Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері icon

Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері



НазваниеТұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері
страница3/5
Дата06.05.2013
Размер0.99 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5

^ 2.1 Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жолдары


Қай заманда болмасын адамзаттың басты міндеттерінің бірі - өсіп келе жатқан жас ұрпақты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбек сүйгіш, өз халқының патриоты болатын ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім.

Әр халық ұрпағының қайырымды да адал, әділ де ержүрек, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, ар-ұяты мол елжанды болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің талай ғасырлар бойы жасап, әріден келе жатқан әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне арқа сүйейді.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Халқына Жолдауында» жас ұрпақты жауынгерлік, Отансүйгіштік рухта, ата-бабамыздың ерлік өнегесімен тәрбиелеуді мақсат етіп қойды. Бұл мақсатқа жету барысында біздер

Халықтың төл ерекшеліктерін, терең меңгеріп, оларды жас ұрпақ тәрбиесінде алатын ролін айқындап алуымыз керек. Ертеңгі болашағымыз - өскелең ұрпаққа сол тұрғыда білім мен тәрбие беруіміз қажет-ақ.

Енді осы ұлттық ерекшеліктердің бала тәрбиесіне тигізер пайдасына бұл жерде баланы патриоттыққа тәрбиелеу де керек. Қажет әдіс-тәсілдердің тиімді пайдалануы ғана бізге қажетті нәтижеге қол жеткізбек

К.Д.Ушинский айтқандай «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс» - дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол рухани рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен. Сондықтан да біз жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде халқымыздың салт-дәстүрін, ерлік үлгілерімен сабақтастыра жүргізуді орынды деп санаймыз.

Бүгінгі кезеңде егемен елімізде жалпы орта білім беретін мектептегі тәрбие жұмысын қазіргі заман талабына сай ойдағыдай ұйымдастыру және демократияландыру мәселесі жалпы ұлттық, бүкіл халықтық, мемлекеттік деңгейде жұмыла көтерді қажет ететін аса маңызды мәселе болып саналатыны белгілі жайт.

«Отан – отбасынан басталады», - дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі – Отан мен ел мүддесі. Әрбір бала бір ғана отбасының ғана емес, сонымен күллі қоғамның келешегі, көктемі, бүршік атар гүлі екені жадымыздан есте шықпағаны абзал.

Бір сәт «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», деген даналық сөздің мәніне үңілсек балауса шағынан-ақ бала тәрбиесіне көңіл бөлу міндеті тұрғанын аңғару қиын емес.

Адамның келешегіне оның тегінен дарыған қасиеттердің ерекше рөл атқаратыны мәлім. Демек, патриоттық сезім де – адам бойына туа бітетін сезім. Бірақ, оның даму – дамымауы тәрбиеге тікелей байланысты. Осы арада мектеп оқулықтарының маңызына ерекше тоқталғымыз келеді. Кез келген оқулықұа үш түрлі міндет қойылады. Ол білім беру, дамыту, тәрбиелеу. Тәрбиелеу ерекше маңызды міндет. Патриоттық тәрбие де, осы тәрбиенің ең маңыздысы.

Білім мен тәрбие беру саласында күрделі өзгерістердің нәтижесінде осыған дейінгі пайдаланып келген оқулықтар мазмұны қайта қаралып, жаңаша тұрғыда толықтырылып және жазылу үстінде.

Қазіргі оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді зерделеп шықсақ, бастауыш сынып оқулықтарында халықтық педагогиканы негізге ала отырып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу жағына баса назар аударылып отырғанын аңғартамыз.

Қазіргі таңда бастауыш мектепте білім берге арналған пәндерді кіріктіре оқыту арқылы білім беріп, оқушыларды шығармашылыққа жетелеу, жеке бас дербестігін дамыту мәселесін шешу мақсатын қойып отыр.

Бастауыш сыныпқа арналған оқулықтар мазмұны оқушыларға патриоттық тәрбие беруге мүмкіндік береді.

Пән мазмұнында оқушы бойында қалыптасуға тиісті мына ізгіліктерге көңіл аударылды:

-туған тіліне сүйіспеншілік – туған тілін білу, өз ана тілінде оқу мен сөйлей алу және жаза білу; ана тіліндегі шығармаларды еркін оқи білу – оқырмандық қабілет қалыптастыру аясы;

-туған жерге сүйіспеншілік – туған өлке табиғатын сүю, туған жерінің орман – көлі, тау-тасы, аң-құстарына қамқорлық жасау, оны аялау мен қорғау, күтіп баптау;

-туған елге сүйіспеншілік - өз ұлтын сүю, Отанын сүю, өз ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, ұлт мәдениетінің өркендеуіне, ел экономикасының гүлденуіне үлес қосу – азаматтық аясы;

-отбасына сүйіспеншілік, ата-анасын, туыс –бауырын сыйлап, құрметтеу, қамқорлық жасау, сыйластық қатынас орната білу – кісілік қасиет қалыптастыру аясы;

-Қазақстанда мекен еткен халықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру – ұлт өкілдеріне, түсініктікпен қарап, сыйластық қатынас орната білу, өзге ұлттардың салт-дәстүрін сыйлау, халықтар мәдениетінен, әлемдік мәдениеттен үлгі алу - қатынас мәдениетінің аясы.

Бастауыш сынып оқушыларының бойына осы тектес құндылықтарды қалыптастыру барысында олардың ұлттық рухы, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі, тұлғалы қалыптасу қуаты арта түседі.

Осы орайда біз зерттеу жұмысымызда бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеуде мынай бес бағытты ұсынамыз: болашақ азаматтың бойында сана-сезім орнықтыру үшін ең алдымен, өз таризымызды – Қазақстан халықтарының тарихын білуіміз керек, екінші тілімізді – туған халқымыздың тілін білмек шарт. Үшіншіден, атадан-балаға, баладан немереге, немереден ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды білген жөн. Ол да - тарих, зерделей білсек, ол да бізді патриотизмге тәрбиелейді. Төртіншіден, өткен тарихымыздың жақсылықтары мен игі тағылымдарын сақтау, ерлік дәстүрін үлгі тұту. Бесіншіден, Абай атамыз айтқандай, ұлттық қадыр-қасиетімізді арттыру, оқушылардың ұлттық мақтаныш сезімін ояту.

Көркем шығарма - өмір мектебі. Көркем туындыда халықтың тарихы жүріп өткен тағдыры, өмір белестері, елдік-ерлік дәстүрлері, тұрмыс салты, өзіндік тілі, діні жинақталған, табиғаты кескінделген, адамгершілік ұғым-түсінігі көрініс табады.

Көркем шығарманы оқыту арқылы бастауыш сынып оқушалырының патриоттық сезімін қалыптастырамыз, дүниеге көзқарасын дамытамыз.Көркем шығарма балаларда алуан түрлі сезім, ой туғызады.

Бастауыш сыныптардағы ана тілі – маңызды пән, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, баланың шығармашылығын дамытудың арнасы. [146]

Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды оқуға, сауатты жазуға және тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрлерін /тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу/ меңгеруге үйрету, ойлау қабілетін дамыту, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын етіп тәрбиелеу. Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылады: сөйлеу тралы қарапайым ұғым беру, тілдік құбылыстарды талдау, баланың өз ана тілін білуіне барынша көмектесу, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес орфографиялық дағдылар қалыптастыру, диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін, өз сөзін дұрыс және орынды айтылуын өзі бақылау машығын дамыту, оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.

Бастауыш сыныптағы ана тілі оқулығы бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Мысалы, 2 сынып бойынша: «Туған елім – Қазақстан», «Асыл сөз», «Адам болам десеңіз», «Еңбек түбі - береке», «Өнегелі өмір», «Табиғат – тіршілік бесігі», «Біздің тілегіміз – достық».

Ана тілі оқулығында берілген кейбір тақырыптардың мазмұны бірнеше пәннің мазмұнымен кірігіп кетеді. Мысалы, 2 сынып оқулығында «Туған елім – Қазақстан», «Күз», «Туған жер», «Отан туралы», «Туған өлкем», «Астана», «Ақ бидай», «Ұланымыз ұлы елдің», «Тіл туралы», «Еңбек түбі - береке», «Бидай мен Қаңбақ», «Еңбекпен ел көгерер», «Киіз үй», «Дақылдар әні», «Батырлар туралы», «Тұңғыш қазақ ғарышкері», «Табиғат – тіршілік бесігі», «Алатау», «Ақ жаңбыр», «Жаңбыр жауды», «Нөсер», «Найзағай», «Көктем», «Көктем келді», «Наурыз», «Біздің тілегіміз - достық» [147] сияқты тақырыптар әдістемелік тұрғыдан да, мазмұны жағынан да дүниетану, қазақ тілі, еңбек, тіл дамыту, сурет пәндерімен бірлесіп, жымдасып, кірігіп кетеді. Осының бәрі бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие қалыптастыруға едәуір септігін тигізеді. Көркем әдебиет үлгілерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану және оның табысты болуы белгілі жағдайларға байланысты болмақ. Мұнда сынып жетекшінің қосатыны мол.

Оқушылардың патриоттық тәрбиесін қалыптастыруда оқулық материалдарын пайдаланудың маңызы зор. Патриоттық тәрбие беру әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына байланысты бұл мәселені шешуде оқулықтарда берілген материалдардың мазмұнының мәні айрықша. Ана тілі оқулығын саралау барысында патриоттық тәрбиеге қатысты көптеген материалдар Отанға, елге, жерге арналған.

Оқулықта берілген әрбір тараудан кейін тақырыпқа байланысты мақал-мәселдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, түрлі сұрақтар мен тапсырмалар берілген. Осының барлығы бастауыш сынып оқушыларында патриоттық тәрбиені қалыптастыратыны сөзсіз. Дегеменде, жеке тұлғаның бойында елжандылықты қалыптастыру бірнеше жағдайларға байланысты.

Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесін қалыптастыруда мұғалімнің атқарар ролі ерекше. Оның себебі сынып мұғалімнің міндеттерінің көлемі өте ауқымды, әрі қиындықтарға толы. Мұғалім – бұл өз балаларының ортасындағы қарым-қатынас қуанышына кенелу. Мұғалім болу – педагогикалық қарым-қатынасты, ынтымақтастықты жүзеге асыру, өзіңнің әрбір тәрбиеленушіне қажет болуға талпыныс және адам тәрбиелеудегі кішігірім жетістіктер мен үлкен жеңістердің қуанышы [148].

Оқытудың ғылыми деңгейін арттыруда, көркем шығарма әдебиетінің тәрбиелік, педагогикалық құндылығын ерте кезде-ақ түсінген.

Қай заманды алмасақ та, патриоттық тәрбие әрқашанда өзінің көкейтестілігін жойған емес. Міне бүгінгі таңда да еліміз егемендігімізді алып, патриоттық тәрбиеге баса көңіл бөлініп жатқан кезде барлық мұғалімдердің алдында тұрған міндет - өсіп келе жатқан жас ұрпақты елжандылыққа, отаншылдыққа баулу болып табылады.

Жалпы бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбиелеу үшін сынып жетекшісі төмендегідей мәселелерді жүзеге асыруы қажет:

  1. оқушыларды көркем әдебиетке жұмылдыру;

  2. оқушыларға бар мүмкіндігінше білім алуға көмектесу;

  3. бастауыш сынып оқушыларының ғылыми біліктерін, дүниеге көзқарастарын, өмірлік ұстанымын қалыптастыру;

  4. оқушылардың бос уақытын көркем әдебиетке тарту;

  5. көркем әдебиет арқылы патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында алан түрлі топсаяхаттар, интеллектуалдық ойындар, арнайы тәрбие сағаттарын ұйымдастыру;

  6. ата-аналармен жұмыс (балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруға үйрету, көркем әдебиет шығармаларына балаларының қызығушылықтарын дамытуға ата-аналарды қатыстыру)

Ғылыми зерттеу жұмысымыз оқу-тәрбие үрдісінде көркем әдебиет шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесін қалыптастыруда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің, формаларының, дидактикалық принциптері мен заңдылықтарының маңызы зор екенін дәлелдеді.

Бастауыш сыныптарда көркем әдебиет шығармаларын пайдалануда оқытудың дидактикалық принциптерін (ғылымилық, саналылық пен белсенділік, көрнекілік, жүйелілік пен бірізділік, беріктілік, тиімділік, теория мен тәжірибенің байланыстылығы) басшылыққа ала отырып, гуманистік, табиғатқа сәйкестілік принциптерін жүзеге асырамыз.

Жалпы принцип (латын сөзі) – басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида дегенді білдіреді. Дидактикалық принциптер – оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін, оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды. Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты болып келеді. Оқыту процесінде мұғалім дидактикалық принциптерді басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, әдістерін, формаларын таңдап, оқушылардың көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбиесін қалыптастырады. Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларында патриоттық тәрбиені қалыптастыру нәтижелі болуы үшін мұғалім дидактикалық принциптерді дұрыс таңдай алуы қажет. Мұндағы мұғалімнің басты қызметі: дидактикалық принциптердің негізінде бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру мақсатында көркем шығарма әдебиетін оқу үрдісінде жүйелі, тақырыпқа сай қолдану.

Негізгі дидактикалық принциптерден басқа гуманистік принцип оқу-тәрбие үрдісінде оқушылармен субъект-субъектілі қарым-қатынасты талап етеді. Оқушылардың көзқарасымен санасуды, олардың жеке басын құрметтеуді қажет етеді. Табиғатқа сәйкестілік принципін алған ұсынған чех педагогы Ян Амос Коменский. Оның ілімі бойынша табиғатқа сәйкестілік принципі оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі етеді. Табиғатқа сәйкестілік принципі оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеруді, сондай-ақ, олардың табиғи нышандарына сәйкес жүргізуді талап етеді.

Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың әдістерінің маңызы зор. Егер оқыту әдістерінің дәстүлі жіктелуіне тоқталсақ оны төмендегі кестеден көруге болады:



Жалпы айтқанда оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады.

Кез келген педагогикалық оқулықты талдасақ, онда оқыту әдісі ұғымына саналуан анықтама берген. Мәселен, Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова: «Оқыту әдістері – оқытудың мақсат – міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады» [149] - дейді. Ал, Ресей профессоры П.И.Пидкасистый: «Оқыту әдістері – дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалім мен оқушының бірлескен іс әрекеті» - деген анықтама береді.

Педагог ғалымдардың оқыту әдістеріне берген анықтамаларын саралай отырып біз оқыту әдістері дегеніміз оқыту процесінде мұғалім мен оқушының белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған бірлескен іс әрекеті деген анықтамаға қосыламыз.

Бастауыш сынып оқушыларына көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие беруде осы аталған дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа проблемалық әдіс, эвристикалық, зерттеу, монологтік әдіс, видео әдісін пайдаланудың маңызы ерекше.

Сонымен қоса, оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың формалары мен түрлерінің әсері айрықша. Көркем шығарма әдебиет үлгілерін пайдалану нәтижелі болу үшін мұғалім оқытудың формаларын (сабақ, үй тапсырмасы, сыныптан тыс жұмыстар, факультативті сабақтар т.б.) түрлендіріп, алмастырып отыру қажет. Көркем шығарма мазмұнын оқушыларға проблемалық оқыту (тақырыпқа сай оқушы алдына проблема туғызу), дәстүрлі оқыту (сыныптық-сабақтық жүйе), бағдарламалық (берілетін оқу материалы бөліктерге бөлініп, оқушыларға олардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай беріледі), дамыта оқыту (мүмкіндік деңгейдегі қиын тапсырмаларды беру) арқылы меңгертіледі.

Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқу-тәрбие үрдісінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың маңызы ерекше. Дамыта оқыту технологиясын қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің ХVII ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып, талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары: Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды.

Дамыта оқытуды жүзеге асырудың бағыттарын С.Рахметова, Б.Қабатай, Ә.Әмірованың жіктеуі бойынша төмендегі кестеден көрсетеміз [150].





^ Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту төрт деңгейді көздейді: міндетті деңгей, алгоритмдік деңгей, эвристикалық деңгей жәнешығармашылық деңгей.

Бірінші, міндетті деңгей тапсырмалары:

  • шағарманы қабылдауға, түсінуге, ұғынуға бағытталады;

  • жаттап алуға лайықты келеді.

Екінші, алгоритмдік деңгейдегі тапсырмаларға оқып отырған шығарманы реттеуге және жүйелеуге берілген сұрақтар жатады.

Үшінші, эвристикалық деңгейдің тапсырмалары оқушыны пәннен алған білімдерін тиісті жерде қолдана алуға бағыттайды.

Төртінші деңгей, шығармашылықтың тапсырмалары оқушыны өзімді әрекет жасауға бағыттайды. Бала шығармашылықпен айналысады. Мұнда оқушының қиялының орны ерекше. Оқушы шығармашылығының түрлеріне өлең құрастыру, әңгіме құрастыру, мысалдарды, ертегілерді сахналау жатады.


^ Ойын арқылы оқытуда оқу үрдісінде ойын қолданылады. Педагогикалық энциклопеияда: ойын әрекеті – баланың барлық нышандарының дамуына мүмкіндік тудыратын өзіндік ерекшелігі бар интеллектуалдық мектеп делінген. Бастауыш мектепте ойынның маңызы ерекше. Оның себебі, мектепке дейінгі кезеңде баланың негізгі әрекеті ойын, мектепке келгеннен кейін балаға бірден оқу әрекетіне көшу қиян болғандықтан ойын арқылы біртіндеп оқу әрекеті төселдіреміз. Ойын сабақтың кез-келген кезеңінде тақырыпқа сай қолданылады.

Мұнда ойынға түрлі санамақтарды, сұрамақтарды, қаламақтарды, айтыс ойындарды жатқызуға болады. Олар балалардың сөйлеу тілін жаттықтырып дамытады.

^ Топтық жұмыстарға бірыңғай топтық жұмыс және сараланған топтық жұмыс жатады. Бірыңғай топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды. Сараланған ттоптық жұмыстарда тапсырма топтың қабілетіне, мүмкіншілігіне, сұранысына қарай сараланады. [150]

Оқушылардың ойлау қабілетінің артуы мұғалімнің білім беру барысындағы шеберлігіне байланысты. Егер, мұғалім сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданумен қатар оқушылардың оқу әрекетін түрлендіруге (оқу, жазу, әңгімелесу, сызу, тәжірибе жасау) жағдай жасай білсе, олардың ойлауы, неге бұлай? – деген сұраққа жауап іздеуіне, сол арқылы өз ойын қорытып ұғымын түйіндеуіне жағдай туады.


    1. ^ Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі

Қазіргі қоғам сұранысын жете түсінген әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті, жан-жақты жетілген ұрпақ даярлауға міндетті. Әрбір ұстазда мақсаты мен міндеттерінің жүзеге асуы өз пәндерінің оқушыларға үздіксіз білім беруі, білім бері бағдарламасында гүманистік сипат, демократиялық принципті жүзеге асырып отыру арқылы сапалы білім берудент тұрады.

Шынайы отаншылдық адамдардың туған халқына, оның тарихына, дәстүр салтына деген құрмет сезімімен танылады.

Біз зерттеу жұмысымыздың алдыңғы бөлімдерінде көркем шығарманың тәрбиелік, дамытушылық маңызын айтып кеттік. Бастауыш сыныптарда жүретін ана тілі пәнінде көркем шығарма материалдарын пайдалану арқылы оқушыларда патриоттық тәрбие қалыптастырудың мүмкіндігі зор.

Зерттеу барысында қарастырылып отырған мақсат, міндеттерге сай көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің өлшемдері анықталды:

  • көркем шығарма материалдарын тыңдай білуі, оның мазмұнын түсінуі;

  • көркем шығарма материалдарын қызығушылықпен, эмоциялық сезіммен қабылдауы;

  • алған білімдері мен іскерліктерін қажетіне қарай тәжірибеде пайдалана білуі.

Осы өлшемдердің негізінде көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің көрсеткіштері айқындалды:

  • көркем шығарма мазмұнын түсіну, қабылдау;

  • көркем әдебиет түрлерін білу;

  • көркем шығарма мазмұнын айтып беру, оны өзбетімен жалғастыра білу;

  • көркем шығарманы талдау, халық ауыз әдебиетін пайдалану дағдылары;

Бұл өлшемдер мен көрсеткіштер негізінде көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің үш деңгейі (төмен, орта, жоғары) белгіленді.

^ Төмен деңгей көркем шығармаға немқұрайлықпен қарайды, оны өмірде қажет деп санамайды, көркем шығарманы тыңдау барысында қызығушылық көрсетпейді, естігенін айтып бере алмайды; өзбетімен ізденіп оқымайды; берген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды; көркем шығармаға байланысты ұйымдастырылған іс шараларға белсенділік көрсетпейді.

^ Орта деңгей көркем шығарма туралы түсінігі болғанымен, оның тек жекелеген түрлеріне қызығушылығы байқалады, көркем шығарма түрлерін қызығушылықпен тыңдауға тырысады, естігенін айтып беруге талпынады, бірақ ой-қорытындысын шығаруға қиналады; берген тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындайды; көркем шығармаға байланысты ұйымдастырылған іс-шараларға қатынасуы барысында ішінара белсенділік көрсетеді.

^ Жоғары деңгей көркем шығарманың мән-мазмұнын шынайы сана сезіммен түсінеді, эмоциялық сезіммен қабылдайды, көркем шығарманы бар зейінімен тыңдап, оларды өзбетімен ізденіп оқиды; естігенін еркін айтып берумен шектелмей, дәлелдемелермен түсіндіреді; берген тапсырманы үлкен жауапкершілікпен тиянақты орындайды; көркем шығармаға байланысты ұйымдастырған іс-шараларға белсене қатысып, тапқырлық танытады.

Эксперимент үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының М.Әуезов атындағы N2 орта мектебі, Абай атындағы дарынды балаларға арналған N 15 лицей, N 6 қазақ орта мектептерінде жүргізілді. Әрбір кезең нақты міндеттерді көздеді. Экспериментке 320 оқушы қатысты.

Анықтау экспериментінде бірінші, екінші, үшінші, төртінші сыныптардың ана тілі сабақтарына қатысып, аталған сыныптардың құжаттарымен танысып, төмендегідей мәселелерге баса назар аудардық:

- 1,2,3,4 сынып мұғалімдерінің білімі, кәсіби стажы;

- аталған сыныптардың ана тілі пәндернің жылдық жоспарының зерттеу тақырыбымызға қатысты бөлімі;

-мұғалімдердің озат тәжірибені қолдануы;

-экспериментке алынған сыныптардың мұғалімдерінің күнделікті жұмыс жоспарына талдау жасалынды;

-эксперименттік сыныптарда ана тілі сабақтарына қатысып, тәрбиелік мақсатының жүзеге асырылуы талданды. Сөзіміз дәлелді болуы үшін 3 сыныпта ана тілі сабағында «Сенің Отаның», «Туған ел», «Халық қорғаны», т.б. тақырыптар талданды. Бұл сабақтарды өту барысында мұғалімдер оқулықта берілген тапсырмалармен ғана шектелетіні белгілі болды. Балалар сабақта өз мүмкіндіктеріне қарай, сұраққа жауап беріп, оны өмірмен байланыстыруға тырысты. Оқушыларда отан, туған ел туралы түсінік қалыптасты, яғни ол туралы білім алы. Бірақ өз елі, Отаны туралы мақтаныш сезімі, оны қорғау әрбір азаматтың міндетті борышы екені яғни тақырыптың тәрбиелік мақсаты ашылмай қалды. Отан отбасынан басталатын айтып, Республикамыздың картасын пайдаланып, елдің, жердің байлығы, кең байтақ Отанымыздың әр тасы, суы, өзені, қаласы, даласы екенін түсіндіріп, оны кең байтақ өлке болып қалуы елімізді жаудан қорғаған батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлік істері екені мысалмен түсінлдірілмеді. Міне, осындай кемшіліктерді жою үшін сабақтың тәрбиелік мақсатын жүзеге асыруда арнайы ұйымдастырылатын эксперименттік материалдарды іріктеп жүйеледік.

Зерттеу нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларына көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие берудің қайшылықтары айқындалды:

  • бастауыш сынып оқушыларына паториттық тәрбие беру мақсатында көркем шығарманы түсіндіруде берілетін білім мазмұнының жүйесінің қалыптаспағаны;

  • оқушылардың көркем шығармаға деген қызығушылықтары нашар;

  • оқушылардың өз бетімен әңгіме құрап айта білуі, өз ойын жүйелі жеткізуі төмен;

  • Отан, туған жер, туған өлке табиғаты туралы берілген түрлі мәтін, өлеңдердің мазмұнын салыстыру жағы нашар;

  • көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие беру жайында арнайы зерттеу жұмыстары жоқ;

- көркем әдебиет арқылы патриоттық тәрбие берудің әдістемесі жоқ.


Бірінші кезеңде бастауыш сыныптағы ана тілі сабақтарында көркем шығарма материалдарын пайдаланудың деңгейі анықталды. Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма түрлері туралы білімдері, түсініктері, оларды керекті жерде пайдалана білу дағдылары қандай жағдайда екені тексерілді.

Берілген деңгейлер бойынша арнайы сауалнама, тест даярланып, оқу-тәрбие процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын тексеру барысында бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруге көркем шығарманың мүмкіндіктері анықталды.

1   2   3   4   5



Похожие:

Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері icon3 і-тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық негізі
Тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық негізі
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconБекітемін: Мектеп директоры С. И. Кусаинова
Оқушылардың психофизиологиялық денсаулығын, жеке тұлғаның дамуын есепке алып, әр баланың психологиялық және эмоционалдық саулығына...
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері icon4-5 І. Нөмірлеу және арифметикалық амалдарды меңгерудегі көрнекіліктерді пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Нөмірлеу және арифметикалық амалдарды меңгерудегі көрнекіліктерді пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері Математиканы...
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconДиплом жұмысы ОҚушылардың ОҚУҒА Қабілеттілігі мен есте сақтау процесінің психологиялық негіздері
ОҚушылардың ОҚУҒА Қабілеттілігі мен есте сақтау процесінің психологиялық негіздері
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconМӘселелері 1 Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері

Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері icon1 бөлім. Мамандық бағдар берудің психологиялық негіздері

Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconМазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері

Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconІ тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық психологиялық негіздері

Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconБолашақ педагог маман тұЛҒасын заманауи ақпараттық ҚҰралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері мазмұНЫ
Болашақ педагог маман тұЛҒасын заманауи ақпараттық ҚҰралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconСабақ жоспары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов