Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру” icon

Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру”



НазваниеСыныптан тыс музыкалық тәрбие беру”
страница5/6
Дата06.05.2013
Размер0.97 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5   6

^ 2.1.(А). Тәрбие жұмысын жоспарлау.

Оқушылар мектепте оқитын белгілі мерзім ішінде теориялық және әдістемелік білім алады, таңдаған мамандығы бойынша тәжірибелік ж дағдылар мен білікті иегереді. Бұл процесс оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу орнының тәжірибеде тексерілген іс әрекетіне негізделіп құрылады.Жас маманды қалыптастыру мәселесі мектепте педагогтар ұжымының басшыларының бірлескен күшімен шешіледі.Сыныптан тыс тәлім- тәрбие жұмысы ғылыми негізде жасалған жоспраға байланысты жүргізіледі. Ол оқу орнына қабылданғаннан бастап бітіргенге дейінгі уақытта тұтас қамтиды.Оқушылармен жүргізілетін жалпы тәрбие жұмысының перспективтік және ағымдық ( жылдық,семестрлік, тоқсандық, апталық) жоспары Қазақстан Республикасының Білім министрлігініңұсынған “Комплексті үлгі жоспарына” сәйкес жергілікті жердің ерекшеліктері, мүмкіндіктері, болашақ маманның мамандыққа бөлінуі, мінездемесеі ескеріле отырып жасалады.Орта арнаулы білім беретін оқу орындарында тәрбие жұмысының осылай (алғашқы жылдан бітіргенге дейінгі кезеңді қамтитын) сатылы жоспарлауының дұрыстығы көп жылдық тәжірибеде дәлелденген.

Мектепте перспективтік жоспарын жасау үшін педагогтардан пәндік комиссия құрылады. Жоспар жасағанда, талдағанда, іске асырғанда тәрбиенің негізгі бағыттары мен принциптерін, іске асырғанда тәрбиенің негізгі бағыттары мен принциптерін бейнелейтін барлық бөлімдерінің өзара байланысы болуы негізделеді.Ағымдағы тәрбие жоспарларында нақты шаралар, жауапты адамдар, өткізу мерзімі белгінедеі.Бұл жоспар жалпы оқу орны бойынша бөлімдерде, топтарда , пәндік комиссияларда, оқушылар кеңестерінде іске асырылады.Әрине, бұл ағымдағы жоспарлардың а расындағы тығызы байланыс орын алып, педколледждің жалпы жоспарынан туындап отырады. Тәрбие жоспарын жасауда төмендегі педагогикалық талаптар ескеріледі.

  • 1.Сыныптан тыс тәлім- тәрбие жұмысының жоспары тәрбиенәің мақсатына, міндетіне, бағытына сәйкес келуі;

  • 2.Тәлім - тәрбие жұмысының жоспары тәрбиенің мақсатына, міндетіне , бағытына сәйкес келуі;

  • 3.Тәлім- тәрбие жұмысы оқушылардың талап- тілегінен, мүддесінен туындап, олардың ғылым мен техника, әдебиет пен өнер, спорт т.б саладан қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ететіндігі;

  • 4.Тәлім- тәрбие жұмысы жоғары идеялық- құқықтық, ғылыми дәрежеде, шебер сынып жетекшісінің басшылығымен өткізілуі ;

  • 5.Тәрбие жұмысында оқушылардың жас және жеке ерекшеліктері , дербестігі мен білімі, бастамашылыдығы, қызығушылығы ескеріліп, тәрбиенің мазмұны тереңдетіліп, түрлері мен әдістері жыл озған сайын күрделеніп отырылуы.

Осы талаптарға сай құрылған перспективтік жоспарда тәрбиенің мақсаты, міндеті, оны шешудің жолдары, әдіс- тәсілдері де белгінеді. Егер 1- курста оқушылардың өмірге дұрыс көзқарасын, дүниетанымын кеңейтуге мүкіндік беретін жұмыс формалары көп пайдаланылса, жоғары куртсарда дін, ғылым, техника, этика, өнер салаларының пікір таласын тудыратын өзекті мәселелері сөзсіз қосылады.

Тәжірибеде жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға көңіл бөліп, мамандығына бағдарлау ескеріледі. Перспективтік жоспарды директордың төрағалығымен педагогикалық кеңесте талқылап бекітеді.

Жас ұрпаққа тәрбие беру саласындағы сынып жеткшісінің жұмыс жоспары әр курста жалпы перспективтік жоспар негізінде тәрбиенің бағыттарына сай жасалады.


^ Патриоттық- интернационалдық тәрбие:



Жұмыстың мазмұны мен бөлімдері

Мерзімі

Жауапты адам

1

Қазақстан Республикасындағы халықтар достығы

10.10

Музыка пәні мұғалімі

2

Қазақ халқының батыр ұлдарының өмірі- жас ұрпаққа үлгі- өнеге (алқалы жиын)

25.02

Үйірме мүшелері

3

Бейбітшілік- өмір салты

11.11

Музыка пәні мұғалімі

4

“Отан үшін- отқа түс- күймейсің” (Б.Момышұлы)

05.11

Үйірме мүшелері

5

Ақпыз, қара,сарымыз, туысқанбық- бәріміз ( әдеби муз.монт)

14.10

Үйірме мүшелері

6

Отаным- алтын бесігім ( баяндама)

28.09

Музыка пәні мұғалімі

7

Қос тіл- достықтың қос қанаты

17.12

Үйірме мүшелері

8

Отан, достық туралы әндер байқауы

19.12

Үйірме мүшелері

9

Отаншылдық сөзбен емес, іспен дәлелденеді (кездесу)

20.12

Үйірме мүшелері






Жұмыстың мазмұны мен бөлімдері

Мерзімі

Жауапты адам

1

Кионтеатрларға, көрмелерге,мұражайларға бару,көрген кинофильмдер мен спектакльдерге талдау жасау

Айына бір рет

Музыка пәні мұғалімі

2

Тарихи орындарды қызықтау

Айына бір рет

Музыка пәні мұғалімі

3

Саз кештерін өткізу.

1.”Музыка жан азығы”

2.”Сен саз таңдай білесің бе?”

  1. Классикалық саздың ерекшеліктері

  2. “Қазақ халқының саздық шығарамалаы” (кеш)

  3. “Рок,фольк,хар музыкаларды қалай түсінесің ?”

  4. “Опера, драма жанрларының қандай айырмашылығын білесің?”

  5. “Күй атасы- Құрманғазы”


1 тоқсан


2-тоқсан


2 рет

Музыка пәні мұғалімі


Үйірме мүшелері


Үйірме мүшелері


Үйірме мүшелері


Үйірме мүшелері



2.1.Сыныптан тыс тәлім- тәрбие жұмысын талдау :


1.Сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмысының тақырыбы,мақсаты, тү, әдісі.

2. Тәрбие жұмысын ұйымдастырушының аты- жөні, қатысушылардың саны.

3. Тәрбие шарасын өткізу үшін алдын- ала жүргізілген дайындық жұмыстары. Жазған ұрандары, шығарған қабырға газеттері. Т.б.

4. Белгіленген бағдарламаның орындалуы немесе одан ауытқуы.

  1. Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттың орындалуы.

  2. Тәрбие процесінің ең тиімді ,әсерлі, қызықты кезеңдері.

  3. Оқушылардың қабылдауының эмоциялық көрінісі.

  4. Тәрбие жұмысына пайдаланылған қосымша материалдар, көрнекі және техникалық құралдар.

  5. Музыка пәні мұғалімінің жеке басы, сыртқы бейнесі, көрінісі, киімі, шашын әсемдеп тарануы.

  6. Музыка пәні мұғалімінің тәрбие жұмысын өткізуде өзін- өзі ұстауы, оқушылар алдындағы іс- әрекеті,сөзі мен мимикасы.

  7. Музыка пәні мұғалімінің білім дәрежесі, тақырыпты меңгеруі.

  8. Музыка пәні мұғалімінің педагогикалық жұмысқа икемділігі, әдептілігі, педагогикалық тактыны игеру дәрежесі.

  9. Музыка пәні мұғалімінің оқушыларды ұйымдастыра білу, ұжымды үйіріп ала білу қабілеті.



Орта мектепте лекция - концерт жүйесін

жетілдірудің әдіс- тәсілдері.

Оқушылармен лекция- концерт өткізудің ұтымды тәсілдері.


Қазіргі кезде жеткіншектерді өнерге баулу бүкілхалықтық іс болып отыр. Бұл орайда музыка пәні мұғалімі, сыныпта сабақ беру шеберлігін ғана жетілдіріп қоймай, балалар мен жасөспірімдер арасында музыкалық тәрбие беру ісінде , лекция- концерттер жүргізу арқылы тәрбиелеу ісіне ерекше көңіл бөлген жөн.

Сыныптан тыс жұмыстардың бірі –лекция- концерт өткізу музыкалық- ағартушылық тәрбие негізінде іске асады. “Лекция- концерт” деп аталтын жұмыс түрі оқушылардың музыка әлеміне терең үңілуіне, халық мұрасының өте бай мұрасымен танысуға терең үңілуіне, қазақ музыка өнері , шетел музыкасының қайраткерлері, композиторларының шығармашылығымен танысып, одан нәр алуға баулитын салалы жұмыс.

Лекция- концерт дайындап өткізуде қоятын мұғалімге қоятын үлкен талаптар бар. Ол “сегіз қырлы, бір сырлы” болса, істеген ісі сапалы болмақ. Мұғалім өзінің орындаушылықы мүмкіндігіне қарай ғана сүйеніп қоймай, сөзді сөйлеу шеберлігін ұстартқан жөн. Сондықтан, біз алдында айтып кеткеніміздей, лекция- концерттер өткізу кезінде сөз бен саздың үйлесімділігіне, үндестігіне қатты назар аудару керек. Осы орайда Б.Сухомлинский былай дейді :”Сөз ешқашанда музыканың шын мәніндегі тереңдігін шегіне жеткізе түсіндіре алмайды, бірақ сезім дүниесінің осы бір өте нәзік саласын сөзбен ғана сезініп түсінесіз. Сөз жүректің аса сезімтал қылын басып, құлақ күйін еліктіруі тиіс, музыканы түсіндіру поэтикалық тұрғыда, сөзбен музыканың байланыстылығы негізінде жүзеге асырылады”. Ендеше лектор- музыкантқа творчестволық ізденіс, тапқырлық, зеректік қажет.

Лекция- концерттің тартымды болуы, тыңдаушыларды қызықтырып, келесі лекция- концертке деген ынтасын жоғарлатуы лектордың жүргізу шеберлігіне көп байланысты. Сөзді тыңдаушыларға айқын, әрі әсерлі өткізіп жеткізу, сөйлеу техникасы мен логикасына көңіл қою амалдарды қамтамасыз етілсе, саздың әсемдігі мен әсерлі сөзбен бірге қуаныш, үндестік табу арқылы жүзеге асады. Ал, орындалатын музыкалық шығарма өзінің әсемділігімен ғана емес, жүрекке әсер ететін мағыналы сөзімен, үндеуімен қымбат. Бұған сөзді анық, бұзбай жеткізетін тамаша дауысты әншілер, аспапта орындаушылар сол лекция- концерт тыңдаушыларының жүрегіне жол табады.

Лекция- концерт дайындаудың мынадай қажеттіліктері бар: тақырып таңдау, әдебиеттерді ретімен орынды пайдалану, музыкалық шығармаларды іріктеп, дайындау, ұйымдастыру жұмыстарын қадағалау.

Лекция- концерт өтетін бөлменің эстетикалық талғаммен безендірілуі тыңдаушылар мен өткізушілердің көңіл- күйіне жағымды әсер қалдырады. Бөлме іші таза, қойылған мүліктер ретті болып, тақырыпқа сай, тәрбиелік мәнге толы нақыл сөздер мен нақты, әрі ұтымды суреттер салған плакаттар ілсе артық болмас еді.

Мектеп- оқу процесінде баланың бойына жақсы қасиеттер мен сапалары қалыптастырады. Мектеп баланың дүниеге көзқарасы мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда шешуші роль атқарады дейтін болсақ, баланы сабақ үстінде ғана тәрбиелеп қоймай, сабақтан тыс уақытта да әр түрлі жұмыстарға тарту арқылы (мысалы, лекция- концертте ) баланың жеке орындайтын номерлері болмаса, көркемдеу жағына, әр түрлі көрнекіліктерді жасауға қатыстырған жөн, ал соңында әр баланың еңбегіне қарай бағалаған жөн. Бұл жағдайда баланың еңбекке деген талпынысы күшейіп, бойында өнерге деген қызығушылық күші пайда болады. Оқу мен тәрбие ісін бөліп қарамай, олардың үнемі байланысты болуын оқыту мен білім беру ісінің жаңаша қазіргі заманғы тәрбиеге негізделгенін есте ұстағаны абзал.

Дұрыс тәрбие алу оқушының тәртіпті болуына, сабақ үлгерімінің жақсаруына, қоғам жұмыстарына араласып, сергек жүруніе мүмкіндік жасайды. Өнерлі сөз, ән мен күй музыка баланың өмірі үшін ең қажетте педагогикалық процесс. Музыканы, әнді тыңдауды бала ертеден сүйеді. Ол баланың жан дүниесі мен көңіл күйіне , көркемдік сезімдеріне зор эмоциялық әсер етеді. Халық әндері, кейінгі кездегі қазақ, орыс, басқа халықтардың өнері, әндері, композиторларымыздың музыкадағы табыстары , Абайдың, Ақан сері, Біржан, Жаяу Мұсаның, Құрманғазы, Тәттімбеттің күйлері мен әндерін таныстырудың, балаларға тыңдатып үйретудің маңызы зор. Бұл оның қиялын, талғамын, мәдениетін, өнерге деген сүйіспеншілігін дамытады. Музыка пәнімен байланыста берілетін тәрбие шаралары мазмұны мен көркемдігі арқылы оқушылардың идеялық көзқарасын , қоғамға , Отанға деген сезімдерін қалыптастырады, өмір құбылыстарын дұрыс түсінуге, дұрыс қабылдауға жәрдемдеседі. Сондықтан да музыка арқылы берілетін эстетикалық тәрбие сабақта және сабақтан тыс жұмыстар жүйесінде беріле береді.

Бұл жерде музыка пәні мұғалімінің атқарар ролі зор. Ол өткізілетін лекция- концертті жоспарлаушы, бағдарламасын жасаушы, өлең,тақпақ, инсценировкаларды таңдап, жәрдемдеседі, өзі де белсене қатысады. Балаларды қабілеттеріне қарай әр түрлі топтарға бөледі. Осы өткізілетін лекция- концерттер арқылы оқушылардың уақытын дұрыс пайдалануына көмек көрсетіп, тәртіп бұзуына жол бермейді. Мүмкіндік болған жағдайда оқушылардың бәрін де қатыстырған жөн.

Жалпы лекция- концерттер арнайы тақырыптық немесе мерекелік және танымдық (лекция- концерт) түрінде жүргізіледі. Мәселен, тақырыптық лекция- концерттерді арнайы бір мерекелерге, композиторлар (мысалы, “Құрманғазы Сағырбайұлы- 200 жаста” т.б.) негізінде жүргізуге болады. Сонымен бірге мерекелік күндерге, 8 наурыз мерекесіне “Анамызға мың алғыс”, “Бас иеміз Анаға” деген тақырыптарда “Батыр ана” немесе ұстаз арқылы толықтыру.Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арнайы ұлттық салт- дәстүрді негізге ала отырып, халықтық дәстүрмен байланыстыра лекция- концерт жүргізу. Бұдан басқа ұстаздар күніне арнап әр түрлі жұмыстар жүргізу арқылы балаларға эстетикалық тәрбие негізі етіп, музыкалық тәрбие беруге болады.

Ал лекция- концерттердің бір- бірінен айырмашылығы, тақырыптық лекция- концерттер атында айтылып тұрғандай, арнайы тақырыпта, мерекелерге жоспар құрылып өткізіледі.

Ал, танымдық лекция- концерттерді оқушыларға ақыл-ой, музыкалық түсінік беру, музыкалық қабілеттеріне ары қарай дамыту, эстетикалық тәрбиенің бір негізі болып табылатын балалардың өнер атты сұлулық әлеміне деген құлшынысын арттыру негізінде әр түрлі тақырыптарда жұмыстар жүргізіледі. Мәселен, “Ән табиғаты” деген тақырыпта лекция жүргізер алдында, оның мақсатын, яғни бұл лекция- концертті жүргізуде нендей мақсат қоямыз ? Қандай тәрбие беруге болады Осыған байланысты жоспар құрылып көрнекі құралдарды пайдалануымыз керек.

Бұл лекция- концерттің негізгі мақсаты- табиғаттың адам баласына тарту еткен сыйы- ән және әншілік дәстүр жайлы әңгімелеу, яғни, ән- адам баласының жүрек сезімін үн, дауыс және сөз арқылы жеткізе білетін асыл мұра екендігі жөнінде әңгімелесу. Шыныда да, халықтың қайсы бір ән- күйін, жыр – толғауын, терме- желдірмесін алып қарасақ, онда тұрмыс- салт өміріне, белгілі бір тарихи оқиғаға, адамға , заман ағымына байланысты құбылыстар, тәрбие, ой толғанысы, сезім түсінігі, ой- пікірі, өмірлік тәжірибесі, танымы көрініс табады. Сондықтан халық даналығында әнді ертеден- ақ ерекше бағалап, оны халықтың жаны деп атаған. Қазақ халқы әнге бай.

Ән туралы халық арасында көптеген ақын- жазушыларымыз, зертеушілеріміз өз ойын айтып кетті. Оның ішінде, ұлы Абай атамыз :

Туғанды дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең,-

деп жырласа, қазақ халқының әдебиеті мен өнерін зерттеген, Шоқан Уалихановтың досы Потанин : “Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді”,- деген. Яғни, қазақ халқы бар өмірін туғаннан бесік жырынан бастап , соңғы ғұмырына дейін ән тербеген, әнмен қуанып, әнмен жазылған. Қазақ халқының әншілік өмірі жайлы , ерекшелігі жайлы халық арасында мынадай аңыз бар :

“Ән аспаннан қалықтап ұшып, жер бетіне келеді, оның жерге ең жақындаған кезін байқаған халық әнді ұстап қалған, ал жоғары қалықтаған жердің адамдары ештеңе үйрене алмаған. Құдайдық құдіретімен келген ән қазақ жерінде, тіпті төмен ұшқан қазақ халқы оны естіп, әнді жақсы айтатын болған. Қазақтардан басқа халықтардың әнді жақсы айтатын себебі де сол екен.”

Осы сияқты аңыз әңгімелер айтып, нақты сөздермен, мысалдармен жеткізу сол ұтымды болмақ және де әннің қазіргі кездегі жетістіктері жөнінде әңгімелеп халық әндері мен халық композиторларының әндерін тыңдатықызып, арасындағы айырмашылықтарын айту. Қазіргі кездегі классикалық әндер жөнінде , бұрынғы халық әндерін өңдеп, қазіргі классикалық музыкаға бейімдегені жөнінде әңгімелеп, әр түрлі әнді тыңдатып өздеріне қандай өзгешеліктер барын, байқағанын сұрау. Әр түрлі әндер тыңдатықызып, дауыстар , олардың түрлері жөнінде әңгімелеу, әр дауысқа сипаттама беріліп, әр дауыстағы әншілер әндерін күйтабақтан тыңдату. Шығармаларды тыңдап болғанна соң, түрлі сұрақтар қойылып, пікір алысу бүгінгі өткізілген лекция- концерттің қаншалықты танымдық функция атқарғанын байқау.

Егер мұғалім бұл тақырыптағы лекция- концертті ешқандай қосымша жұмыс түрлерінсіз , педагогикалық әдіс- тәсілсіз жүргізіетін болса, онда сабақтың жүргізу мақсатына жетпей, оқушылар бұл тақырыптағы мәліметтерді ешқандай құштарсыз , ынта- ықылассыз жалпылама түрде игереі сөзсіз. Лекция- концерттерді жүргізудегі басты мән беретін проблеманың бірі- оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын, құштарлығын арттыратын әдіс- тәсілдерді кеңінен пайдалану. Атқарылатын іс- әрекетке қызықпаған жағдайда оқушының музыка әлемінің сырларын түсінуі, оны терең, нәтижелі игеруі мүмкін емес.

Ұстаздың қысқа да, тұжырымды, һәм тартымды әңгімесі оқушыларды бірден баурап, музыканы түсінуге ынталандырса, ал орында пайдаланылған әсерлі, үзінділер оқушылардың өнер, музыка жайындағы білімдік, танымдық әсерлерін тереңдте түседі.Лекция- конццерттерді жүргізуде мына әдістерді пайдаланылған жөн : мысалы, сабақ барысында күйші Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығмен “Кісен ашқан” күйі жоспарланды делік. Бұл жағдайда ең бірінші күйші және күй туралы оқушыларға сұрақ қойып, олармен әңгімелесу; көрнекі және техникалық құралдарды пайдалану, күйлерден үзінді тыңдату ; ғұмырнамалық музыка әдебиетінен үзінді оқу. Бұл жерде мұғалімге ескеретін нәрсе күй туралы немесе күйші шығармашылығы жайлы ұзақ әңгіме айтып кетпеу керек. Ұстаз күйді тыңдап немесе өзі орындап көрсетіп, оны көркемдік, ритмикалық жақтарына тоқталған жөн.

Міне, лекция- концерттік жүргізудегі осындай жан- жақты жұмыс түрлері мен методикалық әдіс- тәсілдері, оны көркемдік ерекшеліктерін терең түсінуге, музыка тыңдауға мүмкіндіктер туғызады. Оларды ән мен күйге , халық композиторына немесе жалпы өнер адамына деген қызығушылығы мен құмарлығы артады. Жалпы алғанда, музыка сабағы мен сыныптан тыс жұмыстардың осы түрі, лекция- концерттердің біріге жұмыс жасауы, жан- жақты музыкалық-методикалық әдіс- тәсілдерін пайдалануы арқылы жүргізу-бұл ұстаздың үлкен педагогикалық шеберлігі.

Лекция- концертті жүргізетін тақыоыптар өте көп, оны ең алдымен таңдап алып, талғап құрастыра білу керек.

Өткізілетін лекция- концертті музыкалы етіп өткізсе, жұрт жалықпай , қызыға тыңдап, балалардың ой- өрісіне де әсері көп болады. Мәселен, балатек ғана өнер дегенге өнер адамының өзін ғана біліп қоюмен шектелмей, сол өнер әлемінің сырлы әуенімен, сазымен суысындауы керек. Ол үшін тақырыпқа сай әндер мен билерді таңдай білу керек. Әр әнді орындаушы оқушының аты- жөнін атап, авторлармен таныстырған жағдайда, оқушылар көңіл –күйіне де әсер етіп, жүргізілері сөзсіз.

Егер лекция- концерттің мазмұнына немесе тақырыбына сәйкес оған ән- күйдің, бидің қажеттілігі болмаса, соңында екінші бөлім етіп, концерт қойып жіберу керек. Концерт соңынан жұмбақтар, викториналар шештіруге, түрлі ойындар ойнатуға болады. Жұмбақтар мен викториналарды бәрінен де көп шешіп, ойынға белсене қатысқан оқушыларға сыйлықтар беріледі. Сыйлықтарды жиын өткізген сынып өз күшімен дайындайды.

Тәжірбиелі музыка мамандары жұмыс істеген мектепте ғана оқушылардың әдеміліктен, көркемөнер, музыкадан, мәдениеттен ләззат алуға қабілеті оянады, өзінің музыкалық қабілеттіліктерінің одан әрі дамытуға мүмкіндік алады.

Жалпы алғанда музыкамен байланыста жүргізілетін барлық байқаулар, лекция- концерттерді жүргізуде ескеретін жағдай, оны қорытындылау. Мәселен, байқаудан соң, әр сыныпты немесе әр оқушының еткен еңбегіне қарай бағалап, оларға мақтау айтып, оларды кейінгі сыныптарға үлгі ету- бұлардың бәрі оқушылардың сана-сезіміне тікелей әсер етіп, қуаныш әкеледі. Оларды келесі концертке немесе өнер байқауына қатысуына деген құлшынысы артады. Музыка пәнінен деген қызығушылығы одан да арта түсетінін байқадық.

Лекция- концерт оқушыларды өнердің сан қилы салаларымен әнші, күйші, сазгерлер шығармашылығымен , өнер жолдарымен таныстыруға мүмкіндік береді, сондай –ақ алған мағлұматтары мен тыңдаған музыкаларын әрі қарай игеруге жағдай жасайды. Оқушыларға күйтабақ арқылы музыка тыңдату, өнер қайраткерлерімен мүмкіндік бар жерде кездесу кештерін ұйымдастыру, осы бағыттағы концерттерге өнер сүйгіш балаларды қатыстыру, оларды музыка құдіретін түсінуге, бала жүрегінің нәзік те мейірімді болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Өткізілетен лекция- концерттердің балалар санасына тікелей әсер ететіндей етіп жеткізу арқылы, жоғарыда айтылған қаситтерді бойға сіңіретіндей тәрбие беру осы ретте басты мақсатымыз болып саналады.

Бұл жерде ең жауапты жұмыс лекторға жүктеледі.Ол өз сөзінің арасында тарихи деректерге сүйеніп, тақырыпқа үйлестіре толғау мен ақындар айтысынан үзінді немесе өлеңнен үзінді айтып берсе, шәкірттер көңілін серпілтері анық. Мәселен : “Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң әр қалан” деген Абай атамыздың өлеңінде ғибраты зор, өзің өнерпаз, білімдар болсаң, артыңа із қалдыр, шәкірт баулы, ұстаз болып жалықпай тәрбиеле, өнерге ұмтылмай өрге баспайсың, талаптылық адам бойындағы қасиеттердің көзін ашады дейді.

Мұндай лекция- концерттерді жүргізуге кез- келген мұғалім емес, соның ішінде өз ісінің білгірі де, шебері де таңдап алынады. Неге десеңіз, білу бар да білгенді сол қалпында жұрт көкейіне құйып беру бар. Балалар жүрегіне жол тауып, оларды жылы сөзбен баурау үшін, жаттанды жадағай сөз емес, шын өмірден алынған жанды да, дәлелді сөз керек. Жүректен шыққан жылы сөз ғана жүреке ұялайды. Өнер әлемінің, оның ішінде музыка саласының шындығыны белгілі бір мысалдармен айту жеткіліксіз. Лекция- концерттердің мазмұнды , әсерлі шығуы, оны қалай құрып, әзірлеуге байланысты.

Бір тақырыпта жүргізген екі лектордың лекциясын екі түрлі әсер етуі мүмкін. Бірі күнделікті тыңдап жүрегіне сөздермен ғана жеткізіп, ешқандай көрнекі құралдарсыз, жаттанды сөздерімен ғана айта салып, музыканы жай ғана тыңдатумен шектелсе, шәкірттер көңілінен мүлдем шықпай қалуы мүмкін.

Ал, екінші лектор осы мәселенің тарихын, композитор немесе әнші, күйші өмірін нақты қызықты етіп жеткізе келе, бүгінгі өмірдегі ол композитор, әнші немесе күйшінің шығармашылық табысын өз сөзімен немесе халық сөзімен баяндап немесе ауызекі әңгімелеп берсе, жұрт ұйып тыңдайды, ал балалар есінде сол өнер адамы туралы өшпестей із қалады. Лектор тың материладар мен цифрларды құр келтіріп ғана қоймай, соған деген өз көзқарасын , қатысын сезіммен айтып берсе, тыңдаушылардың өздерін қатыстырып, олардың ойларын тыңдаса бірден шәкірттер көңілін баурап алады, жалықтырмайды.

Тақырыптас лекция- концерттер бір мазмұнда қайта- қайта оқытылмауы керек. Қайталау тыңдаушыларды жалықтырады,себебі мектеп оқушылары әлі де болса санасы қалыптасып келе жатқан дүниенің бір бөлігі. Жақсы, тартымды өткен кештерден, тек ғана сол тақырып бойынша өнер адамдарымен олардың шығармаларымен танысып қоймай, тағы да сондай лекция тыңдасам екен деген шәкірттер ойында әсер қалдырады. Сонымен қатар, сол лекция- концерттен алған әсерін , өзі де кез- келген біреулерге дәл осындай етіп айтып беретіндей болып шығады. Сондықтан өткізетін лекция- концерттердің санынан сапасына көп көңіл бөлуі қажет. Лекция- концерттердің құрылысы, өткізу формасына қарай бірнеше сыныпты біріктіріп өткізуге болады. Мысалы, 1-2 сыныптар,5-6 сыныптар,10-11 сыныптар т.б.

Лекция- концертті өткізуде композитор, әнші өмірінен басқа осы таныс есімдер өнернамасын басқа қырынан көрсететін, балалар ойын өрістетіп, қиялына қанат бітіретін тақырыптарды, мәселен әр аспаптың шығу тарихы, өзіне тән ерекшелігі, музыка тілі, белгілі бір музыкалық жанрдың дамуы т.б. алуға болады.

Мектепте сыныптан тыс жұмыс жүргізудің қажеттілігі бүгінгі заман талабы мен әлеуметтік жағдайларға байланысты жаңарып өзгеріп отыр. Оларды мынандай жұмыстардан аңғаруға болады. Осы негізде мектепте балаларды тәрбиелеуде “Мұрагер” бағдарламасын Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының оқытушысы А.Райымбергенов құрастырды және Қазақтың Абай атындағы мемлекетік педагогикалық университетінің оқытушылары М.Балтабаев, С.Ұзақбаев, Т.Қышқашбаев, М.Быковсих, Б.Әлмұхамбетов, Қ.Жолымбетов құрастырумен “Елім –ай” эксперименталды ән –күй бағдарламасы, Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменовалардың құрастырумен “Музыка” бағдарламасы жарыққа шықты. Бұл бағдарламалардың балаларды тәрбиелудегі маңызы зор. Осындай маңызды кейбіріне тоқтала кетені болсақ, эксперименталды “Елім-ай” ән- күй бағдарламасының ерекшелігі халқымыздың қанына сіңіріп, бойына дарыған өнер түрлері: ән күй, би қимылдары, ұлттық ойыны ,ауыз әдебиет және домбырада ойнау машықтары берілген.

Әрбір ұлттық салт- дәстүрге байланысты өткізілетін байқаулардан немесе кештің алдында сыныпың ішін әсемдеп, тақырыпқа байланысты әртүрлі нақыл сөздермен безендіріп, мәселен “Қыз сыны” байқауы болатын болса ана, қыз жайында “Қыз – қылығымен көркем”,”Қызға қырық үйден тию”т.б. қанатты сөздер жазылып ілінсе, оқушылар жадында сол нақыл сөздің мән- мағынасы қалады. Арасында байқаудан тыс көрермендермен ойын жүргізу, кештің қыза түсуіне септігін тигізеді.

Сыныптан тыс жүргізілетін танымдық жұмыстардың бірі- оқушыларды оқып білген әнші- күйші , ақын- жазушылар өмірімен таныстыру, халық аспаптары музейіне, сурет галлереясына тарихи мұражайларға апару. Сондай-ақ театр, концерт залдарына ,спектакль мен опералық театрларға апарып көрсету.Бұдан соң пікір алмасды ұйымдастыру. Әсіресе, басты назар рольде ойнаған артистер шеберліктеріне басты назар аударып, жетістіктерін талдау.

Талқылау кезінде оқушыларға ария, опера, оператта, увертюра, бас, баритон т.б музыка өнерінің терминдері төңірегінде әңгіме өткізіліп, түсіндіріледі. Мұның өзі оқушылардың ой-санасын кеңітіп, музыкалық, эстетикалық талғамын дамытуға әсерін тигізеді. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, көрген білгені жөнінде ой бөлісуі әрбір көрген спектакль, концерттерінен алған әсерін, сезімін көрсетуіне , ысылуына септігін тигізеді.

Балалар бойындағы осындай қасиеттерін , музыкалық қабілеттерін азаматтық сезімдерін оятуға музыка пәнінің мұғалімі сияқты ешқандай педагогикалық мамандық жан- жақты алуан түрлі әдістемелік тәсілдерді талап етпейді. Сонымен қатар басқа ешқандай мамандық тәрбиесінің қолына өз елін, оның табиғатын жырлайтын әндер, опералар, симфониялар, концерттер, балеттер түріндегі бай матералидарды бермейді. Сондықтан жалпы музыкалық мәденитепен таныстыруда музыка арқылы, танымдарын арттырады, оқушылар бойында шабытын оятады. Мұғалімнің әрбір айтқан әңгімесі әсерлі, тартымды, бағдарламаға сай, жоғары сапада өткізу, сабақтың әрбір сәтін, кездесудің әрбір сәтін тиімді пайдаланып, берілген мазмұнын ойластырып, ұтымды өткізудің жолдарын талап етеді. Тартымды, әсерлі өткен әр кештің немесе лекция- концерт, тіпті жай пікірталастың өзі де оқушылар тәртібіне, олардың тәлім- тәрбиесіне үлкен әсер етеді.Бос уақыттарын ұтымды пайдаланып, концерттік залдарға, театрларға қойылымдар немесе әр түрлі концерттерге бару, өнер шеберлерінің өмірімен , өнердегі сәттерімен танысу, бүгінгі күнгі мәдениетіміздің театрдағы, сахнадағы деңгейін көру, олардың өнерін бағалау, - бәрі де баланың музыкалық танымдың деңгейін өсіреді. Қазіргі музыкалық өнерімізбен аз да болса танысады.

Мектеп өмірінде ән сабағымен қатар, сабақтан тыс уақытта хор сабағын да жүргізу керек. Бұл жөнінде әуелі екі дауысты хорлардан бастап, кейін көп дауыстыға көшуге болады. Сондай- ақ кім дауысты дуэттерді де айтықызып, дағдыландыру керек. Жас ұрпаққа музыкалық , эстетикалық тәрбие беруде бұл өнер түрінің мәні зор. Бірігіп ән айту, бірлікке, тәртіпке, ортақшылыққа баулиды. Хор өнері көп дауыстылыққа, музыка тілін байытуға баулиды. Сонымен бірге сыныптан тыс уақыттарда кішкентай аспапты , халық аспаптарының ансамблін ұйымдастыру арқылы бейімділігін, өнерге қызығушылығын арттыруға болады.

Мектептерде музыкалық тәрбие жұмысында өнердің бар түрінің үлгі- өнеге боларлық орны үлкен. Олар балаларға гармониялық түрде өсіп- жетілуіне мүмкіндік береді. Қазіргі кезде біздің жастарымыз радио, телевидение арқылы кино, театр, концерттер арқылы өнердің басты саласы музыкадан тәрбие алуда бар мүмкіншілікке бөленуде.

Әрине жоғарыда баяндаған жетістіктеріміз , алға қойып отырған міндеттермен салыстырағанда , теңіз тамшысындай ғана деуге болады. Мектепте , біріншіден, материалдар жетіспейді. Музыкалық аспаптар жоқтың қасы болса да ескі, есту қабілетіне зиян тиердей. Балаларға арналған мектеп жасындағы балаларға лайықталып жазылған әндер аз емес. Еңбекті, достықты, адалдықты, ерлікті, өнер- білімді, Отаншылыдықты жырлайтын әндерден бастау - жас буынның керек ететін материалы сияқты. Мектептерде кейбір оқытушылар лирикалық мәнісі кең. Ол тек ғашықтықпен бітпейді. Отанды сүюді, елін, жерін суреттеуде лирикалық түрде образ беруге болады. Сондықтан лирикалық ән дегеннің бәрінен жас буында ала қашуға болмайды. Алайда, мектеп оқушыларның жас буынға арналған репертуарлары болуы керек.

Қазіргі кездегі жиі кездесетін кемшіліктерінің бірі- көптеген жерлерде ән сабағын жүргізуші мұғалімдердің өздерінің музыкадан хабары жоқ немесе тіпті аз екендігі. Сол үшін жаз айларында ән сабағын беретін оқытушылардың 1-2 айлық семинары өткізіп отыруы керек. Сол аз мерзімнің ішінде болса да олар бірқатар білім алып, сол музыкалық білімдерін сырттай көтеруге мүмкіншілік алар еді. Қазіргі кезде республикалық халық ағарту жүйесі бойынша музыкалық тәрбие беру бағытында музыка сабағын оқыту әдістернің жаңа жасалынған бағдарламаларын осындай семинарлар уақыттарында таныстырып, сол бойынша жұмыс істеудің, онан әрі қарай дамытудың жолдарын іздестіру қажет.

Сөз өнері ән мен күй,музыка жасөспірімдердің өмірінде де үлкен роль атқарады. Яғни сөз өнері, ән мен күй, музыка - өмір үшін де өте қажетті процесс екендігін педгогикада теріске шығармайды. Бұл жөнінде Т.Нұртазин былай деді :”Педагогика - өнер болса, ол өнер оқушыны ынтықтыра,сабақты асқан дәрежеде өткізуге , сыныптан тыс оқуға да ынталандыруға жұмсалатын болса, онда мұғалімдер өнерпаз, оның әртістікпен әрекетінде қатынастар болғаны. Мұғалім өз табиғатында осындай рольді есте тұтқан абзал”- деген пікірі мұғалімдерді ойландыратыны болу керек. Баланы музыкаға тәрбиелеу өнер әлемінің түпсіз тұңғиық әлеміне енгізу, мұғалімнің сабақ барысындағы істеріне ғана емес, сабақтан тыс жұмыстарда тәрбиелеу керек. Оларды тартып, біріге іс істеуге жұмылдырып, музыканың сырларын аша түсуіне жағдай жасау керек. Ол жаңағы айтпақшы, әр түрлі сыныптық концерттерде өнер көрсетуден басталып, бірте- бірте деңгейі де жоғарылай бастайды.

Сабақ үстінде эстетикалық тәрбие мен сынптан тыс жүргізілетін эстетикалық тәрбиені бөліп қарау, біздіңше дұрыс емес.

Дұрыс жүйелі, алдына белгілі бір мақсат қойып, белгілі бір бағытта ұйымдастырылған музыкалық, эстетикалық тәрбие сабақта басталып, сыныптан тыс жұмыстарда жалғасып, өріс алып, қайтадан сабақтармен ұштасып оқушылардың қызығушылығын арттыруға көмектесуі тиіс.

Әрбір оқушы бір лекция - концертке қатысудан өнердің түрлерінен, музыка әлемінің құпияларының түрлерінен шағын “зертеу” жұмысына бейімделеді, олай дейтініміз әр лекция- концертте белгілі бір композитор, музыка адамының өмір жолы туралы әңгімелйді. Оның әр еңбегіне, музыкалық шығармашылығына түсінік беріледі. Сол арқылы бала өз ойы тұрғысынан қорытынды шығарады.

Демек, оқушының бұл сияқты жұмыстарын алғашқы ғылыми еңбекке баулаудың бастамасы деп атауға болады.

Осындай жүйелі түрде жүргізілетін лекция- концерт қоғамда өмір сүріп отырған жастардың сыртқы бейнесінің көркемдігі, ішкі дүниесінің тазалығы мектептен алған тәрбие нәтижесінің жемісі болмақ.

“ Музыкалық тәрбие беруің мақсаты” музыкант тәрбиелеу емес, ең алдымен адам тәрбиелеу”- деп белгілі педагог Сухомлинский айтқандай, мектепте сыныптан тыс өткізілетін әрбір жұмыстардың , лекция концерттердің басты міндеті оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, сол арқылы жақсы қасиеттерге- иманжүздікке, адамгершілікке баулу. Өткізген лекция- концертердің тартымды, қызықты болғаны оқушылар есінде қалып, олардың музыкалық тәрбиенің осы бір түріне қызығушылығын арттырады және баланың ойлы, білікті болып өсуіне септігін тигізеді

1   2   3   4   5   6



Похожие:

Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру” iconІ сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда окушыларға экологиялық тәрбие берудің мәні және оның құрылымы
Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру” iconДиплом жұмысы тақырыбы: «Бастауышта оқушыларға музыкалық білім беру арқылы сазды-эстетикалық тәрбие беру жолдары»
Тақырыбы: «Бастауышта оқушыларға музыкалық білім беру арқылы сазды-эстетикалық тәрбие беру жолдары»
Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру” icon«Филология пәндері бойынша ледагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасы диплом жұмысы тақырыбы: «Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі»
Сыныптан тыс жұмыстардың оқушы тілін ауызша дамытудағы педегогикалық көзқарастар
Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру” iconДокументы
1. /Сыныптан тыс _с-шара .docx
Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру” iconДокументы
1. /сыныптан тыс Word.docx
Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру” iconДокументы
1. /Сыныптан тыс ж?мыс.doc
Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру” iconДокументы
1. /сыныптан тыс ж_мыстар.docx
Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру” iconДокументы
1. /сыныптан тыс жумыс +.docx
Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру” iconДокументы
1. /сыныптан тыс ж_мыстар.docx
Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру” iconДокументы
1. /Сыныптан тыс _сшараны_ та_ырыбы.docx
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов