Мазмұны Жоспар бет icon

Мазмұны Жоспар бет



НазваниеМазмұны Жоспар бет
страница5/6
Дата02.05.2013
Размер1 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5   6

ІІІ- бөлім Өнімді өткізуден түскен табыстардың аудиті мен жетілдіру жолдары

^ 3.1 Аудиттің маңыздылығы мен әдістері

Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын «audio» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.

Кәсіби аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы- бұл бүгінгі таңда да жалғасы тапқан айтарлықтай ұзақ процесс. Аудиттің қоғамдық ролін түсінуі үшін оны ұйымдастырудың әдістемесін, теориялық негізін және мәнін ашу керек.

Аудит-бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың серіктестіктердін және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады. Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансы немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының рәсімдерін пайдаланады. Белгілі ғалым Я.В. Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты- кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты- кемшіліктерді кеміту жәнә қастықты шектеу.

Нарықтық экономика жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту мәселесін көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге мүмкіндік тудырады:

  1. Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және мағынасын оның бақылаушы-талдамалы қызметінің басқа да шектес ғылымдары және түрлерімен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқауларын, түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен талдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу;

  2. Әдіснамалық аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау, бизнес жағдайының талдау көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін таңдау, экономикалық әлеуетті пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жақсарту бойынша әзірлеу;

  3. Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау механизмдерінің, құқықтық-нормативтік және ақпараттық базалардың мағынасын ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалы қызметтердің технологиясы мен нақты рәсімін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

Кәсіби аудиттің даму проблемаларымен осы аспектілерді өзара тығыз байланыстырып мұқият зерделеу ұлттық экономиканың нақты секторындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық және өткізушілік қызметтерінде болатын оқиғалар мен процестердің ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша, ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді тереңдетіп зерттеудің әдістемелік негізіне қызмет етеді.

Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқауларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Мынандай негізгі белгілері бойынша аудит түрлерін жіктеу әлдеқайда орнықты болады:

  1. Аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен:

  • растаушы

  • жүйелі-бағдарлы

  • тәуекелге негізделген

  1. құқықтық негізде:

  • міндетті

  • бастамашыл (ерікті)

  • кеісуші

  • реттемеленген

  • кеісімшарттық

  1. қолданылу салаларымен:

  • жалпы

  • банктік

  • сақтандырушы

  • қаржылық

  • өндірістік

  • маркетингтік

  1. толықтығы:

  • кешенді

  • тақырыптық

  • функционалдық

  • ұйымдастырушылық

  • арнайы

  1. әдістемелік тәсілдемемен:

-есепшіліктік

- тестілік

- объекті

- циклдік.

Аудитор өзінің кәсіби қызметінде мына принциптерді басшылыққа алу керек: адалдық, объективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетіндік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ақ ниеттілік, ғылымилық, нақтылық, жариялылық, демократияшылдық және т.б.

Ғылым саласындағы зерттеу, оның шындықты анықтау үшін ғылым тану жолын оның ғылыми әдістері деп атайды. Негізінде ғылым тану әдістері қандай бір ғылым саласында болмасын арнайы ғылым тану құралы ретінде қолданылады. Әрбір ғылым саласының ерекшелігіне сәйкес оның әдістерінің де өзіндік айырмашылығы болады. Сонда да болса жалпы ғылыми даму ағымында теориялық тұрғыдан философиялық анықтама бойынша барлық ғылым саласына бірдей әмбебап әдіс – ол диалектикалық әдіс деп танылған. Диалектикалық әдістің негізі – ол, табиғаттағы экономикадағы құбылыстың барлығы өзара байланысты деп эерттеп қарастыруында. Себебі, диалектикалық әдіс өмірдегі барлық құбылысты өзара объективтік заңдылықпен байланыста екенін негізге алуында.

Мысалы, аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қоғамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, объективтілік және тәуелсіздік прициптерінің талаптарын сақтауы, талқылауда білдіретін пікірінің объективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.

Сондықтан да диалектикалық әдіс қандай ғылым саласы болса да оның ғылыми методологиясының негізін құрайды.Аудит, экономика ғылым саласына қосылады, оның даму барысында қоғамға қажет жетістіктерін пайдалану үшін аудитке тән ғылыми әдістер тобы оның методологиясын анықтайды, олар өз кезегінде жалпы методология және жеке методология болып бөлінеді.

Аудиттің жеке методологиясы диалектика принциптері мен жалпы ғылыми теориялық зерттеу заңдылықтарынан құралады. Аудиттің жеке методологиясы экономика, ғылым саласының теориясының заңдылығын негізге ала отырып өз ерекшеліктеріне тән әдістер тобынан құралады.

Аудиттің жеке методологиясы барлық ғылым саласына тән әдістер тобынан құралады, олар: талдау және топтау, индукция және дедукция, бақылау, салыстыру, өлшеу. Осы аталған әдістердің барлығы философияның гнесология теориясы бөлімінде толық, жан – жақты қарастырылған.

Аудит барысында дедукция әдісі шаруашылық субъектілерінің жалпы көрсеткіштерінің мағынасы мен мазмұнына талдау жасап оның жеке құрамдарына байланыстылығын анықтау. Индукция шаруашылық субъектілерінің шаруашылығының жеке көрсеткіштеріне талдау жасап оның жалпы көлемін көрсететін анықтамаларға байланыстылығын анықтап қорытынды жасау әдісі.

Аналогия (ұқсастық) – ғылыми зерттеудегі ұқсастық негізінде объектілерді анықтау. Аналогия әдісі зерттеу объектілерінің әр түрлі жағынан ұқсастығын қарастыру арқылы анықтама жасау.

Жүйелі талдау – объектілерін жүйеге келтіріп оны құрайтын бөлімдерін топтау арқылы зерттеу әдісі. Аудит барысында жүйелі талдау әдісі талдау объектісінің бөлімдерін жеке – жеке бағалап оларға әсер ететін факторларды талдап олардың бірлескен түріндегі объектілерге әсерін бір жүйеге келтіру. Яғни, жүйелі талдау әдісі факторлардың арасындағы жүйелі байланысты анықтайды.

Өндіріс өнімінің функциялық бағалануын талдау әдісі объектіні жүйеленген зерттеу әдісі мен талдаудың дамуы барысында өндіріс талабына сәйкес өндіріс процесінде барлық түрлі өндіріс шығындарының тиімділігін, шығындарды оптималды мөлшерде есептеу үшін қолданылады. Бұл әдіс өндірістік шаруашылық субъектілерінің ішкі аудиттік жұмысында қолданылады.

Аудит жаңа ғылым саласы ретінде бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, заң тағы басқа экономика ғылымдарының негіздерімен жан – жақты байланысты. Сондықтан да аудиттің ғылым саласы ретінде өзіндік ерекшеліктеріне сай (қамтитын) методикалық әдістері бар. Ол әдістер аудиттің мақсаты мен атқаратын функцияларына сәйкес жалпы ғылыми әдістермен үйлестікпен құралған. Олар әсіресе сыбайлас ғылымдар саласының методикалық әдістерімен тығыз байланысты. Аудит жұмысының барысында сол жоғарыда аталған ғылым салаларының методикалық әдістері аудитке тікелей қолданылады және де олар аудит методикалық әдістерінің құрамына тікелей әсерін тигізеді. Мысалы, аудит, ревизия бірдей методикалық әдістермен жұмыс істейді. Олар түгелдеу, бақылау әдістері, бухгалтерлік есеп берудегі тіркеуді тексеру, аналитикалық және синтетикалық есеп кестелерін тексеру.

Қорыта келгенде, аудиттің методикалық әдістері үш топқа бөлінеді:

1) Аналитикалық анықтау; есептеу

2) құжаттау;

3) қорытындылау.

Аналитикалық анықтау – есептеу әдісі – ол негізінде экономикалық талдау (топтау, салыстыру т.б), аналитикалық тексеру және статистикалық, әкономика математикалық әдістер. Осы орайда аудиттің көп тараған методикалық әдісі – ол шаруашылық субъектілерінің қаржылық ақпаратының құрамының аналитикалық есебін тексеру. Мысалы, өндіріс шығынын, оны сатудан түскен төлем сомасымен салыстыру, ол көрсеткіштерді өткен жыл қорытындыларымен салыстыру, онда анықталған өзгеру мөлшерінің нендей себептен болғанын, факторлардың әсерін есептеу.

Методикалық құжаттау әдісі - өз кезінде үш топқа бөлінеді: 1) информациялық моделдеу; 2) нормативтік құқылық жолын анықтау; 3) есеп құжаттарын зерттеп, тексеру.

Ақпараттық моделдеу дегеніміз – аудит объектісінің ақпарат тасушыға бір жүйеге келтіріп аудит жүргізуге ыңғайластыру.

Нормативтік – құқылық жолын анықтау әдісінде заң тұрғысынан ереже нұсқаудың, нормативтік құжаттар талабының, ішкі ереже тәртібінің орындалуын анықтайды. Мысалы, түгелдеу тәртібінің заңды жүргізілуін бақылау үшін түгелдей жүргізудің ереже – нұсқауының дұрыс қолданылуы бақылану қажет. Нақты, мүлік түгелдеу, қаржы қорларын тексеру, ақша қаржысын тексеру ережелерінің дұрыс қолданылуы.

Есеп құжаттарын зерттеп, тексеру әдісінде сол құжаттарда көрсетілген шаруашылық операцияларының заңдылығы, қажеттілігі және экономикалық тиімділігі, шындықты көрсетуін анықтау қажет.

Құжаттарды тексерудің бірнеше түрлерін, әдістерін, қарастыру болады: формалдық, арифметикалық, заңдылық, логикалық тексеру немесе жаппай қарама – қарсы екі жазу жолымен, шоттарға тіркелу жолымен, есепті қалпына келтіру әдісімен тағы басқалай қарастырулармен.

Формалдық әдісте құжаттың барлық реквизиттерінің дұрыс толтырылғандығы, түзетудің болмауы, арифметикалық есебі, жауапкершіліктегі жұмысшылардың қол қоюы қарастырылады.

Арифметикалық тексеруде санау, көбейту процестерінің дұрыс жасалғаны анықталады. Құжаттың заңдылығын тексерудегі мақсат сондағы тіркелген операциялардың заңдылығын және экономикалық тиімділігін анықтау.

Қарама – қарсы тексеру әдісі бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеру әдісі бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеру өте жиі қолданылады. Себебі, бір құжат бухгалтерлік есепте екі қайтара кездеседі. Мысалы, дүкенші тауар сатудан түскен ақшаны кассаға өткізеді. Яғни, касса ордерінің түбірі касса есеп беруінде болады да, оның квитанциясы дүкеншінің есеп беруіне тіркеледі. Олардың арасындағы құжат көрсеткішінің дұрыстығы қарама – қарсы тексеру арқылы анықталады.

Түзету процесінің бірнеше түрі бар.

1) Корректура әдісі, ол бухгалтерлік тіркеу кезінде жіберілген қателерді сол есеп кестелерінде түзетіп ол туралы белгі жасау. Мысалы, тексеруші қатені түзеткен есеп кестесіне қандай түзетіледі, оны түзеткен адам өз атын жазып қол қоюы керек (күнін, жылын көрсетіп).

2) Бухгалтерлік есептегі қатені қосымша екі жақты жасау арқылы түзету. Бұл әдіс қате қай кезде анықталса сол уақытта қолданыла беретін әдіс.

3) Үшінші қате түзету әдісі – қызыл жазу. Бұл әдіс бойынша, бұрын екі жақты жазу сомасында қызыл сиямен жазылады.

Нақты бақылау бухгалтерлік есепте және аудит барысында ерекше орын алатын бақылау – тексеру әдісі. Нақты тексеру методологиясы ең сенімді, күдіксіз әдіс, сол осы арқылы ғана бар шындықты анықтауға болады. өз кезегінде нақты тексеру үш түрге бөлінеді: түгелдеу, сараптап анықтау, бақылау арқылы анықтау.

Түгелдеу – инвентаризация. Бухгалтерлік есепте және аудитте түгелдеу әдісі ол, кәсіпорын мүлкінің негізгі құралдың, тауардың, материалдың, ақша қаржысының, құнды қағазының есеп айырысу операцияларының нақты бір кезеңде түгелдеу барысында бухгалтерлік есеп көрсеткішіне сайма – сай дұрыс екендігін анықтау.

Сараптау анықтау. Нақты тексеру процесінде сараптап анықтау әдісі негізінде өндіріс процесін бақылау ретінде қолданылады.Оның ішінде өндіріс технологиясының дұрыстығы, өндіріске жіберілетін шикізаттардың, материялдардың, өндірісі технолгиясының талабына лайықты екенін, жаңа өнім сапалылығын сараптау, өндіріс процесіндегі шикізат пен материалдардың қосалқы шығынын сараптау тағы сол сияқты көптеген процестерге сараптау жүргізіледі.

Бақылау – анықтау әдісі – бұл да нақты тексерудің бір түрі. Оның негізгі мақсаты күнделікті шаруашылық процесін тексеру, бақылау жасау. Мысалы, күнделікті өндіріс процесіне бақылау жасау, еңбек жұмысшылық тәртібін бақылау, материалдар тасу, дайын өнімнің сатылу процесін, олардың қоймада сақталу тәртібін бақылау.

Қорыта келгенде аудитор жұмысында методикалық тексеру әдістері үлкен орын алады.

Аудиттік бағдарламаға және аудит жоспарына сәйкес жүргізілген әртүрлі бақылау объектісін аудиттік тексеру бухгалтерлік есеп берулер көрсеткіштерінің шынайлығын бағалау үшін сапалы аудиторлық дәлелдемелердің жеткілікті санын жинауға мүмкіндік береді. Бұл жерде есеп беру формаларын толтыру бойынша нұсқаулықтарға көрсеткіштердің мазмұнын және алу технологияның адекваттылығын, сондай – ақ «Ұйымдардың бухгалтерлік есеп беруі» бухгалтерлік есеп беру бойынша ережелерге сәйкес оған қойылған жалпы талаптардың және бухгалтерлік есеп берулердің құрамын сақтауды қосымша тексеру қажет.

Аудиторлық тексеруге экономикалық субъектілердің бухгалтерлік есеп берулерін құрайтын барлық формалар жатқызылады:

  • ұйымдық балансы (бухгалтерлік теңгерімі) (нысан – 1)

  • кірістер мен шығыстар туралы есеп беру (нысан – 2)

  • ақша қозғалысы туралы есеп беру (нысан – 3)

  • меншікті капитал қозғалысы туралы есеп беру (нысан – 4 )

Жылдық есеп беруге түсініктеме қағаз. Есеп берулерді тексерген кезде аудит есеп беру формаларын толтыру бойынша жоғарыда келтірілген нормативтік құжаттарды, тексеру жүргізілетін экономикалық субъектілердің есебін ұйымдастыру форма және түгендеу мәліметтерін басшылыққа алады. Есеп беру жылдың аяғында баланстың әрбір бабы мұқият жүргізілген түгендеудің нәтижелерімен расталуы тиіс. Түгендеу және аудит жүргізу барысында айқындалған барлық қателер және бұзушылықтар, сондай – ақ бухгалтерлік есеп мәліметтеріндегі барлық айырмашылықтар түзетіліп және жылдық есеп беру тапсырудан бұрын тиісті есеп регистрлеуде аталуы тиіс.


^ 3.2 Негізгі қызметтен түскен табыстардың аудиті және аудитті жүргізудегі процедуралардың жетілдіру жолдары.

Негізгі қызметтен түске табыс (сатып өткізу) және қаржылық нәтижелердің құралу циклы бойынша тексеру жүргізу кезінде аудитор осы цикл арқылы шаруашылық операцияларының өтуін куәландыратын ақпараттарды зерттейді. Негізгі қызметтен түске табыс (сатып өткізу) және қаржылық нәтижелердің құралу цикылдына дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатып- өткізумен, негізгі құралдардың, материалдық емес және басқада активтердің сатылуымен, кәсіпаорыннан шығуымен байланысты шаруашылық операциялары кіреді. Бұл операциялардың нәтижелері бойынша кәсіпорында дебиторлық борыштар пайда болады және қаржылық нәтиже анықталады.

Бұл циклдың шаруашылық операцияларын тексеру үшін аудитор ішкі ақпарат көздерінен алынған мәліметтердің де (сатып-өткізілген өнімдердің өзіндік құнын есептеулер, дайын өнімдерді жөнелту накладнойлары, негізгі құралдарды жою актілері), сыртқы көздерден алынған мәліметтердің де дұрыстығына дәлелдеулер алады.

Негізгі қызметтен түскен табыстың (сатып -өткізу) және қаржылық нәтижелердің құралы циклы аудитінің негізгі бағыттары – дайын өнімді кіріске алудың толықтығын, сатып - өткізуден алынған табысты және сатып - өткізілген өнімнің өзіндік құнын есептеудің дұрыстығын, сонымен бірге дебиторлық борыштардың пайда болуын анықтау.

Сатып өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклы сатып алушылардың сұрауынан басталып, дайын өнімнің немесе қызметтің дебиторлық борышқа айналуымен аяқталады. Дебиторлық борыш компанияға тиесілі, бірақ ол әлі алмаған қаражаттар. Дебиторлық борыштарды сипаттаушы шоттар сатушы мен сатып алушыға өнімді жөнелтуге, шот жазып беруге, ақшаны алуға және тіркеуге керекті уақытқа қарағанда біршама көбірек уақыт аралығын қамтиды.

Сәйкестікке тексеру жүргізудің негізгі мақсаты ішкі бақылау жүйесінің сапасына,нормативтік құқықтық құжаттарға және тексеру сәтінде әрекет етуші ішкі саясаттарға, процедураларға сәйкестігіне тест жүргізу болып табылады. Сатып - өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклы аудитінің негізгі нормативтік- құқықтық құжаттары төменде келтірілген.

^ Сатып - өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклын реттеуші негізгі нормативтік – құқықтық құжаттар.



^ Реттік

номері



Құжаттың аты

1

2

1

Қазақстан Республикасындағы Азаматтық кодексі. 1999ж. №409-1, 25 – тарау «Сатып алу - сату» 458-477 баптар

2

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» кодексі. 12.06.2001ж. №209-2 (2004 жылдың 22 қазанында жасалынған өзгертулермен және толықтырулармен)

3

Қазақстан Республикасының Кеден кодексі 05.04.2003ж. № 401-2 (2004 жылғы 9 шілдеде жасалған өзгертулерімен және толықтыруларымен)

4

Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңы 14.04.1993ж ( 1995 жылғы 20 шілдеде жасалған өзгертулермен және толықтырулармен).

5

«Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы»ҚР заңы, 28.04.1997ж. № 97-1 (2003 жылғы 9 шілдедегі өзгертулерімен және толықтыруларымен №482-2)

6

ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы 26.12.1995ж №273 (2004 жылғы 11 маусымдағы өзгертулерімен және толықтырулармен).

7

Фискалдық еске сақтау мүмкіндігі бар бақылау – кассалық машиналарды қолдану Ережелері: ҚР Үкіметінің № 449 қаулысы18.04.2002 ж.

8

Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің шағым- талаптар қою және қарау мен шаруашылық келісім шарттары бойынша келіспеушіліктерді реттеу тәртібі туралы Ереже нұсқау: ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысы, №111, 15.02.1993ж.

9

Жөнелту және жабдықтау кезінде өнімдер мен тауарлардың сақталмауы және жетіспеушілігіне байланысты дауларды шешу кезінде заңдарды қолдану тәжірибесі туралы: ҚР жоғарғы арбитраждық соты Пленумының қаулысы №4 23.12.1993ж

10

Тиісті сапаға сай келмейтін өнімдер мен тауарларды сатып өткізуге байланысты дауларды шешу туралы: ҚР жоғарғы арбитраж соты пленумының қаулысы №5 08.02.1995ж

11

«Қаржылық қортынды есепті дайындап тапсырудың тұжырымдамалық (концептуалдық) негізі». ҚР Қаржы Министрлігінің №542 бұйрығы, 29.10.2002 ж.

12

«Бастапқы құжаттардың нысандарын бекіту туралы»: ҚР Қаржы министрлігінің №128 бұйрығы, 19.03.2004 ж.

13

«Табыс» деп аталатын бухгалтерлік есептің №5 ұлттық стандарты ҚР бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық коммиссияның қаулысы. №3 13.11.1996 (ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен енгізілген өзгертулермен, толықтырулармен, 28.01.2003 ж. №27

14

«Табыс» деп аталатын бухгалтерлік есепті №5 ұлттық стандартына әдістемелік ұсыныстар: ҚР Қаржы Министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаментінің №7 бұйрығы 21.05.1997ж.

15

«Күмәнді борыштар бойынша резерв құру тәртібі» 5 «Табыс» деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына әдістемелік ұсыныстар. ҚР Қаржы Министрлігінің №457 бұйрығы. 31.12.1997ж.

16

«Бухгалтерлік есеп регистрлерін толтыру туралы» ҚР Қаржы Министрлігінің №72 Ереже- нұсқауы. 24.11.1997ж

17

Бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспары: ҚР Қаржы Министрлігінің №438 бұйрығы, 18.09.2002ж (Қаржы Министрлігінің №372 бұйрығымен 21.10.2003 ж. Енгізілген өзгертулерімен, толықтырулармен)

18

Көлік экспедициясы келісім шартының шеңберінде жүзеге асырылатын, жүктерді тасымалдауға экспедиторлардың шот – фактура жазып беру тәртібі: ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитеті төрағасының №18 бұйрығы. 23.01.2003ж.

19

«Вексельдік операциялардың бухгалтерлік есебі туралы»:ҚР Қаржы Министрлігінің №23-2-2-6/63/1540 хаты, 07.02.2001ж.


Сәйкестікке тексеру жүргізу мақсатына қол жеткізу үшін аудитор кәсіпорынның ішкі бақылау саясаты мен процедураларына олардың тиімділігіне және бухгалтерлік есеп принциптері мен есеп саясатында белгіленген нұсқауларға сәйкестігіне көз жеткізу ниетімен зерттеу жүргізеді. Дайын өнімді сатып өткізуге ішкі бақылау жасау процедуралары төмендегі негізгі элементтерден тұрады:

  • дайын өнімді сатып- өткізу бойынша қызметті жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, оған бақылау жасау, есеп жүргізу және талдау жасау жайындағы ұйым жұмыскерлерінің белгілі бір тобының өзара қарым – қатынасы мен әрекет ету тәртібін анықтау және құжатпен бекіту (лауазымдық нұсқаулар);

  • тиісті жұмыскердің өзінің міндетті қызметін орындағандығын куәландыратын мәліметтер көрсетілетін бастапқы құжаттардың тізбесін жасау;

  • «бақылау обьектісін» және дайын өнімді сатып - өткізу бойынша нақты операцияларды жүзеге асырудың әртүрлі аспектілерін бағалау үшін бақылау жүргізу әдістерін таңдау.

Клиенттің ішкі бақылау процедураларымен танысу үшін аудитор алдыңғы аудиттің материалдарын зерттейді. Ол аудиторға мынадай мүмкіндіктер береді:

а) жүйені, блок – схемаларды, құжат айналымын, анкеталарды суреттеу арқылы ішкі бақылау жүйесі жөнінде ақпарат алады;

б) ағымдағы жылы жаңалауды талап ететін тексеру бөлімшелерін белгілейді.

Егер аудиторлық фирма аудитті бірінші рет жүргізіп отырған болса, онда аудиторға сатып- өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу процессін операциялардың төмендегі тобына бөлген дұрыс:

-өніммен жабдықтауға тапсырыс алу;

-коммерциялық несие беру мүмкіндіктерін талдау, жабдықтау келісім- шарттарын дайындау және келісім жасау;

-өнімдерді жөнелтуге дайындау;

-сатып алушылардың өнім үшін төлем жасауын бақылау;

-дебиторлық борышты бақылау.

Транзиттік экономика жағдайында функционалды аудиттің өте өзекті бағыты- ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтеріқатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады.

Негізгі қызметтен түскен табыстардың аудиті ретінде қалыптасуды іс- жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын амортизациялық есептеуді, істен шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауда тексеру түсіндіріледі.

Аудитор бұл щбъектілерді тексергенде 38 ҚЕХС, 28 БЕС, Қазақстан Республикасының «Меншік туралы», «Тауарлық белгілер туралы», «Авторлық құқық туралы» және басқа құқықтық – нормативтік актілерді басшылыққа алады. Ең алдымен аудит бағдарламасына сай Бас кітаптың мәліметтеріне баланс көрсеткіштерінің сәйкестігі зияткерлік меншік объектілерінің бар екендігі және оның жағдайы, алу фактісін растайтын сатудан түскен табысты қабылдау- тапсыру актілері, бұл объектілер сипатталған немесе кесімді белгіленген жердегі ақпарат көздері мен өзге құжаттар тексеріледі. Объектілерді кәсіпорынның пайдалануына жарамды жағдайға келтіруге қажетті шығындар көлемін айқындаудың анықтығымен материалдық активтердің құн бағалаудың дұрыстығын айқындау керек. Кәсіпорынның активтерінің алғашқы бағалаудың әр түрлі тәсілдерімен анықталатындығын ескергені жөн.

1   2   3   4   5   6



Похожие:

Мазмұны Жоспар бет iconКіріспе бет і-тарау білім берудің ақпараттандырудың теориялық негіздері
Кіріспе бет
Мазмұны Жоспар бет iconДокументы
1. /КюнтезбЮлЮк жоспар/10 сынып каз лит.docx
2. /КюнтезбЮлЮк...

Мазмұны Жоспар бет iconС. Ж. Асфендияров атындаєы Ќмму. Алматы : "Єылым" єылыми баспа орталыєы, 2002. 40 бет
Опиынды нашаќорлыќпен астасќан жедел жјне созылмалы гепатиттеріндегі шеткері ќан мен миеллограммалыќ кґрсеткіштердіѕ баєасы : мед....
Мазмұны Жоспар бет icon1 Дамыта оқыту белсенділікті арттырады 22 бет ІІ тарау Деңгейлік саралап оқыту 29 бет
Л. С. Высоцкийдің идеяларына негізделген В. В. Давыдов пен Д. В. Эльконин және Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л. С. Выготскийдің...
Мазмұны Жоспар бет iconМазмұны Бет Кіріспе 5 І бөлім. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы 7 «Индустриальное снабжение»
Стандартын – бехс және Қехс (International Accounting Standards, ias and International Financional Reporting Standards) жасайтын...
Мазмұны Жоспар бет iconДокументы
1. /ь1 БОМ _д_стемел_к жоспар/ь1 БОМ _д_стемел_к жоспар.doc
Мазмұны Жоспар бет iconМазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
...
Мазмұны Жоспар бет iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны Жоспар бет iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны Жоспар бет iconДокументы
1. /Ойнарова С.А/8 сынып к_нт_збел_к-та_ырыпты_ жоспар _лг_с_/К_нт_збел_к та_ырыпты_ жоспар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов