МазмұНЫ icon

МазмұНЫ



НазваниеМазмұНЫ
страница1/3
Дата06.05.2013
Размер0.65 Mb.
ТипДиплом
скачать >>>
  1   2   3



МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ .........................................................................................................3 б.


1 - ТАРАУ. КӨНЕ ТҮРКІ (ХIII-ХIV ғасыр) ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ.


1.1. Көне қыпшақ жазба ескерткіші «Кодекс куманикус» және оның зерттелу тарихы.......................................................................................................5 б.

1.2. Алтын Орда дәуiрiнде жазылған жазба ескерткіштердің тарихы және зерттелуі..................................................................................................................10б.

1.3. Көне түркі тілдеріндегі есім сөздердің зерттелу жайы.......................17 б.


2 - ТАРАУ. КӨНЕ ТҮРКІ (ХIII-ХIV ғасыр) ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕР ТІЛІНДЕГІ ЕСІМ СӨЗДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ


2.1. Ескерткіштер тіліндегі зат есімнің жасалу жолдары..........................26 б.

2.2. Жазба ескерткіштердегі сын есiмнің жасалу

ерекшеліктері .........................................................................................37 б.

2.3. Жазба ескерткiштердегi сан есiмдердiң жасалу жолдары ........................................................................................................................ 44 б.

2.4. Ескерткіштердегі есімдіктердің жасалуы............................................47 б.


ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................50 б.


^ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................52 б.


ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТЫЛҒАН

АТАУЛАР ....................................................................................................54 б.


КІРІСПЕ


^ Диплом жұмысының өзектілігі. ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер тілін қазіргі қазақ тілімен салыстырып зерттеу және оны әрі қарай дамыту – маңызды міндеттердің бірі.

Әдеби тілдің қалыптасу, даму тарихын жалпы халықтық тілмен, диалектілермен және көне жазба мұралар тілімен байланыстыра зерттеудің маңызды екені ертеден айтылып жүр. Олардың ішінде әдеби тіл тарихының тереңдігін көрсететін бірден - бір айғақ көне жазба ескерткіштеріміз болып табылады. Қазақ тіл білімі саласында осы бағытта Ә.Қайдар, Ә.Құрышжанов, Ә.Ибатов, А.Аманжолов, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов, Б.Қалиұлы, Ә.Төлеуов, М.Серғалиев, Б.Сағындықұлы сынды ғалымдарымыздың ықпалымен біршама жұмыстар атқарылып жүр.

ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба ескерткіштер – біздің заманымызға келіп жеткен жәдігерліктердің бір бөлігі ғана. Орта ғасыр жазба ескерткіштер тіліне қазіргі тіліміздің қаншалықты қатысы бар екенін анықтау негізгі міндеттердің қатарына жатады. Бұл екінші бір жағынан белгілі бір тілдің өзгеру, даму, қалыптасу жолдарын айқындауға да қолғабыс жасайды. Көне түркі тілдері мен қазіргі түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің де өзіндік табиғатын танып, олардың ішкі даму заңдылықтарын ашу барысында тарихи жәдігерліктерді оқып зерттеу – ерекше маңызы бар өзекті мәселе.

^ Диплом жұмысының нысаны. ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер тіліндегі, нақтылап айтқанда, Хорезми «Мухаббат – наме», Құтб «Хұсрау уа Шырын», С.Сарай «Гүлстан бит – түрки», «Кодекс куманикус», Махмуд бин Әли «Нахдж-әл-фарадис» жәдігерліктері нұсқаларындағы есімдер мен орта ғасыр ескерткіштер тілі мен қазақ тіліне ортақ есімдер.

^ Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - ХІІІ - ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер тіліндегі есімдердің морфологиялық жағынан жан – жақты сипаттай отырып, олардың қазіргі қазақ тіліндегі есімдермен сабақтастығын, даму барысындағы өзгерістерін анықтау.

Алға қойған мақсатымызға байланысты мынадай міндеттер туындады:

  • түркітанушылардың пікірлері негізінде есім сөздердің лингвистикалық табиғатын ашу;

  • ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер тілінде кездесетін есім сөздердің лексика – семантикалық, грамматикалық сипаттама беру;

  • есім сөздердің даму, қалыптасу барысын нақты мысалдармен түсіндіріп, дәлелдеу;

  • ескерткіштерге және қазіргі қазақ тіліне ортақ есім сөздердің морфологиялық қатысын анықтау;

^ Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер тіліндегі есім сөздер толығынан қамтылып, тілдік тұрғыдан жан – жақты сипатталды. Зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты талданған нақтылы мысалдар реттелініп, белгілі әдістер бойынша жеке сұрыпталды. ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер мен қазіргі қазақ тіліне ортақ есім сөздердің морфологиялық, мағыналық айырмашылықтары анықталып, айқындалды. Орта ғасыр ескерткіштер тілі мен қазіргі қазақ тілінің сабақтастығы есім категориясы негізінде көрініс тапты.

^ Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Жұмыста диахрондық әдіс, сонымен бірге түрлі мәселелерді анықтау үшін тарихи зерттеуге қосымша ретінде салыстырмалы тарихи әдіс пен сипаттамалы әдіс те пайдаланылған.

^ Диплом жұмысының теориялық және практикалық мәні: Жазба жәдігерліктер мен қазіргі қазақ тіліне ортақ есімдердің фонетикалық, морфологиялық айырмашылықтары ашылып, айқындалды. Ғылыми – зерттеу жұмысының деректерін жоғары оқу орындарында қазақ тілнің тарихи грамматикасын, көне түркі ескерткіштері тілін, орта түркі ескерткіштері тілін, түркі тілдерінің грамматикасын оқытуда, жиілік сөздік жасауда пайдалануға болады. Сонымен бірге филология факультеттерінің студенттеріне арнаулы курс немесе арнайы семинар ретінде оқу бағдарламасына енгізуге болады.

^ Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы екі тараудан, кіріспе мен қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады

І ТАРАУ. КӨНЕ ТҮРКІ (ХIII-ХIV ғасыр) ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ СИПАТТАМАСЫ

І.1. ЕСКІ ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ «КОДЕКС КУМАНИКУС» ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Көне қыпшақ тiлi туралы ең алғаш мәлiмет берген автор – М.Қашқари. Ол өзiнiң белгiлi еңбегiнде қыпшақ тiлiнiң кейбiр грамматикалық ерекшелiктерiн талдап, көптеген лексикалық мысалдар келтiрiп отырады. Қыпшақ тiлiн ол әрдайым атай отырып, заманындағы көп тараған көрнектi тiлдердiң қатарына жатқызады. [1]

^ Кодекс куманикус (Құмандардың кiтабы). Қолжазба осы күнгi Венециядағы Марк әулиенiң шiркеуiнде сақтаулы. Сырты былғарымен қапталған.

Түпнұсқа бiр-ақ дана. Ол 82 парақтан (164 беттен) тұрады. «Кодекстiң» алғашқы бетiнде «1303 жылы 11 июль» деген жазу бар. Бұл, шамасы, қолжазбаның барлық парақтары түгел жиналып, бiр жерге қосып тiгiлген уақыты болу керек. Сонда ол ХIII ғасырдың II жартысында құрастырыла бастап, ХIV ғасырдың басында ғана аяқталған болып шығады. Қолжазбаның жазылған жерi мен жазылу мақсаты туралы мәселенiң түркология ғылымында күнi бүгiнге дейiн басы ашылған емес.

Қолжазба 2 бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмiнде келтiрiлген материалдар: 1. Латынша – парсыша және құманша сөздiк. Сөз тiзiмi латын алфавитiнiң тәртiбiмен берiлген. Әр тiлдiң сөзi жеке – жеке колонкалар арқылы жоғарыдан төмен қарай тiзiлiп келедi. 2. Куман тiлiндегi үстеу сөздер және олардың латын тiлiндегi баламалары. 3. Куман тiлiндегi есiмдер мен есiмдiктердiң септелу үлгiсi және олардағы куман сөздерiнiң латынша аудармалары. 4. Лексикалық мағыналарына қарай 40 топқа бөлiнiп берiлген латынша – парсыша және куманша сөздiк.

Екiншi бөлiмде келтiрiлген материалдар 1. Куманша – немiсше және латынша сөздiк. 2. Куманша жазылған текстер. 3. Латын тiлiнде жазылған куман тiлiнiң қысқаша грамматикалық очеркi. 4. Итальян тiлiнде жазылған өлеңдер. Әдетте, мұны Петрарканың өз қолымен жазылған шығармасы деп есептейдi. 5. Латын тiлiндегi бiр етiстiктiң жiктелу үлгiсi және латын тiлiнде жазылған текстер. 6. Жазылмай бос қалған беттер.

Құрылысына қарағанда, «Кодекстiң» бiрiншi бөлiмi таза практикалық мақсат көздеп жазылған. Ол – тiл үйрену, сол үшiн жарамды оқу құралын жасау. Екiншi бөлiм кумандар арасында христиан дiнiн уағыздау үшiн жазылған да, дiни кiтаптардан әр түрлi үзiндiлер әдейi куман тiлiне аударылып берiлген. Мұнан басқа бұл бөлiмдер жеке сөздер, сөз тiркестерi мен сөйлемдер, 50-ге тарта жұмбақ, дiн басшыларының әмiрi мен iстерi жайында хикаялар бар. Аударманың сөз құрау тәсiлi мен грамматикалық құрылысы кумандардың байырғы тiл ерекшелiгiнен әлдеқайда алшақ жатыр. Сондықтан да сөйлемдерi барынша икемсiз де орашолақ жасалған.

Бiрiншi бөлiм бес түрлi қолтаңбамен жазылған. Оны жазған итальяндықтар болса керек. Екiншi бөлiм (14 түрлi қолтаңбамен жазылған) немiстердiң қолынан шыққан. Осыдан барып, әдетте бiрiншi бөлiмді «итальяндық кодекс» немесе «итальяндық бөлiм», екiншi бөлiмдi «немiс бөлiмi» деп атайды.

Екi бөлiм де готикалық көне шрифтiмен жазылып, бiрде қара, бiрде қара қошқыл бояулы сиялармен өрнектелген.

Қолжазба өте нашар жазылған да, орфографикалық қателерден аяқ алып жүргiсiз. Готикалық алфавит түркi тiлi дыбыстарын таңбалауға келгенде өте бiр дәрменсiз алфавит екендiгiн осы «Кодекс» бетiнде барынша айқын танытты. Оның үстiне қолжазбаны жазушылардың да сауаты төмен болса керек - оп-оңай сөздiң өзiн бұрмалап, барынша былықтырып жiберген. Сондықтан да П.М.Мелиоранский кезiнде «Осы «Кодекстiң» сөзiн оқығаннан бiр нәрсе шыға қоятынына менiң күмәнiм бар» деп жазған едi. Әрине, «Кодекстiң» бұл мәндерi оны оқып-үйрену үшiн көпке дейiн залалын тигiзiп келдi.

Европа бiлiмпаздары (әсiресе, Италия жерiнде кiтапқұмар адамдар) «Кодекс» туралы ертеден берi-ақ хабардар болған. Томазиус деген кiсiнiң жазып кеткен мәлiметiне қарағанда, 1362 жылы Италияның атақты ақыны Ф.Петрарка бұл жазбаны басқа кiтаптармен қоса Венеция республикасына сыйға тартқан. Ұлы ақынның шығыс елдерiн көп аралап, елшiлiк қызметтер атқарғаны мәлiм. Бiрақ «Кодекстi» оның қайдан қолға түсiрiп алғаны осы уақытқа дейiн белгiсiз болып келедi.

Немiс халқының әйгiлi математик ғалымы, философ ойшылы Г.В.Лейбниц - тарих мәселелерiмен де көп шұғылданған адам. Ол тарихи қолжазбаларды жинап, жариялауға зор мән берiп, көңiл аударып отырған. Сол В.Лейбниц «Кодекс» туралы былай деп жазады: «Мен Петрарка кiтаптарының каталогын көрдiм. Ондағы кiтаптардың iшiнде көбiрек көңiл аударғаным «Куман тiлiнiң сөздiгi» болды. Бiрақ мен қанша әуреленсем де, оны оқып, ештеңе шығара алмадым».

«Кодекстiң» I-бөлiмiн ең алғаш француз тiлiне аударып, бастырып шығарған көрнектi ориенталист, синолог, академик Генрих Юлий Клапорт (1783-1835) болды. Ол өзiнiң «Азия туралы зерттеулер» деген диссертациялық жұмысына қоса әңгiме болып отырған қолжазбаны «Ф.Петрарка кiтапханасынан алынған латынша - парсыша - куманша сөздiк» деген атпен жарияланды (Париж, 1828ж).

«Кодекс куманикустi» екiншi рет түгелдей (екi бөлiмiн де) латын тiлiне аударып, 1880 жылы Р.Кун Будапешт қаласында бастырды. Баспа 3 бөлiмнен тұрады. 1. «Алғы сөз» бен үлкен «Кiрiспе» бар. Кiрiспеде кумандардың тарихы, олардың басқа түрлi халық тарихымен (хазарлармен, печенегтермен, массагеттермен, Туран ойпатын жайлайтын тағы басқа тайпалармен, орыстармен қарым-қатынасы, ру – тайпалық құрылысы, тiлдiк (аномастика мен топономика бойынша) ерекшелiктерi, дiни, саяси-әлеуметтiк құрылысы сияқты мәселелер сөз болады. 2. «Кодекстiң» текстерi мен олардың латын тiлiндегi аудармалары келтiрiлген. 3. Куманша - латынша (2838 сөз), парсыша-латынша, немiсше-латынша сөздiктерге арналған. Оның үстiне, баспада қосымшалар, түзетулер және әдебиет көрсеткiштерi де бар.

Г.Кун баспасы түпнұсқасының әрi дәл, әрi толық көшiрмесi тәрiздi. Онда әр сөз латын алфавитiмен қайта таңбаланып, латын тiлiне аударылып берiлген. Көптеген сөздер басқа түркi тiлдерiндегi (әсiресе, шағатай, ұйғыр, татар тiлдерiндегi) өзi тектес сөздермен салыстырыла қаралып отырады.

Г. Кун баспасының маңызы – бұрын жарық көрмеген «Кодекстiң» екiншi бөлiмiн басып шығарып, «Кодекстiң» Г.Ю. Клапрот айтқандай сөздiктен ғана емес, екi бөлiмнен тұратын қолжазба екендiгiн әйгiлi еткендiгi, сондай-ақ ол «Кодекстi» халықаралық ғылым тiлi болып саналатын латын тiлiне аударып, оның даңқын барлық әлемге жаюы. Латын тiлi мен немiс тiлiн жақсы бiлетiн болғандықтан Г.Кун көптеген куман сөздерiнiң өзiндiк қиын аудармаларын анықтап бердi. «Кодекс» тiлi туралы оның осы баспасы бойынша бiрсыпыра пiкiрлер айтылып, еңбектер жазылды.

«Кодекс куманикус» үшiншi рет В. В. Радловтың аудармасымен Санк-Петербургте басылып шықты (1887). Бiрақ бұл толық аударма емес: Р. Кун баспасының әр жерiнен бiр үзiндi алған да, оны орыс алфавитiнiң үлгiсiмен транскрипциялап, немiс тiлiне аударып берген. Бұл басылымның мазмұны мынадай:

  1. Алғы сөз. Онда куман тiлiнде келтiрiлген 15 жұмбақ талданады.

  2. Куманша-немiсше сөздiк (2217 сөз)

  3. Жеке сөйлемдер мен сөз тiркестерi.

  4. Куман текстерi мен олардың аудармалары.

  5. Сөз тiзiмi (3024 сөз).

  6. Түзетулер (33 сөз)

Орыс жазуының негiзiнде жасалғандықтан, В.В.Радлов транскрипциясы қазiргi оқушылар пайдалану үшiн қолайлы-ақ. Бiрақ бiраз сөздердiң грамматикалық тұлғасы мен семантикалық аудармалары көп жерде-ақ көңiлден шықпай жатады. Әсiресе, В. В. Радловтың Куман тiлiнде ц дыбысы бар деп тануы барлық жерде ч дыбысының орнына ц жазып қолдануы дұрыс емес едi. 1936 жылы Дания ғалымы К.Гренбек қолжазбаларының түпнұсқасын басып шығарды. Бұл «Кодекстiң» 4 рет басылуы едi. Мұны өзi ескерткiштiң кейiнгi зерттеушiлерiне түпнұсқамен жұмыс iстеуге мүмкiндiк туғызып, кейбiр сөздiң дұрыс - бұрыстығы туралы осыған дейiн болып отырған айтыс – тартыстан құтқарды.

«Кодекс куманикустың» соңғы, бесiншi баспасы да К.Гренбектiң қолынан жарық көрдi. Ол куманша-немiсше сөздiк есебiнде арнаулы алғы сөзiмен қоса жарияланды (1942 жылы, Копенгаген, 2728 сөз). Онда алғы сөзден басқа куман сөздерiнiң орфографиясы мен орфограммасы куман тiлiндегi дыбыстардың айтылуы ерекшелiктерi, сөз жасау тәсiлдерi жайында бiрқыдыру әңгiме болады. Мұндағы куман сөздерi латын әрiптерiнiң негiзiнде жасалған ғылыми транскрипциялық жүйемен берiлген. Әр сөздiң түпнұсқасы қолжазба бойынша дәл көрсетiп отырылды. Сөйтiп, К.Гренбек баспасының арқасында куман сөздерiнiң оқылу принциптерi бiр iзге түсiп, көп жеңiлдiк тапты. Аударма жағы да ойдағыдай жақсартыла түстi.

Куман тiлiн зерттеу жұмыстарының iшiндегi аса бiр бағалы еңбек – В.В.Радловтың «Куман тiлi туралы» деген кiтабы. Ол «Кодекстiң» Р.Кун басып, фонетикалық құрылымын зерттеп, «Кодекстiң» орфография ережелерiнен ауытқып жазылған жерлерiн анықтау – осы еңбектiң өз алдына қойған негiзгi мiндетi болып табылады.

Ескі қыпшақ тілінің ең іргелісі де, сүбелісі де, готикалық көне курсивпен жазылған қолжазба «Кодекс куманикус» («Қыпшақтардың кітабы») еді. Бұл жазба жадыгерліктің тілін зерттеу Ә.Құрышжанұлының зерттеу еңбектерінен басталады. «Кодекс куманикустың» өзі мен оның тілдік ерекшеліктері туралы Ә.Құрышжанұлы бірқатар еңбектер жазып шығарды. Мысалы, «К изучению куманских загадок» (1960); «Арабо – персидские элементы в куманском языке» (на материале лексики); «К вопросу об уйгурской письменности куманов» (1962); «О графике одного слова в памятнике куманского языка «Кодекс куманикус» //Эпиграфика Востока (М., 1963); «Көне қыпшақ тіліндегі ай, күн аттары» (1969); «К истории изучения разговорной речи кипчаков ХІІІ-ХІV вв.» (1970); «К истории изучения куманского языка» (1972); «О замечаниях редакторов на полях рукописи «Кодекс куманикус» (1974); «Куманша-қазақша жиілік сөздік» (А.Жұбановпен және А.Белботаевпен бірге); «К изучению лексики «Кодекс куманикус» (1981); «Кодекс куманикус» // Қазақ тілі. Энциклопедия, 1998; «Түркістан». Энциклопедия, 2000; «Кодекс куманикус» - қазақ әдеби тілінің лексикографикалық арнасы» (1989), т.б.

Ескі қыпшақ тілінің жазба жадыгерліктері, біз айтып өткендей, тек қана «Кодекс куманикуспен» ғана шектелмейді. Біз жоғарыда әдейі атап көрсеттік, қыпшақ тілін оқып – үйренудің жазылып қалған көздері толып жатыр, ол туралы Ә.Құрышжанұлының «Көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштер» деген еңбегінде тиісті мәліметтер келтірілген [2,44-65]. [2,44-65]

Ә.Құрышжанұлы ескі түркі жазба ескерткіштерін қазақ тіліне тәржімалап, қалың қауым оқушылар үшін олардың барынша ұғымды болуын көздеп жүр. Ә.Құрышжанұлы көне түркі жазба ескрткіштерін және олардың тілін зерттеу саласында ең алғашқы жол бастаушы. Қазіргі қазақ тілінің жасалу, қалыптасу, өсу-өрбу, даму-жетілу, өзгеру-шарықтау, байи түсу және құнарлану, т.б. жолдарын танып-білу үшін, Н.Т.Сауранбаев айтқандай, ескі қыпшақ тілінде жазылып қалған мұралардың тілін зерттеу, әрине, қажет-ақ, өйткені, «...племена кипчаков можно считать предками казахского народа» [3].


І.2. АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ

«Гулистан бит-түрки» (Гулстанның түркiшесi). Қолжазба-372 бет. Әр бетте 13 жолдан жазу бар. Өте сұлу каллиграфиялық жазумен, сириялық қаракөк жiбек қағазға жазылған. Қолтаңба автордың өзiнiкi болса керек. Ол қазiр Лейден (Голландия) кiтапханасында сақтаулы. Авторы - Сейф Сараий.

«Гулистан» жазбасы туралы алғаш хабарлаған – венгер ғалымы Тори Иозеф (1915 ж). Жазбаның ең алғаш фотокөшiрмесi мен оның түрiкше аудармасын басып шығарған дәрiгер проф. Ф. Н. Узлук (1945 ж).

Еңбек – Шығыстық атышулы жетi ақынның бiрi Сағдидiң қаламынан туып, парсы тiлiнде жазылған «Гулистан» поэмасының еркiн аудармасы. Аударма өлеңдер арагiдiк автордың қолтума шығармаларымен аралас келiп отырады. Мысалы: Шығарманың басында (3 б.) қолжазбаны Сараий қаласында шыққан Сейф ақынның Египет өңiрiн билеп тұрған Тейхасбек әмiрге арнап жазғандығы туралы әңгiме болады. Сонан соң аударма басталады. Бiрақ көп ұзамай аудармашы өзiнiң көктем көрiнiстерiн суреттейтiн лирикалық өлеңдерiн келтiрiп өтедi. Одан әрi бiрқыдыру аудармадан соң, автор тағы да өзiнiң «Гүлистанды» аудару себебi жайында 87 түрлi бәйiт жазып түсiндiредi. Сонымен, еңбектiң аударма жағы 355 - бетпен аяқталады. Қалған беттерi автордың өз өлеңдерiне арналған. Автор өлеңдерiнiң негiзгi мазмұны – ақыл айту мен кеңес беру, өмiр жайлы өзiнiң ойларын жырлау.

«Гүлистанның» еркiн аударма екендiгiн мынадан да көруге болады: аудармашы кейде өлеңмен аударса, ендi бiрде жанынан сөз қосып, ұзартып отырған; кейде бiр үзiндiлердiң мазмұнын ғана терiп айтса, кейде iле-шала бұлжытпай жолма-жол аударған. Осындай ерекшелiктерiне байланысты «Гүлистан» бiр жағынан еркiн аударма болса, екiншi жағынан ол Алтын Орда жұртшылығынан шыққан ақынның қолтума шығармалары жазылған еңбек ретiнде де қаралуы тиiс.

«Гүлистан» жазбасында тек Сейф Сараий ақынның ғана емес, оның үстiне сол кездегi Египет өңiрiн жайлаған көптеген басқа ақын-шайырлардың ғазалдары бар. Мысалы: жазбаның 1 бетiнде түркi мен парсы тiлiнде жазылған жетi ауыз өлең бар (оларды бiрнеше ақын жазған, қолтаңбалары да әр түрлi). Олардың бiреуi «Гүлистан» аудармасының авторынікі. Жазбаның соңындағы 8 ғазалды түркi халықтарының сол кездегi белгiлi 8 ақыны жазған. Оның бiрi - әйгiлi «Мухаббат-наменiң» авторы Хорезми. Ғазалдардың бәрiне де С.Сараий өзiнше жауап жазып қалдырған. Одан әрi автордың бiрнеше басқа ғазалдары мен рубаяттары келтiрiлген.

Мамлюк түрiктерiнiң негiзгi ұйтқысы қыпшақтар болғанымен, олардың қарамағындағы тайпалар «қырық қылаудан құралған», ала-құла халық болатын. Алтын Орда мемлекетiнiң этникалық құрамы да осы iспеттес едi. Аударма тiлiндегi кейбiр сөздердiң фонетикалық жағынан бiр емес, бiрнеше вариантта жазылып қалғаны да осыдан. «Гулистан» шығармасын жан-жақты толық зерттеген профессор Ә.Наджип оны қыпшақша да, оғызша да қолдана беретiн, немесе осы екi тiлдiң элементтерi қосылып қолданылатын әдеби тiлде (екi тiл негiзiнде жасалған әдеби тiлде) жазылған деп ұйғарады. Ол әдеби тiл, Ә.Наджиптiң ойынша, Алтын Орда хандығы мен Египет мемлекетiне де ортақ болған .

Қолжазбаның жазылып бiткен кезiнде Сейф Сарайы 70 жаста екен. Сонда ол 1323 жылы туған. Алтын Орданы Өзбек хан билеп тұрған кезде, өмiрiнiң соңғы жылдарын сонда өткiзген. Ол шебер жазатын дарынды ақын, көп оқыған бiлiмдар, әйгiлi де атақты адам болған (38-40 беттер).

ХIV ғасырларда Алтын Орда жерiнде, Орта Азияда, Мысырда аралас жазба тiлi қалыптасып, осы аралас тiлдегi әдебиет айтарлықтай дәрежеде дамыды. Орта ғасыр әдебиетiнен кеңiнен орын алатын шығарманың бiрi – қыпшақ тiршiлiгiн сипаттайтын «Мухаббат-наме» дастаны. Қазақ тiлiнiң бастау көзi ретiнде көнеден қалған жәдiгерлiктердiң бiрi – Хорезмидiң «Мухаббат-наме» дастаны. Бұл Алтын Орда дәуiрiнде дүниеге келген мұралардың бiрi.

ХIII-ХIV ғасырда жазылған ескi қыпшақ тiлiнiң жазба ескерткiшi «Мухаббат-наме» дастаны түркология ғылымында кеңiнен танымал. Ол орта ғасыр дәуiрiндегi қыпшақ тiлiн бейнелейтiн бiрден – бiр бағалы ескерткiш. «Мухаббат-наме»- көне дәуiрдегi жазба ескерткiштердiң iшiндегi ең iрi әрi мәндi, қызғылықты дастан.

Дастанның 1353 жылы Сыр бойында жазылғаны шығарманың өзiнде айтылғанымен, оның авторы туралы нақты деректер күнi бүгiнге дейiн табылған жоқ. Бұл оның туған немесе көптеген жылдар тұрған қаласына байланысты аталған болуы мүмкiн. Ал шығарманың соңында «Сүйүнсүн бәндә Хорезми – Рәвәни» (439) дегендегi Рәванидi орта ғасыр жазба ескерткiштерiнен зерттегенде зор еңбек сiңiрген ғалым Ә.Наджип Хорезмидiң екiншi лақап аты деп көрсетедi 4,120. Шындығында, бұл – қате пiкiр. Ғалым шығарма мәтiнiн дұрыс түсiнбеген. Ә.Наджиптен өзге зерттеушiлер мұны кезiнде дәлелдеген.

Қолда бар деректерге қарағанда «Мухаббат-наме»-авторы өз заманының дүлдүл ақыны болғаны белгiлi. Өзбек халқының атақты ақыны Ә.Науай тiл мәселесi жайлы «Мухаммат әл-лүғатаин» деген атақты еңбегiнде «Мен» деген сөзге байланысты «Мухаббат – наменiң» 5 бәйiтiн еш өзгерiссiз келтiрген.

Ал профессор Ә. Наджиптiң «О новонайденных арабо – письменных списках «Мухаббат – наме» Хорезми» деген мақаласындағы үзiндiге зер салсақ, Ходжанди мен Хорезмидiң арасындағы тамаша өнер байланысын байқаймыз.

«Если бы мои слова узнал поэт,

Откуда всякому невежде знать цену жемчуга,

Если бы слова Ходжанди бедняге Хорезми услышал,

То с изумлением сказал бы “Браво» 5,96.

Хорезмидiң ең үздiк ақын болғанын дастанды әдеби тұрғыдан сөз еткен ғалымдарымыздың бiрi, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Қыраубаева бiрнеше нақты тұжырымдармен дәлелдедi.

Дастан сол дәуiрдегi әдеби шығармалар секiлдi алдымен тәңiрге сыйынудан, құдай мен пайғамбарларға мақтау айтудан басталған. Содан кейiн ғана ақын өзiнiң Мұхаммед пайғамбармен қалай кездескенiн, оның өтiнiшi бойынша «Мухаббат-наменi» жазбақшы екендiгiн баяндап, Мұхаммед-Қожабектi мақтаған толғау, ғазалмен жалғастырады. Мұнан кейiн ғашық жiгiттiң сүйген қызына арнаған хаттары (әрбiр хаттан кейiн мәснауи, ғазал келiп отырады) және шағын әңгiмеден тұратын сүйiспеншiлiк дастан басталады. Ақынның толғауды ұзақ кіріспеден кейін ғана бастауы 102 бәйітте аяқталады.

Дастанды зерттеушілердің пікірінше, Мұхаммед - Қожабек Өзбек ханның (1312-1341ж.) тұсында Азакты билеген . Кей зерттеушілер Мұхаммед- Қожабек Қатлұғ Темірдің (1349 – 1356) билік құрған інісі екенін, музыка мен поэзияны қадірлеген өзі де ақын болған кісі екенін айтады [6,223]. Осы деректерге қарағанда, Мұхаммед - Қожабек Алтын Орданың атақты әміршілерінің бірі болғанға ұқсайды.

Бiздiң дәуiрiмiзге «Мухаббат-наменiң» төрт түрлi көшiрмесi жетiп отыр. Ең алғашқысын 1432 жылы, яғни жазба ескерткiштiң жазылғанынан кейiн 79 жыл кейiн Мансур бахшы көшiрген. Бұл көшiрме Махрух ханның Гераттағы әскери қолбасшысы Мир Джалаладдинге (1407 – 1444 ж.ж.) арналыпты. Елге танылған көркем туындыны қайта көшiрiп, бiр – бiрiне сыйға тарту ол кезде iрi қолбасшылар арасындағы жақсы үрдiс едi. Осылайша көшiрiлiп, бiздiң дәуiрiмiзге келiп жеткен «Мухаббат-наменiң» бұл қолжазбасы ғылыми жұртшылыққа алғаш таныстырған академик В.В.Бартольд болды. Ол Британ музейiндегi әр алуан шығармалар жинағы секiлдi үлкен бiр қолжазбадан «Мухаббат-наменiң» бұрын ғылымға танылмаған жаңа бiр көшiрмесiн тапқаны жайлы Бүкiлроссиялық ғылым академиясының доктарларына 1924 жылы жариялады. Бұл жаңалық ғалымдар назарын тез аударып, дастанды қызыға зерттеушiлер қатары көбейе түстi.

«Мухаббат – наменiң» бұл қолжазбасы хронологиялық тәртiп бойынша алғашқы көшiрме болғанымен, ол дастанның толық варианты емес, мұның парсы тiлiнде жазылған хаттар мен түркi тiлiнде жазылған 53 бәйiт қалып қойған. Бұған қарағанда көп уақыт кейiнiрек көшiрiлген араб қолжазбасы осы күнге дейiн дастанды зерттеушi, аударушы ғалымдар мен аудармашының негiзгi зерттеу нысаны болып келедi. Қолжазбаның көлемi 24 парақ. Ұйғыр жазулы көшiрмемен екеуi Лондондағы Британ музейiнде сақтаулы.

А.Н.Самойлович байқаған осы әдеби тiлдi түркi жазба ескерткiштерiн кеңiнен зерттеп жүрген түрколог ғалымдар Ә. Құрышжанов пен Ә. Ибатов «орта түркiлiк жазба әдеби тiл» – деп атады 7,111.

«Мухаббат-наменiң» қазақ тiлiне қатысын ең алғаш байқап, оның зерттелуiне өз үлесiн қосқан ғалым Ә.Қоңыратбаев болды. Ол 1945-1946 жылдары Өзбекстанда болған уақытында «Мухаббат–наменiң» Ташкент кiтапханасында сақталған фотосуретiн қолмен көшiрiп Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кiтапханасына тапсырған. Бұл қолжазба кiтапхананың сирек кездесетiн кiтаптар қорында сақтаулы тұр. Ғалым өз пiкiрiн көшiрмесiнiң соңында «Мухаббат-наме туралы» деп атап, жеке берген 8,54. Бұнда ескерткiштiң Британ музейiндегi қолжазбалары мен сол уақытқа дейiн зерттеген ғалымдар пiкiрлерiне тоқтала келiп, көркем туындының жазылған жерiн Сығанақ қаласы деп болжайды. Ортағасырлық Сыр бойының қалаларының iшiндегi Сығанақ саяси-эканомикалық жағдайы жоғары, күмiс, мыс, ақша даудасы қалыптасқан қорғаныстың күшi дамыған бекiнiстi қала болғаны тарихшылар тарапынан дәлелдену үстiнде.

Түркi тiлдерiнiң iшiнде өзбек, қазақ тiлдерiне толық аударылған. Қазақша аудармасы араб көшiрмесi бойынша жасалынған. Бұл еңбектi қазақ тiлiне аударған А. Қыраубаева.

«Мухаббат-наме» дастаны 946 жол, яғни 473 бәйiттен тұрады. «Мухаббат-наме» дастаны екi тiлде жазылған. Барлығы он бiр арнау өлеңнен тұратын ғашықтық дастанның үш тарауы парсыша, сегiз тарауы – түркi тiлiнде жазылған. Қазіргі кезде жазба ескерткіштердің тілін зерттеу негізгі нысанаға алынып отыр.

ХIII-ХIV ғасыр әдебиетiнен ерекше орын алатын ескерткiштердiң бiрi – «Нахдж-әл-фарадис» деп аталады. Жинаушы-тiзушi Махмуд бин Әли. Бұл дастан дiни дидактикалық аңыздар жинағы. Кiтап 1358 жылы Сарай қаласында жазылған. Әлидiң «Нахдж-әл-фарадис» (Жұмақтың ашық жолы) ескерткiшiнiң бiзге бiрнеше жазбасы жеткен. Бiрi Туркияда, екiншiсi Қырымда, қалғаны қазiргi Татарстан жерiнде сақталған.

20 жылдардың соңына қарай бiз зерттеп отырған жазба ескерткiштiң бiрнеше үлгiсi пайда болады. Олар: Стамбулдық, Ялтиндiк, Казындық, Готвальдтық және Казан мемлекеттiк педагогикалық университетiнде сақтаулы тұрған үлгiсi.

«Нахдж - әл - фарадис» түгел төрт тараудан тұрады. Қырым жазбасы алғашқы екi тарауын ғана жеткiзген.

I тарау – түгел дерлiк пайғамбардың өмiрiн баяндайды. Бұл тарау он бөлiктен тұрады. II тарау – алғашқы төрт халифтiң өмiрбаяндық және тарихи деректерiн бередi.

III тарауда – құдайға жарасымды жайлар баяндалған.

IV тарауы ақыл – нақылға құрылған.

Әлидiң «Нахдж - әл – фарадис» дастаны қыпшақтар тiлiн қолданған көне түркi тiлдi әдебиеттегi ең елеулi жазба ескерткiштердiң бiрi.

Орта ғасыр әдебиетiнен орын алатын елеулi еңбектiң бiрi - Құтыптың «Хусрау уа Шырын» дастаны. «Хусрау уа Шырын» поэмасы - ХIV ғасырда Алтын Орда топырағында пайда болған көркем әдеби мұралардың ішіндегі ең құнды ескерткіштердің бірі. Бұл поэманы алғаш зерттеуші ғалымдардың бірінен саналатын поляк ғалымы А.Зайончковский оны ерекше көңіл бөлетін әдеби мұра деп бағалаған болатын. Ғалым ұзақ жылдар бойы ескерткіш тексін алуан түрлі зерттеуге алып, оны парсы тіліндегі Низами нұсқасының 1958 жылғы көшiрмесімен салыстыру жұмысын мұқият жүргізген, 1961 жылы сөздiгiн бастырып шығарады. Поляк, немiс тiлдерiнде бiрнеше мақалалар жарияланып, оның лексика – морфологиялық ерекшелiктерiн зерттедi. Бұл еңбектiң қазiргi таңда маңызы зор.

Белгілі кеңес түркітанушысы Э.Н.Наджип парсы тіліндегі «Хусрау уа Шырын» шығармасымен түркі тіліндегі нұсқаның өзек арқауы бір екенін анықтай келіп, түркі тіліндегі ескерткішті жартылай оригиналды дербес роман деп таныған.

Біз Құтыптың «Хусрау уа Шырын» поэмасы Низамидің парсы тілінде жазылған осы аттас поэмасынан түркі тіліне сол күйі қайталанған, жолма - жол және сөзбе – сөз аударма емес, Низамидің композициясы мен сюжетін толық сақтай отырып, еркін және творчестволық жолмен, өз елінің өмір жағдайына сәйкестеп, өз халқының түсінігі мен дағды - дәстүріне лайықтап барып жасалған аударма деген пікірге қосыламыз.

Қолжазба жалғыз дана. Париждiң ұлттық кiтапханасында сақтаулы. Еңбек 1342 жылы өзбек ханның үлкен баласы Тыныбек пен Хан Малик Хатун ханшаға арналып жазылған. Қазiргi әңгiме болып жүрген «Хусрау уа Шырын» 1383 жылы Берке Факих жасаған осы түпнұсқаның көшiрмесi. Оның көшірмесі 785 жылы сафар айында (жаңаша 1385 жылы көкек айында) жазылған. Қолжазбаның мазмұны

а) Кiрiспе (еңбектiң жазылу себебi, арнау өлеңдер),

ә) Хұсрау мен Шырын,

б) Фархад пен Шырын. Негiзгi бөлiмде (соңғы екi бөлiмде) екi жас арасындағы сүйiспеншiлiк пен махаббат жырланады.

ХХ ғасырдың ортасына қарай бұл ескерткішке ғалымдар жете көңіл аудара бастады.

  1   2   3



Похожие:

МазмұНЫ iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
МазмұНЫ iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
МазмұНЫ iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
МазмұНЫ iconМазмұны Кіріспе i-бөлім. Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады. Ең үлкен пайданы...
МазмұНЫ iconҚазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны туралы қазақша ашық сабақ
Білімділік: Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны туралы мағлұмат беру
МазмұНЫ iconМазмұны кіріспе

МазмұНЫ iconМазмұны. Кіріспе

МазмұНЫ iconМазмұны кіріспе

МазмұНЫ iconРет № Теориялық бөлімінің мазмұны

МазмұНЫ iconМазмұны Кіріспе І тарау. Аминдер

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов