Мазмұны Жоспар бет icon

Мазмұны Жоспар бет



НазваниеМазмұны Жоспар бет
страница2/6
Дата02.05.2013
Размер1 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5   6

^ 1.3. «АВК Капланбек» ЖШС-нің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылу жолдары

Қоғамның бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесін реттеу келесідей нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі: Қазақстан Республикасы Президентінің 26.12.1995 ж № 2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар жарлығы және Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 18 қыркүйек 2002, №438 бұйрығы бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары ( ҚР Қаржы Министрлігінің 21.10.2003 ж №372 бұйрығымен енгізілген зерттеулер) және есеп қолданудағы әдістемелік ұсынылымдар. Оны құру базалары болып Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының бухгалтерлік есеп туралы 1996 ж13-15 қарашадағы №3 бухгалтерлік есеп стандарттары (БЕС) және оған әдістемелік ұсынылымдар, сонымен қоса ҚР бухгалтерлік есеп жүйесін реттеудегі басқада нормативті – құқықтық құжаттар болып табылады. Берілген есеп саясатымен есепті ұйымдастырудың негізгі тәртіптері және ішкі бақылау және сыртқы аудит талаптары анықталады.

Құрылу негізіне келесідей принциптер енгізілген есептеу, үздіксіз қызмет, түсініктілік, мәнділік, маңыздылық, сенімділік, бейтараптылық, сақтық, аяқтылық, сәйкестік, жүйелілік, шын және айқын болуы.

Салық есептемесі және төлемдері ҚР «Салық және бюджетке міндетті басқа да төлемдер» Қазақстан Республикасының 2001 ж 12 маусым №210 -2 өзгертулермен толықтырылуларына сәйкес жүргізіледі.

Бухгалтерлік есепте есептеу әдісі қолданылады. Есеп саясатын құру және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жауапкершілігі қоғам президентіне жүктеледі.

Қоғамның бухгалтерлік балансы БЕС №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептіліктегі негізгі алынымдар» талаптарына сәйкес.

Қазіргі уақытта Қоғамда ұзақ мерзімді міндеттемелер жоқ.

Қаржы – шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есептілік БЕС №3 сәйкес. Есепті кезеңде танылған барлық табыстар мен шығындар есепті кезеңде таза табыс пен зиянды анықтауда қосылады.

Қоғамның есепті кезеңі болып күнтізбелік жыл есептеледі,. Алдыңғы кезеңдегі қаржы есептілігін құру кезінде жіберілген қателер сомасын дұрыстау есепті кезеңнің табыс және зияны (шығынға) енгізіледі. Алдынғы кезеңдегі мәнді қателер сомасын дұрыстау, есептілікте бөлінбеген табыстың бастапқы сальдосын өзгерту арқылы жүргізеді.

БЕС №3 «Қаржы шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп» калькуляциялау үшін, және сонымен қатар жоспарлау, экономикалық талдау және бақылау үшін қажет. Бұл есептілік қоғамның ішкі пайдаланушылары үшін бағытталған, сондықтан ол сыртқы пайдаланушыларға берілмейді және қоғамның коммерциялық құпиясы болып табылады. Табыспен сәйкестендіру мақсатында, оған қоса « АВК Капланбек» ЖШС құрудағы мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, шығындар бөлімі шартты түрде негізгі және негізгі емес қызметіне бағытталған шығындар болып бөлінеді.

Кәсіпорынның кассасы жұмысшы қызметкерлерге есептелген еңбек ақы бойынша есеп айрысу үшін, күнделікті көлік құралдарына шығындарды (жанар – жағар майға ) төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларды сатып алу үшін, сатылған өнім үшін түсетін табысты қабылдау үшін, сондай ақ ұйымның хат және басқада құжаттарды пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айрысуға арналған. Касса арнайы жабдықталған, яғни дабылдама (дыбыстық белгілер, сигнализация) орнатылған, және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлімде орналасқан.

Кассадағы нақты ақшалар касса қызметкерлерінің мөрі сүргіш арқылы басылып жабылатын сейфте сақталады. Касса қызметкері әрбіржұмыс күнінің соңында кассаны жауып күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшалардың түгелдігіне касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді.

« АВК Капланбек» ЖШС жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп мына құжаттардан тұрады:

1. Бухгалтерлік баланстан

2. Қаржы – шаруашылық нәтижелері туралы есептен;

3. Меншікті капиталының қозғалысы туралы есептен;

4. Ақшалардың қозғалысы туралы есептен;

5. Түсініктемелік жазбадан.

Жылдық бухгалтерлік қорытынды есебіне берілген түсініктемелік жазба кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы деректен, өткен жылмен ағымдағы жылдық мәліметтерін салыстыру арқылы жазылған түсініктемеден және бухгалтерлік қортынды есебінің елеулі баптары мен бағалау әдістері туралы маңызды ақпараттардан турады. Бұл айтылғандардан басқа түсініктеме жазбада ұйымның келесі есепті жылдың есеп саясатына енгізілетін өзгерістер жайлы мәліметтер көрсетіледі.Белгіленген заңға сәйкес есеп беру кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралық болып бекітілген.


ІІ-бөлім. Кәсіпорынның негізгі қызметтен түскен табыстылығын талдау

^ 2.1 Кәсіпорын табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері.

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен аяқталады.

Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде «табыстар» ұғымы келесідей түрде анықталады:

«Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі».

Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар ҚР Президентінің №2732 Жарлығында анықталған.

Жарлықтың 13-бабында былай делінген: «Табыстар – бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы».Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес.Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді.

Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады.

Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.

Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директифті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды.Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек?Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады.

Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді.Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді.

Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқы мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.

Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.

Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады.

ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады.Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады.

  1. мемлекеттік бюджет табысының көзі;

  2. кәсіпорын мен бірлестіктерінің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.

Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді.

Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:

  1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.

2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.

3. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс;

4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивиденттер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.

Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады.500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін.Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.

Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет те мүдделі.

Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.

Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:

• табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;

• таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;

• табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;

• табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;

• табыстың өсу резервтерін анықтау;

• кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;

• табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу


^ 2.2 Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді ( жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады.

Ол қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай – ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы – материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде – азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы – материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

Кестеде өнімді өткізуден түскен табысты алу жоспарының негізделуін тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген.

Кесте-3

Өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының негізделуін тексеру



Көрсеткіштер

Есептік бағасы бойынша мың тг.

1

Өткізілмей қалған дайын өнімнің жыл басындағы нақты қалдығы

17983,6

2

Тауарлы өнім шығару

29000

3

Өткізілген өнімнің жыл аяғындағы қалдығы

15458,97

4

Өнімді өткізуден алынуы мүмкін табыс (1 қатар + 2 қатар – 3 қатар)

31524,63

5

Жоспар бойынша өнімді өткізуден алынатын табыс

15458,97

6

Ауытқуы (4 қатар – 5 қатар)

16065,66



Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 16065,66 мың теңгеге төмендеткені көрінді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден түсетін табыс 15458,97 мың теңгені емес, 16065,66 теңгеге көп, яғни 31524,63 мың теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас еді.

Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып – түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты – заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай – ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты.

Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады, яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.

Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалардың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.

Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:

біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;

екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;

үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта).

Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.

Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын – энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.

Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы – материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай – химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс өсімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.

Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.

Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.

Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорындардың шикізат пен отын – энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс әкетеді. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады.

Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника – экономикалық параметрлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады.

Жоғарыда аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша келесі талдау кестесін құруға болады (4 - кесте).


Кесте-4

^ 2006 жылғы “АВК Капланбек” ЖШС-нің жалпы табысы (мың теңге)





Көрсеткіштер

Жоспар бойынша

Нақты өткізілген өнімге жоспар бойынша

Нақты

1

Өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыс

12633,7

25131,6

24397,5

2

Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны

11747,7

19252,5

19728,3

3

Жалпы табыс (1 қатар – 2 қатар)

886

5879,1

46692


Жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен 45806 мың теңгеге көп.

Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:

  1. өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;

  2. өнім бірлігінің бағасы;

  3. өткізілген өнім көлемі (саны);

  4. өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.

Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек. Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі.

  1. Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:

П=- .

Q - өткізілген өнімнің нақты көлемі;

S - өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;

S - өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.

Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, сатып алынған жартылай фабрикаттар, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғандағы өзгерістері бар. Бұл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.

Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жоспармен салыстырғанда төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды. Біздің мысалда артық шығындалу болған, бұл жалпы табыс көлемін 4758 мың теңгеге төмендетті (19728,3 – 19252,5).

  1. Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы баға өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі:

П= - .

Мұндағы: P және p - өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және жоспарлы бағасы.

Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім өткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.

Біздің мысалымызда жалпы табыс баға факторы есебінен 734,1 мың теңгеге (25131,6 – 24397,5) өсті.

  1. Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.

Арнайы әдебиеттерді оқып – зерттеу, тауар өнімдерін өткізу көлемі және оның құрамындағы құрылымдық өзгерістер сияқты факторлардың табысқа тигізетін әсерін талдау тұрғысында, онда пікір таластары жүргізілетіндігін көрсетті.

Есептеу үшін өткізілген өнімнің көлемін әр түрлі бағалау ұсынылады: қолданыстағы өткізу бағасымен өндірістік өзіндік құны бойынша.Өткізілген өнімнің көлемі бойынша жоспардың орындалу пайызын есептеу кезінде әр қалай бағалау, пайдаға әсерін анықтау кезінде айтарлықтай ауытқуларға әкеледі. Бірінші әдіс экономистермен теріске шығарылған, өнімді өткізуден түсетін табыстың өзгеруі өткізудің физикалық көлеміне ғана емес, сондай – ақ құрылымындағы өзгерістерге байланысты өткізілген өнімнің рентабельділігіне де әсер етеді. Қазіргі кезде бағалар күнделікті күрделі өзгерістерді бастан кешіруде, сондықтан біздің көзқарасымыз бойынша өткізу көлемін өндірістік өзіндік құн бойынша бағалау әлдеқайда дәлелді болып табылады.

Жалпы табысқа тауарлы өнімдерді өткізу көлемінің өзгерісінің әсері келесі есеп арқылы анықталады:

1. N =


Мұндағы: N - өндірістік өзіндік құны бойынша өткізу көлемі жоспарының орындалу деңгейі;

S, S - өткізілген өнімнің сәйкесінше нақты және жоспарлы өндірістік өзіндік құны.

2. П= .

П - тауарлы өнімді өткізу көлемінің табысқа тигізетін әсері;

П - жоспарлы жалпы табыс.

Біз талдап отырған кәсіпорын тауарлы өнімді өткізу бойынша жоспарды 16,79 % - ға асыра орындады (19728,3:11747,7*100)-100, нәтижесінде жоспарланған жалпы табыстан 150 мың теңге артық алынған (886*16,79:100) – 886.

Талдау жұмысының теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:

  1. “өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша” есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы табыстың жоспарлы мөлшерімен салыстыру арқылы;

  2. “өткізу көлемінің өзгеруі” факторының әсер ету сомасын “өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша” есептелінген және алынуға тиісті табыстың көрсеткіштері арасындағы айырмадан шегеру арқылы (қалдық тәсілі).

Тәжірибеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бұл фактордың әсер ету көлемін есептеуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды. “Өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша” есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасы осы екі факторлардың жиынтық әсерін сипаттайтын болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістерінің пайдаға тигізетін әсерін анықтайды.

Біздің мысалымызда есептеулер келесіні көрсетеді:

  1. 5879,1 – 8860,1 = -2981

  2. – 2981 + (- 150) = - 3131.

Құрылымдық өзгерістер нәтижесінде жоспармен салыстырғанда жалпы табыс 3131 мың теңгеге кем алынған.

Біздің ойымызша, бұл фактордың әсерін нақты өткізілген өнімнен жоспар бойынша алынуға тиісті табысты, есепті жылы өнімді өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалуын ескере отырып, жоспарлы құрылым жағдайында алынған табыспен салыстыру арқылы анықтаған дұрыс болып табылады.

Есептің мұндай әдісі әлдеқайда ыңғайлы әрі дәл болып табылады. Есептеулер келесідей түрде болады:

5879,1 – (8860,1*16,79:100) = 5879,1 – 1487,6 = 3131.

Біздің мысалымызда құрылымның өзгеруі жалпы табыстың ауытқуына теріс әсерін тигізді, яғни оның мөлшері 3131 мың теңгеге азайды. Жалпы табысты талдау нәтижелері төмендегі кестеде көрсетілген.

Кесте-5

^ Жалпы табыстың ауытқуына негізгі факторлардың әсері



Көрсеткіштер

Сомасы, мың тг

Жоспарлы табысқа %-бен

1.

Өткізілген өнімнің өзіндік құнының өсуі

4758

+28,4

2.

Келісілген бағалар деңгейінің өсуі

+734,1

+77,7

3.

Өнімді өткізу көлемінің артуы

+150

+3,4

4.

Өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер

-3131

-12,7




Жиыны:

+2511,1

+40,0


Жоспардан тыс жалпы табыс келісім бағалары мен өнімді өткізу көлемінің өсуі нәтижесінде алынып отыр. Егер кәсіпорын өнімнің өзіндік құнының өсуіне жол бермеген болса және де бизнес жоспармен салыстырғанда өткізілген өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер болмаған жағдайда жалпы табыс 7889 мың теңгеге (4758 + 3131) өсетін еді. Жалпы табыстың өндірістік өзіндік құнының өсуі нәтижесінде азаюын – кәсіпорын жұмысындағы жағымсыз құбылыс ретінде сипаттауға болады. Елеулі кемшіліктерге 2006 жылы талданып отырған кәсіпорынның өткізген өнімінің құрамында болған құрылымдық өзгерістер жатады.

Сондықтан талдаушы, шығарылатын өнім сұрыпталымы мен өндірілетін және өткізілетін өнімдердің құрамында болатын құрылымдық өзгерістерін талдауға басты назар аударуы қажет. Егер әрине нарықта оларға деген сұраныс болса, кәсіпорынға өнімнің жоғары рентабельді түрлерін өндіру мен сату тиімді болады. Өткен жылмен салыстырғандағы жалпы табыстың өзгеру себептерін анықтау кезінде, В.А. Маличет (34) ұсынған талдау әдістемесін қолдануға болады. Нарықтық экономика жағдайында, тауарларға деген бағалар еркін болған кезде және де олардың деңгейі нарық жағдайымен анықталатын кезде осы бағалардың өзгерісі туралы ақпараттар алу қажеттігі пайда болады. Кәсіпорын өнім есебін екі түрлі бағамен, яғни нарықтағы қазіргі және өткен жылдағы бағалар бойынша жүргізбейді. Осының бәрі экономиканы басқару және бақылау мақсатында бағаның қозғалысы туралы, олардың тек жылдық қана емес, сонымен қатар одан да қысқа мерзім аралықтарына, яғни ай, тоқсан, жарты жылдағы индекстері туралы мәліметтердің болу қажеттілігін тудырады. Мұндай мәліметтер ең алдымен кәсіпкерлерге, салық инспекцияларына және әр түрлі деңгейлердегі экономиканы басқару органдарына қажет болып табылады.

Біздің мысалымызда өткен жылмен салыстырғанда баға индексі 1,05 – ті құрайды. Бағаның өсуі жалпы табысқа әсер етуі тиіс.

Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі өзгерістер жатады:

  1. өткізілген өнімдердің бағасының өзгеруі;

  2. өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі;

  3. өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығындарының өзгерісі.

Олардың есепті жылы алынған жиынтық табыстың өткен жылмен салыстырғандағы ауытқуына тигізетін әсерін анықтау үшін, келесі аналитикалық кестені құрайық.


Кесте-6

^ Жалпы табыстың өткен жылдағыдан ауытқуына факторлардың тигізетін әсерін анықтау үшін қажетті алғашқы мәліметтер





Көрсеткіштер

Өткен жылғы

Есепті жылғы

1.

Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден түскен

12633,7

24397,5

2.

Өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) өндірістік өзіндік құны


11747,7

19728,3

3.

Жалпы табыс (1 – қатар, 2 - қатар)

886

46692

4.

Баға индексі

1,00

1,05

5.

Өткізілген өнімнен (жұмыс, қызмет) түскен табыс, салыстырмалы бағамен

24392

22075


Осы мәліметтерге сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген факторлардың жалпы табыстың өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық:

    1. Бағаның өсуі табысқа қалай әсер еткенін анықтау үшін, есепті жылы өнімді өткізуден түскен табысты өткен жылдың еркін сатылу бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) қайта есептеп, содан кейін оны есепті жылдың еркін сату бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгергендігін (өскенін немесе кемігендігін) және сәйкесінше табыстың да өзгерісін көрсетеді.

Есепті жылдағы өнімді өткізуден түскен табыс өткен жылғы бағамен:

24397,5 : 1,05 = 23235,7

Бағалардың өзгерісі және оның жалпы табысқа әсері:

24397,5 – 23235,7 =1161,8 мың теңгені құрады.

Кәсіпорынның еркін сату бағасының өсуі есебінен түскен есепті жылдағы қосымша табыс 1161,8 мың теңгені құрайды.

    1. Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен анықтаймыз.

Өткен жылғы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табысының деңгейі тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюы өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі немесе азаюына пропорционалды түрде болуы тиіс.

3. Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар деңгейінің ықпалы, есепті жылы өткізілген өнімнен түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылғы шығындар деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл айырманы есепті жылдағы салыстырмалы бағамен есептегендегі өнімді өткізуден алынатын нақты табысқа көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі немесе артуы кему есебінен жалпы табыс көлемінің қаншалықты өзгергенін көрсетеді.

Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған (түскен) табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:

Д = Д - Р.

Мұндағы: Д- негізгі қызметтен алынған табыс;

Д - жалпы табыс;

Р - кезең шығындары.

Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай – ақ маржиналды табыспен үздіксіз байланыста жүргізу қажет.

Өндірістік өзіндік құнның калькуляция баптары бойынша мәліметтері коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сыртқы пайдаланушылар шығындарды тұрақты және айнымалы шығындарға дәл бөле алмайтынына байланысты, жалпы табыс көлемін маржиналды табыс көлемімен теңестіруге және оны талдаудың прогрессивті әдісін қолдануға болады.

Келесі тақырыпта біз, бұл көрсеткіштің мәнін оның нарықтық экономикадағы ролін қарастырамыз және маржиналды (жалпы) табысты прогрессивті әдіс арқылы талдай отырып, негізгі қызметтен алынатын табыстың өзгеруіне әр түрлі факторлардың тигізетін әсерін анықтаймыз.

1   2   3   4   5   6



Похожие:

Мазмұны Жоспар бет iconКіріспе бет і-тарау білім берудің ақпараттандырудың теориялық негіздері
Кіріспе бет
Мазмұны Жоспар бет iconДокументы
1. /КюнтезбЮлЮк жоспар/10 сынып каз лит.docx
2. /КюнтезбЮлЮк...

Мазмұны Жоспар бет iconС. Ж. Асфендияров атындаєы Ќмму. Алматы : "Єылым" єылыми баспа орталыєы, 2002. 40 бет
Опиынды нашаќорлыќпен астасќан жедел жјне созылмалы гепатиттеріндегі шеткері ќан мен миеллограммалыќ кґрсеткіштердіѕ баєасы : мед....
Мазмұны Жоспар бет icon1 Дамыта оқыту белсенділікті арттырады 22 бет ІІ тарау Деңгейлік саралап оқыту 29 бет
Л. С. Высоцкийдің идеяларына негізделген В. В. Давыдов пен Д. В. Эльконин және Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л. С. Выготскийдің...
Мазмұны Жоспар бет iconМазмұны Бет Кіріспе 5 І бөлім. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы 7 «Индустриальное снабжение»
Стандартын – бехс және Қехс (International Accounting Standards, ias and International Financional Reporting Standards) жасайтын...
Мазмұны Жоспар бет iconДокументы
1. /ь1 БОМ _д_стемел_к жоспар/ь1 БОМ _д_стемел_к жоспар.doc
Мазмұны Жоспар бет iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
Мазмұны Жоспар бет iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны Жоспар бет iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны Жоспар бет iconДокументы
1. /Ойнарова С.А/8 сынып к_нт_збел_к-та_ырыпты_ жоспар _лг_с_/К_нт_збел_к та_ырыпты_ жоспар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов