Мазмұны Кіріспе і-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы icon

Мазмұны Кіріспе і-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы



НазваниеМазмұны Кіріспе і-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы
страница4/4
Дата06.05.2013
Размер0.82 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4

^ 3.1 Алтын Орда дипломатиясы және Алтын Орданың Египетпен, Осман империясымен қарым-қатынастары

Алтын Орда (1243-1503) – орта ғасырларда Шыңғыс хан империясының құрамында Дешті Қыпшақта құрылған түрік мемлекеті; Экономикалық және әскери күш-қуаты толысып, мәдениеті өркендеген кезеңде. (13-14 ғ.) мемлекеттік жерінің көлемі 10 млн. км2-ден асты. Жошы ұлы Бату (Батый) хан тұсында (1227-55) Алтын Орданың құрамына Ресейдің еуропалық өңірі, Балтық теңізінің шығысындағы өлкелер, Польша, Мажарстан, Бұлғарстан, Солтүстік Кавказ, Хорезм, Шығыс және Батыс Дешті Қыпшақ енді (1236-42 ж.) - Бату қолы Орта Азия қыпшақтарының қарсылығын жойған соң, Мәскеу (1238), Киев (1240), Краков (1241), Бреслау (1241), Будапешт (1241) қалаларын алып, Орталық Еуропа, Тракия өңірін, Австрия, Чехия, Словакияны бағындырды. Бату хан тұсында мемлекеттік астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы болып (1243), кейін Берке сарайына (Сарай өл-Жадид) көшірілді. Берке хан билік еткен кезеңде (1257-66) Шыңғыс хан ұрпақтары, оларға ере келген әскерлер мұсылман дінін қабылдай бастады, біртіндеп жергілікгі түркі халықтарының әдет-ғұрпына бой ұсынып, араласып кетті. Алтын Орда мемлекетінің жері Ақ Орда ұлысы, Шағатай, Шайбани ұлысы сияқты аймақтарға, ал олар жекелеген иеліктерге бөлінді. Ұлыс иелігі Шыңғыс хан ұрпақтарына мұрагерлік ғұрыппен, кейде мемлекетке сіңірген қызметтері үшін де берілді. Маңызды мемлекеттік істерді шешу мақсатында жалпы империялық жиналыс – Құрылтай (хурилтай, хурилта) шақырылды. Құрылтайда хан жариялау және оны салтанатгы түрде таққа отырғызу рәсімдері жасалды. Мөңке өлімінен соң (1259) жалпы монғолдық құрылтайлар шақырылмайтын болды. Ибн Баттутаның деректеріне сүйенсек, Шыңғыс әулеті мен әскери-көшпелі ақсүйектердің құрылтайлары ұлыстарда да жыл сайын шақырылып отырған. Ұлыстық құрылтайлардың бірден-бір мақсаты өзара қырқыстарға жол бермеуді көздеді (1269 ж. Талас құрылтайы, 1309 жылы құрылтай). Мемлекетті басқару, көшпелі өмірдің нормалары жаңа жағдайға сай келетін заңдар мен ережелер жиынтығы – Шыңғыс ханның жосынымен (Иасасымен) реттелінді. Иаса түпнұсқада сақталмаған, үзінділер мен мазмұны кысқаша баяндау түрінде ғана белгілі. Иаса қаулылары жөнінде мағлұматтар Ала әд-Дин Ата Мәлік Жуайни мен 15 ғ-дағы араб жазушысы Макризи еңбектерінде келтірілген. Шыңғыс хан Иасасындағы халық ғұрпының дәстүрлі нормаларының кейін қазақтардың «Жеті жарғысының» кейбір ережелеріне әсері болды. Әскери істі бектербегі, ал азаматтық істерді уәзір басқарды. Даруғалар салық жинаумен айналысса, баскақтар жергілікгі халықты әскери бақылауға алды. Қазақстан аумағы монғолдың 3 ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына кірді. Бату тұсында Жошы ұлысы оң және сол қанат болып екі мемлекеттік орталыққа бөлінді. Оң қанат Бату мен оның мирасқорларының, ал Қазақстанның кең байтақ жерлерін қамтитын сол қанат Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің үлесіне тиді. Алтын Орда Бату, Берке хандар тұсында Шыңғыс хан империясының орталығына, ондағы Ұлы құрылтайға шартты түрде тәуелді болғанымен, Мөңке-Темір (1266-80) кезінде империядан бөлініп, дербестікке қол жеткізді. Алтын Орда Туда-Мөңке (1280 - 87), Төле-Бұқа (1287 - 91), Тоқты (1292 -1312), Өзбек (1312 - 42), Жәнібек (1342 - 57) хандар тұсында күшейе түсті. Орда халқы кейіннен қазақ халқы құрамына енген қыпшақ, қоңырат, керей, адай, арғын, уақ, найман, қаңлы тайпаларынан, сонымен қатар Еділ бұлғарларынан, ежелгі хазар ұрпақтарынан, армяндардан, славяндардан, гректерден құралды. Қыпшақ және басқа да түрік тайпаларының ел басқаруда, әскери істе атқарған басым рөлінің басымдылығына байланысты Алтын Орда кейбір шығыс және батыс деректерінде Қыпшақ мемлекеті атанды. Алтын Орданың құрылуы сауда, халықаралық қатынастардың дамуын, орталықтанған билік идеясының өріс алуын қамтамасыз ететін біртұтас саяси жүйенің қалыптасуына себепші болды. Алтын Орда орыс мемлекеттігінің қалыптасуына игі ықпал жасады. Оның территориясында пайда болған мемлекеттер мен иелігіндегі жерлерде мемлекеттіліктің бірқатар түрлері өмір сүрді. Монғол ақсүйектері түркі тайпаларымен, әсіресе, оның ішінде мәдениеті жоғарырақ дамыған қыпшақтармен араласып, сіңісіп кетті. Алтын Орда Анадолымен, Сириямен, Египетпен, басқа да Шығыс елдерімен сауда қатынасын орнатып, елшіліктер алмасып отырғандықтан Ұлы Жібек жолының маңызды бір тармағына айналды. 13 ғ-дың 1-жартысы мен 14 ғ-дың 1-жартысында орнаған мұндай тығыз байланыстар жөнінде К. Босворт «Орда мәдениеті белгілі бір мұсылмандық-жер-ортатеңіздік сипатқа ие болды» деп жазады. 1312 ж. Өзбек хан Алтын Ордада исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Еділ бойы мен Орта Азиядағы мұсылмандық дәстүрдің әсерімен далалық мәдениет исламданды. 14 ғ-дың 2-жартысынан бастап Алтын Ордада орталықтандыруға қарсы күштер әлсірей бастады. Орданың батыс жағындағы Еділ бойында, Астраханда, Қырымда, Сарайшықта жергілікті билеушілер күшейіп, Қара т. өңірінде Мамай ордасы қалыптасты. Қазақстанның далалық аймақтары мен Түркістан өлкесінде жергілікті билік күшейді. Алтын Орда жеріндегі саяси өзгерістер оның құрамындағы Ақ Орда, Шайбани ұлыстарының дербес бой көтеруіне мүмкіндік туғызды. Ерзен және Мүбәрәк Хожа хандардың иелігі болған Ақ Орда 14 ғ-дың 2-ширегінде Алтын Ордадан бөліне бастады. 1368 ж. Өріс хан Алтын Орданы біріктіру мақсатында Еділ бойына әскери жорықтар жасады. 1374 - 75 ж. Сарай қаласын, Астраханды, Кама бұлғарларын бағындырды. Бірақ Мамайдан ығысып, 1376 ж. Сырдария бойына қайта оралды. 1377 ж. Өріс хан өлген соң Тоқтамыс хан Әмір Темірдің жарлығымен Алтын Орда ханы болып жарияланды. Ол 1380 ж. Сарайды, Астраханды, Қырымды, Мамай ордасын бағындырды. Тоқтамыстың күшеюіне және дербес саясат жүргізуіне жол бермеуге тырысқан Әмір Темірмен шайқаста Алтын Орда әскері жеңіліске ұшырады (1380). Алтын Ордамен әскери-саяси бірлікке ұмтылған Моғолстанды шапқыншылыққа ұшыратқан (1390) Әмір Темір 1391 ж. 200 мың әскерімен Отырар – Иасы – Қарашық – Сауран – Сарысу жолы арқылы Ұлытауға жетіп, Жыланшық, Тобыл, Сақмар, Орал өзендерінен өтті. 1391 ж. Құндышар деген жерде Тоқтамыс хан әскерін тағы жеңді. Кейін Тоқтамыс Алтын Орданың бірқатар аймақтарында уақытша болса да билігін қалпына келтірді. Ақ Орданын басым бөлігі Едіге бидің қолдауына сүйенген Темір Құтлықтың иелігінде қалды. 1395 ж. Солтүстік Кавказдағы Терек өзені аңғарында Тоқтамыс пен Әмір Темір арасындағы шайқаста Алтын Орда әскері үшінші рет ойсырай жеңілді. Әмір Темір Алтын Орда астанасы Сарай Берке, Астрахан, Каффа, Азақ қалаларын қиратып, орыс иелігіндегі Ельц қаласына дейін жетті. Бұл жағдай бүкіл Еуразия кеңістігіндегі этно-саяси ахуалдың, саяси-әскери күштердің ара салмағынын өзгеруіне, оның нәтижесінде орыс княздіктерінің тәуелсіздік алуына әкелді. Темірдің жойюын әскери жорықтары Алтын Орданың құлауына әкеліп соқтырды. 1502 ж. соңғы билеуші Шейһ Ахмед ханның өлімінен соң Алтын Орда мемлекеті жойылды. Алтын Орда жерінде Қырым (1428-1792), Қазан (1437 - 1556), Қасым (1445 - 1681), Астрахан (1466 - 1557), Сібір (1563 - 1656), Башқұрт (1656 - 1738) хандықтары сияқты мемлекеттік құрылымдар пайда болды. Қазақ хандығы да осы кезеңдерде (шамамен 1466) қалыптасты. Алтын Орда мемлекеті Қазақстанның еуразиялық мәдениеті, мұсылмандық Шығыс өркениеті мен монғолдар бағындырған елдердің отырықшы-егіншілік мәдениетінің өзара ықпалы тұрғысындағы интеграциялық процестердің дамуына мүмкіндік туғызды [24].

Алтын орда – Египет қарым-қатынастары, 13 ғ-дың ортасы мен 14 ғ-дың соңында Алтын Орда мен Египет мемлекеті арасындағы өзара достық қатынас күшейе түсті. 13 ғ-дың 50 ж. Алтын Орда билеушілері мен Ирандағы монғолдық Хулагу (Ильхан) мемлекеті (1256-1353) арасында Кавказ бен Иранның солтүстік-шығыс аудандары үшін күрес жүрді. Таяу Шығыста Египет мемлекетінің билеушісі Бейбарыс сұлтан (1260-77) Ирактан соң Сирияны бағындырмақ болған монғол әскерлерін талқандады (1260). Христиан дініндегі ильхандықтарға қарсы ортақ ниет Алтын Орда мен Египет мемлекеттерін сауда қатынасы, әскери және мәдени жағынан жақындастырды. Бейбарыс пен ислам дінін қабылдаған Алтын Орда ханы Берке (1256-66) тұсында орнаған, тіпті туыстық байланыстарға дейін ұласқан, арадағы қатынас 14 ғ-дың ортасында Ирандағы Хулагу мемлекеті ыдырағаннан кейін де жалғасын тапты. Мемлекеттер арасындағы дипломатиялық жолдаулар қыпшақ тілінде жазылды. 1357 ж. Жәнібек хан өзінің Әзербайжандағы жеңісі жөнінде Египеттегі қыпшақ сұлтанын хабардар етеді. Алтын Орда мен Египет мемлекеті арасындағы тығыз байланысқа Темірдің Қыпшақ даласына жасаған бірқатар әскери жорықтары да кедергі бола алмады. 1395 ж. Алтын Ордаға соңғы Египет елшілігі келді. Бұл сапар Алтын Орданың талқандалуына әкеліп соқтырған Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы шешуші шайқаспен тұспа-тұс келді.

Алтын Орда ханы Ұлығ Мұхаммедтің түрік сұлтаны Мұрад ІІ-ге хаты – Жошы ұлысының Осман мемлекетімен қарым-қатынасына бейбіт сипат беруге жасалған талпыныс. Ұлығ Мұхаммед хан (1419-23 ж. және 1426 - 37) 1428 ж. 14 наурызда Днепр өзенінің батысында түрік сұлтанына хат жолдады. Өте қысқа жазылған хатта Ұлығ Мұхаммед Алтын Орда хандары мен түрік сұлтандарының арасында бұрын байланыстың жақсы болғандығын айта келіп, қазіргі кезде екі ел арасында елшіліктер жіберу мен сауда-саттық жағдай жасау қажеттілігінің туып отырғанын баяндайды. Екі ел арасында саудагерлердің келіп-кетуіне қауіп төндіріп отырған күштерді бірігіп талқандауға ұсыныс жасайды. Хаттың түпнұсқасы Стамбұлдағы Топкапы архивінде сақтаулы. Алғаш рет бұл хатты түрік ғалымы Ақдес Нимет Курат 1940 ж. Стамбұлда қазіргі түрік тіліне аударды. 1950-70 ж. хаттағы тарихи мәліметтерді А.Ю. Якубовский, С.Е. Малов, М.Г. Сафаргалиев пайдаланды. Хаттың толық аудармасын, түсініктеме мен қосымшасын орыс тілінде Т.И.Сұлтанов жариялады [25].


^ 3.2. Әмір Темірдің жүргізген дипломатиялық қарым-қатынастары

Әмір Темір, Құтбуддин Темір Гүркап, Саһиб Қыран Ағзам Жанат Макан (9. 4. 1336, Қожа-Илгар Кеш, Түркістан — 18. 2. 1405, Самарқан қ.) — қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Әмір Темір алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі болды (1361). Осы кезден бастап ол Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Ілияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі Хүсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 ж. Мауераннахрды өзінің қолына алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. 14 ғ-дың 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол "Аksak Timur" (Ақсақ Темір), ирандықтарға Тимурләнг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды. Әмір Темірдің әскерлерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемлекеті (1372 — 88), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381) Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңт. Әзербайжан, 1384), Тебриз (1384), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң, Алтын Орданы күйретті. Әмір Темір 1370 - 90 ж. Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 90-жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Әмір Темір мемлекетінің құрамына енді. 1398 ж. Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін мойындады. 1402 ж. жазда Әмір Темір Анкара шайқасында Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид I) тұтқындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя — Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн км2-ге жетті. Әмір Темір 1405 ж. Қытайға жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай, 9 күн өмір сүрді. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленді. Әмір Темірдің 4 ұлы болды: Жиһангер (1356 - 1376), Әмір Шейһ (1356 - 1394), Мираншаһ (1366 - 1408), Шаһруһ (1377 - 1447). Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394- 1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483 —1530) сынды атақты адамдар шықты. Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір мемлекеті ыдырап кетті. Ол әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғалым-ойшылдары Әмір Темірдің тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды. Әмір Темір қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткіш — қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салып қалдырды. Сонымен қатар жаулап алынған елдердегі Әмір Темірдің шектен тыс қатыгездігі оны күрделі тарихи тұлға ретінде танытады.

Әмір Темірдің қытайға елшілігі - 1387 ж. Қытай императоры Тай-Цзуға (1368 - 98) жіберілген Әмір Темірдің молла Хафиз бастаған елшілігі. Мұның алдында Шығыс Түркістан мен Орта Азияға бірнеше рет келген Қытай елшіліктеріне жауап ретінде барған. Елшілікпен бірге үлкен сауда керуені де сапар шекті. "Мин ши" атты қытай деректсмесінде Темірдің Иранға жорығы кезінде (1392 ж. басталған) жіберілген. Қытай императорына шамамен 1394 ж. жеткен хатының мазмұны берілген. Құжаттан екі мемлекеттің де өзара қайшылықтарын соғысқа ұластырмай шешуге, уақыт ұтуға деген ұмтылысы байқалады. Хатта Әмір Темір тарапынан Мин империясына білдірілген достық, өзара сауда қатынасын орнату ниетін қолдайтыны айтылған. Әмір Темір өзінің Иранға жасаған "Жетіжылдық" жорығының (1399 ж. басталған) қарсаңында Қытаймен, Моғолстанмен бейбіт қарым-қатынас сақтауды көздеді. Темір мемлекетіне, әсіресе, Самарқанда Қытайдан әкелінген фарфор, шай, жібек, атлас, бағалы тастар көпшілік сұранысына ие болды. Темірден кейін олардың ұрпақтары Халил Сұлтан, Шаһруһ, Ұлықбек тұсында Қытаймен елшіліктер алмасып, сауда қатынасы дамыды.

1   2   3   4



Похожие:

Мазмұны Кіріспе і-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы iconМазмұны Кіріспе 5 1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Кіріспе 5
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы iconМазмұны кіріспе 3 i-тарау
Кіріспе 3
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы iconМазмұны Кіріспе І тарау. Аминдер

Мазмұны Кіріспе і-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы iconМазмұны Кіріспе І – Тарау; Әдебиеттерге шолу

Мазмұны Кіріспе і-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы iconМазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы

Мазмұны Кіріспе і-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы iconМазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы

Мазмұны Кіріспе і-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы iconМазмұны кіріспе І тарау. Тарих толқынындағы көне қалалар

Мазмұны Кіріспе і-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы iconМазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы

Мазмұны Кіріспе і-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы iconМазмұны Кіріспе І тарау Бастауыш сынып математика сабақтарында пәнаралық байланыстар

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов