І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері icon

І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері



НазваниеІ сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
страница3/4
Дата06.05.2013
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4


^ Анықтау экспериментінің бірінші бағыты бойынша мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытуға бағытталған экологиялық білім мазмұнын анықтау үшін бастауыш сыныптарда оқылатын «Дүниетану» пәнінің экологиялық мазмұнына талдау жасадық.

«Дүниетану» пәнін оқытуға барлығы 272 сағат бөлінген. «Дүниетану» пәнінің мазмұны оқушыларды қоршаған өмірдің әр түрлі объектілері мен құбылыстарын зерделеуге бағытталған танымдық іс-әрекет әдістерімен және тәсілдерімен жүйелі түрде қаруландыруға бағытталған.

Дүниетану пәні «Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарынан топтастырылған. Олардың басты мақсаты - интегративті пән ретінде оқушыларға біртұтас дүниедегі адамның орны мен ролін түсінуге көмектесу. Пәнді оқыту барысында мынандай нақтылы міндеттер қарастырылған: табиғат объектілері мен құбылыстарының алуан түрлілігі, олардың қасиеттері, сапалары, күйі, туралы ұғымдарды меңгерту, табиғи объектілер мен құбылыстар арасындағы өзара байланысты, тәуелділікті, олардың уақыттық және кеңістіктік өзгерістерін түсінуді қамтамасыз ету оқушылардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық ойлау стилін тәрбиелеу.

Бірінші сыныпта өтілетін материал 10 тақырыптан тұрады. Бұл тақырыптар аясында әр түрлі мазмұндағы 14 мақал және қанатты сөздер, 1 жұмбақ, 2 тыйым сөз, 5 өлең ендірілген. Мұнда қазақ ауызекі шығармашылығының тек 7 үлгісі ғана табиғат, табиғатты қорғау, табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыру мазмұнында. «Айналадағы дүние», «Жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер» сияқты тақырыптарда қазақ ауызекі шығармашылығы назардан тысқалған. Екінші сыныпта өтілетін 8 тақырыптың аясында «Сулы жер - нулы жер» мәтелі ғана қолданылған. Үшінші сыныпта өтілетін 10 тақырыптарда «Таза су - денсаулық кепілі. Суды үнемдеп жұмса» деген тыйым сөз орын алған. Төртінші сыныпта өтілетін 11 тақырыптарда экологиялық мазмұндағы қазақ ауызекі шығармашылығы мүлде пайдаланылмаған.

Сонымен, «Дүниетану» пәнінің тақырыптарында экологиялық мазмұндағы қазақ ауызекі шығармашылығы үлгілерін пайдалану дәрежесін талдау қазақ халқының экологиялық тәжірибесі толықтай пайдаланылмайтындығын көрсетті. Әрине, аталған пәннің сағат санының аздығы, өздеріне тиісті мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру қосымша материалдарды ендіруге кедергі болатыны белгілі. Сондықтан қазақ ауызекі шығармашылығы арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруды мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асыру жолдарын іздестіру қажет екендігіне көз жеткіземіз.

^ Анықтау экспериментінің екінші бағыты, Анықтау эксперименті барысында мектептен тыс ұйымдардағы қосымша білім беру педагогтерінің қазақ ауызекі шығармашылығы арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлығын анықтада қолданылған сауалнама, әңгімелесу, интервью алу, тест тапсырмалары нәтижелерін талдау, олардың қазақ ауызекі шығармашылығын жүйелі түрде пайдаланбайтындықтарын көрсетті.

Осы мәселелерге байланысты сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру жағдайлары мен мүмкіндіктерін анықтауда біз алдымызға бірнеше міндеттер қойдық:

1) мектеп педагогтарға бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беру мәселелерін мәселелерін жақсы жолға қоюда қажетті білім мен біліктерін анықтау;

2)сыныптан тыс жұмыс бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін арттыруды жүзеге асыруға даярлық деңгейін анықтау;

3) сыныптан тыс жұмыстарды жүргізетін педагогтермен сауалнама жұмысын жүргізу арқылы оқушылардың экологиялық тәрбиесін көтеру проблемаларын шешудегі кездесетін қиындықтар мен кемшіліктерін анықтау;

4) педагогтерді даярлаудың төмен деңгейінің себептерін анықтап, олардың экологиялық тәрбиесін көтеру жолдарын ұғыну.

Педагогтардың бастауыш сынып жасындағы оқушыларға экологиялық тәрбие беруге даярлық деңгейін білу мақсатында біз анықтау әкспериментін жүзеге асырдық.

Мектепте бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстар арқылы экологиялық тәрбие беруге педагогтардың қаншалықты даяр екендігін талдау нәтижелері олардың көпшілігігінің (40,8%) біліктілігі төмен екендігін байқатты. Педагогтер қазақ ауызекі шығармашылығы арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша өз бетімен білімдерін толықтырмайтындықтары (39,6%) және экологиялық білімдерінің таяздығынан оны экологиялық тәрбиеде шығармашылықпен қолдана алмайтындықтары (81,1%) анықталды.

Бүгінгі білім жүйесінде кеңінен таларған оқу-әдістемелік құралдар баршылық. Педагогтермен өткізілген әңгімелесу олардың өз бетімен ізденісінің, талпынуының жеткіліксіздігін көрсетті.

Сыныптан тыс жұмыстарда сынып жетекшілері окушыларға экологиялық тәрбие беруге байланысты мақсатты, алдағы болашаққа бағытталған практикалық іс-әрекетті жүзеге асыруда да іскерліктері қалыптаспағандығын байқатты. Сынып жетекшілерінің 40,8%зерттеушілік жұмысты жоспарлап жүзеге асыруда біліктері мен білімдері төмен болса, 45,4%-ы табиғатты қорғауға байланысты акция, олимпиада, слеттер өткізуде қиналады, 32,3%-' экологиялық проблемаларды зерттеуге бағытталған ұзақ, көпкүндік жорықтарды ұйымдастырып, табиғат аясына, өндіріс орындарына әкскурсияны сауатты ұйымдастыра алмайды.

Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты зерттеу жұмыстарына тартуда енжарлық, немқұрайдылық басым. Экскурсиялар мен саяхаттар белгілі бір экологиялық проблемалар төңірегінде емес көбінесе көңіл көтеру, оқушылардың демалысын ұйымдастыру үшін формальды түрде өтетіндігін көрсетті. Мектептен тыс ұйымдарда оқушыларға әкологиялық тәрбие берудің түрлі әдістері мен формаларын кеңінен пайдалануға шек қойылмайды. Алайда педагогтердің тек 12,5% -ы ғана өткізуді, 10,8%-ы оқу-тәжірибе учаскесіндегі практикалық жұмыстарды қолданатынына, ал 23%-ы үйірме жетекшілерінің ғана оқушыларды табиғатты қорғау және зерттеу жұмыстарына тартатындығына көз жеткіздік. Олардың 42,5%-ы оқушыларды жергілікті, өлкелік қоршаған ортаны экологиялық қорғау жұмыстарына тарту әдіс-тәсілдерін, 60%-ы әкологиялық мониторинг жүргізе алмайды. Үйірме жетекшілері бұл жағдайды әдістемелік материалдардың жеткіліксіздігімен, сондай-ақ табиғатта, тірі табиғат мүйістерінде, оқу-тәжірибе учаскелерінде практикалық сабақтар жүргізудің жеткіліксіздігімен түсіндіреді. «Балдәурен» балалар шығармашылығы орталығының кадрлар құрамын талдау олардың тек 57%-ының ғана жоғары педагогикалық білімі бар екенін көрсетті. Ал 11%-ы жоғары ауылшаруашылық білімді, 4%-ы орта педагогикалық емес білімді мамандар.

Сыныптан тыс жұмыстарды талдау бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбие мәселелері педагогикалық кеңестің жұмыс жоспарында күн тәртібіне қойылмағандығын, әдіс бірлестіктерінің тәрбиелік мәніне немқұрайды қарым-қатынасын, қосымша білім беру педагогтардың жұмыс жоспарларында экологиялық тәрбие беру мақсат етілмегендігін көрсетті.

Сауалнама жүргізу нәтижелерін талдау педагогтардың 72%-ы оқушылардың экологиялық тәрбиесін дамытуды қажет емес деп санайтындығын, экологиялық тәрбие үлгілерін 1-2 ғана педагогтың пайдаланатындығын және әдістемелік құралдардың мардымсыздығын байқатты. Педагогтармен әңгімелесу олардың экологиялық тәжірибесінен мағлұматтарының үстірт екендігін және экологиялық мазмұндағы мақал-мәтелдерге, жұмбақ, жаңылтпаштарға, ертегілерге немқұрайды қарайтындықтарын танытты. Сауалнама жүргізу барысында педагогтардың көпшілігі төмендегі ең қарапайым сұрақтарға жауап бере алмады:

- «экологиялық тәрбиеге байланысты қазақ ауызекі шығармашылығының қандай түрлерін білесіздер?»

- «Табиғат қорғау, табиғат байлығын үнемді пайдалану туралы мақал-мәтел айтып бере аласыз ба?»

- «Төрт түлік мал туралы қандай ертегілер бар?»

- «Эпостық жырлардың кейіпкерлері кімдер?»

- «Табиғат қорғау және табиғатпен қамқорлықты қарым-қатынаста болуды

талап ететін қандай тыйым сөздерді білесіз?

- «Балаларға экологиялық білім беруде қазақ этнопедагогика әлементтерін

пайдаландыңыз ба?»

Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың сынып жетекшілерінің этнопедагогика, этнопсихология, этномәдениет негіздері туралы білімдердің жеткіліксіздігі (77,1%) оларды оқушыларға экологиялық тәрбие беруде пайдалануда қиындықтар туғызатындығы анықталды. Педагогтерінің көпшілігі бұл терминдердің мәнін түсіндіре алмайтын болып шықты.

^ Анықтау экспериментінің үшінші бағыты бойынша мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту моделінің мазмұндық компонентінің көрсеткіштеріне сәйкес, оқушылардың экологиялық білімінің көлемділігі мен жүйелілігі сауалнама, тест тапсырмалары, әңгімелесу, интервью сияқты зерттеу әдістері арқылы анықталды.

Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстар арқылы меңгерген экологиялық білімдерінің көлемділігі мен жүйелілігін анықтауда бірнеше әдістеме қолданылды. Бастауыш сынып оқушыларының қоршаған табиғи ортаны сақтау, қорғауға байланысты мақал-мәтелдер туралы мағлұматтарын анықтау мақсатында Бастауыш сынып оқушыларының қоршаған табиғи ортаны сақтау, қорғау жайлы мақал-мәтелдер туралы мағлұматтарын анықтау мақсатында «Аяқталмаған сөйлем» әдістемесі қолданылды.

1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел ....................................................

2. Адам көркі шүберек, ағаш көркі .................................................................

3. Ел ұлсыз болмас, жер ................................................................. болмас.

4. Құс қонбаған көл жетім, ел қонбаған............................................ жетім.

5. Бір тал кессең, он........................................................................................ек.

6. Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен.............................................ел көгерер.

7. Қыстағы қар, жаздағы ......................................................жерге жауған нұр.

8. Сулы жер -.................................................................................................жер.

9. Ата-асқар..........................................................................................................

Ана - бауырындағы.........................................................................................

Бала - жағасындағы........................................................................................

10. Судыңда.........................................................................................................

11. Малдың жайын....................................................................................білер,

Оттың жайын......................................................................................білер.

12. Бұлақ көрсең............................................................................................аш.

Берілген жауаптарды талдау оқушылардың экологиялық тақырыптағы мақал-мәтелдерің мазмұнын түсінбейтіндігін көрсетті. Аяқталмаған сөйлемдердің 3 оқушы - 5-еуін, 2 оқушы - 3-еуін ғана дұрыс тауып жазды.

Келесі ретте бастауыш сынып оқушыларына табиғат, өсімдіктер, жануарлар әлемі қандай қазақ ертегілерінде суреттелгендігі туралы тапсырма берілді. 8 оқушы табиғат суреттері туралы «Қазығұрт тауы», «Байқал мен Анғара» сияқты ертегілерді атаса, 3 оқушы өсімдіктердің қадір-қасиеті туралы «Аяз би», «Асан қайғы» ертегілерін мысалға келтірді; 6 оқушы жануарлар туралы ертегілерден құстардың тіршілігі баяндалған «Бақыт құхы», «Алып құс самұрық» ертегілерін, хайуанаттар туралы «Жыл басы», «Түлкі мен бөдене» «Екі лақ» ертегілерін дұрыс тауып айтты.

Бастауыш сынып оқушыларына әпостық жырлардағы табиғатты, табиғат құ-былысын, өсімдіктер мен жануарлар жайында берілген суреттемелер бойынша мазмұндама жазу тапсырылды. Өкінішке орай, балалардың көпшілігі әпостық шығармалардың аттарын, басты кейіпкерлерін атағанымен, олардағы қоршаған табиғат жайлы мәтіндерге мән бермегендіктерін, естерінде қалмағандықтарын көрсетті.Сауалнама әдісінің фактологиялық, тұлғалық, эмоционалдық ақпарат алудағы мүмкіндіктерін пайдаланып, алдын ала ойластырылған сұрақтар арқылы, жоғарыда аталған модельдің мотивациялық қарастырылғандай, бастауыш сынып оқушыларының қазақ ауызекі шығармашылығында суреттелген халықтың экологиялық тәжірибесіне деген қарым-қатынасы анықталды. Ол үшін бастауыш сынып оқушыларына төмендегі сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптар алынды. (кесте 3).

Кесте 3- Бастауыш сынып оқушыларының қазақ ауызекі шығармашылығында көрініс тапқан экологиялық тәжірибеге деген қызығушылығын анықтауға арналған сауалнама нәтижесі

Қойылатын сұрақтар

Жауап. түрлері %

ия

жоқ

Басқа да жауапт.

1. Табиғат көріністері суреттелген қазақтың ауызекі шығармашылығы үлгілерін атап бере аласың ба?

- мақал мәтелдер

- жұмбақтар

- жаңылтпаштар

- ертеплер

- тыйым сөздер

- әпостық жырлар



















4

65

31

-

0,2

99,8

0,5

-

99,5

0,1

-

99,9

-

93

7

-

-

-

2. Адамның-табиғаттың төл перзенті екендігі туралы мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар, ертегі, қанатты сөздер, тыйым сөздер, әпостық жырлар білесің бе?

2

51

47



















3. Өсімдіктер жайлы мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, ертеп, қанатты сөздер, тыйым сөздер, әпостық жырлар білесің бе?

2

18,3

79,7



















4. Жануарлар жайлы мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, ертегі, қанатты сөздер, тыйым сөздер, әпостық жырлар білесің бе?

4

16,3

79,7



















5.Табиғатты аяулау қажеттігі жөнінде тыйым

сөздерді білесің бе?

2,3

47,2

50,5











Интервью бойынша оқушылардың жауаптарын талдау, өкінішке орай, бастауыш сынып оқушыларының білімдері төмен екендігін және табиғатқа деген қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің қажетті деңгейде қалыптаспағандығын көрсетті.

Келесі ретте табигат объектілері жайлы жұмбақтар шешу жүзеге асырылды:

1. Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды (Күннің көзі).

2. Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті (Күннің күркіреуі).

3. Көп бауырсақ ішінде бір қалам (Жұлдыздар ішіндегі ай).

4. Жалт-жалт еткен, Жырғадан өткен (Су).

5. Екпіні сонша қатты болса дағы

Ұстасаң қолыңызға білінбейді (Жел).

6. Екі ошаққа бір көсеу (Сиырдың танауы мен тілі).

7. Кішкентай ғана бойы бар Айналдырып киген тобы бар (Қой).

8. Апан-апан, ескі шапан,

Иір қобыз, жарық жұлдыз (Түйе).

9. От басында құмған,

екі көзін жұмған (Мысық).

10.Ерте тұрады, жар шақырады (Қораз).

11.Екі басы жұдырықтай, ортасы қылдырықтай (Құмырсқа).

12. Күн нұрымен піседі, уылжып қолға түседі (Жеміс).

13. Құжынаған жұмыскер, бір мекенде тым іскер (Құмырсқа).

14. Сайрайды бір талмайды, әнші құс бал таңдайлы (Бұлбұл).

15. Суда өседі, өнеді, сыртқа шықса өледі (Балық).

16. Аласа ғана бойы бар Тоғыз қабық тоны бар (Пияз).

17. Өсіп тұрған ол не ? жаз болса жайнап,

Салқында ән салып, құстар жүрген сайрап.

Салқын түссе шешініп, қалады өзі жайрап. (ағаш).

Жұмбақтардың шешімін 12 оқушы ғана толық дұрыс таба алды. Ал көпшілігі қазақ жұмбақтарынан хабардар емес екенін байқатты. Мектепте сыныптан тыс жұмыстарда халық педагогикасы элементтері сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық тәрбиесін дамыту моделінің процессуалдық компоненті мынандай сұрақтарға құрылған әңгімелесу арқылы зерттелді.

Оқушылардың сауалнаманың 4-ші, 7-ші, 8-ші, 9-шы пунктері бойынша берілген жауаптары үлкен алаңдатушылық тудырады. Мәселен, оқушылардың 3,1 %-ы ғана натуралистік-экологиялық үйірмеге қатынасқан, ал «бір тал шыбық сындырсаң, он тал егуің керек деп ойлайсың ба?»- деген сұраққа 12,6% -ы жоқ деп жауап берсе, үй хайуанаттарын 5,2%-ы жәбірлеу, қорлау сияқты жазықты іс-әрекеттер жасаған. Талдау материалдарын сараптау негізінде сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың экологиялық тәрбиесін дамыту деңгейлері анықталды. (кесте 4)

Кесте 4 - Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарда көрініс тапқан экологиялық тәжірибеге деген қызығушылығын анықтауға арналған әңгімелесу нәтижесі

Қойылатын сұрақтар


Жауаптар (бала саны)

ия

жоқ

Басқа да жауап.

1. Табиғат, табиғатты аялау, қорғау қажет деп ойлайсың ба?

2,6

36,5

60,9

2.Табиғат, табиғат көріністері туралы кітаптарды оқыдың ба?

24,8

17,2

58

3.Жануарларды, өсімдіктерді күтіп баптауға жауапкершілікті болған кездерің болды ма?

16,9

36,1

47

4.Натуралистік-әкологиялық үйірмеге қатыстың ба?

3,1

71,6

25,3

5.Табиғат суреттерін тамашалайсың ба?

48,8

2,7

48,5

6.Бір тал шыбық сындырсаң, он тал егуің керек деп ойлайсың ба?

14,4

12,6

73

7.Табиғатқа зиян келтірген кезің болды ма?

3,9

35,2

60,9

8.Үй хайуанаттарын (мысық, лақ, қозы, тауық, қаз, үйрек т.б.) жәбірлеген, қорлаған кездерің болды ма?

5,2

51,8

43

9.Адамдардың табиғат көздерін ластаған сәттерде қарсы болған кездерің болды ма?

7,5

38,2

53,7


Кесте 5 - Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту деңгейлерінің динамикасы


Экологиялық мәдениет деңгейлерінің өсуі


Бірінші диагностикалық кесінді нәтижелері

ЭТ

БТ

Жоғары

4 (5,4 %)

3 (4,2 %)

Орта

32 (43,3%)

35 (48,6 %)

Төмен

38(51,3%)

34 (47,2 %)





^ Сурет 1 - Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту деңгейлерінің динамикасы

Анықтау әкспериментінің нәтижесі бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесінің төмендігін және педагогтардың сыныптан тыс жұмыстар арқыды экологиялық тәрбиесін дамытуға даярлық деңгейлерінің жеткіліксіз екендігіне байқатты. Сонымен қатар, мектепте мектеп педагогтарына лайықталған бірізділікті үйірме жұмысының бағдарламасы, оны жүзеге асыруға қолайлы әдістемелік ұсыныстардың жоқтығы осы бағытта қалыптастыру экспериментін жүргізу қажеттігіне көз жеткізді. Атқарылған жұмыстар мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудың оку-әдістемелік жүйесін жасауға мүмкіндік берді.

^ 2.2. Сыныптан тыс жұмыстарда окушыларға экологиялық тәрбие

беруде қазақ ауыз әдебиетін пайдаланудың әдіс - тәсілдері.

Адам мен табиғат қатынасындағы адамгершілік сапасы қазақ халқының ұлттық экологиялық мәдениетінен айқын көрінеді. Қазақ халқының дүниемен, табиғатпен қатынасында үш құбылыс байқалады: адамның аспан әлемі мен өз арасынан тұтастық іздеуі, ел мен жердің біртұтастығы туралы ұғым, адамның жер бетіндегі тіршілік иелерімен ішкі рухани тұтастыққа ұмтылуы. Бұл -халықтың табиғатты қара басының пайдасынан жоғары ұстап, қадірлеп-қастерлейтін экологиялық мәдениеті.

Адам мен табиғат қатынасындағы адамгершілікті қамқор, мейірбанды көзқарас қазақ халқының ұлттық экологиялық мәдениетінен айқын көрінеді. Қазақ халқының дүниемен, табиғатпен қатынасында адамның аспан әлемі мен өз арасынан тұтастық іздеуі, ел мен жердің біртұтастығы туралы ұғым, барынша тіршілік иелерімен ішкі рухани тұтастыққа ұмтылуы сияқты үш құбылыс түркі ақындарының, демократ ағартушыларының, «Бес арыстың» дүниетанымында көрініс тапқан. Қазақ халқының экологиялық ойлауы, экологиялық сана-сезімі, табиғатқа көзқарасы ауызекі шығармаларында бейнеленген. Ә. Нысанбаев пайымдағандай, қазақ философиясы негізінен «фольклорда, поэзияда, мақал-мәтелдерде, шежіре-дастандарда, эпостарда, мифологияда жинақталған және тұжырымдалған» . Сан ғасырлық тарихы бар қазақ қауымы жазба әдебиеті пайда болғанға дейін ауыздан-ауызға тарап, ел есінде сақталған мол рухани қазына жасай білген.

Қазақ халқының өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беруде жинақтаған тәжірибесін ең алдымен ауызекі шығармашылығынан табамыз. Осындай мол тәрбие көзіне бет бұру халықтың табиғатқа деген қарым-қатынасындағы даналығын, экологиялық тепе-тендікті, сақтауға мүдделігін, табиғат байлығын тиімді пайдалану тәжірибесін, табиғи ортаға деген саналы да жауапкершіліктіқарым-қатынасын бағамдап, ұрпақ тәрбиесінің кәдесіне жаратуға мүмкіндік береді.

А. Сейдімбектің деректері бойынша, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 1989 жылы құрылған қолжазба орталығында қазақ фольклорының ірілі-ұсақты екі жүз мыңдай нұсқасы сақталуда. Бұл мұра жанр жағынан өте бай, ертегі - 10 том, аңыз - 3 том, әңгіме - 3 том, шешендік сөздер - 5 том, мақал-мәтел - 4том, жұмбақ - 2 том, жаңылтпаш - 1 том, тиым сөздер - 1 том. Осыншама бай мұраны, Ә. Нысанбаевтың сөзімен айтқанда, «Жастарға ұлттық экологиялық тәрбие мен білім беру жүйесін жасап, іске асыруда пайдалану қажет. Балалар бақшасында, мектепте, жоғарғы оқу орындарында экологияның негіздерін жүйелі түрде оқыту, халықтың экологиялық санасы мен мәдениетін үздіксіз қалыптастыру ауадай қажет... Адамзаттың әлемдегі дәстүрлі өмір салтының бұзылуы құрдымға әкеледі. Сондықтан да, біз экологиялық жағдайды сауықтырудың бірден-бір жолы халық сандаған жылдар бойы қалыптастырған ұлттық дәстүрге қайтып оралу; деп қайталап айтамыз. Бүгінгі тығырыққа тіреліп отырған заманның экономикалық және экологиялық өзекжарды мәселелерін шешу ұлттық мәдениетімізді қайтадан өркендетуімізді талап етеді».

Қазақ этнопедагогикасы мен этнопсихологиясын алғашқылардың көш басында кемел зерттеген Қ.Б. Жарықбаевтың халықтың тәрбие идеяларын талдап, оның тәрбиелік әдіс-құралдарына, ақыл-ой, еңбек, адамгершілік тәрбиесіндегі ықпалына берген сипаттамалары олардың экологиялық мазмұны мен функцияларын танып-білуге көмектеседі.

Қазақ этнопедагогикасының зерттелуіне айрықша үлес қосқан С. Қалиевтың қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздерін, қазақ халқының тәлімдік және ұлттық ойлауының ерекшеліктерін, халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі мүмкіндіктерін, қағидалары мен принциптерін, әдіс-құралдарын ғылыми тұрғыда саралап, халық педагогикасының озық үлгілерін бүгінгі мектептің оқу-тәрбие жүйесіне ендіру жолдары мен амалдарын анықтап беруі ауызекі шығармашылығында көрініс алған қазақ халқының экологиялық тәрбиедегі бай тәжірибесін танып-білуде маңызы ерекше деп түсінеміз.

Профессор С. Ұзақбаеваның зерттеу нәтижелері өзінің сонылығымен, ауқымдылығымен ерекшеленеді. Оның жетекшілігімен халықтық педагогика, этнопедагогика мәселелері жөнінде докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалып, аталған проблеманың зерттелуіне айтарлықтай теориялық, практикалық үлес қосылды. С.А. Ұзақбаеваның халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығын (мақал-мәтелдер, эпос, айтыс өлеңдері, жыраулық дәстүр, жыр-терме), музыкалық шығармашылығын (ән мен күй), сәндік – қолданбалы өнерін (қыз балаларды киіз басу, сырмақ сыру, кілем, алаша тоқу, кесте және шілтер тоқу, киім тігу, оларды ою-өрнекпен әшекейлеу тәрізді еңбекке баулу, үйрету; ер балаларға ұсталық, зергерлік, етікші, ерші, үйші т.б. кәсіптік еңбек түрін меңгерту) педагогикалық мақсатпен саралап қарастыруы және оларға берген сипаттамалары бізге олардың экологиялық мән-маңызын пайымдауда негізге алынды.

М.Х. Балтабаевтың фольклордың трансляциялық, эстетикалық, тәрбиелік, идеологиялық, дидактикалық, тұрмыстық, танымдық, қатынастық қызметін қарастыру барысында музыкалық шығармашылық үлгілеріне берген функционалдық сипаттамасы олардың әлеуметтік-педагогикалық, экологиялық мәнін терең ұғынуға септігін тигізеді.

К.Ж. Қожахметованың этникалық тәрбиеге берген анықтамалары бойынша жеке адам қазақтың салт-дәстүріндегі этникалық құндылықтармен этноәлеуметтік рольдерді, этникалық нормаларды игереді. Автордың дайындауындағы қазақ этнопедагогикасының құрылымдық-логикалық үлгісі, бізге қазақ ауызекі шығармашылығында көрініс тапқан халықтың табиғатпен қарым-қатынас жасаудағы мінез-құлық нормаларын пайымдауға мүмкіндік береді.

Халық тәрбиесінде адам мен адамның, қоғам мен халықтың еңбекке, табиғатқа адамгершілік қарым-қатынасы, имандылық идеясы жетекші орын алады. Қазақ ауызекі шығармашылығы салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, наным-сенімдері, ырым-рәсімдері қазақ философиясын зерттеушілерге (А.Н. Нысанбаев, Р.П. Абсаттаров, К.Ш. Нұрланова, М. Орынбеков, О.А. Сегізбаев , А. Қасабеков, Ж. Алтаев, Т. Ғабитов т.б.) қазақ философиясының уақыт пен кеңістік арасындағы бітімін топшылауға, қазақтың ертедегі философиялық «даму әлементтерінен бастап қазіргі философиялық теориясын жасауға мүмкіндік беріп» қазақ философиясының идеологиялық бастау бұлағы болды. Олай болатыны - «Халық эпостары, ертегілері, аңыздары, лирикалық-тұрмыстық поэмалары, мақал-мәтелдері адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері» екендігінде.

Экологиялық тәрбиені дамыту халық педагогикасының жетекші дәстүрі болып саналады. Қазақ халқының экологиялық мәдениетінің басты ерекшелігі, З.Ж. Кенжалиев тұжырымдағандай: халықтың табиғат танымымен және адам танымымен етене тығыз байланыста, болғандығында, солармен аралас-құралас, «бөлінбеген түрде өмір сүретіндігінде... . Көшпенділер өздерін табиғаттың тікелей жалғасы, соның төл баласы сезінеді». Бұл өз кезегінде қазақ халқының табиғатты қорғауды, табиғат ресурстарын үнемді пайдалануды, табиғат байлықтарын қалпына келтіруді өзінің қасиетті борышы санайтындығын көрсетеді.

Жоғарыда талдауға алынған пайымдаулар біздерге бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиесін дамыту қазақ ауызекі шығармашылығында айшықталған халықтың экологиялық тәжірибесіне негізделуі тиіс екендігіне көз жеткізеді.Қазақ ауызекі шығармашылығы оқушылардың экологиялық тәрбиесін дамытуда жан-жақты қызмет атқарады. Біздер С.А. Ұзақбаеваның ғылыми жетекшілігімен орындалған еңбектерде берілген мазмұндық-функционалдық сипаттамаларға: халық ойындарының танымдық-тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендіру функциялары (А. Айтбаева); қазақ домбыра музыкасының қоғамдық жаңғырту-компенсаторлық, танымдық-эвристикалық, көркемдік-тұжырымдық, ақпараттық, коммуникативтік, тәрбиелік, иландыру, эстетикалық, гедонистік (Е. Қозыбаев); қазақ этномәдениетінің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, ақпараттық-коммуникативтік, реттеушілік, әлеуметтендіру (Б. Қайырова); халық білімдерінің жалпы әтникалық дүние мен күнделікті өмір жайлы түсініктерінің негізгі қызметін атқаруы; адамның өз іс-әрекетінің бағытын анықтаудағы бағдарлық ролі; туыстық қарым-қатынастар жүйесі, этноәлеуметтік рольдердің мәнін айқындау және этнос субъектілерінің арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, туыстық тегін тану сияқты функцияларына (К. Қожахметова ) сүйеніп, қазақ ауызекі, шығармашылығының келесі функцияларын анықтадық: танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, коммуникативтік, реттеушілік.

Біз өз зерттеулерімізде халық шығармашылығының экологиялық тәрбиедегі көрінісіне, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға деген мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге талпындық. Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынастары жөнінде мағлұматтар беру тәжірибесі, экологиялық білімдерге деген қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізеді. Сонымен бірге табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығы үшін күресуге деген қажеттіліктерін тұрақтандырады.

^ Балалар ойындары халық ауызекі шығармашылығының бір саласы болып саналады. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану жолдарын зерттеуші Е.Сағындықов: «Халық ойындары тек денені ғана емес, ойды жаттықтырушысы да болып табылады. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын, егжей-тегжейлігін білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген», - деп, орынды пікір айтқан.

Т. Иманбеков балалар ойындарына былай деп баға береді: «...ата-бабаларымыз ұлттық ойындарды баланы жан-жақты тәрбиелеудің негізгі құ-ралы ретінде қарастырған, оны ең күшті, қағылез, төзімді, түрлі жарыстарда үнемі жеңімпаз атанатын адамды анықтау ролін ғана атқарумен оны қатар, тәрбиеге пайдалы ықпал ететін негізгі күш» деп түсінген. Шын мәнінде «Ұшты-ұшты», «Дауысынан айырып біл», «Жүз қаз», «Қасқыр- қақпан», «Торғай мен бұтақ», «Неше қаз ұшып келді», «Мысық пен тышқан», «Қасқыр мен қаздар» сияқты толып жатқан экологиялық мазмұндағы ойындар әрі қарапайым, әрі оқушылардың түсінігіне жеңіл, балалардың қоршаған ортаға қарым-қатынасын қалыптастыруға қажетті тиімді құралдар болып табылады.

Мақал-мәтелдер халық айтқандай, сөздің мұнарасы. Орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинский мақал-мәтелдерді балалар тәрбиесі мен жеке адамның қалыптасуындағы сан ғасырлық тәжірибені қорытындылаушы нағыз халық педагогикасы деп санады. Асыл сөздің мәйегі мақал- мәтелдер, М. Әлімбаев тұжырымдағандай: «Өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын, бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы». Қазақтың даналық ойларын бойына түйген мақал-мәтелдер оқушыларды ұшқан құсты, жүгірген аңды, жан-жануарларды, өзен-көлдерді, тау-тасты қадір тұтуға, аялап сақтауға,, экологиялық іс-әрекетінде оны көріктендіруге талпындырады, қоршаған ортаны ластамау қажеттілігіне олардың көздерін жеткізеді. Мақал-мәтелдердің экологиялық мазмұны өте бай. Мәселен, адам туралы («Кісілікті кісі табиғатқа тартып туады», «Адам - табиғаттың төл перзенті», «Адам тастай берік, гүлдей нәзік», «Жақсы адам - елінің ырысы, жақсы жер - жанның тынысы», «Адам ұйымшыл, мал үйіршіл», «Адам көркі - шүберек, ағаш көркі - жапырақ»), атамекен, туған жер туралы («Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас», «Ер туса - ел ырысы, жаңбыр жауса - жер ырысы», «Жас құрақ - жердің көркі, ынтымақ - елдің көркі»), жер-су туралы («Жер тоймаса, ел тоймайды», «Туған жердің түйе жейтін жапырағы да дәрі, түйе аунайтын топырағы да дәрі», «Жер екеш жер де ауырады», «Жер отты болса, мал сүтті», «Сулы жер - нулы жер», «Жерді аздыратын - өрт, адамды аздыратын дерт»), төрт түлік және үй жануарлары туралы («Түйе - байлық, қой - мырзалық, жылқы - сәндік, ешкі -жеңілдік, сиыр - ақтық, шаруаның бәрі бес, егіншілік оған ес», «Мал төлімен жарасты, жер гүлімен жарасты», «Жүйрік мал бірде ат, бірде қанат», «Түйе -түлік басы», «Нар жолында жүк қалмас», «Ит - жеті қазынаның бірі», «Түлік төлден өседі»), егіншілік туралы («Тамыр тартқан тарықпас», «Күтімді егін бітімді, бітімді егін түсімді»), хайуанаттар туралы («Арыстандай күшің болса, түлкідей әдісің болсын», «Үйірлі құлан ақсағанын білдіртпес»), құстар туралы («Қарлығаш - көктем жаршысы», «Аққу жүзсе су сұлу», «Дегелек келсе жаз болар, бала-шаға мәз болар»), өсімдіктер туралы («Күтімі жаман ағаштың -бітімі жаман», «Аялы ағаш - саялы»), табиғат, уағыт, кеңістік туралы («Ай жарығы әлемге, шам жарығы түбіне», «Көктем, көктен нұрын төккен», «Күн күркіресе жер иір, жер иісе мал иір», «Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр - жерге жауған нұр», «Нөсер алдында найзағай ойнар», «Сүмбіле туса су суыр») мақал-мәтелдер бастауыш сынып оқушыларының табиғатты қорғаудың мәнін санамен түсінуіне көмектесіп, оларды қорғау, сақтау, қоректендіру ісіне қатысу белсенділігін арттырумен бірге, танымдық, тәрбиелік, коммуникативтік, реттеушілік қызмет атқарады.Мақал-мәтедердің реттеушілік функциясының жалпы міндеті - қазақ халқының экологиялық тәжірибесі, экологиялық мәдениеті негізінде қалыптасқан табиғатпен қарым-қатынас мөлшерін, шектеулерін ұстану. Қазақ ауызекі шығармашылығының реттеушілік функциясы табиғатты қоғамның материалдық және рухани байлық көзі санап, оның қадір-қасиетін санамен ұғынған, мейірімді, жанашырлықты көзқарасында көрініс береді: «Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат, ат төбеліндей болса да, туып-өскен ел қымбат», «Жер шежіресі - ел шежіресі», «Күте білсең - жер жомарт», «Жер тоймай ел тоймайды», «Жерін қорлаған жеріне сыймайды, елін қорлаған еліне сыймайды», «Бір тал кессең, он тал ек», «Аялы ағаш - саялы», «Елі бай болсын десең, жерінің бабын тап».

Жұмбақтардың тақырыптары сан алуан. С. Садырбаевтың еңбегінде олар былайша топтастырылған: жаратылыс-табиғат; адам анатомиясы және іс-әрекеттері; жан-жануарлар тіршілігі. Олардың қай-қайсысы да экологиялық тәлім-тәрбие көзі болып табылады. Жұмбақтар Н. Төреқұлов айтқандай, балаларды тапқырлыққа, ойдан қорытынды жасауға жетелейтін педагогикалық мүмкіндікке ие. Жұмбақтарда табиғат объектілері әсем бейнеленген. Мысалы, «Басына үлпілдетіп таққан шашақ, бұралып талшыбықтай тұрған жасап» деп қамысты сұлу қызға теңесе, енді бірде: «Бір ағашта қырық бұтақ, қырық бұтақта қырық ұя, қырық ұяда, қырық жұмыртқа, қырық жұмыртқада қырық балапан», - деп, бидайдың бір тал басының тіршілік көзі, ел байлығы екендігін, адам игілігіне жаралған өсімдікті халықтың аса қадір тұтқандығын көрсетеді. Төрт түлік мал мен жануарлар әлемі де жұмбақтарда халықтың назарынан тыс қалмаған: «Төрт тағанды бойы бар, момындық дұрыс ойы бар, кербезденіп жүрмейді, айналдырған тоны бар» (Қой), «Асты пышақ, үсті істік. Өзіне лайықтап киім пішкен, секіріп-секіріп түскен» (Ешкі), «Таптым-таптым тап жорға, табаны жалпақ боз жорға» (Түйе), «От басында құмған, екі көзін жұмған» (Мысық), «Тарпаң-тарпаң тарбиған, түрі жаман жарбиған» (Бақа). Қайсыбір жұмбақты алсақ та, әсем сөз тіркестері арқылы табиғат объектілерінің сұлу да көрікті, сәнді бейнесін елестетеді. Елестетіп қана қоймайды,балаларды олардың тыныс-тіршілігімен таныстырады, әрқайсысының табиғатта алатын орнын бағамдауға, қамқорлықты, мейірбанды қарым-қатынаста болуға талпындырады.

Белгілі философ Ә. Нысанбаев: «Жалпы жұмбақ халық аузында таралатын болғандықтан, оның өміршеңдігі, елге таралуының шарты ол жұмбақтың қиялға қозғау салар, ойнақылығымен қатар, оның көпке ортақ, көңіл тереңдігіндегі образды бейнелерге қозғау салу мүмкіндігінде. Жұмбақ жасыру өнерінің бір ерекшелігі - бүл дүниелік заттың атауын жасыра отырып, көңілдегі суреттерге қозғау салып, қиялды қанаттандырады », - деген пікірі арқылы жұмбақтардың танымдық, тәрбиелік, дамытушылық функциялар атқарудағы мүмкіндіктерін танытады.

Табиғат объектілерінің арасындағы байланыстарды жинақы, қызықты ойын ретінде ұқтырудың маңызды үлгілерінің бірі - жаңылтпаштар. Жаңылтпаш -қазақ ауызекі шығармашылығының кең таралған түрі. Ауызекі шығармашылылықтың басқа да үлгілері сияқты олардың тақырыптары саналуан болып келеді. А. Байтұрсыновтың сөзімен олардың айтқанда: «Жаңылтпаш деген аты жаңылудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тіл келмейтін, иә басқа сөз қылып бұзып келетін сөздердің басын құрап, келістірген шығарма жаңылтпаш деп айтылады» . Халық арасында жаңылтпаш балалардың ғана емес ересектердің де ермегі болған.

Е. Сағындықов пайымдағандай, жаңылтпаштар «Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, өзін қоршаған өмірді танып-білуге, сол ортамен жеке танысуға мүмкіндік береді. Мысалы, «Құдық қазып аршыдым, топырағын жаншыдым, аршыдым да балшығын, шаншыдым да талшығын, аршыдым да малшыдым, шығардым да бар шымын, жүрегімді шаншыдым»; «Базда боз ат мінген атам. Бозда боздап жүрген атам»; «Беріп тай, лақты, алдым тайлақты. Беріп тайлақты, алдым тай, лақты» т.б. Бұлар әрі жылдам, әрі дұрыс айтылуы тиіс. Бұл оқушыға қатты әсер етеді».

Қазақ халқының өз ұрпағын табиғатқа зиян келтірмеуге, тірі табиғат иелерін жәбірлемеуге баулитын, ізгілікке тәрбиелейтін құралдарының бірі - тыйым сөздер. «Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Қазақтар тізені құшақтау -жалғыз қалудың, қолды төбеге қою - ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп таныған және ондайістерге қатаң тыйым салған». Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп кездеседі. Адам - табиғаттың төл перзенті екендігін санасына сіңіруді, адам деген атқа кір келтірмеуді көздеген халық: «Адам мен табиғат егіз. Табиғат -туған анаң, оған зиян тигізбе», «Адам деген ұлы ат, оған кір келтірме», - деп, жаман әдеттен аулақ болуға үйретіп, табиғатқа зардабын тигізетін іс-әрекеттен сақтандырып отырған. Тағы бірде «Қиын-қыстау кезеңде адамдығыңды жоғалтпа», «Адамды, малды аттама», - деп кеңес берген. Себебі қазақ үшін ата қоныс, ата мекен киелі саналған.

Өсімдік дүниесін қорғау, зиян тигізбеу, табиғатпен қарым-қатынаста экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатындағы тыйым сөздер «Көкті жұлма, көктей соларсың», «Көкорай шалғынды таптама, көк шөпті жұлма», «Жалғыз ағашты кеспе», - деп ескерткен. Бұндай тыйым сөздер оқушыларды туған өлкесінің әсемдігін бағалауға, аң мен құсын, өзен-көлін, гүл-жапырағын қадірлеп-қастерлеуге, аялауға үйретеді.

Қазақ ертегілері ауызекі шығармашылықтың мол саласы болып есептеледі. Қазақ ертегілеріне мазмұндық сипаттамалар берген Ә. Диваев, М. Әуезов, М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев және тағы басқа ертегі танушылар оларды тақырыптарына қарай түрліше жіктемелеген. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығың қалыптастыру мақсатында А. Ж Едігенова жасаған қазақ ертегілерінің жіктемесі назар аударалық:

1). Қиял-ғажайып ертегілер.

2). Тұрмыс-салт ертегілері.

3). Батырлық-ерлік жайындағы.

4). Қазіргі ертегілер.

5). Үй жануарлары жайындағы ертегілер.

6). Хайуанаттар жайындағы ертегілер.

Біздер оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру талаптарына сәйкес ертегілерді шартты түрде төмендегіше қарастырамыз: Аңыз ертегілер («Асанқайғы», «Қазығұрт тауы», «Байқал мен Айғара»); қиял-ғажайып ертегілер («Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Алты жасар Алпамыс», «Алтын балық», «Бақыт құсы», «Алып құс Самұрық», «Ағаш ат»); төрт түлік және үй жануарлары жайлы ертегілер - іс («Бозінген», «Екі әтеш», «Күшік пен мысық», «Бес ешкі», «Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды?», «Тоқты, қошқар, бұзау, бұқа, лақ, теке»); құстар жайлы ертегілер(«Бақыт құсы», «Бала қарға», «Қарлығаш пен дәуіт», «Бөдененің құйрығы неге келте?», «Қыран мен құзғын», «Бұлбұл, Жарқанат және Қарақұрт», «Кептерлер кеңесі», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Сауысқан мен көкек», «Екі әтеш», «Ақ көгершін», «Әтеш пен тоты»); хайуанаштар туралы ертегілер («Жыл басы», «Алтын мүйізді киік», «Тапқыр қоян», «Ит-түлкі мен қасқыр», «Үш аю», «Жолбарыс пен қоян», «Ақ тиін мен қасқыр», «Қу түлкі», «Түлкі мен маймыл»).

Ертегілердің қай түрін алсақ та олардың мазмұнына табиғаттың, табиғат сұлулықтарының, жыл мезгілдерінің, жан-жануарлар әлемінің тыныс-тіршілігі және олардың адам өміріндегі мән-маңызы арқау болғандығын көреміз. М. Жұмабаевтың сөзімен айтқанда: «Ертегілердің балалардың ақыл-ойын, тілін, санасын дамытудағы, көңіл-күйін көтерудегі, рухани дамуындағы құндылығына баға жетпейді. Балалар қарапайым нақыл сөздерді түсіне бермесе де, образды ертегіні жақсы түсінеді. Егер балаға өтірік айтқан жаман деп жай ғана айтсақ, сөздің далаға кеткені. Ал егер ертегі кейіпкерінің өтіріктің кесірінен қиын жағдайға түскені туралы ертегі айтып берсек, бала оны бірден түсінеді және өтірік айтпайтын болады. Бір сөзбен айтқанда, бала үшін ертегі -ең қажетті зат...». Қазақ ертегілерінен халықтың адамның ішкі рухани байлығы, жан сұлулығы, табиғаттағы басқа тіршілік иелерімен жағымды қарым-қатынас жасау экологиялық мәдениет аспектілермен үйлесімді болуын қалағаны айқын көрініс береді.

Оқушылардың табиғат анаға деген экологиялық білімдерінің көлемдігі мен жүйелілігін қамтамасыз етіп, оларды табиғат қорғау іс-әрекеттерінде шығармашылықпен қолдана білуге, құрмет сезімін жандыруда сабақтан тыс уақытта қазақ ауызекі шығармашылығы үлгілерін төмендегідей кестеден көруге болады. Кесте 5

Кесте - 5 Бастауыш мектеп оқушыларына этноэкологиялық тәрбие

берудің бағыт-бағдары


^ Жұмыстың бағыт-бағдары

Оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрі

Мұғалімге қажетті дағды

Ұйымдастыру

Оқушылардың экологиялық тәрбиесін жүзеге асыратын іс-әрекетті ұйымдастыру

Этноэкологиялық материалдарды талдау, жинастыру

Ынталандыру

Табиғат қорғауға арналған іс-әрекеттердің маңызын ұғындыру

Оқушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығы жайлы жеткілікті мағлұмат беретін тәрбиелік жұмыс түрлерін таңдау

Айқындау

«Адам-табиғат» ұғымының мазмұнын ұғындыру, дүние-танымдық, көзқарасты қалыптастыру

Табиғат қорғаудың қажеттілігін уағыздап айқындау

Әсершілдік, көркемдік талғампаздықты қалып-тастыру

Ауыз әдебиеті жазба әдебиет үлгілерінен көркемсздің әсерлілігіне, мазмұнының тереңдігіне мән беру, сүйсіну

Оқушылардың сезім дүниесіне әсер ететін әтноэкологиялық көркем туындыларды іріктеу



Байқағыштықты

қалыптастыру

Оқыған немесе жаттаған үлгіден автордың немесе халықтың) көтеріп отырған басты мәселесін тауып ала білу

Оқушының бойында көркем шығармаларының басты түйінің таба білу дағдысын қалып- тастырудың әдіс-тәсілін меңгеру

Дамыту

Алынған ақпаратты меңгере отырып, «адам-табиғат» деген алғашқы түсініктің мағынасын терең ұғынып, өзінің дүниетаным аясын кеңейту, халық дәстүрлерінің, әдет- ғұрыптарының мағынасын құрметтеу

Халықтық педагогиканың мұраларының негізінде оқушының адамгершілікті, иманды, қайрымды болып өсуін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру


Сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларына этноэкологиялық, тәрбие беретін қазақтың салт-дәстүрлерін дүниетанымдық, мағыналық жағынан төмендегіше топтастырдық:

1. Төрт құдіретті әулие тұту дәстүрі. Қазақ халқында бүкіләлемдік тіршіліктің құдіретті төрт негізі бар. Олар: Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су. Егер осы төрт құдіреттің беруі болмаса, тіршілік те жоқ.

Күн-ана.

Әлемге қуатты

Сәуле мен шуақты

Уалып күн беріп тұр

Жарық күн-көрік нұр.

Жер - ана.

Аялар анамыз,

Саялар панамыз,

Құлпырған тірлікпен жер құшты гүл біткен.

Су - ана.

Өңірдің өзені-

Өмірдің өзегі,

Сусыз жер - өмірсіз:

Нусыз өр, өңір, тұз.

Ауа - ана.

Жер шары - «дәу» әлем

Қоршаулы ауамен.

Ауасыз кім шыдар?

Ауасыз тұншығар.

Күн, жер, су, ауамен

Күнде ду мына әлем.

Ақын -жазушы Әділбай Табылдиевтың осы өлең шумақтарын кіші жастағы оқушылар жатқа айтып, төрт құдіреттің мән -мағынасын талдайды, ұғынады.

2. Өсиет - өнеге, бата айту дәстүрі.

Болашақ ұрпақтардың батыл, батыр иманжүзді, адал жанды болып өсуін армандаған халқымыз оларға өнегелі сөз, ақ тілек – бата айтуды дәстүрге айналдырған. “Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер”, деп көгерудің көзі жер үшін жауын болса, ел үшін бата екенін үнемі дәріптеп отырған. “Жасында бейнет көрсең, қартайғанда зейнет көресің” сияқты мақал сөздер “Елінің елеулісі бол, халқыңның қалаулысы бол”, “Отбасыңнан бақыт кетпесін”, “Шырағың сөнбесін” сияқты ақ баталар – халықтың ұрпағына қалдырған өнеге – өсиеті.

3. Ел президентінің ата -баба алдындағы парызын өтеу дәстүрі. Ата бабамыздың , жаратылыстың алдындағы перзенттік парызын өеу дәстүрі халқымызда ежелден қалыптасқан . Өмір береген адамгершілікке тәрбиеленген қоршаған ортаның, үлгі өнеге берген , ата -ананың алдында адам баласы өмір бойы парыздар, соны өтеу “парыз” деп аталады. “Ер ел үшін туады, ел үшін өледі”, “Еңбегіңді аяма, Жер -ананы аяса”, “Жер ана жомарт, бақсаң барын береді” сияқты ұлағатты сөздер осы дәстүрдің мағынасын аша түседі.

4. Мал күту дәстүрі.

Көшпелі өмірді басынан кешірген халқымыз төрт түлік малды қастерлеген, пір тұтқан. Олардың әрқайсысының пірі болады деп ұғынған ата – бабамыз жан бағудың көзі – мал бағу деп түсінген, малдың амандығын тілеген, күтіп баққан. Еті - ас, сүті – дәру жылқыны, күші де, күні де қасиетті сиырды, жүні, терісі, сүті, еті бағалы қойды, “сауса сүті бұлақтай”, ешкіні бағып қағуды өздерінің міндеті санаған.

5. Ұлттық өнер кәсібін мұра ету дәстүрі.

Халық ұрпағының ата кәсібін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтқан. Қоғамғы пайдалы, елдің рухани өміріне де, қажетіне де жарайтын кәсіпті, “ата кәсіп” деп атап, өсер ұрпағына осыны өнеге етіп қалдырған. Саясаткерлік , ұсталық, зергерлік, сәулеткерлік кәсіптері осылайша ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан. “Жылқы жеті тегіне тартады” деген мақал осыдан қалған

6. Еңбек ерлік дәстүрі.

Қазақтың баланы еңбекқор болуға, ерлік іске бейім болуға тәрбиелеуі де ұлттық дәстүрлерінің біріне және ең маңыздысына жатады. Өнер үйрену, мал бағу, үй тәгу, ат үстінде ойнап найзаласу өнерін, мергендікті, балуандықты меңгеру – әрбір қазақ баласының міндеті болып есептелген. Бала ойыны – өмір сабағы, басқалармен қарым – қатынас құралы, арман -қиял. Ойын арқылы бала өзін -өзі тәрбиелейді, ойнай жүріп ол өз дүниетанымын кеңейтеді, білмегенін - білуге ұмтылады әлі сезінбеген жұмбақ дүниеге бойлайды, қоршаған әлемнің қыр - сырына үңіледі.

Эксперимент жүргізуші мұғалімдер ұлттық ойындардың бала дүниетанымын арттыруға ықпалының зор екеніне мән берді, «Ат жарыс», «Көкпар», Аударыспақ», «Тоғыз құмалақ», «Қыз қуу», «Алтыбақан», «Ақ сүйек», «Ақ терек пен көк терек», ойындары туралы мағлұмат беріп, өздерін де мүмкіндігінше ойын түрлеріне тартты.

Бұл өз кезегінде қазақ халқының табиғатты қорғауды, табиғат ресурстарын үнемді пайдалануды, табиғат байлықтарын қалпына келтіруді өзінің қасиетті борышы санайтындығын көрсетеді.

Ал мұның бәрі, бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту бойынша, олардың экологиялық сенімін, ынта-ықыласы мен қажеттіліктерін, қызығушылығын арттыруға, экологиялық білімдерінің көлемділігі мен жүйелілігін қамтамасыз етуге, экологиялық дағды, іскерліктерін қалыптастырып, табиғатпен қатынас жасау барысында рефлексия жасауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мектептен тыс ұйымдарда көркемдік-эстетикалық (бейнелеу өнері, музыкалық, хореографиялық, хор, аспаптық және т.б.), техникалық (оқушылардың техникалық шығармашылық түрлері бойынша), натуралистік (жас натуралистер және т.б.), туристік-өлкетану, спорттық-сауықтыру), әуесқойлық (қызығушылық негізінде) сияқты түрлі жұмыстар жүзеге асырылады. Мектептен тыс ұйымдардағы жұмыс формаларына: одақ, ассоциация, мекеме, клуб, үйірме тағы басқалары жатады.

Біздің зерттеу проблемамыз бойынша тәжірибелі-эксперимент жұмысы 2007 - 2008 жылдары Шымкент қаласы, №25 мектебінде жүзеге асырылды.

Қалыптастыру эксперименті келесі міндеттерді жүзеге асырылуды көздейді:

- мектепте педагогтардың сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудағы тәжірибелі-, эксперимент жұмысының мазмұны мен құрылымын, негізгі бағыттарын анықтап, эксперимент базаларының педагогикалық ұжымында талқылап, бекіту;

- мектеп педагогтарына сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытуды қамтамасыз ететін әдістемелік көмек ұйымдастыру;

- мектепте мектеп педагогтерінің сыныптан тыс жұмыстары арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытуға бағытталған оқу-әдістемелік жүйенің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеруден өткізу.

Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесінің төмен болуы тікелей тәлім-тәрбие мазмұнына және мамандардың даярлығына, оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуіне байланысты екендігі белгілі.


Кесте 6 - «Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудың педагогикалық негіздері» атты әдістемелік семинар бағдарламасы


^ Лекция, практикалық сабақтар тақырыптары

лекция

практ.

1. Кіріспе. Қоғам дамуының бүгінгі кезеңіндегі бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту мәселелері

4

2

2. Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту процесінде қолданылатын ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері

2

1

3.Сыныптан тыс жұмыстардың бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудағы мәні

2

1

4. Мектепте бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудағы сыныптан тыс жұмыстарды пайдалану әдістемесі

2

1

5. Мектепте бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудағы жұмыс формалары мен әдістері

2

1

6. Сыныптан тыс жұмыстар бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту жүйесінің мазмұндық-құрылымдық сипаты

4

2

7. Мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту процесінде инновациялық технологияларды пайдалану

4

2

8. Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудағы қоғамдық-әлеуметтік мәдени құрылымдардың біріккен іс-әрекеті

4

2

9 Бастауыш сынып окушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту мәселесі бойынша ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыру

4

2

Барлығы

28

14


Үйірме жұмысын ұйымдастыруға байланысты жазылған Л.Ф. Мельчаков, А.В. Михеев, М.Н. Скаткин, Г.С. Орынбаева, Т.А. Бабанова, К. Бұзаубақова және т.б. еңбектерін атап өтеуге болады.«Жасыл желкен» үйірме жұмысының мақсаты - мектепте сыныптан тыс жұмыстарда көрініс алатын халықтың экологиялық тәжірибесі негізінде экологиялық білімді, табиғат қорғауды, табиғат ресурстарын үнемді пайдалануды, табиғат байлығын қалпына келтіруді өзінің борышы санайтын жеке тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсат мынадай міндеттер арқылы жүзеге асырылады:

- бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарындағы

экологиялық тәжірибеге жағымды қарым - қатынасын қалыптастыру;

- сыныптан тыс жұмыстарында экологиялық білімдерінің көлемділігі мен

жүйелілігін қамтамасыз ету;

- экологиялық дағды, іскерліктерін қалыптастыру;

- табиғатпен қарым-қатынас нәтижелері бойынша рефлексия жасауға

үйрету.

Мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту принциптері оның мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формаларының негізін құрайтын бастапқы қағидалар ретінде түсіндіріледі. Біздер ұғынған тәрбие процесінің принциптерін басшылыққа ала отырып, педагог оқу-тәрбие процесін ғылыми негіздеуге, басқаруға өз бетімен педагогикалық міндеттерді шешуге қол жеткізе алады.

1   2   3   4



Похожие:

І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері icon3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
Кіріспе
І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері iconТұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері
І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері icon3 I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері
Дәстүрлі емес сабақ технологиялары арқылы білім берудің педагогикалық негіздері
І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері iconСабақ жоспары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері iconМазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол мекенінде өткізілген туристік экологиялық жарыс
І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері iconМазмұны кіріспе
Экологиялық тәрбие берудің маңызы
І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбиені қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері
І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері iconСыныптан тыс музыкалық тәрбие беру”
Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мүғалімінің...
І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері icon3-7 I тарау: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері
Кәсіптік бағдардың мәні мен мазмұны
І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері iconКіріспе бет і-тарау білім берудің ақпараттандырудың теориялық негіздері
Кіріспе бет
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов