Мазмұны кіріспе бірінші тарау испаниядағы прогрессивтік және реакциялық КҮштердің КҮресі icon

Мазмұны кіріспе бірінші тарау испаниядағы прогрессивтік және реакциялық КҮштердің КҮресі



НазваниеМазмұны кіріспе бірінші тарау испаниядағы прогрессивтік және реакциялық КҮштердің КҮресі
страница1/2
Дата06.05.2013
Размер0.55 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
  1   2


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ...............................................................................................................3


БІРІНШІ ТАРАУ

ИСПАНИЯДАҒЫ ПРОГРЕССИВТІК ЖӘНЕ РЕАКЦИЯЛЫҚ КҮШТЕРДІҢ КҮРЕСІ

  1. 20-30 жылдардағы Испания.............................................................................9




  1. Примо де Ривера диктатурасы.....................................................................14

ЕКІНШІ ТАРАУ

ИСПАНИЯ БУРЖУАЗИЯЛЫҚ - ДЕМОКРАТИЯЛЫК, РЕВОЛЮЦИЯ ЖЫЛДАРЫНДА

  1. 1931-1936 жж. Буржуазиялық - демократиялық революция.................19




  1. Республиканың жеңілуі.....................................................................................31

^ ҮШІНШІ ТАРАУ

ИСПАНИЯ ЖӘНЕ ФРАНСИСКО ФРАНКО

3.1. Франко режимі..............................................................................................35

3.2. Франко режимінің құлауы.........................................................................39

Қорытынды................................................................................................46

Қосымша...............................................................................................................48


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................................49


Кіріспе

¬оµамныє даму тарихында ХХ µасырдыє 90 жылдары ѕлкен јзгерiстерден басталды. Еуразия ¶Ѕрлыµында еє мы¶ты атанµан жґне коммунизм мен социализм идеяларын Ѕстанып, капитализмге ¶арсы шы¶¶ан тЅтас бiр жѕйе – Кеєес одаµы ыдырады.

Халы¶аралы¶ аренада жас егемен мемлекеттердiє пайда болуы, халы¶аралы¶ ¶атынастар тарихында жаєа бiр кезеє болып табылатыны сјзсiз. Дґл осы сґттен бастап бЅрынµы кеєес мемлекетi орталы¶а баµындырылµан бѕкiл саясаты, экономикасы жґне нарыµы јзiнiє орны мен ролiн аны¶тай халы¶аралы¶ ¶атынастарды дамыту баµытына тѕседi. Халы¶аралы¶ байланыстарды дамыту жолына тѕскен ¬аза¶стан - интеграция барысында Еуропа елдерi мен Азия мемлекетерiмен жақын қарым-қатынас орната бастайды. Олардыє iшiнде маєызды болып, табылатын мемлекеттің бірі - Испания.

¬азiргi кезде саяси ¶олдауы мен экономикалы¶ кјмегi жґне мґдениет саласындаµы нґтижелi ¶арым-¶атынастары, мемлекетiмiздiє нары¶ саясатыныє дамуына айтарлы¶тай ы¶пал жасайтындыµына дау жо¶.

¬аза¶стан Республикасыныє сырт¶ы саясатыныє ґр тѕрлi мґселелерiн зертеу, халы¶аралы¶ Ѕйымдарда алатын орны, шетел мемлекеттерiмен жан-жа¶ты ¶арым-¶атынас жасау, негiзiнен Испания мемлекетімен жґне екi жа¶тыє да даму тенденциясын ¶атысты мґселелердi сараптау µылыми жґне саяси кјз¶арастар жаµынан да актуалды болып табылады. Сондықтан да бұл мемлекеттің өткен тарихын білу және ғылыми тұрғыда зерттеу жұмысы, егеменді еліміз үшін маңызды болып табылады.

Пиреней түбегінде жатқан қазіргі Испанияның тарихы күрделі де қызықты оқиғаларға толы. Б.з.б. II мыңжылдықта мұнда индоевропалық тілде сөйлейтін көптеген тайпалар мекендеген. Олар көбінесе Иберияның Шығыс және Оңтүстік-Шығысын мекендеген. Б.э.д. IX ғасырда финикиялықтар ірі отар Картахена қаласын құрды. Ал, б.э.д. ҮІІІғ. бастап мұнда грек отарлаушылары ене бастайды. Б.э.д. Шғғ. бұл аймақ Рим және Карфаген державалардың бақталас территориясына айналды. Кезінде белгілі Карфаген суфеті Ганнибал осы Иберия территориясынан өтіп, Альпі арқылы Римге жорық жасаған. Ал біздің заманымыздың басында Иберия Рим империясының ірі провинциясына айналып, оның ас-дақыл аймағына айналады. ҮІІғ. бастап Испанияға сарациндер (арабтар) ене бастайды. Испанияның тек орталық және Солтүстік аймақтары арабтардан тәуелсіз болып, оларға қарсы соғысты бастайды. Сол кезең Испания тарихында "Реконкиста" ("Жерді қайтару") кезеңі деп аталған. Реконкиста кезеңі жалпы Испания тарихында ұлы географиялық ашылулардың алғы шарты болып табылады. Испандықтар маврларды Испания территориясынан ығыстыра отырып, Африка территориясына өтеді. Испания теңіз ісінде теңдесі жоқ "жеңілмейтін армадасын" құра алды. Отарлау соғыстарын кеңінен жүргізді. Азор аралдары арқылы Португалиямен бірге әлемді өзара бөлісті.

Кейінгі жаңа заман басында ХҮғ. аяғында Португалияны бүкіл отарларымен қосып алды. Бүкіл Латын Америкасын өздеріне қаратты. Наполеон соғыстары кезінде Европада күшті қарсылық көрсетіп, француз әскеріне күшті соққы беріп, отанын қорғап қалған бірден-бір мемлекет. ХІХғ. соңында Республикалық құрылыс орнату жолында бес бірдей революциядан өтуіне тура келді.

Міне, бұның бәрі испан тарихына қысқаша шолу ғана. Ал қазіргі Испания — Европаның Оңтүстік-Батысында орналасқан, территориясы - 504,78 мың кв.км. алып жатқан мемлекет/1/. Испания Африканың солтүстік жағалауындағы Сеут және Мелилья қалалары, оған жақын жатқан Велес-де-да-Гомер Алу Семас, Чафоринай аралдарын басқарады. Испания 1712 жылғы Утрехт келісімі бойынша Ұлыбритания иемденген Гибралтарға суверенитеттілікті өзіне қайтаруды талап етуде. Астанасы — Мадрид. Ірі қалалары: Барселона, Валенсия, Севилья, Сарагос, Бильбао, Малага. Испания әкімшілік-территориялық жағынан 50 провинцияға бөлінген, оған 17 автономиялық облыстар кірген: Каталония, Баскілер елі, Галисия, Андалусия, Валенсия, Эстремадура, Кастилья, Леон, Кастилья-Ла-Манча, Астурия, Наварра, Мурсия, Риоха, Арагон, Кантабрия, Мадрид, Балеор аралы, Канар аралы. Халқы - 39,6 млн. /1995 жылғы санақ бойынша /2/. Оның ішінде испандықтар, каталондықтар, негізінен олар Солтүстік, Оңтүстік Америкада, Батыс Европада тұрады. Ресми тілі - испан тілі. Елдің кейбір аймақтарында каталон, баскі, галисиялық тілдерді қолдану зандастырылған халқының басым көпшілігі католик дініне табынады. Конституция бойынша шіркеу мемлекеттен бөлінген, олардың арасындағы 1979 жылдан бастап Ватикан реттеп отырады. Ақшасы - песета. Ұлттық мерекесі — 12 қазан — Испан ұлтының күні /Х.Колумбтың 1492ж. Американы ашқан күні/.

Испания — парламенттік монархия. Мемлекет басшысы король.

^ Тақырыптың өзектілігі. 30-шы жылдардың басында Испания империализм елдері ішіндегі әлсіз болатын. Феодализм сарқыншақтары, іріп-шіріген монархиялық құрылыс, шетел капиталының үстемдігі елдің дамуын тежеді. Бірінші дүниежүзілік соғыста бейтараптық саясат ұстап, соғысушы екі жақпен де сауда жасауы испан буржуазиясы мен помещиктерін байытқанымен Испания феодализм сарқыншақтары сақталған, экономикасына шетел капиталы күшті ықпал ететін аграрлы-индустриалды мемлекет болып қала берді. Соғыстан кейінгі ереуілдер, диктатураның орнауы, басқарушы топтың саяси дағдарысы барлығы 1931 жылдың көктеміне қарайғы революциялық жағдайға алып келе жатқан еді. Біз де осы жылдары бүкіл әлем назарын аудартқан Испания тарихындағы ең бір күрделі және шиеленісті тақырыпты диплом жұмысына негіз етіп алып отырмыз. Кеңестер Одағы еріктілерді жіберсе, фашистік Италия мен Германия ашық көмекке кірісті, ал Америка Құрама Штаттары бейтараптық саясатын жариялады. Әрбір мемлекет өз мемлекеттік мүддесі тұрғысынан қарады. Ал осы кездегі Испанияның өз ішіндегі саяси оқиғалардың өрбуі диплом жұмысында кеңінен қарастырылады.

Тарихнамасы. Екінші дүниежүзілік соғыс карсаңындағы немесе испан революциясының тарихы Кеңестік тарихнамада аз зерттелмеді. Өйткені бұл жерде де идеологиялық күрес жүрді. Испания жерінде фашизмге қарсы күрескен кеңестік еріктілер әрдайым дәріптеліп, мадақталды. Сондай-ақ Кеңес әскери басшыларының естеліктерінде де Испанияда болған уақыттары жөніндегі жазбалар кездеседі. Кейінгі кеңестік әскери қолбасшылар Испаниядағы революцияны өздерінің от пен оқтан өткен, фашизммен күресуде жинақтаған тәжірибелері деп атап өтеді. Маршал Г.К.Жуков үшін Испания тек тәжірибе жинақтау емес, өзін репрессиядан аман алып қалған оқиға ретінде есте қалыпты.

Біз қарастырып отырған кезең өз күрделілігімен де ерекшеленеді сондықтан, испан тарихының мәселелеріне арналып 1979 жылы Москвада жарық көрген еңбектің зерттеліп отырған мәселеге де қосары көп. Дегенмен, Испаниядағы саяси күрестер, партиялар арасындағы тартыс, оппозициялық қозғалыс мәселелері және олардың қалыптасу тарихы Баранова Т.Н., Лукьянова Л.И. еңбектерінде кеңінен аталып өтіледі. Ал 1965 жылы жарық көрген Испания тарихының әлеуметтік-экономикалық мәселелері /3/ деп аталатын еңбек те құнды материалдар көзі болып табылады.

Зерттеліп отырған мәселеге тікелей қатысты Р.Тамамес, Д.Ибаррури еңбектері жарық көрген Р.Тамамес өз отанында болып жатқан саяси оқиғаларға, Франко режиміне өзіндік талдау мен тұжырымдар жасаса, Д.Ибаррури өз еңбегін фашистік режимге қарсы күресуге арнап, "Жалғыз жол" деп атапты/4/.

Сондай-ақ, аталмыш мәселеде 1983 жылы жарық көрген "Современная Испания", 1978 жылғы "История фашизма в Западной Европе", 1977 жылғы "От 18 июля — долгий путь" т.б. еңбектерді екшелеп атап өткіміз келеді/5/.

II дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Испания тақырыбы тереңірек зерттеуді, нақтылы тұжырымдарды қажет ететін тақырып болғандықтан ол әлі де зерттеле береді деп білеміз.

^ Диплом жұмысының мақсатын төмендегі оқиғалар тарихын талдау арқылы көрсеткім келеді.

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлеуметтік-саяси қатынастар,

  • екі соғыс аралығындағы прогрессивті және реакциялық күштердің күресі,

  • буржуазиялық-демократиялық революция, республикандық төңкеріс, Халық майданының құрылуы,

  • Франко режимі, режим құлауы мәселерін жан-жақты сарапқа салып, талдау диплом жұмысының басты мақсаты болып табылады. Диплом жұмысы хронологиялық ауқымы жағынан тек екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Испания тақырыбымен шектелмейді. Олай болған жағдайда тақырыпты ашу мүмкін болмаған болар еді.

^ Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы Кіріспе, үш тарау, (әр тарауда екі параграфтан), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімде Испанияның өткен тарихына қысқаша тоқталып, шолу жасадық. Сондай-ақ кіріспеге қойылатын талаптарға сай тақырып өзектілігі, мәселенінің зерттелу дәрежесі, яғни тарихнамасы берілді. Диплом жұмысының мақсаты айқындалды. Ал негізгі тарау жұмыстың мазмұының айқындайды. Сондықтан бірінші тарау "Испаниядағы прогрессивтік және реакциялық күштердің күресі" деп аталып, өз кезегінде "20-30 жылдардағы Испания" және "Примо де Ривера диктатурасы" деген параграфтарға бөлінді. Бірінші тарау соғыстан кейінгі Испанияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы мәселелеріне және Примо де Ривераның басқару кезеңіндегі жүргізілген іс-шараларға кеңінен тоқталады. Екінші тарау "Испания буржуазиялық-демократиялық революция жылдарында" деп аталады. Тарау негізінен "1931-1936 жж. буржуазиялық-демократиялық революциясы" және "Республиканың құлауы" мәселелерін қарастырады. Ал соңғы "Испания және Ф.Франко" аталатын үшінші тарау "Франко режимі" және "Франко режимінің күйреуі" деген параграфтан құралып, Испанияның 30-70 қамтыған саяси оқиғалар кезеңін аяқтайды. Жұмыс соңында қорытынды жасалып, пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.

^ БІРІНШІ ТАРАУ

ИСПАНИЯДАҒЫ ПРОГРЕССИВТІК ЖӘНЕ РЕАКЦИЯЛЫҚ

КҮШТЕРДІҢ КҮРЕСІ

1.1. 20-30 жылдардағы Испания.

1914-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Испания ұстанған бейтараптық саясатты елдің буржуазиясы мен помещиктері баю үшін пайдаланды. Соғысушы екі жақтың да стратегиялық шикізат, азық-түлік тапсырыстарын орындау зор пайда келтірді. Елдің экономикасында өнеркәсіптің үлесі артты: жалпы капиталы 500 млн. песетті құрайтын жаңадан 500 кәсіпорын ашылды. Көмір өндіру 67% өсті, металлургия әсіресе болат қорыту саласы дамыды/1/. Ірі буржуазияның қоғамдық және саяси өмірде ықпалы өсті. Бурбон монархиясының сүйеніші болып есептелінетін буржуазиялық-помещиктік блок монополистік капиталдың мүддесімен жер иеленуші аристократия мен шіркеу князьдерінің мүдделеріне қарағанда көбірек санасатын болды.

Осындай жетістіктерге қарамастан Испания әлі де ауыл шаруашылығында феодализмнің сарқыншақтары сақталған және өнеркәсібі баяуы дамыған артта қалған ел болып қала берді. Испан экономикасының дербес дамуын шетел, әсіресе ағылшын капиталы тұлшалады. Өйткені ағылшын капиталы испаниядағы шетелдік капиталының жартысынан көбісін иемденетін.

Халықтың, әсіресе қарапайым халықтың жағдайы Испания соғыс кезінде бейтараптық саясат ұстанғанымен де ауыр болды. 1914-1918 жылдары азық-түлік пен өнеркәсіп товарларының бағасы 107% өсті, ал нақты жалақы соғысқа дейінгі деңгейде қалып қойды/2/. Испанияның африкандық отарларындағы халықтың жағдайы адам төзгісіз болды. Соғыс аяқталғаннан кейін соғыс кезінде соғыс тапсырыстарын орындаған жүздеген завод-фабриклар жабылды, жұмыссыздар көбейді. Экспорт күрт қысқарды, песета 25% құнсызданды. Соғыс, соғыстан кейінгі дағдарыс жұмысшыларды тым күйзелтіп кетті. Осының салдарынан елді жаппай ереуілдік қозғалыс жайлады. Мысалы, 1918 жылы - 463, - 900, 1920 жылы - 1060 ереуіл болып өтті. Ереуілге шыққандардың саны күннен күнге көбейді. Егерде 1918 жылы 109 мың адам болса, жылы 245 мыңға жетті/3/. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, жұмыс күнін қысқартуды, қымбатшылықгы жоюды талап етті. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Ресейдегі Қазан революциясының әсерінен 1918-1920 жылдары ғасырлар бойы помещиктер мен католиктік шіркеу езіп келген испан шаруалары да бой көтерді.

Испанияда орын алған қозғалыстың ең ірілерінің бірі Каталония өнеркәсібінің басым көпшілігін электр энергиясымен жабдықтайтын Канадиенс электр компаниясы жұмысшыларының ереуілдері еді. Ереуіл 1919 жылы 21 ақпанда кәсіпкерлердің жалақыны төмендетуіне қарсылық ретінде басталды. Көп ұзамай ереуілшілдерге Каталонияның барлық фабрикаларының тоқымашылары қосылды. Үкімет Каталонияға қоршау жағдайын енгізіп, мұнда ірі әскери бөлімдерді, жандармерия мен полицияны әкеліп ереуілді тоқтатуға тырысты. Дегенмен жұмысшылардың табандылығы кәсіпкерлерді шегінуге мәжбүр етті. Кәсіпкерлер ереуілшілердің бәрін жұмысқа алуға, ереуілге шыққан күндеріне ақы төлеуге, жалақының төменгі минимумын белгілеуге уәде берді. Барселонада кәсіпкерлер осы уәделерін орындамауына байланысты 24 наурызда қайтадан жалпы ереуіл жарияланды. Осы жылдары испан жұмысшы табының ұйымшылдығы өсті. Ұлттық Еңбек конфедерациясының 1914 жылы 100 мың мүшесі болса, ол 1920 жылы 1200 мың адамға жетті. Оңшыл социалистер басқарған еңбекшілердің Жалпы одағы 1920 жылы 200 мыңнан астам жұмысшыларды біріктірді, ол 1915 жылдан екі есе артық. Алайда лидерлерінің реформистік және анархист-синдикалистік идеология мен тактикасы жұмысшыларының бірлескен күрес одағын құруға кедергі келтірді. Реформистер монархия мен кәсіпкерлердің іскерлік ынтымақтастығы туралы насихаттап, таптық күрестен бас тартты. Анархист-синдикалистер ереуілдік қозғалысты қолдады, бірақ жұмысшыларды саяси күрестен аулақтатты. Осының салдарынан табандылығына қарамастан испан пролетариаты жеңіске жете алған жоқ.

Испан жұмысшылары мен шаруаларының күресі Каталонияда, Басконияда, Галисияда ұлт-азаттық қозғалыстың жандануына әсер етті. Каталонияда, әсіресе оның басты қаласы Барселондағы көп адамдық митингілерге студенттер, жұмысшылар қатысып, автономия беруді талап етті. 1919 жылы төрт каталондық облыстардың қауымдық кеңес мүшелерінің арасында Каталонияға автономия беру мәселесі бойынша үкіметке петиция тапсыру туралы сайлау жүргізілді. Қауымдық кеңес мүшелерінің 97-і пайызы жақтап дауыс берді/4/. Бірақ оны үкімет қабылдамады.

Ұлт-азаттық қозғалыс Басконияда да кең өріс алды. 1918 жылы баскілер депутаттары испан парламентінде баскі провинцияларына автономия құқық беруді талап етті. 1919 жылы бұл првинциялар "автономия" алды, бірақ ол білім беру, денсаулық және жергілікті жерде жол салу құрылысы саларына ғана таралды. 1918 жылы Лугода өткен галилік ұлттық жиналыс автономия беру туралы король Альфонс ХІП-ден бірнеше рет өтінді, бірақ ешқандай нәтиже болмады. Каталондықтардың, баскілердің, галийліктердің ұлт-азаттық қозғалысын орта және ұсақ буржуазия басқарды. Буржуазия ұлттық аудандардың қалық бұқарасының қозғалысын Испания халқының экономикалық және саяси құқығы үшін жалпы күрсетен оқшаулауға тырысты.

Қазан революциясының, большевиктік партияның әсерімен 1920 жылы 15 сәуірде Мадридте Социалистік жастар федерациясының жиналысында Испания коммунистік партиясы құрылды/5/. Испания коммунистік партиясы құрылған соң да, анархистер мен оппуртунистердің позициясы жұмысшы қозғалысында өте ықпалды болды. Осы жағдай көп жылдар бойы экономикалық және саяси құқық үшін күрескен испан жұмысшыларының күресіне кері әсерін тигізді.

1920 жылды екінші жартысында консерватор Дато басқарған либералдар мен консерваторлардың коалициялық үкіметі халықтың наразылығын барынша басып-тастауға ашық бағыт алды. 1920 жылы қарашада үкімет Каталонияға генерал Мартинес Авидоны азаматтық губернатор, генерал Арлегиді полицияның бас инспекторы етіп тағайындады. Олар өз жұмыстарын Еңбектің Ұлттық Конфедерациясының 64 жетекшісін тұтқындау мен жұмысшылардың белсенді топтарына қастандық істеуден бастады/6/. Олардың оғынан республикандық - депутат Франсиско Лайрет сияқты демократиялық лидерлер қаза тапты. Испанияның барлық жерінде жұмысшылар мен олардың ұйымдарына қарсы террор басталды. Басқарушы топ оларға қарсы жандармерияны, полицияны, әскерді қолданды.

8 наурыз 192 жылы анархистер министрлер Кеңесінің төрағасы Датоны жақтырмай қалды. Жаңа кабинетті консерваторлар партиясы лидерлеріні бірі Альендесаласар басқарды. Бірақ та бұл үкіметте билік басында ұзақ тұра алмады. 1921 жылдың жазында Марокко халқына қарсы отарлық соғыста испан әскерінің жеңілуіне байланысты саяси дағдарыстың шиеленсуі Альендесаласар үкіметін отставкаға кетуге мәжбүр етті.

Альендесаласар орнын консерваторлар партиясының екінші лидері Маура басты. Ол Мароккодағы оқиғаны жете білу комиссия арқылы шиеленісті бәсеңдетуге тырысты. Алайда халық қозғалысы толастамады. Компартияның шақыруы бойынша Мароккодағы соғысқа қарсы Бильбао жұмысшыларының жаппай ереуілі жарияланды. Үкіметтің Бильбао порты арқылы Мароккоға әскер жіберу жоспары іске аспай қалды. Марокко апатының айыптысы король Альфонс және оның жақындары деп тексерген комиссия дәлелдегенде, саяси жағдай одан әрі өршігі кетті. Әшкерелеу бурбондар монархиясын қолдап отырған либералдық және консервативтік партияларға сокқы болып тиді. 1922 жылы наурызда Маураны Санчес Герра ауыстырды, сол жылдың желтоқсанында либерал-демократ Гарсиа Прието бастаған үкімет құрылды.

Жұмысшылар монархия мен милитаризмге қарсы күресті күшейтті. Ереуілдер көбейді. 1922 жылдың мамыры мен тамызы арасында 25 мыңнан астам астуриялық шахтерлар жалақының азаюы мен жұмыс күнінің ұзаруына қарсы бас көтерді. Олардың ұраны "Бірде бір сантим кем және бір минутта артық болмасын!". Осымен қатар Бильбао металлургтерінің 20 мың адам қатысқан үлкен ереуілі болып өтті. 1923 жылы еңбекшілердің күресі барған сайын жанданды. Егер де 1922 жылы 120 мың адам қатысқан 487 ереуіл болса, 1923 жылы тек қыркүйектің өзінде 218 мың адам қатысқан 458 ереуіл болды. Әскерде де антимилитаристік қозғалыс өсті. Тамызда Малагада Африкаға жіберуге дайындалған батальон көтеріліс жасады. Осындай көтеріліс Гранаде мен Севильеде де болып өтті. Алайда жұмысшы қозғалысы революциялық басшылығы болған жоқ коммунистік партия саны жағынан аз әрі әлсіз еді. Осы жағдайда ірі буржуазия, жер аристократиясы, реакциялық әскерилер мен шіркеу үстемдіктің ашық террорлық түріне көшті.

^ 1.2. Примо де Ривера диктатурасы

Толастамаған жұмысшы қозғалысын басу үшін контрреволюция негізінен реакциялық көңіл-күйдегі офицерлерден құрылған "қорғаныс хунтасын", Каталония буржуазиясының қаруланған отрядтарын, жастардың "Рекете" атты монархиялық ұйымдары т.б. с.с. Осындай наразылық өршіп тұрған уақытта және Анволь жанындағы жеңілістің себебін тексерудің қорытындысы елде тек саяси дағдарысты шиеленістіріп қана қоймай, бүлік ұйымдастырушылардың әрекетін де жандандырды. Басқарушы буржуазиялық реакцияшыл топтар бірқатар реакциялық іс-шаралар жүргізді. Революциялық қозғалыс ошақтары болған өнеркәсіп орталықтарына реакциялық генералдардан жаңа губернаторлар тағайындалды. Король конституциялық кепілдікті жойды. Стачкаларға қатысушылар қатаң репрессияларға ұшырады. Жұмысшы газеталары жабылды. Республикандық топтардың өкілдері қуғындалды.

Алайда, реакция революциялық қозғалыс күшін тоқтата алмады. Елдің бұқара арасында антиүкіметтік, антиимпериалисттік көңіл-күй өсе берді. Саяси дағдарыстың шиеленісуіне үкіметтің Мароккодағы сәтсіз авантюрасы себеп болды. Ол испан империализмнің әлсіздігін көрсетіп берді. Рифтер ұлт-азаттық қозғалысын басу әрекетін испан әскерінің бірнеше ірі жеңілістерімен аяқталды. 1922 жылы ерікті Риф республикасы жарияланды. Халық бұқарасы отарлық соғыстың кінәлілерін жазалауды талап етті. Бірқатар қалаларда ереуілдер басталды. Бильбао мен Валенсияда әскери бөлімдер толқулары өтті. Жаңа күшті қозғалыс үкіметтің бірқатар конституциялық кепілдікті қалпына келтіруге реакциялық губернаторларды босатуға мәжбүр етті. Кәсіподақ жұмыстарына рұқсат берілді. Бұл аздаған реформалар саяси дағдарысты жеңілдете алмады. Стачкалық қозғалыс өсе берді. 1923 жылы 211 стачка өтіп, оған 210568 жұмысшы қатысты. Шаруа бас көтерулері жиілей берді. Кортестерге сайлау либералдық топтарға жеңіс алып келді.

Феодалдық-клерикалдық топ және буржуазия елді әскери-фашистік диктатура орнатуға жол беріп, биліктерін сақтап қалды. 13 қыркүйек 1923 жылы Каталония әскери округінің қолбасшысы генерал Мигель Примо де Ривера, әскерлер мен каталондық ірі буржуазияға сүйеніп Барселонада өкіметті басып алды.

ПРИМО ДЕ РИВЕРА. Примо де Ривера-и-Орбанеха /Ргіmо dе Rіvега у Огbаnеjа/, маркиз де Эстелья /dе Еstella/, Мигель /8.1.1870-16.III.1930/ - Испанияның мемлекеттік қайраткері, генерал. 1893, 1909-1913 жылдардағы Мароккода, 1895 жылы Кубада, 1897 жылы Филиппиндегі соғыс қимылдарына қатысқан. 1902 жылы Барселонадағы жұмысшы қозғалысын басуды басқарған. 1915-1917 жылдары Кадистің әскери губернаторы, онан соң Валенсияда, Мадридте және 1922-1923 жылдары Каталонияда әскери округты басқарған, генерал-капитан/7/.

14 қыркүйекте король Альфонс XIII католиктік шіркеу, генералитет және помещиктік-финанстық олигархия мен келісіп отырып, елдегі барлық саяси билікті реакциялық генерал Примо де Ривераға беруге келісті. Үкімет отставкаға кетуге мәжбүр болды, Мадридке келген Примо де Ривераға король Альфонс XIII өкімет билігін өз қолымен тапсырды. Өкімет билігін қолына алған Примо де Ривера үкімет орына генерал мен адмиралдардан құрылған әскери директория құрды. Ішкі істер министрі болып Каталония жұмысшыларын аяусыз басқан баскесер Мартинес Анидо тағайындалды. Ерекше жағдай енгізілді, конституция жойылды, кортес таратылды, жергілікті жерлерде билік әскери губернаторларының қолына көшті. Халыққа жолдаған манифестінде диктатор ел терең дағдарысқа ұшырап отырғанын мәлімдеп, бұрынғы тәртіптерді түбірімен жойып, жаңарту жүргізуге уәде берді. Ол жүргізген "Жаңартудың" мәні: ереуілдерге, демонстрацияларға, жиналыстарға тиым салу; КПИ, НКТ заңнан тыс; қатаң цензура енгізу; муниципалиттерді тарату; өкілдіктер /суд присяжных/ сотын жою т.б. с.с. Әскерді өзіне мызғымас таяныш ету мақсатында офицерлердің жалақысын көбейтті. Анволь жанындағы жеңіліс жөнінде тергеуді тоқтатты. Халықты өз жағына тарту үшін "Патриоттық одақ" атты фашистік партияны құрды, Муссолини тәріздес корперативтік жүйе енгізді/8/. "Ұлт бірлігі" деген ұран көтеріп, ол автономиялық қозғалысты болдыртпауға тырысты, каталон, баск, галисий тілдерінде ресми құжаттардың жүргізілуіне тиым салды. Диктаторлық режимнің орнауы дүниежүзілік капитализм дамуының уақытша тұрақтану кезеңіне тұспа-түс келді. Барлық капитализм елдерінде, оның ішінде Испания да экономикалық конъюктура жақсарды. Дегенмен Испанияда диктатордың жүргізген саясаты жартылай феодалдық құрылымды жоймай, кәсіпкерлердің пайдаларының ұлғайғанын көздеді.

Примо де Ривераның әскери-фашистік диктатурасы католиктік шіркеудің помещиктік және ірі буржуазияның таптық мүддесін қорғады. Ол шетел капиталымен тығыз байланысты болды. Елде әскери жағдай жарияланып, барлық жерде азаматтық губернаторлар әскерилермен ауыстырылды. Елдегі басқарудың негізгі кетіктері реакциялық әскерилер қолына өтті. Католиктік шіркеудің ықпалы өсті. Парламент және жергілікті өзін-өзі басқару органдары таратылды.

Әскери-фашистік диктатураның сыртқы саясаты агрессорлық-империалистік сипатта болды. 1924 жылы Примо де Ривера испандық Мароккодағы ұлт-азаттық қозғалысты басуға қайта әрекет жасады. Рифтер күшті қарсылық көрсетті. Тек 1926 жылдың мамырында ғана испан үкіметі француздық империалистер көмегімен және көтерілісші көсемдердің сатқындығы арқасында ғана жеңіске жете алды. Примо де Ривера Марокко проблемасын өз күшімен шеше алмады. Испания мен Франция арасында бірігіп қимылдау жөнінде келісім болғаннан кейін барып, 1926 жылы рифтердің көтерілісі аяусыз басылды/9/.

Капиталдың уақытша тұрақтану жылдарында билік басында болған Примо де Ривера помещиктер мен буржуазия одан өрі баюына жағдай жасады. Жоғарғы пошлинді бірінші қажеттілік товарларына жоғарғы бағаны қолдан ұстап тұруға мүмкіндік берді. Үкімет капиталдың шоғырлануына шетел және испан монополияларының табысының өсуіне ықпал етті. Көмір, мұнай, темекі және т.б. монополиялары пайда болды/10/. 1924 жылы экономикалық ұлттық комитет құрылды. Ол арқылы монополистер үкіметтен субсидий алды. Экономикалық комитеттің қызметі орта және ұсақ кәсіпорындарды күйзелтіп, ірі монополиялардың баюына жол берді.

1928 жылы қарашада король Альфонс XIII және Примо де Ривера Римде болды. Онда Альфонс XIII генералды итальян короліне "Бұл менің Муссолиниім" деп таныстырды. Ал итальян диктаторы болса оны "Испан фашизмінің басшысы және Испания жаңғыртушы" деп атады. Шынында да Примо де Ривера диктатурасы Муссолини диктатурасының алғашқы жылдарын еске түсіретін еді.

Примо де Ривера 1925 жылы әскери директориялық басқаруда қолдау таппаған соң, оны азаматтық үкіметпен ауыстырды, бірақ басқарудың әдістері, мазмұны өзгерген жоқ, диктатор бұрынғысынша шексіз билікке ие еді. Алғашқы да әскери төңкеріске үйреніп қалған халық жаңа режимнің табиғатын түсінген жоқ. Оның үстіне ИСРП және ВСТ лидерлері диктатурамен күресуден бас тартты, репрессиядан тамтығы қалмаған анархо-синдикалистер НКТ тарату жөнінде мәлімдеді. Халықтың арасында әлі де қолдауға ие болмаған Испания коммунистік партиясы ғана табанды қарсылық көрсетуге шақырды. Диктатураға қарсы демократиялық бостандықты талап етіп, репрессияға ұшырағандарына қарамай жазушылар, ғалымдар, студенттер, профессорлар қарсы шықты. Испанияның көрнекті жазушылары — Мигель де Унамуно, Висенте Бласко Ибаньес, Антонио Мачадо ешнәрседен қаймықпастан диктатураның шын бейнесін ашып көрсетті. Диктатураның реакциялық мәні айқындалған сайын оппозиция күші нығая берді. Жұмысшылар қозғалысының жандануы ИСРП және ВСТ басшылығы диктаторды қолдаудан бас тартуға мөжбүр етті.

1926 жылы тамызда Примо де Ривера үкіметі Франция, Англия және Италияға Танжер халықаралық зонасын Испанияға беру туралы меморандум жолдады. Бұл мәселені шешуде басқа елдерге қысым жасау үшін Испания Ұлттар Лигасынан шықты/11/. Екі жылдық нәтижесіз әрекеттен соң 1928 жылы испан үкіметі Танжердің халықаралық статусын мойындауға және Испания Ұлттар Лигасына қайта кіретіндігін жариялауға мәжбүр болды. Анархо-синдикалистер террорды күшейтті. Елдегі монополистік буржуазияның диктатор шетел капиталының жолын бөгеді, монополиямен күресуге көмектеседі деген үміт ақталмады. Сондықтан олар оппозицияға қосылды. Шаруалардың мүддесі - жер алу және помещиктік езгіден азат болу - орындалмады. Шаруаларда күреске көтерілді. Каталондықтар автономия алу үшін қайсарлық пен күресе берді. Елдегі жағдай Примо де Ривераның кортес іспеттес Ұлттық ассамблея ешқандай билікке ие болған жоқ, жаңа конституция жобасын жасау да жүзеге аспады. Режим күні бітті.

Оның үстіне дүниежүзілік экономикалық дағдарыс 1929 жылы басталған Испанияға да келіп жетті. Примо де Ривера өкіметіне бәрі де теріс қарады. Тіпті оны әскери округ басшылықтары да қолдамады. Сондықтан оған 28 қаңтар 1930 жылы отставкаға кетуден басқа басқа жол қалмады.

Примо де Ривера диктатурасының құлауының басты себебі Испания экономикасының құлдырауын тоқтатып, дамыта алмауы, жұмысшы және ұлттық қозғалыстың талабын қанағаттандырып, наразылықты баса алмауы еді.

^ ЕКІНШІ ТАРАУ

ИСПАНИЯ БУРЖУАЗИЯЛЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ ЖЫЛДАРЫНДА

2.1. 1931-1936 жж. Буржуазиялық-демократиялық, революция

Диктатор құлағанымен билік бұрынғысынша помещиктер мен ірі буржуазия блогының қолында болды. Халықтың түбірлі өзгеріс жүргізеді деген үмітті аяқталмады. Елдегі жағдай демократиялық өзгеріс жүргізуді қажет етті. 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Испанияда саяси дағдарыспен ұласты. Экономикалық дағдарыстың салдарынан көптеген завод-фабрикалар жабылды, сауда айналымы едәуір азайды, инфляция, жұмысшылардың жалақысы төмендеді, 1931 жылдың басында жәрдемақыдан жұмысшылардың саны 600 мыңға жуықтады/1/. Еңбекші шаруа жері аздықтан, жері жоқтықтан зардап шекті. Елде 1444 помещиктік қожалық 3 млн. гектарды иемденсе, осы көлемдегі жер 8 млн. кедей шаруаларға тиесілі болды.

Халықтың көпшілігі қатты наразы еді. Жиі-жиі жұмыстар ереуілдері, шаруалар толқулары, студенттік демонстрациялар болып тұрды. Қозғалысқа буржуазияның біраз бөлігі де, әскердегі демократиялық көңіл-күйдегі солдаттар, офицерлер де қосылды. Елде революциялық дағдарыс туды.

Саяси аренада екі лагерь анықталды: республикандық және монархиялық. Республикандық лагерь: пролетариат, шаруа, ұсақ және орта буржуазия. Монархиялық құрылысты қорғаушылар: латифундия иелері, ірі буржуазия, жоғарғы дін иелері, әскер мен флоттағы реакциялық басшылық. Республикандық лагерь құрамындағы әлеуметтік жағынан әртүрлі болуы, мақстатарының да түрлі-түрлі болуына әкеп соқты. Жұмысшылар мен шаруалардың көздеген мүддесі: республиканы жариялау; саяси және қоғамдық өмірді барынша демократияландыру; әскерлер мен шіркеудің артықшылығын жою; жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту; деревняларда феодалдық қатынастарды жою; шаруаларға жер беру; аз ұлттарға автономия беру. Олар монархияны құлату демократия үшін күресті өрістетудің маңызды кезеңі деп есептеді. Осыған қарамастан республиканы жақтаған буржуазия саяси билікті ғана қолына алуға ғана ұмтылып, республиканы жариялай отырып, халықтың наразылығын тежеуді ойластырды.

Басқарушы топ халықтың наразылығын бөсеңдетуге және монархияны сақтап қалуға ұмтылып Примо де Ривера Үкіметтің Беренгер үкіметімен ауыстырды. Алайда республика үшін қозғалыс өрши түсті. 17 тамыз 1930 жылы Сан-Себастьянда Алколь Самора бастаған оңшыл республикандықтар мен Асанья бастаған солшыл республикандықтар социалистердің қатысуымен монархияны құлатуға және республиканы орнатуға шақырған "революциялық комитет құрды. Комитет мүшелері халық революциясының кең өрістеуінен сескенді, соған қарамастан жұмысшы және шаруа қозғалысы "революциялық комитетінің" ырқынан шығып, ұлғая түсті. 1930 жылдың желтоқсан айында жұмысшылардың жандармдармен көше ұрыстары, жаппай ереуілдер, митингілер, "Монархия жойылсын!", "Республика жасасын!" деген ұранмен демонстрациялар Баскония, Астурия, Каталония және басқа провинцияларда болып өтті. 12 желтоқсан 1930 жылы Хака /Арагон облысы/ гарнизонының әскері көтеріліске шығып, республика жариялап, Уэскуге бет алды. Хакадегі көтеріліс жөнінде хабар бүкіл Испанияға жайылды. 13 желтоқсанда Беренгер үкіметі елді соғыс жағдайында деп мәлімдеді. Сол күні үкіметтің әскери күші республикандықтардың коллонасын талқандап, көтерілісі басшыларын — капитандар Фермин Галан және Анхель Гарсиа — тұтқынға алып, аттылды/2/. Көтеріліс басшыларын ату жаңа толқу тудырды. 15 желтоқсанда Мадридте әскери ұшқыштар бас көтерді. 16 желтоқсанда Аликонта мен Эльчаның жұмысшылары мен шаруалары, оларға қосылған солдаттар көтеріліске шығып, тағы да республика жариялады.

Гранада, Кордова, Малага провинцияларының шаруалары помещиктік жерлерді бөліске салып, "фашистік", азаматтық гвардияны" қарусыздандырып, өздерінің қарулы отрядтарын құрды.

14 ақпан 1931 жылы Беренгер үкіметі отставкаға кетуге мәжбүр болды. Жаңа үкіметті Аснар басқарды. Ол 12 сәуір 1931 жылы муниципалитеттерге сайлау жүргізілетінін жариялады. Бұл сайлау "Республика жасасын!" деген ұранмен өтті. Республикандықтар өнеркәсіптік аудандарда көп дауысқа ие болды. Сайлау нәтижесінде Аснор үкіметі 13 сәуір 1931 жылы отставкаға кетті, 14 сәуірде король Альфонс шетелге кетті, "революциялық комитет" Испанияны республика деп жариялады.

Испанияда 8 жылға созылған революция басталып, ол екі этаптан тұрды. (1931-1936жж) буржуазиялық - демократиялық және (1936-1939жж) халықтық-демократиялық революция.

Республика жариялануымен өкімет билігі буржуазия мен либералдық помещиктер блогының қолында болды. Буржуазиялық партиялар мен социалистердің өкілдерінен құрылған коалициялық уақытша үкіметін оңшыл республикандық Алькола Самора басқарды.

9 желтоқсан 1931 жылы конституция қабылданды/3/. Ол Испанияны бір палаталық республика деп жариялады, сөз, баспасөз жиналсы бостандығын айқындады. Бірақ ескі мемлекеттік және әскери аппарат сақталды. Осылайша, конституция мемлекеттік құрылымда шынайы демократияландырған жоқ. 9 қыркүйек 1932 жылы үкімет аграрлық реформа туралы заң қабылдады, ол бойынша шаруалар жер бөліктерін үлкен сомасы сатып алатын болды. Феодализмнің қалдықтарын жойғанымен, шаруалардың бәрінің бірдей үлкен сомаға жерді сатып алуға шамасы келмейтін еді, сондықтан 2 жылда небәрі 74 мың гектар бөлініп, сатылды да шаруалардың көкейтесті мәселесі толық шешілмеді.

Испаниядағы күрделі мөселенің бірі ұлт мәселесі де толық шешу тапқан жоқ. Тек Каталония ғана шектеулі автономияға ие болды. 8 сағаттың жұмыс күнін енгізу, әлеуметтік қамсыздандыру қағаз бетінде қалды. Конституция қабылданған соң Алькола Самора республиканың президенті болып сайланды, премьер-министр болып солшыл республикандық Мануэль Асанья тағайындалды. Үкімет саясаты өзгермеді.

Сондықтан елде революциялық қозғалыс әрі қарай дами түсті. Осы күрес барысында Испания коммунистік партиясы нығайды. Ол 1932 жылы оппортунистерді әйгілеп өз қатарынан шығарды. Енді дүниежүзілік коммунистік қозғалыста лайықты орын алған Хосе Диас пен Долорес Ибаррури басқарды.

1933 жылы қарашада кортеске сайлау жүргізіледі. Нәтижесінде радикал Леррус бастаған үкімет құрылды. Билік помещиктер қолдаған контрреволюциялық ірі буржуазияның центристер мен оңшыл партиялар қолына көшті. Елде "қара 2 жылдық" деп аталған кезең туды. Оңшыл центристік үкімет еңбекшілердің революцияның алғашқы жылдарында қолы жеткен жетістіктерінің бәрін жойды. Аграрлық реформаны жүзеге асыру тоқтатылды, мемлекеттік аппараттар, әскерден, муниципалитеттен солшыл элементтер қуылды. Прогрессивтік ұйымдар мен баспасөз қудаланды. Шіркеуге барлық құқы қайтарылды. Жұмысшылар өз жерінен арендаторларды қуды. Кортес режимі мен реакционерлерге амнистия беруге қарсы болғандарға өлім жазасы енгізілді. Басконияның автономия беру жөніндегі өтініші қабылданбады. Елдің экономикалық жағдайы қиындайды. 1934 жылы жұмыссыздар саны 1,5 миллионға жетті/4/.

Фашистік ұйымдар да жанданды. 1933 жылдың соңында бұрынғы диктатордың баласы Хосе-Антонио Примо де Ривера гитлерлік партия тәріздес Испандық фаланга құрды. Бұл республиканы күшпен құлатуға шақырды. Испания фашистерінің талабы: аз ұлттарға автономия бермеу; озық ойларға қарсы күрес; корпоративтік мемлекет құру, нацизм т.б. с.с. фаланганың әртүрлі элементтерден құрылған қарулы отрядтары болды, олар жұмысшы қозғалысына, қатысқандарды қырып жойды, елде беймазалық күй туды.

4 қазан 1934 жылы үкімет құрамына реакциялық СЭДА /Испания оңшылдардың автономиялық конференциясы/ партиясы блогының үш өкілі енді. Осыған жауап ретінде социалистердің шақыруымен жалпы ереуіл болып өтті, бірақ тез басып тастады. Буржуазиялық ұлтшылдар тәуелсіз Каталония республикасын жариялады, бірақ үкімет әскері алдында тізе бүкті. Мұнан соң көтеріліс Аустрияда кең қанат жайды, шайқаста табандылық көрсеткен жұмысшылар Аустрияны қолға алды. Сол кезде генерал Франсиско Франко мароккандық әскерді жұмсап, көтерілісті аяусыз басты: 10 мың адам өлді, жараланды, 30 мыңнан астам жұмысшылар түрмеге қамалды.

Аустрия көтерілісінің сабақтарын қорытындылай келіп, ИКП өзінің тактикалық бағытын қайта карап, қоғамның барлық әлеуметтік топтарын қамтыған, фашизмге қарсы күресе алатын Халық майданын құру жөнінде ұран көтерді. Халыққа сүйеніп, ИСРП-ның оң қанаты мен солшыл буржуазиялық партия лидерлерінің құбылмалы көңіл-күйін жеңе отырып, коммунистер мен солшыл социалистер 1936 жылы қаңтарда Халық майданын құра алды. Оның құрамы: республикандық партиялар, ИСРП, ИКП, ВСТ, жастар одағы, Халық майданының программасы: саяси тұтқындарға амнистия жариялау, репрессия кінәлілерін жазалау; барлық конституциялық нормаларды қалпына келтіру; аграрлық реформа жүргізу; еңбекшілерден алынатын салықтарды азайту.

16 ақпан 1936 жылы кортеске сайлау кезінде Халық майданы жеңіске жетті. 474 орынның 269-ы оңшыл центристік үкімет орнына Халық майданына сүйенген солшыл республикандықтар үкіметі келді. Оны Мануэль Асанья басқарды. Ол президент болып сайланғаннан соң премьер-министр болып сол партияның тағы бір лидері — Касарес Кирога тағайындалды. Ақпандағы сайлаудағы жеңіс буржуазиялық-демократиялық революцияны аяқтауға мүмкіндік туғызды, бірақ бұл пайдаланылмады. Үкімет өз саясатын "бейбітшілік және жалпы келісім" деп айқындап халықты тыныштыққа, ымыраға келуге шақырды. Халық майданы программасы өте баяу жүргізілді: халықтың қысымымен саяси тұтқындар босатылды, ішінара жалақы көбейтілді, аграрлық реформаны жүргізу қайта қолға алынды. Осыларды жүргізуімен қайта өзгертулер тоқтатылды. Халық Майданының басқару тұсында жағдайларын жақсартуды және реакциялық күштерді тежеуді талап еткен жұмысшылардың әрекеті күшейді. Мадридтегі бірінші мамыр демонстрациясына жарты миллион адам қатысты. Иелері саботаж жасаған өндірісті жұмысшылар өз қолдарына алды. Шаруалар бос жерлерге орнықты. Коммунистер мен социалистердің ынтымақтастығы күшейді. 1936 жылы сәуірде екі партияның жастар ұйымы Социалистік жастар бірлестігіне бірікті.

1936 жылы шілдеде Каталония коммунистері мен социалистері Біріккен социалистік партия құрды, ол Коминтерн құрамына енді/5/.

Осындай жағдайда революциялық Испанияның жаулары республиканы тек күшпен ғана жоюға болады деп есептеп, азаматтық соғысқа дайындалды. Оның алдын-ала саясаткерлері өлтіру, өртеу, жұмысшы ұйымдарының үйлеріне басып-кіру сияқгы арандатушылық әрекеттерді тынайтады. Жұмысшылар бүған жауап ретінде ереуілдер, антифашистік митингілер, демонстрацияларға шықты, аграрлық толқулар толастамады. 1936 жылдың ақпанынан шілдесі бойы 113 жалпы және 228 некен-саяқ ереуілдер болып өтті.

Испания фашистері Гитлер мен Муссолиниге сүйеніп, бүлікке дайындалды/6/. Оларға Испанияда демократиялық құрылыстың нығаюы олардың үлкен капитал енгізуіне кедергі келтіреді әрі испан демократиясы өз елдеріне әсер етеді деп қауіптеніп, әсіресе Халық майданы жеңген Франция, Англия мен Францияның беделді империалистік күштері көмек көрсетті. Ал коммунистер мен социалистер апат қауіпі туралы алдын-ала ескертіп, халықты тойтарыс беруге дайындады, үкіметтен фашистік бүлікшілерді ауыздықтауды талап етті. Алайда мемлекет басшылары бүліктің дайындалып жатқанына сенбеді. Үкімет басшысы Долорес Ибарруриға: "Сіздерге, коммунистерге, қастандық пен бүлік барлық жерде елестейді" деп жауап берді. 16 шілде 1936 жылы кешке қарай премьер-министр Касарес Карогаға телефонмен "генералдар бастауға дайын тұр" дегенде, ол "Осылайша, сіз әскерилер бүлік жасауға көтерілейін деп жатыр деп сендіресіз. Ал мен болсам, керісінше жатқалы жатырмын" деп кекесінді жауап береді. Бұл тарихи шындық.

Осымен қатар республикаға қарсы әскери бүлік әзірлеуге реакциялық күш аянбай кірісті. Фашистер тыным таппады: терорлық актілер ұйымдастырды, бұзақылықтар тудырды. Бүлікшілер Германия мен Италияның әскери және финанстық көмегіне сүйенді. Әскери бүлік сол жылы, жазда, яғни 17 шілдеде 1936 жылы Испандық Мароккода басталды. Ертесіне бүкіл елге жайылды. Бүлікті ұйымдастырушылар тез жеңіске жетеміз деп есептеді. Өйткені Бүлікке түрақты әскердің біраз тобын соңына ерткен көптеген офицерлер қатысты. Бүлік ошақтары барлық жерде пайда болды. Есі шыққан үкімет компромисске, тіпті капитуляциялауға да дайын болды.

Генерал Франсиско Франко республикаға қарсы Испандық Мароккода әскери Бүлікті бастады. Бүлікшілер жағына бүкіл құрлықтағы әскер шыққан соң, 18 шілдеде фашистік бүлік Испанияға жайылды. Күзде Хунта мемлекеттің басшысы етіп, генерал Франсиско Франконы жариялады.

Франсиско Баамонде (4.12.1892-20.11.1975) - испанияның диктаторы, генералиссимус. Жаяу әскер академиясын бітірген. Испанияның Африканы отарлау соғысына қатысты. Республика құлағаннан кейін (1939), оны әскери хунта Испания мемлекетінің өмірлік басшысы ("каудильо") деп жариялады. 1947 жылы тақ мұрагерлігі жөнінде заң шығарды. Франсиско Баамонде Франко 1969 жылғы 22 шілдедегі декретінде Хуан Карлос Бурбонды (Альфонс Ш-нің немересі) өзінің мұрагері және Испанияның болашақ королы етіп тағайындады/7/.

Алайда республикандықтарды жеңу бірден жүзеге аспады: елде азаматтық соғыс басталды. Барлық халық бұған жол бермеді. Жалпы ереуіл жарияланды. Үкімет отставкаға кетті, солшыл республикандық Х.Хироль басқарған жаңа кабинет жұмысшы ұйымдарына қару беруге жарлық берді. Халық соғысы басталды. Ерікті халық милициясының отрядтары құрылып, бүкіл елде фашистермен қиян-кескі ұрыс жүрді. Астана жұмысшылары қаруланып, Бүлікшіл бөлімдердің жолын кесті. Испандықтарды Республиканы қорғауға шақырып, Долорес Ибаррури үндеу тастады. 19 шілдеде солшыл республикандық Хосе Хироль басқарған Халық майданының жаңа үкіметі жұмысшыларға қару беру және бүлікке қарсы қарулы қарсылық ұйымдастыру талаптарын қанағаттандырды. Республиканы жақтаған артиллерия және авиация бөлімдері қолдаған Мадридтың қаруланған жұмысшылары астанада Бүлікті баса алды, содан соң аянбай күресіп, Мадридке солтүстіктен жылжыған Бүлікшілдер колоннасын тоқтатты.

Халық өнеркәсіп аудандарда - Каталония, Баскілер елінде, Астурияда - сонан соң елдің шығысында, орталықта, оңтүстік-шығысында жеңіске жетті. Бүлікшілдер Испандық Марокко және артта қалған аграрлы аудандарға Ежелгі Кастилия, Наварра, Галисия, Арагонмен Леонның біраз бөлігіне, оңтүстікте — Кадис, Севилья, Кордова оны қолдарына алдырып, бақылау орнатты. Республикандықтар билігінде елдің негізгі аудандары, Испания территориясының 70%-ке жуығы және халқының 3/4-і қалды. Республиканы әскери-теңіз флоты мен авиациясы қолдады, бұл бүлікшілердің Мароккодан Испанияға басты күшін әкелуді қиындатты. Басталған азамат соғысы Франконы халықты өз жағына тарту және баренц оңшыл партияларды Бүліктіретін өзінің режиміне таяныш болатын ұйым құру жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Осындай мақсатта 1937 жылы фаланга негізінде испан фашистерін, монархияны және қоғамда католиктік шіркеу ықпалын калпына келтіруді жақтайтындардан жаңа партия құрылды. Франко режимі көбінесе дәстүрлі испандық басқаруын элитаға сүйеніп жүргізіледі: аристократия, үй капитал, генералитет, католиктік дінге. Испан фашизмінің традициялық консерватизмге жақындығы оны герман және итальян фашизмінен ерекшеліндірді.

Халық майданы үкіметіне қараған территорияларда түбегейлі қайта құрулар жүргізіле бастады. Ірі жер иелігі жойылды. Өнеркәсіп орындары мал транспорттарда жұмысшы бақылауы орнатылды. Испанияның оңтүстік-шығысына орналасқан каталондықтар, солтүстігіндегі баскілер автономия алды. Алайда, республикандық үкіметтің басшы міндеті соғыс өндірісін қалыптастырып, қарулы күш ұйымдастыру еді. Бұл міндетті орындау елдегі туындаған жағдайға байланысты оңайлыққа түспеді.

Құрылықтағы әскердің басым көпшілігі бүлікшілерді қолдағаны мәлім. Оның үстінде Германия мен Италия әу бастан-ақ қолдап, бүлікшілерді қару-жарақ пен оқ-дәрімен жабдықтаған. Неміс және итальян авиациясы Мароккодан Испанияға бүлікшіл бөлімдер мен оқ-дәрі жеткізді. Италиядан әскери бөлімдер, қару-жарақ, самолеттер, танк және бронетранспортерлер, әскери корабльдер және көптеген әртүрлі соғыс техникалары жеткізілді. Германия әскери-теңіз флоты испания жағалауына жылжыды. 1936 жылдың қазанынан Испанияда немістің авиациялық "Кондор" легионы әрекет етті. Испанияда Бүлікшілердің жағында 50 мың неміс және 200 мың итальяндық әскерлер соғысты. Бүлікшілерге Португалия да көмектесті.

Германия мен Италия интервенциясының көздеген мақсаты Испаниядағы антифашистік күрес ошағын басты. Ұлыбритания мен Францияны отарларымен байланыстыратын жолда, Францияның тылында орналасқан Пиреней түбегін өзінің соғыс базасына айналдыру болатын. Оның үстіне, Германия Испанияның шикізат ресурстарын пайдалануды ойластырды. Фашистік державалардың интервенциясы басталған азамат соғысын испан халқының халықаралық фашизмге қарсы испанияның бостандығы үшін ұлт-азаттық соғысқа айналдырды.

Соғыстың бірінші кезеңі шілде 1936 жыл — мамыр 1937 жыл. бүлікшілердің мақсаты Мадридты басып алу. Алғашқы сәтсіздіктен кейін, Германия, Италия, Португалия көмегіне арқа сүйеп, 1936 жылдың тамызында генерал Франконың үлкен күші Мадридке оңтүстік-батыстан жақындады. Бүлікшілердің басқа бөлімдері солтүстіктен төнді. Төнген қауіпке байланысты 4 қыркүйек 1936 жылы социалистердің лидері Ларго Кабальеро бастаған Халық майданының жаңа үкіметі кұрылды. Ол сондай-ақ соғыс министрі де болды. Жаңа үкіметте негізгі постыларды социалистер иемденді. Ауыл шаруашылық және ағарту министрлері коммунистер болды. Осылайша, шешуші позиция құрамында солшыл республикандықтар, баскілік, каталондық ұлтшылдар болса да үкіметте жұмысшылар партиясының қолына көшті.

1936 жылы қарашада республика үкіметіне анархист-синдикалистік Ұлттық еңбек конфедерациясы кірді.

Республиканың маңызды мәселесі Мадрид қорғанысын ұйымдастыру мен жаңа, халық әскерін құру болатын. Майдан даласында республикандықтардың ұйымдаспаған, нашар қаруланған әскери іске үйретілмеген, шашыраңқы қарулы күштері әрекет етті. Осы себептен қарсы күштің әрекеті сәтті болатынына күмәнар еді. 27 қыркүйекте Франко әскері Толедоны алды. Қазанда Бүлікшілердің 150 мыңдық әскерімен Мадридке жақын жерде қырғын ұрыс жүрді. 6 қарашада фашистер Мадридке шетіне жетті. Л.Кабальеро үкіметі Валенсияға көшті. Мадридте шешуші орындарды коммунистер иемденген қорғаныс Хунтасы құрылды. 1936 жылы күзде коммунистер 70 мыңдық әскер құрып, Мадридты табан-күрес қорғады. 1936 жылдың қазанында үкімет астананы қорғау үшін тұрақты халық әскерінің алғашқы бригадаларын қалыптастырғаны жөнінде декрет жариялады.

Испан республикандықтарының фашистік бүлікшілдер мен герман-итальян интервенттеріне қарсы ерлік күресі басқа елдердің халықгарының ынтымақтастық қозғалысын тудырды. Олар Испания республикасын халықаралық фашизм күшіне қарсы күрестің алдыңғы бастионы деп түсінді.

Испан республикасы үшін интернационалдық бригадаларда 54 елдің өкілдері шайқасты. Мұнда орыстар, украиндар, белорусстар, немістер, австриялықгар, итальяндар, поляктар, болғарлар, француздар, бельгиялықгар т.б. болды. Испанияға кеңесшілер ретінде КСРО-дан Р.Я.Малиновский, К.А. Мерецков, П.И.Батов, А.И.Родимцев, Н.Н.Воронов, Н.Г. Кузнецов және басқалар барды. Испанияда барлығы 3 мыңға жуық Кеңес елінің еріктілері болды. Қарашадан бастап, Мадрид түбіндегі ұрыстарда басқа елдерден интернационалдық бригадалар құрып алғашқы ерікті-антифашистер республикандықтармен бірігіп соғысты. Испанияда болған ұрыстарда генерал Лукач /венгер коммунист-жазушысы Матэ Залка/ Вольтер /поляктың ұлттық батыры К.Сверчевский/, интербригад комиссары Галло /Италия коммунистік партиясының көрнекті қайраткері Луиджи Лонго/ тәріздес интербригада жетекшілері ерекше көзге түсті. Испаниядағы ұрыстарда интербригада дүние жүзінің әртүрлі елдерінен 50 мың еріктілер қатысты.

Интернационалдық бригадалар Бүлікшілер мен герман-итальян фашистік интервенттеріне қарсы күресте және әскери көмек көрсетті.

Испанияда республикалық режим өмір сүрген ең соңғы күнге дейін Кеңес Одағы бұл елдің үкіметіне барынша көмек көрсетіп, қолдау жасаған. Кеңес басшыларының республикалық үкімет басшысы Л.Кабальероға жолдаған телеграммасында: "Өзіміздің бар мүмкіндіктер шеңберінде халықаралық фашистік топқа қарсы барлық еңбекшілердің, барлық испан демократиясының күресін басқарып отырған испан үкіметіне көмекке келуді" өзінің борышы санайды деп атап көрсетті. Осыған орай 1936-1937 жылдары Испанияның заңды үкіметіне 806 әскери самолет, 362 танк пен 100-ден астам броньды автомобиль, 1555 зеңбірек, 15113 пулемет, 500 мыңдай винтовка, 4 миллион снаряд және басқа оқ-дәрі берді. Осы елдің өтініші бойынша Испанияға кеңестік әскери мамандар да жіберілді.

1936 жылы қарашада фашистердің Мадридке шабуылы тұншығып қалды, франкистердің Мадрид қорғанысын бұзуға жасаған барлық әрекеттерінен ешнәрсе шықпады. 1937 жылы наурызда Гвадалахара түбінде Мадридке солтүстік-шығыстан еңбекші болған 50-мыңдық итальян корпусы талқандалды. Республиканы қорғауды ұйымдастыруда компартияның ролі оның беделінің күшеюіне әкеп соқты. 1937 жылы наурызда Испания коммунистік партиясының құрамында 250 мыңдай мүше болды, оның жартысынан көбі майданда күресті. Мадридті қорғау тәжірибесіне сүйеніп, компартия халық әскерін нығайтуды майдан және тылда қимылдарды үйлестіру, республиканың территорияның барлық жерінде мемлекетті тиімді басқарудың орталықтандырылған жүйесін құруды талап етті.

Осы кезенде Каталония мен Арагонда кәсіпорындар мен мекемелерді басып алған, кооперацияны күштеп жүргізуге тырысқан, өкіметтің орталық органдарына бағынудан бас тартқан ел мен майданның мұқтаждығын анархистер мен троцкистердің бей-берекет әрекеттері үлкен қауіп төндірді. Басып алған кәсіпорындарды басқарған анархистік профсоюздар қорғаныс қажеттілігі мен экономикалық заңдарды ескермей, басты назарды "тепе-тең бөлуге" аударды. Олардың жүгенсіздегі республикаға оңайлыққа түспеді. 1937 жылдың мамырының басында троцкистер мен анархистер Барселонада қарулы бүлік те ұйымдастырда. Қаланың көшелерінде бірнеше күн бойы бүлікшілдер мен республика күші арасында ұрыс жүрді. Алайда бүлік басылып тасталынды.

  1   2



Похожие:

Мазмұны кіріспе бірінші тарау испаниядағы прогрессивтік және реакциялық КҮштердің КҮресі iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Фразеологизмдердің түрлері, белгілері және тұрақты тіркестердің басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы

Мазмұны кіріспе бірінші тарау испаниядағы прогрессивтік және реакциялық КҮштердің КҮресі iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары

Мазмұны кіріспе бірінші тарау испаниядағы прогрессивтік және реакциялық КҮштердің КҮресі iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
Мазмұны кіріспе бірінші тарау испаниядағы прогрессивтік және реакциялық КҮштердің КҮресі iconМазмұны Кіріспе 5 1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Кіріспе 5
Мазмұны кіріспе бірінші тарау испаниядағы прогрессивтік және реакциялық КҮштердің КҮресі iconМазмұны Кіріспе I. Тарау. Соттылықтың құқықтық табиғаты
Автор өз жұмысында соттылықтың құқықтық табиғаты мен жаза тағайындаудың негіздерін және қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып...
Мазмұны кіріспе бірінші тарау испаниядағы прогрессивтік және реакциялық КҮштердің КҮресі iconМазмұны кіріспе 3 i-тарау
Кіріспе 3
Мазмұны кіріспе бірінші тарау испаниядағы прогрессивтік және реакциялық КҮштердің КҮресі iconМазмұны Кіріспе І тарау. Аминдер

Мазмұны кіріспе бірінші тарау испаниядағы прогрессивтік және реакциялық КҮштердің КҮресі iconМазмұны Кіріспе І – Тарау; Әдебиеттерге шолу

Мазмұны кіріспе бірінші тарау испаниядағы прогрессивтік және реакциялық КҮштердің КҮресі iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы

Мазмұны кіріспе бірінші тарау испаниядағы прогрессивтік және реакциялық КҮштердің КҮресі iconМазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов