Жоспар Кіріспе 3 1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі icon

Жоспар Кіріспе 3 1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі



НазваниеЖоспар Кіріспе 3 1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі
страница2/4
Дата06.05.2013
Размер0.85 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4
_____________________________________________________________________

17 Гражданское право. Часть первая: Учебник /Под. ред. А.Г. Калпина, А.И. Масляева. - М: «Юрист», 1997. 916.

мақсаты.

Басқаша айтқанда, таза кірісті қатысушылар арасында үлестіруді, сол секілді оның үлестіру мүмкіндігін заң шығарушы коммерциялық заңды тұлғаның сґзсіз белгісі ретінде қарастырылмайды.

Нәтижесінде осы екі белгінің ешбірі абсолютті емес болып шығады. Мәселен, бір жағынан, коммерциялық заңды тұлғалар ґзінің қызметінің негізгі мақсаты ретінде кіріс табуға ие емес, екінші жағынан –кәсіпкерлік қызметпен шұғылдана алады, ґйткені бұл олардың жарғылық мақсаттарына сәйкес келеді. Яғни, кіріс табу - заңды тұлғалардың екеуінің де түрлеріне тән белгі.

Бір жағынан, коммерциялық емес ұйымдар алынған таза кірісті қатысушылар арасында үлестірмейді, ал екінші жағынан - мемлекеттік кәсіпорын да ґзінің таза кірісін үлестірмейді. Сондықтан осы белгі де тек бір ғана заңды тұлғаға ғана тән емес.

Оның үстіне, біздің пікірімізше, таза кірісті үлестіру немесе үлестірмеу қайсыбір заңды тұлға түрінің белгісі болып табыла ма деген мәселенің қойылуының негізі жоқ, ґйткені оның құрылтайшыларына тиісті салық жеңілдіктері бар коммерциялық емес ұйымдар түрінде коммерциялық қызметті жүзеге асырып, осы қызметтен алынған кірісті тұтынуға мүмкіндік береді.

Аталмыш тұжырымды ақылы жеке меншік мекеме мысалында кґрелік. Ресми түрде, осы заңды тұлға мекеме нысанында тіркелуі үшін ол екі кґрсетілген белгілерге ие болуы, яғни ґзінің қызметінен кіріс табу мақсатының болмауы және алынған таза кірісті қатысушылар арасында үлестіру мүмкіндіктеріне ие болмауы қажет. Жоғарыда кґрсеткеніміздей, бірінші белгінің ерекшелігі бар - коммерциялық емес ұйым үшін кәсіпкерлік қызметке, егер бұл оның жарғылық мақсаттарына сәйкес келсе жол беріледі. Сондықтан мұндай мекеме ґзінің қызметінен кіріс алып, кейін

оны, мысалы, кґрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағыттауға құқылы.

Екінші белгімен күрделірек, бірақ мұнда да шешімнің жолы бар. Таза кіріс - бұл шығындарды шегеру мен бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен есептесуден кейін заңды тұлғаның қарауында қалатын кіріс екені белгілі. Жарғылық қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындар неғүрлым кґп болса, оның кґлемі соғұрлым тґмен екені түсінікті. Қазіргі заңнама бойынша еңбек ақы тґлемі қандай да бір шектеулерсіз шығындар құрамына кіреді. Сондықтан, еңбек ақы тґлемін ұлғайта отырып, заңды тұлғаның кіріс кґлемін іс жүзінде күрт тґмендетуге болады. Әрине, бұл нұсқа құрылтайшылар үшін прогрессивті кіріс салығын тґлеумен қауіпті, бірақ қарастырып отырған жағдайда біз үшін маңызды ол емес. Басқасы маңызды. Ґзінің еңбек ақысын ұлғайту жґнінде шешім қабылдай отырып, құрылтайшылар бір мезгілде осы мекеменің таза кірісті пайдалану проблемасын шешеді: оны үлестіру қажеттілігі жойылады - ол жоқ болады, ґйткені ол тіпті салық заңнамасы түрғысынан "кіріске" айналып, тұтынуға бағытталған.

Осы орайда В.А. Рахмилович қызметтің негізгі мақсатын негізгі мақсаттан айыру айтарлықтай қиын болады, ґйткені бұл жерде айналма жолдар мен сырт бейненің ґзгеруі болуы мүмкін (бір мақсат әдейі басқасын жасыруы мүмкін), ґлшем аса екі ұшты болып шығады деп әділ атап кґрсетеді. Сґйтіп, заңды тұлғаларды азаматтық құқық субъектілері ретінде коммерциялық және коммерциялық емес деп анықтап бґлуді жүйелі жүргізу қолдан келмейді, Осыған ұқсас анықтап бґлу негізінен салық заңнамасының пәні болып табылады деп ойлау керек 18 .

Қарастырылып отырған заңды тұлғаларды бґлу жґнінде сґз ете отырып, Ю.Г. Басин ресейлік заңнамадан гґрі, қазақстандық заңнама мұндай анықтап бґлуді жүйелі жүргізеді. Шынында да, мысалы РФ АК- тің 116 бабы


__________________________________________________________________________________________________

18 Гражданское право России. Курс лекций Часть первая /Под. ред. О.Н. Садикова. -М.: «Юр. Лит.», 1996. 62 б.

коммерциялық емес ұйымдарға жататын тұтынушылық кооператив мүшелері арасында үлестіру мүмкіндігін белгілейді.

Бұл проблемаға В.А. Рахмилович назар аударады: заңды тұлғаларды Азаматтық кодексте белгіленген белгілер бойынша коммерциялық және коммерциялық емес деп бґлу Кодекстің ґзінде тыңғылықты емес, жүйелі жүргізілмейді және тым шартты болып келеді. Тәжірибе жүзінде бірқатар жағдайларда шаруашылық серіктестіктер, атап айтқанда акционерлік қоғамдар нысанында пайда табу негізгі, басты мақсат болып табылмайтын және бар болған ол пайданы ґздерінің қатысушылары (акционерлері) арасында бґліске салмайтын ұйымдар құрылып, қызмет жасайды19.

Сонымен бірге АК-тің 34 бабының 3 тармағы, акционерлік қоғамдар туралы Заңның 3 бабының 5 тармағы, коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңның 6, 16 баптары акционерлік қоғамдардың ұйымдық - құқықтық нысанындағы коммерциялық ұйымдардың құрылуына жол береді. 1997 ж. 5 наурыздағы ҚР-ның "Құнды қағаздар туралы" Заңының 37 бабының 1 тармағына сәйкес қор биржасы акционерлік қоғам нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады. Сондықтан біздің ортақ ережеден шығу заңнамамызға таныс екендігін мойындаған жґн.

Ґткізілген талдау кґрсетілген белгілер әрдайым бірге орын алмайтындығын кґрсетеді. "Ортақтық жоқ жерде, жалпы ғылыми ғымдар толығымен жойылып, тек жекелер болуы мүмкін". Бірақ ғылымдағы салыстырмалылық, шарттылық - бір нәрсе, ал заңда мүлдем басқа нәрсе. Сондықтан, біздің түсінігімізше, жалпы заңды тұлғаларды олардың заңнамалық тұрғыда коммерциялық және коммерциялық емес деп бґлу идеясын сынай бағалаудың мәні бар секілді.


________________________________________________


19. Гражданское право России. Курс лекций Часть первая /Под. ред. О.Н. Садикова. -М.: «Юр. Лит.», 1996. 88 б.

1.2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі


Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігіне жалпы ыңғайлар ҚР АК-тің 35 бабында бекітілген.

Азаматтық құқық қабілеттілігі — азаматтық құқықтағы дәстүрлі ұғым. Ол бойынша тұлғаның азаматтық құқықтарға ие болып, міндеттер орындау қабілеттілігі деп түсіндіріледі. Бірақ жеке тұлғаларға қарағанда, ұйымдар жґнінде айтқанда заң қандай да бір "іс әрекетке қабілеттілікті" сґз етпейді. Бұл "іс әрекетке қабілетті", яғни ґздерінің іс әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болып, жүзеге асыруға, ґздері үшін азаматтық міндеттер тудырып, оларды мемлекеттік тіркеуден ґткен сәттен бастап орындауға қабілетті болып заңды тұлғалардың ґздерінің мәнісімен туындаған. Сондықтан АК-тің 35 бабы тұрғысынан "құқық қабілеттілігіне" кеңейтілген түрде түсінік берілуге тиіс, ейткені оның мазмұнына іс-әрекетке қабілеттіліктің барлық элементтері де кіреді20.

Әдебиетте ұйымның кұқық қабілеттілігін олардың құқықтык субъектілігі деп атайды. Ұйымның кұқық қабілеттілігінің тоқтатылуы онын жойылуының аяқталуы сәтімен, яғни ол туралы заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне жазбаның енгізілу сәтімен байланысты.

Заңды тұлғалардың жалпы (әмбебап) және жарым-жартылай (арнаулы, мақсатты) құқық қабілеттілігін бґліп кґрсетуге болады. Мұндай бґлудің мағынасы келесіде: әмбебап кұқық қабілеттілігіне ие болып, ұйым кез келген, заңнамалық актілермен тыйым салынбаған қызмет түрлерімен айналысуға құқылы. Мұндай құқыққа (демек, әмбебап кұқық қабілеттілігіне де) мемлекеттік кәсіпорындардан басқа барлық коммерциялық ұйымдар ие.

Осыған байланысты Е.А. Сухановтың пайымдаулары біршама қарама-


_________________________________________________________

20Қазакстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бґлім). Комментарий. В двух книгах. Книга 1 /Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. - Алматы: «Жеті Жарғы», 1998. 102 б.

қайшылы болып кґрінеді. Мәселен, бір жағынан, ол заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі шектеулі (мақсатты) болып ұйғарылады деп жазса, екінші жағынан жаңа АК азаматтық заңнаманың жалпы қазіргі даму тенденцияларына негізделіп, дерлік барлық коммерциялық ұйымдар артынан жалпы құқық қабілеттілігін бекітті деп атап ґтеді 21

Р.А. Маметованың келесі сґздері де күтпеген болып кґрінеді: "Ортақ құқық субъектілігі бар азаматтарға қарағанда заңды тұлғалар арнайы құқық субъектілігіне ие", "сондықтан кез келген заңды тұлғалардың құқық, қабілеттілігі арнаулы сипатқа ие болады". Алайда, әрі қарай ол коммерциялық емес ұйымдардың кұқық субъектілігі жґнінде жеке ой жүгіртіп, "олардың кұқық қабілеттілігін арнаулы деп бір мағыналы сипаттаған жґн" деп атап ґтеді22.

Р.А. Маметованың соңғы қорытындысы алғашқы екеуімен белігілі бір қайшылыққа келетіні анық. Автор барлық ұйымдарда арнаулы құқық қабілеттілігінің болуын екі мәрте атап ґткенімен де, бұл ойға соңына дейін беріліп, артынан ґзінің пікірлерінің дұрыстығына күмән калдырды!

АК-тің 35 бабының 1 тармағы жекелеген қызмет түрлерімен шұғылдануға шектеу мүмкіндігіне заңнама актілерімен, сол сияқты құрылтай құжаттарымен жол беретініне назар аударған жґн. Соңғысы заңды тұлғаның қатысушыларының ґзі оны жоғарғы органмен тиісті шешім қабылдау арқылы (сонымен бІрге кұру кезінде, сол сияқты қызмет барысында - құрылтай кұжаттарына ґзгертулер енгізумен) әмбебап кұқык қабілеттілігін арнау етіп ґзгертуі мүмкін. К.В. Мукашева атап ґткендей "мұндай шектеулер не аталмыш заңды тұлға үшін рұқсат етілетін қызметі түрлерінің жеткілікті тізімін белгілеу жолымен, не оның қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға тыйым салуды белгілеу жолымен белгіленуі мүмкін" .

_____________________________________

21 Гражданское право: В 2-х т. Т 1: Учебник /Отв. ред. Е.А. Суханов. - 2-е изд., переаб. и доп. - М.: «Бек: 1998. 198-190 6.

22 Гражданское право. Том 1. Учебник для вузов (академический курс) /Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.' Басин. - Алматы: Изд-во КазГЮА, 2000. 117-118 б.

АК-тің 35 бабы 1 тармағының 1 бґліміне мәндес коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік кәсіпорындар арнаулы құқық субъектілігіне ие, яғни тек олардың жарғыларымен (ережелерімен) тура кґзделген қызмет түрлерін ғана жүзеге асыруға құқығы бар. Сонымен бірге, Кодекс осы заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарында олардың қызметінің пәні мен мақсаттарын кґрсетуді талап етеді (41 б. 3 т. 1 б.).

Сонымен бірге, жекелеген заңнамалық актілермен жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы құрылған (құрылады) коммерциялық, сол сияқты коммерциялық емес заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін шектеу белгіленуі мүмкін. Әңгіме банктер, сақтандыру ұйымдары, биржалар, күзет ұйымдары және т.б. секілді заңды тұлғалар жґнінде болып отыр. Мысалы, 2000 жылғы 18 желтоқсандағы ҚР-ның "Сақтандыру қызметі туралы" Заңының 11 бабының 3 тармағына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына осы баптың 1 және 2 тармақтарымен қарастырылмаған кәсіпкерлік қызмет ретінде мәмілелерді жүзеге асыруға және операциялар жүргізуге тыйым салынады.

Және ең соңында, кейбір қызмет түрлері лицензиялануға жататыны белгілі. Заңды тұлғалар оларды тек тиісті лицензия болғанда ғана жүзеге асыруға құқылы. Лицензияланатын қызмет түрлерінің тізбесі лицензиялау туралы заңнамамен белгіленеді және айтарлықтай кґлемді болып табылады (қар.: 1995 жылғы 17 сәуірдегі ҚР-ның "Лицензиялау туралы" Заңы (кейінгі ґзг. мен тол.).

Кодекс 35 баптың 2 тармағында ұйымның лицензияланатын қызмет саласындағы құқық қабілеттілігі мұндай лицензияны алғаннан кейін пайда болып, оның алынуы, жарамдық мерзімі ґткен немесе белгіленген тәртіпте жарамсыз деп танылған сәтте тоқтатылады.

_______________________________

23 Гражданское право Республики Казахстан. Учебное пособие (часть общая). 2-е изд., доп и изм. /Отв. ре Г.И. Тулегалиев, К.С. Мауленов. - Алматы: «Данекер», 1999. 133 б.

1963 жылғы Кодекске сәйкес заңды тұлға оның қызметінің белгіленген мақсаттарына сәйкес азаматтық кұқық қабілеттілігіне ие болған фактіге назар аудару қажет деп есептейміз. Бұл ұйымдардың жарғыда (ережеде) белгіленген ґздерінің қызмет мақсаттарына жауап беретін кұқықтар мен міндеттерге ие бола алатынын білдірді. Заңды тұлғалардың арнаулы кұқық қабілеттілігі принципінің бұзылуымен жасаған мәмілелер ҚазКСР АК-тің 48 бабы бойынша жарамсыз болып танылды.

Қазақстандық азаматтық құқық жґніндегі әдебиетте коммерциялық заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінің кеңеюін кґбінесе 1994 жылғы АК-тің қабылдануымен байланыстырады24. Бірақ бұл теріс кетушілік болар. 1992 жылғы 4 шілдедегі ҚР-ның "Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы" Заңының ґзі ұйымның құқық қабілеттілігі тұрғысынан жаңа ережені бекітті: жеке кәсіпкер шаруашылық қызметтің кез келген түрлерін, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаса, олардың кұрылтай немесе тіркеу кұжаттарымен кґзделген бе, жоқ па, соған қарамастан жүзеге асыра алады (аталған Заңның 13 б. 1 т.).

Оның үстіне, нақ АК-тің (Жалпы бґлім) қабыддануымен коммерциялық ұйымдардың кұқық қабілеттілігін анықтаумен заңдық проблемалар пайда болды, ґйткені жарияланған ресми баспасґзде АК-тің мәтінінде қателіктер жіберілген. Бұл жерде әңгіме Кодекстің 41 бабы 3 тармағының 2 бґлімі туралы болып отыр. Осы норманың толық мәтінін жарияланған түрінде келтірейік шаруашылық серіктестік пен ґндірістік кооперативтің кұрылтай құжаттарында олардың қызметінің пәні мен мақсаты кґзделуге тиіс. Бұл бізге ґз уақытында оның (норманың) іс жүзінде заңды тұлғаның арнаулы құқық субъектілігіне оралуы жґніңде сґз етеді деп айтуға негіз берді.

Бірақ шын мәніне келгенде, жоғарыда айтылғандай, Кодекстің


____________________________________

24Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга 1. /Оі ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. - Алматы: «ЖетіЖарғы», 1997.102 б.

мәтінін теру (жариялау) кезінде жіберілген қарапайым қателік туралы сґз болған еді. Кейінірек сенімді дерек кґзі хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Президенті қол қойған Жоғарғы Кеңес қабылдаған мәтінінде "тиіс" деген сґз жоқ, бірақ "алады" ("кґзделе алады") деген сґз бар.

Соған қарамастан, тек 1998 жылғы 2 наурыздағы Заңымен бұл норма ґзгертілген болатын және қазір ол нақ Кодексті жасаушылар жоспарлаған түрінде кґрініс берген.

1998 жылғы 16 желтоқсандағы Заңымен бапқа 3 тармақ енгізілген, оған сәйкес коммерциялық емес ұйым болып табылатын және тек мемлекеттік бюджет (мемлекеттік мекеме) есебінен қаржыландыратын заңды тұлғаның құқық субъектілігі осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының ґзге де заңнамалық актілерімен анықталады.

Бұл жаңалық қызық оқиғаны тудырды. Іс жүзіңде, кґрсетілген норма (Кодекстің 34 бабының 31 тармақтары секілді) анықтама болып табылады мемлекеттік мекеме деп тек мемлекетгік бюджет есебінен қаржыландыратын коммерциялық емес заңды тұлға танылады. Сонымен бірге, ақылы қызмет кґрсету құқығы берілген мемлекеттік органдар тізбесі бар. Әңгіме Ауыл шаруашылық министрлігінің Ґсімдіктерді қорғау жэне карантин департаменті мен Ауыл шаруашылық министрлігінің аумақтық басқармалары, Әділет министрлігінінің тіркеу комитеті мен осы министрліктің аумақтық органдары, Жер ресурстарын басқару жґніңдегі Агенттігі, Әділет министрлігінің аумақтық органдары (мемлекеттік нотариалдық кеңселер) жґнінде болып отыр. Осы құқық ҚР ¥лттық Банкіне берілген.

Сондықтан, Кодекстің 35 бабының 3 тармағының құрастыруы ең сыни тұрғыдан бағалауды қажет етеді деп ойлаймыз.

Мемлекеттік мекемелердің құқық қабілеттілігімен байланысты тағы да

бір ерекшелік - олардың мәміле жасау тәртібіне ерекше талаптар. 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1336 ҚР Үкіметінің "Мемлекеттік мекемелердің кредиторлык берешектің ґсімін алдын алу жґніндегі шаралар туралы" Қаулысына сэйкес 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап соңғылары бюджет ақшасы есебінен жасалатын барлық азаматтық-құқықтық мәмілелер қазынашылықтың аумақтық органдарында тіркеуден ґтеді және олардың тиісті тіркеуден ґткеннен кейін ғана жасалған болып есептеледі. 1999 жылғы 5 маусымдағы № 703 Үкіметтің Қаулысымен мұндай мәмілелерді тіркеудің тиісті Ережелері бекітілді.

Қазақстандық ғылыми әдебиетте осы орайда әртүрлі тұжырымдар
айтылды. Мәселен, А.Т. Жүсіпов АК-тің 44 бабының 1 тармағына енгізілген
ґзгертулер мен толықтыруларды, сондай-ақ ҚР Үкіметінің аталған Қаулысын
талдай отырып, бұл актілер "мемлекеттік мекеменің заңды тұлға ретіндегі
құкық қабілеттілігін елеулі шектейді" деп атап ґтеді. Бұл азаматтық құқық
субъектісі ретіндегі мемлекеттік мекеменің оның құрылтайшысы - мемлекеттен
жеткіліксіз жекеленуінен кґрініс беріп, азаматтық айналымда дербес әрекет
жасауға іс жүзінде мүмкіндік бермейді, ґйткені тауар-ақша айналымында
қатысу. Мәмілелерді олардың тіркелуінен кейін жарамсыз деп танитын
мемлекеттің қатаң бақылауында жүреді, ең соңында мәміленің қазынашылық
органдарында тіркелмегені жағдайында азаматтық-құқықтық

жауапкершіліктің алынып тасталуынан кґрініс береді". Ґзінің талдауының нәтижесінде автор "азаматтық-құқықтық қатынастардағы мемлекеттік мекемелердің құқық субъектілігін анықтау қажеттілігі жґнінде" қорытындыға келеді. Мемлекеттік мекемелердің артынан белгіленген құқықтардың кеңінен шектелгендігі, қатаң жэне дерлік тегіс қамтитын бақылауы кезінде мемлекеттік мекемелерді дербес құқық субъектілігімен үлестірмеген дұрыс болар, ал азаматтық-құқыктық қатынастарды ол ґкілетті мемлекеттік орган беретін сенім хат негізінде жүзеге асыратын еді. Бұл азаматтық құқықтың ґзге

субъектілерінің мемлекеттік мекеменің шын мәніндегі құқық субъектілігі турасында теріс бағытқа кетпеуге мүмкіндік берер еді".

"Мемлекеттік тіркеу мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің құқық қабілеттілігін елеулі шектейтіндігін" атап кґрсеткен И.С. Михалкин тілектес пікір айтуда. Осыған орай мемлекеттік мекемелердің қатысуымен азаматтық-құқықтық келісім-шарттарды мемлекеттік тіркеу онсыз да оңай емес, кґп жағдайда, мемлекеттің экономикалық айналымның қатысушыларымен қарым-қатынастарын қиындататынын атап кетуге болады".

Ал осы мәселе жґнінде А.Г. Диденконың пікірі мынадай: "ҚР Конституциясы заңда мемлекеттік мекемелердің ақшасын пайдаланудағы шектеулерді анықтауға, сол секілді мемлекеттік мекемелер жасасқан мәмілелердің тіркелуін қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл ҚР АК-тің 204 бабының мазмұнынан келіп шығады. Оған сәйкес меншік иесі мекеменің заңдық тағдырын және оның қызметінің мазмұнын анықтайды, яғни меншік иесі ґзінің мекемелері жасасатын мәмілелер кґлемін шектей алады, жасалатын мәмілелер үстінен бақылау орната алады". "Мемлекеттік мекемелердің жауапкершілігін бекітілген смета кґлемімен шектеу мүмкіндігі мәселесіне келгенде, - деп әрі қарай атап ґтеді А.Г. Диденко, -бұл шектеу мемлекеттік және жеке меншікті тең қорғау жґніндегі ҚР Конституциясының 6 бабының ережесіне қайшы келеді деп есептейміз біз. ҚР АК-тің 9 бабының 4 тармағы заңнамалық актілермен шығындарды толық ґтеудің жалпы принципінен ерекшеліктерді белгілеуді мүмкін деп тапқанымен, осы тәрізді ерекшелік меншіктің мемлекеттік әрі жеке нысандарының субъектілеріне жатқызылуы тиіс".

1999 жылғы 4 қарашадағы ҚР-ның "Қазақстан Республикасының қазыналық кәсіпорындардың қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге ґзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы"

Заңының қабылдануына орай қазыналық кәсіпорындардың кұқық субъектілігіне қатысты осыған ұқсас жағдай қалыптасқан. Мәселен, 44 баптың бірінші тармағы келесі мазмұндағы сегізінші бґліммен толықтырылған: "Қазыналық кәсіпорындардың мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде қазыналық кәсіпорындар мен мемлекетгік мекемелер жасасатын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіпте тіркелуге тиіс".

Мұндай тіркеудің тәртібі 2000 жылғы 11 мамырдағы №702 Кеңес
Үкіметінің "Мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде қазыналық
кәсіпорындар жасайтын азаматтық-құқықтық мәмлелерді тіркеу
Ережелерін бекіту туралы Қаулысымен белгіленген. Мемлекеттік

тапсырысты орындаумен байланысты қазыналық кәсіпорындар

жасайтын азаматтық-кұқықтык мәмілелер олардың ҚР Қаржы министірлігінің Қазыналық комитетінің аумақтық органында тіркеуден ґткеннен кейін жасалған больп саналатыны солармен анықталған.

Сонымен қатар, ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 204 бабына сәйкес азаматтық-құқықтық мәмлелерді заңнамамен белгіленген тіркеусіз және (немесе) жедел басқару (қазыналық кәсіпорын) құқығындағы мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның мідеттемелері бойынша ҚР Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқару органының жауапкершілігіне әкелген ґкілетті органмен бекітілген сметалар сомасынан тыс мемлекеттік бюджет есебінен қаржы міндеттемелерін қабылдау бойынша жедел басқару (қазыналық кәсіпорын) құқығындағы мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды адамдарының заңсыз эрекеттері 20-дан 50-ге дейінгі айлық есептік кґрсеткіш айыппұлына әкеледі. Әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекеттер 50-ден 100-ге дейінгі айлық есептік кґрсеткіш айыппұлына әкеп соғады.

2-Тарау. Кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалардың құрылуы және құрылтайшылары.

^ 2.1. Кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғаларды кұру, қайта

құру жэне тарату.

Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жґнінде жалпы ережелер енгізген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады. Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген. Азаматтық кодекстің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару кұқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.

Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды.

Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға ґз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін.

Бір адаммен құрылған коммерциялық ұйым тек жарғы негізінде ғана жұмыс істей алады. Азаматтық кодекстің 41-бабының 3-тармағына сэйкес шаруашылық серіктестік пен ґндірістік кооперативтің кұрылтай құжаттарында олардың қызметінің мәні мен мақсаттары белгіленуге тиіс.

Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты енгізген жағдайда Азаматтық кодекстің 41-бабындағы талаптар ескерілуі керек, сонымен бірге онда кґрсетілген ережелермен шектеліп қалмайтындығы ескерілген.

Заңды тұлғаның жарғысына қоятын талаптар аталған баптың 5-

тармағында қамтылған. Жарғы міндетті шартының тізбесінде бірқатар шарттар қамтылған, атап айтқанда, ол жұмыс тәртібі туралы, әкімшілік пен еңбек ұжымы арасындағы қарама-қайшылық туындаған жағдайда:

  • Егер құрылтайшының ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтайшы шарты

  • Егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс.

Барлық мүдделі адамдар жарғысымен танысуға құқылы.

Қайта құру, тарату секілді заңды тұлғаны тоқтату түрі болып табылады. Бірақ таратуға қарағанда, қайта құру әрі әмбебап мирасқорлықтың пайда болуына әкеледі.

Заңды тұлғаларды қайта құрудың әртүрлі мақсаттары бар. Жетілген үлгісінде қайта құру институты азаматтық құқық нормаларымен рүқсат етілген шаруашылық жүргізудің оңтайлы үлгісін іздеу мүмкіңдігін білдіреді: табыстылығы азырақ кәсіпорын үлкен табысқа ие болған кәсіпорынға қосылады, оның нәтижесіңде жаңа ресурстар мен жаңа мүмкіндіктер кґрініс табады; ірі фирма басқармасының қолайсыз құрылымы нарықтың қажеттіліктеріне жедел назар аударуға қабілетті бір немесе бірнеше кәсіпорынның бґлініп шығуын қажет етеді.

АК "заңнамамен ґзге де нысандар кґзделуі мүмкін" деген ескертумен қайта құрудың бес түрін атап кґрсетеді: қосу, біріктіру, бґлу, бґліп шығару, ґзгерту.

Мемлекеттік тіркеу Ережелерінің 8, 17 тармақтарына сәйкес қосу кезінде екі немесе одан кґп заңды тұлғалардың тоқтатылуы жүреді. Олардың негізінде тіркелуге тиіс бір заңды тұлға құрылады. Ґз қызметін тоқтатқан заңды тұлғалардың әрбіреуінің құқықтары мен міндеттері ґткізу актісіне сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ґтеді. Жаңадан құрылған заңды

тұлғаны тіркеу кезінде тіркеуші орган Тізімнен ґз қызметін тоқтатқан ұйымдарды оған қызметін тоқтату туралы жазбаны енгізу арқылы шығарып, ол туралы бір мезетте кұрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрығында кґрсетіледі. Сонымен бірге, ґз қызметін тоқтатқан заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттары мен куәліктерінің түп нұқсалары алынуға тиіс.

Бґлу кезінде негізінде екі немесе одан кґп заңды тұлға құрылатын бір
заңды тұлғаның тоқтатылуы жүреді. Жаңа құрылған заңды тұлғалар
мемлекеттік тіркеуден ґтуге тиіс. Бґлінген заңды тұлғаның кұқықтары мен
міндеттері бґлу балансына сәйкес пайда болған заңды тұлғаларға ґтеді. Ґз
қызметін тоқтатқан ұйым заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы жазбаны
енгізу арқылы Тізімнен шығарылуға тиіс, ол туралы жаңадан құрылған
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықтарда кґрсетіледі.
Ґз қызметін тоқтатқан заңды тұлғаның құрылтай кұжаттарының

түпнұсқалары мен мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік тіркеуші органға тапсырылады.

Бґліп шығару кезінде, бір заңды тұлғаның құрамынан бір немесе одан кґп заңды тұлға бґлініп шыққанда бґлініп шыққан заңды тұлғалар тіркелуге тиіс. Қайта құрылған ұйымның құқықтары мен міндеттері бґлу балансына сәйкес олардың әрқайсысына ґтеді.

Ґзгерту кезінде заңды тұлға ґзінің түрін (ұйымдық-құқықтық нысанын) ґзгертеді, сонымен бірге тіркеуші органына ґткізу актісі ұсынылады. Ґз қызметін тоқтатқан (ґзгерткен) ұйым тізілімнен шығарылуға тиіс, ол туралы жаңадан кұрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрығында кґрсетіледі. Ґз қызметін тоқтатқан заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы кұрылтай кұжаттарының түпнұсқасы мен куәлік алынуға тиіс.

Қосу арқылы қайта құру кезінде бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың

тоқтатылуы жүріп, оларға ґткізу актісіне сәйкес біріктірілген заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері ґтеді. Біріктірілген заңды тұлғалар Тізімнен шығарылуға тиіс, ол туралы бір мезетте мемлекеттік тіркеу туралы бұйрығында кґрсетіледі. Егер қосу нәтижесінде заңды тұлға қайта тіркелуге жатпаса, онда тіркеуші орган біріктіру және ґткізу актісі туралы шарт (шешім) негізінде Тізімнен біріктірілген заңды тұлғаларды шығару жґнінде бұйрық шығарады. Сонымен бірге, соңғыларында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттары мен куәліктерінің түпнүсқалары алынады.

Ерікті және мәжбүрлі қайта құру айырылып анықталады. Және де, әдетте, қайта құру ерікті түрде, яғни заңды тұлғанын ґкілетті органының, осы заңды тұлғаның мүлігінің меншік иесінің немесе оның ґкілдік берген органының (соңғысы - мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен мекемелерге қатысты 17 ) тиісті шешімі негізінде жүргізіледі. Сонымен бірге, АК-тің 45 бабының 1 тармағының 2 бґліміне сәйкес заңды тұлға -жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру зейнетақымен қамсыздандыру (қайта қамсыздандыру) туралы заңдарда кґзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылатынын есте сақтаған жґн. Мәселен, сақтандыру қызметі туралы Заңының 62 бабының 2 тармағына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде қайта құру уәкілетті мемлекеттік органының рұқсаты болғанда жүзеге асырыла алады.

Мәжбүрлі тарату сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі. Оның үстіне, АК-тің 3 бабының 2 тармағына сэйкес, егер тиісті тұлғалар мен органдар белгіленген мерзімде тарату туралы сот шешімін орындамаса, тиісті іс-әрекеттер жасау сотпен тағайындалатын басқарушыға жүктеледі. Тағайындау сәтінен оған таратылатын заңды тұлғаның ісін басқару бойынша ґкілеттіктер ґтеді және ол тиісті құжаттарды жасағаннан кейін оларды сотқа тапсыруға міндетті.

Жоғарыда кґрсетілген норманың мәтінін келтіре отырып, біз "бґлу балансы" және "заңды тұлғаларды таратудың нәтижесінде пайда болатын құрылтай құжаттары" деген нормативтік сґздер жиынтығын нормативтік емес - "тиісті кұжаттар" деген сґзге әдейі ґзгерткенімізді байқау қиын емес.

Бұл келесі сәтпен туындаған. Оқу әдебиетінде былай деп атап ґтіледі "мәжбүрлі тарату тек бґлу, бґліп шығару және ґзгерту түрінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін". Ол монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы; банкроттық кезінде; заңды тұлғалардың жекелеген түрлеріне қойылатын заң талаптарының бұзылуы кезінде, басқа да кейбір жағдайларда жүргізілуі мүмкін".

Сонымен, тиісті норманы басылымның кґрсетілген сілтемелерінде доктриналық түсіндіру мен оны турасында түсіндірудің арақатынасы проблемасы алға шығып отыр. Мынаған назар аударайық: келтірілген нормада басқарушы бґлу балансын құрайтыны атап ґтіледі. Кодекстің 46 бабына сәйкес кұқықтар мен міндеттер бґлу балансына сәйкес тек бґлу және бґліп шығару секілді қайта құру формалары кезінде заңды тұлғаның мирасқорларына ґтеді (3,4 тармақша). Басқаша айтқанда, ґзгерту мәжбүрлі қайта құру формасы ретінде Кодексте атап ґтілмейді.

Қазіргі корпоративтік заңнамасына жасалған талдау мұндай жағдайдың пайда болуы мүмкіндігі турасында сґз етуге негіз бермейді. Мәселен, шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңының 63 бабының 2 тармағы мәжбүрлі қайта құру формалары ретінде тек бґлу және бґліп шығару жґнінде сґз етеді. Акционерлік коғамдар туралы Заңының 98 бабының 1 тармағы да қоғамды мәжбүрлі қайта құру мәселелерін реттей отырып, бґлу мен бґліп шығаруды ғана айтады. Ґндірістік кооператив туралы Жарлығы (24 бап) АК-ке және "ґзге де заңнамалық актілерге" сілтеме жасалынған.

Оқу әдебиетінде қайта құрудың осы формасын да атап ґту "мәжбүрлі"

деген сґзді кеңейтілген түрде түсіндіруден туындады деп ойлауға боларлық.

Ґкінішке орай, заңнаманың ґзі осы секілді жаңылысудың туындауына негіз бермейді. Мәселен, 2001 жылғы 5 қаңтардағы ҚР-ның "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына ґзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңымен Жарлықтың 18 бабы келесі мазмұнындағы 4 бґліммен толықтырылған: "Акционерлік қоғамның акция эмиссиясын мемлекеттік тіркеуге құжаттар бермеу немесе ұлттық сәйкестендірушілік нґмірлерін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жґніндегі ¥лттық комиссиясына иемдену жағдайында белгіленген мерзімде аталмыш қоғам заңнамамен белгіленген тәртіпте жойылуға немесе ґзгертуге жатады".

С.И. Ожеговке сәйкес, мәжбүрлеу - "бірдемені істеткізу", мәжбүрленген - "еркін емес". Басқаша айтқанда, "мәжбүрлі қайта құру" заңды тұлғаның ґз еркінен тыс жүргізілген кез келген қайта құру деп түсіндірілуі мүмкін. Бірақ бұл ыңғай, шын мәнінде заңнаманы негізсіз кеңейтілген түрде түсіндірумен қауіпті. Уәкілетті мемлекеттік орган түріндегі мемлекеттің мемлекеттік кәсіпорынды немесе мемлекеттік мекемені акционерлендіру (яғни ґзгерту) жґніндегі шешімі - бұл кәсіпорынның немесе мекеменің оның органдары түріндегі шешімі емес екенімен келісесіз гой. Бұл - құқықтың дербес субъектісіне қатысты мәжбүрлі түрде қабылданған "сырттан" шешім. Тағы бір мысал: АК-тің ресми жариялануына дейін Кодекспен кґзделмеген ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған барлық заңды тұлғаларды 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін Кодекспен кґзделген нысанына ґзгерту туралы 4 тармақтың 3 бґлімінде орын алған 1994 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР Жоғарғы Кеңесінің "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бґлім) күшіне енгізу туралы" Қаулысының талабы - бұл да осы ұйымдардың ерігіне негізделмеген "сырттан" шешім.

Бірақ, осы негізгі, АК-тің 45 бабының 3 тармағының 1 бґліміне сәйкес осы секілді талаптар мәжбүрлі деп қарастырыла алмайды, ґйткені сот шешімдерінен шықпайды. Ал нақ осы белгі кґрсетілген норманың "әрпі" бойынша осындай жіктелімнің негізіне салынуға тиіс.

Бұдан мынадай қорытынды шығады: мәжбүрлі қайта құру тек бґлу және бґліп шығару түрінде ғана болуы мүмкін.

Заңды тұлғаны қайта құру кезінде қайта құрылатын ұйымның несие берушілерінің мүдделерін қорғау жүйесінің болуы маңызды болып табылады. Осы мәселелерге Кодекстің 47-48 баптары арналған.

АК-тің 47 бабының 1 тармағының 1 бґлімі, іс жүзінде, Кодекстің 46 бабының мәтінін қайталайтынын және артық болып табылатынын байқамасқа болмайды. Бұл - заң шығарушының кемшілігі. Оның келесі кемшілігі мынадан тура кґрсетілген нормада ґзгерту қайта құру формасы ретінде атамайды екен: "Қайта құрылған заңды тұлғаның мүліктік құқықтары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ґтеді: біріктіру және қосу кезінде - ґткізу актісіне сәйкес, және бґліп шығару кезінде - бґлу балансына сәйкес" Алайда АК-тің 46 бабының 5 тармағы ґзгерту секілді қайта құру формасы кезінде де ґткізу актісін құру кажеттігі жґнінде сґз етеді.

Ґткізу актісін немесе бґлу балансын құрудың мағынасы осы құжаттарда қайта құрылған заңды тұлғаның оның барлық несие берушілері мен борышкерлеріне қатысты барлық міндеттемелері бойынша мирасқорлық туралы ережелердің кґрініс беруінен тұрады. Және де, егер бґлу балансы мирасқорды дәл анықтау мүмкіндік бермесе, жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың сондай-ақ құрамынан басқа заңды тұлға бґлініп шыққан заңды тұлғаның қайта құрылған заңды тұлғаның несие берушілері алдында ортақ жауапкершілігі болады.

Әдебиеттерде дәл атап кґрсетілгендей, мирасқорлық қайта құру ретінде

қарызды ауыстырудан тұрады. Ортақ ереже бойынша, қарызды басқа тұлғаға ауыстыру тек несие берушінің келісімі бойынша мүмкін (АК-тің 348 бабы). Бірақ борышкерді қайта құру жағдайында несие беруші қарызды ауыстыруға кедергі келтіре алмайды. Сондықтан оның мүдделерін қорғау мақсатында Кодекс оған міңдеттемені мерзімінен бұрын тоқтатылуын және шығынның орнын толтыруды талап етуге құқығын береді. Заңды тұлғаларды тарату мәселелеріне АК тоғыз бап арнайды және сонымен бірге тек жалпы сәттерді реттейді. Ал олардың аса толығырақ реттелуі заңнаманың ґзге актілерінде (банкроттық туралы Заңында, заңды тұлғалардың жеке нысандары туралы актілерінде, Мемлекеттік тіркеу ережелерінде және т.б.) орын алған.

Заңды тұлғаны тарату негіздері туралы. АК-тің 49 бабы ұйымды ерікті және мәжбүрлі таратуды белгілейді. Және де ерікті тарату (заңды тұлғаның меншік иесінің немесе оның уәкілеттік берген органының шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның ґкілетті органының шешімі бойынша) кез келген негіз бойынша жүргізілуі мүмкін.

Біздің пікірімізше, "кез келген негіз бойынша" деген ескертудің болуы артық болар. Тіркеу тәжірибесінде кґп жағдайда жалпы қандай да бір негіздің болуының мәні жоқ және қабылданған шешімде ол кґрсетілмейді. Алайда, әрине, ұйымның құрылған (құру) мерзімі аяқталысымен немесе мақсатына қол жеткеннен кейін ґзгешеліктер болуы мүмкін.

Арнаулы актілермен заңды тұлғаны ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдау тәртібі реттеледі. Ал мәжбүрлі тарату туралы мәселеге келсек, мұнда Кодекс бірнеше негіздерді белгілейді:

  1. банкрот болған кезде;

  1. заңды тұлғаны құру кезінде зандардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайда;

3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған кезде;

4) тиісті рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметті не заң құжаттарында тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе ґрескел бұза отырып жүргізген жағдайларда;

5) заң құжаттарымен кґзделген басқа да негіздер.

Әрине, кґрсетілген негіздердің барлығы маңызы бірдей сипатта емес. Және де олардың айырмашылықтары сандық белгісімен, сол сияқты құқықтық реттеу кґлемімен айқындалады. Бірақ кез келген ґлшем бойынша банкроттық ең кездесетін негіз болып табылады, сондықтан да дербес зерттеуді қажет етеді 25. Біз болсақ, осы еңбек кґлемінде банкроттық туралы жалпы ережелерді қарастырумен ғана шектелеміз. Біздің заңнамамызға банкроттық институты азды-кґпті дайындалған түрінде 1992 жылғы 14 қаңтардағы ҚР "Банкроттық туралы" Заңымен енгізілген болатын, бірақ кәсіпкерді банкрот деп жариялау мүмкіндігіне бұған дейін мысалы 1990 жылғы 14 қаңтардағы ҚР-ның "Қазақ КСР-дегі шаруашылық қызмет еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы" Заңымен жол берілген. 1992 жылғы 14 қаңтардағы 1995 жылғы 7 сәуірдегі ҚР Президентінің Заң күші бар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерін күшін жоғалтқан деп тану туралы" Жарлығымен оның жойылуына дейін жүрді. Сонымен бір кезде Президент "Банкроттық туралы" Заң күші бар Жарлықты бекітті. Қазіргі уақытта 1997 жылғы 21 қаңтардағы ҚР-ның "Банкроттық туралы" Заңынын күші бар.

Банкроттық — бүл борышкердің соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі. Борышкердің - жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақшалай міндеттемелер бойынша несие


______________________________________________________


25 Грибанова В.А. Анализ судебной практики по применению законодательства о банкротстве //В кн.: Гражданское законодательство Республики Казахстан: Статьи, комментарии, практика. Вып. 9. /Под ред. А.Г. Диденко. - Алматы: «Баспа», 2000. 80-95 б.

берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбегіне ақы тґлеу жґнінде есеп айырыса алмауы, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті тґлемдерді қамтамасыз ете алмайтын қабілетсіздігі оның дэрменсіздігі деп түсініледі (АК-тің 52 бабы).

Ерікті және мәжбүрлі банкроттық айырылып анықталады. Бірінші жағдайда банкроттықты тануды сот борышкердің, екінші жағдайда — оның несие берушінің (несие берушілердің) және ґзге тұлғалардың ґтініші негізінде жүзеге асырады.

Тґлеуге қабілетсіз борышкерді таратуды болдырмау мақсатында оған оңалту рәсімі қолданылуы мүмкін.

Заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану — аса теориялық негіз емес. Әдебиеттерде "жойылмайтын сипат жеке заңды тұлғалардың түрлері туралы заңнамалық актілердің нормаларының бұзылуымен анықталады" деп атап ґтіледі. Мысалы, коммерциялық емес ұйымның қызметтің негізгі мақсаты ретінде кіріс табуға бағытталған деп кґрсетуі; заңнамамен кґп талап етілмейтін жарғылық капиталы бар АК -ды тіркеу жэне т.с.с."26. Келтірілген мысалдарды ең сәтті деп атауға болатыны екіталай. Мәселен, егер қандай да бір себептермен (негізінде заңның бұзылуы жататын) тіркелген коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарында қызметтің кәсіпкерлік түрлеріне кґрсетілсе, онда ұйымның талап етілетін ґзгертулерді ерікті түрде енгізуден бас тартуы жағдайында осы құжаттардың тиісті ережелері АК-тің 161 бабының ережелері бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін. Алайда кґрсетілген бұзушылықтар осы мекеменің мәжбүрлі таратылуына әкеле алмайды, ґйткені жойылмайтын сипатқа ие емес.

Осы орайда келесі мысалды аса кґрнекті деп кґреміз. "М" акционерлік қоғамының акционерлері "М-Х" акционерлік қоғамын мемлекеттік тіркеуді

_________________________________________________________________________

26 Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга 1. /Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. - Алматы: «Жеті Жарғы», 1997.139 б.

жарамсыз деп тану туралы талап білдірді. Талап берушілердің пікірінше, келесі мән-жайлар талапты қанағаттандыру үшін негіздер болып табылды. "М-Х" акционерлік қоғамын екі заңды тұлға — "М" АҚ және "К" АҚ құрған. Және де, "К" АҚ оған қоса "М" АҚ-ның бақылау пакетінің иесі болып табылады. "М" АК акционерлерінің " М-Х" жаңа акционерлік қоғамын кұру туралы мәселе бойынша жалпы жиналысын ґткізу кезінде "К" АҚ ґз шарттарын ұсынды және "М" АҚ-ның басқа акционерлерін жаңылысқа түсірді. "М-Х" АҚ құру кезінде жойылмайтын қателіктерге жол берілді, ґйткені құрылатын акционерлік қоғамның жарғылық капиталы, "М" АҚ-ның барлық активтері беріліп, бұл оның банкроттығына әкелді.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер бойынша алқасы жауапкердің кассациялық шағымын бірқатар жағдайлар бойынша, соның ішінде "М-Х" АК құру кезінде оның кұрылтайшысы — "М" АҚ-ның бюджет алдында үлкен қарызы болғанын кґрсетіп, ґзгертусіз қалдырды. Осыған байланысты жаңа акционерлік қоғамға ґзінің барлық активте тапсыру туралы шешім қабылданғанға дейін бұл актив салық комитетімен тізімделген болған еді. Сондықтан мұндай активтерді тапсыру заңсыз болып табылады.

Соттың мұндай қаулыны шығаруға дұрыс негіз тапқанына қарамастан, ол осы секілді негіздер бойынша сотқа тарату туралы талапты мұндай құқық заңнамалық актілері) берілетін мемлекеттік органмен қойылуы мүмкін АК-тің 49 бабының 3 тармағының талабын бұзған еді. Осы орайда әдебиетте тіркеуші органға кґрсетіледі27. Ал баяндалған жағдайда талапты акционерлер-жеке тұлғалар берген еді.

Алайда, біздің пікірімізше, мұндай субъективті шектеу құқыктық нормалардың қауіпті коллизиясын туғызады. Заңды тұлға екіден астам құрылтайшылар саны болған кезде жалпы ереже бойынша тиісті негіздер болғанда оның жарамсыз деп тануды талап етуге кұқығы бар кұрылтай

_______________________________________

27 Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга 1. /Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. - Алматы: «ЖетіЖарғы», 1997.112 б.

шарты негізінде құрылатыны мәлім. Оған жалпы негіздер бар: АК-тің 158-159 баптары. Бірақ, құрылтай құжатын, мысалы Кодекстің 159 бабының 7-9 тармақтары бойынша жарамсыз деп танып, сот сґйтіп заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі жарамсыз екендігін де мойындайды. Ал бұл, АК-тің 149 бабының 3 тармағына сәйкес тек құзыретті мемлекеттік органының талабы бойынша ғана мүмкін.

Туындаған қайшылықты жою не Кодекстің 49 бабының 3 тармағын кеңейтілген түрде түсіндіру не осы нормаға тиісті толықтырулар енгізу жолымен ғана мүмкін.

Мәжбүрлі таратуға негіз ретіндегі жарғылық мақсаттарға қайшы келетін қызметті жүйелі жүзеге асыру — заңды тұлғалардың құқық қабілеттігімен тікелей байланысты мәселе. "Бұл талап ортақ ереже бойынша, егер заңнамалық актілермен ескертілмесе, арнаулы емес, ортақ құқықтық субъектілігі бар коммерциялық ұйымдарға қатысты емес. Коммерциялық емес ұйымдарға қатысты жүйелілік тым болмағанда жарғылық емес қызметтің екі рет жүзеге асырылуымен анықталады, оны сот мүдделі тұлғаның мәлімдемесі бойынша тіркейді" 28 .

Келесі негіз - қызметті не заңнамалық актілермен тыйым салынған не заңнаманы бірнеше рет және ґрескел бұзу арқылы тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асыру.

Қызметті тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асыру заңды тұлғаны мәжбүрлі таратуға негіз болып табылмай. Мәселен, 1995 жылғы 17 сәуірдегі ҚР-ның "Лицензиялау туралы" Заңының 7, 24 баптары оның талаптарының бұзылуының келесі салдарын белгілейді:

  • лицензия болмаған кезде жасалған мәмілелер жарамсыз деп саналады;

  • тиісті лицензиясыз не лицензиялық нормалар мен ережелердің

___________________________________________________________________________

28 Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга 1. /Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. - Алматы: «Жеті Жаргы», 1997.140 б.

бұзылуымен қызметпен шұғылдану заңнамамен белгіленген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеледі;

• лицензиялық тәртіп белгіленген қызметті жүзеге асырудан алынған кіріс лицензиясыз тиісті бюджетке алынуға тиіс.

Кґріп отырғанымыздай, лицензиялау туралы Заң мәжбүрлі таратуды кґздемейді.

Ортақ ереже бойынша заңды тұлғадан лицензияның алынуы, жарамдық мерзімінің ґтуі немесе оны белгіленген тәртіпте жарамсыз деп тану оның таратылуына әкелмейді. АК-тің 35 бабының 2 тармағына сәйкес кґрсетілген фактілер тек осы ұйымның тиісті қызмет саласындағы құқық қабілеттілігін тоқтатады.

Және ең соңында, Кодексте ґзге заңнамалық актілерге сілтеме нормасы орын алған. Әңгіме, сонымен бірге монополияға қарсы органға рыноктың субъектілері Заң талаптарын бұзған кезде сотқа талап беруге құқық беретін 2001 жылғы 19 қаңтардағы ҚР-ның "Бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы" Заңының 14 бабыны тармағы, шаруашылық серіктестіктер, ґндірістік кооперативтер туралы Жарлықтарымен, шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, зейнетақымен қамтамасыз ету және т.б. туралы Заңдарымен кґзделген ґзге негіздер жґнінде болып отыр.

Заңды тұлғаны тарату және несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру тәртібі туралы. ¥йымды тарату тәртібіне Кодекстін 50 бабы арналған. Оқу әдебиеттерінде таратумен байланысты жүргізетін іс-әрекеттер осы рәсімнің кезеңдері деп аталады. Әртүрлі деректерде осындай 4-5 кезең атап ґтіледі:

1) мұндай шешімді заңды тұлғаның меншік иесінің немесе тиісті органның қабылдауы, ол туралы тіркеуші органға хатпен хабарлауды дереу жіберу, тарату комиссиясын тағайындау және тарату тәртібі мен

мерзімін белгілеу;

  1. тарату комиссиясының Әділет министрлігінің ресми баспасґз басылымдарында тарату, соның ішінде несие берушілердің шағымдарды мәлімдеу тәртібі мен мерзімдері (шағымдарды мәлімдеу үшін мерзімдер екі айдан аз болмауға тиіс) туралы ақпаратты жариялауы, комиссияның несие берушілерді анықтау және берешекті алу бойынша шаралар қабылдауы, сондай-ақ несие берушілерді тарату туралы жазбаша хабардар етуі;

  2. шағымдар білдіру үшін мерзім аяқталғаннан кейін - комиссияның аралық тарату балансын құру және оны бекіту үшін меншік иесі мен тарату туралы шешім қабылдаған органға ұсыну;

  3. белгіленген кезектілік бойынша несие берушілермен есеп айырысу және осыдан кейін тарату балансын құру және заңды тұлғаны тарату жґнінде шешім қабылдаған меншік иесінің немесе органның оны бекітуі.

Тарату аяқталған, ал заңды тұлға — ґмір сүруін тоқтатқан болып ол жґнінде заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне жазбаның енгізуінен кейін саналады.

Кодекстің 51 бабымен заңды тұлғаны тарату кезінде несие берушілердің талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі белгіленген. Кезектіліктің мағынасы келесіде: несие берушілердің әрбір кезегінің талабы оған дейінгі несие берушілердің талаптары толық қанағат алғаннан кейін қанағаттандырылады.

Осы бапты талдау кезіңде оның анық үйлесімсіз екендігі байқамасқа болмайды. Келесі ережелерге назар аударайық 3 тармаққа сәйкес, таратылатын заңды тұлға мүлігінің жеткіліксіздігі кезінде ол тиісті кезектегі несие берушілер арасында егер заңмен ґзге белгіленбесе, қанағаттандырылуға жататын талаптар сомасына пропорционалды

үлестіріледі. Осы баптың 6 тармағының 1 бґліміне сәйкес таратылатын ұйымның мүлігінің жеткіліксіздігіне орай қанағаттандырылмаған несие берушілердің шағымдары ґтелген болып саналады.

Сонымен бірге, 1997 жылғы 21 қаңтардағы ҚР Заң АК-тің 49 бабы келесі мазмұнындағы 4 тармақпен толықтырылған болатын: егер оған қатысты оны тарату шешім қабылданған заңды тұлғаның мүлкінің құны не берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, ондай заңды тұлға банкроттық туралы заңнама белгіленген тәртіпте таратылуы мүмкін.

Ұйымды тарату туралы Кодекс ережелері банкроттық туралы нормалар тарату туралы ортақ ережелерге қатысты жеке, арнаулы жағдай ретінде алға шығатындай орналасқан. Сондықтан біз атап ґткен нормалардың (АК-тің 51 б. және 6 т. 1 б.) банкроттық туралы баптардың шеңберінен орын алуы қате болып табылады, ґйткені ұйымды кґрсетілген шарттардың болуымен тарату тек банкроттық рәсімі арқылы ғана мүмкін.

Кодекс оның несие берушілерінің талаптарын қанағатандырудың бес кезегін белгілейді:

  1. таратылатын заңды тұлға ґміріне немесе денсаулығына залал келтіргені үшін жауапты болған азаматтың талаптары

  2. несие берушілердің қамтамасыз ету сомасы шегінде таратылатын банкроттың мүлкін кепілге салып қамтамасыз етілген міндеттемелері жґніндегі талаптары;

  3. еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы тґлеу жэне авторлық шарттар бойынша сыйақылар тґлеу жґніндегі талаптар;

  4. бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті тґлемдер жґніндегі талаптары;

  5. басқа да несие берушілердің талаптары.

Теория мен тәжірибе жүзінде заңды тұлғаның қатысушыларын осы ұйымды тарату кезінде бесінші кезектегі несие берушілерге жатқызу туралы мәселе жиі кґтеріледі. Осы орайда К.М. Ильясова "оларды несие берушілер санатына жатқызу автоматты түрде бесінші кезектегі несие берушілер қатарына қосады" деп атап ґтеді. Мүндай жағдайда олар азаматтық-құқықтық және ґзге міндеттемелер бойынша несие берушілермен қатар ґз үлестеріне сэйкес конкурстық мґлшерден қанағат алады. Осындай кґзқараспен келіспей отырып, автор оларды "тек қана конкурстық мґлшердің несие берушілері деп шартты түрде тануға болады" деген қорытындыға келеді.

К.М. Ильясова жасаған жалпы қорытындылардың дұрыстығын мойындай отырып, дегенмен автор заңды тұлғаның қатысушыларын конкурстық мґлшердің несие берушілеріне негізделген түрде жатқызатыны екіталай екенін атап кетейік. Банкроттық туралы Заңының 1 бабына сәйкес, конкурстық мґлшер — бұл несие берушілер мен талаптарын қанағаттан-дыру және банкротты (дәрменсіз борышкерді) салықтардан бос етіп жариялау мақсатында конкурстық іс, яғни рәсім барысында ґндіріп алу бағытталуы мүмкін борышкердің мүлігі. Қатысушылар ұйымның қалған мүлігіне тек барлық несие берушілермен есеп айырысқан соң, яғни конкурстық іс жүргізу аяқталып қалған кезде ғана құқылы болатынын зарда ұстаған жґн. Сондықтан қалған мүлікті енді курстык мґлшер деп атауға болмайды.

Заңды тұлғаның таратылуын тіркеу тәртібі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу Ережелерінің 30-33 тармақтарымен анықталады.

1   2   3   4



Похожие:

Жоспар Кіріспе 3 1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі iconМазмұны кіріспе автокөлікті сақтандырудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу
Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу
Жоспар Кіріспе 3 1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі iconЖоспар кіріспе
ЗАҢды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың ТҮсінігі және тәртібі
Жоспар Кіріспе 3 1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Фразеологизмдердің түрлері, белгілері және тұрақты тіркестердің басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы

Жоспар Кіріспе 3 1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі iconМемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе
Бітіру жұмысының тақырыбы «Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері» деп аталады....
Жоспар Кіріспе 3 1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі iconІ тарау. Тергеу жұмысының психологиялық ерекшеліктері 6
Мемлекеттік құқық қорғау органдарын қайта дайындайтын және жетілдіретін арнайы жүйелерді жасайды. Бұл талаптар құқық қорғаудың букіл...
Жоспар Кіріспе 3 1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі iconДипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері
Тарау Салықтық құқық бұзушылықтың теориялық негіздері және салық санкцияларын қолдану
Жоспар Кіріспе 3 1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі iconДипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері
Тарау Салықтық құқық бұзушылықтың теориялық негіздері және салық санкцияларын қолдану
Жоспар Кіріспе 3 1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі iconЖоспар: Кіріспе Салық және салық салудың есебі
Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі,...
Жоспар Кіріспе 3 1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі iconЖоспар: кіріспе I тарау. 1930 жылдардағЫ Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
АштықҚА Қарсы күрес және қазақстандағы жаппай босқыншылықты тоқтатуға бағытталған шаралар
Жоспар Кіріспе 3 1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі iconАзаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады
Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов