Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері icon

Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері



НазваниеТұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері
страница2/5
Дата06.05.2013
Размер0.99 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5

^ 1.2 Көркем шығарманы пайдалану арқлы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің сипаттамасы


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына Жолдауында» жас ұрпақты жауынгерлік, Отансүйгіштік рухта, ата-бабамыздың ерлік өнегісімен тәрбиелеуді мақсат етіп қойды әрине, бұл мақсатқа жету барысында біздер болашақ педагог-ұстаздар халықтық төл ерекшеліктерін терең меңгеріп, оларды бала тәрбиесінде алатын рөлін айқындап алуымыз керек. Ертеңгі болашағымыз - өскелең ұрпққ сол тұрғыда білім мен тәрбие беруіміз қажет-ақ.

Енді осы ұлттық ерекшеліктердің бала тәрбиесіне тигізер пайдасына бұл жерде баланы патриоттыққа тәрбиелеу де керек қажетті әдіс – тәсілдердің тиімді пайдалануы ғана бізге қажетті нәтижеге қол жеткізбек, - деген болатын.

Білім ұлттық мәдени дамының тұтастығын, сабақтастығын қамтамасыз етеді. Оның маңызды шарттарының бірі – ана тілініңбасымдылығын тану, соның негізінде ұлттық сана-сезімді дамыту.

Тіл – ұлттық этностың ұлттық мәдени талаптарын қанағаттандыратын, жас ұрпақты ұлттық дәстүрлікке тәрбиелейтін ұлттық игіліктің даусыз көрінісі. Ұлттық тілді игеру – рухани тәуелсіздікке жетудің жолы. Қазасқтан Республикасындағы этникалық мәдени білім тұжырымдамасында: ұлттық білім идеясын жүзеге асырудың негізгі шарттары қарастырылған. Онда: білім беру мен мектептің ұлттық бастауларын дамыту және нығайту; жеке тұлға үшін ана тілі мен төл мәдениеттің сөзсіз басымдығын тану және оны қамтамасыз теу; білім беруді демократияландыру, білім берудің меншіктік түрі жөнінен де, этникалық мәдени мүддерлерді жүзеге асыру арналарының сан алуандығы жағынан да көп түрлілігі мен оңтайлылығы; ұлттық білім беру жүйесінің нысанаға қатысты дүниежүзілік тәжірибесіндегі бүкіл озық атаулығы ашықтығы мен икемділігі, жеке адам мен қоғамның этникалық-мәдени қажеттерін іске асыруға бағытталған білім беру қызметінің үздіксіздігі; сұраныстарды анықтауға және қанағаттандыруға мақсатты түрде бағыттау; мемлкеттік бағдарлама негізінде аталған проблема бойынша халықтың этникалық құрамының ерекшеліктері ескерілген аймақтық бағдарламалардың болуы.

Мектептің ұлттық спат алуы, оның ұлттық құндылықтарды білімнің негізіне айналдыра алуына байланысты. Ұлттық мектептің моделі қалыптасып жатқанда білім беру үрдісінде оқытудың арнаулы технологиясы бар, неғұрлым жаңа, қоғам сұранысына сай әдістемесін дайындап тәжірибеге енгізу, кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып табылады. Осындай өзекті мәселерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік деңгейде білім беруге баса көңіл бөлініп, оның инфрақұрылымдық тұрғыдан қамтамасыз етілу мәселелері шешілу үстінде. Оған дәлел Қазақстан Республикасындғы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арнлған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы. Аталған бағдарламаның айқындалған мақсаты мен одан туындайтын міндеттерінің бірінде: қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адамның құқытары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу; мемлекеттік тілді басым дамыту, отандық дәстүрлер, әлемдік тәжірибеге және тұрақты даму қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту; 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу, - деп көрсетілген.

Халқымыздың белгілі ғалымдарынң бірі Х.Досмухамедов тіл, сөйлеу адам психологиясының басты белгілерінің бірі дей келе отырып: «Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт жойылған жұрт. Мектеп пен баспада қолданылудан қалған тіл – шатасқан тіл. Ол ел сорлы ел, мұндай ел бұзылмай қоймайды. Ата тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, ол күйініш. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу бұл сүйініш... Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беруі зор қате». Бұдан бала тәрбиесін жөргегінен бастауды және оны халық даналығымен байланыстыру қажет деген қорытынды жасауға болады. Ал халық даналығының негізі халық ауыз әдебиеті екенін ескерсек, оның өзі көркем шығарманың бір жанры болып табылады.

Қазақстан Республикасы білім және Ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінің делегаттары мен ғылыми педагогикалыққоғамдастықта үндеуінде: «Адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аудару керек. Қазақстандық патриотизм мен интернационализм негізінде білім алушыларды тәрбиелеудің тиімді жүйесін енгізу қажет.

Еліміз мемлекеттік тілді меңгеруге және Қазақстан халықтарының тілдерін дамытуға жағдай жасап отыр. Біз педаггикалық қауымдастқты қазақ тілінің оқыту санасын арттыру үшін нақты қадамдар жаауға шақырамыз және еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттік тілді оқып-үйренуге бар күш-жігерін жұмсауды сұраймыз», - делінген. Шындығында тіл өмір өзегі, тіршілік арқауы болып табылады. Мұның ақиқатын бүгінгі күн дәлелдеп отыр. Бізің елімізде Ата заңда көрсетілгендей «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Демек тіл – Ұлттың ұлы байлғы жас ұрпақты ұлттық тәрбиемен ұштастырып, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, әдеби-мәдени қазынасын санаға сіңіріп отыруға міндетті». Осы міндетті жүзеге асыруда бастауыш сынып мұғалімінің тілінің байлығы, ойды жүелеп жеткізуге қажетті сөздік қорымен, сөйлеу мәдениетімен байланысты екенін байқау қиын емес. Ол жөнінде Шәкәрім:

Кейбір сөз аласалау, көзге сынық,

Көрінер, байқамасаң, мөлдір, тұнық.

Желдік салы, сақтанбай, міне көрме,

Асты арам, үсті жатық, ол бір қылық, - деген [130]

өлең жолдары тілдің тазалығын, ойдың жүйелі болуының, әсіресе, бастауыш сынып мұғалімі үшін аса қажет екенін ескертеді.

Белгілі жазушы, қоғам қайраткері: Ә.Кекілбаев: «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тағдыры» деген еңбегінде: «Өз мүддесін өзі қолдап, өз есесін өзі түгендеп атаның алғысын, ананың ақ сүтін ақтай алған перзенттен қатардың азаматы шыға алмақ [131].

Халқының көңілінен шығып, қауымының үмітін ақтап, өткен ұрпақтың есесін түгендеп, келешек ұрпақтың мерейін үстем ете алған перзенттен Отанның азаматы шыға алмақ.

Ендеше, ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тағдыры. Өз ұрпағының тәжірибесін өз жолына қоя алған ұлт қана өз тағдырын өзі ойдағыдай қамдай алмақ».

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрғанұлы мұрат-міндетердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбелеу болып табылады. Ұрпақ тәрбиесін келешек қоғам қамын ойлау тұрғысынан қарастырып, М.Дулатов: «Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсері күшті, сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да, оқу кітапшасы ана тілінде өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқытуды, осылай біліп баяндап оқытқанда, жас баланың оына, қанына сүйегіне, керекті мағлұмат алып шығады.

Мұндай балалар бастауы мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген рухы жасымайды. Қайда болса да тіршлігінде қандай ауырлық көрсе де ұлт болып қалады» [132] деген болатын. Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда патриоттық сезімді ардақтап, батырлық, ерлікке мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген.

Д.Исабеков: «Патриотизм өзінен өзі келетін қасиет емес. «Отанды сүю» деп жалаң айғалау жастарды патриотизмге тәрбиелеу боп табыла бермейді, міне, мынадай Отаныңды сүй деп тәрбиелесек, сірә, сол ұғымды болар. Ол үшін ауқымды мемлекеттік бағдарлама, мәдениет жөніндегі жетілген заң керек», - деген өте құнды пікір айтқан. Көркем шығармаларда өзінің жеке басын ғана емес, елдің амандығын ойлаған, отқа күймейтін, суға батпайтын ержүрек қаһармндары, батыр ұлдары мен қыздарының ерлік істерін суреттейді.

Көркем шығармаларда халықтың сүйе тыңдап, сүйсіне жырлағаны – көпшілік үшін жасалған ерлік, батырлық істер, ел қорғау әңгімелері болған. Бұл тақырыпта нешелеген әдемі әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтың батырлық, ерлік істерді және оны жасаушыларды ардақтғанын білуге болады.

Халықты сүсіндірген бұл әңгімелер, оның мақалаларынан да айрықша орын алып отырған.

Ауыз әдебиетінің басты ерекшелігі оның шынайы патриотзмін, халқына сүйіспеншілігін, халқының бақыты, мүддесі мен болашағы үшін күресуге дайын екендігін жан-жақты көрсете білуі дер едік.

Ел қорғау, батырлық істер жайында туған халық мақалдары халықтың бұл жөніндегі ой-тілегі, арман-үддесі, патриоттық сезімі, ұлттық мақтанышы қандай екенін көрсетіп отырады. Осы тақырыптағы мақалдар, ең алдымен кімге болса да,туған жер, өсіп өнген ел-отан аса қасиетті, қадірлі қымбат, ыстық деп көрсетеді. Мысалы: «Ел іші – алтын бесік», «Туған жердің тауы да ыстық». Ал сонымен қатар туған елді, жерді басқа ердермен салыстырып, әпкімге өз елінен артық ел жоқ екенін аңғартанын мақалдар да баршылық. Оған дәлел: «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Кісі елі – күміс, Өз елің - алтын» т.б. мақалдар.

Өзінің мақалдарында туған жер, ел-отан аса жоғарыбағалап ардақтаған халық, оларды қорғау әрбір ер-азаматтың борышы деп біледі. Өз елін жаудан қорғау үшін қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп дұшианнан елін-отанын қорғап алу халқын сүйген әрбір азаматтың міндеті болатындығын көрсеткен. Оны мына мақалдан: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі», «Елін сүйген ел болар», «Жүкті нар көтерер, қайғыны ер көтерер», т.б. көруге болады. Мұндай мақалдарға ел қорғау, басқыншы жауды талқандап жеңу жолында ерлік жасаған, қара қылд қақ жарған, қиялдан тартып жол салған, табан тірескен айқастарда тайсалып тартынбаған батырларды, азаматтарды ардайтайды, абыройлы атақ пен даңққа бөлейді. Олардың халық сүйсінген ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі етеді. Ерлік, батырлық жасау тек отанын, ел-жұртын, халқын сүйген адамдардың ғана қолынан келеді, осындай адамдар ғана намысын қорғайды деп сипаттайды. Мұнымен бірге халық ісі үшін қажымай күресіп ерлік жасаған, ел сүйген батыр атанған адамдардың мінезідегі жақсы қасиеттерін де көрсетіп отырған. Кіші метеп жасындағы оқушыларға патриоттық тәрбие беруде осындай мақал-мәтелдердің мазмұнын түсіндіріп, патриоттық сезімге, ұлттық мақтанышты, Отан, елін, жерін сүюге тәрбиелеудің іргетасын қалауға болады деп түйіндейміз.

Ауыз әдебиетінің тағы бір жанры – жұмбақтар. Жұмбақтар халықтың табиғат құбылыстарының, өзін қоршаған дүниенің сырын танып білуге талпынған ойынан туған. Жұмбақ бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, халықтың қоғамдық тұрмысының, кәсіп тіршілігінің өзгеріп отыруына байлансты мазмұны, тақырыбы жағынан немі жаңарып, байып отырады. Жұмбақтардың тақырыбы сан алуан. Сол тақырыптарына, мазмұнына қарай жұмбақтарың туған кезеңдерін шамалауға болады. Жалпы жұмбақ тапқырлықты, білімділікті керек етеді. Сондықтан оның жастар үшін білімдік, тәрбиелік маңызы зор. Сонымен қатар жұмбақтар бастауыш сынып оқушыларында патриоттық тәрбие қалыптастырып, олардың тілін дамытады. Белгілі ғалым Ж.Д.Адамбаева «Қазақ жұмбақтарының әдеби стилистикалық және тілдік ерекшеліктері» [133] деген зерттеу еңбегінде қазақ халқы жұмбақтарының пайда болуы мен тарихи дамуынан бастап, жұмбақтың тақырыптары мен қалыптасу тәсілдерін, тілдік ерекшелігі мен құрылысын жан-жақты қарастырған.

Оқу-тәрбие үрдісінде жер, Отан, тау, тас, табиғат, жан-жануарлар т.б. туралы жұмбақтар бастауыш сынып оқушыларының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімдерін дамытады.

Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер алқымыздың тарихын, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, нанымын, дүниетанымын білдіреді.

Қай халықтың ауыз әдебиетін алсақ та ертегілер ауызша айтуға лайықты түрде құрылады.

Қазақ ертегілерінің тақырыптарына, суреттелген оқиғаларына қарап белгілі бір дәуірлерге топтауға болады. Кейбір ертегілер қазақтың өте ерте замандағы өмірін елестетеді. Мұндағы негізгі күрес аңшылық, млды қыстан аман алып қалу, әртүрлі стихиялық күштерді жеңуге қарсы жұмсалады. Басты кейіпкерлердің іс-әрекеті де, ұнамдылық жағы да соған орай көрсетіледі. Мысалы, «Ер Төстік», «Құлагер» [134] т.б. ертегілері.

Қазақ халқы, оның ішінен шыққан дана адамдар өзінің замандастарына да, кеінгі ұрпақтарына да жақсы тәрбие беруде. Оларды зұлымдық әрекеттерден сақтандырып, адамгершілікке үндеу мәселелерін ерте кезден-ақ қолға алғаны ертегілерден байқалады. Көп ертегілерде суреттелетін әділдік пен жауыздық арасындағы күрес бастауыш сынп оқушыларының патриоттық сезімдерін оятуға септігін тигізеді.

Жалпы ертегілердің түрлері сан алуан. Ертегінің негізгі бір саласы – қиял-ғажйып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға құрылады. Мысалы, «Ұшқыш кілем», «Адам жеңбес, Айыртөс батыр», «Аңшы бай», «Керқұла атты Кендебай» т.б. қиял-ғажайып ертегілері бастауыш сынып оқушыларының қиялын арттырады. Қиял-ғажайып ертегілерінің кейбіреуінде әдеттегі өмір мен қиял дүниесі араласып жатады. Ертегінің кейіпкері – қарапайым ғана адамдар.

Ертегінің тағы бір үлкен саласы – тұрмыс салт ертегілері және хайуанаттар туралы ертегілер. Бұл ертегілерде көбіне елдің бақташылық тұрмыс-тірщіліктері суреттеледі. Хайуанаттар, жануарлар жайындағы ертегілерде халық солардың мінездері арқылы адамдардың бойындағы жақсы мінез құлықтары, сол сияқты олардың бойындағы мінін, кемшіліктерін, мінезіндегі ерсілік-оғаштықтарды тұспалдаған.

Бұл ертегілер оқушыларды жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады.

Қазақ ертегілерінің ең мол түрі шыншыл ертегілер. Халық өзінің дүниетанымындағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс-әрекетін, барлық мұң-мүддесін, күрес-тартысын, талап-ілегін осы шыншыл ертегілерге жиып түйген. Мұндай ертегілерде қоғамдық тартыс, тап қайшылығы, қанау, зорлық, соған қаршы еңбекші халықтың наразылығы, күресі – бәрі айқын көрінеді.

Ауыз әдебиетіндегі әңгіменің бір саласы – аңыз. Аңыз негізінде әңгіме, кейде өлең, жыр түрінде болуы да мүмкін.

Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз әңгімеде де шындық оқиға мен қиял-ғажаып ертегі екеуінің арасы жақын. Аңыз әңгімелер бастауыш сынып оқушыларын батырлыққа, елжандылыққа тәрбиелейді.

Ауыз әдебиеті шығармалырының халыққа көп тарағандарының бірі – батырлар жыры. Ол ескі заманнан келе жатқан мұра. Батырлар жырының тәрбиелік мәні зор.

Халық ауыз әдебиетінің келесі жанры – жаңылтпаштар. Жаңылтпаштар бастауыш сынып оқушыларының тілін ширатады. А.Байтұрсынов жаңылтпаштар жайлы: «Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тіл келмейтін, иә басқа сөз қылып бұзып кететін сөздердің басын құрап, келістірген шығарма жаңылтпаш деп аталады» - деген анықтама береді.

«Ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз белгілі бір басқа бір ұлт адамының көптеген жеке мақтаныш сезімінің жиынтығы болып табылады, ұлттық мақтаныш сезімі әрбір ұлт адамдары үшін бұзылмас заң» - деп Б.Момышұлы анықтама берген.

Белгілі әдебиет өкілі Ө.Тұрманжанов «Мақал-мәтелдер туралы» атты ғылыми еңбегінде: «Қашан қайда болсын, адамға ең жақын, ең қымбатты туған Отаны, өскен жер, туған елі. Сондықтан да халық «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», «Ел іші алтын бесік», «Жекен жерінде көгерер, ер елінде көгерер!» - деп халық өскен ұрпағын Отаншылдық патриотизмге шақырады [135].

Қазақ балалар әдебиетін зерттеуші ғалым Ш.Ахметов «Қазақ халқының бала тәрбиелеу дәстүрі» [136] атты еңбегінде: халқымыздың тәрбие ісінде қамтған мәселелеріне жан-жақты тоқталған. Біріншіден, тәрбие басы адам алдымен әдептілікке үйретуді көздеген, әдепті бол дегенді басты міндет етіп қойған. Екіншіден, мейірімді болуды үйреткен. Үшіншіден, тіл алғыш елгезек болуға тәрбиелеген. Төртіншіден, адалдық пен шындыққа баулуду көздеген. Бесіншіден, білгір бол ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңда, ақпа құлақ болма, құйма құлақ бол дегенді бойларына сіңіре берген. Алтыншыдан, үлкенді, ата-анаңды сыйлай білудіүйреткен. Жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспа, - дейді халық тәрбиесі. Бұл кемшілікті айтпа деген сөз емес, қаріп-қасерлердің табиғи кемдігін (мұрны пұшық, көзі қисық, аяғы ақсақ деген сияқты) көрсетпе деген сөз. Сегізіншіден ел қорғаны батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді үйретеді. Бұдан шығатын қорытынды тәрбие мәселесінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің бірі патриоттық тәрбие беру болып табылады.

Көркем шығармаларда халық өміріндегі әр дәуірден құралған батырлықты, ерлікті суреттеу оның басты ерекшелігі болып табылады. Мазмұны батырлық, ерлік, ар-намысқа берік, қайтпас ер, жауына мейлінше қатал, өз еліне мейірімді, оны қорғауға, өнегелі ісі бар адамдарды суреттейтін шығармалар арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбиені сабақта беруге болады деп тұжырымдаймыз. Мұндай шығармалар оқушыларды батылдыққа, ерлік ісіне, табандылыққа, әділеттілікке, ақылдылыққа тәрбиелейді. Біріншіден, ондай шығармалар балаларды елін, өз жерін сүйетін намысына берік отаншыл етіп үйретсе, екіншіден, отанына, еліне қастандық жасамақшы болған сыртқы жуларға мейлінше қатал болуға баулиды. Бұл жөнінде В.Г.Белинский. «Балаларға жалпы адамзаттық, дүнижүзілік асыл қазыналарды неғұрлым көбірек білдіріңдер, бірақ оларды көбінесе өзінің туған елінің аз ұлтының көріністері арқылы таныстыруға тырысыңыздар», - деген. Осы тұрғыдан алып қарағанда, көркем шығармаларға тән мұралар жас ұрпақты өз елдерінің нағыз патриоты етіп тәрбиелеуге болатын аысл қазына деп бағалаймыз.

Ғалым М.Ғабдуллин «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» атты педагогикалық еңбегінде [137] : «Ата-ананың баласына тілейтін «Балам ер жетіп, елінің ер азаматы, халқының мақтанышы, абыройы, зор адамы, қаржы қызметкері» болса екен деген тілегінен, ертең ер жеткен соң, еліне адал ет дегенді түсіну қиын еместігі жайлы ой қозғайды. Одан халқыңды сүй, халқың үшін отқа түс – күймейсің, суға түс – батпайсың, әрқашанда халықпен бірге бол, бәрінен де халық мүддесін жоғары ұста, ел қорғауда және тұрмыс-тіршілікте халықтың ер азаматы, қамқоршы ұлы бол, халық үшін ерінбей еңбек ет» дегенді түсінуге болады. Баланы тәрбиелеудегі жүргізілетін жұмыстар сан түрлі болып келеді. Солардың ішінен біз оқушыларға берілетін патриоттық, ерлік, батылдық туралы сөз қозғамақпыз. Қазақ халқы баланы жастайынан батылдыққа үйретуді жөн көрген. Баланы жастайынан өжет, қорықпайтын қиын жағдайда саспайтын, алған бетінен қайтпайтын, табанды да ержүрек, алдынақойған мақсатына жету жолында тәукел етіп іске кірісуді ұсынады. Ол үшін бала тәртіптілікке үйретілуі қажет. Кіші мектеп жсындағыоқушылар тәртіптілікке үйренсе, олар ұқыпты, тиянақты, жинақы болып келеді. Саналы тәртіп пен тәртіптілікке үйренген бала алға қойған мақсатқа жетуге ұмтылып, қандайда тапсырманы орындап шығуға ынталанып, жігермен орындайтын болады. Бұл қасиет үздіксіз тәрбие арқылы баланың қанына сіңіп, бойына тарайды. Бастауыш сыныптан бастап жүргізілген осындай жұмыстардың нәтижесінде, тәртіптілікке үйренген, соған дағдыланған бала ер жеткенде халықтың мақтаныш ететін нағыз азаматының өзі болады. Ол - өзінің Отан алдындағы азаматтық борышын жақсы түсініп, халық мүддесін жеке бас мүддесінен жоғары санайтын болады.

Халқымыздың ақыны М.Мақатаев туған жердің, Отандысүюге, оны қорғау үшін жанын беру керек деп, қазақтың намысын оятатын, патриоттық сезімін туғызатын Отан туралы мына өлең лолдарын арнаған:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің, кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан, Отан

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем... [138]

Ақынның өлеңінен Отанды сүюмен бірге, оны қорғауға, жаныңды беруге әзір болу керектігін меңзейді. Отан деген кең ұғымға қоршаған орта яғни табиғат, қоғам, адам барлығы бірлестікте қарастырылатынына түсіністікпен қарау керектігін, оны көздің қарашығындай сақтауды, Отанды ғана сүюге болатынын дәріптейді.

Бүгінгі кезеңде егемен елімізде жалпы орта білім беретін мектептегі тәрбие жұмысын қазіргі заман талабына сай ойдағыдай ұйымдастыру және демократияландыру мәселесі жалпы ұлттық, бүкіл халықтық, мемлекеттік деңгейде жұмыла көтеруді қажет ететін аса маңызды мәселе болып саналатыны белгілі жайт.

«Отан – отбасынан басталады», - дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі – Отан мен ел мүддесі. Әрбір бала бір ғана отбасының ғана емес,күллі қоғамның келешегі, көктемі, бүрршік атар гүлі екені жадымыздан есте шықпағаны абзал.

Бір сәт «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» , деген даналық сөздің мәніне үңілсек балауса шағынан–ақ бала тәрбиесіне көңіл бөлу міндеті тұрғанын аңғару қиын емес. «Дала Демосфендері» деп аталған Қаз дауысты Қазыбек бидің «Біз қазақ...» [139] және Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» [140] атты жырлары арқылы күрмеуі көп қиын заманда ел тағдырын жырлап өткен қос тұлғаның жыр шумақтары бүгінгі ұрпақты өз жерін, елін сүюге баулиды.

Қазақ елін сыртқы жаудан аман сақтап қалу үшін жанын аямай күрескен, халқымызға бағыт-бағдар беріп отырған Қазыбек бидің:

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, - деп қазақ елінің ешкімге барып соқтықпағаны, «жаным – арымның садағасы» - деп адамгершілік рухты биік ұстағанын жырласа, ал, ХХ ғасырдың өр ақыны Ж.Молдағалиев:

Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен, -

Деп еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз ұлтының мәрттігін басқаларға таныта отырып, ел қорғаған батыр бабаларымыздың даналық ерлік істерін асқақтата дәріптейді.

К.Д.Ушинский айтқандай «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс» - дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол рухани рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен. Сондықтан да біз жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде халқымыздың салт-дәстүрін, ерлік үлгілерімен сабақтастыра жүргізуді орынды деп есептейміз.

Қазақтың педагог-ғалымдары: Ж.Б.Қоянбаев пен Р.М.Қоянбаевтың педагогика оқулығында тәрбие, оның әдістері, тәсілдері, құралдары туралы ұғым беріледі. Тәрбиенің құрамды бөліктерін: құлық тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық тәрбие, экологиялық тәрбие, эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, құқықтық тәрбие деп жіктеп, әрқайсысына жеке-жеке тоқталып кетеді. Құлық тәрбиесінің мазмұнын ашып, міндеттерін бірі ретінде Отанына, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу деп көрсетеді.

Ресей ғалымы П.И.Пидкасистый тәрбиені педагогикалық құбылыс ретінде қарастырып, «тәрбие», «өзін-өзі тәрбиелеу», «қайта тәрбиелеу» ұғымдарына жеке-жеке тоқталып, әрқайсысына анықтама береді. Бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ана тілінің маңызы зор. Жас ұпақты Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеудің негізгі құралы көркем шығарма. Көркем шығарма жанрларының ішінде ерекше орын алатын ауыз әдебиеті үлгілерін атауға болады.

Ана тілін білмейінше қазақтың баласы ұятын танымайды. Олай дейтініміз жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеудің бір ұшы қазақтың ауыз әдебиетінде, мақал-мәтелдерінде, қанатты өздерінде жатыр. Мысалы: қазақтың мақалы «Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол», «Ер бір өледі, ез мың өледі», - деп оқушыларды елін сүюге, намысты таптатпауға тәрбиелейді. Кейбір мақалдар елдің егемендігін, дербестігін ашып береді. Еркіндік пен отаншыл сезімді ерте ояту, жүрек отын ертерек тұтату парыз деп ұғынған ата-бабамыз осы патриоттық тақырыпқа арналған мақал-мәселдерді жастайынан балалардың құлағына құйып өсірген. Ғасырлар бойы қазақ жерін қорғап келген батырларын халқымыз аузынан тастамай, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп отырған. Соның бір дәлелі батырларға арналған мақал-мәселдер. Ер қуаты – қаруы, ел қуаты – батырлары. Ер намысы – ел намысы. Елді ерінен бөліп қарама, ерді елінен бөліп қарама және басқа да көптеген мақалдарды айтуға болады.

Халық батыры бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық, ерлік деген ұрпақтан – ұрпаққа ата дәстүрі қала бермекү Өткенін білмеген, одан тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы –тұл, келешегі – тұрлаусыз.

Біздің қазақ халқы – батыр халық».

Жаугершілік замандағы аңыз-әңгімелер, жыр-жоқтаулар – үлкен тәрбиелік мәні бар білім мен өнегенің нағыз қайнар көзі, халықтық педагогиканың негізінде ұлт қаһармандарының өмірі мен тарихи қызметі арқылы жеткіншектерді патриоттыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.

Бастауыш сыныптарда патриоттық тәрбие жөніндегі барлық жұмысы тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты. Оқушыларды Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің тату-тәтті, достық қарым-қатынаста, туысқандық, ынтымақтастықты көркем шығарманы оқу барысында оқу барысында, оны өмірмен алыстыра отырып тәрбиелеуге болады.

Белгілі қазақ ақыны М.Жұмабаев бала ертегіні жан тәнімен беріліп тыңдайды, ертегіде баяндалған оқиғаларға шын көңілмен нанады. Балаға құрғақ, жай сөзбен айтсақ ұқпайды, жандандырып суреттеп, көркемдеп айтсақ ұғады [141] , - деп ой түйідейді. Академик М.Әуезов қазақ фольклористерінің алғашқыларының бірі болып, ертегі деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін, онан соң, елдің белгілі салтын білдіретін, арнаул үлгі айатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады [142] – деп анықтама берген.

Ал көрнекті ғалым, ақын лингвист А.Байтұрсынов ертегі жыр деп бұрыңғы өткен батырлар турасында шығарғант өлеңдерді, әңгімелерді айтады. Батырлар әңгімесі өтірік, шыны аралас, қойыртпақ әңгіме болады. Шын жағы бұрын батырлар болуы, батырлар заманында соғыс болуы, батырлар халық үшін қайрат қылуы, жұртын қорғауы. Өтірік жағы олардың мінген атына, тұтынған затына өздеріне бітпеген қасиеттерді тану, болмаған күштерді, болмаған істерді білу, өтірік те емес, шын да емес, дүбара ертегілеу әңгіме болып шығады, деген болатын [143] .

Ертегі қиялмен қисынын келтіріп қызықты ету сияқты мақсатпен шығарған әңгімелер. Ертігінің ішіндегі уақиғалар, уақиғаға қатысқан нәрселердің көбі дүниеде жоқ, қиялдағы уақиғалар мен нәрселер болады. Енртегілер көбінесе астарлы мағынасымен өнегелі келеді. Ертегі мазмұны жақсылық, жамандық, достық, қастық, арамдық, адалодық, батырлық, қорқақтық, ептілік, шорқақтық, қулық, аңқаулық және т.б. құрылады. Осы тұрғыдан алғанда ертегі өнеге беру, тәлім-тәрбие беру мақсатында шығарылғанын көреміз.

Жұмбақ деген аты жұмудан шыққан.

Сонымен қатар жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Бастауыш сыныптарда жаңылтпашты оқушылардың тілін ұстарту үшін пайдаланады. Мысалы,шеше, неше кесе сынды кеше немесе Шағынымпаздық та жаман қылық, Жағынымпаздық та жаман қылық; Қайрақтыда қайратты, қайраттан деп қайрапты. Қайрат біздің қайратты, құрыш қазан қайнатты.

Халық уыз әдебиет үлгілерінің кез-келген жанрын бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану – оқушылардың тілін дамытудың, дүниетанымын қалыптастырудың, оларға патриоттық тәрбие берудің бірден-бір жолы болып табылады.



  1. ^ Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері

1   2   3   4   5



Похожие:

Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері icon3 і-тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық негізі
Тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық негізі
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconБекітемін: Мектеп директоры С. И. Кусаинова
Оқушылардың психофизиологиялық денсаулығын, жеке тұлғаның дамуын есепке алып, әр баланың психологиялық және эмоционалдық саулығына...
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері icon4-5 І. Нөмірлеу және арифметикалық амалдарды меңгерудегі көрнекіліктерді пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Нөмірлеу және арифметикалық амалдарды меңгерудегі көрнекіліктерді пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері Математиканы...
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconДиплом жұмысы ОҚушылардың ОҚУҒА Қабілеттілігі мен есте сақтау процесінің психологиялық негіздері
ОҚушылардың ОҚУҒА Қабілеттілігі мен есте сақтау процесінің психологиялық негіздері
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconМӘселелері 1 Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері

Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері icon1 бөлім. Мамандық бағдар берудің психологиялық негіздері

Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconМазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері

Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconІ тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық психологиялық негіздері

Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconБолашақ педагог маман тұЛҒасын заманауи ақпараттық ҚҰралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері мазмұНЫ
Болашақ педагог маман тұЛҒасын заманауи ақпараттық ҚҰралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconСабақ жоспары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов