Мазмұны Кіріспе І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру icon

Мазмұны Кіріспе І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру



НазваниеМазмұны Кіріспе І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру
страница1/6
Дата06.05.2013
Размер0.93 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
  1   2   3   4   5   6


Мазмұны





Кіріспе......................................................................................................

3





І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру





1.1.

Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері...............


8

1.2.

Халық педагогикасын насихаттау және дамыту ерекшеліктері.........


14

1.3.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың құралдары мен жолдары....................................................................................................



18




ІІ тарау. Оқушыларға ұлттық киім тігуде эстетикалық және көркемдік талғамды қалыптастырудың негізгі әдістері





2.1.

Оқыту процесінің заңдылықтары және принциптері..........................


24

2.2.

Мектепте эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және олардың ұлттық ерекшеліктері..............................................................................



31

2.3.

Ұлттық ою-өрнектің шығу тахихы және оның киімде орналастыру тәсілдері....................................................................................................



35

2.4.

Оқу шеберханасын ұйымдастыру..........................................................


48




ІІІ тарау. Ұлттық киім тігу барысындағы технологиялық өңдеулер




3.1.

Әйелдердің ұлттық бас киiмдерi.......................................................


56

3.2.

Камзолдардың модельдері және конструкциялық сызбасы...............


62

3.3.

Бұйымды өңдеудегі технологиялық процесс.......................................


67

3.4

Бұйымды дымқылды-жылумен өңдеу технологиясы..........................

73




Қорытынды..............................................................................................

74




Әдебиеттер..................................................................................................

77



Кіріспе

Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақгы ұлттық рухани негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерімен тәрбиелеудің маңызы зор. Әрбір адам өз халқының рухани қазынасы мен оның үлттық мәдениетімен әдет-ғүрпы дәстүрлерімен неғүрлым тереңірек танысуы қажеттігі туындап отыр. Өйткені өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей басқа халықгың өзіне тән белгісін толық түсіну мүмкін емес. Қазақстанда эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықгың сан ғасырлық тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен және мәдениетімен тығыз байланысты. Адамдардың сырт-түрпатында,қарым-қатынастарында, киім-кешегімен үй-жайларында, тіл мен өнер туындыларында эстетикалық мәдениеттің, эстетикалық талғам мен үғымдардың ерекшеліктерімен әдістері көрінетіні даусыз.

Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдері мен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер ететіні мәлім. Қазақ халқы сонау ерте заманнан-ақ күнделікті еңбек қызметінде өзінің қолданбалы өнерін дамытып отырды. Қодданбалы өнерге тән ерекшеліктер: айналадағы ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз байланысты болды. Ұлттық қолданбалы өнердің әлеуметтік-тәрбиелік ролі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік,эстетикалық күндылығымен бағаланбайды, сонымен қатар адамның өз заманына сай талғамын білдіруінен, өткеңдегі

мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан көрінеді. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі отбасыңдағы еңбек тәрбиесінде негізделген. Кәсіп пен өнердің түрлері олар үшін күн-көріс көзі ғана емес, рухани кджеттілік тәрбие қүралы да болған. Отбасындағы еңбек тәрбиесі екі түрлі мақсатта: баланы еңбек етуге қабілет икем дағдысын дамытуға немесе сол негізінде оның бойында халықгық ізгі қасиеттерді дарытуға бағытталған. Балалардың отбасындағы еңбек дағдыларын одан әрі дамытуға елге танымал өнер мен кәсіп шеберлерінің халықгық тәрбиеші ретіндегі тәрбиелеу ықпалы зор болған. Халқымыз тек қана еңбек тәрбиесі емес, әр алуан саладағы тәрбиеге көңіл бөліп, оны алуан жолмен берудегі дағдыға енгізген.

Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына жолдауында "XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлауда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Сондықтанда біз болашақта жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өңдірістері үшін кадр қорын жақсартуымыз қажет деп атап өтіп, барлық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт" деп айтты.

Жұмыстың көкейтестілігі: Қазақстан Республикасының жалпы және кәсіптік білім беретін мектептерге арналған түжырымдамасында "мектептің мақсаты жас ұрпақгы, жастарды ұлттық игіліктермен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның ой-өрістерінің жан-жақгы дамуына жағдай жасау қажет" деп атап көрсетілген.

Бүгінде заман талабына сай жастарды киім тігуге, модельдеуге, пішуге үйретіп, әрі эстетикалық талғамын, көркемдік білім деңгейін көтеру, халық қолөнерінің мұрасын қайта жаңғыртып түрмыста сән құра білуге үйрету маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Қазақстан халықгары ассамблеясының республика азаматтары үндеуінде жастарды ертеңгі күннің өлшемдеріне сай өмір сүруге дағдыландырып, халықгың мәдениетін меңгерген, жаны да, тәні де сұлу адам тәрбиелеуге, жалпы ұлттық сана-сезімі мен ұлтаралық қатынас мәдениетінің биік деңгейіне жете алатындай білім беретін жүйесін қайта құруға бағытталған.

Қазіргі уақытта халықгың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым жоғарылады. Себебі, қоғамның даму барысында мәдени, экономикалық, саяси-жағдайлардың бәрі де үлттық психология мен көзқарастар адамның сана-сезімінің, талғамының дамуына әсер етеді. Ал, тұтынушылардың арта түсуіне байланысты, мода ағымы да үнемі жаңарып отырады.

Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында "Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақгы эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа үйрету, адамзат қоғамында бұрын-сонды жасалмаған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу" — жақгары қарастырылады.

Ал "Еңбекке оқыту және тәрбиелеу" түжырымдамасында "Еңбек негіздерін мектеп жасында қалыптастырмай олардан іскер мамандар шықпайды" — деп окушыларды мектеп қабырғасында тігуге, токуға, бастырмалауға т.б., үйрету жүмыстары бағдарламаларда қамтылған.

Окушыларға үйірме сабақгарында түрақгылық, белсенділік, екпінді еңбек, тапқырлық және жауапкершілік тәрізді қасиеттерді қалыптастыру қажет.

Сабақтан тыс үйірме сабақгарын ұйымдастыру әдістері мен формаларын, мақсаты, міндеті, принциптерін, бірқатар әдіскерлер Д.А.Тхоржевский, А.С.Лында, В.А.Поляков, А.Б.Ставыровский еңбектерінде терең зерттеген.

"Еңбек өнер өрісі, өнер өмір жемісі"-деп халық мәтелі бекер айтылмаған, қазақ халқының үлттық өнерін көптеген академиктер көрсете білген. Мысалы, С.Тәжімұратов, А.Х.Марғұлан, А.Ғ.Алмабекова, С.Қасымов және т.б. Бүлар өз кітаптарын қазақ халқының ою-өрнегі мен сәндік қолданбалы өнерін шығу тегіне арналған. Халық арасынан шыққан дарынды, талантты шеберлердің есімдері халық жағынан да осы уақытқа дейін сақгалған.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде өндіргіш күштердің дамуымен бірге өндірістің әртүрлі салаларывдағы техникалық шығармашылықгың экономикалық және әлеуметтік мәні өсуде, техника мен технологияны алдыңғы қатарлы жетістІБсгерін қолданып, халық шаруашылығын өркендетудің қажеттілігі сезілуде.Осы кездегі қиын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін өсіп келе жатқан ұрпағымыздың білімі мен ойлау қабілетінің деңгейі ғылыми-техникалық прогрестің сұранысына сай болуға тиіс. Болашақ өндіріс мамандары қазіргі техника мен қолданыстағы технологияны ғана емес, сонымен қатар өздерінің қатысуымен келешекте жаңадан пайда болатындарын да үгымды және тез игере алатын болуы керек. Сол себепті, жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы — қоғамымызды қайта құру

жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып саналады.

Е.А.Глинская мен А.К.Наймушин, И.И.Литвин, Я.А.Шахова т.б. өз еңбектерінде тігін тігудің технологиясы, оның ішінде ең негізгі түрлері, түрлі қарапайым бұйымды тігу, адамның өлшемдерін алу, пішу технологиясын модельдеу жолдарын көрсеткен.

Дәстүрлі емес сабақгарды өткізу жайында әдістемешілер мен үстаздардың тәжірибелерінен, мысалы Р.Әлімкүлова, Р.Алпысбаева, Р.ізтілеуов, Д.Төлеубекова, Қ.Қайым, К.Жүнісова т.б. журналдарда беріліп жүр.

Сондықтан оқушыларға қалыңдық киімін тігу барысында ою-өрнектердің орналасуын үйрету барысында біз окушылардың бойындағы әсемдікті түсіну және сезіну, эстетикалық көзқарасқа, ұқьштылыққа, сұлулыққа, іскерлікке, еңбек сүйгіштікке т.б. баулимыз.

Осыған орай біз диплом жұмысымызды «Қалыңдық киіміндегі ою-өрнектердің орналасу ерекшеліктерін үйрету» деп алдық.

Зерттеу жұмысының объектісі:

Технология сабағында ұлттық қалыңдық киімінде ою-өрнектердің қолдану тәсілдері.

Зерттеу жүмысының пәні: Ою-өрнектерді технология сабағында қолдану тәсілдері барысында оқушылардың ептілігі мен дағдысын қалыптастыру жолдары..

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Оқушыларға ұлттық қалыңдық киімін әзірлеуге болады, егерде: үйірме сабағында окушыларға ұлттық киімдерді қолдану мазмұнына қосымша енгізілсе, онда оларды еңбек етуге тәрбиелеу мүмкіндігі артады.

Зерттеудің міндеттері:

  • Технология сабағының теориялық негіздерін анықгау;

  • Ұлттық киімдерді технология сабағында қолдану тәсілдерін
    анықтау;

  • "Киімді конструкциялау мен модельдеу" мамандығы бойынша
    ұлттық қалыңдық киімін технология сабағында қолдану
    тәсілдерінің мазмұнын анықтау.

- Оқушылар қалыңдық киімін жасауда әдістемелік нүсқаулар дайындау.
^ Зерттеу жүмысының практикалық маңыздылығы:

Жалпы білім беретін мектептерде педагогикалық іс-тәжірибеде және технология сабағы барысында пайдалануға болады.

Зерттеудің әдістемелік жаңалығы:

  • Ұлттық қалыңдық киімін сәндеудің қазіргі заман мәдениеті
    талабына сәйкестігі ескерілді;

Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыруға
мүмкіндігі барлығы нақгыланды;


I-тарау Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру

1.1. Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор ролъ атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждапсыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.

Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу – тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.

Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар-құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және саналы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысын, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.

Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономилық мәселелерге әрі тікелей әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Өңдірілген товарлар сапасының әсемдігі тұтынылу жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуында белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.

Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер ету жүзеге асады.

Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.

Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды т.б.

Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде жанама қызметі де бар.

Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді ден берушісі де болады. Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, ол еңбегі тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің процесін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.

Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әртүрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикальгқ көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе - оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салалармен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу - адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін таңымай саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.

Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.

Сонымен эстетикалық тәрбие табиғатты, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.

Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі – эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулр әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанына өте шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.

Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру – эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.

Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным – бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу, яғни жарысы өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші баға – көркемділігін келістіре орындағаны үшін, екінші баға мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады. Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер алқасының танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.

Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілеріне қабылдаумен, не тегінде шығармашылық байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.

Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі – баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика «еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.

Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек. Балалар әдебиетті оқуға кинофильмді, теледидарды, спектакльді көруге, музыканы тыңдауға өте ынталы болады. Әр түрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.

Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбек демалысы эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.

Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті - өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу керек.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - әдебиет және өнер. Олар зор идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдары қуанышқа бөлейді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы (әдебиетте – проза, поэзия; кескіндеме – жанр, баталия, пейзаж; мүсінде – бюст, т.б.; музыкада – симфония, оратория, ән енгізіледі).

Белгілі орыс суретшілері П.А.Федотовтың, В.Г.Пероговтың, И.Е.Рениннің, В.В.Верещагиннің, И.ИШишкиннің, И.Н.Левитанның және қазақ суретшілері Ә.Қастеевтің, М.Кенбаевтың, Қ.Шаяхметовтың т.б. шығармашылығымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.

М.Горький, Н.А.Островский, А.А.Фадеев, М.А.Шолохов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, т.б. еңбектеріндегі адам баласының бақыты және бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады.

Сонымен өнер мен әдебиет шындықты игерудің және танудың құралы. Өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.

Әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарастарды қалыптастыруда зор роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жасаушы шығармашылық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсауы керек.

Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекетімен байланысты екенін көрсетеді. Мәселен өзі шешу мүмкіндігі болғанда ғана оның әрі мінез-құлықтық, әрі әсемдік көңіл-күйі жай табады, тояттайды.

Жемісті еңбектен қанағаттануы, көңілдің жай табуы, эстетикалық сезімі бала үшін көп жағдайда бір нәрсе.

Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық қатынасын дамыту, оны оқудың қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтық әсер алуды қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу қажет.

  1   2   3   4   5   6



Похожие:

Мазмұны Кіріспе І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
Мазмұны Кіріспе І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру iconМазмұны Кіріспе 5 1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Кіріспе 5
Мазмұны Кіріспе І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру iconМазмұны: Кіріспе І бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру

Мазмұны Кіріспе І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру iconМазмұны кіріспе 3 i-тарау
Кіріспе 3
Мазмұны Кіріспе І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру iconМазмұны Кіріспе І тарау. Аминдер

Мазмұны Кіріспе І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру iconМазмұны Кіріспе І – Тарау; Әдебиеттерге шолу

Мазмұны Кіріспе І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы

Мазмұны Кіріспе І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру iconМазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы

Мазмұны Кіріспе І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру iconМазмұны кіріспе І тарау. Тарих толқынындағы көне қалалар

Мазмұны Кіріспе І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру iconМазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов