Ф – об – 001/033 Түркістан акср-дегі білім, ғылым мәселелері icon

Ф – об – 001/033 Түркістан акср-дегі білім, ғылым мәселелері



НазваниеФ – об – 001/033 Түркістан акср-дегі білім, ғылым мәселелері
страница1/4
Дата06.05.2013
Размер0.74 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
  1   2   3   4

Ф – ОБ – 001/033

Түркістан АКСР-дегі білім, ғылым мәселелері:

(1918-1924 жж.)


Жоспар


Кіріспе......................................................................................................................3

І Тарау. Түркістан АКСР-гі білім мәселелері

1.1 Мектептік білім беру ісі....................................................................................8

1.2 Орта арнаулы білім беру жүйесі....................................................................18

ІІ Тарау. Түркістан АКСР-гі Жоғарғы білім беру және ғылымның дамуы

2.1 Жоғарғы оқу орындары және олардың қызметі...........................................30

2.2 Ғылым және ғылыми қоғамдардың қызметі.................................................50

Қорытынды..........................................................................................................65

^ Сілтемелер тізімі .................................................................................................68

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................73

Қосымшалар.........................................................................................................75


Адамды адаммен

теңестіретін күш - білім

М.Әуезов

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі: Еліміз егемендік алып, ұмыт болған тарихымызбен қайта жүздесіп, шынайы тарихи беттер ашылып, ақиқатты баяндауға, өткенімізді қайта саралауға мүмкіндік туып отыр. Тірлікке жаңа ұрпақ жетіліп келіп жатқан тұста, бар ұрпақтың өзі тағдыр мен тарихтың талай таразысынан қайта өтіп жатқан қазіргідей кезеңде тарихы көп бұрмалаушылыққа ұшыраған, зерттелуі тым мардымсыз тақырыптардың бірі - Түркістан АКСР тарихы.

Қазіргі кезде тәуелсіз мемлекетке айналған Қазақ елі тарихын тереңнен танып білуге, көмескі тұстарын қайта ашуға үлкен мүмкіндік туғызып отыр.

1917 жылдың 7 сәуірінде уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрылды. 1918 жылы сәуір айында РКФСР құрамындағы Түркістан автономиялы кеңестік социалистік республикасы құрылды.

Аласапыраны мол асау ағыстарға толы ХХ ғасырдың алғашқы шиергіндегі тілі мен діні бір бауырлас түркі халықтарының ортақ мемлекет Түркістан АКСР болды.

Мұнда қазақ халқының елім деп еңіреген талай боздақтары, бүкіл саналы ғұмырын Түркістан тарихын түлетуге жұмсады. Олар Түркістан өлкесінде орын алған дүрбелең тұста халыққа пана елге ұйытқы бола білді. Өлкедегі әр түрлі экономикалық әлеуметтік (білім, ғылым) мәдениет саласындағы еңсе езер қым – қуыт қиындықтар мен ауыртпашылықтардан арылудың төте жолы оқу – білімде, халықты сауаттандыруда екенін сезінді, Дүниенің кілті білім, ғылымда жалпақ жаһанның өзге елдермен иек теңестірер күш – қуаты білім, ғылымда екенін ұқты.

Көк байрақты тәуелсіз Қазақ елімізде жылдан – жылға білімге деген сұраныстың артуы рухани дүниенің дамуы жедел қарқын алуда.

Осыған орай 1918-1924 жылдар аралығында өмір сүрген Түркістан АКСР – дегі білім, ғылымның дамуын зерттеп аша түсетін мүмкіндік туып отыр.

ХХ ғасырдың басында Түркістан өлкесінде білім, ғылым саласы барынша кеңейіп оқу – ағарту саласын дамыту жергілікті халықтар арасындағы әлеуметтік рухани бауырластықты сақтап ары қарай нығайтатын бірден – бір күшті құралға айналды.

Қазақстан тарихы нақты тарихи оқиғаларға құнды зерттеулерге, тарихи фактілерге толы болса, Түркістан АКСР білім, ғылым, оқу – ағарту істері бойынша, зерттеу тым жұтаң, ауыз толтырып айтарлықтай әдебиеттер аз.

Осыған орай Түркістан АКСР – дегі білім, ғылым мәселелерін зерттеу оның көкейкестілігі мен көлеңкелі тұстарын ашу бүгінгі күні өзекті болып табылады. Қазақстан тарихының құрамдас бөлігі болып саналатын Түркістан АКСР тарихы зерттеп зерделеуді қажет етеді.

Қазақ АКСР-де жоғарғы оқу орындарын ашу 1926 жылдан кейін жүзеге аса бастаса Түркістан АКСР – де 1918 жылы жоғарғы оқу орындары ашылған.

Аталған мәселелер біздің дипломдық жұмысымызға арқау болды және зерттеудің тарихи рухани саяси маңызы зор.

^ Дипломдық жұмысының тарихнамасы және зерттелу деңгейі: Түркістан АКСР білім, ғылым мәселелері кеңес авторлары еңбектерінде кеңестік көзқарас тұрғысынан баяндалды.

Сол кеңестік тұста жазылған «Түркістан коммунистік партиясы» еңбегінде коммунистік идея тұрғысында жазылды. Егемендік алған соң Түркістан АКСР тарихы хақында О.Қоңыратбаевтың «Т.Рысқұловтың қоғамдық саяси және мемлекеттік қызметі» еңбегінде Т.Рысқұловтың Түркістан АКСР-ің сауатсыздықты жою,білім беру,ғылым саласында жасалған жұмыстары. Х.Әбжановтың «Қазақстан: Тарих. Тіл. Ұлт» атты еңбегінде тұңғыш Қазақ ағарту институты және онда білім берген қазақ зиялылары хақында айтылады. Сондай-а 1973 жылы Өзбекстан республикасынан шыққан «Культурное строительство в Туркестанской АССР»сборник документов» атты архив құжаттарының топтамасында Түркістан АКСР-гі білім берудегі тарихи құжаттар берілді.

Кейінгі кезде түрлі зерттеу мақалалары мен ғылыми монографиялар Түркістан АКСР-ің тарихын тереңнен тануға теңізге құйған тамшыдай болса да өз үлесін қосуда. Түркістан АКСР-дегі оқу білім саласын қазақтың біртуар азаматтары Т.Рысқұлов, М.Тынышбаев, Н.Төреқұлов, Х.Досмухамедов, С.Қожанов,С.Асфендияров сынды тұлғалар барынша дамыта түсті.Осы тұлғаларымыздын еңбегінде Түркістан АКСР білім мәселесіне қатысты деректер кездеседі

Ата дәстүр, ислам құндылықтарын, әлем әдебиеті мен мәдениетін бойына сіңірген елім деп еңіреген ел тұлғалары білім мен ғылымды дамытуда әлемнің озық үлгісі һәм жүйесімен дамытуды қалады.

^ Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Аласапыран оқиғаларға толы, қарама – қайшылықтар, болашаққа деген мол тынысты құлшыныстар мен асау ағыстар жиынтығына айналған ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде түркі халықтарының ортақ мемлекеті Түркістан АКСР-ғы маңызды этносты құрайтын қазақ халқының сауаттылығын, білім, ғылым жолындағы жасалған жұмыстарды зерделеу. Сонымен қатар білім, ғылым жолындағы жасалған жұмыстарының халықтардың әлеуметтік, әлеуметтік – саяси өміріндегі алатын орны мен даму жолын (тетігін) ғылыми айналымға түспеген құжаттар мен деректер негізінде көрсете отырып, оны жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан бағалау диплом жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған орай дипломдық жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылып отыр.

  • Мектептік білім беру жүйесінің дамуына ғылыми баға беру.

  • Орта арнаулы оқу орындарының қоғамға тигізген прогрессивті ықпалын көрсету.

  • Жоғарғы оқу орындарының ерекшеліктері мен кадр даярлау қызметін баяндау.

  • Ғылым мен ғылыми қоғамдардың қызметін саралау, талдау жасау.

^ Диплом жұмысының хронологиялық шегі: Түркістан АКСР-ің 1918 жылы құрылуы мен 1924 жылы таратылуына дейінгі аралықты қамтиды.

Диплом жұмысының деректік негізі: Диплом жұмысын жазу барысында Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының 1169 қор Өзбекстан республикасы мұрағатынан алынған «Оңтүстік Қазақстан облысы тарихы туралы» коллекциясынан алынған іс құжаттар,осы уақытқа дейінгі ғылыми айналымға тартылмай келген баспасөз материалдары, осы тақырыпқа байланысты әдебиеттер, ғылыми зерттеулердің мәліметтері сұрыпталынып алынды.

^ Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Нақты деректер негізінде Түркістан АКСР білім, ғылым мәселелеріне қатысты материалдар негізінде заман талабына сай тарихи шындық пен объективті тұрғыдан жан жақты талданып көрсетілді. Диплом жұмысында мынандай жаңалықтар бар.

  • Деректердің ғылыми айналымға тартылуы негізінде Түркістан АКСР білім, ғылым мәселелері дәйекті түрде баяндалады.

  • Түркістан АКСР-гі қазақ халқының ұлттық оқу жүйесін қалыптастыруға жасалған әрекеті мектептік білім беру жүйесі, орта арнаулы оқу орныдары, Жоғарғы оқу орындары жүйесін жасау жолындағы әрекеттері айтылады.

  • Ғылыми орталықтардың құрылуы,дамуы, ғылым саласындағы алғашқы баспалдақтар мен ғылымның қоғамға берген жұмыстары мен жемістері хақында баяндалады.

^ Диплом жұмысының методологиялық негізі: Диплом жұмысының методологиясы,объективтілік,тарихилық жүйелілік және сабақтастық сияқты ғылыми танымға негізделген. Сондай-ақ Түркістан АКСР білім, ғылым мәселелерін мүмкіндігінше объективті тұрғыда түсіндіруге бағытталған әрі жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.

^ Диплом жұмысының практикалық маңызы: Түркістан АКСР-ғы білім, ғылым мәселелері Түркістан АКСР оқу – ағартушылық тарихына байланысты зерттелген еңбектердің қатарын толықтыра түседі. Диплом жұмысындағы материалдар жоғарғы оқу орындарында оқылатын курстар мен семинар сабақтарында пайдалануға болады.

^ Диплом жұмысының сыннан өтуі: Диплом жұмысы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ Тарих факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, студенттердің ғылыми конференциясында баяндалды.

^ Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден екі тараудан қорытындыдан,сілтемелер тізімінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалар тізімінен тұрады.


І Тарау. Түркістан АКСР білім мәселелері

1.1 Мектептік білім беру жүйесі.


Кеңестердің бүкіл Ресейлік үшінші съезінде қабылдаған (1918 жыл, қаңтар) «Еңбекші және қаналушы халық құқықтарының декларациясында «Советтік Россия» республикасы ерікті ұлттардың ерікті одағы негізінде Советтік ұлт республикаларының федерациясы ретінде құралады» делінді. Кеңестік тұрпаттағы тұңғыш көп ұлтты мемлекет – РКФСР –дің құрылуы Кеңестік республикалардың дүниеге келуіне жағдай жасады.

1918 жылдың 30 сәуірінде кеңестер съезі РКФСР –дің құрамына кіретін Түркістан Кеңестік Автономиялық Республикасын құру туралы қаулы қабылдады [1].Түркістан АКСР-ің құрамына Өзбек,Түркімен,Қырғыз республиксы және Қазақстан республикасының Алматы,Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан,Қызылорда облыстары енді. Бұхара мен Хиуаны қоспағанда құрамына бұрынғы бүкіл Түркістан өлкесінің аумағы кіретін, Түркістан АКСР туралы ережені бекітті [2].

Түркістан АКСР-ің халқының саны 7 668 мың адамды құрады олардың ішінде 35,77% өзбектер, 44,76% қазақтар мен қырғыздар, 6,73 % тәжіктер, 4,98 % түркімендер, 3,75 қарақалпақтар, 2,15 % т.б. ұлттар құрады.

Түркістан АКСР құрылғаннан соң халыққа білім беру, сауаттандыру мәселесі көтеріліп РКФСР халық ағарту комиссары Лунчарскийдің № 55 бұйрығымен және Түркістан АКСР ХКК төрағасы Ф.Колесовтың келісімімен 1918 жылдың 23 наурызында №5 бұйрықпен Түркістан өлкесінде өлкелік халыққа білім беру кеңесін құру туралы шешімі шығады [3].

Патша үкіметі құлатылғанға дейін Түркістан өлкесінде мектеп ісі қоғамдық өмір отаршылдық саясаттың шекпенінен шыға алмады..

Түркістан АКСР құрылғаннан соң бұрынғы мектептерді қайта бейімдеу, мектептік білім беру жүйесін қалыптастыру жүзеге аса бастайды. Ешбір қиындықтарға қарамастан мектептік білім беру бағдарламасы жасалынады.

Осыған орай Түркістан АКСР өлкелік білім беру кеңесі 1918 жылдың маусым айында Түркістан АКСР оқу – ағарту комиссариаты болып құрылады.

1918 жылдың 29 маусымында «Түркістан АКСР-гі барлық деңгейдегі мектептерде 1918-1919 оқу жылында тегін білім беруді қамтамасыз ету туралы» № 11 Түркістан АКСР халық оқу – ағарту комиссары Успенскийдің шешімі шығады [4].

Осы уақытқа дейінгі мектептердегі оқу бағдарламсына өзгеріс енгізіліп осы өзгеріске сәйкес мектептік білім беру оқыту жергілікті халықтардың өз ана тілінде жүргізілді.

Ұлттық мектептерде оқыту мен мектептер ашу бірқатар қиындықтар туғызды. Түркістан өлкесінде мектеп ашу білім беру ісі көшпелі жергілікті халықты тарту мәселесі үлкен ұмтылыспен жүргізілді.

Жаппай білім беру негіздемесіне сәйкес мектептерде оқыту жылдық бағдарламаға сәйкес 3 категорияға бөлінді:

  1. Мектептерде білім беру 1 қыркүйектен маусым айының 1 жұлдызы аралығын қамтыды.

  2. 1 маусымнан шілде айының 1 жұлдызына дейінгі аралық ашық аспан астында саяхат жүргізе отырып, табиғатты танып білуге арналған сабақтар жүргізілді.

  3. Демалысқа шығу күндері: Жазғы демалыс 1 шілдеден қыркүйек айының 1 жұлдызына дейінгі аралықта болса.

Қысқа демалыс 23 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығы, көктемгі демалыс сәуір айының 1-14 жұлдызы аралығын қамтитын болып бекітілді.

Мектепте 6 күн сабақ берсе 7-ші күні оқу – саяхаттарына кітап оқуға шақырылды.

І сатылы мектептерде алғашқы үш жыл оқу бағдарламасына сәйкес күнделікті сабақ 4 сағаттан аспауы тиіс болса, қалған екі жылда 5-6 сағатқа дейін оқыту жүйесі іске асырылды.

Мектептерде қандайда бір жаза қолдануға тиым салынды.

Мектептердегі сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне орай бөлініп отырды.

Барлық мектептерде міндетті түрде бір мезгіл ыстық тамақ беру

Міндетті дәрігерлер бақылауында ұстау

Мектепке қабылдағанда оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізу сияқты міндеттемелер жүктелді.

Түркістан АКСР халық ағарту комиссариатының қарары бойынша және «Түркістан мектептерінің құрылымдық жағдайы» бағдарламасына сәйкес бұрынғы шіркеулік, орыс – еврей мектептері таратылып оның орнына 1 сатылы мектептер құрылса, бұрынғы училище, гимназиялар орнына 2 сатылы мектептер ашылды.

Мектептерде еңбектік тәрбие беруге назар аударылды.

1918 жылдың 25 қазан айынан бастап АКСР территориясындағы бұрынғы жеке меншік мектептерді барлық құрал жабдықтары мен мемлекет меншігіне алу туралы шешім шығады.

Түркістан АКСР-гі қаржылық қиындықтарға қармастан мектептердің күнделікті қажеттері кітап оқулықтар, қалам, қағаз, парталармен және мектеп оқу ғимараттарымен қамтамасыз ету басты назар аударылды.

1920 жылы Түркістан АКСР – де 1-ші сатылы 2290 мектеп болса оның 1078-і ұлттық мектеп 1212 –і аралас мектептер болды. Ұлттық мектептерде 198 800 оқушы оқыса аралас мектептерде 221 000 мың оқушы білім алды. 2- ші сатылы мектеп саны 98 болса, жергілікті халықтардың тілінде оқытатын ұлттық мектеп саны 8 болды 5. Осындай көлемде жұмыстардың арқасында Республикада жаңа мектептер ашуға жол ашылды.

Мектептерді қажетті құралдармен жабдықтау оқушыларға қажетті күнделікті пайдаланылатын заттарын тауып беру жұмыстары көптеген көзбояушылықтарға салынып мектепке бөлінген қажетті заттарды жолдан ұстап қалу, өздерінің бас пайдасына жарату да көрініс берді.Облыстық, уездік оқу – ағарту комиссариаттары қатаң бақылаулар орнатып мектептің керекті жабдықтарымен қамтамасыз етілуіне бақылау жасады.

Қатаң бақылаудың арқасында мектептердің қажетті құрал – жабдықтары орынды жеткізілуін отырды.

1921 жылы Түркістан АКСР – де мектептік жүйені қатаң бақылауға алып білім сапасын арттыру жұмыстары жүргізілді.

1921 жылы жергілікті халықтардың тілінде оқытатын Ұлттық мектептер мен аралас мектептер саны мынадай болды.

1-ші сатылы мектептер: Жергілікті мектептер – 1078, мектеп қызметкерлері 5 мың, оқушы саны 198 800. Аралас мектеп – 1212, мектеп қызметкерлері 4 мың, оқушылар саны - 221200.

2-ші сатылы мектептер: Жергілікті мектептер – 8, мектеп қызметкерлері – 142, оқушы саны 1260. Аралас мектептер – 70, мектеп қызметкерлері -1009, оқушылар саны 9370.

Мектеп – интернаттар: Жергілікті интернаттар 67, жетекшілер саны – 200, оқушылар саны 11 376. Аралас мектеп – интернаттар 102 – жетекшілер саны 205, оқушылар саны 9576 [6].

1921 жылы Жетісу облысы бойынша мектеп – интернаттардың саны өсті. Верный қаласында 10 мектеп – интернат, 1599 оқушы тәрбиеленушілер болса.

Аулие–ата қаласында мектеп–интернат саны 7, оқушы – тәрбиеленушілер саны 678. Пішпек қаласында 2 мектеп интернат, 370 оқушы тәрбиеленушілер болса.

Пржевальск қаласында мектеп – интернат саны 2,оқушы – тәрбиеленушілер саны 157 құрады [7].

Сыр – дария облысы бойынша мектеп интернаттар саны Ташкент қаласы бойына 22 мектеп интернат болса, тәрбиеленушілер саны 2144 оқушыны құрады.

Арыс бекетінде 1 интернат, 65 оқушы болса, Перевск уезінде 2 интернат 343 оқушы, Арал уезінде 3 мектеп – интернат, 179 оқушы Жаңа – Қазалы қаласында 1 интернат 120 оқушы Хилкова бекетінде 1 мектеп интернат 102 оқушы болды [10].

1920 жылы Жетісу облысында 222 мектептер жұмыс жасады, мектептердің оқу ғимараттарының жетіспеуіне байланысты Нарын уезінде кейбір сыныптарда сабақтар қосылып оқытылды.

Қапал уезіндегі мектептерге жіберілген оқу құралдары атап айтсақ, А.Байтұрсыновтың «Ана тілі» Х.Досмухамедовтың «Табиғаттану» И.Тоқтыбаевтың «Түркістан географиясы» сынды кітаптары жетпеген, Қапал уезіндегі № 3, № 6 мектептерде әскери қақтығыстың салдарынан оқу ғимараттары жарамсыз болып қолда бар кітаптар, мектептің түрлі әдістемелік оқу құралдары отқа оранып жанып кеткен.

Көшпелі халықтардың арасындағы білім беру ісі өте баяу жүргізілді. Көшпелі халықтардың арасында білім алуға құштарлы оқушыларды тарту жұмыстарды әскери қақтығыс салдарынан тоқтап қалған.

Жетісу облысындағы түрік мектептерінің саны 100-ге жуық болса ондағы білім алып жатқан оқушылардың жалпы саны 11 мың адамды құрайды.

Түрік мектептерінің білім беру жағдайы мүлдем нашар, түрлі Жетісудағы әскери қақтығыс салдарынан білім алушылар, білім беруші мұғалімдер де сескеніп қалған.

Білім берудің тағы бір солқылдақ тұсы мұғалімдердің өздерінің білім 2-3 кластық қана. Мұнда яғни облыста әлі 112 мектеп ашу көзделсе сабақ беретін мұғалімдердің жетімсіздігі қолбайлау болып отырғандығы байқалады.

Түркістан АКСР оқу – ағарту комиссариаты жіберуге тиісті мұғалімдер келмеген осыған орай Түркістан АКСР оқу – ағарту комиссары В.П.Билик Жетісу облысында болып осы олқылықтарды шешу үшін жиналыс өткізген.

Жетісу облысы Жаркент уезінде 1920 жылы 48 мектеп болса 36 мектеп ауылдарда қалғаны қалада шоғырланған және 24 мұсылман мектептері жұмыс жасауда Жаркент уезінде мұғалімдердің жетіспеуіне байланысты Жаркент қаласындағы ІІ сатылы № 1 мектеп жабылған. Бантугеевка, Голубевка, Жалаңаш, Смутов, Богословка ауылындағы І сатылы мектептер Қапал уезінен жіберілген мұғалімдердің арқасында жабылудан аман қалған Жаркент қаласындағы № 5 татар мектебінің жабылуы мектепке қажетті құралдарының жетіспеуі және білікті мұғалімдердің Верный қаласына ауыстырылуы салдарынан болған.

Воздиженская, Бурхан, Нижегородская, Красноярская, Аралтөбе ауылдарында қыздарға арналған мектептер өз жемісін бере бастады мұнда білім берумен қатар қолөнер, еңбекке баулу сияқты сабақтар жүргізіліп қыздар түрлі қолөнер бұйымдарын жасауға машықтанды.

Жетісу облысындағы бастауыш жеті жылдық мектептер мен онжылдық орта мектептерде әр түрлі пәндердің түрлі салаларын тереңдетіп оқыту жүргізілді. «Бұл оқыту 1918 жылдың 12 қыркүйегіндегі Түркістан АКСР оқу – ағарту комиссары Успенскийдің «Бастауыш жеті жылдық және орта мектептерде пәндердің салаларын тереңдетіп оқыту туралы [8] және 1920 жылы Түркістан АКСР оқу – ағарту комиссары Биликтің «Бастауыш мектептер мен орта мектептерде жалпы оқытылатын пәндерді салалары бойынша тереңдетіп оқыту туралы [9] шешіміне сәйкес бастауыш жеті жылдық мектептерде математика пәні бойынша арифметика және алгебра, элементарлы геометрия, тригонометрия анлитикалық геометрия салаларын тереңнен оқытуға Химия пәні бойынша – химияның негізгі заңдарын химиялық анализ бен синтездеудің негізгі заңдарын Жаратылыстану пәні бойынша неорганикалық және органикалық (өсімдіктер және жануарлар) әдебиет пәні бойынша бұрынғы және Жаңа әлемдік әдебиеттерді мәдениеттерді тануға Тарих пәні бойынша ежелгі дүние тарихы, Түркістан тарихы оқытылады.

Орта мектептерде.

Математика пәні бойынша математикалық анализ, аналитикалық геометрия, дифференциалды және интегралды көбейту.

Физика пәні бойынша – математикалық физика. Химия пәні бойынша, органикалық және неорганикалық химия, биологиялық химия Жаратылыстану пәні бойынша – геология, метерология, ботаника және зоология.

Әдебиет және тіл пәні бойынша тілді үйренудің ерекшеліктері, әдебиет тарихы, орыс әдебиеті Тарих пәні бойынша – батыс еуропа тарихы (ежелгі, орта және жаңа заман) Орыс тарихы, Түркістан тарихы. Қоғамтану пәні бойынша – саяси экономика және оның тарихы, Түркістан экономикасы, әлеуметтану География пәні бойынша – экономикалық география Ресей және Түркістан географиясы.

Жаңа тілдер пәні бойынша – жергілікті халықтардың ана тілі, орыс тілі, неміс тілі, француз тілі, ағылшын тілі салалары басты мәні беріліп оқытылды.

Сырдария облысы бойынша білім беру мектеп жүйесі барынша айқын жүргізілді. 1922 жылы Жаңа ташкент қаласында 64 мектеп болса бірінші сатылы мектеп саны 57 екінші сатылы мектеп саны 7 болды І – ІІ сатылы мектептерде оқитын оқушылардың саны 15 мың адамды құрады, бірінші сатылы мектептерде 12344 оқушы екінші сатылы мектептерде 2656 оқушыны құрады, осы мектептердің ішінде 4 мектеп таза қазақ тілінде оқытатын мектеп еді [10].

Жалпы мектептердегі мұғалімдер саны 970 адамды құрады.

Жаңа Ташкент қаласындағы мектептерде түрлі үйірмелер жұмыс жасап бос уақыттарын тиімді пайдалануға жағдайлар жасалынған оқушылар түрлі концерттер спектакльдер ұйымдастырп оқушылар өздерінің арасында жаман қылықтардан сақтану білімге өнерге ұмтылуды көздейтін түрлі мәдени тәрбиелік шаралар жасап, өзін - өзі тәрбиелеу жолында игі нәтижелерге жеткен.

Ескі Ташкент қаласында 1919 жылы 46 мектеп ашылса және 13 мектеп қыздарға арналып ашылды. Ескі қалада мектеп жасына жеткен 40 мыңға жуық адам бар осыған қарап отырып бұл мектептердің санын көбейту шаралары жүргізіліген, қыздарға арналған мектептерді қоса есептегенде 59 мектеп болса 600-ге жуық мұғалім сабақ берген .

Арыс қаласында таза қазақ тілінде білім беретін 3 мектеп болс, онда 600-ге жуық оқушылар білім алады .

Қазалы қаласында 28 мектепте 1200 оқушы

Перовск қаласында 21 мектепте 1456 оқушы

Арал уезінде 8 мектеп 357 оқушы білім алды [11]. 1923 жылы Сырдария облыстарындағы мектеп жасындағы адамдардың өсуімен Сырдария облысына қарайтын қала, уездерде жаңа мектептер ашу көзделді.

Арыс қаласында 3 мектеп,

Қазалы қаласында 4 мектеп,

Перовск қаласында 8 мектеп,

Жаңа Ташкент қаласында 5 мектеп ашу көзделді.

Сырдария облысындағы мектеп жасындағы балалардың саны

Арыс қаласында 284 бала

Қазалы қаласында 1000 бала

Перовск қаласында 2846 бала

Арал қаласында 600 бала

Жалпы Сырдария облысы бойынша 32 мың бала мектеп жасына келген және мектеп оқушыларды қабылдауға мүмкіншіліктер құрастырылып Сырдария оқу – ағарту комиссариаты жанынан арнайы комиссиялар құрылды [12].

Түркістан уезінде 23 мектеп болса, оның ішінде 7 мектеп орыс тілінде оқытты, уезд бойынша 16 жастан 50 жасқа дейінгі білім алушылардың саны 1922 жылы 1500-ге жеткен [13]. Түркістан уездіне қарайтын Шілік, Шолаққорған, Ескі Иқан, Созақ ауылдарында бастауыш мектептер ашуға Ташкент қаласындағы педагогикалық училищелерді бітірген мұғалімдерді шақыру көзделген.

1923 жылы 22 маусымда Түркістан АКСР Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы Т.Рысқұлов кәсіптік ауыл шаруашылығы мектептерінің жағдайын талқылап ондағы білім берудің жүйесімен танысты. Түркістан АКСР-де 6 кәсіптік ауылшаруашылығы мектепбі болса, оның 3-і Жетісу облысында 1-і Сырдария облысында қалғаны Самарқант, Түркімен облыстарына қарады. Оларда 61 мұғалім сабақ беріп, 497 бала оқыды, оқушылардың негізгі бөлігі еуропалық халықтардың өкілі болды, яғни 350 еуропалық болса, 88-і қазақтар болатын. Талқылау барысында Т.Рысқұлов былай дейді: ауыл шаруашылық мектептер туралы мәселе біз үшін өте маңызды, егер біз оқу – ағарту жұмыстарын жақсартқымыз келсе, онда техникалық оның ішінде ауылшарушылық біліміне ерекше көңіл бөлуіміз қажет.

Мен Жетісу облысындағы ауыл шарушылық мектептерінің жағдайын жақсы білемін, олардың қарамағындағы жеткілікті қөлемде мал, ірі жер бөліктері бау-бақша егістік және т.б. бар. Олардан алынған табыс аталған мектептерді қамтамасыз етуге жұмсалады, кейбір мектептерді осындай өзін - өзі қамтамасыз етуге бейімдеу қажет, сонда ғана мектептер мұқтаждықтан құтылып өздерін-өзі қаржылық жағдаймен нығайта алады [14].

1923-24 жылдары республикада түрліше ұлттық 1032 мектеп жұмыс істеді, оларды 85.912 оқушы оқыды, республикадағы мектеп оқушыларының 90% жұмысшылар мен шаруалардың балалары болды. Басты назар ауыл мектептерін дамытуға аударылды.

1923 жылы 23 қарашада Халық комиссарлары Кеңесінің шешімімен Халық ағарту ісіне көмектесу бюросы құрылып, оған тікелей Т.Рысқұлов басшылық етті.

Түркістан өлкесінде 1918 жылдан 1924 жылы аралығында жүргізілген мектептік білім беру жүйесі үлкен жемісін берді. Республика халқының 63,7% сауаттылығы осының айғағы еді [15]. Мектептердегі түрліше қиындықтарға қарамастан АКСР-көлемінде жыл сайынғы білім көрсеткіштері мынадай болды.

1918 жылы республикада 3873 оқушы білім алса

1920 жылы бұл көрсеткіш 98,656 оқушыны құрады

1921-22 жылы мектеп оқушыларының саны 123756

1923-24 жылы жалпы орта білім беретін мектептердегі оқушылар 165-122 адамды қамтыды [16].

Осы мәліметтерге сүйене отырып, Түркістан АКСР мектептік білім беру ісінде орасан зор тарихи істердің жасалғандығы айқын көзге ұрып тұр. Бұл жетістікке жетуде Түркістан АКСР -гі мекендейтін түркі халықтарының білімге деген құштарлығын көрсетеді.

Көріп отырғанымыздай Түркістан өлкесінде мектептік жүйені қалыптастыру ұлкен жұмыстардың арқасында жүзеге асырылды.Түркістан АКСР-де метептік жүйені қалыптастыру,халыққа білім беру Түркістан АКСР-іңҮкіметінің зор күш-жігер жұмсауына қарамайақ,республикада оқу-ағарту саласының жағдайы аса ауыр халде қала берді.Жетім балаларга ұйымдастырылған мектеп-интернаттарының жағдайы тым мұшкіл еді.Оқу құралдары,киім-кешек,жатын орндарының жетіспеуі мен бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі де шешімін таппас күрделі ахуалға айналды.Кейбір аймақтарда мектеп ашу ісі құр ұрандатушылықтың жетегінде кеткендігі байқалады.Осындай қиын қыстау заманда №2мектеп-интернатындағы жетім қазақ балаларының игілігіне берілген киім-кешектерді өз тусқандарына бөліп берген Ершин сияқты интернат меңгерушілері сол кездегі қоғамның бет бейнесін көрсетеді.Осындай қиындықтарға қарамастан Т.Рысқұлов бастаған Халық комиссарлары кеңесі оқу ағарту ісін халық игілігі үшін ерекше күш жігермен дамытты.

  1   2   3   4



Похожие:

Ф – об – 001/033 Түркістан акср-дегі білім, ғылым мәселелері iconФ – об – 001/033 Түркістан акср-дегі білім, ғылым мәселелері
Мектептік білім беру ісі
Ф – об – 001/033 Түркістан акср-дегі білім, ғылым мәселелері iconФ-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Кпя-ның қызметі
Ф – об – 001/033 Түркістан акср-дегі білім, ғылым мәселелері iconФ-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
«Кентау экскаватор зауытының модернизациядан өткен механикалық цехті электр энергиясымен жабдықтау» тақырыбына
Ф – об – 001/033 Түркістан акср-дегі білім, ғылым мәселелері iconФ-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
«Трансформатор» АҚ-ның жаңартылған механикалық цехын электр энергиясымен қамтамасыз ету: есептік зерттеу
Ф – об – 001/033 Түркістан акср-дегі білім, ғылым мәселелері iconФ-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
«Арысқұм мұнай кенінің бұрғылау, қондырғысының жаңартылған қосалқы элементтерін электр энергиясымен қамтамасыз ету»
Ф – об – 001/033 Түркістан акср-дегі білім, ғылым мәселелері iconФ-об-001/033 Қазақстан республикасы білім жєне ғылым министрлігі
Е. В. Тарленің “Наполеон” жєне “Нашествие Наполеона на Россию” еңбектеріндегі Наполеон туралы көзқарастары
Ф – об – 001/033 Түркістан акср-дегі білім, ғылым мәселелері iconФ-об-001/033 ф-об-001/033
Тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
Ф – об – 001/033 Түркістан акср-дегі білім, ғылым мәселелері iconФ-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Солар жасаған мәдениетке ортақпыз. Өз алдына қазақ хандығы құрылғанға дейінгі (ХҮғ.) дәуірлерде бізді жалпы атпен түріктер деп атаған....
Ф – об – 001/033 Түркістан акср-дегі білім, ғылым мәселелері iconФ-об-001/033 Ќазаќстан республикасы білім жєне
Тарау. Delphi программалау ортасы және Паскаль тілінің басқарушы конструкцияларының программалаудағы қолданысы
Ф – об – 001/033 Түркістан акср-дегі білім, ғылым мәселелері iconФ-об-001/003 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов