Дипломдық жұмыс Тақырыбы : «Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға Қазақстан Республикасы)» icon

Дипломдық жұмыс Тақырыбы : «Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға Қазақстан Республикасы)»



НазваниеДипломдық жұмыс Тақырыбы : «Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға Қазақстан Республикасы)»
страница3/4
Дата02.05.2013
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4
2 Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕРДІ АЛУДЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ КҮЙІ МЕН ТҮРЛЕРІ

^ 2.1 2002-2004 жылдар арасындағы Қазақстан Республикасының сыртқты экономикалық байланыстарын ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі деңгейі

Бүгінгі Қазақстан қажетті әріптестерін таңдауға максималды түрде нақтылықты көрсетуге талаптанады. Шикізаттық мемлекетке емес, ең алдымен экономикалық және саяси жағынан тиімді әірптес, серіктес болатын мемлекетке приоритет беріледі. Бұның себебі, бір жағынан біздің мемлекетіміздің Еуропа мен Азияның әрекеттесу жерінде орналасуы, және екінші жағынан аймақтың экономикалық ерекшеліктері. Сондықтан Қазақстан ортаазиялық мемлекеттердің арасында едәуір саяси тұрақтылықпен, кадрлар мен материалдық ресурстарының молдылығын қолдана отырып, Батыс пен Шығыс нарықтық экономикаларының ең жақсы жақтарын өз үшін таңдау арқылы экономикалық дамуының жаңа тиімді әдісін шығаруға, ашық экономиканы құруға талпынады.

ҚР әлемдік шаруашылықтың толық құқықты субъектісі болуға ұмтылады; 111 елдермен дипломатиялық қатынастары бар, БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюталық қор, Азиялық даму банкі сияқты 55 халықаралық ұйымдарының мүшесі болып табылады, және 1150-ден астам үкіметаралық келісімдер жасасқан.

ҚР ең бай жер қорларына, пайдалы қазбаларына толы. Қазіргі кезде 493 кен орындары, олар қамтитын 1225 түрлі минералды шикізат белгілі.

Қазақстанда жылына мұнайдың 25 млн. тоннасы өндіріледі, ол ТМД-де өндіріліп бүкіл Орта Азияны қамтамасыздандыратын мұнайдың 4-тен 1 бөлігі болып отыр.

Осының барлығы мен тағы басқалары Қазақстанға өзіндік сыртқы экономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл саясатты жүргізу Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының анықтаушы болып табылады, себебі болашағы бар ҚР — бүкіл еуразиялық аумақта халықаралық экономикалық қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз ететін азиялық және әлемдік балансының негізгі қүрамдас бөлігі.

XX ғасырдың аяғына таман сауда мен экономика үлкен өзгерістерге ұшарады. Қоғамдық өндірістің жаңа қорсақтаушы және ғылымды көп қажет ететін түр пайда болды. Әдеттегі сыртқы сауда халықаралық ұйымдастырылған өндіріске, ғылымды қажет ететін тауарлар мен қызметтерге сұраныстың көбеюін талап ететін саудаға айналады. Осы кезде шикізат пен отынның маңызы төмендейді. Бәсекелік қабілеттілігінің негізгі факторы болып тауардың технологиялық жаңа енгізулері табылады. Сыртқы сауданың талдануы біздің экспортымыздың үлкен салмағы отын-шикізат жағында көбірек болады. Қазақстанның соңғы жылдарындағы экспорты $ 1,3 — 1,5 млрд. құрайтын болған. Экспорттағы дайын машина-техникалық өнімдерінің үлесі әлемдік орта деңгейден үш есе төмен. Көбінесе мемлекеттің ішінде жасалынуға мүмкіншілік бар тауарлар кіргізіледі.

2001-2002 жылдары дәнді дақылдар экспортының тұрақты өсуі байқалса да, кеден статистика мәліметтері бойынша 2001-2003 жылдарының ішінде 30%-ке дейін төмендеді, қара металлдарының экспорты 21%-ке, мыстың - 16%-ке, мырыштың - 10%-ке, мақтаның - 2%-ке, аңдар терісінің экспорты 2 есе төмендеді.

Соңғы үш жыл аралығында қара металлдардың экспорты Оңтүстік Азия, Шығыс Азия елдеріне 52%-ке төмендеген. Бірақ сол кезде оның Еуропалық Одақ елдеріне деген экспорты 1,8 есе өсті.

2003 жылы Қазақстан резиденттерінің сыртқы экономикалық қызметтеріне сыртқы факторлар үлкен әсер тигізеді. Әлемдік экономикада болған дағдарыс жағдайлары 2001 жылдың басынан бастап мемлкеттіміздің төлем балансының күйіне кері әсер тигізеді, оның үстінен екінші жартыжылдықта Ресейдің қаржы нарықтарында болған дағдарыс Қазақстан экономикасын одан ары әлсіретті.

2002 жылы Қазақстан Республикасы үшін сауда жағдайлары елеулі нашарлады.Негізгі экспортталатын тауарлардың әлемдік бағаларын көрсететін орташа өлшенген индексі 1999 жылымен салыстырғанда 21%-ке төмендеді. Мұнайға деген төмен деңгейдегі сыртқы сұраныс, үлкен ресурстар және артылып қалған ұсыныс 2002жылы мұнай бағаларының соңғы он екі жыл ішінде ең төменгі көрсеткіштеріне жету - 32%-ке төмендеулеріне себеп болды.

Осы жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 12%-ке төмендеді. Абсолютті түрдегі сыртқы сауда айналымының азаюы соншалықты маңызды (1,7 млрд. АҚШ долларына) болғаны, 12,3 млрд. доллар құрайтын бектілген көлемі 1999 жылының деңгейінен де (12,9 млрд. доллар) төмен болды.

2002 жылдың басында басталған экспорттың төмендеу бағыты (2000 жылдың бірінші жартыжылдығында 4%-ке төмендеді) екінші жартыжылдықта шамамен 30%-ке дейін төмендеді. Осы кезде ТМД елдеріне де, басқа мемлекеттерге де Қазақстан Республикасының экспорты (жалпы экспорттың 25%-ке және 8%-ке) төмендеді. Осы екі сегментінде де экспорттың максималды төмендеуі төртінші тоқсанда байқалды.

ТМД елдеріне экспорттың төмендеуінің күрт қарқыны үшінші тоқсанда басталып, 43%-ке, төртіншіде - 44%-ке дейін төмендеген болатын. ТМД елдерінен басқа елдерге экспорттың төмендеуі IV тоқсанда 20%-ке дейін жетті. Қорыта айтқанда 2002жылы экспорт 5,8 млрд. доллар құрады (1 Кестесінде) көрсетілген.

Импорттық түсімдерде де ұқсас жағдайлар болды: ТМД елдерінен импорт 12%-ке төмендеді, ал басқа мемлекеттерден 22%-ке төмендеп, жалпы мпорт мөлшері $ 6,6 млрд. құрды.


1 Кесте ҚР-ның негізгі әріптестері бойынша сауда айналымы






Экспорт (млн.$)

Импорт

(млн.$)

2001ж

2002ж

2003ж

2004ж

Барлығы:

6.497,0

5.339,0

4.301,0

4.242,0

ТМД елдері

2.982

2100

2332

2002

Оның ішінде РФ

2288

1543

1969,0

1671

Еуропа елдері

2174

2258

1202

1313

Азия елдері

1135

715

489

531

Басқа мемлекеттер

206

266

278

396

* Вестник Народного Банка РК, 2001г. 29 марта-11 апреля

Әлемдік нарықтағы мұнай бағаларының 32%-ке төмендеуі мұнай экспортының құрылымы мен мөлшерін айтарлықтай өзгерткен жоқ.

1998ж. қаржылық дағдарыстан кейін кері бағытталу жойылып, 1999 жылы әлем экономикасында сұраныс өсе бастады. 1999ж. сәуір айында еркін-өзгермелі теңге ауыстыру курсына көшу және одан кейінгі теңгенің маңызды номиналдық девальвациясы Қазақстан өндірушілері үшін нақты баға теңдестігінің қайта орнатуына жағдай туғызды және соған байланысты ұлттық кәсіпорындар өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатты.

Тауар (әсіресе, мұнай) бағаларының өсуінің себебінен болған экспорт көлемдерін қалпына келтіру импорт көлемінің күрт төмендеуімен бірге ҚР-ның төлем балансының тапшылығын азайтты (1998ж. тапшылық $ 1,225 млрд. болса, 2003ж - $ 171 млн. болды).

Сыртқы сауданың барлық бағыттағы сауда айналымы 1999 жылы $11,6 млрд. болды (2003ж. салыстырғанда 7%-ке азайды).

ТМД елдерімен сауда айналымы 2003 жыл бойы жүргізілген ресми сауда көлемінің қысқару себебінен төмендеді. Сондықтан ресми экспорттағы ТМД елдерінің үлесі 40%-тен 26%-ке дейін төмендеді, ал импорт бойынша үлесі 47%-тен 40%- ке дейін түсті.

Алыс шетел мемлекеттермен сауда айналымы 2003ж. 4,5% өсті, мүндағы экспорт 26%- ке өсіп, ал импорт 18%- ке төмендеді. Осы кезде тауар ағымдарының бағыттарын ауыстырумен байланысты өзгерістер болды. Бірақ олар тауар ауналымына аса маңызды әсерін тигізген жоқ.

Еуропалық одақтың елдерімен сауда операцияларының көлемі 19%

төмендеді (экспорт - 24%, импорт - 11%- ке төмендеді).

Оффшорлық аймақтарға мүнайды экспорттаудың көлемі өсті. Қазақстанның бүл мемлекеттерге экспортындағы үлесі бір жыл ішінде 2%- тен 22%- ке дейін өсті. Мысалы, Бермуд пен Виргин аралдарына ғана Қазақстанның мұнай экспортының 67% үлесін құрайтын (алыс шетел мемлекеттерге) мұнай 1157 млн. долларға сатылды.

Әлемдік экономиканың оң бағыттарының дамуы (жиынтық сыртқы сұраныстың өсуі, тұрақты макроэкономикалық жағдай кезінде шикізат тауарларға деген бағалардың жоғарғы деңнейінің сақталынуы) Қазақстанның 2001 жылындағы сыртқы саясатының маңызды күшеюіне әкелді.

Қазақстан экспортының негізгі тауарларына деген
жалпы сыртқы сұранысының өсуіне ТМД бойынша
Қазақстанның сауда серіктес-мемлекеттердегі

өнеркәсіптік өндірістің белсенділігі әсер етті.

Қазақстан резиденттерінің сыртқы сауда операциялар көлемі 2001 жылда өткен жылымен салыстырғанда 45% өсті.

ТМД елдерімен саудаласқанда импорттың орындалуы 142,7%, экспорт бойынша — 97,8% болды. Бейресми сауда операциялар бойынша баланс "дәстүрлі" түрде теріс болды - 1,3 млрд. доллардан аз болды. Осы қарастырылатын аумақ нарықтарында Қазақстандық өндірістің тауарларына сұраныс өсті.

ТМД-дан тыс мемлекеттерден импорттық ресми көлемінің төмендеуі, көршілес елдерімізден (әсіресе Ресейден) импорттың өсуімен толтырылды.

ТМД-дан тыс мемлекеттерге экспорттың өсуінің себебі — шикізат тауарларына (әсіресе мүнайға) әлемдік бағалардың өсуі. Мұны дәлелдейтін көрсеткіш -экспорттағы минералдық заттардың үлесінің өсуі - 42%-ттен - 54%- ке дейін.

Ал импорттағы минералдық заттардың үлесі 10,8%-тен 13,4%- ке, машиналар мен құралдардың үлесі 2%-тік, химиялық өнеркәсіп өнімдерінің үлесі — 11,2%- тен 26,7%- ке өсім байқалды.

Жалпы ТМД елдерінің экспорт пен импорттағы үлесі сәйкес 24%- тен 27%- ке, 41%- тен 56%- ке дейін өсті.*

^ 2.2 Кедендік төлемдерді төлеу ерекшеліктері мен қазіргі кездегі күйін талдау (Алматы қаласы бойынша Бас Кеден Басқармасының үлгісінде)

Дамыған мемлекеттерде түсетін кедендік кірістер бюджет кірісінің 30-40%- тін қүрса, дамушы елдерде бүл көрсеткіш 80% қүрайды. Мысалы, біздің республикамызда бюджетке түскен Республика бойынша кеден басқармаларымен алынған 2004-2005 жылдарында сомалар келесідей болды: 2004ж — 33.313,661 млн.тг., 38.187,619 млн.тг. — 2003 жылында болды. Соның ішінде Алматы қаласы бойынша Бас Кеден Басқармасы төлеттіріп алған сомалар: 2004ж — 17.858,657 млн.тг., 2005ж. - 15.374,671 млн.тг.

Сонымен Алматы қаласы бойынша БКБ-ң жоспарды 1998ж алдыңғы жылымен салыстырғанда төлемдерді өндіріп алу +8645302 мың теңге ауытқумен жүзеге асырылды.


2. Кесте Алматы қаласы бойынша Бас Кеден Басқармасымен өндіріп алынған кеден төлемдерінің сомалары (мың.тг.)






2003ж

2004ж

2005ж

Кедендік процедуралар Импорттық баждар* Қорғайтын баждар Акциз Қосымша құн салығы

472.036 3.852,887 0 1.340.963 12.192,771

736.087,904 3.779.715,273 0 390.928,902 10.467.939,4

553.922,1 6.819.830,7 29.101,9 255.120,6 11.397.425,3

Барлығы

17.858,657

15.374.671,48

19.055.400,6


Кеден төлемдерінен босатылу жағдайларына байланысты бюджеттің шығындары 22.898,065 мын теңге болды, оның ішіндегі импорттық баждар сомасы — 6.109,106 мың теңге.

Сонымен бірге алыс шетел мемлекеттерден алып келінетін тауарлардың кедендік құнының 2,7 есе (62%-ке) азаюын айта кету керек, ал жақын шет елдерден әкелінетін тауарлардың кедендік құны 3,1 есе (68%-ке) азайды.

Тауарларды әкелуінің төмендеуімен байланысты Алматы қаласы бойынша БҚБ-ң Кедендік кірістер басқармасы бюджетті толтыру көздерін іздестіру үшін бірнеше сыртқы экономикалық қызметіне қатысушыларына тексеру ұйымдастырды. Оның нәтижесінде қосымша 38 млн. теңге өндіріп алынды.

Одан басқа, кедендік рәсімдеу барысында заң актілерінің қолдануын тексеру жүргізілді.

2004ж. кедендік процедураларды есептеу бойынша болжамдалған көрсеткіштер орындалған жоқ. Акциздерді есептеу жоспарының 57% ғана орындалды.

3 Тарау. Қазақстан Республикасында кедендік

төлемдерді алудың механизімін жетілдіру

^ 3.1. Жеңілдіктер мен преференциялар беруді реттеу механизімін жетілдіру

Кейбір сарапшылар кеден органдары кеден төлемдерін Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымына тезірек кіру үшін лайықты мөлшерде бекітеді деп санайды. Ал менің ойымша кеден саясатының негізгі мақсаты - ұлттық экономиканы дамыту, ал БСҮ-на кіру — мақсатқа жету үшін қолданылатын құрал.

БСҰ шарттарында қарастырылған мемлекеттердің жеңілдіктер мен преференциялар жүйелерінің дамыған деңгейге жету мәселесі ҚР-да орындалады деп айтуға болады.

Кеден ісі туралы Заңының 22 тарауында бекітілген негізгі кеден жеңілдіктерінің түрлері:

  1. Кеден бажының бүрын төлегенін қайтару;

  2. Кеден бажын төлеуден босату;

  3. Кеден бажының мөлшерлемесін төмендету;

  1. Тауардың преференциалдық өкелуіне (шығаруына)
    тарифтік квота тағайындау.

Кеден бажының бұрын төлегенін қайтару. Бұрынғы төлеген салықты (салықтың бөлшегін) қайтару салық жеңілдіктерінің бір түріне жатады және қаржы құқығында салық несиесі деп аталады. Салық несиесі — ол салық мөлшерлемесін әлде салық сомасын азайтуға бағытталған жеңілдіктер. Салық несиесі — шартты түсінік. Несиенің өктем белгілері — мерзімділігі, қайтарымдылығы және төлемділігі — салық несиенің кейбір түрлерінде ғана орындалады. Мысалы, қаржы салымының салық несиесі. Салық несиенің көп түрлері қайтарылмайды және тегін болады.

Экспортты ынталандыру мақсатымен бұрыңғы төленген салықты қайтаруды жиі қолданады. Экспортты дамыту бағдарламасында көрсетілгендей, экспортты демеу — маңызды бағдарлама, өсіресе жоғары өңдеуден өтетін тауарлар салықтық реттеу шараларымен тығыз байланыста болады.

Салық жүйесін жетілдіру жөне ұлттық тауар өндірушілерді қолдау үшін бағдарламада қосымша құн салығын қайыру жүйесін жаңарту керек делінген. Төленген кеден бажын қайтару бөлек кеден режимінде көрсетілген. Мысалы өкелуге төленген кеден бажын қайтару реэкспорт режимінде қаралады. Кеден ісі туралы Заңда анықталынған шартты ұстанғанда реэкспортталған тауарды шығарғанда, әкелген кезде төленген баждар қайтаруға жатады:

- Реэкспорттайтын тауарлар әкелген сәттегі күйінде қалса, тек тасымалдау, сақтау кезінде табиғи ескіруден;

  • Тауарды реэкспорттау әкелгеннен кейн екі жыл ішінде өтеді.

Кеден төлемі салығынан босату кеден баж салығынан босатылатындар:

  1. Халықаралық жүкті, жалаушыларды, материалдық-
    техникалық жабдықтау құралдарын, отынды, азық-
    түлікті және аралық тоқтау орындарында, жол жүруде
    қажетті, немесе көлік құрамдарының авариясын жоюға
    байланысты, шетелде сатып алынған басқа мүлікті
    тасымалдауға арналған көлік құралдары;

  2. Материалды-жабдықтау бұйымдары және тағы басқа
    Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген
    нормалар шегінде теңіз кәсіпшілігін жүргізетін
    Қазақстандық немесе Қазақстан кәсіпорындарымен,
    ұйымдармен жолға алынған кемелердің өндірістік
    қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы
    кедендік аумағынан шығарылатын мүлік, және
    Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенін
    сондай кемелер кәсіпшілігінің өнімі;

  3. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ұлттық
    валюта, қүндчы қағаздар;

  4. Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен тәртіп
    бойынша Қазақстан Республикасының кедендік
    аумағына әкелінетін акциздіктен тыс немесе ізгілік
    көмек ретінде осы аумақтан шығарылатын тауарлар;

  5. Қазақстан Республикасы кедендік аумағына әкелінетін
    акциздіктен тыс тауарлар, немесе осы аумақтан
    шығарылатын мемлекет саласынан, үкімет,
    халықаралық ұйымдардан қайырымдылық мақсатымен
    өтеусіз көмек ретінде осы аумақтан шығарылған
    тауарлар;

  6. Қазақстан Республикасының шетелдік инвестициялар
    туралы заңына сәйкес кеден бажы салығынан
    босатылатын тауарлар;

  7. Қазақстан Республикасы Үлттық Банкі өз мұқтажына
    әкелген тауарлар;

  8. Кеден төлем салығынан босатылуды қарастыратын
    Қазақстан Республикасы кеден шекарасынан
    өткізілетін кеден режимінен шектеулі тауарлар;

  9. Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен бажсыз
    өткізу норма шегінде жеке тұлғалармен Қазақстан
    Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізілетін
    тауарлар;

10.Республикалық және жергілікті бюджет қаржы
есебінен, сонымен бірге мемлекеттік сыртқы қарызына
сатып алынған технологиялық құрал-жабдықтар;

11.Қазақстан Республикасы аумағына тарату үшін
әкелінген шет мемлекеттерінің лотериялары;

12.Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Қазақстан
Республикасы Үкімет немесе Құзырлық орган жасасқан
шарт, мұнай операциясын өткізуді отандық әлде шетел
жер қойнауын пайдаланушы, қарастырылған шарт
бойынша (сатуға болмайтын) жер қойнауын пайдаланушылардың өз мұқтажына Қазақстан Республикасы кедендік аумағына әкелінген тауарлар;

13.Қазақстан Республикасы келісім шартын бекітуі халықаралық келісімге сәйкес дипломатиялық және әкімшілдік-техникалық персоналдың олармен бірге тұратын семья мүшелері жеке қолданатын шетел дипломатиялық және соларға теңделген уәкілеттілердің ресми пайдалануына әкелінетін тауарлар халықаралық келісімге сәйкес босатылады.

^ Тарифтік преференциялар.

Қазақстан Республикасының шет елдермен сауда саясаттық қатынастарын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Кедендік тарифтің мөлшерлемелері бойынша преференцияларды қолдану тәртібі бекітіледі. Преференциялар келесі түрде беріледі:

  • баж салынудан босату;

  • баж мөлшерлемелерін төмендету;

  • келесі тауарларға сәйкес преференциалдық
    әкелуге (әкетуге) квоталарды қолдану;

  • Қазақстан Республикасымен Кеден одағын немесе
    еркін сауда аймағын құрайтын мемлекеттерден шыққан
    тауарлар.

  • Қазақстан Республикасының Үкіметімен бес жылда бір
    реттен сирек емес қарастырылатын үлттық
    перференциялар жүйесін қолданатын дамушы
    мемлекеттерден шыққан тауарлар.

  • Шекараға жақын саудада айналысқа түсетін тауарлар.

Тарифтік преференциялар Қазақстан Республикасының Үкіметімен ғана беріледі.

^ 3.2. Кедендік төлемдерді төлеу жағынан кеден органдар қызметінің тиімділігін жоғарлату жолдары

Қазақстан ішкі затты экспорттаушы мемлекеттерге
жататындығы бәрімізге мәлім. Шикізатты қазып
шығаруға мамандану ең тәуелді қызметтердің бірі.
Бұндай экспортқа арқа сүйеген мемлекет әлемдік
нарықтағы циклдылықтан әрдайым аса ірі валюталық
шығынға түседі. Әлемдік нарықта шикізат материалдарына сұраныс азаюда, бүл жағдай мынадай мәселелермен байланысты: өндіріске материалдарды үнемдейтін технологияларды енгізу және оларды дамыту, жаңа жасанды материалдарды жасап шығару. Бір мезгілде шикізат бағасы төмендеп, ал импортталып отырған тауарлардың бағасының өсу құбылысы байқалады. Бұндай айырбас шынайы ұлттық табыс мөлшерін азайтады, капитал қорлануына кедергі болады.

Сонымен, дамушы елдердің бұл экспорттық салаларға арқа сүйеуге мүмкіндігі жоқ, өнеркәсіпте өзгерістер жүргізе алмайды, ауыл шаруашылығын дамытып, өндіруші өнеркәсіп және инфрақұрылымның деңгейін көтеруге база жоқ. Қазақстан машина жасау, құрал-жабдық жасау басқа да өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін, ішкі нарық шеңберінде кеңейтілген ұдайы өндіріс потенциалын қалыптастыратын салалардан дамымағандығы жағдайы одан әрі шиеленістереді.

Аймақтықтық сауда-экономикалық одақтарды құрудың негізінде шекаралас мемлекеттердің жүйеге келтірілген, үйлестірілген және бірлескен, яғни тиімділігі, өсетін экономикалық саясатты жүргізу мүмкіншілігін алуға талпынуы (Исингарин 7-5)

Әлем мемлекетттердің көбісінің экономикалық интеграцияға талпынуы — объективті және заңды процесс. Экономикалардың интеграциясы өзінің әр қатысушысына қосымша, жүйелі деп аталатын эффект алуға мүмкіншілік береді. Мұндай мүмкіншілік басқа, тек өзара саудамен ғана шектелген мемлекеттерде бола алмайды.

Жоғарыда айтылып кеткендей, әкелінетін тауарлардың кейбір түрлеріне қатысты преференциалдық режим қолданылады.

2000 жылы 14 қарашада ҚР Үкіметінің "Әкелінетін тауарларға салынатын кеден баждарының ставкалары туралы" Қаулысымен ҚР-ның преференциялар схемасын қолданатын дамушы елдер мен ең аз дамыған елдер тізімі бекітілген. Дамушы елдер тізбдесі 104 елді, ал ең аз дамыған елдер тіздбесі 47 елді қамтиді. Осы Қаулыда ҚР-ның кедендік аумағына әкелінетін және ҚР-ның преференциялар схемасын қолданатын дамушы елдерден шыққан тауарларға қатысты бекітілген кеден баждарынан 75 пайыз мөлшерінде кеден баждарының ставкалары қолданылатыны туралы көрсетілген.

ҚР-ның аумағына әкелінетін және ҚР-ның преференциялар схемасын қолданатын ең аз дамыған елдерден шыққан тауарларға қатысты кеден баждарының ставкалары қолданылмайды.

Осының бөрін болдырмау үшін үлттық экономиканың құралдарын дамыту керек. Олардың бірі болып кедендік қызмет табылады.

Қазақстан Республикасының кеден қызметі қазір қиын жағдайларда болып отыр. Оларды белгілі қаржы қаражатпен қамсыздандырылған арнайы щараларды енгізудің көмегімен қана өзгертуге болады. Кеден қызметін жүзеге асырудың іс-тәжірибесі бойынша, стратегиялық мақсаттарды нақты белгілеусіз, айқындалған приоритет қисынын келтірусіз салмақты табыстарға жету мүмкін емес.

Қазіргі кезде кеден қызметін Қазақстанның сыртқы саудасын мемлекеттік реттеудің нақты әрекет ететш құрамына жаңғырту үшін күштер салынуда. Бұл үшін жаңа басқару жүйесімен жетілдірілген кеден қызметін ұйымдастыру және қолданылатын дәстүрлі кеден процедураларын бақылау мен жетілдіру саласындағы жаңа стратегияларды әзірлеу қажет.

Осы күш салудың негізгі мақсаты —фискалдық саясатты жүргізу, сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларындағы кеден органдарының алдында түрған міңдеттерді орындаудың едәуір тиімді, оңтайлы жолдарын іздестіру.

Сыртқы экономикалық байлайыстардың дамуына тиімді көмектесудің қажеттілігі Қазақстан кеденінің алдына кеден ісін дамытуға деген жаңа көзқарасты әзірлеу мәселесін қойды.

2002-2004 жылдарына Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдіру Концепциясымен мамандалған дәлелдеу мен дер кезінде орындалатын шешімді қабылдауды қажет ететін кеден органдарының қызметінің негізгі бағыттарда міндеттер кешені анықталған. Бұл бағыттар бес тең маңызды приоритеттерге бөлінген.

Приоритет 1. Бірыңғай автоматтандырылға ақпарат жүйесі мен Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кеден статистикасын қалыптастыру.

Приоритет 2. Халықаралық кеден ынтымақтастығын дамыту.

Приоритет 3. Кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеу механизмін жетілдіру.

Приоритет 4. Кадрлар саясатын жетілдіру.

Приоритет 5. Кеден органдарының фискалды-экономикалық қызметін жетілдіру.

Қойылған мақсатқа жету үшін кеден қызметіне мыналар қажет:

1.Кедендік төлемдер алуды басқарудың сапасы мен деңгейін көтеруді қамтамасыз ету. Кедендік процедураларды ықшамдау, ақпарат көздері мен технологияларды кең көлемде қоддану арқылы арнайы кедендік және сыртқы сауда статистикасын жүргізу.

2.Халықаралық стандарттарға сәйкес кеден зандарының үйлестіру мен жүйелендіруін қамтамасыз ету, Кеден одағының, ТМД мүше елдерінің құрылуы мен дамуын көмек көрсету,

халықаралық саудада болып жатқан дүние жүзілік процестерге шоғырлану.

3.Кеден жүмысындағы экономика жағын күшейту, Қызметті реттеу процесіндегі кеден жүйесінің ролін жоғарлату, валюталық бақылауды күшейту.

Кедендік жүйенің дамуымен байланысты міндеттер:

1.Кеден саясатының қағидаларын орындау және қызметті экономикалық-әкімшілдік механизмін қолданудың нақты өдістерін айқындау алу;

2.Кеден ісінің құқықтық жүйесін сапалы жақсарту;

З.Республикамыздың әртүрлі салаларға шетел инвестициялардың ағымы үшін қолайлы жағдайлар жасауға байланысты кедендік режимдердің барлығын тиімді енгізу бойынша шараларды даярлау.

4.Кеден жүйесіндегі институционалдық өзгерістерді енгізіп, оның жұмыс істеуінің ұйымдық негіздерін жетілдіру;

5.Кеден органдарының материалдық-техникалық негізін дамыту.

Осындай жоспарды даярлағанда, менің ойымша, ең тиімді қаржыландыру көздеру ұсынылған. Бұл жерде Қазақстан экономикасының даму болашақтары, бюджеттің жағдайы еске алынған, қаржыландарудың негізгі қайнар көзі болып әлеуметтік даму мен материалдық-техникалық қамтамасыз етудін бюджеттік емес қоры алынған.

Бұл қор кеден төлемдерінің негізінде құрылады. Концепция бойынша, кеден қызметінен түскен қаржылардың 100%-імен берілуі ұсынылады. Мұндай қаржыландырудың бюджеттік қорлардың алдында бірнеше артықшылықтары бар:

1.бюджеттің шығыс бөлігіне деген қысым азаяды;

2.кеден қызметінің өз жұмысының нәтижелері үшін жауапкершілік ұлғаяды, өйткені оның қаржылық қамтамасыздандыруы өз жұмысының тиімділігіне тәуелді болады, ал бұл жағдай бюджеттің кіріс жағының толтырылуын көтеруге мүмкіндік береді.

СЭҚ байланыстарды экономикалық басқару үшін елдің әлеуметтік-экономикалық және халықаралық жағдайына сәйкес бөлу керек. Осы шарттар орындалғанда ғана СЭ Байланыстарды мемлекеттік реттеу жәңе оның экономикалық қауіпсіздік мәселелерін тиімді шешіліп отырады.


Қорытыиды

ҚР ұлттық өндірушілердің, тұтынушылардың және мемлекеттің мүддесін барынша қорғауға бағытталған кедендік саясат керек. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет кеден саясаты құралдарын қолданудың тиімді механизмін қалыптастыруы қажет. Кеден саясатының мақсатты қолданылған жағдайда ғана тиімді болады. Кедендік төлемдерді алудың мөселелерін талдау ретінде мынандай қорытынды жасалды:

Қазақстан үшін кеден саясатын жақсарту, оның
құралдарын жетілдіру, бұл ең алдымен заңды жөне
нормативті актілерді қалыптастыруды жалғастыру болып
табылады. ҚР кеден саясатының құралдарын жетілдірудің
бірнеше жолдары бар: баждардың көп түрлілігі, оларды
әрбір салада дұрыс қолдану, халықаралық ережелерімен
сөйкесінше сыртқы саудадағы тарифтік жөне
бейтарифтік реттеуді жетілдіру,. мөлшерлемелерді
өзгертуде асығыс жасамау, өз еліміздің өндірушілерінің
жағдайларын ескере отырып, жеңілдік жағдайлар жасау
керек.

  1. Кеден саясатының құралдарын қолданған кезде,
    ең алдымен, Қазақстандық тұтынушылардың төмен сатып
    алу қабілеттілігіне назар аудару керек. Орташа жандық ақша табысының шығыс көздері, негізінен азы-түліктік тауарлардан құралады. Ұзақ мерзімді пайдаланылатын тауарлардың импорты көп жағдайда ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етіп отыр. Осыған орай кедендік саясат ішкі нарықтағы сұранысқа негізделе отырып қалыптасуы керек.

  2. Кеден саясатының негізгі міндеттерінің бірі - импортты алмастыруша өндірісті дамыту жөне ынталандыру. Қазақстан импорттап отырған өнімдердің көбісін өзі өндіріп шығара алады жөне оған барлық мүмкіндіктері бар әлемдік төжірибеде қалыптасқан салаларда қорғаудың негізгі кеден саясатының құралы — кедендік тарифтің кедендік бажы. Баждардың көп болуы - сауданы реттейтін мүмкіндік.

3. Қазақстан жер байлығы мол мемлекет. Мұнда
шикізат мөлшері көп. Сондықтан шикізатты экспортқа
шығару көп жағдайда іске асуына кедергілер болуы керек.
Ол үшін экспорттық квота қолданылады. Сыртқы
саудада тарифтік жөне бейтарифтік реттеулерді жетілдіру
қажеттілігі - Қазақстан тауарларының бәсекелестік
қабілетін және тауарлар нарығы бойынша зерттеу
жұмыстарын жүргізуді талап етеді жөне нақты шешім
қабылдап барып, өзгеріс енгізу керек. Кедендік баждар
ішкі нарық жағдайымен негізделуі керек. Кедендік
төлемдер салу және алу механизміне жетілдіруге
маңызды көңіл бөлу керек. Бірінші кезекте өндірушілері
мен тұтынушыларды қорғап, сонымен бірге

импорттаушыларға өздері бастаған қызметін дұрыс жүргізуіне мүмкіндік беруде тарифтерін дұрыс есептеп, қолдану үлкен өсер етеді.


4.Кедендік саясаттың дамуының болашағы ҚР кедендік қызметінің қалыптасуының алғашқы кезеңі оның дамуы және жұмыс жасау жағдайларын жүзеге асыруда толық қызмет атқармайды. Ғылыми негізделген саясат кедендік қызметтің жұмысына үлкен әсер етеді. Кеден саясатының құралдарын жетілдіру үшін, олардың тиімділігін анықтау керек, әрбір құралды дұрыс пайдалана білу қажет. Отандық өндірушілерді көптеген салықтардан босатып оларға жеңілдік жағдайлар жасау, өз өнеркөсібімен бірге экономикамызды жақсарту жолында үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Ал егерде халықаралық ұйымдарға мүше болу халықаралық ережелерге сөйкесінше сыртқы сауданы реттеуді талап етеді.


1   2   3   4



Похожие:

Дипломдық жұмыс Тақырыбы : «Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға Қазақстан Республикасы)» iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан педагогикалық университеті отырар институты дипломдық жұмыс Тақырыбы

Дипломдық жұмыс Тақырыбы : «Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға Қазақстан Республикасы)» iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шымкент университеті педагогика және психология кафедрасы дипломдық ЖҰмыс тақырыбы
ОҚушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселелері
Дипломдық жұмыс Тақырыбы : «Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға Қазақстан Республикасы)» iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан Халықтар Достығы университеті
Тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы»
Дипломдық жұмыс Тақырыбы : «Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға Қазақстан Республикасы)» iconДипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік салымдары және зейнетақы төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу Алматы, 2007 ж. МазмұНЫ
Азақстан республикасы зейнетақы және әлеуметтік салымдарын есепке алудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу 6
Дипломдық жұмыс Тақырыбы : «Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға Қазақстан Республикасы)» iconМемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе
Бітіру жұмысының тақырыбы «Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері» деп аталады....
Дипломдық жұмыс Тақырыбы : «Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға Қазақстан Республикасы)» iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан Халықтар Достығы университеті
Диплом жобасында (жұмысында) қарастырылуға тиісті сұрақтар немесе олардың қысқаша мазмұны
Дипломдық жұмыс Тақырыбы : «Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға Қазақстан Республикасы)» iconҚазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан тарихы кафедрасы
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Дипломдық жұмыс Тақырыбы : «Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға Қазақстан Республикасы)» iconҚазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан тарихы кафедрасы
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Дипломдық жұмыс Тақырыбы : «Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға Қазақстан Республикасы)» iconТ. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті дипломдық ЖҰмыс тақырып «Қысқа және ұзақ мерзімді активтердің есебі мен талдауы»

Дипломдық жұмыс Тақырыбы : «Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға Қазақстан Республикасы)» iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Дипломдық жұмыстың сипаттамасы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов