I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты icon

I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты



НазваниеI тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты
страница1/3
Дата06.05.2013
Размер0.8 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
  1   2   3






Жұмыс қорғауға жіберілді.

Қылмыстық құқық және криминалистика кафедрасының меңгерушісі

профессор Аубакиров А. Ф.___________

«___»___________2007ж.


Жоспар




Кіріспе..................................................................................................................4



I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты.


1.1. Тергеу барысындағы мәжбүрлеудің заңдылық жүйесі..................6

1.2. Қылмыстық мәжбүрлеудің түсінігі, мәні......................... ...............13

1.3.Процессуалдық мәжбүрлеудің мақсаттары, негіздері....................34


II тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі.


^ 2.1. Қылмыстық істі жүргізу барысындағы мәжбірлеу шаралары... 43

    1. Мәжбүрлеу шараларының түрлері... ..............................................50

    2. Қылмыстық іс бойынша мәжбүрлеуді жүзеге асыруда тұлғаға берілетін кепіілдіктер..........................................................................66


Қорытынды.............................................................................................70

Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................72



Кіріспе


Мәжбүрлеу қоғамдық қатынастарды реттеудің тиімді құралы болып табылады және оның әрекет ету осы қатынастардың құқықтық нормативті сипатымен ерекшеленеді. Мемлекеттік аппарат күшімен авторлар Б.Т.Базылевтың көзқарасына негіз ретінде қолданады. Мемлекеттік мәжбүрлеу, мемлекеттік талаптарға бағындыру мақсатындағы жеке материалдық және моралдық шектерді қою арқылы фигуралық ықпал ету болып табылады. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында процессуалдық мәжбүрлеу құралдардың құндылығы, қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін шешу үшін оларға жүгінудің заңдылығында негізділігімен сипатталады. Процессуалдық мәжбүрлеу инетитуының әлеуметтік құндылығын оны сипаттайтын тараптары және қасиеттері мен жиынтығын қарастырған жөн. Осылардың ішінде рұқсат етілген жариялы мәжбүрлеудің көлемі мен шектерін қатаң шектейтін мәжбүрлеу шараларын қолданудың процессуалдық формасы және адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының епілдіктерінің жүйесі бірінші дәрежелі мағынада болады. Сондықтанда аталған дипломдық жұмыс тақырыбының практикалық мәні зор. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектемейтіндіктен, олардың заңдылығымен негізділігін қамтамасыз етуші, нақты қатаң процессуалдық кепілдіктер керек. Біздің мемлекетте қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына, азаматтың құқықтары мен бостандығын аз шектеу арқылы қол жеткізу көзделген. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қоғамдық қатынастарды реттеудің әдістерінің бірі ретінде қарастырған жөн. Жоғарыда айтып кеткенің бәрін ескере отырып, біз процессуалдық мәжбүрлеу деп қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына кедергісіз жетуге бағытталған, қылмыстық іс жүргізу қатынастарының қатысушыларына ықпал етудің, заң нормаларымен бекітілген, ерекше өзіне тән тәсілдеріне көрініс табатын, қылмыстық іс жүргізудің реттеу әдісін түсінеміз. Қылмыстық іс жүргізу әдебиетінде күштеудің мәні, оны қарама-қарсы мағынасы бар, қос категориямен, сәйкестендіру жолымен анықталады. Мәжбүрлеу қылмыстық процесте тұлға еркіндігін қандай да бір формада әрқашанда шектейді.

Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараны қолдануда, қылмыстық сот өндірісінің міндеттеріне жету мақсатында, заң нормаларында бекітілген жағдайларда конституциялық құқықтары мен бостандықтары шектеуді рұқсат етеді. Дипломдық жұмыс тақырыбын зерттеу барысында, Ахпанов А.М., Петрухин И.Л., Коврига З.Ф., Зинатуллин З.З., Сәрсенбаев П.Е., Төлеубекова Б.Х., сияқты ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, негізгі ойлар тұжырымдалды.


I тарау. Қылмыстық- іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты.

^ 1.1. Тергеу барысындағы мәжбүрлеудің заңдылық құрылымы.


Қоғам әлі қылмыстан арылған жоқ. Сондықтан ол қылмыспен күресетін қымбат мемлекеттік аппаратты ұстауға мәжбүр . Құқық қорғау органдарының қызметіне, куәгерлер, жапа шегушілер, аудармашылар, мамандар, сарапшылар және т.б. ретінде әртүрлі іс-жүргізу рөлдеріне көптеген азаматтар тартылады. Негізінде азаматтарды өндірістік жұмыстан, жеке істерінен, демалысынан қол үздірмеген абзал, бірақ мемлекет осылай істеуге мәжбүр, азаматтардың атсалусынсыз қылмыспен күресу мүмкін емес. Мемлекет азаматтардың қажетті іс-жүргізу міндеттемелерді орындауды талап ете отыра, олармен қылмыспен күресу ауыртпалығын бөліседі. Бұндағы қоғамның қылмыстан бос еместігі, азаматтардың қылмыстық сот жүргізуге қатысудың әлеуметтік қажеттілігінен бос еместігін және соған байланысты болатын ыңғайсыздық пен шығындарды көтеретіндігін көрсетеді. Бірақ бостандықтың танылған қажеттілік екені бесенеден белгілі емес пе?!

Қылмысты түбірімен жою қажеттігін түсінген және өзін қылмыстық – іс жүргізу құқықтық қатынастарының саласына еркін қосқан тұлға мәжбүрлеуді қажет етпей, еркін әрекет жасайды. Көріп отырғанымыздай бостандық пен мәжбүрлеу диалектикалық бірлікте: қылмыспен күресуге әлеуметтік тұлғыда мәжбүрленген адам, нақты іс бойынша қылмыстық соттың іс жүргізуге қатысқан кезде өз өнегелік позициясын таңдау бостандығын сақтай алады. Бұлай қатысу еркін /еркін бостандығы сақталады/ және мәжбүрлеуге /қоғамдық мүдделерге қарама-қарсы еркін жанышталады/ бөлінеді.

Айыпталушылар мен күмәнділер, оларға тағылған қылмысты жасарда ерік бостандығын сақтады, яғни іс-жүргізу сипатындағы мәжбүрлеу шараларын оларға қолдану, олардың белгілі бір мінезді таңдау бостандығының нәтижесі.

Қылмыстық сотты іс-жүргізуге қатысушылардың көпшілігі /айыпталушы мен күмәндіден басқасы/ қылмыстық іс жүргізу құқы нормаларын жүзеге асыру қажеттілігіне сенеді, сондықтан осы нормалардың шаралары көп жағдайда әрекет етпейді, кейбір іс жүргізу әрекетінің барысы тұлғаның негізгі құқықтарын шектеумен байланысты болған жағдайда да мәжбүрлеу қолданылмайды.

Қылмыстық процесте мінез-құлықтың бірнеше түрінің мүмкіндігі бар іс-жүргізу міндеттемесін еркін орындаудан мәжбүрлеуді қолдануға дейін. Бұл мүмкіндіктер ауыспалығы адам жауап беруге куәгер ретінде келерде пайда болады:

1/ іс жөнінде бірдеңе белгілі тұлға өз еркімен, шақырусыз жауап беруге келді /азаматтың оянуы заң шығарушының еркімен үндесіп кетеді/;

2/ адам жауап алуға шақырылды, және еш қисақтамай келді /субъектінің еркі заң шығарушының мүддесіне қайшы емес/;

3/ тұлға жауап алуға шақырылған болатын; бұл шақыру белгілі бір себеппен оған қиын, оғаш көрінді, сондықтан себептер күресін туғызды; бірақ күмән сейіліп, тұлға жауап алуға бару туралы саналы шешім қабылдап, оны еркін түрде орындады;

4/ өткендегі жағдай сияқты жауап алуға шақыру оған қажетсіз болып, себептер арпалысын туғызды, бірақ ол жауап алуға бару қажеттілігі туралы шешіммен аяқталды, бірақ бұл шешім шақыру қағазындағы мәжбүрлеп жеткізу және куәлік беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы қорқыту қысымымен қабылданған болатын яғни еріксіз, мәжбүрлік болады.

5/ тұлға жауап алуға шақырылған болатын, бірақ ол саналы түрде шақыруға келген жоқ, сондықтан күштеп әкелуге мәжбүрлік туды.

Алғашқы үш жағдайда біз іс жүргізу міндеттемесін еркін орындау оқиғасын көрдік, кейде шешім күмәнсіз қабылдана бермейді, ол соңғы екі жағдайда міндеттеме психикалық немесе тәни мәжбүрлеу арқылы жүзеге асады.

Іс-шаралық міндеттемелерді орындау азаматты қызметтік істерінен қол үздіреді, жеке жоспарларына өзгертулер енгізеді ал кейде тұлғаның конституциялық құқын да шектейді. Сондықтан адамның қылмыстық процестік қатысуы туралы ішкі шешімі моралдік шиеленіс жағдайында қабылданады.

Жеке мүдде /отбасы, бос уақыт т.б/ мүддесінің /қылмысты ашу, кінәліні жазалау, кінәсіздердің жапа шегуіне жол бермеу/ біреуін таңдауға тура келеді. Әрине мұндай жағдайларда адамның ішкі шешіміне іс шара міндеттемесін орындаудан бас тартқан жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеудің қолданылатыны әсер етпей қоймайды. Негізінде процесс субъектісінің өз іс-шаралық міндеттемесін еркін құптай отыра орындау оқиғасы мен ол оны жауапкершіліктен қауіптену себепті істеу немесе мүлде істемеу оқиғасын бөліп қарауға болады. Бұл жерде өзінің құндылықтарға деген қатынасынды анықтау керек және олардың біреуін таңдау қажет. Бір адамға әделетті, қажетті, пайдалы болып көрінген басқаға әділетсіз, қажетсіз, пайдасыз боп көрінуі мүмкін. Осыдан бір адаммен құпталатын және басқамен мүлдем қолданбайтын іс шара міндеттемесіне деген қатынас туады.

Алғашқы сәтте түгел қылмыстық процесс мемлекеттік мәжбүрлеудің кең және интенсивті қолданылуы саласын пайда болдырады. Қылмыстық істерді жүргізу жіктелген лауазымды тұлғалар және мемлекет органдары дәлелдеме алу туралы, тінту жүргізу туралы, куәләндіру туралы басқа да іс шара әрекеттерін жүргізу туралы қылмысқа қатысты және оны жасағандар жөнінде мәліметтер алуға бағытталған талаптары арқылы азаматтарға үн қатады.

Қажетті жағдайларда айыптаушыға қатысты алдын ала қамау, қызыметінен шеттету, мүлкіне тыйым салу сияқты шекті шаралар қолданылады. Өзінің іс – шаралық міндеттемелерін бұзған тұлғалар айыпқа тартылады. Кейбір жағдайларда мәжбүрлеу процеске қатысушылардың құқын толық жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Сот ісін жүргізетін лауазымды тұлғалардың заңсыз және негізсіз іс-әрекеттері мен актілеріне қатысты сол актілерді тоқтату немесе өзгерту, істі тоқтату, кінәсізді ақтау, істі қайтару сияқты механизм жұмыс істейді.

Қылмыстық-іс жүргізу ғылымында қылмыстық-іс жүргізу арқылы мәжбүрлеуге кейбір тергеулік іс-әрекеттер /алу, тінту, куәландыру, салыстырмалы түрде зерттеу үшін үлгілер алу, тұлғаны медициналық мекемеге жатқызу және т.б.с.с./ толығымен және тұтастай жатады деген пікір қалыптасқан. Әрине бұл іс шаралық әрекеттер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеумен байланысты /тұлғаның дербестігі, хат жазысу құпиясы,тұрғын-жайдың дербестігі, жеке өмірге құқы/. Көптеген жағдайларда көрсетілген шктеулер саналы өзіндік шектеулер болып табылады.

Мысалы, кейбір азаматтардың ұрланған заттарды қайтаруы олар алғанда оның ұрланғанын білмесе де. Көптеген куәгерлер мен жапа шегушілер еркін түрде және саналы түрде өздерін тергеушінің ырқына береді.

Олардың жақын туыстарын күмәндінің, айыпталушының құқықтары мен бостандықтарын шектейтін кейбір іс-шара әрекеттерін жүргізу осы тұлғаларға тиімді болса, іс-шаралық мәжбүрлеу шараларына жатқызуға болмайды. Мысалы айыпталушы мен олардың туыстары ұрланған затты сенімді жерге тығып қойса, өздерінің үйіне тінту жүгізілгенің қалайды, өйткені ұрланған заттың олардың үйінде болмауы, айыпталушыны ақтайтын дәлел ретінде қаралуы мүмкін.

Сонымен қоса ұстау және із кесу шарасын таңдау айыпталушы мен күмәндіге қатысты мәжбүрлеу шаралары болып табылады. Бұл жерде әңгіме, тұлғаның кінәсін мойындап келуінде, ол өзінің ұсталатының, жазаға тартылатындығын біліп саналы түрде келеді бұған оның қолымен істегенін мойнымен көтеру қағидасы әсер еткен. Мұндай мысалдар өмірде сирек кездеседі.

Екі түсініктің арасын ашып алған жөн: тектік – “қылмыстық процестегі мәжбүрлеу” және түрлік-”қылмыстық – іс жүргізу арқылы мәжбүрлеу” /бұл терминология белгілі бір шекте шартты/. Бірінші түсінік /қылмыстық процестегі мәжбүрлеу/ процесс субъектісіне әсер етудің барлық түрлерін қамтиды, нәтижесінде ол іс жүргізу міндеттемесін өз еркіне қайшы келсе де орындауға мәжбүр. Оған, субъектіге психикалық әсер етудің келесі шаралары қолданылады : а/ іс шаралық /кез келген іс шаралық міндеттемені мәжбүрлеп орындау немесе күштеп әкелу қаупі/; б/ тәртіптік /мысалы, сарапшы сотқа, тергеушіге келіп қортынды жасаудан бас тартса, тәртіптік жазаға ұшырау қаупі/; в/ қылмыстық-құқықтық /мысалы, куәгер мен жапа шегуші жауап берушіден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупі/; г/ азаматтық –құқтық /мысалы, соттың қарауға қатысушыдан, сотқа салмақты себепсіз келмегені үшін сот процесін кейінге жылжытуға байланысты туған шығындарды өндіріп алу қаупі/ ; д/ қоғамдық /мысалы, ұятсыз қорғаушынықорғаушылар алқасының жалпы жиналысын салу/.

Сонымен субъектіні онда жатқан іс жүргізу міндеттемесін ояту мақсатында қолданылатын мәжбүрлеу, құқықтық тәртіпті қорғаудың материалдық-құқықтық құралдармен қоса құқықтық, қоғамдық әсер ету, психикалық қауіп тәни мәжбүрлеу сияқты қылмыстық-іс жүргізу құқығының арнайы құралдарының шегінен шығып кетеді. Осы кең мағынасындағы мәжбүрлеу шаралары кезең кезеңмен /бірінші шара арқылы психикалық қауіп ал егер де ол жеткіліксіз болса, тәни әсер ету/ қолданылады. Олар бір-бірін толықтырады /куәгерді әкелу және бір мезетте оны қылмыстық жауапкершілікке тарту/.

“Қылмыстық-іс жүргізу арқылы мәжбүрлеудің” қысқа түсінігі сот ісіне қатысушыларға әсер етудің қылмыстық-іс жүргізу мен оны қолданатын мемлекет органдары ие құралдарды ғана қамтиды.

Біріншіден, бұл қылмыстық іс жүргізу құқының нормасы арқылы оны қолдану кезінде психикалық әсер ету. Қылмыстық-іс жүргізу құқын қолдану актілері, процесс субъектілеріне мәжбүрлеу психикалық әсер етеді. Мысалы, із кесу шарасын таңдауда, куәландыру, тінту жүргізу жөнінде қаулы қабылдау психикалық әсер етеді. Мәжбүрлеу шаралары болып, сол актілердің өздері емес және солардың негізінде жүзеге асатын іс шаралық әрекеттер де емес ал сол актілердегі егерде субъект негізді құқықтық талаптарға теріс қараса қолданылуы мүмкін мазмұның қаупі табылады.

Екіншіден, қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеуінің әртүрлі, оған жүктелген іс-шаралық міндеттемелерді жүзеге асыруға жету мақсаты бар субъектіге тікелей тәни әсер ету болып табылады.

Үшіншіден, заңсыз және негізсіз іс-шаралық актілердің күшін жою-бұлда қылмыстық-іс жүргізу арқылы мәжбүрлеудің бір түрі болып табылады.

  1. Дәлелдеу саласы: қылмыстық соттың іс жүргізу субъектілерінің ашық қарсылығына да тілегіне де қайшы дәлелдерді табу мен тексеру жөніндегі тергеу және соттық іс-әрекеттер. Бұл жерде көрсетілген іс шаралық әрекеттер тізімі дәлелдер жинаудағы “іс шаралық мәжбүрлеу шараларына” қарағанда кең. Бірақ әрбір әрекет мәжбүрлі немесе ерікті болады. Іс шаралы әрекеттер өздігінен мәжбүрлеу шаралары емес, шегінде мәжбүрлеу міндетті емес құқық қолдану кешендері. Мысалға, мүрдені қайта ашуға, қарауға, тергеу сынағын жүргізуге біреу-міреу бөгет жасаса мәжбүрлеу боады. Іс шаралар әрекетінің қатысушылары өз міндеттемелерін мәжбүр түрде емес еркін атқарады. Мәжбүрлеу арқылы іс шаралық әрекетті жүргізу түріндегі шара жоғарыда көрсетілген тергеу және соттық әрекеттерге жалпы болып табылады.

  2. Іс шаралық құқ қолданушы актілердің заңдылығын қамтамасыз ету саласы: а/ құқықтық қалпына келтіру шарасы – тергеушінің, прокурордың, соттың заңсыз актілерінің толықтай немесе жартылай күшін жою; б/ егер заң бұзылса, жеке /ерекше/ ұйғарым /қаулы/ шығару; в/ егерде заңды бұзса тергеуден анықтаушыны, тергеушіні шеттету;

  3. Құққа қарсы мінез-құлыққа әсер ету саласы-қылмыстың іс шара заңын бұзған тұлғаларға басқа да процеске қатысушыларға қатысты айыптық шаралар /сот мәжілісі залында тәртіп бұзған куәгерге, маманға, аудармашыға ақшалай айып салу.

  4. Тұлғаның құқына кепілдік беру саласы-процеске қатысушыны өзінің ісшаралық құқықтарын жүзеге асыруға мәжбүрлеу /кәмелетке толмағандар мен психикалық және тәни кемдіктері бар адамдарды мәжбүрлеп қорғау, аудармашыны жауап алушының тілегіне қарамау жауапқа тарту және т.б.с.с./. Құқықтық қорғау қызметі өзін үш негізгі қалыпта көрсетеді. Бұл заңдық жауапкершілік, құқықтық тәртіпті қорғау шаралары және шекті шаралар. Мәжбүрлеу осы қалыптардың біреуінде болсын көрініс таба алады. Бірақта мәселенің былай шешілуі даусыз емес, өйткені заңгерлердің ішінде құқықтық тәртіптің осы қалыптарын түсінуде және олардың шекарасын анықтау үшін өлшемдер табуда салмақты келіспеушіліктер бар. Мәселені шешудің кілті-заңдық жауапкершілік пен құқықтық тәртіпті қорғау шараларын нақты айқындап алуда.

Бір автордың айтуынша, заңдық жауапкершілік – бұл заңды бұзған, оған жүктелген құқықтық міндеттемені орындамаған адамға мемлекеттің тиісті органдарымен салынатын белгілі бір айып, жаза. Құқықтық қатынаста негізгі міндеттемені орындауға мәжбүрлік-бұл заңдық жауапкершілік емес, құқықтық тәртіпті қорғау шаралары.

Басқа авторлардың пікірінше қосымша міндетті салмай-ақ мемлекеттік мәжбүрлеудің әсермен құқықтық қатынаста міндеттемені орындаудың өзі заңдық жауапкершілікті білдіреді.

Жалпы құқықтық деңгейде мәжбүрлеу мен жауапкершілікті зерттейтін жоғарыда көрсетілген екі бағыт арасындағы теориялық қарама-қайшылық қылмыстық-іс жүргізу ғылымына қатысты салалық құқықтық зерттеулерге белгі қалдырады. Іс жүргізу жауапкершілігі мүлдем жоқ деген де пікір бар.

Біздің қылмыстық-іс-жүргізу жауапкершілігінің қолданылу аясы тым тар. Ең кең тараған іс-жүргізу міндеттемесі болып, субъектінің кінәлі мінез-құлқынан шықпайтыны табылады.

Мәжбүрлеу шараларының үшінші тобы-ұстау, із кесу шаралары, мүлікке тиым салу, айыпталушыны лауазымынан шеттету сияқты қылмыстық процеске қатысушылардың мемлекет тарапынан қолдау таппайтын әрекеттерін алдын алу және ескерту сияқты шекті шаралар.

Азаматтық құқықта жұмыс істейтін жауапкершілік шараларын қолданусыз міндеттемелерді мәжбүрлі орындаудың механизімінің қылмыстық-іс жүргізу құқының да баламасы бар. Белгілі бір іс жүргізу міндеттемесін орындаудан бас тартатын қылмыстық процестің қатысушылары оны орындауға мәжбүрленеді.

Жауапкершіліктің кінә үшін болатыны бесенеден белгілі.

Жоғарыда айтылғандарды қортындылайық. Заңдық жауапкершілік процеске қатысушылар өздеріне жүктелген міндеттемелерді құққа қарсы орындамаса күшіне енеді, ізінше оларға айыптық сипаттағы материалдық-құқықтық немесе іс жүргізу шараларын қолданылады. Қылмыстық процесте екі түрлі /тұлғаның іс-жүргізу міндеттемелерін орындауы және заңсыз, негізсіз іс-жүргізу актілерінің күйін жою/ құқты қалпына келтіру шарасын қолдану құқықтық қорғану шараларын пайдаланумен байланысты. Қылмыстық процесте қорғау шаралары мен шекті шаралардың үлесі көп.


^ 1.2. Қылмыстық мәжбүрлеудің түсінігі мәні.


Қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына мәжбүрлеу арқылы қол жеткізу мәселелері ең алдымен мемлекеттік мүддені жүзеге асыруды кепіл ететін көзқарастар тұрғысынан анықталады деген бірқатар көзқарастар бар. Бұл көзқарас құқық шеберінде, өйткені процессуалдық мәжбүрлеу шарасының қызметтік ролі жазасының болмай қойылмайтындығын тығыз байланысты. Мәжбүрлеу қоғамдық қатынастарды реттеудің тиімді құралы болып табылады және оның әрекет ету осы қатынастардың құқықтық нормативті сипатымен ерекшеленеді. Мемлекеттіе аппарат күшімен қамтамасыз етілген мәжбүрлеуге анықтама бере отырып көпшілік авторлар Б.Т.Базылевтың көзқарасына негіз ретінде қолданады1. Мемлекеттік мәжбүрлеу, мемлекеттік талаптарға бағындыру мақсатындағы жеке, материалдық және моральдық шектерді қою арқылы фигуралық немесе психикалық ықпал ету болып табылады.

Бұл анықтамада мәжбүрлеудің басты мақсаты ретінде тек мемлекеттік мүдде ғана табылатыны айқын анықталады. Бірақта бұл анықтамада мәжбүрлеудің мәні толық көрініс таппайды, өйткені оның құқық реттеуші сипаты көлеңкеде қалып қояды. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қоғамдық қатынастарды реттеудің әдістерінің бірі ретінде қарастырған жөн. Мәжбүрлеудің мәнінің бұндай түсініктемесі мәжбүрлеу шарасының мақсаты және құралды тағайындауды біріктіретін ғана мәні, негізгі қасиетін анықтауға мүмкіндік береді. Мақсатты тағайындалуы деп біз мемлекеттік мәжбүрлеу көмегімен шешілетін мақсаттардың жиынтығын түсінеміз. Ал мәжбүрлеудің құралды тағайындалуы, нақты міндеттерге жету мақсаттарындағы арнайы құралдары мен тәсілдері тандау мен пайдалануды сипаттайды.

Процессуалдық әдебиеттерде кейбір авторлар мәжбүрлеудің ұғымын анықтауға басқаша көзқарасты жүзеге асырады.

В.М.Корнуковтың пікірі бойынша, қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу, қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарын тиісті орындау мен іс жүргізу қатысушыларымен өз міндеттерін орындауды қамтамасыз етуге шақырылған, қылмыстық іс жүргізу заңымен қарастырылған мәжбүрлеу шараларының жиынтығы2. Қылмыстық сот өндірісіндегі мәжбүрлеудің түсінігінің ұқсас тұжырымдамасы басқа да авторлардың еңбектерінде қолдану тапқан. З.Д.Енекеев қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шарасын “мемлекеттік мәжбүрлеудің құралдарының дефинициясы арқылы анықтайды3 және сонымен қатар мемлекеттік мәжбүрлеуді тұлғаның мемлекеттік ұйғарымдарға бағынуы деп сипаттайды. Біздің көзқарасымыз бойынша, процессуалдық мәжбүрлеудің мәнді ерекшеліктерін ”шаралардың жиынтығын, “құралдардың жиынтығын деген, онымен ұқсас дефинацияларда іздеу нәтижесіз болып табылады. Ол процессуалды мәжбүрлеудің мәнін терең түсінуді қамтамасыз ете алмайды. З.Ф.Коврига ұсынған қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған, қылмыстық іс жүргізушілік құралдарда көрініс табатын, мемлекеттік ықпал етудің әдісі ретіндегі анықтамасы қолдауға тұрады. Біздің ойымызға, бұл анықтаманы ең сәттілердің қатарына қосуға мүмкіндік беретін, барлық шарттардың өзінде де, егерде оны кейбір толықтырулар мен түзетулерді жасап қабылдаса, онда ол алдыңғы қатарға шығар еді. Егерде мәжбүрлеуді, оның қызметтік ролі тек қана қылмыстық іс жүргізудің қатысушыларының қайсы біреуіне тек бір ғана ықпал етуге әкеліп тіресе, онда біз оның қолдануының аумағын шындыққа сай келмейтін жасанда түрде маңызды шектейміз. Сондықтан да, әлеуметтік-экономикалық қатынастармен объективті сипаттайтын, мәжбүрлеу психикалық немесе физикалық ықпал етудің мақсаттарынан басқа, қалыптасып отырған қатынастарды жалпы реттеу мақсаттарына олардың қоғамының бүкіл азаматтарының және бөлек әрқайсысының қызығушылықтары үшін реттеу мақсаттарына қызмет етеді.

Жоғарыда айтып кеткеннің бәрін ескере отырып, біз процессуалдық мәжбүрлеу деп қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына кедергісіз жетуге бағытталған, қылмыстық іс жүргізу қатынастарының қатысушыларына ықпал етудің, заң нормаларымен бекітілген, ерекше өзіне тән тәсілдерінде көрініс табатын, қылмыстық іс жүргізудің реттеу әдісін түсінеміз.

Қылмыстық іс жүргізу әдебиетінде күштеудің мәні, оны қарама-қарсы мағынасы бар, қос категориямен, сәйкестендіру жолымен анықталады. Әңгіме сендіру әдісі туралы жүргізіліп отыр. Мәжбүрлеу қылмыстық процесте тұлға еркіндігін қандай да бір формада әрқашанда шектейді.

Оның философиялық тұрғылардағы құқық шектеуші бағыттылығын мәжбүрлеуді, мүмкінділік пен шындылық, еркінділік пен қажеттілік деген анықтамалардың ара байланысы мен ара келісуі арқылы қарастыруға, жеткілікті дәрежеге сәйкес келеді.


Философтар еркінділік пен танылған қажеттілігі негізіндегі, субъектілердің әрекеттерін түсінеді. Егерде қажеттілік әлі танылмаса, онда ол субъектінің ұмтылыстарымен қайшылыққа түседі.

Осы категориялардың ара қатынасы, қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеуінің механизінің ішкі, субъективті жағын бейнелейді. Мүмкіндік пен шындылық категорияларында объективті бастама салынған, оған сәйкес субъектіге мінездің көп деген мүмкінді варианттарының ішінен, бірқатар жағдайларға байланысты, қоғамның, бүкіл объективті табиғи-тарихи үдірістің қызығушылықтарына жауап беретін, бір ғана анықталған түрі ұсынылады. Жағдайлар нақты әлеуметтік жүйені мінездейтін экономикалық, саяси-идеологиялық факторларға тәуелді болады. Мәжбүрлеу шарасының қылмыстық сот өндірісінің саласында кеңтаратылуы. Біріншіден, қылмыстылық сияқты, әлеуметтік құбылыспен белсенді күресінің қажеттілігіне байланысты.

Бұл қоғамның әділеттілік мақсаттарына жету мүдделеріне тең келетін тұлға заңды мүдделері мен құқықтарын шектейтін, мәжбүрлеу шараларын қолдануды реттейтін басты жағдайларының бірі болып табылады.

Мәжбүрлеудің, соның ішінде қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеудің қоғамдық дамудың қазіргі кезеңде әрекет етуі мен шарасыздығы заңға сыйымды.

Қылмыстық іс жүргізудегі қолданудың гуманитарлық мәселелері, заң шығарушы күштеп ықпал етудің мөлшерін нақты анықтауға ұмтылған кездегі, мәжбүрлеудің аумағының тарлауына байланысты объективті тенденцияда көрініс табады¹. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шараларын қолдану, сол заңдарды қолданатын лауазымды тұлғалардың субъективизімі мен бассыздығынан тұлға құқықтары мен заңды мүдделерін шектейтін заңмен нақты және қатаң белгіленген.

Іс жүргізушілік мәжбүрлеуді белгілейтін нормаларды жүзеге асыру үрдісінен басқа ешбір құқық қолданушы әрекеттердің саласында, азаматтардың қызығушылықтары айқын шектеліп қысылмайды. Қазіргі кезде тергеу мен тергеу органдарының тәжрибесінде, өкінішке орай, заңсыз және негізсіз ұстаулардың, қамаулардың, тінтілердің және басқа мәжбүрлеу шараларының фактілері кездеседі. Әділетсіз мәжбүрлеудің нәтижесінде қоғамның ішінде қарсы әрекеттер туа бастайды, және “қоғамның психологиясында мемлекеттік реттеуге қарсы қайшы қатынастары қалыптасады”.

Ал енді сондай мәжбүрлеуді бассыз қолданудың әлеуметтік тиімсіз нәтижелерінің қатарына, сондай-ақ пайда болған мәжбүрлеуді жоққа шығаруды қандай да бір дәрежеде жоюда көрініс табатын мемлекеттің реакцясында да жатқызған жөн, бұл жерде мемлекеттік реакция мәжбүрлеуді одан әрі күшейту мен түршіктіру жолымен бейнелейді.

Тергеуді жүргізіп отырған тұлғаныңшешімінің күштеу міңезі, екі фактормен сипатталады. Біріншіден, жеке тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібін анықтайтын қылмыстық іс жүргізу заңының нормалары, мысалға, шығарылған қаулының орындалуының міндеттілігін тікелей қарастыратын куәландырулар. Екіншіден, тергеу үрдісінде қабылданатын шешімдерді күштеп орындау мүмкінділігін қамтамасыз ететін ҚР КІЖК-нің тиісті бабында, бұл шешімдердің қатысты шығарылған тұлғалар, мекемелер, ұйымдар үшін міндетті мінезі көрсетіледі. Бірақ та тергеушінің, алдын ала тергеуді жүгізуші тұлғаның қаулыларының бәрі мәжбүрлеу кепілімен қамтамасыз етіледі. Қылмыстық процестегі мәжбүрлеудің мәнің былай түсіну мәжбүрлеу тәсілдерін негізсіз кеңейтуге қайтадан әкеліп соқтырады.

Сонымен қатар мәжбүрлеу қылмыстық сот өндірісінде тек қандай да бір процессуалды құралды азаматтардың заңмен бекітілген құқықтары мен бостандықтарын шектеуге бағытталғанда ғана орындалады. Осы көзқарасқа сәйкес, мәжбүрлеу кепілі бар тәсілдерге мыналарды жатқызуға болады: ұстау, бүлтартпау шаралары, стационарлық бақылау үшін психиатриялық /немесе басқа медициналық/ мекемеге орналастыру, тінту, алу, мүлікке қамау салу, куәландыру, салыстырмалы сарапшылық зерттеу үшін үлгі алу, лауазым орнынан алып тастау, пошта-телеграфтық хат жазысуға арест салу мен алу, келтіру, прокуратура, сот тергеу орындарының шақыруы бойынша келіп тұру міндеттемесін алу, тұратын мекен-жайын ауыстыру туралы хабарлап отыру.

Мәжбүрлеу тәсілдерінің бұл тобын, қылмыстық процесс теориясында қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары деп атаған жөн.

Заңды әдебиетте қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шараларының мәні туралы сұрақ жөнінде біркелкілік көзқарастардың бірігуі жоқ. Қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шараларын осы қасиеттері жоқ басқалардан ажыратып шектеу үшін объективті және субъективті критерийлер мәселесін дұрыс қарастырған жөн. Олармен әр түрлі процессуалдық мәжбүрлеуші шаралардың ортасы анықталады, өз қатарында оларды қолдану азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу мүмкін.

Осының нәтижесінде, соңғылар күшейтілген қорғау мен сақтауды қажет тұтады. Ал қандай бір критерийді қабылдау қылмыстық – процессуалдық мәжбүрлеу мәнің түсінуден шығады. Мәжбүрлеу тәсілдерінің басты қасиеті олармен құқық шектеуші бағыттылығы болып табылады деген клнцепция процессуалист-ғалымдардың ішінде көп таратылды.

В.М.Корнуков, З.Ф.Коврига, Ф.М.Кудин, З.Д.Еникеев., З.З.Зинатуллин және т.б. И.Ребане мен О.Ә. Лейстің мәжбүрлеудің объективті мінезі туралы жалпы теориялық көзқарастарына сүйене отырып, ықпал ету шараларының ішінде мәжбүрлеу шаралары тек объективті қасиетінің арқасында ғана ерекшеленеді деген қортынды жасайды4.

Мәжбүрлеудің объективті мінезі, егерде мәжбүрлеу шараларын қолдану үрдісінде жүзеге аспаса да, онда солардың ішінде міндетті түрде көрініс табады. Заңды “процессуалдық мәжбүрлеу шаралары деген темин жоқ. Ол жиынтықтаушы мінездегі ие болады. Бұл топтың қылмыстық-процессуалдық тәсілдердің көпшілігі ішінен бөлініп шығыуынан критерий болып отырған олардың потенциалды түрде қалыптастырылып енгізілген, объективті мәжбүрлеуші мінезі. Басқаша айтқанда, бұл шаралар физикалық немесе психологиялық мәжбүрлеудің элементтеріне ие болады, бұл элементтер, сот өндірісінің қандай да бір қатысушысымен өзінің міндеттерін ерікті орындаудан бас тартқан жағдайда мәжбүрлеу механизмінің жүйесінде аса маңызды ”рычагтар ретінде әрекет етеді”. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары деп біз сот өндірісі аумағындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің қандай да бір тәсілін түсінеміз5.

Мәжбүрлеу шараларын қолданудың шұғылдылығын ең біріншіден қоғамдық қаупті әрекетті жасаумен, қылмыстық-құқықтық норманың тыйымдарын бұзумен сипатталады.

Мәжбүрлеу элементі тек процессуалдық әрекет позитиві нормалардың әрекет етудің негізінде қалыптасқан жағдайда ғана жоққа шығады. Яғни позитивті нормалар бұл-рұқсат етілгеннің шегінен шықпайтын тұлғалардың мінезін анықтайтын нормалар. Ал қылмыстық процесс саласында әңгіме қандайда да бір тұлғаның құқыққа қайшы әрекетінен туатын, құқықтық реттеудің пәні туралы қозғалады. Қылмыстық-процессуалдық қатынастарда реттеуші емес қорғаушы қызметі басымболады. Бұның бәрі процесс қатысушылармен өз міндеттерін тиісті орындау үшін, мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану мүмкінділігін қарастырады.

Қорытып айтсақ, объективтік концепция тұлға үшін ыңғайсыз, тиімсіз құқықтық салдарды қамтиды. Бірақта мәжбүрлеу шараларының мәні бұл тұрғыда толық мөлшерде ашылмайды.

Қандай да бір шараларды күштеушілерге жатқызу барысындағы субъективті критерий концепциясы аса тыңғылықты оның “тұлға бостандығы және қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің монографиясында ұсынылды. Бұл монография 1985 жылы жарық көрді. И.Л.Петрухин процнссуалды мәжбүрлеуші тәсілдердің ортасын анықтауда объективті критерийдің жақтастарының көзқарастарына көнбей, келесідей ереже шығарады: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеумен байланысты процессуалдық ықпал етудің объективті-мәжбүрлеуші мінездемесі тергеу әрекетін процессуалдық мәжбүрлеу шараларына жатқызудың критерийі болып есептелмейді, өйткені ол тек процессуалдық міндет субъектісімен ғана мақұлдануы мүмкін¹. Және әрі қарай: еркін көңіл білдіру саласынан процессуалдық мәжбүрлеудің бөлінуінің критерийі болып азаматтың, өзіне жүктелген міндетке деген психикалық қатынасы табылады. Егерде азамат өзіне осы міндетті жүктеуді мақұлдаса, онда ол мәжбүрлеу жоқ деген мағынаны білдіреді. И.Л.Петрухиннің ойы бойынша, нақты жағдайда әңгіме тұлғаның өзін-өзі шетеу туралы жүріп отыр. Процессуалдық мәжбүрлеу мәнінің ұсынылған түсініктемесінің ерекшелігін есептей отырып бірнеше қайшы көзқарастар туады. Біріншіден, критерий жеткілікті дәрежеде тыңғылықты және нақты емес, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларының түсінігі қылмыстық сот өндірісінің қандай да қатысушының субъективті көзқарасына тәуелді тым көмескі болып табылады. Екіншіден, ұсынылған критерий, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарына айыпкердің /сезіктігін келуін қамтамасыз ететін, превентивті-процессуалдық шараларға тартылмайды. Әңгіме, мәжбүрлеу шарасы ретіндегі қамауға алу және қылмысты жасағанында сезікті ретінде ұстау туралы. Қолданылған шараларға ұсталған мен қамауға алынғанның тәуелсіз заң, қосымша құқықтарға иелендіріп оларға белгілі құқықтық мәртебені кепіл етеді. Яғни, нақты тұлғалар категориясының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды нығайту қажеттілігін мойындайды. Ал егер біз келтірген мысалдарға айыпты /сезікті/ адам өз бетімен оның жеке бостандығы мен қолсұқпаушылығын шектеуден туындайтын қандай да айырулар мен шектеулерді иелену міндеттілігін өзіне жүктесе, онда бұндай қатаң және қиын шараларды қолданудың көмегіне жүгінудің ешбір қажеттілігі тумайды.

Егерде басқа құбылыстардың қандай да бір тобының класының мазмұнына енгізілетін құбылыс, оларды біріктіруші ерекшеліктерге ие болмаса, онда формалды логика ережелеріне сәйкес бұндай критерий мен жіктелу шарттыдан асып кетеді. Үшіншіден, шектеулерді “өзін-өзі шектеу” деп тұжырымдаумен келісу қиын. Егерде өзін-өзі шектеу туралы айтсақ, онда басқа азаматтардың, мемлекеттік және қоғамдық мүдделерімен байланыссыз тек қана тұлға мүдделерін ескеруіміз керек. Ал қылмыстық сот өндірісінің саласында бұндай өзін өзі шектеу, процессуалдық міндет субъектісімен, сырттан жүктелген өзін белгілі құндылықтардан айыру қажеттілігі ретінде қабылданады.

Өзін өзі шектеу, құқықтық нормалардың құқық шектеуші мінезіне байланысты туындаған нәтиже болып табылады, И.Л.Петрухин субъективті критерийді негіздеу үшін, тергеуді немесе басқа да тергеу әрекетін жүргізу үшін, тергеушінің шақыру бойынша куәнің келуін қамтамасыз етуінің мысалын келтіреді6. Куәнің мінезінің варианттарын таңдау мүмкінділігі бар: ерікті келу, ерікті себептердің басым болуының нәтижесіндегі келу, күштеп ықпал етудің басымдылық көрсеткен жағдайындағы келу және мәжүрлеп келу.

Бұл міндетті ерікті орындағанда мәжбүрлеу туралы ешбір әңгіме болмайды деген тұжырымдамада дұрыс /бұнда құқықтық шектеу реттеуші мінездеме болады/. Бірақ та әрі қарай, біздің ойымызша, ол құқыққа сиымды талқылаудың пәнің кеңейтеді. Өйткені куәнің шақыруы бойынша келмеуі жағдайында мәжбүрлеу шарасы ретінде, істің тергеудің жүргізіп отырған тұлғаға жай шақыру емес, /привод/ еріксіз келтіру қарастырылады. Мәжбүрлеу шараларына шақыру бойынша келуді қамтамасыз етудің барлық формалары жатқызылмайды, ал тек еріксіз келтіруге байланысты, психикалық немесе физикалық ықпал етумен ілесетіндері ғана жатқызылады И.Л.Петрухиннің көзқарасын жақтырмай, В.Н.Корнуков объктивті концепция пайдасына негізделген аргумент келтіреді. Оның көзқарасы бойынша процессуалдық мәжбүрлеу көп жағдайларда, құқық субъектілерінің қарсыласуын тікелей жеңу формасында емес, ол тек потенциалдық мүмкінділік түрінде жүзеге асады7. Мәжбүрлеу шараларын қолдану қылмыстық-процесуалдық нормалармен алдын ала қарастырылып бекітілген және жеке азаматтардың рұқсат етуін есепке алмайды. Тұлғалардың өзін өзі шектеуге ұшыруға келісім берген жағдайында тұлғаның құқықтарын шектеу мәжбүрлеуші болуы мүмін емес. Мәжбүрлу шараларын қолдану үрдісі барысында физикалық ықпал етудің де қолдануының әрқашанда шынайы қауыбы пайда болады. Тұлғалардың “өзін өзі шектеуге” ұшырауға келісім беруі процессуалдық мәжбүрлеу шарасын оның объективті мәжбүрлеу мінезін айырмайды, ал тек қана мәжбүрлеудің субъективті сезімін жояды.

Ал біз қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларының сұрағына басқаша көзқарасты қалыптастырамыз. Бұл сұрақты тұлға құқықтарын аксиологиялық мінездеумен байланыстыру қажет. Өйткені процессуалдық мәжбүрлеу ең біріншіден заңмен бекітілген шектердегі тұлға бостандығын шектейді. Мәжбүрлеуді құқық шектеуші критерий арқылы емес, субъектіге ұсынылған бостандық арасы тек қана құқықпен емес, сонымен қатар оданда кең әлеуметтік ауқымда анықталған, бұл сұрақты қарастырудағы, кезекті адам болып табылар еді. Егерде заңмен заңды ұстанушы азаматтардың еркін тәртібінің аумағынан ерекшеленетін қылмыстық процестің қандай да бір субъектілерінің бостандығына шектер орнатылса, онда нақты жағдайда мәжбүрлеу элементінен құтыла алмаймыз. Мәжбүрлеу дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ ол оның мәнің өзгертпейді. Мәжбүрлеп ықпал етуге кез болатын тұлға, бұл жерде физикалық немесе психикалық ықпал етілетін объекті болып табылмайды. Ол-арнайы мәртебесі бар қылмыстық процессуалдық қатынастардың толық құқылы қатысушысы. Сонымен қатар бұл құқықтық ережесінің пайда болуының лауазымды тұлғалар мен органдары түріндегі мемлекет еркінен тәуелді екендігі көрінеді. Қылмыстық-процессуалдық шаралардың мәнің бұлай түсінуде, мәжбүрлеп ықпал етудің субъективті және объективті тараптары арасында қайшылықтар тумайды.

Процессуалдық мәжбүрлеу аталған талаптардың диалектикалық бірлігімен мінезделеді. Яғни, объективті критерийде бірінші қатарға тергеуді жүргізіп отырған лауазымды тұлғалар түріндегі мемлекеттік еркі шығарылады. Ол процестің мәжбүрлеп қатыстырылып отырған тұлғасының еркінінен потенциалды, объективті тәуелсіз және мәжбүрлеу шарасымен қамтамасыз етіледі.

Ал субъективті критерий, процессуалдық ықпал етуге ұшырылатын сот өндірісінің қатысушысының санасымен еркін абсолюттендіреді де, процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданудың айқын көрсетілмеген шектерін бекітіп, еркін тәртіптің шекараларын анықтайды.Процессуалдық мәжбүрлеудің мәнің біздің түсінуімізде тұлғаның әлеуметтік-құқықтық дәрежесі, ол үшін қажетті құндылықтар мен байлықтардың қол жеткізетіндігінің дәрежесі ескеріледі.Қылмыстық сот өндірісі саласында тұлға заңды қызығушылықтары мен құқықтары қаншалықты шынайы қамтамасыз етілетіндігі, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шарасының мәні туралы сұрақтың дұрыс шешілетіндігімен байланысты екенін айта кеткен жөн. Соңғы уақытта процессуалист-ғалымдар процессуалдық мәжбүрлеу шарасымен қатар, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің тәсілдері ретінде, қылмыстық-процессуалдық жауапкершілік, қылмыстық-процессуалдық санкциялар, құқықтық тәртіпті қорғау мен заңдылықты орнына келтіру шаралары аталынады.Мәжбүрлеуді оның көрініс табуының әр түрлі формаларында қарастырған жөн. Ол өзіне, қылмыстық-процессуалдық санкциялармен қатар қылмыстық-процессуалдық жауапкершілікті енгізеді.

Санкциялардың мінезіне байланысты мәжбүрлеу тәсілдерін құқықты орнына келтіруші және жазалаушы орнына келтіруші деп бөлуге болады8. Құқықты қамтамасыз етуші тәсілдердің ерекшелігі қылмыстық процесте мәжбүрлеудің үш негізгі формаларын бөліп шығаруға мүмкіндік береді:

1/ процессуалдық заң нормаларымен қарастырылған тұлға үшін тиімсіз, жағымсыз, алдын ала анықталған тәртіп ережелерін орындамаудың құқықтық салдары ретіндегі қылмыстық-процессуалдық санкциялар;

2/ тұлғаның аталған салдары шыдау міндеттілігі мен көрсетілген санкциялардың әрекет етуі ретіндегі қылмыстық-процессуалдық санкция; 3/ қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары. Қылмыстық –процессуалдық мәжбүрлеуді институционализациялау белгілі критерийлерді өндіріліп шығарылуын қарастырады, оларға сәйкес қандай да бір мәжбүрлеп ықпал етудің шаралары бөлініп шығарылады. Осындай критерий ретінде, құқықтық норманың нұсқамаларын ерікті орындамаудың құқықтық салдарының мінезін атауға болады. Сонымен қатар заңгер ғалымдар басқа да критерийлерді келтіреді: орындалмаған міндетті басқасымен ауыстыру, орындалмаған міндет туындайтын құқықтан айыру, құқықтық қатынас субъектісіне жаңа қосымша және бар міндеттемені жүктеуі. Аталған салдарға И.С.Самощенко мен М.Х.Фарукшин, сонымен қатар тағы да “мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдау фактісін, міндеттемені тұлға еркінен тыс, мәжбүрлеу арқылы орындауды жатқызады”. Қылмыстық-процессуалдық санкцияларды, алдында орындалмай кеткен міндеттемені жаңасына ауыстыру және қосымша міндеттемені жүктеу деп түсінуге болады. Қылмыстық-процессуалдық норманың санкциясын жүзеге асыру процессуалдық жауапкершілікті қалыптастырады. П.С. Элькиндтің ойы бойынша, қылмыстық-процессуалдық құқық нормаларын ұстану, сақтау тек қана қоймайды, сонымен қатар мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа да түрлерінің мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі /қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік мәжбүрлеу/.

Мұндай көзқарасты Б.А.Галкин, А.И.Столмаков та ұсынады. Қылмыстық-процессуалдық құқықтың нормаларын қамтамасыз етудің мінездемесі туралы сұраққа басқа да көзқарас бар. В.М.Горшеневтің ойы бойынша, қылмыстық және әкімшілік құқық санкциялары материалдық құқықтың көрсетілген нормаларын бұзғанда ғана қолданылады¹. Қылмыстық сот өндірісіндегі қорғаушы тәсілдердің кең түсінуінің жақтастары, В.М.Горшеневке қайшы келіп, таза процессуалдық шегінен шығатын, КІЖК нормаларының бұзылуына көрсетеді. Олар, құқықтың әр түрлі салаларымен реттелетін-процессуалдық және материалдық процесс саласындағы құқық бұзушылықтардың комплексті, күрделі мінездемесін жақтайды9.Сонымен қатар П.С.Элькинд тағы да былай дейді, әртүрлі құқықтық нормалардың санкциялары, қылмыстық сот өндірісінде жалпы ереже бойынша, қылмыстық-процессуалдық санкциялардың орнына емес, олармен қатар қолданылады.

Қылмыстық процестегі құқықты қорғаудың тәсілдерін бұндай кең тұжырымдаумен біз келісе алмаймыз. Материалдық құқық нормаларын бұзудың негіздері мен құқықтық салдары осы нормалардың диспозицияларында қарастырылған10. Сот өндірісі саласында, қылмыстық-құқықтық, әкімшілік, тәртіптік, азаматтық-құқықтық және қоғамдық ықпал етудің тәсілдерінің көмегімен жүгіну қажеттілігі кейде туады. Бірақ бұл жағдайдан, біздің көзқарасымыз бойынша, екі қорытынды шығады. бріншіден, қылмыстық-процессуалдық қатынастар шегінде жүзеге асатын, тәртіптік, әкімшілік, азаматтық, құқықтық және қоғамдық мінездегі санкциялар қылмыстық-процессуалдыққа айналады және өзімен тек процессуалды қасиеттегі қолайсыз нәтижелерді туғызады. Бұл тұжырымдаманы жоққа шығару, құқықтық мәжбүрлеудің жеке дара түрі ретіндегі, қылмыстық-процессуалдық жауапкершілікті жоққа шығару болып та есептелер еді.

Екіншіден, егерде бұндай орын ауыстыру жүзеге аспаса, онда санкциялар, оларды жүзеге асыру саласы қылмыстық-процессуалдық сот өндірісінің шектерінен тыс шығады /әңгіме қылмыстық-құқықтық, азаматтық құқықтық санкциялар жөнінде жүріп жатыр/.Бұндай шараларды қолдану үшін негіздер қылмыстық процесс шегінде қалыптасады. Бірақ оларды жүзеге асыру үдірісті оның бүкіл сатыларымен бірге талап етеді. Яғни, қылмыстық процестегі мәжбүрлеу, толық түрде, өзіне тек қылмыстық-процессуалдық ықпал ету тәсілдерін енгізеді. Ал мәжбүрлеудің басқа түрлері /материалды/ олармен сот өндірісі саласында қолданудың, негіздерінің маңызын ғана бейнелейді. Процессуалды емес санкцияларды жүзеге асыружаңа, қосымша өндірісті көздейді. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары. Санкцияларға қарағанда, бір ғана мақсатты көздейді-сот өндірісінің өзінің келесі сатыларына, кедергісіз ауысуы үшін тиімді жағдайларды туғызу. Соңғы уақытқа дейін процессуалдық әдебиетте, ерекше алғанда оқулықтарда бүкіл қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу процессуалдық мәжбүрлеу шараларына жатқызылды11. Оларға көп авторлар мәжбүрлеу шараларын ұстауды, тінтуді, алуды және т.б. бірқатар әрекеттерді жатқызады, ал кейбір процессуалистер тек қана мәжбүрлеу шараларын ғана жатқызды. Бірақта қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу көлемі бойынша, бұған қарағанда, аса кең және бір қалыпты емес. Бір жағдайларда ол қылмыстық-процессуалдық нормаларды орындамау немесе тікелей бұзудың нәтижесі болып табылады да жауапкершілік ретінде көрініс табады. Ал басқа жағдайларда-құқықтық нормалардың нұсқамаларын тиісті орындаумаға байланысты болса да, заңдылықты орнына келтіру мен құқықтық тәртіпті қорғаудың шаралары түрінде бейнеленеді, ал үшіншіден, белгілі әрекеттердің алдын алудың тәсілі ретінде және дәлелдемелерді алу мен іздеу үшін қажетті жағдайларды тудыру үшін қолданылады. Процессуалдық мәжбүрлеу шаралары деп аталатын бұлтартпау шаралары-ұстау, тінту және т.б. әрекеттер жатқызылатын мәжбүрлеу тәсілдері, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің тек бір бөлігі болып есептеледі. Оларды қылмыстық жазалу шараларынан ажыратқан қажетті және сонымен қатар олармен процессуалдық жауапкершілікпен, қылмыстық - процессуалдық нормалардың санкцияларымен араластыруға болмайды. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының қылмыстық жазалау шараларынан айырмашылығы келесіде. Жазалау сотпен тек, қылмысты жасағаны жөнінде кінәлі болып табылған тұлғаға ғана қолданылады. Ал процессуалдық мәжбүрлеу шаралары тек қана сотпен ғана емес, сонымен қатар тергеуді жүргізіп отырған тұлғамен, тергеушімен, прокурормен де қолданылуы мүмкін. Олардың қолданылуы қылмыстық жазаға қарағанда, істің шешілуінің нәтижесімен тұлғаны кінәлі деп танумен алдын ала анықтамайды, ол қылмыстық-процессуалдық әрекеттің дамуын қамтамасыз етудің қажеттілігімен сипатталады12. З.Ф.Ковриганың көзқаратары жүйелі емес. Процессуалдық шаралардың процессуалдық жауапкершілікпен процессуалдық санкциядан айырмашылығын мойындай отырып, ол сонымен қатар былай деп жазады: “Құқықтық қамтамасыз етудің бұл тәсілдерінің бірлігі, олардың құқық бұзушылық факторымен пайда болатындығында”. Оның тұжырымдамасы бойынша, нақты жағдайда, құқық бұзушылық деп қылмыстық-процессуалдық бұзушылықтар ескеріледі ал кері жағдайда айтылған анықтама өзінің қандай да мағынасынан айрылады. өйткені бүкіл қылмыстық процесс қылмысты жасауға, яғни қылмыстық құқық бұзушылыққа байланысты пайда болады. Бұлай болса, онда бүкіл процессуалдық мәжбүрлеу не процессуалдық жауапкершілік, не процессуалдық санкциялар болып саналады. Процессуалдық мәжбүрлеу шаралары мен прцессуалдық санкцияларды теңдестіру жағдайынан қалыптасқан біздің көзқарасымызды И.Л.Петрухин мен З.Ф.Коврига қате деп есептейді. Процессуалдық мәжбүрлеуді процессуалдық жауапкершілікке, процессуалдық санкцияларға және процессуалдық мәжбүрлеу шараларына бөле отырып, мәжбүрлеудің бұл түрлерінің олардың қолдану негіздері мен мақсаттарына байланысты айрықшаланатындығын көрмеуге болмайды.

Процессуалдық санкцияларды, қылмыстық-процессуалдық нормалардың талаптарын орындамау немесе бұзу фактісі жатады. Мәжбүрлеу бұл жағдайларда, не заңдылықты, құқықтық тәртіпті орнына келтіру мен бетке шығарылған бұзушылықтарды жою мақсаттарында, не құқықтық норманы бұзуға мойын бұрған тұлғаны жазалау мақсаттарында қолданылады. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану шынайы құқық бұзушылық фактісінен тікелей тәуелділікке қойылмайды. Көп жағдайларда бұл шаралар алдын ала қолданылады және бір мақсатты көздейді: қылмыстық-процессуалдық нормаларды бұзғызбау, тиісті тұлғаны заңмен талап етілетін тәртіпен басқаларының бәрін жоққа шығаратын жағдайларға қою. Мәжбүрлеу шаралары мен процессуалдық мәжбүрлеудің басқа шараларын қолданудың негіздері болып тұлғаның құқыққа қайшы тәртібінің мүмкін болуына көрсететін шынайы мәліметтер немесе ықпал етудің тиесілі тәсілі керек қылатын және қылмыстық-процессуалдық әрекетті қиындататын, басқа да жағдайлардың көрініс табуы табылады. Қорыта айтқанда, қылмыстық-процессуалдық санкциялар мен процессуалдық жауапкершілікке қарағанда, мәжбүрлеу шаралары бұл қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына жетуді тікелей қамтамасыз етуші, айыпкер /сезікті/ тарапынан жасалынатын процессуалдық бұзушылықтарың алдын алу мен жоюдың тәсілдері. Процессуалдық мәжбүрлеу шаралары келесі жағдайлармен мінезделеді:

1/ олар тек қана қылмыстық сот өндірісінің саласында қолданылады;

2/ оларды қолдану мүмкін етілетін, қатысты тұлғалардың еркі мен ықыласына тәуелсіз қолданылады;

3/ бұл шараларды қолдану тұлға құқықтарын белгілі бір шектеумен байланысты, ерекше алғанда жеке бостандық құқығы, дене қолсұқпаушылығы, еркін жүріп, тұрып мен әрекет етуді тандау құқығы, хат жазысу құпиясы мен пәтер-үй қолсұқпаушылығы құқығы;

4/ нақты шаралар, оларды қолдану негіздері, шарттары, шектері мен тәртібі қылмыстық процессуалдық заңмен қатаң шектеледі, қолдануға мүмкін тиісті тұлғалар;

5/ оларды қолданудың заңдылығы мен негізділігі саяси, экономикалық, құқықтық, соның ішінде қылмыстық-процессуалдық кепілдіктердің жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Қорытындыға былай айтуға болады: процессуалдық мәжбүрлеу шаралары жеке өзіндік логикалық құрлысы бар қылмыстық-процессуалдық құқықтың бөлек нормалары ретінде қарастырылады.

Процессуалдық мәжбүрлеу шаралары қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін тиісті жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсаттарында, қылмыстық істерді тергеу мен шешу үрдісінде пайда болатын,мүмкін және айқын кедергілерді жою үшін айыптыға, сезіктіге, жәбірленушіге, куәға және т.б. тұлғаларға қатысты сотпен прокурорға тергеушімен және алдын ала тергеу органымен, заң мен қатаң бекітілген тәртіптерде қолданылатын, қылмыстық-процессуалдық заң шығарушылықпен қарастырылған мәжбүрлеу мінездегі процессуалдық тәсілдер деп анықтауға болады. Қылмыстық процесте көптеген әрекеттер оның жеке қатысушыларының ықыласына қарсы жүзеге асырылады, бұл тұрғыда күштеудің бір қатар дәрежесінен айрылады. Бұл әрекеттерге куә мен жәбірленушіні көрсетулер беруі үшін, экспертті сараптама қортындысын беру үшін шақыруы қылмыстық жауапкершілікке тарту және т.б. жатқызылуы мүмкін. Осы негізде жекелеген авторлар бұндай да әрекеттерді процессуалдық күштеу шараларына жатқызу теоретикалық және тәжрибелік тұрғыдан негізсіз расталмаған т.б.

Процессуалдық күштеу шаралары алдында қойған мақсаттары орындаумен қылмыстық процестің дұрыс дамуын қамтамасыз етуге бағытталған және сол бейнеде, өзінің оларға көрініс табатын, күштеу мінезіне байланысты шығатын ерекше тәсілдер болып табылады. Қылмыстық-процессуалдық күштеу мемлекеттік күштеудің бір түрін бейнелейді. Ал соңғысы, арнайы актілер түрінде және құқықтық нормалардың шегінде мемлекеттің лауазымды тұлғалары мен құзіреті бар органдармен қолданылатын, қоғамдық өмір субъектілеріне, сонда көрініс тапқан мемлекет пен қоғам еркін қызығушылықтарына олардың еркін мінезін бағындыру мақсатында психикалық, физикалық немесе материалдық ықпал ету. Қылмыстық-процессуалдық күштеудің қылмыстық сот өндірісінде ғана орын алуы мүмкін екендігін айта отырып, біз “биліктік қатынастар” түрінде көрініс табатын, нақты қылмыстық-процессуалдық күштеу шаралары қолдануда қалыптасатын және дамитын қатынастар мен әрекеттердің мемлекеттік биліктік мінезін бетке шығарамыз13.

Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрледі қолдануды құзыреті бар субъектілер ортасы заңда нақты анықталған-бұл алдын ала тергеуді жүзеге асырып отырған тұлға, тергеуші, прокурор, судья және сот.

Процессуалдық мәжбүрлеу ең алдымен қылмыстық сот өндірісін жүзеге асыру үрдісінде пайда болатын “конфликтік жағдаймен” және оның мақсаттарын қамтамасыз етудің қажеттілігі мен күрделілігімен шығатын жағдайлармен сипатталады. Біз қылмыстық іс қозғалғаннан кейін пайда болуы мүмкін болатын жағдайлар туралы айтып отырмыз. Яғни, қылмыстық істі қозғау қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеуді қолданудың шарттарының бірі т.б. деген факт туындайды.

Бір жағдайларда қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары қылмыстық-процессуалдық қатынастардың белгілі бір субъектілерінің процессуалдық-құқықтық нормалардың нұсқамаларына сәйкес келетін тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған басқа жағдайларда дәлелдемелік материалдарды алу мен зерттеуді қамтамасыз етуге шақырылады.

Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу қылмыстық-процессуалдық әрекеттің қатысушыларын жеке, мүліктік немесе ұйымдық мінездегі құқықтық шектеулерде көрініс табатын мемлекеттік ықпал етудің әдісі, оларға заңмен анықталған негіздердің болуында тергеу, прокуратура, сот органдарымен, әділ сот мүдделеріне қауіп төндіретін әрекеттерді жою үшін және қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарын тиімді шешу шарттарын қамтамасыз ету мақсаттарында процессуалд-құқықтық мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкін.

Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеуді қолданудың әр түрлі:

1/ дәлелдеу саласы: қылмыстық сот өндірісінің сәйкес субъектілерінің ықыласына қарсы дәлелдемелерді табу мен тексеру жөніндегі тергеу және сот әрекеттерін жүргізу;

2/ процессуалдық құқық-қолданушы актілердің заңдылығын қамтамасыз ету саласы:

а/ тергеушінің, прокурордың, соттың заңсыз актілерін, толық немесе жеке бөлек, жоққа шығару;

б/ жеке /ерекше/анықтаманы/қаулыны/ шығару, егерде заң бұзылмаса;

в/ тергеушінің жіберген қателіктеріне байланысты, тергеуге қатыстырмау;

г/ отводтар

3/ құқыққа қайшы,тәртіпке қарсы әрекет жасау саласы-айыппұл шаралары;

4/ тұлға құқықтарын кепіл ету саласы-процесс қатысушысының оның процессуалдық құқығын жүзеге асыруға мәжбүрлеу;

5/ превенция саласы:

а/ мәжбүрлеу шаралары кәмелеттік жасқа толмағанды қарауға беру,келу жөніндегі айыпкердің міндеттемесі, ұстау;

б/ лауазымдылығынан босату және мүлкіне қамау салу түріндегі айыпкердің керексіз әрекеттері мен мүмкін болатын құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі шаралар;

в/ мәжбүрлеу шарасын аса қатаң түріне өзгерту немесе мәжбүрлеу шарасын тағайындағандағы енгізілген залогты /кепілді/ мемлекет кірісіне енгізу.

Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары өзінің мінездемесі бойынша бірдей емес және оларды қолдану әр түрлі мақсаттарды көздейді14. Олардың біреулері айыпкердің өзінің қылмыстық әрекетін әрі қарай жалғастыруының мүмкінділігінің алдын алуға бағытталған, оның тергеуден немесе соттан жалғастыруының мүмкінділігінің алдын алуға немесе оны тергеу іс жүргізу әрекеттеріне кедергі жасауының алдын алуға бағытталған /мәжбүрлеу шаралары, ұстау, лауазымдылығынан босату/. Басқалары тұлғаларды тергеу немесе сот органдарына әкелуінен қажеттілігіне байланысты /привод/. Үшіншілері, дәлелдемелерді табу мен процессуалдық бекітуіне бағытталған /тінту, алу, куәландыру, салыстырып зерттеу үшін үлгілерді алу/. Төртіншілері, мүлкін тәркілеусаласында, үкімді орындауды қамтамасыз етудің тәсілі ретінде қызмет етеді /мүлкіне қамау салу/. Осының бәрін қорытындылап айтсақ, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын өзінің тағайындалуы бойынша үшке бөлуге болады:

1/ заңға қайшы әрекеттердің алдын алу, жою тәсілдері;

2/ тиісті мінезді, құқық бұзудың алдын алуды қамтамасыз етуі тәсілдер;

3/ дәлелдемелерді алу тәсілдері.

Жоғары да айтылғандай, айтылған кепілдіктердің бірі болып процессуалдық мәжбүрлеу шараларының тек қана қозғалғаніс бойынша ғана қолданылатын т.б. Мәжбүрлеу шаралары және кейбір басқа процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін тұлғаны айыпкер ретінде тарту қажетті /лауазымдығынан айыру/.

Заң нақты түрде процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдануға құзіреті бар лауазымды тұлғалардың ортасын анықтайды және олар қолдануы мүмкін, мәжбүрлеп ықпал ету қажеттілігін растайтын, нақты жағдайлардың, яғни негіздердің болуында ғана, тұлғалардың ортасын анықтайды. Жоюшы мінездегі мәжбүрлеу шараларын қолдануда бұл жағдайлар субъектінің мүмкін және жасалатын құқыққа қайшы әрекеттерінде көрініс табады. Қамтамасыз етуші мінездегі мәжбүрлеу шараларын қолдануғажалпы негіз ретінде нақты тергеу әрекетінің нәтижесінде іс үшін маңызы бар дәлелдемелер табылады деп есептеуге мүмкіндік беретін мәліметтердің болуы көрініс табады. Заң, мәжбүрлеу шараларын қолданудың процессуалды тәртібінқатаң анықтап шектейді. Бұл шаралар сот шешімі немесе тергеу органының негізделген қаулысы бойынша қолданылады. Бұл шешімдер мен қаулылар өз қатарында заңмен бекітілген жағдайлар мен тәртіптерде, қатысты шығарылған тұлғаға жария етіледі. Азаматтардың конституциясымен қорғалатын құқықтары мен бостандықтарын аса қатты шектейтін процессуалдық мәжбүрлеу шараларын анықтайды.
  1   2   3



Похожие:

I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты iconМазмұны Кіріспе I. Тарау. Соттылықтың құқықтық табиғаты
Автор өз жұмысында соттылықтың құқықтық табиғаты мен жаза тағайындаудың негіздерін және қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып...
I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты icon3-4 1-тарау.Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу
Таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі
I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты icon3-4 1-тарау.Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу
Таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі
I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты iconI тарау. Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы
Лексикалық табиғаты
I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты iconКіріспе 3 1 тарау. Туризи – табиғатты тану 7
Тарау. ОҢТҮстік қазақстан облысы, ТӨлеби ауданы, жаңажол елді мекенінде; Өткізілген туристік экологиялық жарыс 15
I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты icon2 Сот қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі
Сот қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі
I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты icon2 Сот қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі
Сот қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі
I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты iconМазмұны Кiрiспе Тарау-I. Омбы қаласы дала генерал-губернаторлығының 1882-1917жж
Тарау-іі. Омбы қаласының қазақ қоғамының экономикалық өмiрiне әсер етуi және Сiбiр темiр жолының ролi (1891-1917жж.)
I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты iconӨз құқығыңды білесің бе ?
Конститутциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттілерін іріктеп...
I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты iconÊiðiñïå I тарау. Íàðû қ òû қ ýêîíîìèêà æà ғ äàéûíäà ғ û жанама ñàëû лы қ тарыны ң òåîðèÿëû қ àñïåêòiëåði
Тарау. Íàðûқòûқ ýêîíîìèêà æàғäàéûíäàғû жанама ñàëûлықтарының òåîðèÿëûқ àñïåêòiëåði
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов