І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері icon

І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері



НазваниеІ сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
страница2/4
Дата06.05.2013
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4
1.2. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие

беру мәселесі

Алғаш рет ғылыми әдебиетте табиғат қорғау мәселесін педагогикалық тұрғыдан профессор В.Н. Скалон қарастырды. Ол: «Гүлденген, мор табиғат-арман емес, бұл шындық, ал оның мүлтіксіз сақталуы бізге байланысты... Кішкентай кезінен балаға жануар болсын, өсімдік болсын, барлық тірі дүниеге аяушылық сезіммен қарауды үйрету керек, сонда барып адамгершіліктің негізі қаланады»,-дейді.Әрбір адамның табиғатқа қарым-қатынасы, өзіндік жеке сыртқы ортамен байланыстың қалыптасуы тәрізді, дара тұлғалық іс-әрекеті болып табылады. Профессор А.П.Сиделковскийдің пікірі бойынша: «Адам баласының тіршілігінде болатын басқа да қарым-қатынас түрлері тәрізді сыртқы ортамен байланыс күрделі де тұтас әлеуметтік жүйелер құрылымын түзеді. Өз кезегінде ол жеке адамның практикалық іс-әрекетінде және психикасында көрінеді»,-делінген.

Көптеген ғалымдар адам баласының сыртқы ортамен қарым-қатынасын қайта құруды оның технологиясынан емес, адамдардың психологиясынан бастауды жөн деп есептейді.

Белгілі академик В.Соколов, экологиялық тәрбиені имандылыққа тәрбиелеудің бір бөлігі ретінде қарастыра отырып, психология-педагогика ғылымы адам мен табиғаттың арасындағы қарым-қатынасты толықтай реттеп алады деп атап көрсетеді: «Адам мен табиғаттың арасындағы қарым-қатынас өзара түсінушілікпен, сыйластықпен жүруі керек, белгілі бір сәйкестік тауып отыруы қажет. Мұндағы басты бағыт - адам баласын тәрбиелеудің жоспарлы да үздіксіз жүруі».

Қоғам мен табиғаттың арасында болатын қарым-қатынас туралы білім беру әр адамның практикалық іс-әрекеттерінде басшылыққа алатын дағдыларын қалыптастырады. Экологиялық білім және тәрбие жалпы тәрбие берудің бір бөлігі ретінде шәкіртті жан-жақты дамытуға, оның азамат ретінде қалыптасуына бағытталған. Экологиялық тәрбие деп адамның қоршаған табиғи ортаға саналы, табиғатқа ұқыпты түрде қарап, оның байлықтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттігін түсінетін, табиғатты қорғауға белсене қатысатын көзқарасты қалыптастыруды айтамыз.

Экологиялық тәрбие беру мәселесі барынша күрделі, сан қырлы және өте маңызды болғандықтан, соңғы кездері философтардың, педагогтардың және психологтардың назарын аударып отыр.

Адам мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болған қарама-қайшылықты жою қажеттігі қазіргі кезде бүкіл адамзатты байыпты ойлануға мәжбүр етуде. Бүкіл әлемдік экологиялық мәселені шешуге үлес қосу ғылым мен техниканың мәндеттері ғана болып қоймай, сонымен бірге педагогика мен мектептің де басты және игілікті борышына айналуда. Ғасырлар бойы өзін табиғаттың қожасы деп сезініп келген келген адам бойындағы оған деген тұтынушылық пайдакүнемдік қатынасын психологиялық тұрғыдан қайта кұру қажеттілігі туып отыр.

Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің басты міндеттері мен өрісін белгілеуде академик И.Д.Зверев еңбектерінің орны ерекше. Ол: «экологиялық тәрбиенің мақсаты, ғылыми білім жүйелерін, көзқарас пен сенімдерді, адамгерішілік нормаларына сәйкес қоршаған ортаның хал-жағдайына азаматтық белсенді қатынастарды қамтамасыз ету болып табылады»,-дей отырып, оның педагогика теориясы мен практикасындағы жаңа сала екендігіне баса назар аударды.

Ғалымдардың негізгі бөлігі экологиялық тәрбие берудің, нәтижесін жеке адамның іс-әрекетінде байқалатын, қоршаған ортаның жай-күйіне деген моральдық жауапкершіліктің белгілі деңгейінің қалыптасуы, экологиялық сенімі мен мәдениетінің болуы, табиғатқа қарым-қатынасындағы мұраты мен этикасының қалануы деп атайды.

Атақты педагог Б.М.Кудрявцева экологиялық тәрбиенің психологиялық табиғатын қарастырып, оны жүйелілік жолмен іске асырудың қажеттігіне ерекше мән берді.

Ол табиғатты қорғауға жұмылдырудағы адам бойындағы сенімнің негізгі мына бөліктеріне баса назар аударды.

Оларды төмендегіше жіктеді.

1. Интеллектілік компоненті: сенім негізіндегі экологиялық білімді дүниетанымдық сипаттағы интеллектілік іскерлікті ойлау тәсілдері арқылы меңгеруі.

2. Жеке - даралық компоненті: қатынас пен бағалаудың себебі - табиғат қорғау әрекетіне мақсат қою және олардың себептік дәлелі, моральдық бағыттылығы, табиғатты қорғау қажеттілігіне және адамзаттың бұл қажеттілікті ұғыну сенімі.

3. Ішкі дайындығы: ықылас, ниет - субъектінің өзіндегі бар біліміне сәйкес әрекеттенуге талаптылығы ұстанған жолын нақты іске, әрекетке айналдырудағы дайындығы.

Профессор А.Н.Захлебный жалпы білім беретін орта мектепте экологиялық тәрбие жұмысында екі әлеуметтік мақсатқа жетуді ұсынды:

- оқушылардың жеке мінез-құлқында және әртүрлі іс-әрекетінде табиғи ортаға жауапкершілік қатынас нормаларын сақтау қажеттігін тәрбиелеу.

- Қоршаған ортаны жақсарту мен қорғауда оны оқушылардың ұқыптылықпен пайдалану дағдысын, сонымен бірге табиғатқа ысырапшылдық сипаттағы барлық көрініске төзе алмайтындай қарым-қатынаста тәрбиелеу.

А.Н.Захлебныйдың болжаған мақсаттарына жету әр мектептің тәрбие жұмыстарының нәтижесі болуына септігін тигізеді.

Оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беруді мемлекетаралық деңгейде қарастыру бүгінгі күні қарқынды дамуда.

Бастауыш мектеп жас кезеңі қоршаған әлемді эмоционалды-сезімдік меңгеруде басым роль атқаратындықтан экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыруда ең қолайлы кезең болып табылады. Бұл жаста балалардың санасында табиғи, әлеуметтік ортаға және өзіне деген қарым-қатынастарын анықтайтын көрнекілік-образды әлем бейнесі және адамгершілікті экологиялық позициясы қалыптаса бастайды.

Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығы, талпыныстары, әсерленгіштігі, қоршаған әлемді эмоционалды-образды қабылдауға ықыластылығы олардың экологиялық санасын тәрбиелеуде мол мүмкіндіктерге ие. Яғни, бастауыш сынып оқушыларының табиғатқа деген қарым-қатынасы табиғат байлығын қорғауда қалыптасқан мінез-құлқы олардың экологиялық санасының дәрежесін көрсетеді.

Б.Т. Лихачев экологиялық сананы табиғи және қоғамдық ортада өмір сүретін тірі ағзалардың қоршаған ортамен және бір-бірімен өзара тәуелділігі, тұрақты тепе-теңдігі туралы адамның меңгерген білімі ретінде бағалайды.

^ Экологиялық білім оқу-тәрбие процесінің нәтижесінде қалыптасады. Пәнаралық байланыс, жылдан-жылға жүзеге асырылатын оқытудың жалғастығы қоғам мен табиғаттың қатынасы жөнінде толық білімді меңгеруге көмектеседі.

Экологиялық білім - бізді қоршаған тірі табиғат құрылымы жөніндегі білімдер. Ол жердің тірі жамылғысының, тіршілігінің биосфералық тұтастықта қалай жұмыс жасайтынын білдіреді.

Биосфераның тіршілігіне адам іс-әрекетінің әсері күннен-күнге өсіп отырғандықтан, экологиялық білімдер табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негіздері ролін атқарады. Экологиялық білімдер - адамзаттың табиғаттың бүгіні мен ертеңі тығыз байланысты екенін түсінуінің негізі, табиғатты қорғауды ұйымдастырудың шынайы қажеттілігі, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, әр тұлғаның бойында қоршаған ортаның жағдайына деген жауапкершілікті тәрбиелеу, өсімдік және жануарлар әлемін сақтау.

Экологиялық білім мазмұнының басты төрт әлементін ашып көрсетуге болады:

1). Экологиялық сананы қалыптастыруды, қоршаған табиғаттың бейнесін қабылдауды қамтамасыз етіп, материалдық-практикалық, рухани-интеллектуалдық іс-әрекет ету тәсілдерімен қаруландыратын табиғат, әкология туралы білімдер жүйесі.

2). Оқушылардың табиғатпен қарым-қатынас жасауына негіз бола алатын және табиғатты қорғау қабілеттерін қамтамасыз ететін жалпы интеллектуалдық, практикалық дағды, іскерліктер жүйесі.

3). Меңгерілген білім, іскерліктерді экологиялық ситуацияларда өз бетімен қолдану, бұрыннан белгілі іс-амалдар негізінде жаңа іс-әрекет амалдарын қалыптастыру.

4). Табиғи ортаға эмоционалды-еріктік, құндылықты-жағымды қарым-қатынас тәжірибесі.

Оқушылардың экологиялық білімдерді меңгеру барысында құндылық бағдары қалыптасады, жануарлар мен өсімдіктердің, ландшафттардың материалдық қана емес, эстетикалық құндылығын даралап, олардың адамның жан-дүниесіне, қуаныш сезімінің пайда болуына ықпал ететіндігін аңғарады. Білімдер неғұрлым саналы әрі берік болса, соғұрлым оқушылардың ойы тереңдеп, ғылыми түсініктердің, заңдар мен заңдылықтардың мәніне терең бойлап, көзқарастары мен сенімдері кеңейе түседі. Оқылатын материалды, үстірт меңгеру, білімдегі жүйесіздік сенімнің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сенімді қалыптастыру - оқушыда табиғат пен қоғамның дамуына деген адамгершілік, эстетикалық, экономикалық, философиялық көзқарастардың толық әрі ғылыми жүйесін қалыптастыру деген сөз. Сенім адамның берік әрі белгілі ұғымдарға негізделген өмірлік позициясын білдіреді. Экологиялық сенімділік жеке тұлға дүниетанымының құрамды бөлігі болып табылады. Сенім балаларда табиғат жөнінде білімдерді меңгеру барысында көрінеді. Алайда білім мен сенім - бір-бірінен алшақ ұғымдар. Көп ретте оқушылар белгілі жағдаятта өзін қалай ұстау керек екендігін, диспут, талас-тартыс кезінде қандай позиция ұстану керектігін біледі, алайда бұл білімдер қажетті, әрі саналы емес. Бұндай оқушының сөзі ісінен алшақ жатады, білімі мен мінез-құлқында бірлік болмайды, яғни оның білімі сеніміне айналмаған.

Экологиялық білім мен тәрбие беруде сенімді қалыптастыру - тұлғаның іс-әрекетіне айқын бағдар мен маңыз беретін саналы мотивті қалыптастыру. Білімнің сенімге айналуында экологиялық құндылықтар оқушылар үшін маңызды мәселеге, қоғамның сыртқы талаптары оның ішкі қажеттілігіне айналуы керек. Бастауыш сынып оқушыларының бойында сенімді қалыптастыруда төмендегі қағида жүзеге асырылуы керек: түсіндім - өз бойымнан өткіздім - қабылдадым - орындадым. Немесе түсінемін, қабылдадым, мінез-құлқым мен іс-әрекетімде оны басшылыққа аламын. экологиялық мәдениетті қалыптастыруда экологиялық сенімді орнықтырудың мәні зор. Сенім - жеке тұлға бағыттылығының негізін қалайтын фактор Г.Е. Зелесский мен Б.И. Дозонов жеке тұлғаның бағыттылығын қалыптастыруда оның тұлғалық қызығушылықтары белгілі бір иерархиялық жүйеде қызмет ететіндігін атап өтеді.

Мәселен, Г.Е. Зелесский жеке тұлғалық қызығушылықтарды үйлестіру, реттеу, иерархиялау қызметін атқарушы мен құраушы ретінде анықтаса Б.И. Дозонов оларды тұрақты байқалатын мінез-құлық, яғни мінез-құлық бағдарламасы ретіндегі сенімдер ретінде қарастырады. Автор оны үш типке ажыратады: адамдарға, Отанға, идеяларға қызмет етуші өмірдің мәні; өзін-өзі көрсетуде, өзін-өзі орнықтыруда қызмет етуші өмірдің мәні; өмірден ләззат алуға қызмет етуші өмірдің мәні.

Табиғатқа аялы, жауапкершілікті қарым-қатынас табиғатты тек бүгінгілердің ғана емес, болашақ ұрпақтың игілігі ретінде сақтау туралы экологиялық сенімге негіз болады.

^ Экологиялық сенімді қалыптастыру үшін теорияның нәтижесін практикалық іс-әрекетте қолданудың маңызы зор. Оқушы табиғи ортаны қорғаудың нақты жұмыстарына қатыса отырып, бұл іс-әрекеттің ерекшелігімен танысып қана қоймайды, сонымен қатар нақты жағдайларда экологиялық заң мен ережелерді сақтау қажеттігін түсініп, сезінеді, түрлі сипаттағы экологиялық маңызды жәйіттердің нәтижесін ойлайды. Ол тұлғаның эмоционалдық сферасына әсер етіп, санасында терең із қалдырады. Нәтижесінде оқушы табиғатты пайдалану практикасымен байланысты фактілер мен құбылыстарға тұрақты тұлғалық қарым-қатынасқа дағдыланады, экологиялық принциптер мен ережелерді сақтау, қоршаған ортаны қорғау, қажеттілігіне деген сенімі қалыптасады. Қорыта келгенде, экологиялық сенім теория мен практиканың, білім мен мақсатты бағытталған іс-әрекеттің арасындағы байланыстырушы буынның қызметін атқарады.

экологиялық қарым-қатынастар - адам тіршілігінің табиғи жағдайларын танып-білуге, өзгертуге және сақтауға бағытталған танымдық, реттегіш және табиғат қорғау қызметтерін атқаратын экологиялық мәдениеттің маңызды бір бөлігі. «Адам-қоғам-табиғат» жүйесіндегі қатынастарды ізгілендіру адамның іс-әрекетінің түрлі сферасын экологияландырмайынша мүмкін емес.

Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлға ретінде қалыптасуында қарым-қатынастар үлкен мәнге ие болатыны белгілі. Қарым-қатынас психологиясын зерттеуші В.И. Мясищев адамның қарым-қатынастарын түрлі объективті болмыспен байланыста болатын жекеліктің, таңдамалылықтың санамылықтың біртұтас жүйесі ретінде сипаттайды.

Зерттеушілер табиғатпен қарым-қатынастарды адамдардың қарым-қатынастары жүйесінде салыстырмасы өзбетті екендігіне назар аударады.

Мәселен, өндірістік (табиғат ресурстарына қарым-қатынас), саяси (табиғат байлығын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатқа деген қарым -қатынас), отбасылық (табиғат аясында демалу, табиғатпен қатынас жасаудағы отбасылық дәстүрлер). А.А. Люблинская адамның табиғатпен қарым-қатынасының үш аспектісін атап көрсетеді: біріншісі - табиғатқа материалдық өндірістік объектілері, еңбек құралдары, адамдардың табиғи өмір әрекеттері, оның шарттары мен алғышарттары ретінде табиғатқа қарайтын қарым-қатынас; екіншісі - экологиялық өзара әрекеттену жүйесіне кіретін адамның өзінің табиғи әлеуетіне, өз организміне қарым-қатынасы; үшіншісі -табиғи ортаны зерттеу мен қорғауға байланысты іс-әрекеттерге қарым-қатынасы.

Табиғат пен адамның материалдық-практикалық, рухани-интеллектілік өзара әрекеттестігі қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылады. Ондай қарым-қатынастар Ф.Я. Полинчак және Г.В. Платоновтың пайымдауынша «...«адам-табиғат-қоғам» жүйесінің тиімді жағдайларын қолдау мақсатында адамдардың өз арасында пайда болады».

Сонымен, адам биосферасыз өмір сүре алмайды және барлық қарым-қатынастардың жүйесі адам мен табиғат арасындағы зат алмасу процестерін жүзеге асыруға қызмет етеді, ондай қарым-қатынастардың жиынтығы, бір жағынан экологиялық қатынастар сияқты, адамды қоршаған табиғатпен байланыстырса, екінші жағынан, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынастарының қажетті буыны болып табылатын, жөнінде экологиялық мәдениет, экологиялық сана, экологиялық іс-әрекет сияқты элементтері негізін құрайтын экологиялық қарым-қатынастың деңгейін көрсетеді.

Ғылымда айқындалғандай, табиғатқа қатынас адам қарым-қатынасының жүйесінде, үш аспектіде көрінеді: біріншісі - материалдық өндірісте; екіншісі -экологиялық өзара әрекеттер жүйесінде; үшіншісі - табиғи ортаны зерттеу мен қорғауда.

Балалардың табиғатқа деген қарым-қатынасы мәселелері А.Н. Захлебный, , И.А. Зверев, И.Т. Суравегина сияқты ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Ғалымдардың пайымдауынша, жеке тұлғаның «қоғам талаптарын, өзінің әрекеттерін терең, саналы түрде ұғынуы мен экологиялық ситуацияларда өзіндік құндылығы мен әлеуметтік рөлін ұғынуына негізделген жоғары дәрежедегі жағымды қарым-қатынасымен» сипатталатын жауапкершілікті қарым-қатынасты қалыптастырудың мәні зор. Себебі, А.Н. Захлебный айтқандай, табиғатқа дәл, жағымды қарым-қатынас тек табиғаттың әкономикалық құндылықтарынан ғана емес, қоғам мен тұлғаның табиғат аясында үйлесімді дамуының экологиялық және әлеуметтік мәнділігін айқындайтын дүниетанымдық позициядан көрінеді. А.Н. Захлебный қарым-қатынас көрінісінің үш сферасын атап көрсетеді: 1) жеке мінез-құлық мәдениеті; 2) қоршаған ортаны қорғау, күтіп-баптау, гүлдендіруде қоғамға пайдалы еңбекке белсене қатысу; 3) табиғатты қорғауда бүгінгі таңдағы жаңа идеяларды, кәсіптік еңбектегі экологиялық мәдениет нышандарын насихаттау.

Бұл туралы М.С. Каган «Адам мен адамның риясыз қарым-қатынасы адамның табиғатпен қарым-қатынасында орын алу керек. Сонда рухани байлық ұғымы табиғатқа ізгілік қатынас деп аталатын біртұтас мағыналық қатегориямен толығады және ол қай жағынан болсын рухани болады. Тек осы жағдайда ғана адам табиғатқа деген өз қатынасындағы пайдакүнемдіктен арылып, оған объект ретінде емес, субъект ретінде қарайды, оны құрметтейді, бағалайды, онымен жақын досындай қарым-қатынас жасайды», - дейді.

Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениеті компонентінің бірі жеке тұлға қарым-қатынасының ізгіліктілігі болып табылады. Бұған М.А.Кирьянов «кемелді тұлғаның адамгершілік әлемінің мәнін айқындайтын, оның адамға деген белсенді сүйіспеншілігін, ізгілікті ұстанымын табиғатқа деген сүйспеншілік ұстанымымен біртұтас байланыстыратын және табиғатқа субъект ретінде қарайтын деңгейдегі қатынасы», - деген түсініктеме береді. Бұл бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруда оларды табиғатты «жаулап алу, бұзып-қирату, зиянкестікпен пайдалануға» емес, оған сүйіспеншілік танытып, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу керектігіне көз жеткізеді.

Сондықтан, В.Н. Скалонның еңбектерінде: «Гүлденген тамаша табиғат көріністері - арман емес, ол объективтік шындық, бірақ оны қорғап, сақтау өзімізге байланысты, яғни өзіміздің балаларымызды қалай тәрбиелей алатынымызға тәуелді. Кішкентай кезінен бастап, баланың бойында жан-жануарға болсын, өсімдікке болсын жанашырлық сезімін тәрбиелеу керек», -деп аталып өтілгендей балалардың табиғатқа жағымды қарым-қатынасын жастайынан қалыптастыру әркімнің өмір сүру заңына айналуы тиіс.

Бастауыш сынып окушыларының «Адам-қоғам-табиғат» жүйесіндегі іс-әрекеті табиғатты қорғау, гүлдендіру, табиғат байлығын пайдалану, табиғатты қорғау субъектісі ретінде өзіне, ұжымға, өзге адамдарға, қоғамға деген қарым-қатынастарымен анықталады.

«Табиғат және мен» қарым-қатынасында оқушылардың табиғатқа зиянкестік жасамауды, «обал», «ысырап» талаптарын ұғынып, сезіне білуінің мәні зор. Бұл қатынастар біріншіден, табиғат байлығын ізгілікті көзқарастарымен, «обал», «ысырап», «үнемшілдік» категорияларына сәйкес табиғат байлығына деген ізгілікті көзқарастармен анықталады; екіншіден, табиғатты аялап, сақтау, зиянкестік, ластанумен күресуде жеке тұлға мен қоғам мүдделерінің, мұқтаждықтарының үйлесуінен көрініс табады. Осындай қарым-қатынастарда оқушыларға адамның табиғаттың бір бөлігі екендігін түсіндіріп, адам денсаулығының тікелей табиғат тазалығына байланыстылығын санамен пайымдауына көмектесу қажет. Н.Г. Гончаров айтқандай: «Адам -табиғатта ерекше орын алатын әлеуметтік, қоғамдық тіршілік иесі. Оның өмір сүруі кез-келген тірі организмдердің биологиялық заңдарына тікелей байланысты. Оның тіршілігі, адамдық мәні организмдегі физиологиялық процестерге зор ықпал ететін әлеуметтік заңдармен анықталады». Адам табиғат байлығын пайдалануда экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың мән-маңызын санамен ұғынып, қоршаған табиғатты сақтауды жастайынан тікелей өзінің қажеттігіне айналдыруы тиіс.

А.П. Сидельковский: «Оқушылардың табиғатқа қарым-қатынасы - күрделі де кешенді әлеуметтік құрылым, ол алдымен, сыртқы - практикалық іс-әрекеттік сферада, - яғни жеке тұлғаның өмірінде және оның ішкі сферасында -психикасында дамиды», -деп көрсетті.

Сонымен қатар, Н.А. Рыков және Б.Г. Иоганзен өз зерттеулерінде табиғатпен қарым-қатынастың төмендегідей мотивтерін айқындайды:

- азаматтық - Отанға сүйіспеншілік мотиві, еліміздің байлығын көбейту мен қорғауда қоғам алдындағы борышын түсіну;- ізгілік мотиві - іс-әрекеттерде мейірімділік, қамқорлық көрсету, табиғатты қорғауға ниет ету;

- эстетикалық мотив - табиғаттың әсемдігін сезіну және түсіну. Қорыта келгенде, экологиялық қарым-қатынастар адамдардың табиғатпен қатынасында, өзара әрекеті процесінде қалыптасып, біртіндеп ішкі өзгеріске ұласады. Осы ішкі өзгеріс адамның ісі мен мінез-құлқын, этикалық, эстетикалық және т.б өлшемдерін анықтайтын бағалау қатынасын қалыптастырады деп тұжырымдауға болады.

ІІ – Тарау. СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРҒА

^ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие

берудің педагогикалық шарттары.

Білім беру жүйесі бір-біріне барабар емес екі сала бойынша: дәстүрлі орта мектепте және мектептен тыс ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Дәстүрлі мектепте білім беру жүйесінің тұрақтылықтылығы қамтамасыз етілсе, мектептен тыс ұйымдарда қоғам сұраныстарына сәйкес оқу-тәрбие процесіне түзетулер енгізіліп отырады. Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбие жүйесінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін бүгінгі таңда осы екі саланың іс-әрекетін үнемі үйлестіріп отырудың маңызы зор.

Бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық тәрбие беру бір ғана сынып-сабақ жүйесінің әрекетімен шектелмей, керісінше, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға және зерттеуге бағытталған түрлі практикалық іс-әрекетке тартып, мейлінше табиғатпен, ұстаздарымен, бір-бірімен қарым-қатынасын кеңейте түскен дұрыс. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалану тиімді нәтижеге қол жеткізбек.

Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттеріне:

- балалардың жеке басының дамуына, денсаулығын нығайтуына, кәсіптік бағдарын айқындауына, шығармашылық еңбегіне, өзінің қабілеттерін іске асыруына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;

- балаларды қоғам өміріне бейімдеу;

- оладың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру;

- өскелең ұрпақтың сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын

қалыптастыру;

- балалардың табиғи ресурстарды үнемді пайдалануын тәрбиелеу, оларды,

табиғатты қорғауға тарту;

- экологиялық білім жөніндігі бағдарламаны жүзеге асыру;

- азаматтықты және елжандылықты, өз Отанына

- Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

- экология және табиғатты қорғау салаларындағы ғылыми өндірістік

шараларға қызығушылығын қалыптастыру;

- білім беру ұжымдарының натуралистік және тәжірибелік жұмыстарын

жүзеге асыруға практикалық көмек көрсету, ауыл және орман

шаруашылығын отандық биологиялық ғылыми нәтижесін насихаттау.

Қандай да болмасын педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелілігіне белгілі бір шарттарды үхтану арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының әкологиялық тәрбиесін дамытуда біздер оның ұйымдастырушылық, мазмұндық, ғылыми-әдістемелік, моральды-психологиялық, әлеуметтік-мәдени шарттарын талдауды мақсат еттік.

Ұйымдастырушылық шарттарды қарастыру ең алдымен қоғам сұранысын және нақты жағдайларды есепке алу қажеттігін және содан туындайтын мақсатты анықтау болып табылады. Педагогикалық әдебиеттерде әрдайым бірлікте болып келетін сыртқы және ішкі шарттарды әлеуметтік және педагогикалық тұрғыдан бөліп көрсету қабылданған. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру бұл тұрғыдан келу оның өсу динамикасын және оған сыныптан тыс жұмыстардың сан қилы ықпал-әсерін есепке алуға мүмкіндік береді.

Білім мазмұны - педагогика ғылымында «нені оқыту керек» деген сұраққа жауап іздейтін ең күрделі проблема. Сондықтан ол мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудың мазмұндық шарты болып табылады. Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасында экологиялық білім берудің мақсаты мен міндеттерінің әлеуметтік маңыздылығына ерекше мән берілген. Сонымен қатар «экологиялық білім - қоршаған орта өзгерістерінің салдары мен оның жағдайы, қоршаған ортаға әсер ету саласындағы жүйелі дағдылар мен іскерліктерді, білімді меңгерту нәтижесі және мақсатты да кешенді процесс» екендігі анықталған. Бұнда жалпы білім беретін мектепде экологиялық білім берудің мазмұны мен міндеттерін жүзеге асыру жолдары мен амалдары көрініс тапқан.

Біздің зерттеу проблемамызға қатысты экологиялық білім мазмұнын қарастыратын еңбек - Н.В. Добрецованың зерттеу жұмысы. Зерттеуші қосымша экологиялық білім берудің бірнеше моделін ұсынған: ақпараттық, белсендірушілік, қалыптастырушылық, дамытушылық, еріктілік, интегративті модельдер. Бұл модельдер түрлерінің осынша көп болуы экологиялық білім берудің міндеттерін және оларды шешу әдістері жөніндегі түрлі пайымдауларға байланысты. Осы тұрғыдан Н.В. Добрецова қосымша экологиялық білім беру мазмұнын былайша топтастырады:

- натуралистік - табиғатты табиғат аясында зерттеу;

- инвайроментальдық

- "экологиялық императив" принципі негізінде табиғатпен өзара қарым-қатынасқа түсуде, оқушылардың шамасына лайықты амалдар арқылы тұрақты мотивацияны қалыптастырумен бірге, қоршаган табиғат ортасы жөніндегі түсініктерін дамыту;

- іс-әрекеттік - оқушыларды қоршаған табиғат ортасын зерттеу мен қорғау бойынша түрлі іс-әрекеттерге тартуға ықпал етеді.

Білім мазмұнын қалыптастыру бойынша педагогикада нақты көзқарастар орныққан. Оның теориялық негіздері М.Н. Скаткин, В.В. Краевский, B.C. Леднев, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің тиімділігі оның ғылыми-әдістемелік шарттарын нақтылауды талап етеді. Бұл сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудың міндеттерін жүзеге асыруға қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілгенде ғана мүмкін болады. Ол үшін бастауыш мектеп оқушыларынан құрылған экологиялық үйірме бағдарламасын, әдістемелік құралдарды, нұсқауларды, ұсыныстарды және мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбие беруге педагог кадрлар даярлығын қамтамасыз ететін арнайы әдістемелік семинар, әдістеме дайындау қажеттігі туындайды.

Белгіленген зерттеу мүмкіндіктерін жүзеге асыруда мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудың құрылымдық моделі негізге алынды. Оның басты компонттері болып мотивациялық, мазмұндық, психологиялық, процессуалдық саналады (Кесте 1).

Кесте 1 - Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің құрылымдық моделі


Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері





1 .Мотивациялық


Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарында бейнеленген тәжірибеге қарым- қатынасы

- сыныптан тыс жұмыстардың табиғатты қорғаудағы мәнін санамен түсінуі;

- сыныптан тыс тәжірибеге қызығушылығы;

- сыныптан тыс жұмыстардағы әкологиялық тәжірибені меңгеруге талпынысы;

- бастауыш мектеп оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарындағы экологиялық тәжірибе негізінде қоршаған ортаның тазалығы үшін күресуді қажетсінуі.

2.Мазмұндық

әкологиялық білімдерінің көлемділігі, жүйелілігі

- экологиялық білімдерінің көлемділігі;

- экологиялық білімдерінің жүйелілігі;

- экологиялық білімдерін табиғат қорғау іс-әрекеттерінде шығармашылықпен қолдана білуі;

- бүгінгі тандағы экологиялық проблемалар туралы мағлұматарының болуы

3.Процесуалдық

әкологиялық дағды, іскерліктері, белсенділіктері, рефлексия жасай білуі

- табиғат қорғау шараларына қатысу белсенділігі;

- экологиялық білімдерін таныс емес ситуацияларда қолдана білуі;

- экология саласында, ғылыми зерттеу, насихаттау істеріне араласу белсенділігі;

- табиғатпен қарым-қатынас нәтижелері бойынша рефлексия жасай білуі.
1   2   3   4



Похожие:

І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері icon3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
Кіріспе
І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері iconТұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері
І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері icon3 I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері
Дәстүрлі емес сабақ технологиялары арқылы білім берудің педагогикалық негіздері
І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері iconСабақ жоспары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері iconМазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол мекенінде өткізілген туристік экологиялық жарыс
І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері iconМазмұны кіріспе
Экологиялық тәрбие берудің маңызы
І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбиені қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері
І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері iconСыныптан тыс музыкалық тәрбие беру”
Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мүғалімінің...
І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері icon3-7 I тарау: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері
Кәсіптік бағдардың мәні мен мазмұны
І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері iconКіріспе бет і-тарау білім берудің ақпараттандырудың теориялық негіздері
Кіріспе бет
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов