Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады icon

Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады



НазваниеДиплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады
страница1/8
Дата20.02.2014
Размер2.12 Mb.
ТипДиплом
скачать >>>
  1   2   3   4   5   6   7   8


Кіріспе

Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі элементтерінің

бірі салық саясаты болып табылады. Салық саясатының негізгі мақсаты мемлекеттік бюджеттің шығындар бөлігінің көлемін және қүрылымын анықтайды, салықтарды, олардың ставкаларын, жеңілдіктерді нақтылайды және белгілейді, жаңа төлемдер енгізеді, тиімсіздерін алып тастайды. Салық саясаты мемлекеттің әлеуметтік, саяси, экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттардың түсімін қамтамасыз етеді.

Мемлекет тиімді салық саясатын жүргізбей әрекет ете алмайды Қазақастан Республикасында тиімді салық саясатының дамуы мемлекетіміздің негізгі мәселелерінің бірі. Сондықтан, мемлекет өз бюджетін барынша көп толтыруға тырысады.

Мемлекеттің салық саясатын жүргізуге қатысуы салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық базасы сияқты салық қүралдары көмегімен жүзеге асады. Мемлекет жүргізген салық саясатының нәтижелеріне экономикалық саясатқа қандай өзгерістер енгізу қажеттілігі тәуелді болады.

Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан салық саясаты түбегейлі нарықтық өзгерістердің басымды бағыттарының бірі болып табылады. Күнен күнге салық саясаты мәселелері айқын көрінерліктей саяси әлеуметтік сипатқа ие. Осы салық саясаты мәселелерін өз уақытында және дүрыс шешу саяси түрақтылықтың сақталуына, мемелекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің тереңдей түсуіне әсер етеді.

Салық саясатына республика халқының әл-ауқатын көтеру перспективасы, өтпелі кезең қиындықтарымен байланысты қандай

да бір жағдайларды болдырмау жағдайын қалыптастыру байланысты болады. Осы айтылғандардың барлығы салық саясатының қазіргі танда да, бүрын да актуалды екенін ку әл андырады.

Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады.

Салық саясатының мақсаты мемлекеттік кіріс бөлігін жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Салық саясатын жетілдіру бағыттарына жататындар:

  • салық кодексін әділділік, тұрақтылық. қолайлылық
    қағидаларында жасау.

  • Республикада салық саясаты қоғамның экономикалық даму
    деңгейіне және онда қалыптасатын экономикалық қатынастар
    сипатына. Елдің даму стратегиясына сай келу.

  • салық саясатының негізгі міндеттері , яғни инфляциямен және
    өндіріс құлдырауымен күресу .

  • негізі салық жүйесінің реттеушілік қызметінің басымдылығы
    болуы. Жаңа салық жүйесі және оны жүзеге асыру механизмі
    салық саясатын білдіруі,тиіс.

  • жалпы мемлекеттік және жеке мүдделерді теңестіруді
    қамтамасыз етуі тиіс. Жаңа салық саясатын жүзеге асырудың
    негізгі құралы отандық өндірісті, отандық тұтынушыларды жан-
    жақты қолдау, өндіріс көлемін арттыруды ынталандыру,
    Қазақстандық тауар өндірушілердің өнімінің бәсеке қабілеттілігін
    көтеруі тиіс.

Салық саясатының негізгі міндеттері нарықтық экономиканың әлеуметтік зияндылығын жеңу болып табылады.

1 Салық саясаты: экономикалық мәні мен мазмұны,

атқаратын рөлі

1.1 Салық саясаты экономикаға мемлекеттік әсер етудің негізгі құралы ретінде.

Салық саясаты — билік және басқару органдарының ғылыми негізделген және экономикалық негізделген тактикалық және стратегиялық құқықтық әрекеттерінің жиынтығы ретінде ұдайы өндіріс қажеттіліктерін және қоғамдық байлықты қамтамасыз етеді. Салық саясатын жүргізгенде бастапқы қондырма болып тек құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, салық төлеушілерден салықтық төлемдерді төлету ғана емес, сонымен қатар салық салу әсерімен қалыптасқан шаруашылық экономикалық қатынасты жан-жақты бағалау саналады. Осыған байланысты салық саясатын салықтық зандарда жазылғандарды орындау ғана емес, оны жетілдіру деп түсінеміз.

Ресейдің белгілі экономисті Черник Д.Г. "Салық саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралы, жеке кәсіпкерліктің дамуына қаржылық әсер етеді",-дейді.

В.М. Соколинский "Салық саясаты қаржылық

қаражаттарды жинаудың нысандары мен әдістері ретінде күрделі құбылыс. Оның негізінде қайшылықтар жатыр: біріншіден, экономика субъектілерінен қаржы ресурстарын алуды қамтамасыз етеді, екіншіден, олардың іскерлік белсенділігінің төмендеуіне жол бермейді" -деп жазды.

Мемлекет салық саясатын — салық аясындағы шаралар жүйесін оның дамуындағы әрбір нақты кезеңнің әлеуметтік экономикалық жөне басқа мақсаттар мен міндеттерге сай жүргізді.

Қаржылық- салықтық қатынас жүйесінде әрбір салық белгілі бір қызмет атқарады; нақты сипаттамаға ие болады және бір-бірімен өзара байланысқан біртүтас салықтар жүйесін білдіреді.

Мемлекеттің ақшалай ресурстарына орталықтандырылған қорын қалыптастыруға қатысып, салықтар шаруашылық жүргізушілердің экономикалық қызметіне әсер етуі, экономикалық өсуді қамтамасыз етуді, және өнім сапасын жақсартуы қажет. Тарихи тәжірибеде салықтар орынды қолданғанда өндіріс тиімділігіне ықпал ететіндігін көруге болады, ал қарсы жағдайда орны толтырылмайтындай зиян әкелетіндігін көрсетеді.

Экономикада және салық саясатында мемлекеттік жұмыстың жақсы көрсеткіштері үшін көтермелеу, ал құқық бүзушылық үшін ықпалшара қолдануы арқылы өндіріске ықпал етудің негізгі түтқалары болып табылатын салықтық ынталандырмалар зор мәнге ие.

Салық механизмінің мазмүнын білдіретін түрлі
ынталандырмалар, табыстар, жинақтар қорларды

қалыптастырғанда қолданылуы мүмкін. Түрлі жеңілдіктер шаруашылық субъектілерді салықтық төлемдер төлеуден толық немесе ішінара босату арқылы бюджетке төленетін салықтар бойынша қарастырылады. Ынталандырудың мақсаты - өндірісті дамыту, қызметкерлердің әлеуметтік қажеттіліктерін, табиғатты қорғау әрекеттерін қайырымдылық мақсаттарын, жүмыстар және қызметтердің жеке түрлерін кеңейтумен байланысты шараларға қаражаттарды көбейту1. Салықтарды кешіктіріп төлегенде экономикалық, әкімшілік сипаттағы ықпалшаралар, қылмыстық жауапкершілікке дейінгі ыкдалшаралар қолданылады.

Салықтық ынталандырмаларды қолданумен, нормалар мен нормативтер әзірлеумен, салық мөлшерлерін өлшеумен


байланысты билік органдары қызметінің негізі экономикалық
өзгерісін оперативті есепке алу және оларға өз уақытында әсер ету
болып табылады. Бұл салықтар көмегімен рентабельділік деңгейі
реттелетіндігімен, төлем қабілеттілік шаруашылық субъектілер
ақшалай табыстар мөлшері қамтамасыз етілетіндігімен, яғни
оларға қатысты мемлекет тарапынан талаптар

қалыптасатындығымен негізделеді.

Салықтарды азайту саясаты — бұл біріншіден, азаматтардың салық төлеуден қашуға тырысуы, екіншіден, мемлекеттік

Іт

бюджетке төленетін салықтық түсімдерді қыскартуға жол бермеуге тырысуы. Бүдан бұрын азаматтардың салықтарды төлемеуге немесе аз мөлшерде төлеуге болатын, бүл қазір де орын алған. Салықтар мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.

Салық төлеуден жаппай жалтару сияқты салық саласындағы қылмыстық мәселе барлық елде көкейкесті. Кәсіпкерлердің салық төлеуден жалтаруға итермелейтін себептер өте көп. Салықтық қылмыстың негізгі себебі мемлекеттің салық жүйесіне теріс қатынасы мен құқықтық мәдениеттің төмен деңгейі, нашар мотивациямен сипатталатын азаматтардың психологиялық жағдайы болып табылады.

Салықтарды азайту саясаты салық төлеушінің салықты барынша азайту бойынша әрекеті және әдістерін білдіреді. Оларды екі санатқа бөлуге болады :

І.Салықты азайту саясатының бірінші санатына салықты заңсыз азайту, салықтарды төлеуден жалтару, қылмыстық және қылмыстық емес жалтару жатады

2.Салықтарды төлеуден қылмыстық емес жалтару-азаматтардың ісі салықтық жауапкершілікті бұзу нәтижесінде

бюджетке салық төлеуден қашуына немсе оларды азайтып төлеуіне бағытталған. Салықтарды төлеуден қылмыстық жалтаруда азаматтар салық және к^Ілмыстық заңдар нормаларын бүзатын, салық төлеуден қашуға немесе оның мөлшерін азайтуға бағытталған заңға қайшы істер жасайды.

Екінші санаты — салықтарды заңды түрде азайтуы немесе салықтық оңтайландьіру саясаты, яғни зандармен қарастырылған жеңілдіктерді пайдалану, салықтан босатуды және басқа заңды тәсілдерді қолданудан түратын төлеушінің дәлелді әрекеті арқылы салықтық міндеттемелерді азайтады. Мұнда занды мүдделері бұзылмайды. Осыған сай, салықтық оңтайландыру саясатының салық төлеуден жалтару саясатынан ерекшелігі байқалады. Бұл саясат бойынша азаматтар занды бұзбай-ақ, заңмен қарастырылған салық төлемдерін азайту тәсілдерін пайдаланады. Салық төлеуші әрекеті қылмысқа немесе күкық бұзушылыққа жатпайды, салықтарды жете аудармау, айыппүл және салықтық ықпалшаралары сияқты қолайсыз салдарды тудырмайды. Салықтарды тек азайту ғана емес, салықтарды оңтайландыру керек.

Салықтарды заңсыз азайту немесе олардан жалтарудың мемлекет үшін салдары"болады. Мемлекеттік бюджет оған тиесілі қаражаттарды алмайды, осыған сай шығындарды шектеуіне әкеледі. Осының салдарынан мемлекеттің кейбір бағдарламаларын жүзеге асыруы, бюджеттік саланың қызметкерлерінің еңбек ақысы, зейнетақы, жәрдемақы төлеуі тоқталып қалады.

Салықтар мемлекет өз қызметін қамтамасыз ету шығындарын жабу үшін ғана емес, әлеуметтік немесе экономикалық саясаттың қүралы ретінде пайдаланылғанда, саяси себептер азаматтарды салық төлеуден жалтаруға итермелейді. Сонымен, бюджетке


төлемдердің өз уақытында түсуін, оларды әділ қайта бөлуді қамтамасыз ету керек. Тек осындай жағдайда ғана мемлекет зейнетақыны, жәрдемақыны өз уақытында төлейді, жұмыссыздарға материалдық көмек көрсете алады.

Республикадағы салық механизмі бұған толық жауап бермейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге салық салудың жоғарғы деңгейі оладың өндірісін өсіруге қаржылық мүмкіндіктерін шектейді. Салық салу түрлерін, шартын, нормаларын жиі қайта қарау экономикаға теріс әсер етеді немесе салық жеңілдіктерінің тиімділігін әлсіретеді, шетел инвестицияларының кемуіне кедергі болады және тағы басқа.

Салық саясатының міндеттеріне төмендегілер жатады:

  1. мемлекетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;

  2. салалық және аймақтық шеңберде экономиканы реттеу үшін
    жағдай жасау;

  3. халық табыстары деңгейінде теңсіздікті реттеу;

  4. экономикалық заңдарға сөйкестілік;

  5. нарықтық реформалар мен макроэкономикалық
    тұрақтандыруды жеделдетуге ықпал ететін шешімдерді
    салықтық қолдау;

  6. салық салу базасын және қаржылық ресурстар құрамын,
    құрылымын, жүмылдыру көздерін өсудің мүмкін резервтерін
    анықтау;

  7. қаржылық ресурстар көлемі белгіленеді, мемлекет пен
    шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары
    арасындағы оңтайлы және тендестірілген арақатынас
    салыстырылады;

  8. экономиканы қайта құрылымдау әдістерін ынталандыру оны
    сауықтыру, тұрақтандырудың басымды бағытына сәйкес

10

нормативтік актілер нысанында мемлекеттің қаржылық

саясатын жүзеге асырудың салық механизмін жасау.

Салықтар мен салық саясаты нарық жағдайында қажетті құрал. Салық саясаты дүрыс жүргізілуіне барлық халық шаруышылығының тиімді әрекет етуі тәуелді.

Салықтарды қолдану ведомствалық бағыныштылыққа, меншік нысанына, кәсіпорынның үйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан жалпы мемлекеттік, кәсіпкерлік мүдделерді қамтамасыз етудің экономикалық әдістерінің бірі. Салық арқылы кәсіпкерлер, барлық меншік нысанындаға кәсіпорындардың мемлекеттік және жергілікті мемлекеттік бюджеттермен, банктермен, жоғарғы ұйымдармен өзара қатынасын анықтайды. Салық арқылы шетел инвестицияларын қоса, сыртқы экономикалық саясат реттеледі, кәсіпорынның пайдасы мен табысы қалыптасып, адамдар арасындағы табыстарды бөлу анықталады

Шаруашылық қызметті жүргізу теориясы мен тәжірибесі салық саясатына төмендегі талаптарды қояды:

1. салық саясатының қоғамдық даму зандылықтарына
сәйкестігін қалайтын ғылыми көзқарастың сақталуы;

*•

  1. тиімді салық саясатына қажетті база болып табылатын саяси
    экономикалық және қаржылық ғалымдар қорытындыларын
    үнемі есепке алу;

  2. нақты тарихи жағдай мен қоғамның даму кезендерінің, елдің
    ішкі жағдайымен халықаралық ахуалдық ерекшеліктерін,
    нақты экономикалЬІқ және қаржылық мүмкіндіктерді есепке
    алу;

  3. жаңа тенденциялармен, оңтайлы құбылыстармен, әлемдік
    тәжірибемен мүқият танысу;

  1. елдегі нақты экономикалық жағдайға салық шараларын
    жасау әдістерін пайдаланып, есеп айырысудың көп
    нұсқалылығында барлық факторларды есепке алу;

  2. салық саясаты түжырымдамасын жасауда нәтгокелерді
    болжау;

  3. салық саясатындағы қарауға тұрмайтын өзгерістерді
    болдырмауға мүмкіндік беретін салық шараларының
    салдарын алдын-ала көру;

  4. шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметі үшін қолайлы
    жағдай жасау;

  5. қаржылық әлует, мемлекеттің объективті мүмкіндіктері,
    экономикада істердің ахуалы туралы сенімді ақпараттарды
    пайдалану;

10. математикаяық модельдеуді, электрондық есептеуіш
техниканы жан-жақты қолдану.

Салық стратегиясы мемлекеттің салық саласындағы үзақ мерзімді шараларын анықтайды, ірі ауқымды міндеттерді қарастырады.

Салық тактикасы салық жүйесіне және салық механизміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолы мен дамудың нақты кезеңі міндттерін орындауды қарстырады. Әсер ету ауқымы мен саласына байланысты салық саясаты ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Ішкі салық саясаты бір елдің немесе территориялық бірліктің шеңберінде жүргізіледі, ішкі міндеттерді шешуді қарастырады.

Сыртқы салық саясаты қосарлы салық салуды болдырмауға, өз салық жүйесін түрлі елдердің салық жүйелеріне жақындатуға бағытталған.

Өзгеріске әсер ету механизіміне тәуелді салық саясаты дискрециондық, дискрециондық емес деп бөлінеді, оларға сай салықтық

реттеу нысандары, әдістері, салықтық қызмет ету механизмі анықталады.

Дискрециондық салық саясаты салық мөлшерлемесімен немесе салық салу құрылымы туралы үкіметтің шешімі негізінде жүргізіледі. Ол экономиканың қүлдырауын тездетіп тоқтату, тепе-тең жағдайды қолдау үшін қолданады. Осыған байланысты дискрециондық саясатты - тұрақтандырушы саясат деп атайды. Ол экономика циклы кезеңіне тәуелді және ынталандырушы, тежеуші болады. Тежеуші салық саясаты шамадан тыс сүраныспен болған инфляцияны болдырмау (жою) мақсатында экономикалық көтерілу кезеңінде жүргізіледі. Ынталандырушы салық саясаты жұмыссыздықтың едәуір деңгейінде қоғамдық өндірістің құлдырауы кезеңінде жүзеге асырылады.

Дискрециондық емес салық саясаты үкімет шешіміне тәуелсіз жүргізіледі. Жоғары дамыған нарықтық қатынастар жағдайында салық саясатында өндіріс құрылымын өзгерту, территориялық экономикалық даму, халықтың табыстылық деңгейін өзгерту мақстында жиынтық ішкі өнімді қайта бөлу үшін қолданылады.

Тиімді экономикада салық саясатының барлық түрлері табысты үйлеседі. Нақты міндетті орындауда салық саясатының кең диапазоны бағаланбайды және салықтарды маңызды экономикалық категория қатарына қояды, салық саясатының экономиканы басқарудың басқа элементтерімен бөлінбейтіндей байланысын қалыптастырады.

Салық саясаты негізінде атақты экономистермен дайындалған стртегиялық тұжырымдама жатады. Оның дұрыстығы тәжірбие жүзінде тексеріледі.

^ 1.2. Салық саясатының құқықтық негіздері және реформалау

кезеңдері

Салық қатынастары заңдар кешенінің әсерімен дамиды. Бұл экономикалық-логикалық және құқықтық зандар. Экономикалық-логикалық зандар әсерімен салық жүйесінің дамуының ішкі зандылықтары қалыптасады, ол құқықтық зандармен бірге салық жүйесінің стратегиясын анықтайды. Салық салу зандылықтары - бұл салық қатынастары мен базистік құбылыстар арасындағы тұрақты және объективтік байланыстардың болуы. Осы заңдылықтарды бөлігін көрсету салықты билікпен пайдаланылатын табыстарды қайта бөлудің басқа нысандарынан айыруға мүмкіндік береді. Салыстырмалы дербес сала ретінде салық құқығын 90-шы жылдарға дейін мәлімдеді. Салық құқығы осы уақытқа дейін қаржы құқығының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды.

Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикада салықты жүргізудің әдістемесі жалпы экономикалық заңдарды және ұдайы өндіріс қатысушыларының құқық негіздерін терең білу қажеттілігін бірінші орынға қояды. Оларды білу салық қатынастарының дамуы туралы құқықтық шешімдерді қабылдайтын заң шығарушылар үшін де қажет. Салық құқығы конституциялық қүқықпен ажырамастай бірлікте. Конституция, салықтық құқықтық тәртіпті анықтайды. Салық құқығы әкімшілік құқықпен де өзара әрекет етеді. Салық құқығының қоғамның тіршілік әрекетін құқықтық қамтамасыз ету салаларымен өзара байланысы және экономикалық және қаржылық шаруашылық қатынастар саласында алатын орны 1-суретте көрсетілген.


^ 1 сурет. Шаруашылық қызметгітің ақшалай нөтижелерін қайта бөлу үрдісін құқықгық қамтамасыз ету жүйесі


Мемлекеттің Конституциясы







Конституциялық құқық


Публикалық құқық Азаматтық құқық


Әкімшілік-шаруашылықтық
құқық, қызметтің эконмикалық
саласын регламенттейтін

құқықтық басқа салалары


Қаржылық құқық



Салықтық құқық

Қоғамның жиынтық табысын қайта бөлу саласын, қаржы министрлігі мен салық әкімшілігі органдары қызметін, бюджеттік салықтық өрекетке қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, салық салудың ұйымдастырушылық-эконмикалық қагидаларын анықтайтын құқықтык

нормаларды бюджеттік-салықтық регламенттеу


Салықтық қүқық - тек объективтік экономикалық -құқықтық білімдер саласы ғана емес, сонымен қатар, салық заңдарының кешені, салық өндірісіне әсер ететін басқа да жалпы ұлттық заңды нормалар кешені, заң шығаратын және атқарушы билік органдары жүйесі, олардың құқықтары мен міндеттері. Салықтық қүқық салық салуға мемлекеттік—биліктік сипат береді, оны экономикалық және заңды жағынан қамтиды. Салық құқығының пәні мүліктік қатынастарды, яғни меншік қатынасын регламенттейтін нормалар болып табылады.

Салық құқығының әдістемелік түбірі — күқықтану негіздері, саяси экономия, мемлекет және құқық теориясы, қаржы туралы ғылым. Бұл саланы зерттеу жеке қаржылық- бюджеттік-салықтық операциялар шегінен шықты жәнғе салық құқығының теориясын қалыптастыру шартын алдын-ала анықтайды. Салық қатынастарының құқықтық ерекшелігін теориялық тану салықтық түсімдердің экономикалық негізді нысандары туралы заңдарды жасауға және қабылдауға мүмкіндік береді.

Әлемдік тәжірибеде қолданылатын салық жүйесін ұйымдастырудың күқықтық қағидаларын төмендегідей тұжырымдауға болады:

  1. Барлық азаматтардың және шаруашылық жүргізуші
    субъектілердің заңды теңдігі. Салықтық бейтараптылығы.

  2. Салық төлеушілердің кейбір санаттарына берілетін
    салық құрсаттылығы заңда (Салық кодексінде) міндетті түрде
    бекітілуі тиіс.

  3. Салық саясатының түрақтылығының және
    дәйектілігінің кепілдендірілгендігі.

4. Салық заңының кері күшіне тиым салу (салықтардың
өз уақытында әрекет етуі).

5. Жауапкершілік институтының қызмет етуі салық
заңдарын бұзғандарға икемді салықтық әсер ету жағдайында
салық төлеушінің кінәлілігінің анық-қанығына жету.

  1. Салық салудың оң нысандарына бағытталу.

  1. Салық өкімшілігі шешімдерінің дискредитициондыққа
    қарсы жағдайда болуы.

8. Бюджеттік жүйе буындары бойынша бөлінетін салық
түсімдерінің жыл сайын ағымдағы қаржы заңдарымен

(ағымдағы жылға арналған бюджет туралы Заң) бекітілетін шығындар мөлшерімен шамаластығы.

9. Қаржылық, қоғамға қажетті мақсаттардың басымдылығы.

Салық салу жүйесінің заңдылығы және анық принципиалды негіздері бюджеттік-салықтық қатынастардың тұрақтануына ықпал етеді, олардың дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтайды, салық салуға ұзақ мерзімді әрекет ету сипатын береді. Салықтық құқық салықты жүргізудің ғылыми-практикалық бөлімі ретінде экономика мен саясатты байланыстырады, салық салу жүйесінің демократиялығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Салық құқығының ережесі елдің конституциясының айырықша бөлігін құрайды.

Сонымен, конституциялық режим пайда болған мезеттен бастап, барлық халықпен (референдуммен) немесе оның сайланған өкілдерімен кірістер мен шығыстарды анықтаудың декмократиялық қағидасы белгіленеді. Қаржылық, бюджеттік, салықтық құқық парламентаризмнің дамуымен тығыз байланысты.

Салықтық құқық оларға әсер ететін факторлар тұрғысынан салық операцияларын зерттеуге мүмкіндік береді, осының негізінде салық саясатының ең оңтайлы бағыттарын жасауға ықпал етеді. Салық саласындағы мемлекеттің саясаты салық

түсімдерінің толық және өз уақытында жиналуын, жеңілдіктер мен ыкдалшаралардың экономикалық дәлелді жүйелері арқылы салық төлеушілердің өндірістік, инвестициялық және әлеуметтік қызметін реттеуге бағытталған. Салық құқығы салық өндірісінің жеңілдік және ықпалшаралық режимдерін анықтайды. Жеңілдіктер мен ықпалшаралар жүйелері — салық кодексімен регламенттелетін меншік иелерінің жалпы конституциялық құқығы. Салық төлеушілердің жеке топтарының қоғамға пайдалы қызметіне салықтар және бюджет туралы зандар жеңілдік беру құқығын береді. Бірақ бүл режимнің белгілі бір шектері болады. Жергілікті әкімшіліктің күқығы оларға белгіленген салық өндіріс нормаларының шегінде таралады. Олар салық құқығының жалпы мемлекеттік нормаларын орындайды. Салық органдарының құзыреті салықтарды төлетудің барлық аспектілері бойынша заңмен белгіленген. Заңмен бекітілмеген салықты төлету қылмыстық іс болып табылады.

Салықтар — мемлекеттің тәуелсіздігінің көрінісінің бірі. Салықтардың тізімі, оларды есептеу әдістемесі, және төлеу тәртібі біржақты тәртіппен белгіленеді. Бірақ салықты белгілеуге келісім мен оларды төлетудің мөжбүрлі сипаты арасында қайшылық бар. Салықтарды белгілеуге келісімді парламент береді, салықтардың демократиялық сипаты халықтың экономикалық бостандыққа еркіндігімен анықталады.

Салық құқығы қоғдмдық-саяси және әлеуметтік факторлар тұрғысынан салық қатынастарын зерттеуге, салық төлемдерінің оңтайлы сызбаларын құрастыру үшін салықтық техникаларды жасауға мүмкіндік береді. Салық қатынастарының демократияық негіздерін дамытуда салық құқығының салық салу социологиясы сияқты

бөлімі ерекше маңызға ие.

Әлеуметтік бағытталу дәрежесін салық салуды реттейтін мемлекеттік-нормативтік актілердің бүкіл жүйесін талдай отырып анықтауға болады. Осындай талдау ынталандырушы ұдайы өндіріс факторлары жүйесіндегі салықтарды, салық ауыртпалығы мөлшерін, салық салу орны мен рөлін бағалау арқылы жүргізіледі. Міне, сондықтан, құқықтық және демократиялық мемлекетке салық жүйесінің мазмұнын, функционалдық бағыттылығын анықтайтын бірыңғай құқықтық құжат керек.

Салық заңдарының ішінде Салық кодексі ерекше мәнге ие. Сонымен бірге салықтық құқықтық қатынастар кедендік, қылмыстық, азаматтық заңдармен реттеледі. Сонымен қатар, қосарлап салық салуды болдырмау үшін қабылданатын халықаралық келісімшарттар да заң күшіне ие.

Салық кодексі салық салу жүйесінің қызмет етуі үшін құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық тәртіпті регламенттейтін заң болып табылады.

Салық нысандарының заңдылығы бірқатар себептерге байланысты маңызды болып табылады. Салықтар салық төлеуші өз міндеттемесін орындау үшін мәжбүрлеуді пайдалануды білдіреді. Бұл экономикалық бостандықты және меншік құқығын бұзу болып табылады, сондықтан салық салу саласында билікті пайдалану заң күші бар актілерге сай жүргізілуі тиіс.

Бюджет туралы заң күтілетін салық түсімдері мөлшерін бағалайды. Мүндай бағалау бекітілетін шығындар мөлшерін анықтау үшін қажет. Кірістерді бағалау экономикалық және қаржылық баланстың маңызды элементі ретінде бюджет туралы заңның мақсаты қандай екенін анықтайды.

Сонымен, салықтық түсімдер мемлекеттің маңызды ресурсы ретінде занды түрде бекітілуге жатады. Мемлекеттік шығындарға қарағанда Парламенттің кірістер жөніндегі құзыреті кең. Салықтарды заңды түрде регламенттеу мемлекеттік шығындарды бекітуден немесе бюджетті қаржыландырудан едәуір ерекшеленеді Бұл ерекшелік салық салу режимін анықтайтындықтан оны есепке алу керек. Бекітілген шығын факультативті болып қалады, ал бекітілген салық міндетті түрде төленуі тиіс.

Экономикалық реттеудің басқа нысандарынан салықтардың
ерекшелігі оларды бекіту ешқандай дискредициондық билікті
(дискредиция лауазымды түлғаның немесе мемлекеттік органның өз субъективтік қалауы бойынша қандай да бір мәселені шешу).

Салықтардың және баждардың тізімі және төлеу қағидасы салықтық және кедендік заңдармен анықталады. Салықтық және кедендік кодекстер тығыз байланысқан мемлекеттік қүқықтық актілер. Бірақ олар төлемдерді жинау режимін бірі-бірінен көшірмеуі керек, бір- біріне қайшы келмеу керек.

Салықтардың заңдылық қағидасын келісім шарттық негізде дамитын жеңілдіктер жүйесі де бүзбайды. Қазіргі қаржы құқығы салықтық келісім шарттарының болуына рұқсат етеді. Мүндай келісімшарттар қосарлап салық салуды болдырмау үшін жасалады. Олар мемлекетаралық сипатта болады. Кәсіпорын жалпы үлттық әлеуметтік және инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша міндеттеме алғанда да мемлекетішілік салық салықтық келісімшарттар жасалады. Мұндай жағдайда кәсіпорын мақсаттық салықтық жеңілдіктерге құқықты пайдалана алады. Бірақ осы жағдайда салықтық ынталандырудың осындай жүйесі әрекетін тәртібін регламенттейтін заңды қабылдау керек.


Салық зандары кез - келген мемлекеттің конституциясына сай құрылады. Қазақстанда жергілікті салықтарды белгілеу, оларды құқықтық реттеу, субъектілердің салықтық құқықтарын анықтау жергілікті орталықтың иелігінде.

Жергілікті орталық ҚР субъектілері иелігінде салық салудың жалпы қағидаларын, салық зандарын сақтауға салықтық жауапкершілік нормалары болады. Салықтардың тізімі мен оларды төлеудің негізгі қағидалары салық заңдарымен анықталады.

Қүқық ғылымының саласы ретінде салық құқығы салық механизмінің барлық элементерінің: салықты жоспарлау, реттеу және бақылаудың әсері туралы дәлелді ережелер бере алады. Сонымен қатар, құқықтық ережелер салық салу элементтерінің: салық салынатын база, ставкалар, жеңілдіктер және ықпалшара қолдану элементерінің практикалық мағынасын анықтайды. Табыс-мүлік минимумын анықтайды. Осы элементтерді заңды түрде рәсімдеу үшін оларды негіздеу құнның оны қалыптастыру көзінен мемлекетке ақшалай нысанда қозғалысы заңдылықтарына сүйенуі тиіс.

Салық құқықтарын салыстырмалы институционалдық құрылым ретінде рәсімдеу қажет. Бүл мамандандырылған комиссия, алқалар немесе заңгерлер-салықшылардың басқа да бірлестіктерін құру қажеттілігін анықтайды.

Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға өтуде салық салу социологиясы зор, маңызға ие. Ол үкіметтің еркіндігімен құрылмайды, қолданылатын әлеуметтік құрылымды көрсетеді. Салық нормаларының әлеуметтік жағы салық зандарында көрініс табуы тиіс. Бірыңғай салық салудың құқықтық негізі салық механизмі билікпен қабылданса да, оның әрекеттерін заң регламенттейді, оның мазмұны биліктік өкілеттіліктері бар

тұлғалардың субъективтік еркіндігіне бағынбайды. Салық механизмі қоғамның әлеуметтік құрылымын көрсете отырып, әрбір азаматтың экономикалық бостандыққа тырысуымен анықталады.

Салық өндірісіне салық режимдерін өзгерту арқылы сыртқы экономикалық қызметті реттеу жатады.Бұл өте қажет жағдайда жүзеге асырылады. Тарифтік режимдерді өзгертудің заңды рәсімделмей-ақ күші болады. Бұл - мемлекеттік баға саясаты. Салық салу баға саясатымен бюджетті қалыптастыру мәселелері шешілетіндіктен қиылысады. Бұл жағдайда салықтардың зандылық қағидасы бүзылмайды. Баждар, алымдар, тарифтер салықтарға жатпайды. Олар Кеден заңдарымен заңдастырылған.

Салық саясатындағы ережелерді обективті жан-жақты негізделген және терең экономикалық себеп болса, Салық кодексі кодексі баптарына занды түзетулер енгізу нысанында түзетуге болады Мүндай түзетулер Салық кодексі баптарын түзету қажеттілігін туындататын маңызды себептердің бірі салық эксперименттерінің табысты нәтижелері болуы мүмкін. Салықтық эксперимент - өндіргіш күштердің қарқынындағы және даму деңгейіндегі объективтік өзгерістермен, салалық қүрылымдық қайта құрулармен, макродеңгейде қаржы ағымдарының өзгерістерімен байланысты салық өндірісінің фрагменттерін өзгерту. Мүндай мемлекеттік билік және басқару органдарына қарауға берілген эксперименталдық түжырымдамалар сарапшылармен бағаланады, ұдайы өндіріс пропорцияларына адекваттылық тұрғысынан ең оңтайлысы таңдалады. Бұл тұжырымдама бір жылға салықтық эксперимент ретінде мәлімделеді, оның уақыты өткеннен кейін осы жаңа енгізілімге сарапшылық бақылау жасалады. Салық салу саласындағы эксперимент табысты біткеннен кейін Салық кодексіне түзету енгізу


үшін жоғарғы заң шығарушы органға қарауға беріледі.

Бюджеттік-салықтық ынтаның өту процедурасы өз пікірін референдумда жеткізе отырып немесе салық зандарын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын парламенттің орындауы үшін бөліп, олар заң ережелері сапасын анықтауы тиіс болғандықтан, барлық азаматтардың қатысуын талап етеді. салықтық инициативаның өтуі 2-суретте көрсетілген.

Салық құқығының ережелері салық саясатын жүзеге асырудың басты мезеті болып табылады. Салық саясаты - салық заңдарының орынды қолдануды анықтайтын билік және басқару органдарының құқықтық әрекеттер кешені. Салық саясатын жүзеге асырғанда заңмен белгіленген құқықтық нормалар салықтық әдіспен қалыптасатын мемелекеттік шығындарды реттеуде, жоспарлауда және бақылауда орындалады. Экономикалық негізделген салық саясаты қаражаттарды салық жүйесі арқылы орталықтандыруды оптималдау мақсатын көздейді.

Билік және басқару органдарының ғылыми негізделген және эконмикалық орынды тактикалық және стратегиялық құқықтық әрекеттер жиынтығы ретінде салық саясаты ұдайы өндіріс қажеттіліктерін және қоғамдық байлықтың өсуін қамтамасыз етуге қабілетті.

Салық саясатын жүргізуде салық төлеушілерге салық төлемдерін төлетудің, салық салу әсерімен болатын шаруашылық-экономикалық қатынастарды жан- жақты бағалауды жүргізудің қүқықтық тәртібін қамтамасыз ету де бастапқы қондырма (установка) болады. Салық саясаты- салық заңдарында жазылғандарды автоматты түрде орындау ғана емес, оларды жетілдіру.

^ Салықгық бастаманың жүруі

Заң шығарушы ынтагерлер субъектілері

Қаржылық жылға ҚР Үкіметімен салык түсімдері бөлігіндегі ұсынылған жобаны келістіру бойынша үсыныс дайындау. Салықтық тапсырмаларды соңғы рет нақтылау


Салықтық және кедендік зандар және басқалар бойынша

Жұмыстың бағыты


Салық бюджетінің жобасының түрлі нұсқаларын сарапшылық бағалау. Салық әлуеті мен оны практикада қолдану нұсқаларына салыстырмалы экономикалық талдау жасау

Салықтық түсімдерінің соңғы жоспары мен карауға келіп түскен

стратегиялық жобаларға сүйеніп, болашаққа бюджет және салық

саясатын жүргізуге жаңа тәсілдерді дайындау

Кезекті қаржы жылына салық саясаты жобасының мүмкін нүсқалары

Салықтар мен алымдар санын қысқарту

Салық

ставкаларын

азайту

Салық ықпалшара жүйесін қатандату

Жеңілдік беру

салық

режимдерін

өзгерту

(қатандату)

Келесі қаржы жылында экономикалық, саяси,

әлеуметтік, елдің дамуының және басқа ерекшеліктерге

байланысты салық қатынастарының дамуының басқа

нұсқалары болуы мүмкін


Сурет 2. Кезекті кезеңге (жылға) мемлекет бюджеті жобасын бекітудегі салық тұжырымдамасын кабылдау процедурасы






старатегиясы, ал ағымдағы мезетке жүргізілетін салық саясаты - салық тактикасы.

Егер мемелекет қоғамдық, корпоративті және жеке экономикалық мүдделерді келістіруге тырысса, тактика мен стратегия бөлінбейді. Көбіне ағымдағы мезетке салық салуды үйлестіру бойынша мемлкет басшылығымен қабылданатын тактикалық шаралар экономикалық негізсіз болады.

Бұл салық стратегясының жүзеге асуына кедергі келтіріп қана қоймай, мемлекеттің экономикалық курсын өзгеріске ұшыратады.

Басқару құрылымдарының тактикалық әрекеттері мен мемлекеттің конституциялық қүқықтық актілерімен бекітілген салық салу жүйесінің жалпы стратегиясы арасындағы қайшылық бюджеттің балансының бұзылуына, ұдайы өндіріс процестерінің тоқтауына және ең соңында — экономикалық дағдарысқа әкеліп соқтырады.

Салық саясатын жүргізуде тактикалық істердің негізділігі бюджет кірістерін қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Кезекті жылға бюджет тапсырмалары салық салу стратегиясымен келісілуі тиіс. ҚР субектілерінің конституциялық құқығы бюджетік жүйе буындары бойынша салықтарды шектеудің құқықтық нормаларын белгілеуде олардың жергілікті билікпен қатынасы сипатын анықтайды. Осы құқықтардың толықтығы бюджеттік-салықтық федерализм дамуында байқалады, шаруашылық жүргізудің аймақтық негіздерін нығайту бойынша аймақтық биліктің экономикалық қызметін анықтайды.

Қоғамдық-саяси қондырғының дамыған нысандарына көшу, елдің және азаматтардың жанұялық бюджеттері эконмикасын нығайтуға қарай қоғамда қалыптасқан табысты мелекеттік қазынаға мәжбүрлі төлету арналары қоғамдық қатынастардың көбеюіне қарамастан „тарылуда. Өндірістік емес шығындар жойылуда, осының арқасында қоғамдық қажетті шығындар артады. Сонымен қатар, қоғам капитаддың жеке жинаісгарына жағдай жасайды. Бұл мемлкеттік қаржыландыруды экономикалық нёгіздеп және қоғамдық қажеттіге дейін жеткізіп, оның бағыттарын біртіндеп шектейді.

Алдағы шығындардың ғаламилығына байланысты ең жоғары өтімді фирмалармен немесе олардың монополиялық бірлестіктерімен қаржыландырылуы мүмкін емес қажеттіліктер осындай болады. Ұлттық қауіпсіздік, стратегиялық түбегейлі гылыми зерттеулерге, халықаралық келісімшарттар шеңберінде істерді жүргізуге, ірі табиғат апаттарын жоюға жұмсалатын шығындар қоғамдық игілікті және экономикалық прогресті қамтамасыз етуге бағытталған.

Қоғамға қажетті шығындардың екінші тобын әлеуметтік бағытталған қоғамға, объективті себептерге байланысты өзінің дұрыс тіршілік етуін қамтамасыз етуге қабілетсіз жеке азаматтарға немесе түлғалар тобына бағытталған қаражаттар құрайды.

Басқа азаматтар үшін жағдай жасалуы және өз еңбектерімен өз қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі кедергілер жойылуы тиіс. Салық жеңілдіктері минималды және экономикалық негізді болуы тиіс. Олар елдің бюджетінің салықтық түсімдерін қалыптастыруда табыстарды қайта бөлу қатысушыларына жүктейтін ақша қаражаттарын жасанды түрде тарылтпауы тиіс. Бұл салық салуды оңтайландыру және салықтың фискалдық және реттеуші қызметтері арасындағы салыстырмалы тепе-тендікке жету сияқты.

Қоғамдық даму зандылықтары барлық мемелкеттердің әрекет етулері мен экономикалық ынтымақтастықтың оң нысандарына көшуі туралы куәландырады. Қазақстан үшін әлемдік қоғамдастыққа кірудің маңызды шарты болып тең жағдайларда экономикалық негізді және стратегиялық бағытталған салық саясатын жүргізу болып табылады.

Бұл еңбек белсенділігін көп күшейтуде экономикалық қызығушылықгың мотивациялық механихмі арқылы халықтың еңбекке қабілетті бөлігін табысын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Салық жүйесі арқылы халықтың еңбекке қабілетсіз мүшелерін тиімдірек және сенімді әлеуметтік қорғау қамтамасыз етіледі.

Салық жүйесі — елде салынатын салық түрлерінің оларды күрудың нысандары мен әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы.

Қазақстанда өндірістік — экономикалық қатынастардың алғашқылығы критериіне сүйеніп, салық жерлесінің қалыптасуы мен дамуы кезеңдерін» бөлуге болады:

I кезең - (1991-1994 ж.ж.) салықтырудың белгілі бір нүктелері және мемлекеттік бюджеттік толтыру элементтері сияқты түрлі құралдарды пайдалану, информацияның алдын алумен сипатталады. "салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер 1991 жылдың жиырма бесінші желтоқсанында заңның үшінші бабын негізге ала отырып, салықтарды ретке келтіруге, жылына 2000 пайызға жеткен инфляцияны төмендету, макроэкономикалық түрақтандыруға жетуге бағытталды".

Жаңа салық заңдарын күттіртпей жасау және енгізу қажеттілігі келесі себептермен байланысты:

  • салық кодексінің бір-біріне қайшы заңдар мен заң күші бар
    актілермен ауысуы;

  • заң органында жеңілдік беру бойынша белгілі бір топтар
    мүдделерін қорғау;

  • селективті жеңілдік беру қағидасын жеңілдік беру
    қағидасымен ауыстыру;

  • есептеу базасы өзіндік құн болатын салықтар мен төлемдер
    санының параллельді өсіп отыруымен күресу.

Осыған сай, Қазақстан Республикасында келесі кезендерде салық реформасының маңызды сипаттары ретінде келесілер ұсынады:

нарықтық қатынастарды ынталандыру атап айтқанда:

- кәсіпкерлікті белсенді қолдау;

  • мемлекеттік бюджеттік жүйенің ойға қонымды

қажеттіліктерін қанағаттандыру;

- кәсіпкерлік қызметке алған табыстарын салута жеке салық төлеушілер мүдделерін ынталандыру;

- қосарлап салық салудан табыстарды қорғау механизмін қалыптастыру;

- салық салуда әділдікке жету атап айтқанда:

- аз қамтамасыз етілген азаматтарды, әлеуметтік қорғауды
қамтамасыз ету;

табыс алу көзіне тәуелсіз салық салудың бірыңғай шкаласын
жасау;

мемлекеттің ұлттық және территориялық мүдделерін есепке
алу;

салық салу жүйесін жасаудың әлемдік тәжірибесін пайдалануға тырысу

Осы мақсаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының салық жүйесін өзгертуге және әлемдіік стандартқа жақындатуға қадам жасалды.

II кезең (1995-199,$ жж)- салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін "Салықтарға және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының заңы 24.04.95 салық заңдары қабылданды.

Жоғарыда аталған заң күші іске 1995 жылдың бірінші шіддеден бастап енді. Оны әзірлеуге халықаралық мекемелер: халықаралық валюта қоры, халықаралық салық бағдарламалары, Стэнфорд университеті, АҚШ-тың Гарворд университетінің өкілдері

мен сарапшылары қатысты.

Аталған заңға сай Республика территориясында салықтар мен алымдардың он бір түрі болды.

Салықтар мен алымдар санын қысқартумен қатар, осы заңның ерекшелігі заңды тұлғалардың пайдасына салық салудан табысқа салуға көшуі бүл кезең макроэкономикалық түрақтылыққа жетумен, экономика субъектілерінің белсенді қаржылық-шаруашылық қызметі үшін қолайлы жағдай жасаумен, әлеуметті мәселелерді шешуге мүмкіндіктің артуымен сипатталады. Макроэкономикалық түрақтылық салық төлеушілер қолындағы қаражат пен салық және бюджет механизмдері арқылы қайта бөлінетін қаражат арасындағы белгілі бір жағдайға жету арқылы

өндірістік - коммерциялық қызметтің дамуын ынталандырады, орта мерзімді мақсаттарға бағытталуға мүмкіндік береді.

III кезең (1999- осы уақытты қоса) — макрокөрсеткіштердің артуымен сипатталатын» экономикалық өсудің басталуы.

Мемлекеттік бюджетке салықтар түрінде түсімнің артуына әкелетін салық салу базасының кеңеюінің объективті үлгісі анықталды. Өзгеріп жатқан салықтық реттеудің және мемлекеттік бюджетті ұйымдастыруды жаңа қағидаларына көшу қажеттілігі анықтайды. Меншіктің түрлерінің дамуы жағдайында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын занды және жеке тұлғалардың табысына салық салудың бірыңғай базасына өтуге назар аудару керек. Қазақстан жағдайында салықтық реформаның дұрыс жолын тандау. Осыған қарамастан Қазақстан Республикасында салық жүйесін реформалауға қатысты қадам жасады. 2001 жылдың он екінші маусымында "салықтар жөне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының салық кодексі қабылданды. Осы мерзімге дейін салық заңдары мемлекеттің салық заңының міндеттеріне, мақсаттарына жеткілікті жауап бермеді.

Елдегі орын алған көптеген экономикалық қатынастарды қамтымады. Қабылданған салық кодексі жүйелі болып табылады. Салық кодексінде қосылған құн салығы, кооперативті табыс салығы, жеке салыс салығы сияқты негізгі салықтардың қызмет ету механизмі көбірек дәрежеде әлемдік стандартарға жақындады. Жаңа салық кодексінің ережелері болып табылатындар келесілер: біріншіден, бюджетке салықтар және бюджетке төленетін төлемдер баланстарының барлығы бір құжатпен реттеледі, екішіден, салық заңдары, нормалары айқын мазмұндалған.

  1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconДиплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады
Салық саясаты мемлекеттің әлеуметтік, саяси, экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттардың...
Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconІ тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып...
Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconІ тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып...
Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconІ тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып...
Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconI тарау қосылған құнға салынатын салықтың теориялық негiздерi
Кез-келген мемлекетте экономиканың нарықтық жолмен дамуына, тұрақты экономиканың қалыптасуына аса маңызды рөл салыққа берiледi, салық...
Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconЖоспар Кіріспе 3 1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың,...
Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconЖоспар: Кіріспе Салық және салық салудың есебі
Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі,...
Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconДиплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды

Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconДиплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды

Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Диплом жобасында зерттелетін мәселелердің тізімі немесе диплом жұмысының қысқаша мазмұны
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов