І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау icon

І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау



НазваниеІ тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау
страница4/4
Дата02.05.2013
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4

ІІІ тарау. Қазіргі жағдайда ҚҚС қызмет ету механизмін жетілдіру жолдары


Қосылған құн салығы тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге белгіленетін жанама салықтар түрлерінің бірі болып табылады. Салық базасы болып тауардың өндірісі мен өткізудің әрбір кезеңінде қосылған құн табылады. Қосылған құн өзіне есептелінген еңбек ақыны, амортизацияны, несие үшін пайда пайызын, пайданы, жарнама шығындарды, транспортты және т.б. қосады. Бағаға тауардың тұтынушыларға қарай жылжу кезінде барлық кезеңдерінде кәсіпкерлермен енгізілген қосылған құн салығының жалпы сомасы енгізіледі. Сонымен тұтынушы осы салықтың жалғыз да, соңғы төлеушісі болып табылады.

Бюджетке үнемі түсудің нәтижесінде және қосылған құн салықтың универсалдығы бірден бір тиімді фискалдық аспап ретінде қатысады.

Сонымен қатар қосылған құн салығы елдің экономикасын реттеумен экономикалық интеграция құралы ретінде пайдаланылады. Мемлекет қосылған құн салығын алу мәселесі бүгінгі күні өзекті болып табылып, қызуғышылықты тұғызады.

Нарықтық қатынастарға өту салық заңдылығында радикалды өзгерістер мен мемелекеттік бюджетке төленетін салықтар және басқа міндетті төлемдерді дұрыс анықтауға толық және уақытылы нақты бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін салық жүйесі үлгісін құруды талап етті. Оны ұйымдастырудың принциптері болып біртұтастылық, жергілікті билік органдырна тәуелсіздік пен қатаң орталықтандыру жатады. Қазақстанның салық органдары қызметінің құқықтық негізі болып Қазақстан Республикасы Конституциясы, Жоғары билік органдары шығаған нормативті құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғылықтары мен ұйғарымдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен ұйғымдары және т.б. салық салу мен салық органдары жұмысын ұйымдастыруға байланысты заңды актілер табылады.

Жаңа Салық кодексін қабылдаумен байланысты қосылған құн салығын төлеушілерге қойылым арқылы салықтық бақылау жүргізу, оларды жекелеген есепке алу салық бақылауының өте маңызды нысаны болып табылады. Қосылған құн салығын төлеушілерді есепке алу бойынша маңызды ереже болып тауарларды өткізумен байланысты айналым мөлшерін енгізу болып табылады.

Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығын төлеушілердің қатарынан тауарларды өткізу жылдық тауар айналымы салық салынатын айналымнан бекітілген төменгі шегі 10000 АЕК-ке жетпейтін кәсіпкерлер шығарылып тасталады.

Ең алдымен осы норма тауарларды өткізетін кәсіпкерлерге қатысты.

Сонымен қатар, көрсетілген кәсіпкерлерде қосылған құн салығы бойынша есепке ерікті тұру құқығы сақталады.

Сонымен қосылған құн салығы бойынша есепке алу тауарларды өткізу бойынша айналым мөлшері нәтижесінде салық салынатын төменгі шектен артқан кез келген кезең аяқталған күннен кейін 15 күнтізбелік күннен кешіктермей жүзеге асырылады.

Осыған байланысты көрсетілген салық төлеушілерге қатаң есеп беру бланкісі болап табылатын қосылған құн салығы бойынша куәлік, яғни қосылған құн салығы бойынша төленушіні есепке алуды білдіретін құжат беріледі.

Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу мен есепке алу орталықтандырылған тәртіппен жүргізіліп, қосылған құн салығын төлеушілердің ел бойынша ортақ мәліметтер базасы жасалады. Мәліметтер базасын жасау жалған шот-фактура бойынша мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 211 бабына сәйкес жалған шот-фактура болып қосылған құн салығы бойынша есепте тұрмайтын салық төлеушімен толтырылған қосылған құн салығын қосатын шот-фактура табылады.

Салық бақылауын жүзеге асыру салық қызметі органдарына қосылған құн салығын төлеушілердің мәліметтері базасы арқылы осындай төлеушілерді анықтауға мүмкіндік береді.

Қосылған құн салығы бойынша есепке тұрмаған төлеушіні анықтаған жағдайда салық қызметі органдары анықталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде салық заңдарын бұзғанын жою туралы ескертпе жібереді. Сонымен қосылған құн салығы бойынша есепте тұрмаған төлеуші салық қызметі органынан ескертпе алғаннан кейін тауардың осы түрі бойынша есепке тұру жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

Салық қызметі органы көрсетілген төлеушіге салықтық тексеріс жататын салықтық бақылаудың басқа да шараларын қолданады.

Сонымен бірге осы төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы Кодекстің 211 бабында жалған шот-фактураны жазғаны үшін айыппұл салуды қарастырады, айыппұл заңды тұлғаларға шот-фактурада көрсетілген қосылған қн салығы сомасынан 200% шамасында болады.

Қосылған құн салығы бойынша есепке алу тәртібі және куәліктің көмегімен қосылған құн салығын қолдану жеңілдетіледі.

Жаңа Салық кодексінің іске қосылуымен байланысты салық жүйесін жетілдірумен салық әкімшілігін жақсартуға бағытталған перспективалар ерекшелінеді.

Негізгі бағыттарының бірі болып қосылған құн салығы бойынша салық төлеушілердің тіркелу, қосылған құн салығымен толтырылған шот-факутраларды қабылдау мен тізімін қайта өңдеу жүйелерін мәліметтер базасын құру табылады. Бұл жүйе қосылған құн салығы бойынша әкімшіледіруді еләуір жақсартады, яғни әлде қайда тиімді салық бақылауына жағдай жасайды. әрбір шот-фактура бойынша сатып алушының аты-жөні, оның салық төлеушінің нөмері, өнім түрі, қосылған құн салығын салудың есептеуден кейінгі өткізу көлемі анықталынады. Барлық реестр электронды және қағаздық нұсқаларда қабылданады. Шот-фактура реестрлі компьютерге енгізіліп электрондық қайта өңдеу жүргізіліп сәйкес кемеушіліктарды анықтайды. Мысалы, бір салық төлеушішің өнімнің белгіленген түрлерінің өткізу көлемі салық төлеушінің тіркеу нөмері шот-фактурада көрсетілген басқа салық төлеушінің осы өнімді сатып алу көлемінен ерекшелінеді.

Сондықтан шот-фактуралар реестрлерін қабылдау және өңдеу жүйесі қосылған құн салығын экспорттаушы кәсіпорындарға өтеу бақылауын жеңілдетеді.

Салық қызметі органдары қосылған құн салығының дұрыс есептелуіне бақылау жүргізе отырып салық төлеуші қосылған құн салығын тіркеуші түрінде тіркелгенін және оған салық төлеушінің тіркеу нөмері берілгенін анықтауы қажет.

Филиалдары бар кәсіпорындары үшін салық салатын айналымды анықтағанда, осы айналым филиалдары да ескеріледі. Тексеріс кезінде тауарларды тиеу жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуді жүзеге асыраушы салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша есепке алығанын ескерту қажет.

Сондай-ақ салық төлеуші есепке қай жұмысы арқылы жұмыс жасайтынын анықтау керек.

Өткізулерді есепке алу әдісімен есепке алған кезде тиелген тауарлардың орындалған жұмыстар мен көрстеілген қызметтердің өткізілу құнынан анықталады. Кассалық әдіс кезінде өткізу тиелген тауарлар мен орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер құнынан анықталады.

Салық салынатын айналым мөлшерін дұрыс анықтауға айырықша көңіл бөлу қажет. Қазақстан Республикасы шекарасында тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді өткізу бойынша айналым салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт болып танылады.

Тауарларға қатысты “өткізу” термині салық ұстаушының меншігіне кепілдендірілген тауарларды сату, айырбастау, қайтарымсыз беру немесе беруді, жеке мақсатта тауарларды қолдану, жоғалту жұмыс мен қызметті өткізу білдіреді.

Туарларды, жұмыстарды және қызметтерді айырбастау немесе оларды қайтарымсыз беру, сондай-ақ сатып алу құнынан төмендетіп сату кезіндегі салық салынатын айналым айырбастау немесе беру сәтінде қалыптасқан, бірақ нақты қалыптасқан шығындардан төмен емес баға деңгейімен анықталады. Акцизделетін тауарларға салық салынатын айналым мөлшеріне акциз сомасы қосылатынын ұмытпау керек.

Тауарлар, жұмыстар немесе қызметтерге қоюшы қосылған құн салығын төлегенде есепке алуға жатқызудың негізділігін тексеру келесі кезең болып табылады. Сонымен салық төлеушіде әрбір қоюға шот-фактура немесе қойылым құнында қосылған құн салығының бар болуын расстайтын басқа құжаттың бар немесе жоқтығына тексеріс жасау керек.

Алыс шетелден шығарылған импорттық тауарлар бойынша тек кедендік құжат толтыру екзінде Қазақстан Республикасы бюджетіне төленген қосылған құн салығы ғана есепке алынады.

Қосылған құн салығын төлеуден босатылған қызметтер бойынша, ғимараттар мен жеңіл автокөліктерін сатып алу, кәсіпкерлік қызметке емес басқа мақсатқа алынған тауарлар қосылған құн салығы бойынша есепке алынбайды.

Салық кодексіне сәйкес, тауарлар бүлінген немесе жоғалған кезде осы тауарлар бойынша есепке алынған қосылған құн салығы бюджетке қайтаруға жатқызылады.

Егер де салық төлеушілерде салық салынатын және салық салынбайтын айналым болса, онда қосылған құн салығы бойынша есепке айналымның жалпы сомасынан салық салынатын айналымның үлес салмағымен анықталған салық сомасы қабылданады.

Есепке алуға жатқызылған есеп сомасы есптік кезеңде есептелген сомада артқан жағдайда салық органдары қосылған құн салығы бойынша дебеттік сальдоны немен байланысты туындағанына мұқият талдау жасаған жөн. Егер де ол нөлдік ставканы қолданумен байланысты болса, онда барлық растаушы құжаттардың (алыс шетелдің шекарасын өткендігін растайтын жүктердің кеденді декларациясы бір реттік халықаралық тасымалдау құжаттары және т.б. құжаттар) бар болуы міндетті түрде тексеріледі.

Бюджетке аударылатын қосылған құн салығы сомасының толықтық және уақытылы аударылуына тексеріс жасауда салық және оның мөлшері бойынша ағымдық төлемдер жарнасы мезгілінің сақталуына аса көңіл аудару қажет. Салық төлеушіге салықты төлеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру өтеулердің уақыттылығы мен өсім ақының төлемі ұсыналады, әлде жоқ па соны тексеру керек. Осы кезде Салық кодексі бойынша ұсынылған мерзімді кейніге қалдыруды ескере отырып өсімшені есептеуге, өтеудің уақыттылығына тексерім жасау керек. Салық кодексі бойынша ұсынылған кейінге қалдыруды ескеру қажет. Салық кодексімен ұсынылған бюджеттік мекемелер үшін кейінге қалдыруларға өсімше есептелінбейді.

Қосылған құн салығы бойынша декларацияларда көрсетілген мәліметтердің шынайлығына, сондай-ақ салық органына дер кезінде ұсынылуына дер кезінде тексеріс жасау керек. Сондай-ақ салықтардың толық келіп түспеулерді жою керек. Қосылған құн салығының дұрыс есептелуімен уақытылы төлену тәртібін қарастырып, салықтық бақылау салықтарды толық және дұрыс төлеуді бақылау емес екенін атап өту керек. Салықтық бақылаудың кең мәні — бұл мемлекеттің маңызды қызметтерінің біріне жатқызылған салық заңдарының орындалуын бақылау. Оның маңыздылығы осы бақылау мемлекеттің мүліктік табысы болып табылатын алымдар мен салықтарды қамтамасыз етуші құрал ретінде қатысуында.

Нәтижесінде, әдетте, салықтық бақылау мемлекеттік бақылаудың жақсы ұйымдастырылған түрлерінің бірі. Салықтық бақылаудың барлығын қамтыған мемлекеттің материалдық мүддесі салық төленбеген жағдайда экономикалық және әлеуметтік тәртіпте мәселе тұғызады. Салықтық бақылаудың мамандырылуы оның материалдылығымен анықталады. Ол салық қызметі органдарының оның шегінен шығуына қақысыз екендігінен көрінеді. Бұл жағдай Салық кодексінде салық төлеушінің құқығы түрінде “салық салуға қатысы жоқ ақпараттар мен құжаттарды ұсынбауы керек” деген тұжырым жазылған. Салықтық бақылаудың қызметтілігінің объектісі ретінде меншік нысанына ұйымдық құқықтық нысанына және қызмет түріне тәуелсіз заңды және жеке тұлғалардың салықтық міндеттемелері қатысады.

Біздің елімізде салықтық бақылау сәйкесінше билік құзырлығымен қамтылған, “билік пен бағыну” үлгісіндегі салықтық қатынастарда бақылаушы субъектісі болып табылатын мемлекеттік органмен жүзеге асырылады. Сондықтан не бір азамат, не бір еңбек ұжымы, не бір кәсіодақ салықтық бақылау субъектісі ретінде қатыса алмайды. Осы себептерге байланысты кең таралғанымен де аудиторлық тексерістер салықтық тексеруші бола алмайды. Бақылаудың мәні “тексеру”, тексеру мақсатындағы “барлауды” білдіреді. Бақылаудың мақсатымен міндеттің толықтығы, уақыттылығы және тиімділігі, сондай-ақ операция әрекеттің және салық төлеушінің жауапкершілікке тартудың, заңдылығы мәліметтерінің шынайлығы белгіленеді. Сондықтан бақылау салық төлеушілердің салық заңдарын сақталуына бағытталған. Салықтық тексерістерді жүргізудің тиімділігіне қол жеткізу үшін салықтық қызмет органдары атқарушы билік органдарымен құқық қорғау, қаржы және басқада бақылаушы органдармен өзара әрекет етіп, біріккен бақылауды жүргізудің шараларын қабылдап, сәйкесінше, салық қызметінің, өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған ақпараттардың құпиялығын сақтай отырып, ақпараттардың өзара айырбасын қамтамасыз етеді.

Салық кодексі мемлекеттік органдарының міндеттерін белгілеп, Қазақстан Республикасы салық заңдарының орындалуына бақылау бойынша міндеттерді, сондай-ақ салықтық тәртіп бұзушылықпен күресте міндеттерді орындауына әсер етеді.

Қазіргі уақытта барлық әлемде салық жүйесін жеңілдету тенденциясы байқалады. Салық жүйесі қарапайым болса, экономикалық нәтиже оңай анықталады. Салық органдарында жұмыс істейтіндер санын азайтуға мүмкіндік береді.

Осындай тенденция кейбір елдерде тек жалғыз қосылған құн салығының бар болуымен бекітіледі.

Біздің елімізде салық жүйесі өте күрделі құрылымды иеленеді. Онда бір-бірінен мәні жағынан еш айырмашылығы жоқ әртүрлі салытар, аударымдар, акциздер және алымдар бар. Осындай төлемдердің көптігі кәсіпорындар бухгалтериясында үнемі қателіктерге әкелсе, нәтижесінде ксіпорын салықты уақытында төлемділігі үшін өсім төленуіне тура келеді. Салықтардан өсім алу үшін салық жүйесін арнайы қиындықтан дегенде ой келеді.

Сонымен бірге, салық ставкалары мен олар төленетін табыстар өте қажетті салық элементтерінде әркелкі көрсетіледі. Сондықтан Заң шыққан соң біраз айлар өткеннен кейін нұсқаулар шығарыла бастайды. Біздің еліміздің салық жүйесінің тағы бір кемшілігі — оның тұрақсыздығы болып табылады.

Салықтар енгізілген соң бір жылда қызмет етпей алынып тасталады.

Салықтар төңірегіндегі осындай жағдайлар біздің экономикамыздың тұрақсыздылығына әкеледі. Сондықтан, дағдарыс жағдайынан шығу үшін салық жүйесін жөнге келтіру, кәсіпорындарға қалыпты жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жоғарында айтылғанды талдай келе мәселелер қазіргі жағдайда төмендегі әдей проблемалық сұрақтарды бөлуге болады:

  1. салықтарды есептеу мен жинаудың, салық төлеушілерді есепке алудың, бақылау жұмысының және салық тәртібін бұзушылықпен күрестің тиімді жүйесін құру, тиімсіз салықтарды жүйеден алып тастау арқылы салық жүйесін жеңілдетіп салық ауыртпалығын азайту, өзін ақтамайтын салықтық жеңілдіктерді алып тастау арқылы салық бағасын кеңейту, салық ауыртпалығын аудару;

  2. аудандар деңгейінде жаңа ұйымдық-қызметтік құрылымды енгізу;

  3. салық органдары қызметтерін жүзеге асыру үшін жаңа технология мен процедураны өңдеу мен енгізу;

  4. салық заңының тиімділігін арттыру үшін ақпараттық-аналитикалық жұмыстар мен ғылым болжамдар әдістері мен нысандарын қолдану;

  5. құжаттық тексерістер мен оларды өткізу үшін салық төлеушілерді іріктеу мен әдістемені өңдеу мен қолдану;

  6. халықаралық және мемлекеттік стандарттарды салық органдарын ақпараттандыру үшін қолдану;

  7. салықты есепету мен алудың “дербес есептеу” жүйесін іске қосу;

  8. салық органдары мен салық төлеушілердің өзара әрекеттестігінің “мейірбандық” жүйесін қалыптастыру мен ұйымдастыру;

  9. салық органдарында құжат айналысын оңтайландыру.

Осы тақырыптың өзектілігін отандық тауар өндірушілерге салық салудың тиімді концепциясын жасау жолымен салық ауыртпалығының азаюынан көруге болады.

Экономикалқы өсуге қол жеткізу азаматтардың өмір сүру деңгейін өркениетке жеткізу тиімді жұмыс істеуші салық жүйесін құру болып табылады. Соңғы жылдары осы жүйенің экономикалық және әлеуметтік шарттарына сәйкес қосымша өңдеуді қажет ететін контуры анықталады.

Салық жүйесін жетілдіру сұрақтарын қарастыра отырып салықтардың жиналымдалығын арттыратын механизмді іздеуге аса көңіл бөлу керек. Қазіргі уақытта салық жүйесін жетілдіруді төмендегідей бағыттарда жүргізу керек:

  1. бюджетке қаржы ресурстарының түсуінің толықтығын қамтамасыз етуге кедергі кемшіліктерді жою;

  2. салықтар жүйесін санды есептік-бақылау аспектісінде жеңілдету;

  3. әрбір өндірушінің шаруашылық қызметінің мақсатын, стратегиясын таңдау әдісі мен құралын қалыптастырушы тұтас және белсенді әрекет етуші экономиканы реттеу жүйесін құру;

  4. салықтық қатынастарды реттеудегі заңның рөлін арттыру есебінен құқықтық нысанды жақсарту.

Салықтарды тиімді қолданудың маңызды бағыттары болып шағын кәсіпкерлікті ынталандырудағы оның рөлін арттыру болып табылады. Нақ осы бәсекелестік аяны қалыптастырып, қосымша жұмыс орынын ұсынып, озық жетістіктерді жедел енгізеді, сұраныс пен ұсынысқа байланысты өндірісті бейімдей алады, жоғарлатылған алғашқы шығындарды талап етпейді.

Шағын кәсіпорындардың санын өсіру, олардың тиімділігін арттыру мақсатын, өзі емес нарықтық ортаның қалыптасуының, экономикалық өсу шарттарын қамтамасыз етудің шанайы қадамы, соның негізінде біздің азаматтарымыздың тұрмыс тіршілігін арттырады.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту механизмнің бірден-бір шешуші буыны болып салық жүйесі табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлікті нығайту мен қолдауға бағытталған салық жүйесін құрудың мақсаты бағытталған бағдарламасын құрудың қажеттігіне куәлік етеді.

Салық саясаты салық базасын кеңейтуге бағытталған болу керек. Салық базасын кеңейту салық ауыртпалығын күшейтпей-ақ, бюджетке тапсырыстардың шынайы түсуін арттырады. Осы проблеманы шешпей экономикалық өсудің, қаржылық базасын қамтамасыз ету мүмкін емес. Салық салатын базаны кеңейтудегі шынайы қадам болып шағын кәсіпкерліктің дамуын барынша ынталандыру болып табылады.

Салық жүйесі нарықтық экономиканың бірден-бір басты элементтерінің бірі болып табылады. Шаруашылықты дамытуға экономикалық және әлеуметтік дамудың басымдылығын анықтағанда салық жүйесі мемлекеттің әсер етуінің басты аспабы болып қатысады. Осыған байланысты Қазақстанның салық жүйесі жаңа қоғамдық қатынастарға бейімделіп, әлемдік тәжірибеге сәйкес болуы керек.

Біздің салықтардың тұрақсыздылығы ставкалардың жеңілділігінің үнемі қайта қаралуын Қазақстанның нарықтық қатынастарға өту кезеңінде теріс рөлді иеленіп отандық және шетелдік инвестицияларға кедергі болды. Салық жүйесінің тұрақсыздығы бүгінгі күндегі салық салудың басты проблемасы. Өмір салық жүйесінің таза қазыналық қызметіне жасалған басымдылығының оң нәтижесін бермеді.

Салық саласындағы реформаторлық қайта құрудың талдауы негізінен тартылған ұсыныстар салық жүйесінің элементтеріне ғана екенін көрсетті (ең алдымен ставка мөлшері, ұсынылатын жеңілдіктер, салу объектісі).

Бірақ бүгінгі уақытта нарықтық қатынастардың қазіргі кезеңіне сәйкес келетін салық жүйесі қажет.

Бүгінгі күні Батыс елдерінде салық алу мен оны қолданудың жалпыланған теориясы мен ойластырылған тәжірибесі бар. Бірақ олардың тәжірибесіне бейімделу қиын, себебі өзінің ұлттық шаруашылығын қайта құрудың жарқын жолдарын іздеуші бүгінгі Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси шарттарының ерекшеліктеріне бірінші дәрежелі көңіл бөлмеу мүлдем мүмкін емес.

Салық салу аясындағы проблемалардың көп қалыптасқандығы сондай, оларды жекелеген жарлықтар мен түзетулер арқылы шешу мүмкін емес. Біздің салық жүйеміз өзіне жүктелген қызметтерді жүзеге асыруға қабілетсіз. Ол өз кезегінде елдің экономикалық дамуына кедергі келтіреді.

Осы қайшылықтарды жоюдың ойластырылмаған амалдарды көптеген түзетулер өз кезегінде одан әрі қайшылықтар мен тұрақсыздыққа әкеледі. Ставкалар мен жеңілдіктерді үнемі қарастыру біздің салық органдарының тұрақсыздығы нарықтық қатынастардың қалыптасуында жағымды рөлді иеленген жоқ.


Қорытынды

Тікелей салықтар кейбір экономикалық құбылыстары мен серпінін үнемі көрсете бермейді. Осыған байланысты жанама салықтарды қолдану бірқатар болжауларды қамтамасыз етеді.

Сонымен жанама салықтардың ерекшеліктері болып олардың салық ауыртпалығын басқа тұлғаларға ауыстыруы табылады.

Жанама салықтарды ұтымды және тиімді қолданса мемлекетке үлкен қаржылық түсімдер әкеледі, мысалы қосылған құн салығын қолдану қазіргі уақытта бюджеттік түсімдердің негізгі көзі болып отыр. Ең басты Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта жанама салықтар өсідің тұрақты тенденцияларын иеденеді.

Жанама салықтар тікелей салықтарға қарағанда оңай жинақталады, себебі салықты таратушылар саны көп болғанымен, оны төлеушілер өндірушілер немесе сатып алушылар, яғни адамдар саны аз.

Жанама салықтардың осындай артықшылықтары оларды үнемі ауқымды қолдануға, сондай-ақ бір қатар жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Жанама салықтарды тарату мен олардың шамасын кеңейту мен шамадан тыс қолдануға болмайды. Оларды жаппай қолдану мен арттыру тауарды қымбаттатып халық табысының өсуін қысқартып, салық төлеуден алынатын табысты елеулі азайтады. Сондай-ақ оны қолдануды шамадан тыс азайтып жіберу салық алудан түсетін табысты азайтады. Сондықтан тікелей және жанама салықтардың арасындағы ұтымды ара-қатынасты табу маңызды. Қосылған құн салығы өндірістік және бөлінгіштік циклдан басталып соңғы тұтынушыға дейін әрбір сату актісінен алынатын көп сатылы салықты ұсынады. Салықтың объектісі қосылған құн болып табылады. Ол өзімен бірге шикізаттың, материалдың немесе жаңа өнім мен қызметті жасау үшін сатып алынған тауарлар мен өнімдердің құндарында қосылады.

Қосылған құнды өндіріс пен өткізудің әр буындарында бөліп қарастыру өзіндік мәнді иеленеді:

  • өндіруші де өндіріс шығындарын азайтуға ынта туғызатын тауар бағасының барлық элементтері мұқият шектелген;

  • салық бойынша есептеулер процесінде мемлекет өнекәсіптік және сауда капиталының айналымдық қарқыны туралы мәліметтер алып, макроэкономикалық бағдарламалаудың міндеттерін жеңілдетеді;

  • мемлекетке салықтың толық құнының жалғыз және соңғы төлеушісі болып қатысатын халықтан тауарларды өткізгенге дейін табыс келіп түседі.

1999-2002 жылдары арасында республикада мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдердің қалыпты өсу тенденциясы байқалады. Бюджетке салықтық түсімдердің құрылымында жанама салықтардың ішінде қосылған құн салығының үлесі 22%. Мұндай жоғары көрсеткіш салық салу субъектісі мен объектісінің санын артқанының халық шаруашылығының барлық салаларында инвестициясының өскенінің куәсі.

Сонымен қатар осы кезеңдегі республикалық бюджет табыстарындағы жанама салықтар үлесі 36,3% — 29,2%-ке төмендеген. Оның себебі, қосылған құн салығы ставкасының 20%-тен 16%-ке, кейінен 15%-ке өзгеруі мен басқа салықтар рөлінің артуы.

Акциздік салықтарды бірдей бағалауға болады. Өз уақытысында У. Петти бүгінгі уақытқа дейін өзектілігін жоймаған, акциздік салыққа қатысты мынандай ұйғарым жасады: “Әркім не тұтынса, соған сәйкес төлем жасайды”. Бұл салық күшпен төленбейді. Осындай жағдайда көптеген акцизделетін тауарлар бірдей мөлшерде байлар мен кедейлерге қажет.

1990 жылдары дамыған елдерде тура және жанама салықтар жағадайы төмендегідей болды:

Греманияда, АҚШ-та, Жапонияда тікелей салықтар басым болса, Франция мен Италияда жанама салықтар, ал Ұлыбританияда екеуінің тең салымақтық үлесті иеленді. Гремания мен АҚШ-та тікелей салықтардың рөлі артса, Жапония мен Италияда жанама салықтардың рөлі артты.

Шаруашылық өмірдің ғаламдануы мен халықаралық еңбек бөлісінің өсуімен трансұлттық монополияның бөлінуі мен сыртқы сауда құрылымының өзгеруіне байланысты екінші әлемдік соғыстан кейін табыс көзі ретіндегі кедендік баждың рөлі біртіндеп түсті. Қазіргі уақытта Қазақстандық жаңа кодексінде қосылған құн салығынан босатудың аз шегі қарастырылған. 2003 жылдың 1-наурызынан бастап отандық телерадионы таратуды қолдану үшін электронды бұқаралық ақпарат құралдарының теле және радио өнімдерінің өзіндік өнімдеріне және таратылуы бойынша айналымдарға қатысты нөлдік процент мөлшерінде қосылған құн салығы белгіленген.

Сондай-ақ нөлдік ставканы қолданатын, аффинирленген қымбат металлдарды өткізуден басқа кәсіпорындар тізімі қысқарған. 20 және 10 проценттік қосылған құн салығының ставкаларының орнына, импортталатын тауарларға да 15 проценттік ортақ ставка бекітілген. Салық жүктемесінің осылай төмендеуі: біріншіден, қосылған құн салығын есептеу ортақ тәртібін белгілеу жолымен экономиканың барлық салалары үшін салық салу шарттарын теңдестіру мақсатымен байланысты. Екіншіден, қосылған құн салығының әлде қайда төмен ставкасын иеленуші салалар үшін шегерімдерден есепке алулар бойынша қосылған құн салығының теңсіздік проблемаларын шешідің қажеттілігінен туындады.

Жаңа Салық кодексінің елеулі артықшылығы болып оның бірден бір бабында өткізілген тауарлар жұмыстар мен қызметтер құнын салыстырудың қарастырылмауы, яғни өткізу құны мен нақты шығындар арасындағы айырмашылықты табыс деп танудың немесе қайта есептеу қажеттілігінің жоқтығы. Салық проблемасы әлде қайда күрделі және қайшылықты болып табылатындықтан іске енгізілген салық төлеушілердің заңдық құқығымен әлеуметтік мүдделерінің толық қорғалуын қамтамасыз ететін салық жүйесінің жағдайына баға беруге әлі ерте.


Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. ҚР Салық кодексі “салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы”. Алматы, 2004

  2. “ҚҚС туралы ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” // Егемен Қазақстан, 2002

  3. “ҚҚС есептеу және оны төлеу тәртібі” туралы нұсқаулық // Бух.бюллетені, 2002, ғ14-15 сәуір

  4. Назарбаев Н.А. Ел басшысының ҚР халықтарына жолдауы // Егемен Қазақстан, 05.04.2002

  5. Нурсейтов А.О. Предпринимателю о налоге на добавленную стоимость. Алматы, 1999

  6. Дербисов Е.Ж., Ержанов С.Ж. Налоги в Казахстане. Алматы, 2001

  7. Сержантов К.А. Налоги иналоговое прланирование. Алматы, 2002

  8. Аньшин В.М. Налогообложение в системе экономического управления. Москва, 1999

  9. Сейдахметова Ф.С. Налоги в Казахстане. Алматы, 2002

  10. Худяков А.И., Бродский Г.М. Теория налогообложения. Алматы, 2002

  11. Балабанов Е. Все начиналось с десятины // Қаржы-қаражат, ғ 12, 2002

  12. Трошин А.В. Сравнительный анализ методик определения налоговой нагрузки предприятия // Финансы, ғ5, 2000

  13. Пушкарева В.М. История финансовой мысли и политики налогов. Москва, 1999

  14. Раимбеков А. Классификация налогов // Қаржы-қаражат, ғ7, 2001

  15. Гаджиев Р.Г. О соответствии прямого и косвенного налогообложения // Финансы, ғ3, 2000

  16. Интикбаева С.Ж. Некоторые проблемы налоговой политики // Қаржы-қаражат, ғ1, 2003

  17. Культбатыров А. Пути совершенствования системы местных налогов и сборов // Қаржы-қаражат, ғ12, 2003

  18. Атыгаева З., Бекбердиев Б. Налоговый контроль в современных условиях // Қаржы-қаражат, ғ7-8, 2002

  19. Раимкулов А. Контроль как приоритетное направление в пополнении доходов бюджета // Қаржы-қаражат, ғ1, 2003

  20. Бабич Е. Контроль еще раз контроль // Қаржы-қаражат, ғ4, 2003


1   2   3   4



Похожие:

І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау iconІ тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып...
І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау iconІ тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып...
І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау iconЖоспар Кіріспе. Салық ұғымы оның әлеуметтік мәні Негізгі бөлім
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратың ұлттық табыстың...
І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау iconДиплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады
Салық саясаты мемлекеттің әлеуметтік, саяси, экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттардың...
І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау iconДиплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады
Салық саясаты мемлекеттің әлеуметтік, саяси, экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттардың...
І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау iconÊiðiñïå I тарау. Íàðû қ òû қ ýêîíîìèêà æà ғ äàéûíäà ғ û жанама ñàëû лы қ тарыны ң òåîðèÿëû қ àñïåêòiëåði
Тарау. Íàðûқòûқ ýêîíîìèêà æàғäàéûíäàғû жанама ñàëûлықтарының òåîðèÿëûқ àñïåêòiëåði
І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау iconÊiðiñïå I тарау. Íàðû қ òû қ ýêîíîìèêà æà ғ äàéûíäà ғ û жанама ñàëû лы қ тарыны ң òåîðèÿëû қ àñïåêòiëåði
Тарау. Íàðûқòûқ ýêîíîìèêà æàғäàéûíäàғû жанама ñàëûлықтарының òåîðèÿëûқ àñïåêòiëåði
І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау icon1. ҚАзақстан республикасында жүргізілетін салық есебінің МӘні мен принциптері
Салық жүйесі, оның міндеттері мен құрылымы
І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау icon1. ҚАзақстан республикасында жүргізілетін салық есебінің МӘні мен принциптері
Салық жүйесі, оның міндеттері мен құрылымы
І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау iconЖоспар: Кіріспе Салық және салық салудың есебі
Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов