Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері icon

Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері



НазваниеДипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері
страница3/4
Дата06.05.2013
Размер0.84 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4

Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларындағы салықтық құқық бұзушылыққа салық санкцияларының қолдану тиімділігіне баға беру және оны талдау


Салық төлеушілердің салықтар, алымдар мен бюджете төленегін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы төлемеуі, салықты төлеуден жалтаруы экономикаға үлкен мөлшерде зиян келтіреді. Біздің елімізде қалыптасқан қазіргі жағдайды қарастырсақ, тәуелсіздігімізді алған кезден бастап салық заңын дамытуда көптеген жетістіктерге жеттік. Соның ішінде, салықтың жиналуын қамтамасыз ететін, салық бұзушылықтармен күресетін салық полициясьшың кұрылғаны жөнінде айтып кетуге болады. Өйткені, қолданылатын салық санкцияларын экономикалық жағынан талдауды осы салық полицияның, қазіргі кезде қаржы полицияның және салық комитеттерінің жүргізетін жұмыстарына суйене отырып жасаймыз.

Қаржы полиция органдары Мемлекеттік Кірістер Министрлігіне кіреді және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштердің құрамдас бөлігі болып табылады.26

Қаржы полицияның негізгі мақсаттары мынадай:

- экономикалық қылмыстар мен құқық бұзушылықтармен күресу;

- жемқорлық сипаты бар қылмыстарды анықтау, ескерту және жазалау;

- салықтық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу, ескерту және жазалау;

- акцизделетін өнімнің заңсыз айналымымен күресу;

- экономикалық қылмыстармен күресу жағынан жүргізетін мемлекеттік саясатын құру мен жүзеге асыруға қатысу;

- экономикалық қылмыстармен күресу саласында халықаралық

ынтымактастықта болу.

Ең өзекті мәселе - ол салықтан жалтарудың экономикаға ірі мөлшерде зиян келтіруі болып табылады. Ол көбінесе, салықтық түсімдердің жеткілікті түрде түспеген жағдайда, бюджет тапшылығын тудыруы болып табылады.

2003 жылдан бері біздің елімізде бюджет тапшылығының көрсеткіштерін қарастырғанымыз жөн.


Кесте-1

Салықтық түсімдердің бюджет тапшылықына әсері.

Жылдар

2003

2004

2005

Салықтық түсімдер

624058

735792

850777

Бюджет тапшылығы

-3278

-12998

+991

*Автордың құрастыруымен


Жалпы, 2004 және 2005 жылдардағы салықтық түсімдердің белсенді түрде көбейіп, бюджет тапшылығының едәуір қысқарғанын көруге болады. Бұнымен қоймай, 2004 жылы бюджет табыстары 2003 жылмен салыстырғанда 18%-ға өскенін көріп отырмыз, сонымен қатар бюджет тапшылығы азайып, оң дәрежеге көтерілді. Мемлекет бюджетінің табыстарының ұлғаюына мынадай факторлар әсер етті:

- салық заңының жетілдірілуі;

- салықтардың әкімшілік етуінің жақсартылуы, оған өткен жылдардағы салық бересі сомасының азаюы дәлел бола алады;

- салық органдарының экономикалық бақылау қызметінің жақсаруы. Өндіріп алу коэффициенті (тексеру нәтижелері бойынша есеіттелінген сомалардың ішіндегі өндіріп алынған сомалардың үлес салмағы) өткен жылдарға қарағанда біршама көтерілді;

- кәсіпорындардың қаржылық жағдайының жақсаруы және т.б.факторлар.

Міндетті төлемдерді өтеу жолындағы жұмыстарды барынша жетілдірмейінше, бүгінгі күні орын алып отырған қаржы тапшылығын және бюджетті толықтыру мәселесін шешу мүмкін емес.

Мерзімінде төленбеген төлемдерді азайту мәселесі - бұрынғысынша негізгі және бірінші кезектегі міндет болып саналады.Экономика саласында жасалған қылмыстар экономиканың дамуына үлкен зиян келтіріп отыр. Оның салық саласында жасалған бөлігі аз емес. 2003-2004 жылдар аралығында экономика саласындағы жасалған қылмыстардың келтірген залалын төмендегі кестеден көруге болады:

Кесте-2.

Келтірілген залал мен Өтелген залал мөлшері

Жылдар

2004жыл

2005жыл

Келтірілген залал (млн.тг)

4094,7

5445,9

Өтелген залал (млн.тг)

2252,1

3267,5


Сәйкесінше экономика саласында жасалған қылмыстарының келтірген залалының өтелу динамикасын қарастырамыз.


^ Диаграмма-1. Экономика саласында жасалған қылмыстарының келтірген залалының өтелу динамикасы

Алыну көзі: Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері 2004-2005жж.


Бұл жағдай кейде салық органдарының жіберген қателерімен байланысты болуы мүмкін. Ол салық инспекторларының тексерулерді салық заңы нормаларын сақтай отырып жүргізуге байланысты болады. Көптеген жағдайларда салық тексерушілер салық органдарының шешімімен келіспей қалады.

Диаграммадан көріп отырғанымыздай 2004 жылғы экономикаға келтірілген залалдың /4094,7 млн.тг/ 55%-ы өтелді. Ал 2005 жылғы экономикаға келтірілген залалдың 60%-ы өтелген. Яғни қаржы полициясы органдары экономикалық қылмыстармен және олардың экономикаға келтірген залалына қарсы күресін күшейтуде. Осы қаржы полициясының көмегімен көлеңкелі бизнестен бюджетке қайтарылған сомаларын мемлекет соғыс ардагерлеріне, зейнеткерлерге, мүгедектерге, яғни зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге жұмсайды. Қаржы полициясы спирттік, ішімдік және темекі өнімдеріне байланысты көлеңкелі бизнеспен күресуін күшейтуде. Сондай-ақ, жалған банкроттылықты және басқа да заң бұзушылықтарын ашуға бағытталған жұмыстар кең көлемде жүргізіліп жатыр.

Сол жылдардағы салық комитеттерінің жасаған жұмыстарының нәтижелері туралы айтып кетейік.

Кесте-3.

Салықтық тексеріс.

Жылдар

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

Салық тексерулерінің саны

14930

16559

18214


*Автордың құрастыруымен


Салықтардың түрлері бойынша жасалған салық бұзушылықтарына келсек, 2004 жылы ол мынадай түрде болды;

Бұдан көріп отырғанымыз: салық бұзушылықтарының едәуір көп бөлігін бюджеттің екі негізгі қайнар көзі құрайды. Өндіріп алынуға тиісті сомаларының ішінде ҚҚС-ғы 53 %-ды, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы - 35 %-ды құрап отыр. Сондықтан, тексеру кезінде осы екі салық түрлеріне көп көңіл бөлу керек.

Салық бересін қысқарту мақсатында салық органдары келесі шараларды қолданады:

1. Бюджет алдындағы борыштарды өтеу мақсатында салық төлеушілердің дебиторларынан өнімдер шығару арқылы қаражат өндіріп алу;

2. Мерзімінде міндетті төлемдерін өтемеген заңды тұлғалардың мүліктерін тізімге алып, оларды ашық аукцион арқылы тұтынушыларға сату әдісі. Мұндай арнайы ұйымдастырылған ашық аукцион мерзімінде төленбеген қарыздарды өтеудің шешуші факторы болып отыр. Бұндағы орын алып отырған кемшілік: тізімге алынған мүліктің өте жоғары бағалануы және оны сатып алу сұранысының жоқтығы.

Енді соңғы жылдардағы қалыптасқан жағдайды макро деңгейде зерттейік.

Кесте-4.

2003-2005 жылдар аралығындағы айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсетін түсімдер.

Жылдар

2003

2004

2005

Салықтық түсімдер

524058

635792

750777

Айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсетін түсімдер

2615

2621

3137

І.Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар мен санкциялар

176

570

875

2. Медициналық айықтырғыштарға орналастырылған адамдар түсетін төлемдер

116

122

119

3. Стандарттар мен сертификаттау ережелерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан алынған кірістер сомасының түсімі

1,8

1,2

1,8

4. Казино, тотализаторлар және ойын бизнесі қызметінен алынған кірістерді қоспағанда оған қатысты лицензиялық тәртіп белгіленген лицензиясыз қызметтен түскен кірістерді алудан түсім

34

90

129

5. Өнімді лицензиясыз әкеткені үшін айыппұлдар

210

0,6

106

сомасының түсімі










6.Атқарушылық санкция

129

94

2

7. Қазақстан Республикасының ұлттық Банкі белгілеген экономикалық нормативтерді және статистикалық есептілікті берудің мерзімдерін бұзғаны үшін екінші деңгейдегі банктерге қолданылатын санкция сомаларының түсімі

4

5

0,1

8. Салымдар бойынша шоттарға жалақыларды уақтылы есептемегені үшін екінші деңгейдегі банктерге қолданылатын санкция сомаларының түсімі

0,0

0,2

3

9. Қоршаған органы қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін төленетін айыппұлдар

158

184

317

10. Жергілікті мемлекеттік органдар салатын әкімшілік айыппұлдар мен санкциялар

1717

1437

1471

11. Республикалық бюджеттен қаржыланды-рылатын мемлекеттік мекемелермен алынатын басқа да санкциялар мен айыппұлдар

12

104

97

12. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен алынатын басқа да санкциялар мен айыппұлдар

59

13

15

13. Оған қатысты лицензиялықтәртіп белгіленген казино, тотализаторлар және ойын бизнесінің лицензиясыз қызметінен алынған кірістерді алу

-

0,3

0,1

Алыну көзі: Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері 2003-2005жж.


Бұл мәліметтер бойынша айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсетін түсімдердің салықтық түсімдерінің ішіндегі үлес салмағы аз %-ды құрап тұрғанын көріп отырмыз. Сәйкесінше, 2002 жылы 0,5 %-ды, 2003 жылы 0,4%-ды,2004 жылы 0,4 %-ды құрап отыр.

Осы жылдардағы салық төлеушілердің берген өтініштерінің динамикасын қарастырып өтейік.

Кесте 5.

Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың берген өтініштерінің саны.

Облыстар

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл




Қарал-ған өтініш-тер саны

Салық комитеттерінің шешімдері заңсыз деп табылуы

Қарал-ған өтініш-тер саны

Салық комитеттерінің шешімдері заңсыз деп табылуы

Қарал-ған өтініш-тер саны

Салық комитеттерінің шешімдері заңсыз деп табылуы

Ақмола

53

23

68

39

59

38

Ақтөбе

33

15

47

16

44

17

Алматы

9

5

33

17

29

16

Атырау

11

5

24

14

28

17

Шығыс Қаз.обл.

177

47

182

52

193

63

Жамбыл

17

13

31

15

35

18

Батыс Қаз.обл

49

19

41

12

35

11

Қарағанды

162

74

162

52

170

50

Қостанай

54

26

32

12

48

15

Қызылорда

11

4

17

4

15

5

Маңғыстау

16

6

17

4

19

7

Павлодар

116

30

166

48

174

53

Солт.Қаз.обл

90

33

101

58

109

55

Оңт.Қаз.обл

43

31

42

25

44

29

Алматы қаласы

343

152

238

81

203

79

Астана қаласы

17

10

34

13

29

15

Барлығы

1201

493

1235

462

1234

488

Алыну көзі: Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері 2003-2005жж.


Өтініштердің түсу көрсеткішінің жоғары деңгейде болуы - салық комиттерінің салық заңын түсіндіру бойынша жеткіліксіз түрде жұмыс істеуі, салық төлеушілерді салық заңындағы өзгерістері туралы уақытында хабарлап отырмауы және т.б. жағдайлар себепші болуы мүмкін. Былтырғы жылы Республика бойынша қарастырылған өтініштердің 36%-ында салық органдарының салық заңы нормаларын дұрыс пайдаланбауы анықталды. Бұл әрине, салық органдарының ұқыпты, дұрыс жұмыс істеуін, тексерулерді сапалы жүргізуін талап етеді. Қаралған өтініштердің нәтижесі бойынша 2003 жылы 493 өтініштер, яғни 41 %-ы дұрыс емес деп табылса, 2004 жылы 462 өтініш, яғни, 37 %-ы сәйкесінше 488 өтініш, 40 %-ы 2003жылы дұрыс емес деп табылып отыр. Бұл көрсеткіштің әлі де жоғары деңгейде болуы салық органдарының әлі де жеткілікті түрде жақсы, ұқыпты жұмыс істемеуін білдіреді.

Өтініштердің саны салық тексерулерінің сапалылығын көрсететін көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Ол үшін 2003-2005 жыл аралығындағы өтініштер санының динамикасын қарастырайық.

^ Диаграмма 2. Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың берген өтініштерінің саны.

Алыну көзі: Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері 2003-2005жж.


Диаграммадан көріп отырғанымыздай, соңғы 2-жылда өтініштердің көп түскені байқалады. Жүргізілген тексерулердің ішінен өтініштер саны аса көп емес(орта шамамен 7%-ы). Бірақ та, біз өтіншттердің мүлдем түспеуі керек екендігін ескеруіміз керек. Сондықтан, тексерулер салық органдарымен өте үқыпты және сапалы түрде жүргізілуі тиіс. Сонда ғана, ол қажетті дүрыс нәтиже береді.


^ Тарау 3. Салықтық құқық бұзушылыққа салық санкцияларының қолдану механизмін жетілдіру.


  1. Салық санкцияларын қолданудың шетелдік тәжірибесі


Салық қызметінің ең басты функцияларының бірі - ол салықтардың уақтылы және толығыменен төленуін бақылау болып табылады.

Дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің мысалында салық заңын бұзу үшін қолданатын салық санкцияларының тәжірибесін қарастырамыз.

Көптеген елдерде салық төлеушілерге әртүрлі қиыншылықтардың себебінен өздерінің салықтық берешегін қосымша жарналар арқылы төлеуге рұқсат етілген. Бұл кезде салық биліктеріне кең өкілеттік беріледі. Австралия, Австрия, Германия, Голландия, жаңа Зеландия, Норвегия, Біріккен Королдіктер және Америка Құрама Штаттарында салық берешегін төмендетуге немесе толығымен жоюға рұқсат етіледі. Ал, салықтық тәртіпті бұзғаны үшін жазалаудың деңгейі мен дәрежесі көбінесе салық төлеушілермен кеңесе отырып шешіледі (Германия, Жапония, Финляндиядан басқа).

Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдеп отырғандай, салық органдары салықтың төлемін қамтамасыз ету үшін салық төлеуші мен оның дебиторларының шоттарында каражат жоқ болған жағдайда мүлкіне тиым салуға құқылы. Әлемдік тәжірибеде тағы бір ксңінен қолданылатьш қатаң мәжбүр ету шарасы - ол абақтыға қамау арқылы бас бостандығынан айыру және салық төлеушінің мүлкін тәркілеу болып табылады. Кейбір дамыған елдерде мұндай санкция міндетті түрде тек сот тәртібі шеңберінде ғана жүргізілуі мүмкін. Мысалы, Жаңа Зеландияда ол сәйкесінше Жоғарғы Сот қаулыларының негізінде және тек салықты төлемеген кәсіпкерлерге ғана қолданылады. Басқа елдерде мүлкін тәркілеу шарасы барлық салық төлеушілерге қолданылады.

Бірақ та, мүлкін тәркілеу бойынша өкілеттік тек баска шаралар нәтижtсіз болғанда ғана пайдаланылады. Салық төлеушілерге алдын-ала бірнеше хабарламалар жіберіледі. Сондыктан, олардың салық берешегін өз еркімен өтеуге мүмкіндіктері болады.

Мүлікті төркілеуден басқа көптеген елдерде салықтардың төленуін қамтамасыз ететін басқа да шаралар қолданылуы мүмкін. Олар төмендегідей болуы ықтимал:

- Салық төлеушілерге үшінші тұлға тарапынан мүліктік және ақшалай шағым жасау. Яғни, салық төлеушіге мемлекет тарапынан қарызын өтеуге талап ету және тұлғалардан сомасын тәркілеу. Мысалы, Норвегия.;

- Борышкердің жоғалып кетуін алдын-ала болдырмау;

- Борышкерді мәжбүрлі түрде банкрот деп жариялау;

- Активтерді сатуды шектеу;

- Қайтыс болған салық төлеуші тұлғаның салық берешегіне оның мұрагерін толық материалдық жауапкершілікке тарту.;

- Салықтарды мерзімінен бұрын жинау.

Төлемдермен айыппұлдардың мерзімінен кешігіп төленуі үшін өсімпұл -салық тәжірибесінде кеңінен қолданылатын мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Барлық дамыған елдерде салық уақытында төленбегені үшін пайыздар алынады. Мерзімдердің өткізіп алған төлемдер үшін пайыздар мелшерлемесі өртүрлі елдерде әртүрлі болады. Әдетте, олар жылына Австрия және Германияда 6%-дан Австралия, Ирландия, Португалия, Грецияда 20% және одан да жоғары пайызға дейін қолданылады.

Көптеген елдерде айыппұлдар мен өсімпұлдар тек бір ғана пайыз мелшерлемесі бойынша есептеледі, ал кейбір елдерде сараланған пайыз мөлшерлемесі қолданады. Мысалы, Ирландияда салықты төлемеу себебінің сипатына байланысты ставкалар жүйесін пайдаланады немесе Жапония, Түркияда телем мерзімін кешікгіру үзақтығына байланысты ставкалар жүйесі қолданылады.

Көптеген елдерде белгілі бір жағдайларда, атап айтқанда: салықтың төленуін әдейі кешіктіру, салық заңын қатаң бүзу, салықты мүлдем төлемеу және тағы басқа жағдайларда салық төлеушілерге қосымша айыппұлдар салынуы мүмкін. Әртүрлі елдерде айыппұл мөлшері салық берешегі сомасынан алынатын мынадай пайыздардан аспауы тиіс:

Греция-15%;

Жапония-40%;

Голландия -100 %;

Финляндия -100 %;

Франция- 150%;

Ирландия - 200 %;

Австралия - 200 %;

Австрия-200%;

Португалия - 300 %;

Салық төлеушілердің мүлкін тәркілеуден және айыппұлдардан басқа көптеген елдерде салық ережесін бұзушыларды абақтыға қамау мүмкіндігі қарастырылған. Бұндай қатаң шаралар әдетте өте қауіпті , ақырғы жағдайларда ғана қолданылады. Сондыктан, бұндай шараларды көптеген елдер салыстырмалы түрде сирек қолданады. Абақтыға қамаудың максималді мерзімі Бельгия, Франция, Ирландия, Голландия, Швеция, Біріккен Королдіктер жене Америка Құрама Штаттары сияқты мемлекеттерде 4-10 жылға дейін белгіленеді.

Көптеген елдерде салық заңы ерекше жазалауларды қарастырады:

- салық заңын бұзушылардың аттарын жариялап отыру;

- салық инспекторын тіркелу сертификатынан уақытша айыру (Австралия, Бельгия, Италия);

- кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерімен айналысу құқығынан айыру (Франция, АҚШ).

Біріккен Королдікте адвокаттар мен бухгалтерлерді жазалау туралы олардың қызмет ететін ұйымдарына хабарлау қарастырылған. Ол әдетте, бұл мамандықпен айналысу құқығынан айырылуға әкеп соғады.

Жалпы айтқанда, барлық елдерде салық билік органдары салық төлеушілерге қолайсыз тәртіп қолданбауға тырысады.

Салық берешегін мәжбүрлі өндіріп алу бойынша алдыңғы бөлімде қарастырылған нормалар барлық өркениетті мемлекеттерде қолданьшатынын атап айтқымыз келеді. Канада, Финляндия, Греция, Ирландия, Италия, Жапония, Голландия, Испания, Швеция, Швейцария, Түркия, Бірлескен Корольдіктер, АҚШ сияқты кейбір мемлекеттерде салық органдарының бюджет алдында берешегі бар теріс пиғылды салық төлеушінің меншігін тартып алуға құқығы бар. Бұдан басқа, салық берешегін өтеу бойынша басқа да шаралар қолданылады: үшінші жақтан өндіріп алу, активтерді сатуға жол бермеу, банкроттық және басқа да шаралар. АҚШ-та салық берешегі сомасы қорларға тыйым салу есебінен өндіріліп алынуы мүмкін, мысалы, үшінші тараптағы жалақы, банктік шоттар, меншік, Жапонияда салықты өндіріп алуда басқа да өндіріп алулар алдында артықшылықтар бар, мұрагер қайтыс болғанның салық берешегі үшін толық жауап береді, салықтарды төлеумен қамтамасыз ету мақсатында алдын-ала өндіріп алу, уақытша тыйым салу қолданылады.

Осындай шараларды қолдану нәтижесінде салық төлеушілерді хабарлау бойынша қолданылатын құқыктық нормалар мен әкімшілік ережелер әртүрлі елдерде әртүрлі болады. Мысалы, бірқатар елдерде (Финляндия, Ирландия, Бірлескен Королдіктер) салық органдары салық төлеушілердің сұрауы бойынша кез-келген жағдайда ақпарат беруі тиіс. Басқа елдерде (мысалы, АҚШ-та) бұндай талап тек белгілі бір жағдайларда ғана туындайды. Германия, Голландия және Швейцария сиякты елдерінде салық органдары белгілі бір салық төлеушілер туралы ақпараттарды шетел үкіметтері талап еткен жағдайда, ол жайында салық органдары салық төлеушілерін хабардар етуі керек. Сонымен қатар, дамыған елдерінің заңдарында өте даулы мәселелер де кездеседі. Оларға: кәсіпорындардың аумағына кіру құқығы, кәсіпорыннъщ ішінде белгілі бір тергеулер жүргізу құқығы және т.б. салық органдары жағынан іс-әрекеттері жатады. Мысалы, Канада, Норвегия және Португалияда кәсіпорынның аумағына арнайы ордерінсіз кіруге рұқсат етіледі.

Жалпы сипаттағы берілетін өкілеттіліктермен қатар салықтардың дұрыс есептелінуі мен төленуіне тексеру жүргізу үшін қажетті ақпарат алуға, бұндай ақпаратты үшінші тұлғалардан талап етуге, салық төлеушілерден есептік құжаттарын (келісім-шарттарды, шоттарды) талап етуге құқылы және т.б. қосымша құқыктарға ие болады.

Кейбір өркениетті дамыған мемелекеттердегі қолданылатьш санкциялардың тәжірибесін жеке-жеке қарастырайық.

АҚШ-та салық заңын бұзуды қадағалау қызметі қаржы министрлігінің құрамындағы Ішкі Кірістер Қызметі жүзеге асырады. Бұл орган жыл сайын салық төлеушілердің салық төлеуге байланысты құжаттарын қатаң тексеріп отырады және салық заңын бұзушылыққа байланысты салықтық жазалауларды жүзеге асырады.9

Салықтық жазалауларда салық төлеушінің барлық мүлкін (қозғалмайтын мүлікті қоса алғанда) тәркілеуді қолдану жазасы көп кездеседі. Әрине, Ішкі Кірістер Қызметінің әрбір жазалауға байланысты іс шаралары сот ісіне сәйкестендірілген. Осыған байланысты АҚШ-та арнайы салықтық сот жұмыс істейді. Егер қасақана салық заңын бұзған жағдайда салық төлеушіге ірі көлемде айыппұл төлеттіледі. Салық заңын бұзушылық ірі мөлшерде залал келтірген деп танылса, салық төлеуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 80-ші жылдары АҚШ үкіметтік бюджетке түсуге тиісті көптеген салық сомаларының жасырылуы, оның жылдан жылға ұлғая түсуі мазасыздандырды. Осыған байланысты жүргізілген көптеген есептеулер бойынша бұл жасырылған соманың мөлшері жыл сайын 100 млрд. долларды құраған. Осы мәселемен күресу үшін көптеген жылдар бойы Ішкі Кірістер Қызметінің өкілеттігін кеңейтіп отырды. Кейін келе Ішкі Кірістер Қызметінің өкілеттігінің қеңейтілуі халықтың наразылығын тудырды.

Жыл сайын Ішкі Кірістер Қызметіне 100 млн.-нан астам жеке салық декларациялары мен корпорациялардың салықтық есеп берулері тапсырылады. Әрбір тапсырылған декларация компьютерлік жүйе арқылы заңға сәйкес дұрыс толтырылуы тексеріледі. Жылына осы декларациялардың 1 %-на ғана таңдап алу ревизиясы жүргізіледі. Салық төлеушілердің табысы жоғары болған сайьш, оның тексерілу мүмкіндігі де арта түседі.

Әлемдік тәжірибеде АҚШ-тағы салық заңын бұзғаны үшін салықтық жазалаулар өте қатаң салықтық жазалаулар қатарына жатады. Мысалы, салық төлеуші салық декларациясын уақтылы тапсырмаса, бұл қылмыстық іс ретінде танылып, әдейі жасалған іс-әрекет деп танылса, кінәләнуші адам бір жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал мәліметтері бұрмаланған немесе жалған декларациялар тапсыру арқылы салықтан жалтару әрекеті өте ауыр қылмыс деп танылып, салық төлеушіні бес жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазалайды.

АҚШ-тағы салық заңын бұзуға байланысты салықтық жазалаулар заң бұзушы салық төлеушіге айтарлықтай материаддық және қаржылық шығын келтіруге бағытталған. Мысалға, салықты толық төлемегені үшін салық төлеушіге қатарынан бірнеше айыппұлдар салынады, яғни, төленбеген салық сомасының 50 %-ы мөлшерінде айыппұл салына отырып және салық төлеуші егер сол соманы банк депозитіне салса, одан түскен пайданың 50 %-ы мөлшерінде айыппұл салынады.Қытайда салықтан жалтаруды болдырмау үшін өндірістік және өндірістік емес қызметпен айналысатын барлық салық төлеушілер жергілікті салық органдарында тіркеуге тұруға заңмен міндеттелінген. Салық төлеуші салық төлеуге байланысты тиісті құжаттарын (декларация, бухгалтерлік кітабы, түбіртек және т.б.) дұрыс, толық және уақтылы көрсетпесе, сондай-ақ, салығын төлемесе, салық төлеуші салық органында тіркелмесе, декларацияны дұрыс толтырмаса, түбіртектерді сактау немесе пайдалану сияқты көптеген жағдайларда 5 мың юаньға (602,4 АҚШ долларына) дейін айыппұл салынуы мүмкін. Салық заңын жөнді білмегендіктен салық төленбесе, салық органдарымен салық төлеушіге шектеулі уақыт ішінде төлеуге мүмкіндік беріледі. Ал егер осы уақыт ішінде төленбесе әрбір өткен күнге салық сомасының 0,5 % мөлшерінде өсімпұл салынады. Салық төлеуді алдау жолымен немесе кірісін жасыру арқылы салықтан жалтарса, төленбеген соманың 6 есе мөлшерінде айыппұл салынып, ал осыған тікелей жауапты тұлғаға бір мың юаньға дейін айыппұл салынады. Салық төлеуден бас тартқан жағдайда қосымша 50 мың юаньға(6024 АҚШ долларына) дейін айыппұл салынады. Бұдан ары қарай банкідегі шотын жабу, мүлкін тәркілеу, патентін қайтарып алу сияқты жазалаулар жүзеге асырылады. Ал егер салық заңының бұзылуы қылмыстық іс-әрекетпен ұштасьш жатса іс сотқа өткізіліп, ары қарай қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Италияда салықтарды еріксіз өндіріп алу төмендегі түрде жүргізіледі:

- бюджетке салықтарды тікелей аудару;

- сомалар төленген кезде салықтар ретінде ұстау;

- салықтық реестр арқылы салықтарды өндіріп алу.20

Ал енді, салықтарды өндіріп алудың үшінші әдісін - салықтық реестр арқылы салықтарды өндіріп алуға тоқталып кетейік. Салықтарды салықтық реестр арқылы өндіріп алу салық төлеушінің салық сомасын тікелей аудармаған немесе салық сомаларын төлеу кезінде ұстап алынбаған жағдайда қолданылады. Салықтық басқармалар реестр арқылы салық төлеушілердің үнемі хабарлануын және салықтарды төлеуін қадағалайды. Салық реестрге салықтарды енгізу арқылы пайыздар, қосымша алымдар, ақшалай айыппұлдар өндіріліп алынады. Егер де салық ерікті түрде төленбесе салық төлеушіге салықты төлеу мерзімі кешіктірілгені туралы хабарлама жіберіледі де, содан кейін салықты төлемегені үшін санкциялар қолданылады. Бұндай жағдайда салық органдары салық төлеушінің мүлкіне тиым салады. Тиым салынған мүлік аукционда сатылып, одан түскен қаржы төленбеген салық сомасының есебіне жатқызылады.

Салықтық жазалауға байланысты бұдан басқа да Италия заңдарымен қылмыстық сипаты бар нормалар қарастырылған. Салық органдары мынадай ірі салық заңын бұзушылықтар үшін табысын жасырған тұлғалардың ізіне түсуге құқылы болады:

- табысы 50 млн. лирдан жоғары болған жағдайда декларацияны толтырмауы;

- бухгалтерлік жазуларды жүргізу тәргібінің болмауы;

- жалған операцияларға шоттарды жазу мен пайдалану;

- саналы түрде табысын төмендету.

Бұндай деректер істің сотқа жіберілуіне негіз болып табылады.

Қытайда накты өмірде салықтан жалтарушылық кең етек жайған. Осыған байланысты салық төлеу үнемі күш қолдану арқылы мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады. Мемлекеттік және өндірістік емес сипаттағы кәсіпорындар басқа салық төлеушілерге қарағаңда салықты жақсы төлегенмен кейбір кезде олар төлеуге тиісті соманы 50 %-ға жуығын толтырмайды. Ал жекеменшік компанияларға келсек, олардың 70-80 %-ға жуығы салық төлеуден әртүрлі деңгейде жалтарады. Салық органдары мен инспекторларын бопсалау, қорқыту мақсатында өрекеттер жасалған оқиғаларда кездеседі.

Салықтан жалтару жоғарғы табысты өнер зиялыларының

арасында да кең етек алған. Сондай-ақ, шетел инвесторларының салық заңын бұзуы да жиі кездеседі. Мысалы, француз бизнесмендері бірнеше рет салық салынуға тиісті кірісінің 70-80 %-ға жуығын жасыру арқылы Қытайдың салық заңын бұзу деректері кездескен.

Қазіргі кезде Қытайда салық органдары қажет болған жағдайда дербес өздері заңды іс жүзіне асыруға құқылы. Ал басқа ведомостволармен, яғни темір жол , байланыс, пошта, банк мекемелерімен бірігіп жұмыс істеп, бұлардың тарапынан қолдау көрсетілуде. Бұл салық төлеумен оны бақылау жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазір Қытайда салықтан жалтару және онымен күресуге байланысты іс шаралар жүргізіліп тұрады. Мысалы, 1992 жылдың қазан айынан 1993 жыддың ақпан айына дейін жалпы Қытай бойынша жүргізілген осындай шараларға 520 мың салық инспекторлары жұмылдырылып, 820 мың өндіріс орындарына тексеру жүргізу арқылы бюджетке төленбеген 21,3 млрд, юань салық сомасын аныктаған.

Сонымен салық заңын айтарлықтай бұзған жағдайда салық төлеушінің ісі сотқа қарастырылуға жіберіледі.

Еуропалық заңдар салық заңын бұзушыларға жеңіл түрде жазалаулар қолдануды қарастырумен ерекшеленеді. Соңғы кездері Еуропада бірқатар салықтық құқық бұзушылықтарының қылмыстық құқық саласынан алынып тасталынуы байқалады. Көбінесе, санкциялар әкімшілік органдары белгілейтін салықтарға әртүрлі қосымша төлемдер түрінде қолданады. Кейбір елдерде, мысалы Францияда салықтық санкциялар тек салық билік органдарының талабы бойынша салынуы мүмкін: салық әкімшілігінен басқа ешкімнің салық заңын бұзушылардың ізіне түсіп кудалауға құқығы жоқ. Францияда табыстарын салық салудан жасырған салық төлеушілер қатаң түрде жауапкершілікке тартылады. Егер де салық төлеуші білмегендіктен абайсыздан табыстарын жасырса, яғни декларацияны дұрыс толтырмай қателіктер жіберетін болса, онда одан салық сомасы толығыменен өндіріп алынады және сонымен қатар айына жасырылған салық сомасының 0,75 %-ы мөлшерінде немесе жылына 9 % мөлшерінде айыппұл салынады. Ал егер табысын қасақана жасырған болып табылса, онда жасырылған салық сомасы екі есе мөлшерде алынады. Салық төлеуші салық заңын қатаң бұзған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айырылуға дейін барады.

Осылайша, мынадай қорытынды жасауға болады: көптеген елдер салық төлеуден жалтаратын занды және жеке тұлғаларға қатаң жазалау шараларын қолданумен қатар, салық төлеушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін арналған превентивті шаралардың кешені құрылған және ол нәтижелі қызмет етуде.

Салық бақылауын жетілдіру құқық бұзушылықтарды аныктау мен қаржылық тәртіптің болуын күшейтеді. Көптеген шетел тәжірибелерінде алдын-ала бақылаудың рөлі күшейе түсті. Жекелеген елдерде (мысалы, Швецияда) болжамдалған мәселелер бойынша туындайтын салық міндеттемесінің көлемін аныктайтын қаржы бақылау органдарының қаулылары алдын-ала беруі қолданылады. Бұл жағдайда салық төлеушінің мәмле жасалмас бұрын қабылданған шешіміне келіспеген жағдайда сотқа шағым беруге құқылы.

Салық төлеуші оны төлейтін салық түрлері және басқа да мәліметтері сақталған салықтық этикеткалар енгізіледі. Заңды тұлғаларға олар тіркелген кезде беріледі де, ал жеке тұлғаларға олардың тұратын мекен-жайларына таратылады. Салық декларациялары осы салықтың этикеткаларымен бірге тапсырылады. Салық этикеткаларын енгізу бірден декларация толтыруда жіберілетін қателердің қысқаруына әкелді. Сондай-ақ, әрбір салық төлеушіге салықтық вектор, яғни, ағымдағы жылда төлейтін салықтар туралы жадынамасы беріледі.

Жалпы, салықтардың жиналуын жақсарту үшін салық төлеушілердің оларға жүктелген салық міндеттемелерін өз еріктерімен орындау қажет болды. Осыған байланысты, екі басты бағыт туындап отыр. Біріншіден, салық төлеушілерге салық төлеуді жеңілдету, екіншіден, салықтық қылмыстарға қарсы күресті күшейту болып табылады. 1992-ші жылы Испанияда Экономика және Қаржы министрлігі кұрамында Салық агенттілігі құрылды. Оның басты мақсаттары мынадай болды :10

- салық төлеушіге көмек көрсету мен ақпаратпен қамтамасыз етуді кеңейту. Ақпаратпен қамтамасыз ету көмегімен телефон арқылы салықтық көмек көрсету бағдарламасы - ІNFORMA құрылды, тез уақыт аралығында шағымдарды қарастыру және шешім қабылдау жүргізілді, салық төлеу мерзімін кейінге қалдыру бойынша шағымдану екі есе қысқартылды.;

1   2   3   4



Похожие:

Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері iconДипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері
Тарау Салықтық құқық бұзушылықтың теориялық негіздері және салық санкцияларын қолдану
Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері iconҚарамырза Жарқынбек Тағайбекұлы Жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқы
Жұмыс Д. А. Қонаев атындағы университетінің қылмыстық құқық, криминалистика және құқық қорғау қызметі кафедрасында орындалды
Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері iconДипломдық жұмыс Тақырыбы
А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент институты Филология Факультеті
Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері iconДипломдық ЖҰмыс жетекшісінің пікірі
Бітіруші өз алдына жұмыс істеуге дағдыланған әр дипломдық жұмыста шешуде зерттеу әдістемесін игерген. Кітапханатану саласындағы көкейкесті...
Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері iconЖаңақоныс негізгі мектебі
Жастар арасында құқық бұзушылықпен қарсы жұмыс жүргізілуде. Құқық бұзушыларға қарсы алдын-алу шаралары өткізілуде. Осы тақырыпқа...
Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері iconДипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Ақша қаражаттары есебі мен аудиті
Ақша қаражаттарының есебi бухгалтерлiк есеп нысаны ретiнде
Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан педагогикалық университеті отырар институты дипломдық жұмыс Тақырыбы

Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері iconІ тарау. Тергеу жұмысының психологиялық ерекшеліктері 6
Мемлекеттік құқық қорғау органдарын қайта дайындайтын және жетілдіретін арнайы жүйелерді жасайды. Бұл талаптар құқық қорғаудың букіл...
Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шымкент университеті педагогика және психология кафедрасы дипломдық ЖҰмыс тақырыбы
ОҚушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселелері
Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері icon"Құқықтану" мамандығының студенті
Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу тақырыбындағы дипломдық жұмыс шығармашылық жұмыс болып табылады
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов