жақсыз, атаулы сөйлем түрлеріне өзіндік көзқараспен анықтама береді, жасалу жолдарын толықтырады. Осындай топтастыру Н. Сауранбаевтың «Қазақ тілі» /1954/ оқулығында берілген [10].

Ғ. Мадина жақсыз сөйлемдердің арнайы зерттеп кандидаттық диссертация қорғады. Бірақ автор бұл сөйлем түрін бір құрамды деп есептемейді /11;48-50/ «Бір бас мүшелі сөйлем» /немесе «бір құрамды»/ термині қазақ тілі білімінде 60-жылдардан бастап көрініс береді. Бұл терминді алғаш рет К. Аханов «Тіл біліміне кіріспе» еңбегінде /1965/ қолданады. /12;73-78/. А. Әбілқаев қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлемдерді жақты, жақсыз, толымды, атаулы деп жіктеледі де, жақты сөйлем-арнаулы, ауыспалы және бастауыш белгісіз жақты сөйлем деп бөледі. /13;18-28/.

Ал О. Төлегенов жай сөйлемдерді мүшеленетін және мүшеленбейтін деп бөледі де мүшеленбейтін сөйлемдерді іштей бір бас мүшелі, екі бас мүшелі сөйлемдер деп жіктейді. Бір бас мүшелі сөйлемдерге белгісіз жақты /жақсыз/ және жалпылама жақты сөйлемдерді, ал мүшеленбейтін сөйлемдерге атаулы сөйлем мен арнаулы модальдық сөздер мен одағайлардан жасалған сөйлемдерді жатқызады. /14;49/.

М. Балақаев 1992 жылы өңделіп басылған «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында жай сөйлем түрлері: жақты, жақсыз; белгісіз және жалпылама жақты; толымды, толымсыз; атаулы сөйлемдер деп жіктеледі /15;238-247/.

Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдерді арнайы зерттеп жүрген Ж. Садуақасов жалпы тіл білімі мен түркологиядағы осы бағытта айтылған пікірлерге талдау жасай отырып, оған белгілі, белгісіз, жалпылама жақты және жақсыз, атаулы сөйлемдерді жатқызады /16;61-72/.

М. Балақаев пен Т. Сайрамбаевтың авторлығымен шыққан «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында белгісіз және жалпылама жақты сөйлемдер жақсыз сөйлемнен кейін беріледі /17;225/.

Р. Әмір мен Ж. Әмірованың «Жай сөйлем синтаксисі» оқулығында аталған сөйлем түрлеріне қатысты пікірлер беріледі /18/.

Бұдан байқағанымдай, қазақ тілінде бір құрамды сөйлемдерді жіктеуде біреді пікір қалыптаса қойған жоқ.

Мұны қазақ тіл білімінде қалыптасқан тұжырымдар нақтылайды:

1) Грамматикалық бастауышы жасырын тұрған сөйлемдер бірде құрамды, бірде қос құрамды сөйлемдер аясында қарастырылады.

2) Жақты сөйлемдер түрлерінің атаулары (терминдер) жақтыланбаған /белгілі арнаулы жақты сөйлемдер/;

3) Бір құрамды сөйлемдерді немесе грамматикалық бастауышы арнайы лексикалық сөзбен берілмеген сөйлемдерді топтастыруда әркелкілік байқалады.

Жоғардағы аталғандарды жинақтай келе, қазіргі қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдердің ең басты екі ерекшелігін бөліп көрсетуге болады: - бірінші, бір ғана бас мүшелі құрылымда келуі,- екіншіден, синтаксистік құрылымы жағынан сөйлемді екінші бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтіндігі.

Бір құрамды сөйлемдер іштей: жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдер деп бөлінсе, бір құрамды жақты сөйлемнің өзін семантикалық-грамматикалық ерекшеліктеріне орай:

белгілі жақты сөйлемдер;

белгісіз жақты сөйлемдер;

жалпылама жақты сөйлемдер және ауыспалы жақты сөйлемдер деп жіктейміз.

Қазақ тіл білімінде бірлі-жарлы еңбектерде ғана термин ретінде аталатыны болмаса, бір құрамды сөйлемдер өзіндік жеке ерекшелігімен дәстүрлі қос құрамды сөйлемдерге қарама-қайшы қойылып, арнайы зерттелген жоқ.

Қазіргі орыс және басқа түркі тіліндегі зерттеулерде бір құрамды сөйлем түріне жатқызылатын «атаулы» сөйлем жай сөйлемнің ерекше құрылымдағы түрі ретінде қазақ тілінде алғаш С. Аманжолов пен С. Жиенбаевтардың еңбектерінде сөз болады [1].

Міне, осыдан кейін-ақ бір құрамды сөйлемдердің жеке түрлері туралы ой-толғамдар, пікір-таластар баспа беттерінен жиі көріне бастады.

1958 жылы Н.Т. Сауранбаевтың педагогтік училище оқушыларына арналған «Қазақ тілі» оқулығы жарық көрді. Онда автор жай сөйлемді «тұрлаулы мүшенің айтылу-айтылмауына, бар жоғына қарай жақты-жақсыз, толымды, толымсыз, атаулы» деп үшке бөледі де, оларды бөлек алып қарайды [2]. 1954 жылы алғашқы академиялық грамматика жарыққа шықты онда жалпы жай сөйлемнің құрылымдық түрлері ретінде жақты, жақсыз, толымды, толымсыз, атаулы сөйлемдер аталады [3]. Осы жылдарда жай сөйлем синтаксисін зерттеуде елеулі табыстарға қол жетті.

«Бір құрамды сөйлем» термині қазақ тіл білімінде 60-жылдан бастап көрініс береді. Бұл терминді алғаш рет К. Аханов «Тіл біліміне кіріспе» еңбегінде (1965ж.) қолданады. Жай сөйлемнің екі түрлі құрылымдық үлгісі бар:

оның бірі - екі құрамды (бастауыш, баяндауыш) үлгі (двусоставные схемы),

екіншісі -бір құрамды үлгі (односоставные схемы).

«Екі құрамды сөйлем үлгісі екі бас мүшеден құралса, бір құрамды сөйлем үлгісі бір ғана бас мүшеден құралады»,- дейді ғалым [12].

Осы аталған еңбектердегі сөйлемді топтастырулар мен жіктеулерді саралай келіп, мынадай тұжырым жасауға болады:

1.Қазақ тілінде де басқа түркі тілдері тәрізді бір құрамды (бір бас мүшелі, бір тұрлаулы мүшелі) сөйлемдер бар екен анық.

2. Бір құрамды сөйлемнің типтік түрлеріне жақсыз, белгісіз жақты және жалпылама жақты сөйлемдер енеді. Бір құрамды екені даусыз бұл жерде жақсыз сөйлем мен белгісіз жақты сөйлем.

3. Атаулы сөйлем мүшеленбейтін сөйлемдер қатарына жатқызылады.

Жақсыз сөйлем біріншіден, сөйлемнің тек сыртқы формальдік ерекшелігін ғана негізге алады. Сөйлемнің мазмұндық жағы ескерілмейді.

Екіншіден, егер жақсыз сөйлем бір құрамды сөйлемнің негізгі бір типтік түрі ретінде басқа тілде әлдеқашан дәлелденген болса, біздегі жақсыз сөйлем анықтамасын тұтастай бір құрамды сөйлемнің жалпы анықтамасы етіп беруге болады.

Бұл қайшылықтардың бәрі, айналып келгенде, қазақ тілінде жай сөйлем синтаксисін зерттеу кезінде бір құрамды сөйлемнің типтік түрлерін айқындауға ғылыми түрде назар аудармаған көрсетеді. Жай сөйлем синтаксисі дегенде, бізде басты назар көбінесе сөз тіркесі мен сөйлем мүшесіне аударылады. Онда да негізінен қос құрамды сөйлемдер зерттеледі.

Қорыта келгенде, қазақ тіл білімінде жай сөйлем синтаксисін зерттеуде қол жеткен табыстар бар екені анық.

1.3. Бір құрамды сөйлемдерді жіктеу (классификациялау)

Қазақ тілінде сөйлемді жіктеудің үш негізгі принципі белгілі:

1. сөйлеу мақсатында қарай

2. құрылысына қарай

3. құрамына қарай

Сөйлемді сөйлеу мақсатына қарай жіктеуде онық коммуникативтік қызметі басты назарда ұсталып, сөйлеу кезіндегі жалпы модальдік ерекшеліктері мен интонациялық белгілерінен туындайтын хабарлы, сураулы, лепті, бұйрықты деген түрлері ажыратылатады.

Сөйлемді құрылысына қарай жіктеуде оларды жақты, жақсыз, жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, атаулы деп бөлу барлық тілге, оның ішіде қазақ тілі тән. Орыс тілінде, түркі тілде болсын бір құрамды сөйлемнің өзі іштей бірнеше типтік түрлерге бөлінеді. Оларды былай былай топтастыруға болады:

1.Синтаксистік бас мүшелерінің қатысына қарай: бастауышсыз және баяндауышсыз;

2. Бас мүшелердің логикалық ыңғайда берілуіне қарай: жақты және атаулы;

3. Бас мүшелердің құрылымдық-семантикалық ыңғайына қарап жіктеу: предикатты-субъектілік, жанама жақты, жақсыз, номинативті сөйлемдер деп бөлінеді.

Етістікті бір құрамды сөйлемдерге, белгілі, белгісіз, жалпылама жақты, жақсыз сөйлемдер жатқызылады, ал есімді түріне белгілі жақты сөйлемнің жіктелген есім бас мүшелі түрі мен атаулы сөйлемдер жатқызылады. Көбінесе қайшылық туғызатын бір мәселе - контекст пен ситуация мәселесі. Сырттай қарағанда, бір құрамды сөйлемдер мен толымсыз сөйлемдердің белгілі бір дәрежеде ұқсастықтары бар. Бұл екеуін салыстыра қарау екеуіндегі бас мүшелердің болмау себептерінің де әр түрлі екенін көрсетеді. Толымсыз сөйлем бас мүшесі коммуникативтік-стильдік мақсатта «түсіріледі». Әрине, мұндай түсірілуі қалай болса солай емес, белгілі қажеттіліктен туған заңдылық бойынша жүзеге асады. Ал бір құрамды сөйлемде мүшелер «түсірілмейді», ол о бастан болмайды немесе түсіп қалу нәтижесінде қалыптасқынымен, енді сөйлем мазмұны ондай мүшенің ендіруді қажет етпейтіндей дәрежеде әбден тұрақталған болады.

Контекст пен ситуация бір құрамды сөйлемдер мен толымсыз сөйлемдердің ара жігін ажырату үшін емес, толымды сөйлем мен толымсыз сөйлемдерді үшін ғана белгілеу керек тәрізді.

Өткені, бір құрамды сөйлемде де қос құрамды сөйлем тәрізді толымды да, толымсыз да бола алады және олар конситуациямен тек осы жағынан ғана байланысты болады.

Жинақтай айтқанда, сөйлемнің толымсыздығы мен бір құрамдылығы мәселесі сөз қылғанда, олардың өзара ұқсастықтары тек сырттқы көрініс екенін, шындығын олардың бірі (толымсыздық) барлық сөйлем түрлерін ортақ сипаттық мәні бар түрі де, бір құрамды сөйлем қос құрамды сөйлемге қарама-қарсы қойылып қаралатын сөйлемнің типтік түрі болып табылады.

Нақтырақ айтсақ, алғашқысы жай сөйлемнің құрылымдық-семантикалық кез келген компонентінің түсіріліп айтылуына байланысты пайда болатын толымды сөйлемдердің стильді варианты болады да, ал бір құрамды сөйлем тарихы жағынан бір құрамды болып қалыптасқан, басқа ешбір сөйлемнің варианты бола алмайтын сөйлем түрі болады. Бұл екі сөйлем түрінің ұқсастықтарына осы соңғысының тарихы қалыптасуының да әсері болу мүмкін. Өйткені, бір құрамды сөйлемдер қос құрамды сөйлемдердің ықшамдалуынан пайда болады дейтін деректер бар. Осы пікірдің жаны болуға тиіс.

Сонымен, жай сөйлемдердің мынадай ерекшеліктеріне қарай топтастыруға болады:

  1. Мағынасы қарай: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты.

  2. Предикативтік бас мүшенің қатысына қарай: қос құрамды, бір құрамды, сөз сөйлем.

  3. Құрылымдық-семантикалық компоненттерінің қатысына қарай: толымды, толымсыз, жалаң, жайылма.

Бір құрамды сөйлемдердің өзің былай жіктеуге болады:

1. Бас мүшенің жасалуына қарай: етістікті және есімді (атаулы).

2. Субъекті- жақтың қатынасына қарай: жақты және жақсыз.

3. Жақты және жақсыз сөйлемдер субъетінің семантикалық ерекшеліктеріне қарай бөлінеді. Жақты: белгілі, жалпылама, белгісіз, жанама. Жақсыз: жанама, субъектілі, субъектісіз.

Сонымен, қорыта айтқанда, бір құрамды сөйлем бас мүшесі семантикалық жағынан субъектілік мағына арқылы толыққан және бір құрамды сөйлемдердің жеке түрлерге топтастырылуы синтаксистік семантика мен грамматиканың белгілі ыңғайында зерттеледі.

Бір құрамды сөйлемдердің бас мүшесі басқа ешбір мүшеге тәуелді емес, сөйлемді ұйымдастыруға негіз болатын жалғыз ғана бас мүше болып табылады. Бұл ерекшелік бір құрамды сөйлемдердің өзіне тән синтаксистік құрылымы бар екенін көрсетеді.

  1   2   3



Похожие:

Диплом жұмысы қазiргi қазақ тiлiндегi бір қҰрамды сөйлемдер iconДиплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, төрт параграф, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп, зерттеу мақсаты мен міндеттері, қолданылған ғылыми зерттеу әдістемелері анықталған
«Оқушылар жеке басы мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары» тақырыбында орындалған диплом жұмысына
Диплом жұмысы қазiргi қазақ тiлiндегi бір қҰрамды сөйлемдер iconДиплом жұмысы тақырыбы: «Бастауыш сыныпта сан есімді оқыту әдістемесі»
Дипломант жұмысын жүйелі жазған. Әрбір тармақшасы өзіндік ойға, пікірге негізделген. Әр тарауда алдына қойған мақсатына толық жеткен....
Диплом жұмысы қазiргi қазақ тiлiндегi бір қҰрамды сөйлемдер iconДиплом жұмысы
Тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану ( Ана тілі...
Диплом жұмысы қазiргi қазақ тiлiндегi бір қҰрамды сөйлемдер iconДиплом жұмысы Тақырыбы
Тақырыбы: I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу әдіс-тәсілдері
Диплом жұмысы қазiргi қазақ тiлiндегi бір қҰрамды сөйлемдер iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. А. Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-ТҮрік университеті шымкент институты тарих факультеті саясаттану кафедрасы диплом жұмысы
Кіріспе
Диплом жұмысы қазiргi қазақ тiлiндегi бір қҰрамды сөйлемдер iconДиплом жұмысы қҰрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі
Оның айқын дәлелі өткен ғасырдан бастау алатын сан салалы зерттеулер мен күні бүгінге дейін жарық көріп жатқан еңбектердің барлығында...
Диплом жұмысы қазiргi қазақ тiлiндегi бір қҰрамды сөйлемдер icon«Филология пәндері бойынша ледагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасы диплом жұмысы тақырыбы: «Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі»
Сыныптан тыс жұмыстардың оқушы тілін ауызша дамытудағы педегогикалық көзқарастар
Диплом жұмысы қазiргi қазақ тiлiндегi бір қҰрамды сөйлемдер iconДиплом жұмысы европаның ергежейлі мемлекеттері

Диплом жұмысы қазiргi қазақ тiлiндегi бір қҰрамды сөйлемдер iconДиплом жұмысының көкейкестілігі қазақ елі өз алдына отау тігіп, іргелі мемлекеттердің біріне айнала бастағалы мектептерде қазақ тілін оқыту мәселесі күн тәртібіне қатаң түрде қойылып отыр.

Диплом жұмысы қазiргi қазақ тiлiндегi бір қҰрамды сөйлемдер iconДиплом жұмысы 9-сынып қазақ тілінің стилистикасын оқытудың әдіс-тәсілдері
Стилистика және оның анықтамасы. Функцианалды стильдердің стильдік белгілері беріп өткен. Екінші тарауында 9 сыныпта стилистиканы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов