Мазмұны Жоспар бет icon

Мазмұны Жоспар бет



НазваниеМазмұны Жоспар бет
страница4/6
Дата02.05.2013
Размер1 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5   6

^ 2.4 ТАБЫСТЫЛЫҚТЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффиценттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

а) жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері;

ә) өнімдер;

б) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.

Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.

Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі – табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.

Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:

• басқару тиімділігінің көрсеткіштері;

  • кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті
    табысты жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;

  • табысты болжау әдісі;

  • шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.

Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.

Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады.

Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда инвестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.

Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі:


_ = ^ Таза табыс

Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал=баланс валютасы)


Талданып отырған кәсіпорын мәліметтері бойынша кәсіпорынның барлық капиталының табыстылық коэффициенті, кестеде берілген мәліметтермен сипатталады.

Кесте-8

^ Авансталған капиталдың (жалпы активтер)

табыстылық деңгейі,%



Көрсеткіштер

Өткен жыл

^ Есепті жыл

Ауытқуы

(+,-)

А

Б

1

2

3

1.

Таза табыс, мың тг

164094

939200

+775106


2.

Жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал = баланс

^ Кестенің жалғасы

20135,5

66156

+46020,5




валютасы)капитал = баланс валютасы)











3.

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал %)

8,15

14,20

+6,05

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) өткен жылмен салыстырғанда 6,05 пунктке өскен және 14,20%-ды құрайды. Алайда бұл көрсеткіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның қандай факторлардың есебінен құрылғанын және активтердің табыстылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлардың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды болып табылады.

Арнайы оқулықтарда (әдебиеттерде) бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады Сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2-ге бөлінген, активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорынның таза табысы жатқызылады.

Бұл екі фактордың талданып отырған көрсеткіш бойынша алынған ауытқуға (+6,05) ықпалын анықтау үшін, өткен жылғы табыс және есепті жылға жалпы активтер бойынша активтердің қосымша табыстылық коэффициентін есептейміз. (164094:66156-100), бұл біздің мысалымызда 9,75%-ды құрайды. Одан өткен жылғы табыстылық коэффициентін алып тастау арқылы, жалпы активтер өзгерісінің ықпал ету мөлшерін анықтаймыз. Бұл фактордың талданып отырған көрсеткішке кері әсері 1,6 пунктті (9,75-8,15) құрайды. Таза табыстың 775106 мың теңгеге өсуі, зерттеліп отырған көрсеткішті – 4,45 пунктке (14,20-9,75) өсірді. Бұл екі фактордың жиынтық әсері, өткен жылғы мәнімен салыстырғанда жалпы активтердің табыстылық деңгейінің оң нәтижелі ауытқуын беріп отыр (1,6 +4,45 = +6,05).

Алайда айта кеткен жөн, факторлар әсерін бұл әдістеме бойынша өлшеу біршама қате, себебі оны есептеудің математикалық формуласы дұрыс және ешқандай күдіксіз болғанына қарамастан, ол көрсеткіштің экономикалық мазмұнына жауап бермейді. Таза табыс бойынша барлық активтердің табыстылық деңгейі - (қаражатты тарту көздеріне тәуелсіз) активтер құнының бірлігінен (1 теңге) табыстың қанша ақшалай бірлігі алынғанын көрсетеді. Осыған қарағанда, неғұрлым кәсіпорын кеңейген сайын және оның өндірістік потенциялы өскен сайын, соғұрлым активтер тиімділігі төмен болады. Керісінше, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі жалпы активтерді пайдалану тиімділігіне тәуелді болуы тиіс. Осы түсініктерді қарастыра келе, біз екінші көзқарас әлдеқайда ғылыми негізделген және дұрыс деп есептейміз. Және оның соңғы жылдардағы арнайы әдебиеттерде кең таралуы кездейсоқ емес. Таза табысты қалыптастыру барысында, іскерлік белсенділігі көрсеткіштерінің бірі болып саналатын өнімді өткізуден алынған табыс маңызды роль атқарады. Сондықтан да екінші көзқарасты қолдаушы мамандар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің өзгерісі келесі бірінші қатарлы факторлардың әсерінен болады деп есептейді:

  1. кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерінің бірі - өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;

  2. жалпы активтердің айналымдылығы.

Бұл көрсеткіштердің арасындағы өзара байланыс келесі түрде берілуі мүмкін:

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі = өткізілген (сату) өнімнің табыстылығы * активтер айналымдылығы.

Басқаша айтқанда, кәсіпорынның активтерге салынған қаражаттарының әрбір теңгесінен алынған таза табысы, өнімді өткізу табыстылығына (сату) кәсіпорын активтерінің айналымдылығының жылдамдығына байланысты болады.

Формула жалпы активтердің табыстылық деңгейін жоғарылату жолдарын көрсетеді: сату табыстылығы төмен болғанда капитал мен оның элементтерінің айналымын жылдамдатуға ұмтылу керек және керісінше, сол немесе басқа себептермен анықталатын кәсіпорынның төмен іскерлік белсенділігі, өнімді өндіру шығындарын азайту немесе өнім бағасын өсіру, яғни сату табыстылығын өсіру негізінде теңестірілуі (орны толтырылуы) мүмкін.

Авансталған капиталдың (жалпы активтердің) табыстылық деңгейінің өзгеруіне жоғарыда аталған фактолардың тигізетін әсерін талдау үшін келесі аналитикалық кестені құрамыз.

Кесте-9

Авансталған капиталдың (жалпы- баланс валютасы) табыстылық деңгейіндегі болған ауытқуға, активтер айналымдылығы мен өнімді өткізу табыстылығы коэффициентінің өзгерісінің тигізетін ықпалы




Көрсеткіштер

Өткен жыл

^ Есепті жыл

Өткен жылға қарағандағы ауытқуы

(+;-)

Оның ішінде коэффициенттер өзгерісі есебінен

^ Сату табыс

тылығы

Активтер

дің айналым

дылығы

А

Б

1

2

3

4

5

1

Таза табыс,

Мың теңге

164094

939200

+775106

Х

Х

2

Өткізуден түскен табыс, мың теңге

12633,7

24397,5

+117638

Х

Х

3

Жалпы активтердің орташа жылдық құны, мың. тг

20135,5

66156

+46020,5

Х

Х

4

Жалпы активтердің (авансталған капитал) табыстылық деңгейі, %

8,15

14,20

6,05

Х

Х

5

Өткізілген өнімнің табыстылық коэффициенті %

12,98

38,49

25,51

Х

Х

6

Активтердің айналымдылық коэффициенті

0,63

0,37

-0,26

Х

Х


Бірінші қатардағы факторлар тізбектеп ауыстыру әдісімен есептеледі. Есепті жылдағы активтер айналымдылығының нақты коэффициенті мен сату табыстылығының коэффициенті бойынша шартты көрсеткіш ретінде активтердің табыстылық деңгейін (Д у) аламыз.

Д у= 12,98 – 0,37 = 12,61

Осы көрсеткішті және кестеде келтірілген өткен және есепті жылғы активтер табыстылығы деңгейінің көрсеткішін (авансталған капитал) пайдалана отырып, бірінші қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейін есептейміз.

Біздің мысалымызда ол келесі мәліметтермен сипатталады:

  1. өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өзгерісі: 14,20-12,61=+1,59;

  2. жалпы активтердің айналымдылық коэффициентінің өзгерісі: 12,61-8,15 = 4,46.

Сонымен қатар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің артуына өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өсуі оң әсерін тигізіп отыр, ал активтердің айналымдылығының бәсеңдеуі, оның жылдам төмендеуіне әкеліп соқтырды.

Факторларды егжей-тегжейлі талдау үлестік қатысу (коэффициент) тәсілімен жүргізіледі. Ол үшін үлестік қатысу коэффициенттері, жоғары қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейінің төменгі қатарлы факторлар өзгерісінің абсолютті сомасына қатынасы ретінде есептеледі.

Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) немесе қызметтің барлық түрлерінің табыстылық коэффициенті (жалпы табыстылықтың) кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және та-бысты жүргізетінін көрсетеді.

Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді:





Мұнда: Та – ағымдағы активтердің орташа көлемі.

Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі.

Бұл көрсеткіш - меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады . Ол мына формуламен анықталады:



Мұнда: Дск –меншікті капиталдың табыстылығы;

Дч -таза табыс;

С к - меншікті капитал.

Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табылады. Жак Ришар: “бұл көрсеткішті жеке кәсіпорынның қызметін талдаудың түрлі жақтарын үйлестіруші, негізгі көрсеткіш деп айтуға да болады”, - деп жазады . Дәл осы көрсеткіш биржада акционерлік компаниялардың акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады. Теледидар және радио комментаторлары және мақала авторлары кәсіпорындардың тиімділігі, бәсекелестігі және табыстылығы туралы айтқанда дәл осы көрсеткішті пайдаланады.

Меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті (мөлшерлемесі) бұл өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне көбейтіндісінің нәтижесі.

Шетелдік арнайы әдебиетте меншікті капиталдың табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды талдаудың түрлі әдістемелері ұсынылған.

Өткізілген өнімнің әрбір теңгесінен көбірек таза табыс алу, активтерді әлдеқайда тиімдірек пайдалану немесе кәсіпорынның жиынтық (авансталған, жалпы) капиталының құрылымдық өзгерісі.

Меншікті капитал мен барлық активтердің табыстылық деңгейі көрсеткіштері арасындағы айырма кәсіпорынның қаржыландыру көздерін ынталандырумен байланысты. Егер қарыз қаражаттары осы қарыз капиталына төленетін пайыздарға қарағанда көбірек табыс әкелсе, онда айырма меншікті капиталдың қайтарымдылығын арттыру үшін қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпорын иелері, меншікті капиталдың табыстылық коэффициентін (ставкасын) өсіру мақсатында, әрине қарыздарға (несиеге) назар аударады: қаржылық оқулықта мұны "тетік нәтижесі" деп атайды.

Қарызға байланысты кәсіпорын иесінің іс-әрекеті екі негізгі элементтің ықпалында болады.

^ Бірінші элемент - бұл салық салынғаннан кейінгі өндіріс табыстылығының (рентабельділігінің) нормасына байланысты қарыздар бойынша пайыздың мөлшерлемесінің салыстырмалы деңгейі.

Қарыз капиталының табыстылық мөлшерлемесі, кредиторлар табысының қарыз капиталына қатынасы ретінде, келесі формула бойынша анықталады:

Д = Кредиторлар табысы _ = Кредиторларға төленген пайыздар

Қарыз капиталы Қаржылық қарыздық міндеттемелер

(қысқа, орта және ұзақ мерзімді)

Кәсіпорынның инвестицияланған капиталына табыстылық мөлшерлемесі (76), таза табыстың (салық төленгеннен кейін) активтердің жалпы массасына қатынасы ретінде анықталады:



Мұнда: Да - активтердің табыстылығы (инвестицияланған капитал);

Дч - таза табыс;

Сн - салық мөлшерлемесі;

A - активтер;

1-Сн- салық мөлшерлемесінің компанияға әсері.

Негізінде, мысалы кәсіпорынның жаңа қарыздары болмаған жағдайда, берілген кәсіпорын салық салынғаннан кейін 15%-ға тең өндіріс табыстылығына ие болады, бұл кезде нарықтағы пайыздық мөлшерлеме 10%-ға тең. Осыған байланысты, кәсіпкер, құны төмен ақшаларды іске қосу арқылы меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесін өсіру мақсатында, қарыз капиталы мен тартылған капитал құнының арасындағы айырманы алуға тырысады. Кәсіпкер бұл жағдайға назар аударуы мүмкін, себебі қаржылық шығындар азаяды және салықтык үнемділік байқалады. Ссудалар бойынша пайыз мөлшерлемесі келісім-шарт нормасы болып табылмайды (біздің мысалымызда 10 пайыз), себебі берілген норма салыктық үнем үлесіне қысқарады.

Мысалы, егер салық мөлшерлемесі 50% - ға тең болса, онда 10% - дың келісім – шарт мөлшерлемесіне сәйкес келетін нақты мөлшерлеме 5% - тең, яғни қарыз капиталының нақты мөлшерлемесі:

10% * (1 – 0,5)=5% - ға тең.

Әрине, салық салынғаннан кейін өндіріс табыстылығы (рентабельді) мен нақты пайыздық мөлшерлеме арасындағы бұндай арақатынас негізінде, қарыз көбейген сайын қарыз міндеттемелерінің табыстылық мөлшерлемесіне тигізетін әсері арта түседі деп айтуға болады.

^ Екінші элемент экономикалық белсенділіктің салыстырмалы жоғары деңгейлі тұрақтылығын көрсетеді. Берілген формула бойынша егер салық төленгеннен кейінгі инвестицияланған капитал активтерінің табыстылық коэффициенті мен салық төленгеннен кейінгі пайыз мөлшерлемесі арасындағы айырма оң болса, онда тетік нәтижесі де оң болады. Егер активтердің табыстылық деңгейі қарыз қаражаттарына төленетін пайыздарға қарағанда аз болатын болса, онда қарыз қаражаттары кәсіпорын қызметіне кері әсер етеді деп бағаланады. Меншікті капиталдың тиімділігін арттыру үшін, қарыз капиталын пайдаланудың дұрыстығыжөніндегісұрақтарды шешуге мүмкіндік беретін “тетік нәтижесінің” формуласы аналитикалық жұмыста қолданылуы тиіс. Талдау жүргізуші түрлі көрсеткіштерді пайдалана отырып меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесін өсіру жолдарын көрсетеді.

Меншікті капиталдың табыстылық факторларын ашып көрсететін Жак Ришар мен Дюпонның формуласына келетін болсақ, онда олар онша дұрыс емес, себебі активтер құнының меншікті капиталға қатынасымен анықталатын соңғы көбейткіш авансталған (жиынтық,


жалпы) капиталдың құрылымын сипаттамайды, ол жиынтық капиталдың меншікті капиталдан қанша есеге көп екенін көрсетеді Бұл формулалардан меншікті табыстылық коэффициентінің осы қатынасқа тура пропорционалды тәуелділігін көруге болады: oл неғұрлым жоғары болса, меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесі солғұрлым көп болады. Бірақ, жиынтық және меншікті капиталдың арақатынасы меншіктің шоғырлану (тәуелсіздік, автономия) коэффициентімен шектелуі тиіс, оның мөлшері 0,5-тен кем болмауы тиіс (2). Олай болмаған жағдайларда кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтып алуы мүмкін. Біздің ойымызша, меншікті капиталдың табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды талдау үшін жоғарыда аталған меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесінің формуласы, сондай-ақ “тетік нәтижесінің” формуласы жеткілікі болады. Біз жиынтық капиталдың (авансталған, жалпы) табыстылық коэффициенті мен меншікті капиталдың табыстылық коэффициентінің өзара байланысын анықтау қажет деп ойлаймыз.

Табыстылықтың маңызды салыстырмалы көрсеткішінің бірі бұл өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі болып табылады. Ол таза табыстың материалдық айналым қаражаттарының қалдығы мен негізгі құралдардың орташа құнына қатынасы ретінде есептеліп шығарылады. Сонымен, өндірістік қорлар құны, сәйкесінше жыл басына және жыл аяғына материалдық айналым қаражаттары және негізгі құралдар құндарын қосып, 2-ге бөлу арқылы анықтайды. Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейін талдау барысында А.Д. Шеремет ұсынған факторлық талдау әдістемесі, көрсеткіштің алғашқы формуласын, табыстылық деңгейін қалыптастырушы, шаруашылық қызмет тиімділігін арттыру және өндірісті интенсивтендірудің барлық сапалы сипаттамасы бойынша жіктеуді қарастырады.

Деңгейді талдаудың факторлық үлгісі келесі түрде ұсынылады:



Мұнда: - өткізілген өнімнің еңбекақы сыйымдылығы;

- өткізілген өнімнің материал сыйымдылығы;

- өткізілген өнімнің амортизация сыйымдылығы;

- негізгі өндірістік қорлар бойынша өнімнің қор

сыйымдылығы;

- айналым қаражаттары бойынша өнімнің қор сыйымдылығы (айналым қаражаттарының бекіту коэффициенті);

Д - таза табыс;

F - негізгі құралдардың орташа құны;

Е – материалдық айналым қаражаттарының орташа қалдықтары;


- өткізілген өнімнің (сатудың) табыстылық деңгейі;

- толық өзіндік құн бойынша өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.


Өнімнің табыстылығы неғұрлым жоғары болса (негізгі қорлардың қор қайтарымдылығы мен негізгі құралдардың айналым жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар мен экономикалық элементтері бойынша (еңбек құралдары, еңбек материалдары) үлестік шығындары неғұрлым төмен болса), өндірістік құралдардың табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Жекелеген факторлардың өндірістік қорлардың табыстылық деңгейіне тигізетін ықпалының сандық бағасы тізбектеп ауыстыру әдісі бойынша анықталады.

Кесте -10

Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің

өзгеруіне әсер етуші көрсеткіштер



Көрсеткіштер

Символдар

Өткен жылы

Есепті жылы

А

Б

В

1

2

1.

Таза табыс, мың тг.

Д

164094

939200

2.

Өткізуден алынған табыс (түсім) (акциз және қосымша құн салығынсыз), мың тг.

Д

12633,7

24397,5

3.

Негізгі қорлардың жылдық орташа құны, мың тг.

F

49826

55789

4.

Материалды айналым қаражаттарының орташа жылдық қалдықтары, мың тг.

E

15244

14385

5.


Өндірістік қорлардың жылдық орташа құны (3 қатар+4 қатар), мың тг.

F+E

65070

70174

6.

Өнімнің қор сыйымдылық коэффициенті (3 қатар : 2 қатар)

К

3,944

2,2866

7.

Айналым қаражаттарын бекіту коэффициенті (4 қатар:2 қатар)

К

1,2066

0,5896

8.

Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табыс - өткізілген өнімнің табыстылық коэффициенті (1 қатар:2 қатар), тг.

Д

12,98

38,49

9.

Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі (1 қатар:5 қатар)-100%

Д

2,521

13,383


Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі есепті жылы 13,383%-ды құрады, ал өткен жылы 2,521% 6олған, яғни оның көлемі 10,86 пунктке (13,383-2,521) өскен.

Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің (рентабельділігі) өзгеруіне ықпал етуші факторлардың әсері келесі есептеулер бойынша тізбектеп ауыстыру әдісімен анықталады:

  1. өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың көбеюі осы көрсеткіштің 8,33 пунктке өсуіне әкеледі. (10,86-2,521), мұнда 10,86 = 38,49: (3,944+12066)-100;

  2. қор сыйымдылығының көбеюі, яғни негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымдылығының азаюы олардың табыстылық деңгейінің 2,52 пунктке (13,383-10,86) төмендеуіне әкелді мұндағы 9,30=0,2821:(2,4069+0,6251)-100;

  3. материалдық айналым қаражаттарын бекіту коэффициентінің азаюы, яғни олардың айналымдылығының жылдамдауы өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің 0,02 пунктке (13,383-10,86) өсуіне әкеледі. Осылайша факторлар бойынша өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің жалпы өсімі 10,86 пунктті құрайды (+8,33-2,52+0,02), ол өткен жылғы мәліметтермен (13,383-2,521) салыстырғанда бұл көрсеткіш деңгейінің жалпы өзгерісіне сәйкес келеді.

Тәжірибеде қаржылық салымдардың табыстылығы деп аталатын көрсеткіш те қолданылады, ол бірлескен кәсіпорындарда үлестік қатысудан және құнды қағаздар бойынша алынатын табыстардың, қаржылық салымдардың орташа құнына қатынасы ретінде анықталады:

Қаржы Құнды БК-да үлестік қатысушылардан

салымдары- = қағаздар + алынған табыстар

ның табыс- бойынша Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді

тылығы табыстар қаржылық салымдардың жылдық орташа көлемі

Қаржы салымдарының табыстылық деңгейі кәсіпорынның инвестициялық қызметті қаншалықты тиімді жүргізетінін көрсетеді.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткішпен қатар басқа да көрсеткіш қолданылады, ол кәсіпорындарға инвестицияланған қаржыларды пайдалану тиімділігін және бұл инвестицияларды басқару "шеберлігін" сипаттайды.

Көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:



Мұнда: Д - инвестиция табыстылығы;

Ск - меншікті капиталдың орташа мөлшері;

Д° - ұзақ мерзімді міндеттемелердің орташа мөлшері.

Бұл көрсеткіш кейбір жағдайда, таза табыс пен несиелер бойынша пайыздар төлемін, ұзақ мерзімді міндеттемелер мен меншікті капитал сомасына бөлу арқылы анықталады.

Мына формула бойынша инвестициялардың тиімділігін бағалай отырып, компания активтері тек меншікті капитал есебінен ғана емес, сонымен бірге қарыздар берген инвестор-кредиторлар есебінен де қаржыландырылатынына көңіл бөлінеді. Сондықтан да таза табыс құрамына несиелер бойынша төленетін пайыздар сомасы да енгізіледі.

Өнім бірлігінің табыстылығы, жекелеген өнімдерді өндіру мен өткізудің, өткізілген өнімдердің қалыптасқан құрылымы жағдайында жалпы табыстылыққа тигізетін ықпалын анықтауға, сондай-ақ сату құрылымының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш коммерциялық құпия болып табылады және де ол, басқарушылық талдауды жүргізу барысында қолданылады.

Негізгі қызмет табыстылығының (табыс нормасы) тағы бір көрсеткіші - бұл өткізілген өнімнің табыстылығы. Бұл көрсеткіш өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың мөлшерін көрсетеді. Ол келесі формула бойынша анықталады:




Мұнда: Д - өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс.

Жалпы өнімнің, бұйым топтары мен оның жекелеген түрлерінің табыстылығы, өнімнің сол немесе басқа түрлерін өндірудің табыстылығын (зияндылығын) салыстырмалы талдауда, әсіресе өнімдердің өте көлемді ассортиментін шығарушы кәсіпорындарда өте маңызды көрсеткіш болып табылады.

Өнімнің табыстылығының модификацияланған көрсеткіші - бұл сату көлемінің табыстылығы, ол мына формула бойынша анықталады:




Мұнда: Д - сату көлемінің табыстылығы;

Д - жалпы табыс;

ДN - өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс (түсім).

Сату көлемінің табыстылық деңгейіне өткізілген өнімнің құрылымының, оның өзіндік құнының және өнімді сату бағаларының өзгерісі ықпал жасайды.Сату көлемінің табыстылық деңгейінің өзгерісіне әсер етуші факторларды есептеуге қажетті бастапқы ақпараттар төмендегі кестеде келтіріледі.

Сату көлемінің табыстылық деңгейінің өзгеру факторларының есебі кестеде көрсетілген: Кесте-11

^ Сату көлемінің табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторлар есебі



Табыстылық өзгерісінің факторлары

Факторлардың әсерін есептеу

Факторлар әсері

1.

Өнім құрылымы

20,28 – 21,17

-0,89

2.

Өнімнің өзіндік құны

20,98 – 20,28

+0,70

3.

Өнімнің сату бағасы (босатылу)

26,67 – 20,98

+5,69

4.

Жиыны:

26,67 – 21,17

+5,5

Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай, өткізілген өнімнің табыстылық деңгейінің 5,5 пунктке өсуі үш фактордың әсерінен болып отыр. Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі мен сату бағасының өсуіне байланысты табыстылық деңгейі сәйкесінше 0,70 және 5,69 пунктке өсті. Өткізілген өнімнің құрылымының өзгерісі нәтижесінде (табыстылығы аздау, бірақ нарықта сұранысқа ие болатын өнім түрлерінің үлес салмағы өсті) оның табыстылық деңгейі жоспармен салыстырғанда 0,89 пунктке азайды.

Жекелеген өнімдер табыстылығының сату көлемінің жалпы табыстылығына әсер ету бағасын, Новосибирск Мемлекеттік экономика және басқару академиясының ғалымдары ұсынған талдау әдістемесін қолдану арқылы белгілеуге болады (9), ол бойынша талдау келесі жүйеде жүргізіледі:

1) жалпы өткізу көлеміндегі әрбір өнім түрінің үлес салмағы анықталады;

  1. өнімнің жекелеген түрлерінің табыстылығының жеке көрсеткіштері есептеледі;

  2. жеке бұйымдар табыстылығының, оның орташа деңгейіне ықпалы, барлық өткізілген өнімдер үшін, жеке табыстылықты жалпы өткізу көлеміндегі бұйымдардың үлесіне көбейту арқылы анықталады;

  3. шығарылатын бұйымның жеке табыстылығының өзгеруімен байланысты ықпал, есепті кезең табыстылығы мен базистік кезең табыстылығы арасындағы айырманы есепті кезеңдегі бұйым үлесіне көбейту арқылы анықталады;

  4. Құрылымдық фактордың тигізетін ықпалы, базистік кезеңдегі табыстылықты, есепті кезең мен базистік кезеңдегі бұйымдардың үлес салмақтарының арасындағы айырмаға көбейту арқылы анықталады.

Талдау жүргізудегі негізгі ақпарат базасы – бухгалтерлік есептің мәліметтері болғандықтан, талдаудың бұл түрі тек өнім түрлері бойынша шығындардың аналитикалық есебін жүргізу барысында ғана мүмкін болады. Мұндай талдау өткізілген өнімдердің қалыптасқан құрылымы жағдайында жалпы табыстылыққа жекелеген өнімдерді өндіру мен сатудың тигізетін ықпалын анықтауға, сондай-ақ сату құрылымының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Жекелеген бұйымдардың табыстылығының (рентабельділігінің) өзгеруіне өзіндік құн деңгейі мен сату бағасы әсер етеді. Бұл факторлардың әсері тізбектеп ауыстыру әдісімен есептеледі.

Кесте-12

Өнім бірлігінің табыстылығының (рентабелділігінің) өзгеру факторларын есептеу



Табыстылық

көрсеткіштері

Сату

бағасы,

теңге

Өнім

бірлігінің

өзіндік

құны,

мың тг.

Табыс -

тылық

%

Табыстылықты өзгерту

Бар -

лығы

Оның

ішінде

сату

баға –

лары

өнім

бірлі-

гінің

өзіндік

құны


1.

Жоспар бойынша

916

742

23,45

x

x

x

2.

Нақты өзіндік құны және жоспарлық сату бағасымен

916

723

26,29

x

x

x

3.

Нақты

941

723

30,15

+6,70

+3,46

+3,24


Жеке бұйымның табыстылығын арттырудың негізгі фактор оны шығарудың өзіндік құнын төмендету болғандықтан, оның калькуляция баптары бойынша өзгеру себептерін талдауға басты назар аударылуы тиіс, сонымен бірге баға қалыптасуының дұрыстығын зерттеуге де көңіл бөлінеді.

Соңғы көрсеткіштер кәсіпорынның кредиторлар, қарыз беруші және акционерлер алдында қолма-қол ақша қаражаттарымен өз міндеттемелерін орындауы жөнінде мәлімет береді. Қолма-қол ақшалардың ағымы негізінде есептелетін табыстылық нарықтық экономикасы дамыған елдерде кеңінен қолданылады. Оның артықшылығы бар, себебі ақша ағымдарымен жүргізілетін операциялар өндірістің қарқынды түрінің маңызды белгісі және кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен экономикалық "кінәратсыздығының" басты нышаны болып табылады.

Осылайша, біз кәсіпорын табыстылығының негізгі салыстырмалы көрсеткіштерін қарастырып, олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды талдап шықтық. Төменде айтылатын басқа да көрсеткіштермен бірге бұл көрсеткіштер кәсіпорын қызметінің тиімділігін және оның іскерлік белсенділігін сипаттайды.

1   2   3   4   5   6



Похожие:

Мазмұны Жоспар бет iconКіріспе бет і-тарау білім берудің ақпараттандырудың теориялық негіздері
Кіріспе бет
Мазмұны Жоспар бет iconДокументы
1. /КюнтезбЮлЮк жоспар/10 сынып каз лит.docx
2. /КюнтезбЮлЮк...

Мазмұны Жоспар бет iconС. Ж. Асфендияров атындаєы Ќмму. Алматы : "Єылым" єылыми баспа орталыєы, 2002. 40 бет
Опиынды нашаќорлыќпен астасќан жедел жјне созылмалы гепатиттеріндегі шеткері ќан мен миеллограммалыќ кґрсеткіштердіѕ баєасы : мед....
Мазмұны Жоспар бет icon1 Дамыта оқыту белсенділікті арттырады 22 бет ІІ тарау Деңгейлік саралап оқыту 29 бет
Л. С. Высоцкийдің идеяларына негізделген В. В. Давыдов пен Д. В. Эльконин және Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л. С. Выготскийдің...
Мазмұны Жоспар бет iconМазмұны Бет Кіріспе 5 І бөлім. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы 7 «Индустриальное снабжение»
Стандартын – бехс және Қехс (International Accounting Standards, ias and International Financional Reporting Standards) жасайтын...
Мазмұны Жоспар бет iconДокументы
1. /ь1 БОМ _д_стемел_к жоспар/ь1 БОМ _д_стемел_к жоспар.doc
Мазмұны Жоспар бет iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
Мазмұны Жоспар бет iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны Жоспар бет iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны Жоспар бет iconДокументы
1. /Ойнарова С.А/8 сынып к_нт_збел_к-та_ырыпты_ жоспар _лг_с_/К_нт_збел_к та_ырыпты_ жоспар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов