Мазмұны кіріспе icon

Мазмұны кіріспе



НазваниеМазмұны кіріспе
страница4/5
Дата06.05.2013
Размер0.81 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5

^ 2.3 Қазақстан республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы және дүние жүзі экономикалық география курстарында экологиялық тәрбие беру тәсілдері


Қазіргі қоғам адам тағдырына жаңа көзқарас пен қарап, соған сәйкес оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуды, халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің негізінде ұлттық сана-сезімді қалыптастырып, оқушылардың білім сапасын жетілдіруді талап етуде. Сондықтан қазіргі таңда мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру ісін халқымыздың озық дәстүрлерімен байланыстырып, ұлттық негізде тәрбиелеуге баса назар аударылып келеді. Ұлттық нәрмен сусындаған ұрпақты адамгершілік, экологиялық, отаншылдық, эстетикалық бағытта тәрбиелеу қажеттілігі айқындалуда.

Ел Президенті Н.Назарбаевтың "Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын суюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды да, қадірменді парызы" деген сөздері жалпы білім беретін мектептердің жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкірттің жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау бағытындағы мақсаттарымен сабақтасып жатыр.

Біздің еліміз - Қазақстан Республикасы табиғи қорларға бай ел, олай болса, қазақ жерінің байлығын бағалайтын, табиғаттың аялайтын ұрпақ тәрбиесі мен біліміне көбірек көңіл бөлу қазіргі өмір талабы. Дүние жүзіндегі барлық халыққа деген сүиіспеншілік пен құрмет сезімін, олар атқарып жатқан ұлы істерге белсене араласу үшін туған елге деген патриоттық сезімде тәрбиелеу, табиғатқа ұқыпты қарау сезімін дамытумен тікелей байланысты.

Жалпы білім беретін мектептегі география пәндері бойынша сабақ беру оқытудың әдіс-тәсілдері кунделікті өмірдегі талапқа сай жаңаша болуды қажет етеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану, әрбір тақырыпқа және әр сынып оқушыларының жас шамасына қарай физиологиялық талапқа сай жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік гео-графиясын оқып-үйрену өз Отанымыздың, өлкеміздің табиғатын, шаруашылығын, халқын, оның экономикалық-экологиялық пробле-маларын терең білу ушін қажет. Бұл экономикалық-экологиялық географияның күрделі мәселелерін дұрыс талдауға, республикамыздың халық; шаруашылығы мен тыныс-тірлігінде болып жатқан экономикалық өзгерістердің мәнін түсінуге, табиғат және еңбек қорын орынды әрі: тиімді пайдаланудың маңызын саналы түрде аңғаруымызға көмектеседі.

Экономикалық және әлеуметтік география ұдайы екі жақты байланыста адам қоғамы мен табиғаттың өзара әрекеттесуін зерттейді, табиғат жағдайлары мен байлықтарына шаруашылық тұрғыдан баға береді. Мәселен, табиғат байлықтары қандай, олар қайда орналасқан, оларды қалай барынша тиімді пайдалануға болады, адамның шаруашылық әрекеттің айналадағы ортаға қандай әсері бар, табиғат жағдайларының жиыны адамға, оның өмірі мен еңбегіне қалай әсер етеді? - деген сияқты сұрақтарға жауап береді.

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәні бойынша жаңа мағлұматтар әр түрлі деректер, статистикалық мәліметтер үнемі қажет. Сондықтан, география сабағында жаңа ақпараттар пайдаланып, интернет жүйесін техникаға сүйене отырып жүргізу, сабақты әр түрлі тәсілдермен түрлендіру қажет. Оқушылар үшін жаңалықтар, жаңа мағлұматтар мұғалімнің әңгімелесуі арқылы ғана емес, өз бетінше жұмыс жасау арқылы да беріледі.

Қазақстанның экономикалық саласында жаңа қолданып жүрген термин сөздерді, жаңа экономикалық ұғымдарды география пәнінде де пайдалану қажет.

Білім берудегі басты міндет - география пәнін оқытуда әдістемелік жұмыстарды қамтамасыз ету, жаңа талапқа сай, шеберлікті арттыру болып табылады. Оқушының қажеттілігі мен қабілетін үздіксіз дамытуда, жаңа технологиялық үлгілерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізу, соның ішінде тек оқулықпен ғана шектелмей, техникалық құралдарды, слайдфильм, диафильм, видеофильмді, электрондық оқулықтарды пайдалану жас ұрпақтың нәтижелі білім алуына көмектеседі.

Оқушыларға берілетін барлық оқу-тәрбие жұмыстары сабақ үрдісінде жүзеге асатындықтан, мұғалімнің сабақ барысында алға қоятын негізгі мақсаты - оқушыларға терең де тиянақты білім беру. Сондықтан да мұғалім жан-жақты ізденіп, қазіргі заманғы озық тәжірибелер негізінде сабағын түрлендірсе, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Қазіргі уақытта адамзат экологиялық қиын жағдайда тұр, ал оны дұрыс шешу үшін экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы аса зор.

Табиғи ресурстардың толықтай немесе кейбір бөліктердің жоғалуы, табиғи ландшафт өнімділігінің төмендеуі, топырақ, су жүйесінің құрғауы, коршаған ортаның ластануы Қазақстандағы табиғи ортаның жалпы экологиялық жағдайының бұзылуын сипаттайды.

Аралдың апатты жағдайға ұшырауы, т.б. су көздерінің ластануы, энергетика мен ауыл шаруашылығы арасындағы байланыс барлық елдегі эколог-мамандардың біріккен жұмысы үшін перспективалық мәсслелер болып табылады. Мұндай қарым-қатынастар суды сақтау, суды пайдалану және су көздерін қорғау бойынша барлық ұлттык бағдарламалардың бірігуіне әкеледі.

Қазақстанда экологиялық жағдайдың қалыптасуы халықтың денсаулығына әсер етпей қоймайды, экономикалық апатқа әкеледі, сондықтан экологиялық қауіпсіздік - мемлекет аймақтарының стратегиялык міндеттерінің бірі, ерекше атап айтқанда, халықтың тұрмыс жағдайының тұрақтылығы мен қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету. Экологиялық жағдайдың нашарлау себептерінің бірі халықтың экологиялық білім деңгейінің төмендігі немесе жеткіліксіздігін көрсетеді.

Ең бастысы, экологиялық мәселелер басқару шешімдерін қабылдау кезінде ескерілуі қажет, олай болмаған жағдайда қоғам оның себептерімен емес, ал олардың туындауымен күреседі.

Экологиялық білім берудің тиімді жүйесі - қоғам мен экомомиканың даму тұрақтылығын қамтамасыз ететін құралдардың бірі.

Тұрақты даму ұстанымдарында экологиялық капитал қорларын болашақ ұрпаққа жеткізу мен сақтаудың қарастырылғаны белгілі: топырақтың құнарлығы, таза ауа, белгілі климат, азондық қабат, генетикалық биотүрлер. Әкімшілік басқару және табиғатты пайдалану саласындағы барлық мамандардың экологиялық дайыңдығының санасы маңызды деңгейде анықталуы тиіс.

XXI ғасырдың күн тәртібінде экологиялық білім өзіндік мақсат емес, ол тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет, салауатты өмір, құндылықтар, білімді өзгертудің негізгі механизмі ретінде қарастырылады. Басқаша айтқанда, білім адам құқығының негізін қалаушы болып есептелінеді.

Экояогиялық білім беру төмендегідей адам іс-әрекеттерінің дамуына негізделген: — табиғи ресурстарды унемдеу;

— қоршаған ортаның ластануын тоқтату;
— табиғи экожүйені сақтау;

- қабылданған экологиялық этиканы, тәртіп кодекстерін және халықаралық одақ нормаларын сыйлауды меңгеру;

— қаржылық қолдау және қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысу, толық дайындықты қалыптастыру;

ТМД мемлекеттеріндегі біріккен экологиялық саясатты жүзеге асыру және біріккен табиғатты қорғау- әрекеттерін жүргізу.

Сабақтың дамытушылығы: оқушылардың дүние-танымын кеңейту, географиялық қызығушылығы мен ғылымға деген ынтасын, зерттеу, тәжірибе жасау және қорытынды шығара білуге кабілетін дамыту.

Білімділігі пәнаралық байланысты ұштастыра отырып, теориялық білімін дамытып, аралай және нақтылай түсуге, өздері қорытынды жасап талдай білуге баулу.

Тәрбиелілігі табиғатты сүюге, тірі денелерге, қоршаған ортаға ұқыпты қарап, оларға деген сүйіспеншілігін оятып, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу және эстетикалық, экологиялык-экономикалык тәрбиені үнемі басшылықта ұстау.

Сабақтың түрі: дала жағдайындағы орындалатын өзіндік жұмыстар. .

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: шағын қайла, үшкір басты күрек, дәптер, қарындаш, қаламсап, шағын қорапша, жиналмалы метр, сызғыш және целлофан қалталар.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сынып бөлмесінде түгелдеп, қауіпсіздік ережесімен таныстырып, оқушыларға мектеп ауласында қандай жұмыс жүргізілетіндігі алдын ала таныстырылады. Әрбір құралдармен жұмыс жүргізгенде қауіпсіздік ережесі қатаң сақталуына баса көңіл аударылады. Сонымен бақылау шұнқырларды қалай қазу және топырақты зерттеу үшін оның үлгілерін қалай алу керек.

Жұмысбарысы.

Шұңқыр (шурф) қазбастан бұрын топырағы зерттелген жерді қарап шығу қажет. Егер жердін беті әр қилы болса, мәселен көтеріңкі және ойыс болса немесе оның өсімдік жамылғысы әр түрлі болса, онда сыртқы түрлі жағынан айырмасы бар жерлерде екі-үш шұңқыр қазу керек. Қазылатын шұңқырдын ұзындығы, әдетте, 150 см, ені 70-80 см терендігі ең терең деген жеріне кемінде 100 см болады. Шұңқырдың ұзын қабырғасы солтүстіктен онтүстікке карай жүргізілуі тиіс. Топырағын бақылап, үлгісін алуға белгіленген тар қабырғаларының бірі жарық жақсы түсуі үшін оңтүстікке карағаны жөн. Қазғанда топырағын ұзын жағына тастау керек. Бір қабырғасын саты тәрізді етіп жасау керек. Осы қабырға арқылы шұңқырға түсіп шығу қолайлы болады.

Жұмыс барысы кезінде жер бетінің тар қабырға жағындағы өсімдік жамылғысы басылып, бүлініп қалмау үшін, қадағалау керек. Жұмысты бірнеше оқушы кезектесіп қазғаны дұрыс. Шұнқыр (шурф) даяр болған соң топырақ кесіндісін мұқият қарап шығын, суреттеп сипаттап жазып шығуға кірісеміз. Мұғалім бағыт беріп тұруы тиіс. Мұқият қарап шыққан соң әрбір қабатынын қалындықтарын өлшеп, жазады. Оны мұғалімнін нұсқауымен шартты түрде белгілеп отырады.


^ 3. ТАРАУ. СЫНЫПТАН ТЫС ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ

Қазіргі таңда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді ұйындастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың орны ерекше. Оқушылардың сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен, балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге кызығуы мен ынтасын оятудың құралы ретіиде ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудын формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретіндс кызмет атқарады.

Сыныптан тыс жұмысқа сабактан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабақтар жатады. Қазіргі кездс тәрбие жүйесінде мектептен тыс жұмыстар едәуір орын алады. Сыныптан тыс жұмыстардын өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізінде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уакытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады.

Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уакыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, казір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді.

Сыныптан тыс жұмысқа қойьлатьн талаптардың ең маңыздыларының бірі: оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми коғамының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене катысуға себепші болуы тиіс.

Сыныптан тыс экологиялык тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстардың түрі өте көп. Бірак, бәрінің де мақсаты - баланы жан-жақты жетілдіру, оның бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып оны аялай білуге тәрбиелеу және эстетикалык сезімін дамыту. Тек олардың қай түрін оқушылармен жүргізу керек дегенде міндетті түрде ескерілетін нәрсе: оқушылардың жас ерекшслігі, жүргізілгелі отырған жұмыс мазмұны, тәрбиенің өз мүмкіндіктері.

Бүгінгі күннің негізгі талабы мен мақсаты табиғатты қорғау шаралары. Жас ұрпақты табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу, яғни жас жеткіншектерге экологиялық тәрбие беру. Экология ұғымы табиғат пен тіршіліктің барлық түрінің арасындағы байланысты білдіреді. Олай болса табиғатты қорғау осы экологияның негізі емес пе? Қазіргі таңда көптеген экологияға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Мектептерде табиғатты қорғауға байланысты кеш, апталық, дәріс, т.б. өткізу мәселесі өркендеуде. Көптеген өркениетті елдерде экология жеке пән ретінде жүргізіледі, ал біздің оқу жүйемізде экология ғылымының тек кейбір элементтері мен терминдері ғана жаратылыстану пәндерінде қосымша берілуде.

Ертедегі нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, жастарды табиғатты сүюге, олардын экологиялық мәдениетін қалыптастыруда құнды құрал болып саналады.

1-шара экологиялық білім жайлы кіріспеден басталады. Адамзаттың береке-байлығы жер екені, халқымыздың жерден өсіп-өнгені, туған жердің тобықтай тасы мен бір уыс топырағын қастерлей білгені, елі, жері үшін бабаларымыз қасықтай қанын төккені, кең даласын қалай қорғағаны жайлы айтылады. Бүгінгі Жер-ананың мүшкіл халін оқушылар тебірене айтты. Қазіргі экологиялық жағдайдың ауырлығы, әсіресе Арал қасіреті бүгінде бүкіл планетаның бас ауруына айналғаны (ол туралы және Қазакстандағы «қатерлі нүктелер» туралы сөз козғалды), Семей маңындағы жарылыстан әлі күнге дейін зардап шегіп келе жатқан ел туралы «Полигон зардабы» деген үлкен стенд жасалды. Халқымыздың белгілі ақыны Олжас Сүлейменовтің «Семей —Невада» қозғалысын басқарып, Семей полигонын жабуға өз үлесін қосқанын, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Семейдегі ядролық полигонды жабуға арналған қаулы туралы деректі фильм көрсетілді

Табиғаттағы экологиялық жағдайға байланысты құрып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар туралы да сөз қозғалды. Осыған байланысты ақынымыз Мұқағали Макатаевтың «Аккулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс көрсетілді. Іс-шараның окушыларға танымдық және тәрбиелік маңызы зор болды. Олар әрбір адамнын табиғатқа деген қарым-қатынасы ананың әлдиімен құлаққа сіңгенін, табиғаттың сұлулығын сақтай білу, одан рахат алу біздің экологиялық мәдениетіміздің басты көрсеткіші екенін, табиғатты қорғау еңбасты мақсатымыз бен парызымыз болуы керек екенін ұғынды.


^ 3.1 Экологиялық үйірме жұмыстарын ұйымдастыру


Ауыл маңайындағы өсімдіктер, жан – жануар, құстар және олардың қорғау шараларына негізделген осы экологиялық үйірменің жылдық жоспарын ұсынып отырмын. Экология үйірмесінің жұмыс жоспары.

Кесте 3


Тақырыптар

Жұмыс әдістері

Сарамандық жұмыстар

ҚЫРКҮЙЕК

  1. Үйірме мүшелерін сайлау

  2. Жергілікті жер атаулары сыр шертеді

  3. «Алтын күз» кеші

Жоспарды құрып талқылау

Жергілікті жер-су атауларының шығу тарихы туралы әңгіме өткізу

Әрбір сынып оқушылары күз мейрамына байланысты өлең айтудан, сурет салудан көрініс көрсетуден жарысады.

Жергілікті жер бетінің жеке формаларын (төбе, жыра, өзен аңғары) зерттеу

Әртүрлі фотосуреттер пайдалану. А.Омаров-тың жергілікті жердің табиғатына байланысты шығарған өлеңдерін жинақтау. Күз тағамдарынан дастарқан жасау. Жеміс-жидектердің пайдасы туралы, күз көріністерінен газеттер шығару. Табиғатқа саяхат жасау. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын көрсететін сызбанұсқа сызу.


ҚАЗАН

  1. Өсімдктер әлемі

  2. Туған табиғатымыздың бір бөлігі өсімдік




  1. Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы.

  2. Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы.

  3. Дәрілік өсімдіктер

Жоғары сынып оқушыларының ұйымдастыруымен кеш.


Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын көрсететін сызбанұсқа сызу.

«Ас – адамның арқауы» альбомы, «Дәрілік өсімдіктер» стенді, әр түрлі мата қиындарынан альбом жасау, киіз үйдің үлгісі т.б.

Газет шығару, кеппешөп бүктеме (буклет) альбомдар жасау.


ҚАРАША

  1. Туған өлкенің ауа – райы

  2. Ауаның ластануы

  3. «Табиғатым аса көркем – Қазақстан туған өлкем»

Ауа райын бақылау, бақылау нәтижелерін қорытындылау.

Ауа райы болжаудағы

Ауаның ластануы туралы хабарлама әзірлеу. Ластану себептерін түсіндіру.

І-ІҮ сынып оқушылары арасында апталық өткізу.

«Туған елкенің ауа райы» кестесін жасау. Жергілікті белгілерге қарай ауа райын болжау.

Аудан ауасының ластануы турлы деректер, берілген кестені пайдалану. Аптаның әр күнін жоспарлау.

ЖЕЛТОҚСАН

  1. «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ - мұны айтуға табиғаттын тлі жоқ».

  2. «Жан – жануарлар әлемі»

  3. «Қызыл тас – біздің қорығымыз».

  4. Табиғатым – тағдырым

Табиғат туралы ақын – жазушылардың тебірене айтқан сөздері мен өлеңдерін оқу, жатқа айту. Ән конкурсын ұйымдастыру.

Жергілікті жердің жануарлары мен танысу, оларды қорғау шаралары. Жыл мезгілдеріне қарай жануарлардың бейімделуі туралы әңгіме. Қызыл тас туралы тарихи әңгімелер жинау. Онда мекен ететін жануарлар. Олардың жойылу себептері, қазіргі сирек кездесетін жабайы жануарлар жәндіктер.

Жарты жылдан қорытындылап, экологиялық апталық өткізу.

Әр сынып бойынша және жеке оқушылардың орындауында табиғат туралы ән сайысы

«Жергілікті жердің жабайы жануарлары» альбом жасау

Қызыл тас туралы стенді ұйымдастыру.

Жабайы жануарлардың суретін салудан жарыс ұйымдастыру.

Залды газет, сөзжұмбақ, стенділермен, суреттермен безендіру. Аптаның әр күйін жоспарлап, жоспарды қадағалау.

ҚАҢТАР

  1. Табиғат бала көзімен

  2. Жергілікті жердің бұлақ, бастау өзендері

  3. Су –тіршілік көзі




Табиғат туралы сурет салу сайысы.

Жергілікті жердің бұлақ бастау өзендері және оларды қорғау. Су туралы халық даналығын жинау, оның мағынасын түсіндіру. Судың маңызы және оны қорғау, судың ластану себептері туралы дөңгелек үстел ұйымдастыру.


«Таза бұлақ» көрініс қою

Су туралы өлеңдер оқу

АҚПАН

  1. Табиғат күнтізбе

  2. Туған жер табиғаты толғандырады.

  3. Менің сүйікті хайуанатым

  4. Табиғат даналығым

Табиғат күнтізбе деген не? Халқымыздың жануарлар тіршілігіне орай табиғатта қандай құбылыстар болатынын алдын-ала білуі. Қазақ халқының ырымдары туралы.

ҮІІІ-ХІ сынып оқушылары арасында көркем шығарма сайысы.

ІҮ – ҮІІІ сынып оқушылары арасында көркем шығарма сайысы халық арасында ертеден келе жатқан табиғат туралы нақыл сөз, мақал – мәтелдерден «Кім көп біледі» жарысын өткізу


Халқымыздың ырым сөздерін жинап, олардың мағынасын түсініп, орынды пайдалана білу.

Осы тақырыпта сурет салғызу.

НАУРЫЗ

  1. Бөлме өсімдіктері

  2. Өлкеміздің жәндіктері

  3. Құмырсқаның илеуі




Суғару, күту, отырғызу, «Бөлме өсімдіктерінің түрлері» хабарлама жасау.

Туған өлке жәндіктерімен танысу. Пйдалы және жоюшы жәндіктер туралы хабарлама

Құмырсқа илеуін қорғау және оның маңызы


Сирек кездесетін жәндіктердің суретін салу.

СӘУІР

  1. Жергілікті жердің құстары

  2. Құстар – біздің досымыз

  3. Құстарға ұя жасау.

Құстар және олардың маңызы туралы әңгіме. Құстарды қорғау, Қарлығаш, аққу туралы ертегі, аңыз әңгімелерді талқылау.

Құстар күніне байланысты кеш. Құстар болып киіну, өлең айту, жұмбақ шешу.


С.Сейфуллиннің «Аққу», поэмасын тыңдау, «Қанатты достар» тақырыбында – жергілікті жердің құстарынан альбом жасау.

Газет шығару, әр түрлі маскалар әзірлеу.

МАМЫР

  1. «Менің ауылым».

  2. Біздің су қоймаларындағы балықтар

  3. Жергілікті жердің суларына саяхат

Табиғатты қорғау күніне байланысты кеш.

Балықтардың түрлерімен танысу, қорғау.

Бұлақ, бастау, жылғалар, өзендер, туралы алған білімді еске түсіру.


Көрме ұйымдастыру.

Табиғатқа таным жорық (саяхат)



Экологиялық дағды мен іс - әрекеттің оқушы бойында қалыптасуы экологиялық өзіндік жұмыстың орындалуының негізі болып табылады.

Қазақстан географиясында мұндай экологиялық бағыттағы орындалатын өзіндік жұмыстарды бірнеше бағытқа бөлуге болады.

Кесте 4


Қазақстан Республикасы географиясы мазмұнындағы экологиялық бағытта орындалатын өзіндік жұмыстар


Бағыттары

Экологиялық өзіндік жұмыстар

^ Басқа пәндермен байланыстылығы

Танымдық

Қазақстан географиясындағы әр түрлі табиғат жағдайларының ерекшеліктерін ажырату, олардың флорасы мен фаунасын қорғау, табиғат ресурстары туралы түсінікті игеру және қорғау, халық шаруашылығы аудандарының ерекшеліктері, экологиялық жағдайды шешу жолдары. Сыларды айтып түсіндіреді және әр түрлі әдістермен іске асырады


Биологиямен, химиямен, экологиямен

Бағалаушылық

Оқушылардың табиғат ресурстарына баға бере алуы, айналадағы қоршаған орта мен адам әрекетінің әсері туралы мүмкіндіктер қамтылады


Қазақстанның экономикалық және физикалық географиясы

Болжамдық

Оқушылар адамның қазіргі табиғатқа тигізген іс-әрекетінің болашақтағы көрініс табар залалы, табиғат қорғау және оның ресурстарын тиімді пйдалану туралы тың ойлары, топырақта, суда, ауада болатын табиғи айналымдарды түсіне алуы, өндірістегі соңғы жаңа технологиялардың жетістігін пайдаланудағы табиғаттағы қорғаудағы атқарылып жатқан оңды іс – шаралар мен келешектегі берер нәтижелері туралы болжам жасай алулары тиісті


Физика, химия, математика, биология

Өлке танушылық немесе экологиялық картографиялық

Өз елінің туған жерінің шағын экологиялық картасын немесе шағын жердің жобасын жасай алуы

Өлкетану және жергілікті жер материалдарды, халықтық педагогика, тарих, география (план және карта бөлімі) т.б.




Қорыта айтқанда, Қазақстан географиясында осы үздіксіз экологиялық бағыттағы өзіндік жұмыстарды жүргізгенде, оқушы бойында жетіспейтін құнды қасиеттердің бірі – «экологиялық сана» мен экономикалық түсінік қалыптасып, болашақта бәсекеге қабілетті, мәдениетті ұрпақ, жеке тұлға дамиды.

1   2   3   4   5



Похожие:

Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе 5 1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Кіріспе 5
Мазмұны кіріспе iconМазмұны кіріспе 3 i-тарау
Кіріспе 3
Мазмұны кіріспе iconМазмұны. Кіріспе

Мазмұны кіріспе iconМазмұНЫ
Кіріспе б
Мазмұны кіріспе iconМазмұны кіріспе

Мазмұны кіріспе iconМазмұны кіріспе

Мазмұны кіріспе iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны кіріспе iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны кіріспе iconМазмұны Жоспар бет
Кіріспе
Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе І тарау. Аминдер

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов