Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан Халықтар Достығы университеті icon

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан Халықтар Достығы университеті



НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан Халықтар Достығы университеті
страница1/5
Дата06.05.2013
Размер0.8 Mb.
ТипДиплом
скачать >>>
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Қазақстан Халықтар Достығы университеті

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты


География кафедрасы

«050116 – География мамандығы





Тақырыбы: «Қазақстан аумағындағы қорықтар»


Ғылыми жетекшісі: Орындаған

Аға оқытушы С-116-41 тобының студенті

Ғыл.дәрежесі, ғыл.атағы

Моминшиков Т.К. ___________ Маханова Г.Д._____________


«____» _______________ 2008 жыл.


^ Бақылау: Қорғауға жіберілді:

ТО меңгерушісі Кафедра меңгерушісі

___________Н.Д.Каменских Елюбаев С._______________


«___» ___________ 2008 ж. «___» ___________ 2008 ж.


Шымкент 2008

^ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

ҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


Тарих-филология факультеті

«050116- География» мамандығы

География кафедрасы


^ Диплом жобасын (жұмысын) орындауға арналған

ТАПСЫРМА


Студентке Маханова Гулназ

Жобаның (жұмыстың ) тақырыбы «Қазақстан аумағындағы қорықтар»

ЖОО бойынша "_____" "____________ " 200 ____ жылғы №_____бұйрығымен бекітілген.

Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі "12" 05 2008 ж.

Жоба бойынша қорытынды мәліметтер


Диплом жобасында (жұмысында) қарастырылуға тиісті сұрақтар немесе олардың қысқаша мазмұны:

1. Қорықтардың ұйымдастыру себептері мен маңызы.

2. Қазақстан қорықтарының географиялық орналасуы.

3. Қазақстан қорықтарына жалпы сипаттама


Графикалық материалдар тізімі (сызбаларды көрсете отырып):

1. Қазақстанның қорықтарының картасы. 1 дана

2. Қазақстанның қорықтарындағы жануарлармен өсімдіктердің суреттері. 12 дана


Ұсынылатын негізгі әдебиет: Иващенко А.А. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары. Алматы, 2006. Махмудов С.М. Қазақстанның қорықтары. Алматы, 1981.

Жоба (жұмыс) бойынша кеңесшілер;


Бөлім

Кеңесші

Кафедра

2

Оспанов Е.С.

Тарих және география ХҚТУ ШИ











Тапсырманың берілген күні: "15" 10 2007 ж.

Кафедра меңгерушісі: д.с.х.н.,проф. Елюбаев С.

Жобаның (жұмыстың) жетекшісі: а.о. Моминшиков Т.К.

Тапсырманы орындауға қабылдаған

Студент: Маханова Гулназ

Мерзімі: "15" 10 2007 ж.

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ..........................................................................................................

3

^ 1. ҚАЗАҚСТАН ҚОРЫҚТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА ..............

5

  1. ҚОРЫҚТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ...................

9

    1. . Ақсу – Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы …………..............

10

    1. . Алматы мемлекеттік табиғи қорығы ...............................................

18

    1. . Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы ...........................................

25

    1. . Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы ........................................

30

    1. . Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы ..........................................

36

    1. . Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы ............................................

41

    1. . Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы ..................................................

47

    1. . Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы ........................................

50

    1. . Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы .................................................

54

    1. . Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы ..............................................

60

ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................

65

^ ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................

66



КІРІСПЕ


Адам баласы ХХ-ХХІ ғасырлар аралығында негізгі қауіп-қатердің бірі - қоршаған ортаның нашарлауына тап болды. Осыған байланысты экожүйені әлемдік, аймақтық және ұлттық, дәрежеде қорғау жалпы мақсатқа жетудегі негізгі міндеті болып табылады. Әлемдегі ең ірі және беделді табиғат қорғау ұйымы халықаралық табиғат қорғау одағы (ХТҚО, ағылшынша қысқартылған атауы-JUCN) болып табылады, оған бірнеше мемлекеттер, сонымен қатар халықаралық және ұлттық үкіметтік емес бірлестіктер мүше болып кіреді. ХТҚО бүкіл әлемнен алты белгілі мақсатқа арналған бағытта жұмыс істейтін бірнеше мыңдаған сарапшыларды біріктіреді. Олардың бірі - қорғалатын территориялар жөніндегі Әлемдік комиссия (WCPA), табиғи экожүйені қорғаудың теориялық және практикалық мәселелері мен айналысады, табиғи қор жағдайларына сараптау мен бағалау жүргізеді, тәуелсіз мемлекеттер үкіметіне қорғалатын табиғи территориялар жүйесін құруға ұсыныстар дайындайды.

ХТҚО онжылдықта бір рет қорғалатын территориялардың Бүкіләлемдік конгресін өткізеді, онда табиғи экожүйелерді қорғаудағы қазіргі жағдай мәселелері қаралады және келешекке жоспар жасалады.

2003 жылы Дурбан қаласында (ЮАР) өткен бесінші Бүкіләлемдік конгресс комиссия жұмыстарын қорытындылай келе, биоәртүрлілікті қорғау және оның тұрақты дамуы үшін қорғалатын табиғи территориялар (ҚТТ) маңызын қайта бағалады. Оның ішінде, өткен онжылдықта табиғатты территориалдық қорғау мәселесінде ХТҚО келесідей нәтижелерге қол жеткізді:

- қорғалатын территориялар Биоәртүрлілік жөніндегі Конвенция пікірін іске асыруда негізгі топ болып танылды.

- 1992 жылдан бері әлемдегі ҚТТ-ның жалпы саны және олардың көлемі екі еседен көп ұлғайды: қазіргі кезде, Антарктиданы қоспағанда, құрлық бетінің 12%-ынан көбі қорғалады, тек территорияның, 10%-ына ғана қатаң қорғау тәртібі таралған.

- әлемдік мұраның табиғи және табиғи-мәдени нысаналар саны 101-ден 172-ге өсті, және де табиғи және мәдени қазыналарды қатар қорғау қажеттілігі одан да бетер ақиқат болып отыр.

Бұрын қорғалатын табиғи территориялардың адам баласының басқа саладағы мүдделерімен байланысы толық емес еді. Сондықтан Дурбан конгресі келешектің негізгі бастамасы қорғалатын табиғи территориялардың біртұтас жалпы жүйесін құру туралы қаулы қабылдады. Әлемдік үлгі талабы бойынша мемлекет территориясы көлемінің 10%-ынан көбі қорғалатын табиғи территория болу керек.


^ 1. ҚАЗАҚСТАН ҚОРЫҚТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА


Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан, қорғалатын территориялардың әлемдік жүйесінің дамуына маңызды рөл атқарады. Біздің мемлекетімізде қорық құру тарихы 1922 жылдан басталады. Бұл жылы мәдени және көне табиғи ескерткіштерді қорғау жөніндегі Түркістан комитеті құрылған, ол алғашқы рет сол аймақта қорық құру қажеттілік мәселесін көтерді. 1926 жылы Орта Азия мен Қазақстанда бірінші рет Ақсу-Жабағылы қорығы ұйымдастырылды. Бес жылдан кейін, яғни 1931 жылы Наурызым мен Алматы қорықтары, 1936 жылы Бурабай қорығы, ал 1939 жылы Барсакелмес қорығы құрылды. Одан әрі қорықтармен бірге, қорғалатын табиғи территориялардың басқада түрлері - геологиялық, зоологиялық және ботаникалық қорықшалар, табиғи ескерткіштер және тағы басқа ұйымдастырылды. 1985 жылы біздің елімізде алғаш рет Баянауыл мемлекеттік ұлттық қорығы құрылды. /19/

Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның қорықтары, ұлттық бақтары, қорықшалары мен табиғи ескерткіштері құрлықтың алтыдан бір бөлігін алып жатқан, үлкен мемлекеттік қорғалатын территорияларының біртұтас жүйесінде болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан ауыр экономикалық жағдайды бастан өткізді, бұл жағдай қорғалатын табиғи территорияларды зор шығынға ұшыратты. Қаржының жетіспеушілігі жұмысшы адамдар санын қысқартуға және табиғат қорғау жөніндегі көптеген жете зерттелген мәселелердің жабылуына әкелді. Жағдай тек соңғы 6-7 жыл шамасында ғана оңалып келеді. Қазіргі кезде Қазақстан әлемдік экономикалық жүйеге одақтасуға және әлемдік бірлестіктің толық құқықты мүшесі болуға талпынып жатыр. Бұл мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық өмірдің көптеген жақтарын өзгертуді талап етеді. Осындай талаптардың бірі ҚТТ ұлттық жүйесінің дамуы болып табылады, оның көлемі мемлекеттің бар территориясының 10%-ынан жоғары, сонымен қатар қорғалатын табиғи территорияның жалпы жүйесіне енген болу керек. Осы жолда біздің мемлекетіміз айтарлықтай жетістіктерге жетті.

1997 жылдың 17 шілдесінде қабылданған "Ерекше қорғалатын табиғи территориялар жөніндегі" ҚР Заңы негізін құрайтын заң шығару базасы жете дайындалды. Заң табиғат қорғау мемлекеттерін құру және олардың жұмыстары жөніндегі мәселелерді реттейді. Қазіргі заң шығаруға сәйкес ерекше қорғалатын табиғи территориялар - бұлар мемлекеттік табиғи-қорықтың қорын қорғау және қалпына келтірумен қамтамасыз ететін қорғаудың құқықты шаралар жүйесі немесе шаруашылық жұмыстардың реттелетін ережелері бар жер, су, орман және жер қойнауы байлықтары. Қорғаудың құқықтық шаралары төмендегідей бөлінеді: қорықтық, яғни қоршаған ортаның табиғи жағдайын бүлдіретін кез-келген шаруашылық жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады; және қорықшалық, яғни мемлекеттік табиғи - қорықтық қор нысаналарын сақтауға қауіп төндірмейтін және олардың өсіп-дамуына зиян келтірмейтін шаруашылық және кез-келген жұмыстарға тек белгілі маусым мен уақытта рұқсат беріледі. Қазақстан Заң шығаруында ұйымдастырылу мақсатына қарай, қорғау шаралары мен нысаналарды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты қорғалатын табиғи территорияның 11 түрі бар:

- биосфераны қосқанда, мемлекеттік табиғи қорықтар;

- мемлекеттік ұлттық бақтар;

- мемлекеттік табиғи қорлар;

- мемлекеттік табиғи бақтар;

- табиғи мемлекеттік ескерткіштер;

- мемлекеттік қорықтық аймақтар;

- мемлекеттік табиғи қорықшалар;

- мемлекеттік зоологиялық бақтар;

- мемлекеттік ботаникалық бақтар;

- мемлекеттік дендрологиялық бақтар;

- мемлекеттік табиғи қорықтар-сепартерлер.

Соңғы жылдары жаңа қорықтар мен ұлттық бақтар ұйымдастырылды. 2005 жылдың соңында Қазақстанның 113 қорғалатын табиғи территорияларының жалпы көлемі 21036283,2 га болды, яғни мемлекеттің бар территориясының 7,72%-ы. Қазіргі күнде біздің елімізде жалпы көлемі 1075498 га 10 мемлекеттік табиғи қорықтар мен жалпы көлемі 1456597 га 8 мемлекеттік ұлттық бақтар бар. Реснубликаның қорғалатын табиғи территориялар жүйесі даму үстінде және ҚТТ-ның жалпы және аймактық жүйесіне біртіндеп еніп жатыр. Соңғы жылдары Дүниежүзілік Банкі және Жалпы Экологиялық Қоры қолдауымен Батыс Тянь-Шань мен Алтайда трансшекаралық қорғалатын территориялар мен экологиялық дәліздер құру жөніндегі жобалар іске асты. Қазақстан реформа жүргізе отырып әлемдегі дамыған мемлекеттер қатарына сеніммен кіреді. /24/

Мұндағы қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау болып табылады. (1-сурет.)





1-сурет

^ 2. ҚОРЫҚТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ


Совет елінде қорықтар ұйымдастырудың негізіне ғылыми принциптер алынды. Оның мәні мынадай еді: 1) қорық үшін бұрын пайдаланылмаған табиғаттың тамаша орындары бөлінеді; 2) онда табиғаттың басқа да байлық көздерімен бірге, сирек кездесетін хайуанаттар мен өсімдіктер қорғалатын болады; 3) қорықтар табиғи-географиялық аймақтардың үлгісі (эталоны) қызметін атқаруға тиіс; 4) ондағы табиғи процестер сол қалпында өзгерместен жүргізілуге тиіс; 5) ең алдымен сирек ұшырасатын, жойылып кету хаупі төніп тұрған табиғи орындар қорыққа айналдырылады. Сөйтіп, қорық – табиғаттың бұрынғы қаз-қалпындағы қайталанбас сұлу көрінісі, соның үлгісі, табиғи лаборатория болып қалыптасады. /11/

Табиғат байлығын тиімді, дұрыс пайдалану дегеніміз – мүмкіндігінше оны рәсуа етпей, ыждағаттылықпен халық игілігіне асыру, қалпына келтірілетін түрлерінің қайтадан көбейтілуіне жол ашу деген сөз.

Табиғат – күрделі комплекс. Ондағы барлық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысты. Міне, осы байланыстардың бірі үзілсе, табиғатта белгілі шамада өзгерістер болуы мүмкін. Бірақ, табиғат болжап білу едәуір қиын. Әсіресе, көлемді жерлерді игеру, су қоймаларын жасау және тағы басқа жұмыстарды жүзеге асырғанда бұл мәселе күрделіліне түседі.

Соңғы жылдары ғылым мен техниканың шарықтап өсуі, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы, қала мен село санының өсуі қоршаған табиғи ортаны ластанудан қорғау проблемасын алға қойды. Демек, содан келіп, табиғат қорғаудың экономикалық қана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау мен эстетикалық мәнінің де зор екендігі жайлы ұғым туады. Шынында да, орман құрылысқа қажетті ағаш, халық тұтынатын бағалы аң терілері мен жеміс-жидек қана беріп беріп қоймай, ол сонымен бірге тірі организмнің тыныс алуына қажетті оттегінің сарқылмас қоры болып табылады. Өзендер бізге тек кемелердің жүзуі мен су электр станцияларын салу үшін ғана қажет емес, сол сияқты олар пайдаланылатын ауыз судың да алып арнасы. Бізді қоршаған ортаның көптеген әсем көріністері ғасырлар бойы ақындардың жырына, композиторлардың әсем ырғақты әніне арқау болып келеді. Революцияның жалынды жыршысы Максим Горький «Мені қаңғыбастықтан құтқарған табиғат» десе, орыстың атақты ғалымы В.В.Докучаев «Біздің топырағымыз алтыннан да қымбат» деген болатын. Туған жер табиғаты – халқымыздың ұлттық мақтанышы. /15/

Біз табиғатты халық үшін, бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін қорғаймыз. Табиғат – адамның ежелден бергі тіршілік етіп келген және мәңгілік мекен ете беретін алтын бесігі.

Қазақстандағы қорықтар – шаруашылыққа пайдаланудан алынған, әр түрлі географиялық аймақтарда орналасқан, табиғатқа тұрақты және комплексті зерттеу жүргізетін ғылыми мекемелер. Мұнда табиғи процестердің даму заңдылығы кеңінен зерттеледі. Жабайы жануарларға санақ жүргізу әдістері, орман және ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресудің биологиялық әдістері, хайуанаттар қорының азайып-көбеюіне әсер ететін факторлар, сирек аңдар мен өсімдіктерді қалпына келтіру мәселесі терең талданып, қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді.


^ 2.1. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы


Талас Алатауының батыс бөлігінде қорық ұйымдастыру мәселесін, Орта Азия мемлекеттік университетінің профессоры А.А.Бродскийдің ұсынысы бойынша, 1922 жылы ескі заман ескерткіштерін, табиғатты және өнерді қорғаудың Түркістан комитеті көтерген болатын. Осы комитеттің университетінің көрнекті ғалымдары профессор Д.Н.Кашкаров, М.Г.Попов, Е.П.Коровин, М.В.Культиасов, Н.А.Димо Ақсу мен Жабағылы өзендері ағысының, жоғарғы жағында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл өңір табиғатының сұлу көріністеріне, өсімдіктері мен жануарлар дүниесіне таң қалған олар Тянь-Шанъ тауының осы бөлігі қорыққа айналдыру керек деген қорытындыға келді. Жабағылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы жағында қорық боларлықтай біраз артықшылықтар бар: мұнда тек осы өңірге тән, әлі ешқандай кәсіптік мақсатқа пайдаланылмаған өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі тіршілік етеді. Ландшафтысы сондай әсем, сәулетті және ғылыми тұрғыдан алғанда үлгі боларлықтай. 1926 жылдың 14 шілдесінде Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы ұйымдастырылды. Бұл қорықты ұйымдастырудағы негізгі мақсат- Батыс Тянь-Шаньның ландшафтың сол табиғи қалыпта сақтап, осы тау жүйесіндегі табиғат комплекстерінің даму заңдылығын зерттеу. Міне, Қазақстандағы тұңғыш қорық дүниеге осылайша келген еді. Бұл қорықта хайуанаттар жүйесіндегі алғашқы ғылыми зерттеуді 1926 жылы А.П.Коровин бастады. Одан кейін бұл жұмысты Л.М.Шульмин жалғастырды.

Одан кейін бұл қорықта зерттеу жұмыстарын жүргізуге геологтар В.Г.Мухин, В.Б.Тризна, палеонтолог С.И.Сергулкова келді.

Ақсу-Жабағылы қорығы қазірде ЮНЕСКО жасаған дүние жүзілік қорықтар тізіміне енген. Күні бүгінге дейін Ақсу-Жабағылы қорығы Қазақстандағы ең жақсы қорықтардың бірі болып қалып отыр.

^ Жер бедері мен ауа райы. Ақсу-Жабағылы қорығы Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігінің біразын және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі территориясы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Леңгір және Алғабас аудандары жерінде орналасқан.

Қазірде қорықтың жалпы жер көлемі 74416 гектар, оның 20616 гектары Түлкібас ауданында, 50576 гектары Леңгір ауданында болса, 224 гектары Алғабас ауданының үлесіне тиеді. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясынан 18-20 шақырымдай жердегі Ново-Николаевка ауылында.

Ең биік шыңдары мәңгі мұзбен таласқан, ірі құзды Талас Алатауы шығыста Талас өзенінің жоғарғы ағысынан батыста Шыршық пен Келес өзендерінің жоғарғы ағысына дейін 250 шақырымнан аса қашықтыққа созылып жатыр. /1/

Ақсу мен Жабағылы өзендерінің басталар жоғарғы жағынан жан-жаққа Жабағылы, Алатау, Балдыбірек және басқада біраз тау жоталары кетеді. Арнасын осы жоталардан алатын өзендер Арысқа келіп құяды. Жабағылы тауының ең биік шыңы теңіз деңгейінен 2915 м, Алатаудікі - 4042 м, Өгем жотасынікі - 4072 м биіктікте. Таудың беткейлері көбіне тік келеді. Алатау жотасы мен Балдыбірек тауының солтүстік беткейі - 1800-2500 м биіктікте жайпақтала келіп, жазыққа айналады. Тау беткейлеріне тән қасиет - онда орман ағаштары жоқ. Тек кейбір учаскелерде ғана ойдым-ойдым болып өскен орманды көруге болады.

Қорық территориясынан ағып өтетін өзендер, Топшақ пен Майданталдан басқалары Арыс өзенінің тармақтары болып саналады. Қорықтағы ең ірі өзен Ақсу. Ұзындығы 120 км, ені 20м, тереңдігі 0,5 метрдей, суы тасыған кезде 2 метрге дейін ағыны қатты тау өзені. Мұнда су түсінің өзгеріп тұруы қызық-ақ; мамыр айында көгілдір түсті болса, ал жаз айында, өзен тасыған кезде оның түсі сүт ақ бурыл болады. Жабағылы өзенінің ұзындығы Ақсуға қарағанда екі еседей қысқа, суының түсі тасыған уақытта сары болады, кейде ондағы саз қоспаларының әсерінен қызыл түсті де болып келеді. Ақсу-Жабағылы қорығында көлдер жоқтың қасы. Тек көлемі бірнеше ондаған шаршы километр болатын көлшіктер мәңгі мұздар маңында немесе өзендер иірімінде пайда болады. Қорық жерінде бұлақтарда бар. Бірақ көбі күзге қарай құрғап қалады. Тауда мәңгі қар теңіз деңгейінен 3300 м биіктікте жатады. Мұздардың жалпы көлемі мәңгі қар көлемінен 4-5 есе кем. Жабағылы өзенінің жоғарғы жағында қалыңдығы 11 м, Бөгелітор жотасының теріскей беткейінде 14 м көшпелі мұз бар. Олардың ішіндегі ең ірісі Ақсай жотасында. Оның ұзындығы 1600 м, ені 350 м. Мұнда пайдалы қазбаларда мол. Темір, мыс, қорғасын қорлары көптеп кездеседі.

Климаты. Қорықта ауа райы өте құбылмалы. Қысы суық кейде қалың қарлы болса, жазы ыстық, жауын-шашын тапшы келеді. Қаңтар айындағы орташа температура - 4,9 градус болса, шілдеде ол +21,6 градус. Көбіне көктемде бұл жер жауын-шашынды келеді. Жалпы алғанда, қорықтың ауа райы Тянь-Шаньның басқа жоталарына қарағанда ылғалды болады.

Өсімдіктер дүниесі. Жер бедері мен ауа райының әр түрлі болуы өсімдіктер дүниесінің алуан түрлі болуына жағдай жасайды. Тасты, құзды келетін альпі белдеуінде (3000-4000 м) топырақ онша қалың емес. Субальпі белдеуі (2000-3000 м) қоңыр топырақты келсе, орманды-дала белдеуі (1200-2000 м) қызыл-қоңыр топырақты, ал тау етектері сұр топырақты болып келеді. Ақсу-Жабағылы қорығы өсімдіктер дүниесіне бай. Оның территориясында мүктің 61, қынаның 58-ден астам, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1336 түрі өседі. Қорық территориясы түгелімен биіктігі 1200 м-ден 4200 метрге дейін болатын таулы өңірде орналасқандықтан, мұнда жартылай шөлейтті, далалы, орманды-далалы, субальпі мен альпі белдеуіне тән өсімдіктерді кездестіруге болады. Жартылай шөлейтті белдеуге тән баданалы қоңырбас, арпабас, қияқ, қозықұлақ, шоқайна сияқты шөптерді Ақсу, Талдыбұлақ, Жабағылы өзендері бойынан 1100-1250 м биіктік аралығынан кездестіреміз. Қорық орманында ағаштардан қара арша, балғын арша және сауыр арша деп аталатын аршаның үш түрі өседі. Таудағы тоғайларда жапырақты ағаштардан - талас терегі, тал мен қайыңның бірнеше түрлері кездеседі. Тау беткейлерінде жабайы алма, түркістан доланасы, кавказ тауында өсетін каркас, мойыл бақтарын көрсек. онда аздап шетеннің екі түрі, үйеңкі ағашы, жоңғар доланасы кездеседі. /14/

Бұталы ағаштың 60-тай түрі бар. Олардың ішінде үшқаттың 8 түрі, итмұрынның 10 түрі, қарақат бұталар көбірек таралған. Сондай-ақ, ақ тікенектің 3 түрі, тобылғының 2 түрі, шиенің 3 түрі, бадам осы арадан табылады. Өсімдіктер тұқымдастарының жалпы саны 438, түр саны 1306. Оның ішінде күрделі гүлділер тұқымдастарының саны - 69 (түр саны - 216), бұршақ тұқымдастар - 14 (131), астық тұқымдастар - 41 (122), ерінді гүлділер - 24 (70), шатырша гүлділер - 34 (69) болса, раушан гүлділер тұқымдастарының саны - 24 (түр саны - 68), қалампыр тұқымдастар - 18 (49), сабынкөк тұқымдастар - 12 (48), айлық тұқымдастар - 21 (40), айқыш гүлділер - 21 (39). Ал басқа бірқатар өсімдіктің тұқымдастар саны 1 -ден 8 -ге дейін ғана. Оларға мына өсімдіктер жатады: қияқ гүлділер тұқымдастарының тұқым саны - 7 (түр саны 32), алабота тұқымдастар - 8 (14), ойран шөптің тұқым саны - 4 (14), көкнәрдің тұқым саны - 6 (13), жасаң шөп -4(12), сүттіген - 1 (12), шермен гүлділердің тұқымдас саны - 5 (12), қоңыраубас тұқымдастары - 5 (10), қожағай - 1 (8), күреңот - 2 (8), бәйшешектің тұқым саны - 4 түр саны - 8. Басқа - өсімдік тұқымдастарының тұқым саны - 87, түр саны - 66. Енді осы өсімдіктердің жалпы өсімдік түрлерімен салыстырғандағы процент есебі мынадай: күрделі гүлділер тұқымдастарының процент есебі 17,4, бұршақ тұқымдастардың процент есебі 9,5, қалғандарының жалпы өсімдік түрлерімен салыстырғандағы процент есебі 8,9-дан 0,6 процентке дейін.

Жалпы алғанда Ақсу-Жабағылы қорығы территориясының 30 проценті аршалы алқап. Арша - аса бағалы, мәңгі жасыл өсімдік. Оның қылқанды жапырақтары мен бұталарынан эфир майы көп алынады. Ал бүршігі мен жемісі қыста құстарға таптырмайтын азық. Ақсу-Жабағылы қорығында жапырақты орман көлемі онша көп емес, бар болғаны 210 гектардай өзен аңғарындағы жерлерді қамтиды. Қорық территориясында жайқалып өскен тау шабындығы 22-23 мың гектардай жерді алады. Тау беткейлері мен өзен аңғарында шабындық түлкі құйрығы, қылтықсыз арпабас, қоңырбастың бірнеше түрлері, жатаған бидайық, тянь-шань жоңышқасы, қоңыраубас шөп түрі, беде, кәдімгі ақбас жусан, қарабас шалғын, ұсақ гүлді киікоты сияқты шөптер қаулап өседі. Субальпі шабындығында тау қаршығаның бірнеше түрі, қазтамақ, гельцер қалампыры, кекіребас, бөденешөп, адыраспан тән болса, ал альпі белдеуінде альпі қоңырбасы, тау таспасы, тасжарған, сарғалдақ, қазтабан, қияқтың бірнеше түрлері кездеседі. /18/

Қорық территориясында жемшөптік, дәрі-дәрмектік, техникалық эфир майлы жеміс беретін өсімдіктер көп-ақ. Қазақстанда шипалы маңызы бар 3 мың өсімдік түрі болса, соның 200-дейі қорық территориясынан табылады. Мұнда, әсіресе, емдік қасиеті жоғары қылша, қараандыз, шайқурай сияқты өсімдіктердің қоры мол. Сонымен қатар, халық медицинасында талас қорғасыны, ұсақ гүлді киікоты, жиек жалбыз, құмзере өсімдіктері пайдаланылып келеді. Жемшөптік өсімдіктер - жабайы тянь-шань жоңышқасы, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде қорық жерінде жайқалып өседі. Техникалық, соның ішінде тері илеуге жарамды шөптерден - рауғаш, итқұмық, таран кездеседі. Ал эфир майлы өсімдіктерге шаған, сасыр, заре, әртүрлі жыланбас жалбыз, көкбас жалбыз, райханның екі түрі жатады. Жеміс-жидек беретін өсімдіктерден жабайы алманы, шетенді, шиені, қарақатты, қарлығанды, сиыр бүлдіргенді, жуаны, рауғашты, тікен жидені, қышқыл шөпті айтпай кетуге болмайды. Тауға әртүрлі реңді сән беретін қызғалдақ, құртқашаш, жарықгүл, желайдар, қалампыр сияқты өсімдіктер гүлдеген кезінде маңайды құлпыртып жібереді. Тек таралу аймағы қорық территориясы және онымен көршілес учаскелермен шектелетін эндемик өсімдіктер түрі - 17. Олардың ішіндегі майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, лаңса, шоқайнаның бірнеше түрлері, сүт жапырақ бар. Қорықта реликті өсімдіктердің үш түрі кездеседі. Олардың бірі - Талдыбұлақ, Машат, Ақсу аңғарында ұшырасатын жалған масақша деп аталатын өсімдік. Ленец Минквице қорықпен көршілес Даубаба тау етегіндегі тасты жерлерде өседі. Сол тау мен Машат маңында реликті өсімдіктің үшінші түрі - қаратау лепидолофасы кездесіп қалады.

^ Жануарлар дүниесі. Қорық жерінің таулы және ауа райының құбылмалы болып келуі жер шарының әртүрлі екендіктерінде мекендейтін сан алуан аңдар мен құстардың осында шоғырлануына жағдай туғызған. Оның шағын территориясында Европа, Солтүстік Африка, Англия жоне Орта Азияның әртүрлі ландшафтыларында мекендейтін хайуанаттар ұшырасады. Соңғы деректерге қарағанда, қорық территориясында және оған жақын тау етектерінде құстың 238, сүт қоректілердің 42, бауырымен жорғалаушылардың 9, қос мекенділердің 2 және балықтың 2 түрі мекендейді екен. Қорықта қанаттылардан кекілік, ұлар, шіл, бөдене, кептер секілді кәсіптік маңызы бар құстар тіршілік етеді. Ақсу-Жабағылы қорығында таралған әрі Қазақстанда тек Тянь-Шаньды мекен еткен сирек кездесетін қанаттылардың бірі - көкқұс. (2-сурет.)

Олар Піскем мен Өгем қыраттарында жиірек кездеседі. Ақсу-Жабағылы қорығында саны өте аз, ерекше қорғауды керек етіп отырған жыртқыш құстар да бар. Олардың ішінен биік тау құздарында мекендейтін сақалтай немесе қозықұмайды, сондай-ақ жыланжегішті, лашынды, ителгіні атауға болады. Ақсу-Жабағылы қорығының, әсіресе, кәсіптік маңызы бар сүт қоректілерді,

^ Көкқұс



2-сурет.

қорғауда рөлі зор. Бұлар - арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа, барыс, мәлін, тас сусары, аккіс, түлкі, борсық, ұзынқұйрықты суыр және мензбир суыры. Батыс Тянь-Шань тауының жоталарында маң-маң басып, марғау қозғалған қоңыр аюларды көргенде бір таңданып қаласың. Негізінен ормандарда тіршілік ететін бұл ірі жануар қорық территориясында ағаш өспеген ашық тау беткейлерін мекендей береді. Жаз айларындағы бұл аюдың сүйсіне жейтін азығы - рауғаш пен сасыр. Тастарды қопарып, олардың арасынан насекомдарды да теріп жейді. Күз айларында жеміс бақтарынан алма, алмұртты жесе, азық құрамында суыр, қарақас, тоқалтістер, де болады. Қорық жеріндегі аю саны едәуір. (3-сурет.)

Қыста бұл хайуанаттар үңгірлерде аз уақытқа ұйқыға кетеді. Басқа жыртқыштардан - қасқыр, қызыл түлкі, сусар, ақкіс және аққалақ сияқты, терісі бағалы аңдар кең тараған. Кейде тау етектерінде қарсақ та көзге түсіп қалады. Қорық территориясында кемірушілерден кең таралғаны - ұзынқұйрықты суыр. Оның үлкен колониясы Қызөлген көлінің төңірегінде, онда 200-250-дей суыр тіршілік етеді. Ақсу-Жабағылы қорығында бауырымен жорғалаушылардан сарықарынды кесіртке, қалқантұмсықты, қарашұбар және сұр жыландар кездесіп қалады. Әсіресе, қалқантұмсықты жылап тас арасында көбірек көрінеді. Қорық территориясынан ағып өтетін кейбір өзендерде қарабалық және талма балықтары тіршілік етеді, бірақ балықтың бұл екі түрінің саны мардымсыз ғана. /20/

Қорықтың болашағы. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы - бүгінде шет ел ғалымдарын да қызықтырып, олардың назарын өзіне аударып отыр. Қазіргі кезде мұнда республикамыздың және одақтас республикалардың бірнеше университеттері мен институттарының қызметкерлері, студенттері ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өндірістік практикаларын өткізуде. Сондай-ақ, қорықты көруге жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен, шет елдерден ғалымдар, арнайы экспедициялар, туристер келіп жатады. Ақсу-Жабағылы қорығын табиғаттың адамға тартқан тамаша сыйы деп бағалай отырып, оның жандана, гүлдене беруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Бұл қорық аңдармен құстардың, өсімдіктердің өсіп-өнуін, даму заңдылықтарын зерттейтін табиғат лабораториясы ретінде ондағы объектілерді зерттеу жұмысы қазіргі өмір талабына сай тереңдей түсуі керек. Келешекте бұл аймақты мекендейтін арқар, аю, марал сияқты кәсіптік маңызы бар хайуанаттардың биологиясын, қорықтың табиғи жағдайына бейімдеуін ғылыми тұрғыдан зерттеуге баса назар аудару керек.

Сондай-ақ саны аз болғандықтан, халықаралық табиғат қорғаудың "Қызыл кітабына" енгізілген көк немесе мензбир суырының мекендейтін қоныстарының барлығы осы қорық меншігіне бөлінгені орынды. Өйткені, бұл бағалы аңның жойылып кету қауіпі бар. Мензбир суырының қазіргі қоныстарын қорық территориясына қосу - оны сақтап, санын арттырудың бірден-бір жолы.

Қоңыр аю



3-сурет.

  1   2   3   4   5



Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан Халықтар Достығы университеті iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан Халықтар Достығы университеті
Тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы»
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан Халықтар Достығы университеті iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақстан Халықтар Достығы университеті Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты
Тақырыбы: «Оқушыларды белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылыққа баулу»
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан Халықтар Достығы университеті iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. О.ӘУезов атындағы оңТҮстік қазақстан мемлекеттік университеті қашықтықтан білім беру институты Агротехнология кафедрасы Мамандығы : 050801 «Агрономия»
Азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. О.ӘУезов атындағы оңТҮстік қазақстан
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан Халықтар Достығы университеті iconФ. 7 007 08 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Бастауыш мектепте филология пәндерін оқытудың теориясы мен
Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан Халықтар Достығы университеті iconФ 7-007-03 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. О.ӘУезов атындағы оңТҮстік қазақстан мемлекеттік университеті агроөнеркәсіптік институты агротехнология кафедрасы
Азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. О.ӘУезов атындағы оңТҮстік қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан Халықтар Достығы университеті iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан педагогикалық университеті отырар институты дипломдық жұмыс Тақырыбы

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан Халықтар Достығы университеті iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институты Тарих факультеті
Тарау. Егемен Қазақстан жағдайындағы Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік мемлекеттік саясат
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан Халықтар Достығы университеті iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінің Шымкент институты Тарих факультеті
Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан Халықтар Достығы университеті iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қарағанды «болашақ» университеті
«Болашақ» университеті 2012 жылы ақпан айының 24-25-ші жұлдызында өтетін «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» тақырыбындағы Халықаралық...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан Халықтар Достығы университеті iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ Ұлттық аграрлық университеті
Еңбекті қорғау
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов