І тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні icon

І тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні



НазваниеІ тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні
страница4/5
Дата06.05.2013
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5

ІІ тарау. Ұлттық поэтикалық шығармаларды қазіргі бастауыш мектептің оқушыларына эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалану

ІІ.1. Бастауыш сынып оқушыларына қазақ жыраулары мен би-шешендері-нің тәрбие тағылымдарын эстетикалық тәрбиеде пайдаланудың қазіргі жағдайы

Ана тілінің құдіретін қанша айтсақ та тауысы алмаймыз. Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталмаса қиынға соғады. Жас бүлдіршіндерді өз тілін құрметтеуге үйретіп патриоттық тәрбие, адамгерші-лік тәрбие беру әр ұстаздың міндеті. Ал, бүгінгі таңда мектептің мұғалімінің ең қасиетті міндеті рухани бай, жан – жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет – салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері шыққан түп – тамырына жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстамдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілеті, талантын ашу, өзіне - өзінің сенімін нығайтып, өзіне - өзінің жол ашуына түрткі жасау – міне, бүгінгі білім беру пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «мәнін» ашу, сол мәнді шығармашылық тұлғаға жетелеу.

Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тағы да тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңа заман талабына сай дамыта отырып еңбектену жалғаса бермек.

Оқыту мен тәрбие үрдісін алдын ала жүйелі түрде жоспарлау және оның тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. Біз оқушылардың дербес ізденісі жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу іс-әрекеттерін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлеміз.

1. Алдын ала тапсырма беру;

2. Мақсатқа жету үшін көмек – бағдар, бағыт ұстау;

3.Жаңа сабақта ең алдымен олардың олардың өз жұмыстарын тыңдау, алдындағы өзіндік мақсаттарын саралау, мұғалім қойған мақсаттардың орындалуына назар аудару. Ұжым болып талдау. Жеткен жетістіктерін талдау.

4. Жаңа білімді меңгеру кезінде оқушылардың осы өзіндік жетістіктері тереңдей түседі.

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез – келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.

Қазақстан Республикасы ғылыми техникалық, экономикалық ресурстың және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда Республика өміріндегі бұл өзгерістер, сөз жоқ білім беру сапасына оның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан мектеп оқушыларын ғылыми білімінің қоғамдық қажетті деңгеймен қамтамасыз ету, оларды отандық ұлттық және әсемдік мәдениет арналарынан сусындату – басты міндет болып қала береді. Өйткені елдің ертеңі оқу – білімнің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамуды қажет етеді. Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынадай болуы тиіс:

1. Оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау;

2. Білім мен біліктілігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.

3. Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас әке мен бала арасындағы қарым – қатынастай ыстық һәм әсерлі болса, сонда ғана қоғам алға қарай өркендемек. Өйткені, қоғамның дамуы білім мен тәрбиеге тікелей байланысты.

Менің ұстаздық жолдағы мақсатым – тақырыпты өмірмен байланыстыру, оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым – қатынасты сақтау. Сондай – ақ сапалы білім беру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі ғылыми педагогикада оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқытудың дамытушы және тәрбиелеуші ықпалының пәрменділігін арттыру көзделуде.

Оқушы жүйелі білім беру үшін оқу мен тәрбие үрдісі қатар жүруі керек. Екеуінің бірі өз деңгейінде жүргізілмесе, сапалы білім беру ақсайды. Сол себепті «оқу мен тәрбие – егіз» дейміз.



«Тәрбие дегеніміздің өзі ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту. Сезімді тәрбиелеу – яғни, баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық – қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз». (С.Назарбаева. «Ұстаздан ұлағат»).

Оқушыға әсер ететін үш фактор бар, олар:




Отбасы. Қазіргі таңда ата-ананың сексен пайызы жұмыссыз. Көбісі — базарда. Балаларының оқуын қадағалауына уақыты жоқ немесе нарықтық заманға бейімделген ата-ана баласына тек материалдық көмек керек деп түсінеді. Ал рухани байлығына көп көңіл бөлмейді.

Орта. Достарымен теледидар көреді, театрлар мен комьютер клубтарына барады. Алған әсерін олармен бөліседі. Ал теледидар мен театрларда, компьютер клубтарында бала санасын уландыратын нәрселер көп.

Мектеп. Бүгінгі мектептің мақсаты, міндеті — әр оқушының жеке тұлғалық қадамына жол ашу, яғни, жоғарыдағы аталып өткен нәрселерді көріп өскен балаларды тәрбиелеу, білім нәрімен сусындату мұғалімдердің иығына түспек. Бұдан шығудың жолы — оқушыға педагогикалық-психологилық білім беру.

Адам бойындағы бар игі касиет мектеп қабырғасында қаланады Сондықтан еліміздің ертенгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру - біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең окытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келелі. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.

Бұл бағытта жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде басшылыққа алатын түрліше сабақ үлгілері мен қосымша оқу құралдары да жарық көруде. Соның бірі - халықаралық "Бөбек" қорының төрайымы Назарбаева Сара Алпысқызының "Өзін-өзі тану" сабағы.

Бұл пәннің мақсаты - әрбір адам өзінің жеке басындағы құндылықтарды қоғам мен өз елін дамыту игілігіне жұмсау мақсатында ұлттық, жалпы адамзаттық және адамдық құндылықтармен ұштастыра алатың Қазақстан азаматын тәрбиелеу. Сондай-ақ жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарының даму жөніндегі отандық бағдарламасын жасап, оны балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі аралықтағы үздіксіз білім беру үрдісімен үйлестіру болып отыр.

Егер бұрын базалық білім беру ұғымы аясында жас ұрпақтың сауатын ашу мен оларға ғылым негізін игеру әрекеті түсіндіріліп келсе, қазіргі кезде бұл ұғым оқушылардың бойындағы адами кұндылықтарды, қайырымдылықты, сүйіспеншілікті дамытуды, сондай-ақ әділдікке, зорлык-зомбылык жасамауға, бақытты бағалай білуге тәрбиелей отырып оқытуды талап етеді. Сондықтан білім беру жүйесінің негізін оқушылардың рухани-адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне назар аудару қажет. Жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер үлгісі мен берер тәлім-тәрбиесі мол болмақ. Ал оның бәрі адаммның бойында жас кезінен бастап каланса тұрақты қалыптаспақ. Сонда ғана дұрыс бағыт алып бағдарын ерте айқындаған баланың бойында бұл құндылықтардың қатары көбейіп,сапасы арта түседі.

Адамгершілік құндылық тәрбиесінде ұлттық тәрбие маңызды рөл атқарады. Ұлттық тәрбиенің кажеттілігі мен күрделілігін ұғыну аса жауапкершілікті талап етеді. Ол әрбір ұрпақ буындарының өзіндік ерекшеліктерін ескеріп отыруды қажетсінеді. Мәселен, бастауыш мектептің өзінде баланың барлык танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, білім алудың керек екендігіне оның көзіп жеткізу керек. Бұл кезенде гуманитарлық-эстетикалық бағытағы пәндер оларға жақсы ықпал етеді. Көп бағыттағы әрі салалы ұлттық тәрбиенің бір маңызды ұшы экологиялык, туған жер табиғатын ойлауға келіп тіреледі. Міне бала бойына адамгершілік құндылықтарын осындай пәндерді оқыту барысында қалыптастыру қажет. Ұлттық тәрбиенің өркенді мақсатының бірі - Қазақстандык патриотизм. Бұл жалпы өмірде сана-сезім, идеология, саясат пен тәрбие үрдісімен астарлас құбылыс. Жас жеткіншектерге ұлт каһармандарының бейнесі мен тіршілік қаракеттері әрқашан үлгі. Олардың еліне, жеріне деген сүиіспеншілігін, айтқан тәлім сөздерін баяндау арқылы бала бойына ата-бабалардың адамгершілік құндылықтарының көрінісін сіңіру мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Жоғарыда атап өткен С.Назарбаеваның "Өзін-өзі тану" бағдарламасы бұл мәселенің алдын алуға арналған бірден-бір құрал болып табылады. Аталмыш бағдарлама арқылы Қазақстандағы орта мектептердің тәрбие үрдісі қолға алынып, жүзеге асса нұр үстіне нұр болар еді. Біздің мақсатымыз - қазіргі қоғамға сай білікті де білімді, адамгершілік құндылығымен рухтанған, ұлттық сезімі жоғары адам тәрбиелеу.

«Қай мемлекеттің де негізгі тірегі – асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, бідімді де білікті, іскер де белсенді адамдар». Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады. Әрине «келешектің иесі - жастар», жастар өзінің ата – анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді. Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз.

Қазақ санасының шамшырағы Ахмет Байтұрсынов «Қазақша оқу жайлы» еңбегінде – «....әуелі бізге елді түзетуді бала оқыту ісін тұзетуден бастау керек. Неге десек, болашақ та, билік те, халық та оқумен түзеледі» деген болатын. Бұл ұлағатты ойдың құндылығы бүгінгі таңда барған сайын айқын сезілуде. Қазіргі заман талабына сай ұлттық білім оң нәтижесін беру үшін мына бағыттарды ұстануды жөн көрдім.

«Білім кілті - кітапта». Оқушыларға білім берудің экономикалық барлық саласында болып жатқан өзгерістерге сай білім беру мазмұны да өзгеріп, жаңару үстінде. Атап кетсек, Қазақстан Республикасы мемлекетінің Білім стандарттары, жаңа буын оқулықтары мен әдістемелік құралдар дүниеге келуде. «Ел боламын десең, бесігінді түзе» деп М.Әуезов айтқандай, мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтап тұруы, қауіпсіздігі бүгінгі оқушылардың санасын қалыптастыру мақсатында қандай дәннің себілуіне байланысты. Ал, дәл бүгінгі күнгі дән дегеніміз – оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер. Оқытып тәрбиелеудегі негізгі мақсат оқушыларды мектептегі оқуға, ұйымшылдыққа, еңбек ете білуге даярлау, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, ойлау, сөйлеу бір-бірімен тіл табысу қабілеттерін дамыту.

Бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру маңызды жұмыстардың бірі. Егеменді еліміздің ғылым және білім салаларындағы түбегейлі өзгерістер оқу тәрбие үрдісінің даму тенденцияларымен де байланысты жетілдіріліп отырады.

Ұлы педагог Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясында: ... Қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сия алмайды; оның ой-пікірі еркін; оның келешегі үшін, оған тек сана – сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып тұр», - деп жазды. Бүгінгі күнде халқымыздың таудай талабы, шалқар ойы, биік сезімі білім беру саласын дамытуда ерекше көрініс тапты.

1997–2000 жылдары жарық көрген жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сатысының 1 – 4 сыныптарына арналған жаңа буын оқулықтары заман талабына сай дайындалған саяси, әлеуметтік мәні зор еңбек болып табылады. Мектептің бастауыш сатысындағы негізгі пәндердің бірі – «Әдебиеттік оқу», ал оның білім мазмұны «Ана тілі» оқулықтарында рәсімделеді. Білім мазмұнын кезінде А.Байтұрсынов, М.Дулати, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтар көксеген «... балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухын сіңіріп, ана тілін анық үйретіп шығару» (М.Дулатов) сияқты ой-пікрлер негізінде құру негізделді.

2-4 сыныптардағы пәнді оқытудың мақсаты нақтыланды: балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, әдеби сауатын ашу, оқырмандыққа баулу, рухани дүниесін кеңейту, адамгершілікті – ізгілікті, ұлтжанды – отансүйгіш, шығармашыл дара тұлға тәрбиелеу белгіленді. Пәнді оқытудың негізі мен мақсаты нақтыланды: балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, әдеби сауатын ашу, оқырмандыққа баулу, рухани дүниесін кеңейту, адамгершілікті-ізгілікті, ұлтжанды-отансүйгіш, шығармашыл дара тұлға тәрбиелеу белгіленді.

Пәнді оқытудың негізі мен мақсаты жаңа буын оқулықтарының құрылымы мен мазмұнын түбегейлі жаңартудың қажеттігін көрсетті. Ана тілі арқылы оқушы бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіруге басымдылық білдіреді. Бұл оқушының мәдени дағдыларды игеруіне, тәрбиені ізгілендіруге жағдай жасайды.

Ал енді 3 сыныптың «Ана тілі» оқулығының «Сарқылмас қазына» тарауында да жас жеткіншек рухани азық алатындай өте құнды, тәрбиелік мәні зор шығармалар берілген. Мысалы: «Төле бидің төрелігі» әңгімесіндегі Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласады. Екі жақтың да билері бас қасып, кеңесіп, татуласа алмай отырғанда он бес жасар Төле билік айтушыларға көңілі толмай:

  • Ақты ақ деп бағалар,

О, игі жақсы, ағалар.

Өзегі талса, ел біткен,

Өзен бойын жағалар

  • деп, келісе алмай отырған билерді ымырагершілікке, ауызбірлікке шақырады. «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып, қыз сөйлегеннен без» деуші еді. Мына бала кім өзі? Дейді төрдегі би. Сонда Төле би:

  • О, би аға, он үште отау иесі демес пе,

Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске?

Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа,

Алакөз болу ағайын адамға лайық па?


О, игі асқар тауымыз,

Әділ ме осы дауымыз?

Жар астында тұрғанда,

Жасырынып жауымыз?

  • дейді. Бұл шешендік сөзінің мәні ағайындарды алакөз болмай, бір-бірін құрметтеуге, сыйлауға және келісімге келуге шақырады. Және де «Бұйыра көрмеңіз айыпқа» деп көпшілік алдында кешірім сұрайды, бұл да болса адамгершіліктің бір тармағы емес пе?

  • Өркенің өссін десең,

Кекшіл болма –

Кесапаты тиер еліңе,

Елім өссін десең,

Өршіл болма –

Өскеніңді өшірерсің.

Басыңа іс түскен бақырға

Қастық қылма –

Қайғысы көшер басыңа.

Жанашыр жоқ жарлыға

Жәрдемші бол асыға,

Қиын – қыстау күндерде

Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп,

Жақыныңды басынба!

  • деп келетін «Қазыбек бидің толғауы» әңгімесінде кекшіл болма, өршіл болма, басына іс түскен адамға қастық қылма деп дұрыс жолға тәрбиелейді.Ал, «Бала Әйтекенің билігі» әңгімесінде дұрыс шешім қабылдауға тура төрелік айтуға балаларды тәрбиелейді.

Міне, оқулықтарда осындай тәрбие берер көптеген поэтикалық шығармалар берілген. Алайда оқулықтардағы оқу материалдары әлде болса да дұрыс жүйеленбеген. 3 сыныптарда оқыту керек шығармалар 5-6 сынып оқулықтарында берілген. 5-6 сынып оқушылары заман талабына сай жасының ерекшелігіне байланысты ертегілер мен батырлар жырына әуесі мен қызуғышылығы төмен болады. Ал эстетикалық тәрбиенің тәрбиенің негізгі бастауы ертегілер мен батырлар жыры. Бұлар адамгершілік пен ізгіліктің – бастауы.

3-4 сынып оқушыларының жаттау қабілеті және есте сақтауы өте мықты болады. Батырлар жырын осы сыныптарда мүмкіндігінше көп жаттату керек. Ал ертегілерді олар өздерінің қызығушылықтары арқылы тез есте сақтап алады.

Ана тілін оқытудағы жалпы мақсат – оқушыларға ана тіліміздің ғасырлар бойғы сұрыпталып келген көркемдігі мен әсері өрнегін, лексикалық байлығын таныту, қазақ тілінің қуатын құдіретін, шешендігін жас ұрпақ бойына дарыту, ана тілімізді қуатты әдеби тіл қатарынан түсірмей, мемлекеттік тіл мәртебесіне көтеру.


ІІ.2. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде тарихи тағылымдарды пайдалануды жетілдіру жолдары.

Бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізге дейінгі қоғамда ұлтымыздың тарихы бұрмаланып, тілі мен рухани дүниесі жоғала бастаған еді. Ғылым мен білім жетістіктері бір жақты түсін-діріліп, өркениеттің занды дамуы жаңа кұдіреттердін үлесіне телінді. Ізгілік пен мейірімділік негіздеріне тікелей тәуелді өрелі өркениеттің қоғам құру мұраттарына жету жолдарында жетіліп күтіп тұрған көптеген басты мәселелердің бірі рухани біліктілік пен рухани білімділік еді.

Тәуелсіздікті нығайтуда жас ұрпақты осы айтылған ұлттық биік рухта тәрбиелеу, оның бойында бұрынғы кеңестік дәуірде жоғалтқан имандылық қалпын қайта жаңғыртудың маңызы зор. Осы орайда ел президенті Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда "Жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен болашаққа жаңаша көзкарасы бар жас ұрпақты" дер кезінде ең қымбат адами көзқарастар негізінде рухани-адамгершілік, имандылық ізгі қасиеттерге баулу кажет.

Бұл оң өзгерістер педагогтардың алдына жас ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық ерекшеліктер мен жалпы адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген, рухани дүниесі бай, жан-жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыру мақсат-тарын қояды.

Бүгінгі күні мектептің, ең басты міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған, жеке дарынды тұлға тәрбиелеу. Рухани байлық, ең алдымен, ұлттық әдет-салтымыз бен әдебиетімзден, мәдениет өнерімізден, түптамырымыздан басталады. Ұстаздарға жүкттелер міндет – ұрпақ тәрбиесін білім берудің озық ұстанымдарымен байланыстырып әр оқушының қабілетін, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, түрлі бағытта білім беру.

Қазақстан Республикасының Парламентінің (27маусым, 2000жылғы) әлем парламентариясына жолдаған “ХХІ ғасыр Бейбітшілік - Адамгершілік жүз жылдығы болуы тиіс !” қаулысының басты міндеті - жаңа ғасыр тәрбиесінің негізінде жалпыадамзаттық құндылық арқылы ұлттық мәдениетті меңгере отырып, әлемдік рухани ынтымақтастық пен бейбітшілікті сақтау, ал негізгі мақсаты - адамның жан дүниесіне кішкентай кезінен адамгершілік, имандылық, салауаттылық сияқты қасиеттерді санасына ұғындырып, өмір сүрудің әдіс-тәсілдерін рухани болмыс арқылы түсіндіре отырып,салауаттылыққа тәрбиелеу. Бұл жаңа ғасыр белесінде жаңа өмір салты бойынша өмір сүру керек деген сөз. Олай болса, оқушыларға мектепте берілетін тәрбие орнықты әрі өзіндік ерекшелігі анықталған, баланың еркін дамуына жағдай жасалған рухани, әлеуметтік өз сипаты, заңдылығы, нәтижесі бар үздіксіз үрдіс болуы қажет. Өмір салты, рухани мұра, адамгершілік ұстанымдар адам баласының тіршілік құндылығымен ұштасып жатса, жинаған білімдері ақыл-ой көмегімен жүзеге асырылса, руханилыққа қол жетпек. Ал руханилықтың өлшемі- адамгершілік, мәні - өмір сүру, шегі - табиғи қажеттілік, яғни адамдық қалыпқа жету.

Мұғалімінің алдындағы сәулелі мұраты өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың "менін" ашу. Сол "менді" шығармашылық тұлғаға жетелеу. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинскийдің: "Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген" - деп ой түюі тәрбие мен білімнің егіз екенін дәлелдемей ме?

Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың колында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында" - деп ұстазға үлкен міндет қойып отыр. Осы жауапкершілікті сезінген ауыл мұғалімі де жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай кетеруде. Жұмыла, бірлесе көтерген жүктің жеңіл болатынын мұғалім мен оқушының нәтижесі көрсетеді. Мұғалім білімінің сапасы шәкіртінен көрінері сөзсіз. Білім жоғары деңгейде беріліп, оқу-тәрбие ісі оқушылардың ой сезіміне әсер етуі үшін:

- біріншіден, тәрбиеші ұстаз саяси сауатты, жан-жакты, білімді болуы шарт;

- екіншіден, тәлімгер ұстаздың өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне ұялата аларлықтай, әдіскерлік шеберлігі болуы қажет;

- үшіншіден, мұғалім оқу-тәрбие үрдісін жүргізу кезінде окушының психологиялық ой-өрісінің өсу, даму дәрежесін байқай алатындай сезімтал психолог болуы керек;

- төртіншіден, озат тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа технологияны ұжымға енгізу, пайдалану, нәтижені дамыту;

- бесіншіден, өз білімдерін жетілдіру кезінде оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатын қою. Осы мақсатқа жетуде модульдік оқыту, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау, т.б. оқытудың технологиялық әдістерін оқып үйрену ауыл мүғалімдеріне білім сапасын көтеруде септігін тигізеді.

Ертеңге қарап білек сыбанамыз - демекші бүгінгі бала — ертеңгі жаңа әлем. Демек, бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тәртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал, қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жәрдем беріп, ынта - ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет - қасиеттерін дамытатын мектеп қажет. Бүгінгі танда мектеп қабырғасында білім алып тәрбиелетіп жатқан жас ұрпақ алдында "Қазақстан 2030" бағдарламасындағы "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы" - деген ұзақ мерзімдік міндетін іске асыру жауапкершілігі тұр.

Оқытудың мәңгілік сауалы: "Нені оқыту, қалай оқыту" күрделеліленіп барады.

Оза оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтежесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Оза оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы көзделген мақсатында, мәнінде, мазмұнында мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде т.б. Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуын қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс - амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет. Әлемдік педагогиканың көбінесе жүгінетіні Л.С.Выготскийдың идея-ларына негізделген. Ал, бастауыш сыныптарда Л.Н.Лысенкованың іс-тәжі-рибесін алатын оқыту идеялары кеңінен таратылган.

Педагогикалық технологиялары мазмұнына қарай жетілдіреді және топтайды.

1. Педагогикалық қарым-қатынастарды ізгілендіру мен демо-кратияландыру негізіндегі технологиялар. Оған Ш.А.Амонашвили, Е.И.Ильинаның әдістемелері жатады.

2. Оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен тиімділігін
арттыру педагогиканың технологиялары. Оған ойын элементтері, проблемалық оқыту, тірек сызбалары, В. Ф. Шаталов және Е. И. Пассовтың коммуникативті әдістемелері кіреді.

3. Оқыту үрдісін басқару мен ұйымдастыру тиімділігін
арттыратын педагогикалық технологиялар. Оған бағдарламалап
оқыту, дифференциалдап оқыту, топтық және ұжымдық оқыту,
ақпараттық технологиялар жатады.

  1. Оқу материалдарыньщ дидактикалық қүрылымын әдіснама-
    лық тұрғыдан жетілдіретін әдістемелер. Дидактикалық бірлектерді
    түрлендіру жөніндегі П. М. Эрдниев әдістемесі.

  2. Модульдік оқыту технологиясы, оқушыны дамыту құралы
    ретінде қарастырған М. М. Жанпейісованың әдістемесі.

Қандай технологиямен жұмыс істеп, қандай оқыту әдісін пайдалану мұғалімнің өз еркінде. Маңыздысы — түпкі нәтиже, яғни жас ұрпақты жан - жақты дамытып, оқыту.

Сабақты үнемі қалыптасқан бір формада өткізу, әсіресе бастауыш сыныптарында оқушы әрекетіне қозғау сала бермейтіні баршамызға аян. Сондықтан оқушылардьщ белсенділігін арттыру, олардың іс - әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой санасын туғызумен қатар, сабақты өмірмен үштастыру, оқу материалдарының мазмұнын қоршаған ортаның өзгерісімен, қозғалысымен, шындығымен үнемі байланыстыру - оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.

Жаңа технология түрлерін қолданып, сабақты түрлендіріп өткізу үшін мүғалім мен оқушының мүмкіндіктері толық ескерілуі қажет. Сабақ барысында оқушылардың өздігінен ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға ерекше назар аударылуы тиіс.

Бүгінгі таңда мектептердің негізгі мақсаты — зерделі, дарынды балалардың шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкіндік туғызу және дамыту. Сондықтан да оқудың жаңа технологиясын зерттеу, оны ісіне қолданып, жогары нәтижеге жету – мұғалімнің міндеті.

Шешендік сөздер ежелгі ауыз әдебиетінің жалғасы, жаңа ауыз әдебиетінің бастауы. Шешендердің басым көпшілігі – билер. Бұл бөлімде оқушылардың жас ерекшелігіне қарай билердің өмірінен қысқаша мағлұмат беріледі, олардың төрелігін оқи отырып, сөз өнерінің құдіретін танып, көркемдік ерекшелігін ашуға, астарлы сөздің мағынасын түсіне білуге үйренеді. Бөлімдегі тақырыптар “сахналау”, “дөңгелек үстел”, “рөлдік ойындар” ”пікірталас” сияқты дәстүрлі емес сабақ түрінде ұйымдастырылады. Шешендік өнерге үйретуде төмендегі негізгі әдіс-тәсілдер қолданылады.

1.Сөзбен жұмыс.

2.Салыстыру арқылы астарлы сөздің мағынасын түсіну.

3.Мәтіндегі әр түрлі жағдаятқа талдау жасау.

4.Дәлелдеу, тұжырым жасау.

5.Өз көзқарасын еркін жеткізу.

Мектеп пен ата-ананың міндеті-әр балаға бақыт беру. Бұл адамның өзінің қабілеттерін ашып, еңбекті сүйіп, оның жасампаз болуында, өзін қоршаған дүниенің әсемдігінен ләззат алып, басқалар үшін әсемдік жасауында, басқа адамды сүйіп, сүйікті болуында, балаларды нағыз адам етіп өсіруде. Тек ата-аналармен бірлікте, ортақ күш-жігер жұмсау арқылы ғана мұғалімдер балаларға адамдық үлкен бақыт бере алады. Бастауыш сынып оқушыларын әсемдікке тәрбиелеуді дамыта отырып, тәрбие сағатын өткізуге болады.

^ Аталар сөзі-тәрбие көзі.

(ата-аналармен бірге өткізілген тәрбие сағаты)

Тәрбие сағатының мақсаты:

а) Оқушыларды "Сөз мәйегі-мақал" дегендей, оқушыларды ата-баба-ларымыздың өсиет сөздері арқылы ізгілікті-адамгершілікке баулуға, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету;

ә) ата-аналармен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру;

б)мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.
Барысы: Тәрбие сағатына ата-аналар қатыстырылады.

1 жүргізуші: Ассалаумағалейкум!

2 жүргізуші: "Сәлем-сөздің анасы" демекші, армысыздар, ағайын!

1 жүргізуші: "Бір күн таныстыққа, қырық күн сәлем" дегендей, біз осы қай жерде тұрмыз?

2 жүргізуші: "Мектеп-ғылым патшасы" емес пе, біз тәлімді тәрбие мен білім ордасы - қасиетті мектепте тұрмыз.

1 жүргізуші: "Миуалы ағашқа барлығы да қарайды" дегендей, ауданымыз-дағы тұңғыш гимназия екен ғой.

2 жүргізуші: "Оқу-білім бұлағы, Білім-өмір шырағы" деген, бұл мектеп талай жас бүлдіршінді білім нәрімен сусындатып,азамат қатарына қосып келеді.

1 жүргізуші: "Жас келсе, іске" демекші бұл мектеп ұстаздарының дені-жастар. "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деген ғой.

2 жүргізуші: "Ақылды басшың болса, елдің алды боларсың, ақылсыз басшың болса, елдің азы боларсың" дегендей мектеп басшылығына да ел дән риза, сеніммен қарайды.

  1. жүргізуші: Біз осы мақал-мәтелдер сайысында тұрған жоқпыз ба?

  2. жүргізуші: Иә, "Аталар сөзі ақылдың көзі" демекші, қара қылды қақ жарған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің ұрпағы емеспіз бе?

1 жүргізуші: Сен білесің бе қазақта "Сөздің көркі-мақал" деғен ұғым бар. Олардың қайсысын алсақ та, замана қиындықтарын танытарлық құдірет бар.

2 жүргізуші: Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің пайда болу тарихын, қай кезде тұңғыш рет кім айтқанын білу қиын. Дегенмен, кейбір мақалдардың шығу тарихы жөнінде аңыздар да жоқ емес.

  1. жүргізуші: Ата-бабамыз сөздерінің нәрі мен мәні, ұрпағына айтар өсиетінің мазмұны, "тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні" осы мақал-мәтелдерде жатыр.

  2. жүргізуші: Ендеше, құрметті қауым, сіздерді "Ырыс алды-ынтымақ" атты қойылымды тамашалауға шақырамыз.

(Сынып бөлмесі. Жұмыс столында мұғалім қағаз жазып отыр)

Ата-ана:

- Сәлеметсіз бе, кіруге рұхсат па екен?

Мұғалім:

- Есенсіз бе? Төрлетіңіз. Ата-аналар үшін есігіміз ашық. (орындық ұсынады)

Ата-ана:

-"Еңбек түбі-береке, көптің түбі-мереке" демей ме халқымыз. Бала үшін жасап жатқан еңбектеріңіз үшан-теңіз.

Мұғалім:

-"Жақсы сөз-жарым ырыс" демекші, сізге үлкен рахмет. Бұйымтайыңыз болса, айта отырыңыз.

Ата-ана:

-"Илегеніміз-бір терінің пұшпағы", түпкі мақсатымыз бір болған соң, сізбен балам жайында сырласқым келіп еді.

Мұғалім:

-"Ырыс алды-ынтымақ"

Ата-ана мен ұстаз арасындағы байланыс жалғасын тауып жатса, "нұр үстіне нұр" емес пе? Келіңіз, сырласайық.

Ата-ана:

-"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" дегендей, баламыздың жақсы азамат болып қалыптасуында сіздердің еңбектеріңіз зор деп білем.

Мұғалім:

-"Оқу инемен құдық қазғандай". Оқушы мен мұғалім бірлесіп ізденген жағдайда жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" дегендей, сіздердің бағыттарыңызды, жақсы ниеттеріңізді жалғастырып, одан әрі дамытуға біз дайынбыз.

Ата-ана:

- "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" дегендей, олар сіздерден көп тәлім алады, сіздерден үйренеді, сіздерге арап өсіп келеді.

Мұғалім:

- "Ата көрген оқ жонар, ене көрген тон пішер" дегендей,баланың ашуда бастапқы баспалдақтағы ата-ананың ролі зор.Баланың өзіңізге ұқсаған, әрбір іс-әрекетінен "үлкенге құрмет, кішіге ізет" байқалып тұрады.

Ата-ана:

-"Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада",-дегендей, балам-ның жүріс-тұрысы, білім деңгейі қалай екенін білгім келеді?

Мұғалім:

-"Оқу-білім бұлағы, білім өмір шырағы" емес пе? Балаңыз үздік оқиды, қабілетті, дарынды, жолдастарының арасында беделді. Өзіндік пікірімен ой бөліскенді қалайды, соған қарағанда үйде жауапты қызметтер атқаратын болу керек.

Ата-ана:

-"Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі кетеді", бұл бірлесе жасаған еңбектің жемісі деп білемін. Баламның шабытын оятып, жүрегіне шоқ салып жіберсеңіздер, адам жанған от айналасына тек жылу ғана береді емес пе?

Мұғалім:

-"Бірлік болмай, тірлік болмас" деген. Ата-ана мен мұғалімдер қауымы бірігіп, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарса», алынбайтын асу бар ма?

Ата-ана:

-"Келісіп пішкен тон келте болмас", біз сіздермен үнемі ақылдасып отырамыз ғой.

Мұғалім:

-"Ырыс алды-ынтымақ", ортақ тәрбиеде абыройға ие болайық, балаларыңыз үлкен азамат болсын!

1 жүргізуші: -Аталар өсиетімен өсіп-өнген, мақал-мәтелінен сусындаған балалардың бойында халқымыздың кең тараған өнері
де бар шығар.

2 жүргізуші: -Ендеше, "Өнерлі өрге жүзеді" ән-күйлеріңді төгіңдер, балалар! Тамашалайық! (оқушылар кезек-кезек өнерлерін көрсетеді)

1 жүргізуші: Аталар сөзімен өсіп өнген,

2 жүргізуші: Балалар бұлағынан нәр алған.

  1. жүргізуші: Даналар өсиетінен тәрбие алған.

  2. жүргізуші: ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен.
1   2   3   4   5



Похожие:

І тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні iconЖоспар Кіріспе І тарау
Сондай -ақ “ҚР тәлім тәрбие тұжырымдамасында” үздіксіз тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім тәрбие деп қарастырады. Мұнда әрбір халықтың...
І тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні iconЖоспар Кіріспе І тарау
Сондай -ақ “ҚР тәлім тәрбие тұжырымдамасында” үздіксіз тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім тәрбие деп қарастырады. Мұнда әрбір халықтың...
І тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні iconЖоспар Кіріспе І тарау. Шыңжаңда қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы
Тақырыптың өзектілігі: «Шыңжаң қазақтары» Қазіргі Қхр -ң азаматтығындағы қазақтар болып табылады. Шыңжаңдағы қазақтар да біртұтас...
І тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні icon1 тарау консалтинг қазіргі нарықты экономикадағы жұмыс істеудің мәні мен қажеттілігі
Республикасындағы консалтингілік қызмет нарығының қалыптасуының экономикалық және ұйымдастыру алғы шарттары
І тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні icon1. Несие және несие жүйесі 6 1 Несие мәні және қажеттілігі мен қызметтері 6
Несиенің формалары мен олардың жіктелуі және несиелеуді ұйымдастыру қағидалары 16
І тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні iconҚАзақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ақпараттық хат құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жыл сайын «Нұрпейіс оқулары» аясында өтетін «Қалыптасқан Қазақстан және...
І тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі т. РысқҰлов атындағы Қазақ экономикалық университеті «Маркетинг және коммерция» кафедрасы
Сапа мәні
І тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні iconІ сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда окушыларға экологиялық тәрбие берудің мәні және оның құрылымы
І тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні icon1 i-тарау. Компьютерлік желілер және онда графикалық ақпараттарды тасымалдау
Желілер және олардың түрлері
І тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні icon2-5 Тарау–I. 1921-1928 жылдардағы қазақ ауылындағы салық саясаты
Жаңа экономикалық саясат тұсындағы салық және қазақ шаруашылықтары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов