Мазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері icon

Мазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері



НазваниеМазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
страница5/5
Дата06.05.2013
Размер0.68 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5
Атамекен тобы топырақ арасынан шұбалшаңды тапты. Шұбалшаң топырағы құнарлы, ылғалды жерлерде тіршілк етеді. Денесі жұмыр, созылыңқы, бірнеше қысқа қылтандары болады. Сол қылтандары арқылы қозғалады. Шұбалшаң топырақ арасына ін қазып, топырақты ауамен қамтамасыз етеді. Ол топырақты жапырақ қалдықтарымен қоса жейді де, сыртқа шыққан топырақ құнарланады.

Атамекен тобы 5 деген баға алды.

Жер - ана тобы су астынан сүлікті алды. Сүлік су астында, суы тартылып қалған тоқтау суларда тіршілік етеді. Денесінің бір жағы жалпақ денесінде өте ұсақ бүртіктер болады, денесінің екі жағында да сорғыштары бар. Сол сорғыштары арқылы адымдап, қозғалады.

Сүлікті медицинада қолданады. Сүлік жақтарымен тістеген кезде ауыздан гирудин деген сілекей бөлінеді. Гирудин қанды ұйытпай, сұйылтатын зат.

Жер - ана тобы 3 деген баға алды.

^ ХІХ-пункт. Арқан байлау.

Арқан байлау пунктіне келен соң, оқушылар арқан (жіп) байлаудың көптеген түрлерін пайдаланып сақтандыру шараларын қалай жүргізуге болатынын үйрөнді.

І-топ арқан байлаудың көптеген түрлерін біледі екен:

1.Тура түйін. Екі жіпті жалғау арқылы түйіндерді шешілместей етіп байлады.

2. Өткізіп байлау тәсілін тасқа байлап көрсетті.

3. Буындырып байлауды ағашқа байлап көрсетті.

4. Айқастырып байлаудың 2 түрі бар екенін айтып байлап көрсетті.

5. Үзөңгі байлауды I топ қалай байлану ережесін айта алмады.бүдан соң, I топ оқушылары тоқыма байлау, көкірекке байлау тәсілдерін көрсетіп қандай жағдайларда қолданатынын айтты.

Төреші I топқа 4 деген баға бөрді.

ІІ-топ та І-топтан қалыспады. Олардың байлаған жіптерінің түрлері мынадай:

1. Бұл топ та тура түйін байлап көрсетті. Бұлар тура түйіннің көптеген түрлерін байлады.

2. ІІ-топ та өткізіп байлауды жартасқа байлап көрсетті.

3. Буындырып байлауды жақсы байлап көрсете алмады.

4. Айқастырып байлаудың 2 түрін де жақсы байлап көрсетті.

5. Үзеңгі байлауды қалай байлайтынын, жарақаттанушыны жардан төмен түсіру үшін байланатынын айтып, бір оқушыны байлап көрсетті.

II - топ оқушылары бұл тәсілдерден басқа қазық шалу тәсілін байлап көрсетті.

II- топқа салыстырмалы түрде 5 деген баға берді.

ХІІ-пункт. Этнография.

Оқушылар ашық алаңқайға келді. Мынадай тақарапқа мақал - мәтелдер айту керек.

1. Жертуралы.

2. Сутуралы.

3. Жасыл - желек туралы.

4. Аң мен құс туралы.

5. Жалпы табиғаттуралы.

6. Табиғатты қорғау, күту туралы.

Осы жазылған тақырыптардың барлығына топ оқушылары мақал- мәтел айтты. Қай топ көп мақал-мәтел айтса сол топқа жоғары баға қойылады.

^ Атамекен тобының мақал-мәтелдері:

Жері байдың елі бай; Жер байлықтың көзі; Су бар жерде өмір бар; Су - дүниенің басы; Сулы жер - нулы жер; Жер - әке, су қамқоршы ана; Бұлақты жер - тұрақты жер; Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын; Арманымен ер сұлу, орманымен жер сұлу; Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті; Көк құрақ-көлдің сәулеті, құс пен аң-елдің дәулеті; Аққу, қазсыз - көл жөтім; Қарға баптанып, сұңқар болмас, есек мақтанып, тұлпар болмас; Табиғат - адамның алтын бесігі; Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ; Бұлақ көрсең, көзін аш, құдық көрсең -басына тал ек; Күте білсең жер жомарт; Бір тал ағаш өсірсең, еңбегіңнің жанғаны, абзал адам өсірсең, басыңа бақ қонғаны; Атамекен тобы 18 мақал -мәтел айтып, 4 деген баға алды.

^ Жер -ана тобының мақал - мәтелдері:

Жер ырыстың кіндігі; Жаман - әйел ер қадірін білмес, жаман адам - жер қадірін білмес; Су - тіршілік тірегі; Су анасы - бұлақ; Су ішкен құдығыңа түкірме; Су - ырыстың көзі; Еңбек - кірістің көзі; Жер - қазына су алтын; Сусыз жердің шөбі сұйық, суайт адамның сөзі сұйық; Бір тал кессең, он тал ек; Дана көркі - шал, өзен көркі -тал; Ер - елдің көркі, орман - тоғай жердің көркі; Үш іс тындырған адам бала өсірген кісі, тал өсірген кісі және кітап жазған кісі өлмейді; Қаз ұшып кетсе - көлді үйрек жағалар; Өлеңге енсе, сөз сұлу, аққу жүзсе, көл сұлу; Топырағым түгілі, жапырағымды сатпаймын; Қара жерге не ексең соны орасың, табиғаттан алсаң қарыз боласың; Таза ауа ас емес, астан бірақ пәс емес; Жылап жүріп арық қазсаң, күліп жүріп су ішерсің; Қара жер қарыз арқаламайды; Ғұмыр жасыңды ұзартқың келсе - ағаш ек; Адамгершіліктің үш сауабы - шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған және жолға ағаш еккен;

Жер -ана тобы жарысу барысында 23 мақал -мәтелдер айтып, өздеріне 5 деген бағаны алды.

^ ХІV -пункт. Ас адамның арқауы.

Бұл соңғы пункт . Бұл пунктте екі топта ашық алаңға жиналып өздері алып келген азық -түліктен ас әзірлеуге кірісті. Төреші екі топқа да тапсырма берді.

1. Тапсырма. Ошақ қазып қазан орнату.

2. Тапсырма. Ас пісіру жолдары .

Оқышылар осы тапсырмаларды орындады.Тамақтанып болған соң, төрешілөр екі топтың да дайындаған тағамдарына өте жақсы деген баға берді.

3. Жарысты қорытындылау .

Шешуші кезең келіп жетті.төрешілер жиналып жарыс қорытындысын шығарды.Топ басшыларының қолындағы әр пункттегі төрешілер қойған бағаларды есептеді .Атамекен тобы 61 ұпай жинап жеңіске ие болды. Жөр - ана тобы 59 ұпай жинады. Жарыс 1430 сағат аяқталды.

Қорытынды

Табиғат - адам тәрбиешісі. Адам - адам болып туып адам болып қалуы үшін табиғаттың атқарар ролі зор. Табиғат бөлшектері: жан-жануаралар дүниесі, өсімдіктер әлемі, өзен-сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала, бәрі-бәрі адамдардың ойына-сана, денесіне - қуат, бойына - күш, өнеріне шабыт, көңіліне қанат бөреді.

Ертө замандардан бері адамзат өзінің тіршілігіне қажетті заттардың бәрін табиғат қазынасынан алып көлді. Табиғат байлығын тоздырмай, ортайтпай, қайта қорландырып, нәрлендіріп, молайтып отыруымыз да сондықтан.

Қазіргі кезде адам табиғат байлықтарын өз керегінше алып, пайдаға заратып қоймай, олардың табиғи түріне ірі-ірі өзгерістер енгізуде. Біздің көбіміз күнделікті тіршілікпен жүріп, өзіміздің айнала қоршаған ортаның күн санап жұтаң тартып, өзінің бірте-бірте табиғи кейпінен айырылып бара жатқанын байқаймыз.

Қазіргі таңда біздің ғаламшарымызды келешекте адам өмір сүруге жарайтын күйде сақтап қалудың негізгі бір-ақ жолы қалды. Ол - бүкіл халыққа экологиялық білім беру мен оларды табиғат қорғауға тәрбиелеу. Соның арқасында әрбір азамат өзі тұратын өлкенің өлі және тірі табиғатын ластап - улануына, қорының ысырап болып, шашылып - төгілуіне, көркемдігінің тапталуына саналы түрде іс жүзінде қарсы тұруға үлес қоса алады.

Табиғат дегеніміз - бұл біздің санамыздан тыс, бізге бағынбайтын, біздің өмірімізге табиғи тірек болып тұрған - болмыс, әлем, бар дүние. Адам баласы өмірінің, материалдық және рухани тіршілігінің бір-ақ табиғи тірегі бар. Ол - табиғат. Табиғатсыз адам жоқ. Онсыз адам жайлы сөз етуге болмайды.

Ал табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін, ол міндетті түрде ештеңемен ластанып, уланбаған болуы тиіс.

Ғалымдардың зерттеу жұмыстары табиғат адам баласының барлық материалдық және рухани қажетін тек таза болса ғана, адам баласының қолымен ластанып - уланбағанда ғана атқара алатындығын көрсетіп отыр. өз қолымызбен ластанып уланған табиғатты өзіміз пайдалануымыз - біздің сорымз. Ол бізге жазылмас ауру, айықпас дерт әкеледі.

Табиғаттың мол қазынасын парықсыз шашып-төгетін - адам, адам-құрайтын қоғам. Сондықтан қазір адамзат алдында тұрған көкейкесті мәселенің бірі - туған табиғатты аялап, оны қорғаудың экологиялық жолдарын ұтымды шешу.

Қазіргі оқыту бағдарламалары экологиялық білім беруді дамыту педагогика ғылымының басым бағыты екенін көрсетіп отыр. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда биология ғылымының зор мүмкіндіктері бар, себебі биология ғаламшардағы сирек тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай, тірі табиғатты қорғауға шақырады.

Туған жер - алтын бесік, сая бағым,

Тау-тасыңды, топырағыңды аялаймын.

Орманың жасыл желек, гүлді алқап,

Табиғат береріңді аямадың!

Көліңе сән береді аққу жүзіп,

Өзенің сарқырайды тауды бұзып,

Жан-жануар түрі мол аумағында

Тамсанамын, қараймын көзді сүзіп.

Мендегі табиғаттың бөлшегімен,

Табиғаттың берерін өлшеді кім?

Таусылмас түпсіз терең мұхит па ол?

Ойланатын кез келді, достым бүгін!

Табиғатты ұқсатып, мәпелейік!

Барды сақтап, мәртебе әперейік!

Келер ұрпақ мәз болып ісімізге,

Жалғастырсын күш қосып күшімізге!

Табиғатты қорғайық, аянбайық!

Барды-жоқты пайымдап баяндайық!

Болашақта қызығын көру үшін

Қатысса деп ойлаймыз барша халық!

Қорыта айтқанда, экологиялық білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс орындалатын туристік жарыс - оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастырып, табиғатты сүюге, еңбек мәдениетін, танымдық қызығушылықтарын, өз бетінше жүргізу икем дағдыларын, ұжымдық жұмыс жасау мен мәселе көтеру дағдыларын дамытады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Арбит А.Е. Луговьер Д.А.

Фотография и киносьемка в путешествий.-м., 1988

2. Әлімқұлова Р. Өсімдіктану.-Алматы, 1995.

3. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. - Алматы, 2001.

4. Беркімбай 0., Муталиөв Ә. Жануарлар экологиясы.-Шымкент, 1999.

5. Биология, химия, география №2, 1998; №3, 6 1999; №2,5 2000.

6. Брем Альфред Птицы.-М.,1999.

7. Верзилин Н.М, Корсунская В.М.

Общая методика преподавания биологий.-М., 1983.

8. Вербе И.А., Голыцин С.М. Туризм в школе.-М. 2003.

9. Вуколов В.Н.

Основы төхники и тактики активных видов туризма.-Алматы, 1996.

10. Грин Н., Стаут У.

Биология в 3-хтомах,-М.,1990.

11. Гировка Н.Н.

Туристско-рекреационные ресурсы Семиречья и опасные экзогенные процессы. - Алматы, 1996.

12. Жатқанбаев Ж.Ж.

Экология негіздері. - Алматы, 1989.

13. Зверев И.Д., Мягкова А.Н.

Общая методика прөподавания.-Алматы, 1998.

14. Ердавлетов С.Р.

Казахстан туристский.-Алматы, 1989.

15. Кабушкин Н.И.

Менеджменттуризма.-Минск, 2001.

16. Ковшар А.Ф

Мир птиц Казахстана.-Алматы, 1988.

17. Қалиүлы Б.

Өсімдік атаулары. Орысша-қазақша сөздік.-Алматы, 1993.

18. Қайым Қ.

Жануартанудан танымдық ойындар.-Алматы, 1995.

19. Қайым Қ.

Жануартану.-Алматы, 2001.

20. Қасымбекова Т

Тіршіліктану.-Алматы, 1993.

21. Қуанышова С.Е.

Өсімдіктану пәнінен табиғатта өткізілетін танымжорықтар.-ОҚМУ, 2000.

22. Қуанышова С.Е.

Халықтық педагогика элөменттерін биология сабақтарында қолдану. -ОҚМУ, 2000.

23. Қуанышова. С.Е.

Биологияны оқыту әдістемесі.-ОҚМУ, 2003.

24. Остапенко В.А.

Птицы и звөри в вашөм домө.-М.,1992.

25. Терещук В.А. Спутниктуриста.-Алматы,1997.

26. Шілдебаөв Ж.Б. Қызықты экология.-2000.
1   2   3   4   5



Похожие:

Мазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері icon3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
Кіріспе
Мазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері iconМазмұны кіріспе I. Тарау. ӘЛемдік және отандық ТӘжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
Жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері
Мазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері iconМазмұны Кіріспе І
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру формалары
Мазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері iconМазмұны Кіріспе І
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру формалары
Мазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері iconМазмұны кіріспе
Экологиялық тәрбие берудің маңызы
Мазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
Мазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері icon3-7 I тарау: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері
Кәсіптік бағдардың мәні мен мазмұны
Мазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері iconІ сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда окушыларға экологиялық тәрбие берудің мәні және оның құрылымы
Мазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері iconКіріспе бет і-тарау білім берудің ақпараттандырудың теориялық негіздері
Кіріспе бет
Мазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері iconМазмұны Кіріспе
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудің дидактикалық қағидаларының сипаты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов