3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері icon

3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері



Название3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
страница2/4
Дата03.05.2013
Размер0.64 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4

^ 1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен

тәрбие берудің жағдайы

Қазіргі уақытта экологиялық тәрбие беру жер бетінің әрбір тұрғынын қамтуға тиісті бүкіл халықтың мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан Республикасының Конституциясынан орын алуға, арнаулы өкіметтік қаулы қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен-күнге арта түсуі – бұл істі жүзеге асыруды бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі тәрбие орындарында оқу-тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалануды міндеттеп отыр. Мұның мәні – оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлықтарын үнемді пайдаланудың маңызды мәселе екенін ұғындыру табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі қажетті біліммен икемділік, дағдыларымен қаруландыру. Біздің елімізде «әрбір азамат табиғатты аялауға, оның байланыстарын қорғауға міндетті» деген талаптар барлық уақытта бірдей дәйектілікпен жүзеге асырылып отырымағаны мәлім.

«Жалпы білім беретін мектептерде табиғат қорғау жұмыстарын күшейту туралы» әдістемелік хатта оқыту процесінде экологиялық тәрбие берудің маңыздылығын ашып көрсетуі, оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын тәрбиелеу ісіне қорғау салады. Қазіргі әлемдік экологиялық мәселелердің туындап отырған кезеңінде оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр.

Адамдар табиғатты билеп – тың игеру жылдарында қаншама жерді тілім-тілім етіп жыртып, эрозияға ұшыратты. Мақта мен күріш өсіреміз, шөл даланы гүлдендіреміз деп каналдар салып, суды бөгеп табиғаттың бұзылуына әкеліп соқтырдық. Адам мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болған бұл қарама-қайшылықты жою қазіргі кезде, барлық қауымды ойландыруда. Сондықтан қазір ол дүние жүзі халқының, экологтардың, ғалымдардың, педагогтардың, саясат қайраткерлерінің назарын ерекше аударып, Біріккен Ұлттар ұйымының таңдап талқылайтын ең маңызды мәселелердің біріне айналды.

Біріккен Ұлттар ұйымы біздің планетамыздағы экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде барлық елдердің қоян-қолтық тізе қосып, бірлесіп жасаған кең көлемді бағдарламасында мазмұндалған «табиғат қорғаудың әлемдік стратегиясы» деп аталатын, халықаралық мәні зор құжатты жариялады. БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму мәселесі жөніндегі конференциясы 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында болып өтті. Онда 108 мемлекет пен үкімет басшылары қол қойған «ХХ ғасырдағы күн тәртібінде» деп аталатын құжат қабылданды. 1998 жылы аталған бағдарламаның шешімінің орындалу барысын қараған Б.Ұ.Ұ-ның Бас Ассамблеясының арнаулы 19 сессиясы Нью-Йоркте болып өтті. Оған БҰҰ-ға мүше 185 елдің басшылары мен делегациясы қатысты.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы мектептерінде экологиялық білім мен тәрбие беруге көңіл бөлініп келеді. 1997 жылы тамыз айынан бастап «Қазақстан Республикасында табиғатты қорғау туралы» жаңа заң қабылданып күшіне енді. Заң адамның өмір мен денсаулық үшін айналадағы қоршаған ортаның қолайлы болуын қамтамасыз етіп табиғатты қорғаудың экологиялық құқықтық және әлеуметтік негіздерін белгілейді».

Ол мынадай тармақтардан тұрады:

1. Республиканың халыққа білім беру органдары табиғатты қорғау жөнінен халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие мен білім беру жүйесін жүзеге асырады.

2. Жалпыға бірдей кешенді және үздік экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі мектепке дейінгі, мектептегі тәрбие мен білім берудің, жоғарғы және арнаулы оқу орындарында кадрларды, мамандарды кәсіптік жағынан даярлаудың, олардың білікті болуын қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың экологиялық құқықтық және әлеуметтік негіздерін белгілейді[2].

Ал, 1992 жылы «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» қабылданды. Бұл заң 19 тарау, 89 баптан тұрды. Тұжырымдаманың 15 тарауы «қоршаған ортаны қорғау санасындағы экологиялық білім мен тәрбие беру, ғылыми зерттеулер», - деп, 73 бабы «экологиялық білім мен тәрбие беру, ғылыми жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі» - деп аталады. Осы 74 бап оқу орындарында экологиялық білім беру, 75 бап «қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеулер мәселесіне» арналады.

Осыған байланысты Республикаға білім беру мекемелерінің алдында көптеген міндеттер қойылып отыр. Онда экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысын бүлдіршіндер бақшасынан бастап, мектеп оқушыларына арналып пән «Экология негіздерін» жүргізу қолға алына бастады. Республиканың жоғарғы оқу орындарында экологияға байланысты арнаулы курстар, семинар ұйымдастырылды.

Мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру «Атамекен» Л.Р. Курсабаев, «Елім-ай» М.Х.Балтабаев, «Кәусар бұлақ» З.Ахметова бағдарламасы ерекше орын алды[21,22,23].

«Атамекен» бағдарламасы жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие процесінің, сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ұлттық ерекшеліктерін айқындайтын, қазақ халқы педагогикасының тәлім-тәрбие ұстанымдарына негізделген ғылыми-педагогикалық және әдістемелік бағдарлама. Оның негізгі мақсаты – оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгідегі жобасын жасау, әрбір мектепте балалар мен үлкендерді біріктіретін кеңес, топ, бірлестік құру, бүкіл мектептік «Елім-ай» атты ұлттық этнографиялық ойын жобасын жүзеге асыру, әрбір мектепте халықтық ұлттық тарихи-этнографиялық мұражаймен бірігіп, әр жыл сайын дәстүрлі бүкіл мектептік, қалалық, облыстық, республикалық «Атамекен» тойын салтанатты түрде өткізу болып табылады.

Оның негізгі міндеті 26 бағыттан тұрады. І-ХІ сынып аралығында қазақ халқының педагогикалық тәлім-тәрбие ұстанымдарын негізге ала отырып жүргізу.

Оның 15-ші «Заман-ай» бағытында «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыруды, қоршаған табиғатты қорғау мәселелері, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады [22].

Келешек ұрпақты табиғат апатынан сақтап, қоршаған ортаға деген мейірімділік сезімін сақтап, қоршаған ортаға деген мейірімділік сезімін оятып, табиғатты қорғау жұмысына белсене араласатын ұрпақ тәрбиелеу үшін ғалым М.Н. Сарыбеков алты кезеңнен тұратын жанұя, бала-бақшадан, есейген азаматқа деген экологиялық салауатын ашып тәрбие беру жолын ұсынады.

1. Сәбиді табиғат қорғауға тәрбиелеу әр жанұяда басталып, оған әр жанұяда қалыптасқан табиғат қорғау дәстүрі көмектеседі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- деген мақалды еске ала отырып тәрбие іске асу тиіс.

2. мектепке дейінгі сәбиді тәрбиелеу мекемесінің оқу, тәрбие жұмысының мазмұнына түгелдей табиғатты аялауға үйрету бағытымен беру керек. Бала үшін бала-бақша бағдарламасына жүйелі түрде сәбиге түсіндіріп, табиғатты аялау идясын ұсынады. М.Н.Сарыбековтың пікірінше табиғатты қорғап, аялайтын тәрбие жұмысына арналған оқулықтар, әдістемелік және қосымша әдебиеттер, оқыту мен тәрбиелеуге арналған дидактикалық материалдар болуы қажет. Ол үшін бала-бақша ауласы таза, гүлденіп, бөлмелері әсем безендіріліп, үйде өсетін гүлдерге арнаулы қамқорлық жасай алатындай бояуы керек. Әр сәбиді «табиғат», «табиғат тазалығы», «денсаулық», «сұлулық», «гүл», «жасыл желек», «мөлдір су», «көгілдір аспан», «торқалы топырақ», «сайраған құс», «жүгірген аң», «менің ауылым», «менің отаным» т.б. деген сөздердің мазмұнын жақсы түсіндіріп, сол түсініктерді іске асыруға тәрбиелеу тиіс.

3. Түрлі типтегі мектептің оқу-тәрбие жұмысына табиғатты қорғау мазмұны тұрақты енуі тиіс оның ішінде ІХ-Х сыныптың бірінде барлық оқу жұмысының қорытындысы ретінде арнаулы «Экология және табиғатты қорғау» пәнін оқытуды ұсынады.

4. Арнайы кәсіптік техникалық оқу орындары мен арнаулы орта білім беретін оқу орындарына жоспарлы табиғат қорғауға тәрбиелеу барлық пәндерді оқытудың негізінде жүргізілуімен қатар, осы типтегі оқу орындарында да жоспарға терең арнайы білім беретін «Экология және табиғатты қорғау» пәнін оқытуды ұсынады.

5. Жоғары білім беретін оқу орындарында «Экология және табиғатты қорғау» пәнін оқытудың екі бағытын ұсынады:

- мамандығына қарамай «Экология және табиғатты қорғау» пәнін барлық студенттер оқып үйренуі керек.

- экология және табиғатты қорғау мәселесіне арнайы білім беретін мамандар дайындау үшін факультеттер ашу.

6. Жұртшылыққа табиғат қорғауды түсіндіріп, мамандар мен басшылардың білімдерін экологиялық даярлық орталықтарын ашуды ұсынады[7] .

1996 жылы «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл заң 19 тарау, 89 баптан тұрады. Тұжырымдаманың 15 тарауы «қоршаған ортаны қорғау саласы экологиялық тәрбие мен білім беру, ғылыми зерттеулер», - деп, 73 бабы «экологиялық білім мен тәрбие беру, ғылыми жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі» - деп аталады. Осы 74 бап оқу орындарында экологиялық білім беру, 75 бап «қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеулер мәселесіне» арналады.

Сондықтан, зерттеуге негіз етіп отырған 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруге, қазіргі қоғам талабы қаншалықты әсер еткенін, оны іске асырудың қазіргі хал-жайын анықтаудың үлкен маңызы бар. Тақырып бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар Тараз қаласындағы №30 орта мектепте жүргізілді.

Білімді терең меңгеруге оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыру әр түрлі танымдық міндеттерді мақсатты және жүйелі түрде шешуге мүмкіндік жасалды. Әрбір сабақта, әр түрлі оқу әдістерін, оқыту құралдарын пайдалану қажет. Мысалы, лекциялар, әңгімелесу, семинарлар, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары олардың рефераттар және қысқаша баяндамалар және т.с.с. ұйымдастыру оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, оқу белсенділіктерін іс-әрекеттерін дамытады.

Жалпы қорыта келгенде оқушыларға білім мен тәрбие беру, оның интегралды сипаты жаратылыстану, қоғамдық-тарихи, гуманитарлық-эстетикалық еңбек циклды оқу пәндерінің барлығында дәрежеде бейнелеуін қамтамасыз етеді.

Көптеген ғалымдар, оның осы ерекшелігін негізге ала отырып, экологиялық тәрбиені әр түрлі дүниетанымдық, саяси, адамгершілік, эстетикалық құқықтық, еңбек, т.б. тәрбие элементтерінен тұратын, өзара тығыз байланысқан жүйе ретінде қарастырады. Бұл экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін қандайда болмасын бір ғана мектеп пәні арқылы шешілуі мүмкін емес, тек мұны пәнаралық байланыс арқылы қарастырылады.

Мектептегі экологиялық тәрбие беру ісінің педагогика теориясы мен мектеп тәжірибесінде жаңа сала ретінде қазіргі кезде дамып келе жатқандығын байқатады. Бұл саладағы теория мен практиканы дамытудың қажеттілігі жалпы теориялық және жеке әдістемелік бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажеттілігін дәлелдейді. Менің ойымша, қазіргі мектеп практикасы шын мәнінде уақыт талабынан кейін қалып, ол экологиялық сауатты тәрбиеге оқушыларды дайындауды қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, зерттеуші ғалымдардың пікірінше мұндай жағдайдың туындауында басты себептердің бірі – экология идеясын ұғындырудың жеткіліксіздігі табиғи ортаның бағалылығы көпшілігінде пайдакүнемдік негізде түсіндіруі, экологиялық мазмұндағы білімдерінің өзара тығыз бірлігінің болмауы деп саналады.


^ 1.3. Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыста

экологиялық тәрбие беру үлгісі


Қазіргі кезде халықаралық экологиялық білім беру жүйесінде педагогикалық теориясы мен практикасында қалыптасқан үш жағдайы бар.

Біріншісі – көп пәнді үлгі. Бұл жағдайда дәстүрлі пәндердің оқыту мазмұндарына экологиялық мәселелердің жеке бөлімі, жекелеген тақырыптар енгізіледі және бұрынан оқытылып келген тақырыптардың мазмұндары қосымша жаңа экологиялық мәліметтермен баяндалады.

Екіншісі – бір пәнді үлгі. Мұның бір ерекшелігі орта мектептердің экологиялық оқу топтарына арнайы экология курсын оқыту арқылы іс-жүзінде асады.

Үшіншісі – аралас сабақтар үлгісі. Мұнда 8-шы сынып оқушылары үшін экологиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылады. Содан соң, ол сабақтардың бастарын біріктіріп, қорытындылайтын арнайы сабақ өткізіледі.

Біз, ендігі кезекте оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мақсат, міндеттері, ұстанымдары мен мазмұндарында І тарауда айтқанбыз.

Экологиялық мақсат, міндет және ұстанымдар жайлы ұғым, түсініктерге байланысты ойымызды келтіруді орынды деп санаймын. Экологиялық тәрбие берудің мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға байланысты жауапты және аяушылық сезімде болып, іскерлік қарым-қатынас жасайтын ғылыми білім көзқарастар мен сенімдер жүйесінің біркелкі қалыптасуын айтамыз.

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі негізгі міндеттер:

1. Экологиялық идеяларды, негізгі түсініктерді, ғылыми дәлелдерді іріктеп саралай біліп, білім құрамын көбейту, табиғат заңдылықтарын ұғыну;

2. Табиғат – ресурстардың, өндірістік өнімдерді және адамзат мәдениеттерін дамытудағы негізгі көз екендігін білу, оларды пайдаланудың ғылыми-техникалық немесе ғылыми-экономикалық технологиясынан хабардар болу;

3. Табиғатты ұтымды пайдаланудың жолдарына байланысты қолданбалы білім, практикалық іскерліктер мен дағдыларды меңгеру;

4. Қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарап, оның бүгінгі жағдайы мен болашағы жайлы бағалай білу, зиянды құбылыстардың алдын алу, оны жақсартуда дұрыс шешімдер қабылдап, өндіретін және қоғамдық еңбектердің әсерлерін түзету;

5. Табиғи ортаға зиян келтірмейтін, ластамайтын, бұзбайтын нормаларды саналы түрде сақтап, табиғатты қорғау идеяларын насихаттау;

6. Әрбір оқушының табиғатпен қарым-қатынас жасауға десек рухани қажеттілік дамыту, оның адам жандүниесінің экологиялық, талғам-сезімдерін қалыптастырудағы ықпалын ұғыну.

Жалпы, эколог-ғалымдардың «экологиялық тәрбие беру» ұғымына берген анықтамаларынан туындайтын және өзіміздің пікірімізше экологиялық тәрбие берудің мәні – табиғатқа сыншы қарым-қатынас жасайтын, қоршаған табиғи ортаны қорғайтын, табиғи қорды тиімді пайдаланып, әсемдігін көрсететін қасиеттер адамгершілік-эстетикалық тұрғыдан ұғындырып, оқушылардың экологиялық-лирикалық серпін тудыру арқылы мақсат, міндеттерге жетумен мінезделінеді.

Сонымен, 8-шы сынып оқушыларында экологиялық білім мен тәрбие берудегі мазмұна кіретін оқыту материалдары төмендегідей ұстанымдардағы негізделіп құрылды:

1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің бір жүйелілігі және үздіксіздігі;

2. Оқу мазмұнында әлемдік, ұлттық және туған өлке мәселелерінің өзара байланыстылығы;

3.Оқушылардың экологиялық дүниетанымдарын қалыптастырудағы пәнаралық бірлігі;

4. Табиғи ортаны қорғау жайлы білім алып, оны аялау, сақтау, көркейту туралы интелектуальдық және эволюциялы адамгершілік негіздегі іс-әрекеттерінің бірлігі.

Жоғарыда оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсат, міндеттері, оларды іс-жүзіне асыруға ұйымдастырғанда басшылыққа алынатын ұстанымдарды атап шықтық. Енді, мектептегі 8-шы сынып оқушыларына берілетін экологиялық тәрбие оқу-тәрбие процесінде екі бағытта жүргізілуі керек:

1. Оқушылардың мінез-құлқында және әртүрлі іс-әрекеттерінде, қызметтерінде табиғи ортаға деген жауапкершілік қатынас нормаларын қажеттілігіне тәрбиелеу;

2. Қоршаған ортаны қорғау және жақсарту, табиғат байлығын ұқыптылықпен пайдалану, ысырапшылық пен немқұрайлыққа төзбестей күрес жүргізуге тәрбиелеу.

Бұл бағыттар негізінде оқушылардың экологиялық білімін танымдық іскерліктері мен әдет-дағдылары, айналасымен адамгершілікті имандылық қарым-қатынастарда болып, сана-сезімдері көзқарастары, мінез-құлықтары ізгілікті түрде қалыптастыруға жағдай жасайды.

Жеке пән «экологиялық» «арнайы» курс 8-шы сынып оқушылары үшін Тараз қаласындағы №30 мектепте жүргізілді.

Ал, енді сол арнайы курстың мазмұнын қарауға келгенде қиындықтарға кездестік, сонда да экологиялық тәрбие берудің мазмұндарының қисынды құрылымдық жүйесін жасауға талпындық.

Экологиялық курстың бірінші мазмұны – қоғам мен табиғаттың өзара байланысы, экологиялық құндылықтар, адамдар мен табиғат қарым-қатынастарындағы ережелер мен шектеулер, табиғаттан үйрену және қорғау жайлы іскерліктер мен дағдылар болып табылады. Мұнда оқушыларға адам мен қоғам және табиғат қарым-қатынастарының әлеуметтік мәні, бір-біріне тәуелділігі мен ықпалдарының тарихи қалыптасуы, әр қоғамдық формациялардың ерекшелігіне тәуелділігін әлеуметтік ғалымдар тұрғысынан ұғындырылады.

Табиғат туралы деректер, ұғымдар мен заңдарды жаратылыстану ғылымдары береді. Бұл заңдарды білу адамның табиғатқа ықпалын ұтымды шектеп, оны үнемді пайдаланудың мүмкіндіктерін түсінеді.

Үш фактордың өзара байланысы заттардың биохимялық айналым арқылы жүзеге асырылу жаратылыстану ғылымы негізінде экологиялық ұғымдар жүйесі құрылады. Олар: тірі ағза, экологиялық жүйе, факторлар, биосфера және басқалары. Тірі ағза, зат алмасу және тірі материяны сипаттайтын белгілерімен ерекшелінеді.

Жер бетіндегі тіршілік жасайтындар биологиялық жүйе биосфера құрайды.

Экологиялық тәрбие берудің екінші оқушылардың мінез-құлықтарына экологиялық құндылықтарды қалыптастыру, соның негізінде экологиялық сананы тәрбиелеу. Өйткені, табиғат – қоғамның сондай-ақ әр адамның қажеттілігін өтейтін қазына байлық негізі екені белгілі. Адамның қажеттілігі материалдық, рухани және парктикалық тұрғыда болуы мүмкін. Практикалық қажеттілігін өтеу арқылы адам өмір сүріп, тіршілік етеді, ал материалдық қажеттілігін өтеу барысында өндірісті, ғылымды, техниканы қамтиды. Ал, рухани қажеттілігін өтеу негізінде ақыл-ойын және адамгершілік, эстетикалық талғам-сезімін қалыптастырып, дамытады.

Экологиялық тәрбие берудің үшінші мазмұны – оқушылардың бойында экологиялық этиканың қалыптастырумен анықталады. Ұзақ жылдар бойы қоғамның, адамның табиғатқа қарым-қатынасы, тек тұтыну жағы басым болғандықтан, пайда табу мақсатында алып құрылыстар, өндірістік орындар ысырапты игерілуде, соның барысында Арал қасіреті, Семей полигоны, Лабнор полигоны, Чернобыль АЭС-ң жарылуы туындады. Мұның салдарын адамзат түсінгендіктен, өлкелік мәселелер әлемдік проблемаға ұласты.

Экологиялық тәрбие берудің төртінші мазмұны оқушыларды қоғам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынасты әрекеттерді түсіндіру, оны қорғау мен сақтауға практикалық іс-әрекеттермен қаруландыру болып табылады. Олар, табиғаттағы заттармен құбылыстарды жәй-күйін бақылау, экология жайлы білімді жетік меңгеріп, оны жұртшылық арасында кеңінен насихаттау.

Жоғарыда көрсетілген оқушыларға экологиялық тәрбие беру мазмұндары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формасы сабақ және сабақтан тыс жұмыстар арқылы іс-жүзіне асырылады[24,25,26].

Баршамыздың елімізде ұстайтын жәй – экологиялық тәрбие беру үздіксіз және жүйелі жүргізу барысында ғана өз нәтижесін береді. Ал, экологиялық нәтиже болса, оқушылардың әдет-дағдыларында, іскерліктерінде байқалынады.

Сонда, оқушылардың табиғатты қорғау, аялау, сақтау, жетілдіру қатынастарын, іскерліктерін есепке алуды мынадай ерекшеліктеріне назар аударуымыз керек:

  • оқушының табиғатқа деген қатынасын бағалау;

  • табиғатты қорғауды, аялауды және жетілдіруде қосқан үлесіне, нәтижесіне талдау беріп, әр оқушының еңбек санасының қорытындысын шығару;

  • табиғат объектілерін зерттеп, оның құбылыстарын тану, оған сипаттама беру;

  • оны жақсартуды жетілдіруде дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін есепке алу;

  • табиғи ортаны қорғауға байланысты нормаларды сақтау;

  • табиғатқа қамқор болу идеяларын насихаттау.

Егер де аталған іскерліктер табиғатқа деген жауапкершілік, жанашырлық, сүйіспеншілік т.б. қасиеттер балалардың мінез-құлықтарында болып, былайша айтқанда, адам-қоғам-табиғат арасындағы алуан түрлі диалектикалық байланыс және бір-біріне тәуелділік деңгейлерді бағалайтын өлшемдер мен көрсеткіштер сұрыпталып, оларға ғылыми-әдістемелік сипаттамалар жасаймыз.

Қазіргі кезде барлық дәстүрлі ғылымдар экологияландырылып, экологиялық туындаған мәселелерді әлеуметтік-экономикалық, техникалық, технологиялық мәселені психологиялық, педагогикалық жағынан зерттеу барысында бірнеше жаңа ұғымдар қалыптасты. Олар «экологиялық білім», «экологиялық сауаттылық», «экологиялық мәдениет», «экологиялық этика», «экологиялық сана», «экологиялық ойлау», «табиғатқа экологиялық қатынасы» т.б. Бұлардың мазмұндарына қарай ортақ құрамдас түсініктер, бір бірімен байланысқан, бірі екіншісінің салдары болып табылатын сабақтас ұғымдар. Осылар оқушылардың көзқарастарында, мінез-құлқында, табиғатқа қатынастарында қандай орын алады.

Соның мазмұнын анықтау үшін аталған ұғымдарға қысқаша мінездеме берсек.

^ Экологиялық сана – қоғамдық және жеке адам санасының бір бөлігі, адамның табиғатқа өзара қатынасындағы білімі, сенімі және дағдысының жиынтығы.

Экологиялық ойлау – табиғаттағы алуан түрлі өзгерістердің бір-бірімен экологиялық факторлар мен себеп-салдар байланысын ашып түсіну. Ойлау арқылы экологиялық заңдылықтар жүйесі және оның құрылысының күрделі анықталып, жаңа заңдылықтарды игеруге жол ашады.

^ Экологиялық сауаттылық – жас өспірімдерді табиғатты қорғаудың ғылыми негіздерімен қаруландыру 1970 жылдардан бастап, бұл мәселе барлық пәндерді оқытуда, солардың ішінде биологияны оқыту процесінде назар аударылып келеді.

^ Экологиялық этика – айналадағы табиғи ортамен қарым-қатынастағы мінез-құлық нормалары мен ерекшеліктерін білу және оны сақтау.

Экологиялық мәдениет күрделі ұғым болғандықтан ғылыми жағынан да, оның мазмұны, кешені әр түрлі деңгейде айқындалып бір ізге түспей келеді.

^ Экологиялық мәдениет – экологияның білім беру жүйесінің міндетті бір бөлігі, адамның материалдық және рухани тіршілігін қамтиды. Екіншіден, экологиялық мәдениет – табиғатты танып білу, пайдалану және жаңартумен байланысты, іс-әрекет түрлерінің негізі.

^ Жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз – табиғатты аялау талабына сай келетін білім, іскерлік және дағдысы, іс-әрекете әзірлігі мен оны жүзеге асыруы жатады.

Ал, экологиялық мәдениет пен этиканың құрамына: табиғатты қорғау қажеттілігін түсіну, табиғатқа тигізетін өзінің пайдасын болжамай білу, табиғатпен қарым-қатынасында заңды, ережелерді сақтау.

Сонымен, анықтамада берілген ұғымдар экологиялық сана, ойлауы, сауаттылығы, этикасы және мәдениеттілігі экологиялық тәрбиенің нәтижесінде оқушылардың мінез-құлықтарында қалыптасады.

Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын қалыптастыру мақсатымен әрбір сыныптың қабілетін ескере оқытудың барынша жаңаша әдістері мен тәсілдерін таңдау сабақ арқылы экологиялық тәрбие беру ісін сыныптан тыс жұмыстарымен тығыз байланыстыра оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын жүйелі түрде қалыптастыра, әрбір сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамушылық міндеттерін шеше отырып, оқытудың нәтижесінде тәрбие берудің адамгершілік эстетикалық сипаты артты. Экологиялық тәрбие беру ісінің тәрбиенің басқа салаларымен өзара бірлікте және бірін-бірі толықтыру бағытында жүргізілді, әрбір оқушының жеке басы және жас ерекшелігін ескере отырып, оқушылардың мектептегі қоғамдық ұйымдар іс-әрекетінің табиғи бірлігінің қамтамасыз етілуі, әртүрлі пән мұғалімдерінің арасындағы байланыстың сақталуы экологиялық тәрбиеліктің нәтижесін айқындайтын міндетті[29,30]. Шарт болып оқушының табиғатпен қатынасында өз іс-әрекетіне өздері талдай жасай білу дағдысын қалыптастырады. Жоғарыда айтылғандар зерттеп отырған проблемаларымызды түгелдей қамтымаса да, біздің ойымызша – экологияны оқыту процесінде 8-шы сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі тәжірибелік-педагогикалық жұмысымыздың тиімділігіне арттырудың басты жолдары болып табылады.

Педагог (А.Н. Захлебный, И.Д. Зверев, Е.М. Кудревцева) педагогикалық процесс арқылы табиғатқа жауапкершілік қатынасының қалыптасуы оқушының «табиғат пен орталық элементтік факторлары туралы білім мен оны әсерленушілікке жетелейтін сөзім арқылы қабылдануының және табиғатты жақсарту үшін парктикалық үлес қосуға ұмтылыс тудыруының органикалық бірлігі болған жағдайда ғана іске асады»- деп қортындылайды[20]. Сондықтан, тәрбиенің салаларын зерттеуде қолданылып жүрген дәстүрлі жіктеулер:

  • интеллектілік;

  • эмоциональдық;

  • практикалық өлшеулерді негізге ала отырып, жасаған анықтамаларыңызға сүйендік.

Атап айтқанда: интеллектілік өлшем – экологиялық білімнің болуына, оны игеріп, меңгеру арқылы практикада қолдана алуын, өз пікірін қорғап, басқаларға бере білуін анықтайды.

^ Эмоционалдық өлшем – экологиялық білімге қызығушылығын, табиғат пен оның әлемдік бейнелеуіндегі үйлесімділікті сақтауды, оны сұлулық заңымен жақсарта түсуі, табиғатты адамгершілік, эстетикалық тұрғыдан ұғына отырып, қоршаған ортаның қасіретке ұшырауына бірге күйзеліп, оны қорғауға ұмтылысын бағалайды.

^ Практикалық өлшем – табиғат қорғауға байланысты практикалық іс-шараларға қатысуын, бұл істі қажетті деп санауын, оған қатысу себепті (мотив) дәлелдерін сөзбен іс бірлігін анықтайды. Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасының деңгейін анықтап, тексеру мақсатында №30 мектебінде тәжірибелік-эсперимент жүргізілді. Олардың экологиялық деңгейін зерттеу, жекелей және жаппай сауалнамалар, анкеталар, тест әдістер арқылы іске асырылды.

Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасының интеллектілік, эмоциональдылық, практикалық өлшемдері бойынша жоғары, орта, төмен деңгейлерін зерттей отырып, жасаған тұжырымдаманы пайдаландым.

Жоғары деңгей: экологиялық білімді жақсы меңгерген, оның күнделікті өмірде қажеттілігін, сонымен түсінеді, теория жүзінде алған білімін өмірмен ұштастыра алады, табиғат пен қоғамдағы өзгерістерді эмоциональды тұрғыда қабылдайды, табиғи орта қорғауға арналған іс-шараларға белсене араласады, өздігімен ізденеді.

Орта деңгей: экологиядан білімі бар болғанымен оны күнделікті өмірмен байланыстыра бермейді, табиғат пен қоғамдағы өзгерістерді байқаған, эмоциональдық сезіммен тұрақты қабылдай алмайды, табиғи ортаны қорғауға арналған іс-шараларға қатысу барысында ішінара белсенділігін көрсетіп отырады.

Төмен деңгей: экология білімін нашар меңгерген, оны өмірде қажеттілігін түсінбейді. Табиғат пен қоғамдағы өзгерістерге мән бермейді. Тірі ағзалардың өзара және бейорганикалық табиғатпен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болған қауымдастықты экологиялық жүйеге жатқызамыз. Ағзаларға әсер ететін экологиялық факторлар, абиотикалық, биотикалық және антропогендік болып жіктеледі.

Заттардың биохимиялық айналымы дегеніміз – олардың табиғаттағы алмасуы мен ауысып өзгеруінің циклді үрдісі болмақ.

Табиғаттың өзіндік дамуына байланысты айтылған жүйелер арасында биохимиялық айналымның жылжымалы тепе-теңдігі орнығады.

Адамның табиғат заңдарын ұстамауы өндірістік іс-әрекеттерінің әсерінен экожүйе бөліктері арасында тепе-теңдік бұзылар.

Яғни, жер климатының біртіндеп, жылынып, озон қабатының тесілуі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің азаюы т.б. мысалы болады.

1   2   3   4



Похожие:

3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері iconІ сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда окушыларға экологиялық тәрбие берудің мәні және оның құрылымы
3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері iconТұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері
3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері icon3 I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері
Дәстүрлі емес сабақ технологиялары арқылы білім берудің педагогикалық негіздері
3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері iconМазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол мекенінде өткізілген туристік экологиялық жарыс
3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері iconБаяндама: Ағылшын тілің деңгейлеп оқыту
Оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда әсіресе әдіс тәсілдерді дұрыс таңдай білу,оқушыларға бірыңғай талап қою,дидактикалық білім мен...
3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері iconМазмұны Кіріспе І
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру формалары
3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері iconМазмұны Кіріспе І
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру формалары
3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері iconМазмұны кіріспе
Экологиялық тәрбие берудің маңызы
3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбиені қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері
3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері icon3-7 I тарау: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері
Кәсіптік бағдардың мәні мен мазмұны
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов