Кіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың icon

Кіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың



НазваниеКіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың
страница3/4
Дата21.02.2014
Размер0.97 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4
II - Тарау^ . Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық і-

әрекетке баулудың жолдары

2.1 Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулудың технологиясы

Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдары мен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, соңғы нәтиже оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Егер, мектеп-өскелең ұрпаққа жинақталған тәжірибе беру бойынша міндеттерді нәтижелі шешетін болса үздіксіз білім беру идеясы қазіргі заманғы жағдайда іске асуы мүмкін. Өскелең ұрпаққа тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және окушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді менгеруі кажет: ана тілін, ғылым тілін және технология.

"Технология" ұғымының мәнін өндірістік процестерге байланысты П.Р. Атутов пен В.А. Поляков "Технология (технологиялық процесс) - өндірістік процестің негізгі бөлігі. Осындай мәнде өндіру, өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау және т. б., өндірісті техникалық бақылау, сондай-ақ өндірістік процестерді сипаттауды және оларды орындау бойынша нұсқауды технология ...." деп айта келе, шикізатты алу, өңдеу және қайта өңдеу тәсілдері мен амалдарын даярлайтын және жетілдіретін ғылыми пәнді технология деп атайтынын жазды.

Педагогикалық іс -әрекет саласында “Технология” деген сөздікті енгізу “индустриялдық” технология (Ф.Б. Гильбрейт, Ф.У. Тейлор және т.б) деген идеаға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау технологиясын, мұғалім мен оқушылардың іс -әрекетін (Т.А. Ильина) ұйымдастыруға, сонымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптер мен әдістерін анықтауға бағытталған.

Педагогикалық технологияға берілген анықтамалар бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы (В.П. Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі) оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс -әрекеттің моделі (В.М. Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адаммен ортаның өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындылау (Г.К. Селевко) В.А. Сластениннің ойы бойынша педагогикалық технология деген: ол қатаң ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету.

Жалпы педагогикалық технологияның тереңдік мағынасы төмендегідей болып табылады.

Біріншіден, педагогикалық технология тәжірибе жүзінде бұрынғы педагогикалық экспериментті жоққа шығарып, оны алдын- ала жобаланған оқу -тәрбие процесс жолына аударады, кейін бұл жобаның сыныпта жүзеге асырылуын камтамасыз етеді. Бұл дидактикалық (тәрбие) түсініктеме тілдерінде мүмкін болып табылады.

Екіншіден, бұрынғы мұғалімдерге арналған сабақ жоспарларынан өзгеше, педагогикалық технология окушының өзіндік жұмыс мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесіндегі жоба ұсынады, яғни бұл оқу-танымдық жұмыс жобалануы кез-келген оқушылар санын жоғарғы тұрақты табысқа жетуге болады дегенді білдіреді.

Үшіншіден, педагогикалық технологияның айшықты қасиеті - мақсат білімділік процесі. Бұл педагогикалық технологияның негізгі мәселесі дәстүрлі педагогикадан басты айырмашылығы. Ол екі қырынан талқыланады:

- мақсат білімділіктің болжамы және окушылардың оқу

бағдарламасын сапалы меңгеруін объективті бақылау;

- жалпы тұлғаның дамуы.

Төртіншіден, педагогикалық технологияны нақты педагогикалық жүйе жобасы ретінде білу арқасында оның маңызды қағидаларының бірі - бүкіл оқу-тәрбие процесінің тұтастық қағидасын (құрылымдық және мазмұндық) тұжырымдауға болады. Тұтастық қағидасы педагогикалық жүйенің аралық элементтерінің үйлесімділігі.

1 кесте

^ Педагогикалық технологиялардың мәні

Эксперт немесе жұмыстың атауы

^ Педагогикалық технология түсініктемесінің мағыналы мәні

1

2

Т. Сакамото (Жапония)

Ойлауды жүйелі тәсіл негізінде жүйелеп оқыту.

Л.Фридман, Пальчевский (Ресей)

Педагогикалық жүйені жүзеге асырудағы оқу ситуациясының жиынтығы.

Н-Таланчук (Ресей)

Алдағы қойылған мақсаттарға қол жеткізетін іс-әрекеттердің реттік жүйесі.

Білім беру және оқыту технологиясы бойынша Халықаралық жылнама, 1978 ж.

А. Білім беру процесін оңтайландыру принциптері мен тәсілдерін бөліп алу.

Б. Оқытудың техникалық құралдарын пайдалану.

"Білім берудегі жаңа құндылықтар" жобасы, РБА

Педагогикалық жаңалықтар институты, 1995 ж.

Басты білім беру мақсатымен біріктірілген оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың міндеттері мен мазмұны, формалары мен әдістері, өзара байланысты тұжырымдалған тәсілдер мен әдістердің күрделі және ашық жүйесі.


Білім беру процесінің түйінді стратегиясы оның айқын құрылымын болжайды және төмендегідей әрекет реттілігін ұсынады:

Бірінші кезең - оқушының бақыланған іс-әрекетінің жинағы түрінде қажет етілген үлгі негізінде оқытуды жоспарлау.

Екінші кезең - бақыланатын әрекеттердің бастапқы деңгейін анықтау - диагностикалау. Оқушылардың қандай білім алғанын, одан ары танымдық ілгерілеуін жобамен емес әрқайсысын жеке -жеке тексеру.

Үшінші кезең - рецептуралық: оның құрылымында бағдарламалық оқытудың нәтижесі немесе іс-әрекеттің дамуы қарастырылады.М.Чошанов отандық және шет елдік авторлардың педагогикалық технологияларының белгілерін талдай келе:

- диагностикалық мақсаттылық және нәтижелілік оқыту процесінің мақсаты мен тиімділігіне жетуге кепілдік береді; .

- экономикалылығы -оқу уақытының қорын қамтамасыз етеді, мұғалім еңбегін оңтайландырады және аз уақыт ішінде жоспарланған нәтижеге қол жеткізеді;

- түзетушілігі- оперативтік кері байланыстың дұрыс, нақты мақсаттарға бағыт беру мүмкіндігі болатынын көрсетеді.

М.Чошанов "Оқытудың технологиясы" және "әдістемелік жүйе" түсінігін айқындай келе, әрбір ерекшеліктер әрбір белгінің көрсетілуінен тұратынын атап көрсетеді. Егер педагогикалық технологияда бұл белгілер неғұрлым көрнекті түрде көрініс берсе, онда олар педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік жүйелерге көрнекті көрсетілуі немесе көрсетілмеуі, не мүлдем көрсетілмеуі де мүмкін. Тағы да бір ерекшелік педагогикалық технологияда педагогикалық және дидактикалық, әдістемелік жүйелерде қатысатын мазмұнды компоненттер оларда көрсетілмеген. Педагогикалық технология немесе оқытудың технологиясы дидактикалық және әдістемелік жүйенің негізгі (процесуалды) бөлігі болып табылады. Мысалы, әдістемелік жүйе мынадай міндеттерді шешуге бағытталған болса:

1. Нені оқыту керек?

2. He үшін оқыту керек?

3. Қалай оқыту керек?

- ол кезде оқыту технологиясы ең алдымен үшінші сұраққа бір ғана

толықтырумен жауап береді.

4. Қалай нәтижелі етіп оқыту керек?

Б.Қуанбаева өзінің зерттеуінде әдістемелік жүйені технологиялық негізде жетілдіруді төмендегідей дидактикалық талаптарының орындалу негізін белгілейді:

а) оқытудың мақсаты диагностикалық операционалды анықтауы тиіс, яғни иерархиялық тізбек түрінде берілген мақсаттар таксономиясы құрылуы қажет;

ә) білім мазмұны мақсаттар таксономиясына сәйкес анықталып, оны анықтау принциптері ізгілендіру тұрғысында қайта қаралуы қажет

б) оқытудың белсенді әдістерін басым түрде пайдаланып, оқыту әдістерінің басты аспектілерін ескерілген үш деңгейлі моделі құрылып, кеңінен пайдалануы қажет;

в) оқытудың формасы оқушының жеке даму траекториясын, сондай-ақ педагогикалық жағдаяттарға сәйкес жеке, жұптық және топтық формалардың тиімді үйлесуін қамтамасыз ететіндей түрде жетілдіруі тиіс;

Оқыту құралдарын жетілдіру компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды олардың дидактикалық мүмкіндіктері нақгы анықталып, дәстүрлі құралдармен үйлесімді бірге пайдалануға бағытталуы қаужет.

Қазіргі таңда көптеген жаңа педагогикалық технологиялар оқу-тәрбие процесінде басшылыққа алынуда (ақпараттық, проблемалық, дамыта-оқыту, т.б.).

Педагогикалық технология оқу үрдісімен - мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрамына Ш.Таубаева мыналар енетінін атап көрсетеді:

А) тұжырымдық негізі.

Ә) оқыту мазмұндық бөлімі:

- оқытудың нақты және жалпы мақсаты;

- оқу материалының мазмұны.

Б) үрдістік бөлім-технологиялық процесс:

- оқу үрдісін ұйымдастыру;

- оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;

- мұғалім жұмысының әдістері мен формалары;

- мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті;

- оқу үрдісінің диагностикасы

Н.Д.Хмель мынадай өлшемдерді бөліп көрсетеді:

- ойдың тұжырымдық негізінің болуы;

- технологияны жасаушылардың тиянақты әдіснамалық

ұстанымының болуы;

- нақты педагогикалық құбылысқа қатынастың жүйелілігі;

- технологияда педагогикалық үрдістің екі жақты сипатының

бейнеленуі;

- педагогикалық үрдіс субъектілерінің орны мен өзара әрекетін анықтау;

- алынған нәтижелерге диагностика жасау мүмкіндігі;

- технологияның кез келген оқу-тәрбие мекемелерінің жүмыс

жағдайында қайта жаңғыртылуы.

Қазіргі педагогикалық технологиялар келесідей негізгі сапаға ие болуы қажет: құрылымға; технологиялық критерийлерге; тұжырымдылыққа жүйелілікке; басқарушылыққа; нәтиже бойынша тиімді және шығын бойынша оңтайлы; өндірушілікке.

Қазіргі білім беру технологияларын Г.К. Селевко технологияның классификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді.

Ш.Т.Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған:

Ынтымақтастық педагогикасы (Беруллаева М.Н., Селевко Г.К., Тихомиров Н.К., т.б.); Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Амоношвили Ш.А., Баженова Н., т.б.);

Ойын арқылы оқыту технологиясы (Коваленко В.Г., Самоекина Н.в., т. б.);

Проблемалық оқыту технологиясы (Оконь В.);

Түсіндіре басқарып - оза оқыту технологиясы (Лысенкова С.Н., Богоявленская Д.);

Деңгейлік саралап оқыту технологиясы ( Селевко Г.К., т.б.) және міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы;

Бағдарламалап оқыту технологиясы (Скиннер Б., Краудер Н., Беспалько В.П.);

Оқытудың компьютерлік технологиясы (Апатова Н.В., Беспалько В.П.);Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (Эрдниев П.М.);

Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Хазанкин Р.Г., Зильбергер Н.И.);

Өздігінен даму технологиясы (Монтессори М., Буторина М., (Хилтунен Е., Корнетов Г.);

Дамыта оқыту технологиясы (Выготский Л.С., Заноков Л.В., Эльконин Д.Б., Давыдов В.В.);

Д.Б. Эльконин - В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы. А.Е.Абуов өзінің зерттеуінде бастауыш сыныпта барлық пәндер үшін кеңінен пайдалануға болатын педагогикалық технологиялардың ішінен төмендегілерді атап көрсетеді:

- дамыта оқыту;

- проблемалық оқыту;

- оқытуды дербестендіру (И.Унт, А.С.Границкая, В.Д.Шадриков);

- компьютерлік оқыту;

- міндетті нәтижелер негізінде деңгейлік саралап оқыту

(В.В.Фирсов);

- балалардың қызығушылықтары бойынша саралап оқытудың

мәдениетке тәрбиелейтін технологиясы (И.Н.Закатова);

- тиімді сабақтар жүйесіне негізделген технология (А.А.Окунев);

- оза оқыту (С.НЛысенкова);

- ойын арқылы оқыту;

- модульдік оқыту (В.М.Монахов).

Педагог-ғалым осы аталғандардан басқа да педагогикалық технологияларға сипаттама береді.

Қазіргі таңда бастауышта "шеберхана" технологиясымен оқыту қолға алынуда. Шеберхана деп аталатын оқыту сипаты негізінен төмендегі мақсатты жүзеге асыруды қарастырады. Оқытудың мақсаты:

- оқытушылық: мәселені қою ептілігіне баулу; жауапты шығармашылық тұрғысынан іздеу іскерлігіне баулу:

- дамытушылық: креативті іскерлікті дамыту:

-тәрбиелеушілік: өзінің шығармашылық қабілеттеріне сенімділікті тәрбиелеу.

Шеберхана француз педагогтарының шығармашылық шеберханасынан дамуды бастау алады. Педагогикалық шеберлік Университетінде оны И.А.Мухина, В.А.Степанова және Университеттің басқа да қызметкерлері сәтті дамытты.

Шеберхана өзінің атауын алу себебі оқушылардың өзі пәндік білім мен ептіліктерді (іскерліктерді) алады және өңдейді, шеберлік барысында оқушылар өздерінің әртүрлі психикалық жағдайларын саналы сезінуге баулыйды және оны басқаруға үйретіледі. Шеберліктің негізгі идеясы окушыларға жеке- дара идеяны ұсыну жеке оны жеке дара, топтық жұмыста дамыту шарттарын құру. Мәселені біргелікте ойлау барысында жаңа мәселені көруге алып баратын саналы деңгейге өту мүмкіндігі болады.

Қазіргі уақытта әртүрлі пәндер, пәндердің әртүрлі тақырыптары бойынша шеберхана әзірленген. Педагогтардың шеберханалық оқытуы, шеберхананы шеберше жүргізуі керек.

И.А.Мухина шеберхананы жүргізу тәжірибесін талдап қорытуға және жалпы алгоритмді бөліп көрсетуге тырысады;

- индукция кезеңі.

- материалмен жұмыс жасау.

- әлеуметтендіру.

- рефлексия.

- индукция фазасы (кезеңі). Бұл кезеңде оқушылар қалыптастырылады, мәселе қойылады. Дәстүрлі оқытуда мәселе болмайды немесе оны мұғалім қалыптастырады. Шеберханада мәселені қатысушылар қояды. Тапсырма оқушының қажеттілігіне (сұранысына) жақын қойылуы қажет, олардың бар тәжірибесіне сүйенуі қажет. Қойылуға ұсынылған мәселе материалдары (сөздер немесе сөз, заттар, суреттер және т.б.) оқушылардың түсіну аймағына сәйкес болуы қажет.

Бастауыш сынып оқушылары үшін еңбек объектілерін (бұйым, оларды талқылау) дайындау ұсынылады. Оқушылар оны дайындаудағы, яғни әрбір операциядағы пайдаланылатын еңбек құралдарын, орындалу технологиясын өздері таба біледі. Мұғалім ол үшін тапсырманы алдын ала әзірлеп, сабақта оқушыларға тапсырманы береді. Олар оны талдап шығып және берілген тапсырманы немесе дайын бұйымдағы ерекшеліктерді операцияларды айқындауы қажет.

Қазіргі таңда бұл аталған үрдіс қалып бара жатқанға ұқсайды. Сондықтанда оқытудың "шеберхана" деп аталатын түрінде, оқушылардың өздері алдағы жұмысқа теориялық тұрғыдан даярлықты өздері жүзеге асыруы қажет.

Материалмен жұмыс. Бұл кезенде материалды талдау жүреді. Оқушылар материалды (бұйымды немесе процесті, т.б.) талдайды және ақылға сыймайтын идеяларды ұсынады. Шеберханадағы жұмыста нашар идея болмайды. Бұл кезеңде балаларға қандай да бір шығармашылық тәсілдерін айтуға болады. Мәселен: не болған болар еді, егер де ..., қағазға қаламмен сыз, түрлі сөздерді, заттың бөлшектерін қос және т.б.

Сонымен оқыту процесінде оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулуды мына № 2 схема арқылы көрсетуге болады.


Бірінші кезеңде әрбір оқушы өзбетінше қағазбен жұмыс жасайды. Бір біріне кедергі болмайды.

Кейбір жағдайда шеберханада жұмысты топпен бірден бастауға болады. Әрбір варианттың өзінің оң және теріс жағы болады. Жеке дара жұмыс кезінде әрбір оқушының ойын топтастыруға, мәселені, өзінің шешуін іздеуге, басқа окушылардың ойларының ықпалына ұшыраумаға мүмкіндігі болады.

Егер материал аз топтағы жұмысқа арналған болса, онда оны бірден топпен іздеуге болады.

Келесі кезекте егер жеке дара жұмыс осыған дейін болса, онда аз топта талқылау болады. Бұл көрініс барлығына аралық өзіндік нәтиже болады. Бұл кезеңді француз педагогтары "әлеуметтендіру" деп атаған. Осы кезеңде оқушы өзінің жұмысын түзетуі, толықтыруы, жақсартуы мүмкін.

Басты қажетті талаптардың бірегейі басқа жұмыстардағы оңдыны, белгіліні, өте жақсыны іздеу іскерлігіне және талабына оқушыларды баулу болып табылады.

Еңбекке баулу сабақтарында оқушылар еңбек объектілерін (бұйымдарды, заттарды немесе технологиялық процестерді, операцияларды, қозғалыстарды) зерттейді. Оқушылар бұйымды дайындаудың тәртібін қалыптастырады.

"Материалмен жұмыс" және "әлеуметтендіру" кезеңдері шеберхана жұмысы барысында кезектесуі мүмкін.

Рефлексия (сананың өзіне назарын аударып, өзінің психикалық күйіне ой жүгіртуі). Оқушылар шеберхана жұмысы барысындағы туындаған өздерінің сезімдері туралы айтады. Оқушылар өздерінің сезімдерін сезінуді және оларды айтуды үйренеді. Бұл шеберхананың басты сәті және сондықтан шеберхананы тек педагогикалық ғана емес, сондай-ақ психологиялық деп те атайды, ол жерде оқушылардың психикалық материалдармен жұмыс жасауы жүреді.

Бұл кезеңде оқушылар бүгін неге қол жеткізгенін хабарлауы мүмкін.

И.А.Мухина шеберхананы жүргізу (өткізу) қағидасын талдап қорытып, төмендегідей қорытынды жасайды:

- қатысушылардың барлығының, оның ішінде педагогтың да теңдігі;

- іс-әрекет процесіне оқушыларды еркінен тыс қатысуды

қарастырмау;

- бағаның болмауы (дәлірек айтқанда белгінің, бағалау болады және болуы

қажет, тек оң баға қойылуы тиіс);

- қарсыластық, жарыстың болмауы;

- жеке дара және топтық жұмыстардың кезектесуі;

- шығармашылық нәтижесі емес, процестің өзі бастысы болып табылады;

- пайдаланылатын материалдардың әртүрлілігі;

- әрбірінің өзінің таңдауына жауапкершілігі.

Бұл технология педагогтың негіздемелі даярлығын талап етеді. Егер педагогтың сыныптағы шығармашылықты ұйымдастырудағы жеткіліксіз даярлығы болса, онда технологияны (шеберхананы) пайдалану теріс нәтиже көрсетеді.

Бастауыш сыныптың өзінде оқушылардың политехникалық ой-өрісін пәнаралық байланыстар негізінде кеңейту мақсатындағы әдістемелер болған және соларды мұғалімдердің білгені абзал. Мәселен, А.П.Журавлева мен Л.А.Болотина астыққа байланысты халық даналығындағы "Піскенін айтпа - қамбаға түскенін айт" деген сөзге байланысты астықты егіп, өсіріп, жинайтын мамандықтар жөнінде төмендегідей әңгіме алгортмін ұсынады.

1. Адам тіршілігіндегі нанның маңызы.

2. Астықты себуге дайындау.

3. Жерді тұқым себу алдында өңдеу.

4. Масақты дақылдарды себу.

5. Ауыл шаруашылық техникасы және кең тараған жер өңдеуші

машиналардың жұмыс істеу принципі.

6. Егін ору және диқандар техникасы.

7. Дән өсірген егінші еңбегі мен жер өңдейтін машина жасаушы еңбегінің

маңызы.

Бастауыш сынып оқушылары мұнда нанның қайдан және қалай келетініне сәйкес астықты егу, өсіру, ору, оларды тасымалдау, сақтау, өңдеу және одан нан дайындауға дейінгі мамандықты, олардың жұмыс мазмұнын таныстыру мақсатында екінші және үшінші әңгімені ұйымдастырудың алгоритмін ұсынады.

Төменгі сынып оқушыларының техникалық еңбегіне қатысты объектінің кескінін жасауға үйретуде (қатты қағаздан) мынадай педагогикалық міндеттердің шешілу қажеттігі көрсетіледі:

- балаларды кездесетін барлық заттар мен техникалық объектілерді төменгі сынып оқушыларына мәлім геометриялық фигуралар мен денелердің жиынтығы деп қарауға үйрету;

- техникалық объектілерді ойша жекелеген бөліктерге бөле білу іскерлігін қалыптастыру;

- әр бөлікті геометриялық фигура және дене түрінде көре білуге және жекелеген бөліктерді белгілі бір геометриялық фигуралармен және денелермен салыстыра білуге үйрету;

- көлемді заттарды жазық бейне түрінде көрсетуге болатындығы туралы бастапқы түсінік беру;

- қатты қағаздан қиылған геометриялық фигуралардан қаланған техникалық объектінің кескінін жасауға үйрету.

Бұл міндетті ек кезеңге бөліп шешкенде ұтымды болады: бірінші кезеңде - жүйелі жаттығулар арқылы төменгі сынып оқушыларының кеңістікті қабылдауын және бейнелі ойлауын дамыту; екінші кезеңде - қағаз бетіне геометриялық фигуралардан техникалық объектілердің кескінін түсіруге үйрету.

Бастауыш сыныпта тәжірибе барысында басқа да педагогикалық технологияларды пайдалану балалардың белсенділігін,шығармашылық қабілеттерін дамытуға негіз қалайтынын анықтадық. Олар: "ойды синтездеу", "шынжыр" (тізбек), "матрица" және т.б.

Педагогикалық еңбектерде дәстүрлі сабақты: жаңа оқу материалын өту сабағы; білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы; жинақтау және жүйелеу сабағы; аралас сабақ; бақылау, білімге дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы. Сабақты дидактикалық міндеттеріне сәйкес: кіріспе сабақ; жаңа сабақты өту; білімді бекіту сабағы; жинақтау сабағы; есепті-бақылау, аралас сабақ; диспут, КВН сабақтары деп ажыратады. Педагогикалық теориясы және мектеп тәжірибесін зерделеудің негізінде сабақтың типтеріне байланысты олардағы жүзеге асыралатын кезеңді төмендегідей белгілеуге болады.


Аралас сабақ.



Көрсетілген схема аралас сабақ типіне байланысты болып табылады:

Мәселен, жаңа сабақ барысында төмендегідей алгоритм орындалады:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

3. Білімді тексеру кезеңі.

4. Мақсат қою кезеңі.

5. Материалды түсіндіру кезеңі.

6. Түсінікті тексеру кезеңі.

7. Бекіту кезеңі.

8. Үйге тапсырма беру кезеңі.

Қайталау сабағындағы алгоритм төмендегідей:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын қайталау кезеңі.

3. Білімді тексеру кезеңі.

4. Мақсат қою кезеңі.

5. Түсінікті тексеру кезеңі.

6. Үйге тапсырма беру кезеңі.

Басқа да сабақ типтері ерекшеліктеріне сәйкес жоғарыда көрсетілген алгоритмдерді реттеумен (алмастырумен) жүзеге асырылады.

Біздер бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетке баулуды жүзеге асыруда сабақ кезеңдерін толықтыруды мақсат етумен төмендегідей алгоритмді (схеманы) ұсынамыз:

Аралас сабақ құрылымын жетілдіру.


Мұнда 7-де оқушылардың түсінік деңгейлері тексерілгеннен кейін міндетті түрде педагогикадағы белгілі білімді меңгеру әдістері (талдау, жинақтау, салыстыру, т.б.) немесе пәнді оқытудағы логикалық тәсілдер оқушы тарапынан жүзеге асырылуы тиіс.

Қазақстанда Ж.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің, М.Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мәселен, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі:

- үнемі қайталау;

- ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;

- жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;

- ізгілік;

- зорлықсыз, еркімен оқыту;

- әр оқушының табысының жариялылығын түзетуге, өсуге, табысқа

жетуге жағдай жасау;

- оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру.

Ойын арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйену.

Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі:

- білімді меңгерту емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту;

- тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру;

- белсенді сөздік қорын дамыту (ауызша және жазбаша);

- дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігін тудыру.

Ал, деңгейлеп, саралап оқыту технологиясының ерекшелігіне тоқталар болсақ:

- таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.

- күшті топтарда оқуға деген ынта артады;

- білім дәрежесі бірдей оқу топтарында оқу жеңілдейді және т.б.

Негізгі өзекті мәселе - оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану қолдау табуда. Бұл әдіс педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қараевтың тұжырымдамасы негізінде жасалған. Жалпы бастауыш мектепте оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулуда көптеген педагог-ғалымдар мен практик- мұғалімдер Б.Тұрғанбаеваның, Л.А.Төкеева-Бектұрғанова мен М.Б.Бектұрғановтың А.К.Колеченконың, К.Бозжанованың және т.б. оқу-әдістемелік құралдарын басшылыққа алуда. Біздер диплом жұмысымызда жоғарыда аталған оқыту технологияларын және өзіміздің тәжірибемізді басшылыққа алдық.

Бұл тақырыпта айтылған мәселелерді қорытындылай келе, бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық іс-әрекетке баулу ісі нәтижелі болуы үшін оқытудың жаңа технологияларын дұрыс пайдаланудың мәні зор деген тұжырым жасадық. Бүгінгі күні балама оқу жүйелері, әртүрлі әдістемелер көптеп саналады. Солардың ішінен әр ұстаздар өз дайындық деңгейіне, сынып ерекшелігіне сай келетінін талдай, оны шығармашылықпен пайдалана білуі қажет.


^ 2.2 Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық іс-әрекетке баулу технологиясы бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс және оның нәтижелері

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетке баулудың (оқыту) тәжірибелік жұмысы мына төмендегі мақсаттарды шешуге бағытталды.

- шығармашылық іс-әрекет құрылымының мазмұнын негіздеу;

- шығармашылық іс-әрекетке баулудың тиімді жолдарын айқындау;

- шығармашылық іс-әрекетке баулу үрдісін тәжірибе негізінде баяндау, онда зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын анықтау.

Эксперименттік жұмыс - нақты жағдайды есепке ала отырып педагогикалық процесті немесе белгілі бір құбылысты, мәселені зерттейтін ғылыми тәжірибе. Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеттері - мазмұнның салыстырмалы түрде нәтижелілігі, әдістері, тәсілдері, жағдайы, шарты, әдістемелік жүйенің оқу-тәрбие үрдісіндегі тиімді жолдарын таңдау болып табылады.

Дидактикада негізінен кездесетін төрт эксперимент түрі болатын болса, оқыту экспериментін жүзеге асыруды жөн көрдік. Оқыту логикалық тәсілдердің негізінде жүзеге асыруды дұрыс деп таптық.

Бастауыш сыныпта белгілерді талдауды іс жүзіне асыруды үйрету қажет: а) ойша объектілерінің іс-жүзінде бөлінбейтін белгілеріне қарай іріктеу (объектінің түсіне, сыртқы түріне, көлеміне, салмағына,қозғалыс жылдамдығына, иісіне, температурасына, т.с.с.) - айқын (нақты) белгілерін талдау; ә) жеке белгілерін бөлектеп және ойда ұстап тұрып, қалған белгілерін алып тастау - аудару (абстракциялау).

Логикалық тәсіл жинақтау талдауға кері жүзеге асырылады. Жинақтау - жекелеген бөліктерді бүтін затқа ойша құрастыру, калпына келтіру; затты ойша құрастыру үшін барлық уақытта бұрынғы іс-әрекет болуы қажет. Практикалық белсенділіктің өрнегі "Ойлану - жасау - бағалау" болып табылатындықтан оқушылардың ойлануын, нәтиже алу үшін практикалық іс-әрекет жасауын және оны бағалауын қамтамасыз ету керек. Өрнектегі ойлану мен бағалау буыны ой әрекетімен байланысты.

Объектінің белгілерін жинақтауды: а) объектілер арасындағы ұқсастықтарды және айырмашылықты анықтау - ойша салыстыру; ә) ойша объектілердің ұқсас белгілеріне қарай біріктіру - талдап қорыту (ойша топтау); б) ойша жеке бөліктерді әр түрлі топтарға бөлектеу - нақтылы топқа (теориялық білімді іс жүзінде қолдану сияқты).

Қалыптастыру тәжірибелік-экспериментін оқулықтар мазмұнын қарап шығып, олардың мазмұнына сәйкес іс-әрекеттерді анықтауды қарастырдық. Мысалы тапсырмалар оқулықтарда берілгендей әңгіме, ертегі, өлең, сурет мазмұнына сәйкес құрыла салмай, оқушының ізденушілігін, зерттеушілігін қалыптастыратындай, ойлауға, пайымдауға, дәлелдеуге үйрететіндей етіп түзілді. Олар негізінен оқу пәніндегі тапсырмаларды (ол шығарманың кейіпкері, ол қазақ тіліндегі жаттығулар, математикадағы есептер, бейнелеудегі суреттеу, еңбектегі іс-әрекеттер, т.б.) орындауда оқыту мен оқу мақсатының бірлігін, оқушының шығармашылық іс-әрекетін баулумен бірлігін қамтамасыз етудегі кешенді тәсілдерді қолдану болып табылады. Олар:

- мәтіндегі, заттағы, негізгіні бөліп алу;

- салыстыру;

- ақпаратты жүйелеу;

- ақпаратты өзгерту;

- ақпаратты толықтыру;

- мәтінді, затты және тапсырманы біріктіру;

- мәтінді, затты және тапсырманы өз бетінше құрастыру;

- қатені түзету (ақпаратты амал жасау түрлері);

- себепті-салдарды анықтау;

- дәлелдеу;

- жалған екенін сипаттау;

- заңдылықтарды (байланыстарды) анықтау;

- жаңа функцияны анықтау;

- жүйе элементтері арасындағы байланыстарды анықтау;

- жүйенің жаңа құрылымдық элементтерін анықтау (себеп- салдарлық

байланыс түрлерін);

- тапсырманы орындау жоспарын құрастыру;

- бақылауды, өлшеуді және эксперименттерді жоспарлау және жүргізу;

- жүйенің дамуын болжау;

- іс-әрекетті орындау жоспарын талдау (практикалық іс-әрекеттерді

жоспарлау және орындау түрлері)

Сабақтарды өткізуде оқу бағдарламалары және бастауыш сынып оқушыларына арналған оқулықтар мазмұны басшылыққа алынды.

Сабақ өтуде А.Б.Мырзабаевтың зерттеу еңбегі назарға алынды. Оның зерттеуінде дәстүрлі емес сабақ түрлерімен өткізілген оқу жұмыстары кезінде туған мәселелерді шешу барысында шығармашылық еңбек табысты болатыны дәлелденген. Оның себебі осы сабақтар кезінде "репродуктивтік" жұмыс көлемі азайып, шығармашылық еңбектің үлес салмағы көп артатыны айқындалған. Әсіресе, ойын сабақтары түрлерінің балалар шығармашылығының дамуына зор мүмкіндік беретін анықталған. Өйткені ойын әрекетінің онтогенезде оқу әрекетінен бұрын, бастаушы екені, ал оқу - оның негізінде жатқаны талданған, ойын үрдісі кезінде әрекет ете білуге тікелей әрекет арқылы жүзеге асырылатынын дәлелденген.

Осы іс-әрекеттерді орындату барысында біздер төменгідей сабақтар

сериясын өткіздік.

3 - сынып. Дүниетану пәні.

Сабақтың тақырыбы: Ауа. Ауа қасиеті. Ауаның маңызы.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Ауа туралы ұғым беру. Ауа қасиетін меңгерту. Адам

өміріндегі ауаның маңыздылығын түсіндіру.

2. Тәрбиелік. Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы

экологиялық тәрбие беру.

3.Дамытушылық. Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейту,

қызығушылығын ояту.

Сабақ әдісі: түсіндіру, сарамандық-лабораториялық әдіс. Тест, сұрақ-жауап

әдісі.

Сабақ типі: жаңа материалды меңгерту сабағы.

Сабақ түрі: ірі блокты сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырма, тірек плакаты.

Сабаққа керекті жабдықтар мен материалдар: тәжірибе жасау құралдары,

су, банкалар, шар, доп, шырпы, стакандар, қант, шырақтар.

Пәнаралық байланыс: ана тілі пәні, бейнелеу өнері,

Денешынықтыру пәні.

Оқушылардың шығармашылық іс -әрекетке баулуда мұғалім төмендегідей әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдануы мүмкін:

- ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру;

- оқушыларға қосымша тапсырма беру арқылы өзіндік әдіс -тәсілдерді жүзеге асыруды ұйымдастыру (сол күнгі сабақтың тақырыбына байланысты бүктеме жасау, тәжірибе жасау немесе бақылау)

- тестік тапсырмалар арқылы оқушылардың білімін бағалауды компьютер көмегімен орындау;

Оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін пәндер негізінде жүзеге асыруда топсеруеннің (экскурцияның) маңызы ерекше. Оқушы көзімен көріп, суретін салып оқушының көркем іс -әрекеттердің түрлеріне бейімделуін, қоршаған орта мен табиғаттағы түрлі түстер мен формаларды танып қабылдауы қалыптасады.

Сондай -ақ, бастауыш сынып мұғалімдері төмендегідей міндеттердің шешімін табуға ұмтылуы тиіс:

- баланың бойында құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап – тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіріп отыру;

- білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;

- өзін -өзі дамытатын тұлға қалыптастыру;

Мұнда қосудың ауыстырымдылық заңы айтылып оқушыларға түсіндіріледі.

2-тапсырма. 3 оқушы тақтамен жұмыс жасайды. 6+1=7 7-6=1 5+2=7 7-5=2

7-2=5 7-1=6

3 - тапсырманы оқушылар өз беттерінше отырып орындайды. Олар оқулықтағы берілген кесінділерді сызғышпен өлшеп, ұзындықтарын салыстырады.

Мыс: Қызыл түсті кесінді 7 см салыстыру. Көк кесінді 6 см

6 см< 7см

Көк кесінді 1 см қысқа, Қызыл кесінді 1 см ұзын.

Осы тапсырмаларды бұрын, жылдам орындаған оқушының білімі

бағаланады.

Мұғалім: Қыс айының өзгешеліктерін атаңдаршы!

Балалар: -Қыста қар жауады.

-Күн суытады.

-Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Қыста шана, шаңғы тебеміз.

-Аққала жасаймыз.

-Аяз Атадан сыйлық аламыз.

Мұғалім: -Осы қыс айына керісінше жаз айын есімізге түсірейікші? (Негізгі 7 ерекшелігін көрсету). Оқушыларға қыс айында шанамен сырғанап бара жатқан сурет беріліп, олардың сөздің қорын дамыту мақсатында шығарма жазу тапсырылды Балалар: - Жазда күн ыстық болады.

-Жердің бәрінде жап-жасыл шөптер өсіп тұрады.

- Суға, өзенге шомыламыз.

- Жазғы каникулды асыға күтіп демаламыз.

Жазғы мезгілде балаларды көңілді мерзімді өткізу мақсатындағы доп қуған

балалардың суреті ұсынылды

Осы кезеңде мұғалім математика сабағында дүниетану пәнімен пәнаралық байланысты байқатады.

Қазір жылдың қай мезгілі екенін, қыстың ерекшелігін жаз айымен салыстырып, оқушылардың дүниетану пәніне деген ұғым, түсініктерін байқайды.

Оқушылар өз бетімен ұзындықты салыстыруға байланысты тапсырманы орындады.

7см • 5см 3 см • 7см 4см • 7см

7см • 7см 7 см • 5 см 7см • 2см

Тапсырманы дұрыс орындаған оқушылардың білімін бағалау.

VI. Сабақты қорытындылау.

7 санының кұрамын айтып мысалдар келтірді.

VII. Үйге тапсырма беру.

VIII. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, тиісті

бағаларын қою.

Сабақтың тақырыбы: “Әйел ана”

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Шығарманың мазмұнын ашу, талдау жұмысын жүргізу.

2. Дамытушылығы: Шығармашылық ізденіске баулу, өз сөзімен ойын

жеткізу, ауызша әңгімелеуге үйрету.

3.Тәрбиелілігі: Оқушы бойында сүйіспеншілікті, сыйлай білуді, кұрметтеуді, өнеге тұту қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі-түсті суреттер, сызбалар, мақал- мәтелдер.

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Б.Бұлқышевтің "Ана" атты шығармасынан үзінді оқып осы тақырыпты негізге ала отырып, оқушылар өз аналарына арнап өлең немесе тақпақ, шығарма, мазмұндама жазу тапсырмасын алған болатын.

Үй тапсырмасын тексеруде осыны ескеріп 7-8 оқушыдан өз аналарына арнап, жазылған өлең, тақпақ, мазмұндама, шығармаларын оқытты. Осы тапсырманы қорытындылап мынандай сызбаны шығара отырып "Ана" деген аттың өмірде алатын орнын әңгімеледі.

Өмірді сыйлаушы






Досың Ана қамқоршың

жұбанышың ақылшың






сүйенішің ұстазың

қымбаттың


деп ананы күн шуағына теңейді.

Өмірде "ана" туралы жырлаған ақын жазушылар көп.

Оқушылар Ф.Оңғарсынованың, М.Мақатаевтың "ана" туралы өлендерінен

үзінділер оқиды.

Үнтаспадан: Құрманғазының "Қайран шешем" күйін тыңдайды. Бұл күйдің шығу тарихын мұғалім түсіндіреді, оқушылардың анаға деген мейірімі, қамқорлығы, сыйластық сезімі күшейе түскенін оқушылардың бет келбетінен байқауға болады деп қорытындылап, жаңа сабақты хабарлайды.

Жаңа сабақ. Бүгін біз жаңа сабақта Ақселеу Сейдімбек ағамыздың "Әйел-ана" ертегісін оқып танысамыз. Ақселеу Сейдімбек ағамыз жайлы мәлімет беріледі.

Ертегіні оқып, әңгімелеп түсіндіреді. Дәптерге сөздік жұмысын орындатты. Мысалы: "уайымдады", "қайғырды" деген сөздерді я сыздырып-оған түсініктер берілді. 4 оқушыға ертегіні бөліп оқытты. Тақтаға бірнеше аналардың суреттерін іліп, батыр ана, еңбекқор ана, іскер ана, т.б. деп түсіндірілді.

Оқушыларға ананың баланы тербетіп отырған суреті шығарма жазу мақсатында берілді.

Оқушылар өздерінің аналарына арнаған жылы сөздерін айтып дәптерлеріне жазады. Мұғалім оқытып, олардың сөздерін, түсініктерін толықтырып қорытындылады.

Үйге тапсырма берілді. "Ана" туралы үйде мақал-мәтелдер, өлеңдер, тақпақтар жаттап келу тапсырылды.

Пәнаралық байланыс арқылы окушының шығармашылық ізденісі байқалады. Ана тілі мен қазақ тілі пәндерінің байланысы негізінде сөздік жұмыстары, өлеңдер, шығарма, мазмұндама, тақпақтардың тәрбиелік мәні ашылады.

Бастауыш сыныптағы еңбекке баулу сабақтарын өткізуде Е.Райымжановтың, Ж.Күнпейістің әдістемелік нұсқаулары басшылыққа алынды.

4-сыныпта. Еңбекке баулу, математика және бейнелеу өнері пәндерінің байланысы.

Сабақтың тақырыбы: "Жіппен бейнелеу"

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

2. Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа баулу.

3. Оқу пәндерінен алған білімдерін практикада қолдануды

қамтамасыз ету

Сабақтың түрі: аралас.

Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері, ана тілі.

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі-түсті жіптер, ине, циркуль, қалам, сызғыш,

өшіргіш, дайын сызбалар, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа керекті оқу-құралдарын түгендеу, оқушылардың сабаққа қатынасуын қадағалау, кезекшіні сайлау.

2) Үй тапсырмасын тексеру. Мұғалім: Кәне, балалар өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді? Салтанат, айта қойшы. Салтанат: Үйге қатты қатырма қағаздан жақтауша дайындап келу және аяқтау берілген. Мұғалім: Кәне, отыра ғой. Дайындап келген бұйымдарыңды алдарыңа қойып отырыңдар, бәрін көріп шығып, бағалаймын.

3) Жаңа сабақ. Сабағымызды мақал-мәтелдерден бастасақ. Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

"Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей".

"Асыл қайшы пішуге сән,

Күміс қасық ішуге сән",

"Еңбек-өнер өрісі,

Өнер-өмір жемісі".

"Өз үйінде ою оймаған,

Кісі үйінде сызу да сыза алмас".

"Он саусағынан өнері тамған".

"Оқу - инемен құдық қазғандай".

"Қызды күте білмеген күң етеді,

Жібекті түте білмеген жүн етеді".

"Ұшын түймегеннің,

Үш шаншым ісі қалар".

Мұғалім: Кәне, балалар осы мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіңдерме? Барлығы, "Ия",- деп жауап берді. Олай болса, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: "Жіппен бейнелеу"

Кестені қатырма қағаз бетінде орындауға да болады. Ол үшін қатырма қағаз бетіне инемен немесе бізбен тесіктер тесіп, ине-жіпті сол тесіктерден өткізу арқылы өрнек шығаруға болады.

Мұндай қарапайым, әсем бұйымды - жіппен бейнелеу (изонить) деп атайды. Ол қымбат материалдарды қажет етпейді. Оған тек қатырма қағаз бен жіпті ғана қолданамыз. Жіппен бейнелеу техникасымен құттықтау ашық хатын, кітаптың мұқабасын безендіруге және панно жасауға болады.

Жіппен бейнелеу өнерімен танысайық. Жұмысты бастау үшін біз, қатырма қағаз, барқыт немесе қағаз, жіп, шеңбер сызғыш, сызғыш қажет болады.

Кәне, балалар шеңбер дегеніміз не? Үшбұрыш дегеніміз не? Бұның бәрін

математика сабағында өтіп кеткенсіңдер.

Шеңбер дегеніміз - бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер

жиынтығы.

Үшбұрыш дегеніміз - үш кесіндінің түйіндесуі.

Жіппен бейнелеу үшін біз шеңберді, үшбұрышты білдік. Енді біз қатырма қағазға бірінші шеңбер сызғыштың көмегімен шеңбер сызып аламыз. Одан соң шеңбердің үстін нүктелермен белгілейміз, иненің көмегімен тесіп шығамыз. Сосын нүктелерге нөмір қоямыз. Мысалы, дөңгелектегі нүктелер саны 24 болса, 4-ші нүктеден инеге сабақталған жіпті өткізіп алып, 14-ші нүктеге апарамыз, 14-ші нүктеден кіргізіп, 15-ші нүктеден шығарамыз, оны 5-ші нүктеге апарамыз, 5-ші нүктеден кіргізіп, 6-шы нүктеден шығарамыз және осылай жалғаса береді. Барлық дөңгелектегі нүктелерді ретімен толтырып шығатын болсақ, бұйым нәтижелі аяқталады. Қолымыздағы қатырма қағаздың ортасындағы дөңгелекті жіппен толтырып болған соң, оның шетіндегі бұрыштарына бұрыш сызамыз, сызылған бұрышты нүктелермен белгілейміз, оны инемен тесіп сандарды белгілейміз. Мысалы: Бұрыштағы нүктелер саны 10 болатын болса, бірінші бұрыштағы сызықтың 1-ші нүктесінен инеге сабақталған жіпті алып, екінші бұрыштағы сызықтың 1-ші нүктесінен кіргізіп, 2-ші нүктеден шығарамыз, оны бірінші бұрыштағы сызықтың 2-ші нүктесінен кіргізіп, 3-ші нүктеден шығарамыз, солай жұмыс жалғаса береді.

Оқушыларға дайын жұмыстарды көрсетіп, алдарына таратылады, соған қарап жасау жүзеге асырылады. Түсінбеген оқушыларға жеке-жеке түсіндіріп, үлгісін көрсетуге болады.

4) Үйге тапсырма беру. Алдарындағы жұмысты аяқтап, басқаша түрін жасап келу.

5) Сабақты қорытындылау. Окушылардың үй тапсырмасын орындап келгендерін, кемшілігі бар окушыларға ескерту жасау арқылы салыстыра отырып бағалау жүзеге асырылады.

Тәжірибелік-эксперимент жұмысының бастапқы кезінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекет деңгейі талап етілген деңгейден төмен екендігін көруге болады. Сондықтан күрделі психологиялық сапаның жоғары болжанған деңгейіне жету мақсатында арнайы қалыптастыру эксперименті ұйымдастырылды. Бұл эксперимент барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетіне арналған әдістеме жасалып, Түркістан қаласындағы Абай атындағы N1 мектеп интернатында сыннан өткізілді. Сол арқылы оқыту жұмысының біз көтеріп отырған мәселені шешудегі мүмкіндіктері анықталды.

Біз бастауыш мектептің 4-сыныбындағы еңбекке баулу, математика және бейнелеу өнері пәндерінің байланысының жүзеге асырылу барысындағы оқушылардың іс-әрекеттері мен алынған мәліметтерді өңдеудің алгоритмін төменде берілген.

Сабақтың тақырыбы: "Жіппен бейнелеу"

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

2. Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа баулу.

3. Оқу пәндерінен алған білімдерін практикада қолдануды қамтамасыз ету және шығармашылық іс -әрекетке баулу.

Сыныптағы оқушылардың саны жөне олардың берілген тапсырмаға сәйкес орындаған іс-әрекеттері есепке алынды. Ал тапсырмаға сәйкес "Бауырсақ" ертегісін оқып үйренгеннен кейін, оның бейнелеу, бейнеленген суреттегі бауырсақгы еңбекке баулу сабағында жіппен шығау (беру) болып табылады.

Берілген тапсырмаға сәйкес оқушылар төмендегідей пәнаралық байланыс негізіндегі шығармашылық іс-әрекеттерін орындау керектігі анықталған болатын.

Ақпаратты амал жасау (кіріктіру):

- объектідегі (заттағы) негізгінің бөліп көрсету (түсін, пішінін,

көлемін, арналуын, т.б.);

- басқа объектпен (затпен), объектіні (затты) жасау технологиясымен

(процесті) сәйкес қою негізінде салыстыру (ерекшелікті көрсету,

айырмашылықгы табу, т.б.);

- объектіні (затты) даярлау бойынша оқу материалдарын (материалы,

қолданылатын еңбек құралдары, орындайтын процесі, сызба

жұмыстары, т.б. бойынша) жүйелеу;

- объектіні (затты) сыртқы (конструкциясы) пішіні, көлемі

тұрғысынан өзгерту;

- тұрғысынан өзгерту;

- объектіні (затты) жетілдіру тұрғысынан (түсіне сәйкес элементтер

қосу) толықтыру, конструкциясын жетілдіру, оқу

материалдарын толықтыру;

- объектіні (затты) даярлау бойынша оқу материалдарын (сызбасын сызу,

материалтану, еңбек құралдары, еңбек процестері, т.б. бойынша)

және іс-әрекеттерді (орындалатын процестерді: еңбек тәсілдерін,

әрекеттерді, қозғалыстарды) ойша және практикада біріктіру;

- объектіні (затты) даярлау процесіне қатысты жіберілген қатені табу,

түзету бойынша ой және дене әрекеттерін орындау кажет. Себеп-

салдарлық байланыс бойынша:

- объектіні (затты) дайындаудағы немесе процесті жүзеге асыру

себебін анықтау;

- процесті орындаудағы жіберілген қателіктерден немесе процесті

орындаудан, қауіпсіздік шараларын сақтамаудан шығатын

салдарды анықтау;

- объекті (зат) үшін тиімді түстің, пішіннің таңдалуын, арналуын, т.б.

дәлелдеу;

- процестің дұрыс орындалмауын немесе түстің, пішіннің зат үшін дұрыс

таңдалмауын терістеп сипаттау;

- объекті үшін түстің, пішіннің немесе орындалуы керек

процестердегі т.б. байланыстарды анықтау;

- объектінің (заттың) атқаратын функциясын анықтау;

- заттың өзінің элементтері арасындағы байланыстарын анықтау;

- бар объектінің құрылымына енген жаңа элементтерді анықтау сияқты

оқу-интеллектуалдық іскерліктерінің орындалуы қажет етілді.

Практикалық іс-әрекеттерді жоспарлау және орындау бойынша:

- объектіні (затты) әзірлеу бойынша жоспар құрастыру;

- практикалық іс-әрекетте өзіне, бұйымды даярлау процесі кезінде

объектінің (заттың) өлшемін бақылауды, өлшеуді және тәжірибені

жасауды жоспарлау және оларды практикада жүзеге асыру;

- болашақ әзірленетін объектіні болжау;

- практикалық іс-әрекетті орындаудың жоспарын талдау әрекеттерін

орындау талап етілді.

Мұнда оқушылар 19 ой және дене әрекетін (15 әрекет) және бұйымды орындауға сәйкес жұмыс орнын ұйымдастыру (еңбек құралдарын, жабдықтарды қою), сызба құралын және материалды (түрін, түсін; қаттылығына, т.б.), өлшеу құралдарын дұрыс таңдауды (4 әрекет) орындауы тиіс болатын. Осы бойынша алынған нәижелер төмендегідей болды (№ 3 кесте).

(№ 3 кесте)

Белгілеу экспериментіндегі оқушылардың тапсырмаға сәйкес орындаған

іс-әрекеттерінің жинағы


N

Оқушының аты-жөні

Ақпаратты амал жасауы

Себеп-салдарлық байланыс-тарды көрсетуі

Практикалық іс-әрекеттерді жоспарлауы және орындауы

Қоры-

тынды

1

Асанов А.

3

3

3

9

2

Асарбаева А.

4

4

3

11

3

Абдусаттарова Б.

3

4

3

10

4

Алмаханова Ұ.

3

4

4

11

5

Аманов М.

5

5

4

14

6

Әдиева Ш.

4

4

5

13

7

Әшірбекова Қ

4

4

4

12

8

Бабанова Қ.

3

4

3

10

9

Батырбекова А.

3

3

3

9

10

Бегайдар С.

4

4

4

12

11

Бөлегенов A

3

3

3

9

12

Есентаева С.

5

4

4

13

13

Зарқымов С.

5

5

4

14

14

Керімбекова Ү.

3

4

3

10

15

Кеңесбеков Н.

3

3

3

9

16

Құлтаева А.

3

3

3

9

17

Құдайбергенов Ж.

4

5

5

14

18

Саттарова А.

5

5

4

14

19

Тұрашова Ж.

5

4

3

12

20

Сазанбектегі

3

4

3

10

21

Шайықова Н.

3

3

3

9
1   2   3   4



Похожие:

Кіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың iconКіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың
...
Кіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың iconМазмұны Кіріспе І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру

Кіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың iconМазмұны Кіріспе 3-5
Тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негізі
Кіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың iconМазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері

Кіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың icon«Бекітемін» «Келісілген» «Қаралған»
Мақсаты: мұғалімнің үздіксіз шығармашылық ізденісте жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушыларды оқытып тәрбиелеу
Кіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың iconМазмұны Кіріспе 5 1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Кіріспе 5
Кіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың iconКіріспе 3 1 тарау. Туризи – табиғатты тану 7
Тарау. ОҢТҮстік қазақстан облысы, ТӨлеби ауданы, жаңажол елді мекенінде; Өткізілген туристік экологиялық жарыс 15
Кіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың icon3 і-тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық негізі
Тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық негізі
Кіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың iconМазмұны 2 кіріспе 3 І бөлім мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері 8
Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұя бірлігінің педагогикалық негіздері 8
Кіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың iconМазмұны кіріспе 3 i-тарау
Кіріспе 3
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов