Кіріспе кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ icon

Кіріспе кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ



НазваниеКіріспе кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ
страница1/4
Дата06.05.2013
Размер0.8 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
  1   2   3   4


Мазмұны


КІРІСПЕ...............................................................................................................................................3

1 Кәсіпорынның қаржылық жағдай АУДИТІНІҢ ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ негіздеу.........................................................................................6

    1. Кәсіпорынды басқарудың мәні, мақсаттары мен міндеттері..................................................6

    2. «Прогресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестік сипаттамасы...........................................8

    3. Ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты...................................................................32

    4. Ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар............................................................................33

    5. Концептуалды схема.................................................................................................................46

2 Кәсіпорынның қаржылық жағдаЙ АУДИТІНІң ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ жОБАЛАУ......................................................................................49

    1. Ақпараттық жүйедегі есептің орны.........................................................................................49

    2. Есептің қойылымы....................................................................................................................49

    3. Кіріс ақпараты............................................................................................................................50

    4. Шығыс ақпараты.......................................................................................................................52

    5. Ақпараттық база........................................................................................................................55

    6. Программалық қамтамасыз ету................................................................................................56

    7. Есеп кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құралдар жабдығын сипаттау.......................................................................................................................................57

    8. Программалық қамтамасыз ету құрылымы.............................................................................58
  1. ^

    Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және қолдануы мүмкін болатын сала


    1. Фирма жағдайын талдаудың қпараттық жүйесін тұрғызуға кететін шығынын есептеу.........................................................................................................................................61

    2. Ақпараттық өнімді коммерциялық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау...........................................................................................................................................68

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................................................70

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................................71

ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе


Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір енбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені фирмаларда ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Фирмаларда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.

Нарықтық экономика жағдайында фирма шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, фирма тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.

Фирма экономикасының даму негізіне қоғамдық өндірістің дамуына объективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық деңгейде экономиканы басқару – бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістің қызмет етуі.

Қазіргі кезде фирманың мәртебесі, оны құрудың тәртібі мен жойылуы , мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік қызметтер, фирманың мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарымен қатынасы негізінде ұлттық заңдармен реттеледі.

«Кәсіпорын экономикасы» бағамен зерттелуде, оның негізгі міндетін тұжырымдау қажет. Олар анықталатын екі ережемен еріксіз қабылданады және оның мәні мынада:

  • фирма меншік нысанына және салалық құрамында болуына қарамастан бірінші буыны халық шаруашылығының экономикалық негізі болып табылады, ақырғы соңында фирманың тиімді жұмыс істеу деңгейі жалпы халық шаруашылығының даму деңгейі мен халықтың әл-ауқатының деңгейіне байланысты болады;

  • нарықтық экономикаға өту бұрыннан әрекет еткен шаруашылық тетігін жан-жақты қарастыруды, оның құрылымына жаңа нысандар енгізуді, атап айтқанда, кәсіпкерлік, бәсеке, бизнес-жоспар, еңбек мотивациясы, салық салу, т.б. қажет етеді.

Қайбір фирма болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан – өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан – өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке фирмалардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке фирманың мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.

Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.


Дипломдық жобаны жазудағы басты мақсатым фирманың қаржылық көрсеткіштерін анықтауға арналған ақпарат жүйесін тұрғызу.

Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.



  1. ^ Кәсіпорынның қаржылық жағдай АУДИТІНІҢ ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ негіздеу


1.1 Кәсіпорынды басқарудың мәні, мақсаттары мен міндеттері


Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері. Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады .

Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып , мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.

Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндергенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, комерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға , ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік , сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. комерциялық делдалдылық, сол сияқты құнды қағаздар опериациялары.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:

  • Қазақстанның азаматтары

  • Шетел мемлекетінің азаматтары

  • Адамдардың бірігуі(кәсіпкерлер ұжымы)

Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.




1
Кәсіпорын құрылымы
-сурет.
Кәсіпорын құрылымы





  • Негізгі өндіріс

  • Көмекші өндіріс бөлімшесі

  • Қызмет көрсету, жанама және қосалқы бөлімшесі

  • Басқарушылық қызметі және бөлімшесі



Қаржылық талдаудың мақсаты – енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау фирманың қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.


^ 1.2 «Прогресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестік сипаттамасы


1-кесте. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі принциптері

Принциптері

Принциптердің мазмұны

Нақтылығы

Талдау нақтылы деректерге негізделеді, оның қорытындысын нақтылы сандық тұрғыда пайдаланады.

Жиынтылығы

Процесті объективті бағалау мақсатында оны жан-жақты зерделеу

Жүйелілігі

Бір-біріне өзара байланысты экономикалық құбылыстарды зерделеу, бірақ оқшаулау емес.

Тұрақтылығы

Талдауды түпкілікті, алдын ала белгілі уақыт арқылы жүргізу керек, бірақ оқиғадан оқиғаға дейін емес.

Объективтілігі

Экономикалық құбылыстарды тәжірибелі және әділ зерделеу, объективтік қорытындылар жасау.

Пәрменділігі

Практикалық мақсатқа пайдалану, өндіріс қызметінің жаңа нәтижелілігі үшін талдау қорытындысының жарамдылығы.

Үнемділігі

Талдауды жүргізуге байланысты шығындар, оны жүргізу нәтижесінде алынған сол экономикалық тиімділіктен елеулі түрде аз болуы керек.

Салыстырымдылығы

Деректеу және талдау қорытындылары бір-бірімен жеңіл салыстырымды болуы керек, ал аналитикалық процедураларды (тәртіпті) тұрақты түрде жүргізуде қорытындылардың сабақтастылығы сақталу қажет.

Ғылымдылығы

Талдауды жүргізу барысында ғылыми негізделген әдістер мен процедураларды басшылыққа алу керек.


Кәсіпорынның бірден-бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды. Негізгі қаржылық коэфициенттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:

  • өтімділік (төлем қабілеттілігі);

  • пайдалылық (табыстылық);

  • активтерді басқару тиімділігі.

Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы – кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар.

2-сурет. Қаржы ресурстарының құрамы



Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса.

  1. Тез өтімділік коэффициенті – қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімділік активтердің үлесін көрсетеді.

  2. Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициентіегер дебиторлық қарыздарды тауардың кейбір шартты өлшемінің құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ төлемақысы әлі де алынбаған болса, онда дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті бір жылда бірнеше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.

  3. Несие қарыздарының айналым кезеңібұл коэффициент тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетуге байланысты жеткізушілерге және несиегер компанияларға қажетті ақы төлеу үшін орта уақытын көрсетеді. Бұл коэффициент ақы төлеу жағдайына жеткізушілердің және несиегерлердің келісіміне, сол сияқты кәсіпорынның қолда бар босалқы қорларды басқару іскерлігіне байланысты болады.

  4. Несиелердің орнын толтыру коэффициенті (несиені өтеу қабілеті) – ол компанияның қызмет табысының неше рет (дивиденттермен толық есеп ажырасқаннан кейін) проценттік төлемақы сомасының және ұзақ мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі сомасының асқанын көрсетеді.

  5. Төлем қабілеттілігінің коэффициентіол қарыз капиталының меншіктілікке (жарғылық капитал, пайда және қаржы иелері ) ара салмағын бейнелейді.

Бұл коэффициент көрсеткіштер кәсіпорын несиегерлерінің қандай деңгейде қатерден қорғалуын көрсетеді, кәсіпорын жеке кепілгер ретінде шығады. Сонымен қорыта айтқанда, бұл көрсеткіштер неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорындардың қарыздары көп және соғұрым оның тұрақсыз ақуалы да орын алады.

Айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысанын өзгертіп) тұратын ауыпалы айналым жасайды. Бірінші сатыда фирма ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп , әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі – дайын өнімге айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Сонымен, бұдан ескеретін жай – әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.

Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:

А – Қ ... Ө ... Д – А1 ,

мұнда А- шараушылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары;

Қ - өндіріс құралы;

Ө - өндіріс;

Д - дайын өнім;

А1- өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаржаттары.

Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын эконмикасын дамытуда оны айналым қаражаттарымен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар. Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішінде ең қарапайымы – айналым қаражатының айналымдылығының коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады:

,

мұнда, Өқ – белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны.

Оқ – сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа қалдығы.

Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде , онда айналым қаражатының орташа қалдығы сол жылға алынады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оның динамикасы.

Қаржылық тұрақтылықты талдау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның динамикасын талдауы кәсіпорынның болашағына қажетті әсер етеді. Бухгалтерлік есеп балансы, ол бір жағынан обьективті талдауды қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан - аналитикалық есепті жүргізуді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты шот түріндегі агрегаттандырылған баланс түрін көрсетейік.
  1   2   3   4



Похожие:

Кіріспе кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ iconМазмұны кіріспе банктік операциялар жүйесінде клиенттерге қызмет көрсетудің АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу
Банктік операциялар жүйесінде клиенттерге қызмет көрсетудің АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу
Кіріспе кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ iconЖоспа р: І. Кіріспе
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Кіріспе кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ iconМазмұны 1 Проектілерді басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ
Проектілерді басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Кіріспе кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ iconМазмұны кіріспе автокөлікті сақтандырудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу
Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу
Кіріспе кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ iconДипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік салымдары және зейнетақы төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу Алматы, 2007 ж. МазмұНЫ
Азақстан республикасы зейнетақы және әлеуметтік салымдарын есепке алудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу 6
Кіріспе кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ icon1 ҚР қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығының ақпаратты қорғау бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Азақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің заңды мәртебесі, атауы, орналасқан жері және басқаруы
Кіріспе кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ iconМазмұны кiрiспе
Коммерциалық банктің Қаржылық сенімділігін бағалаудың АҚпараттық ЖҮйесін негіздеу
Кіріспе кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ iconМазмұны кiрiспе
Коммерциалық банктің Қаржылық сенімділігін бағалаудың АҚпараттық ЖҮйесін негіздеу
Кіріспе кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ icon1. Проектілерді басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Рецензент: Қазақ Бас Архитектура және Құрылыс Академия профессоры, т.ғ. д. Айдосов А
Кіріспе кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ iconКӘсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызу
АҚпараттық база
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов