3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері icon

3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері



Название3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
страница4/4
Дата03.05.2013
Размер0.64 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4

^ 2.3. Тәжірибелік – эксперимент жұмысының нәтижелері


Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің биология сабақтарындағы тәжірибелік жұмыс кезеңі бақылаудан өтті. Бұл арнайы жасалған тәжірибелік жұмыс 2005-2006 оқу жылдары аралығында өткізілді.

Бұл дипломдық жұмыс болғандықтан осы тәжірибе жұмысына негізінен Тараз қаласының №30 қазақ орта мектепбінің 8-шы сынып оқушылары қатысты. Биология пән мұғалімі Жұмабекова Ұлтай Жұмабекқызы көмектесті.

Бірінші кезеңде 8-шы сыныптарды биология сабақтары арқылы экологиялық білім беру деңгейі сарапталды. Бақылау жұмыстары мен тест алынды. Бұл әдістер арқылы оқушылардың күні бүгінге дейін экологиялық мәселелер бойынша практикалық қолданбалы дағдыға үйренбегендіктерін анықтадық.

Зерттеу бойынша оқушылардың экологиялық білімдерін, дағдыларын үш деңгеймен анықтадық. 1.3.бөлімде қарастырылған. Жоғарғы деңгейі: экологиялық білімі берік, теория, сапалы, жүйелі түрде, «табиғат-қоғам» қалыптасу, даму диалектикасын талдай алады, табиғаттың экологиялық жағдайларының себеп-салдарын аша біледі. Табиғатты қорғауға арналған іс-шараға белсене араласып, ұйытқы болады.

Орташа деңгей: табиғатқа қамқорлық керек екенін түсінеді, бірақ оны қорғауда барлық уақытта белсенділік көрсетпейді.

Төменгі деңгей: экология білімін нашар меңгерген. Табиғатты қорғау керектігін түсінеді, бірақ оны іске асырмайды.

Алған білімдер көмегін тексеріп, қорытындысын таңдаған уақытында тәжірибелік жұмысының бас кезінде 8-шы сыныптарындағы оқушылардың 20,7%-тен аспады, яғни олардың білімі тек түсініктер деңгейінде ғана болды. Оларды табиғаттағы экологиялық апаттардың себептерін, заңдылықтарын түсіндіруде табиғаттанудан, биологиядан, географиядан алған білімдерін қолдана алмады. Бұның себебі бұл пәндердің мазмұнына экологиялық мәселелерді шешуге толық бағытталмаған еді.

Тәжірибелік жұмыстарды өткізу барысында 8-шы сыныптардағы оқушыларға экологиялық білім берудің әдістемесі, жүйесі тексерілді. Сабақты жүргізу арқылы экологиялық білім беру ісін сыныптан тыс жүргізген жұмыстармен тығыз байланыстырдық, оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын жүйелі түрде қалыптастыра отырып оқытудың нәтижесінде білімдік, тәрбиелік мәселелерін шешіп соның негізінде экологиялық білім берудің деңгейі жоғарлағандығын байқадық.

Тәжірибелік – эксперименттік жұмыста оқушыларға анкета таратып, «Бізді қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы арасында қандай өзара байланыс бар деп ойлайсың?»- деген сұраққа бірнеше дәл жауаптар алдық, яғни, оқушылардың 58,4%.

Арал, Балқаш, Семей апатымен адамдардың денсаулығы 37,8% зиянды химиялық заттардың адам ағзасына әсері жөнінде дұрыс түсініктерін білдірді. Бізде талдау жасауға алынған жауаптарды іріктеуге әрбір тақырыптардан соң жалпы экология бойынша оқушылардың білімдерін талдау үшін тест сұрақтарын пайдаландық.


^ Тест мынадай сұрақтардан тұрады:

  1. Экология деген терминді алғаш рет ғылымға енгізген қай ғалым?

А. Геккель

В. Рулье

С. Гумбольдт

Д. Трамбле


2. Экологияны зерттеу әдістері неше топқа бөлінеді?

А. 3

В. 4

С. 2

Д. 5

3. Ірі географиялық аймақтарды қоршаған ортамен байланыстыра отырып зерттейтін қандай ғылым?

А. Ландшафтық экология

В. Аутэкология

С. Синэкология

Д. популяциялық экология

4. 500-ден астам жануарлардың түрін айқындап,қоршаған ортамен байланыстыра зерттеген қай ғалым?

А. Павлас

В. Дарвин

С. Аристотель

Д. Гумбольдт


5. «Зоология философиясы» деген еңбекті кім жазған?

А. Линней

В. Рулье

С. Дарвин

Д. Ламарк


6. Неше экологиялық факторлар бар?

А. 3

В. 2

С. 1

Д. 5

7. Абиотикалық факторлар неше топқа жіктеледі?

А. 2

В. 1

С. 3

Д. 5

8. Эдовикалық факторларға не жатады?

А. Жер қыртысы және рельеф

В. Тау жыныстары, рельеф

С. Жер бедері мен топырақ

Д. Су ағыстары, ылғалдық


9. Антропогендік факторлар дегеніміз не?

А. Адамның іс-әрекетінен болатын өзгерістер

В. Табиғаттың әсерінен болатын өзгерістер

С. Табиғат пен қоғам арасындағы өзгерістер

Д. Табиғат ресурстарын пайдалану кезіндегі болатын өзгерістер


10. Оптимальды жағдайлар не деп аталады?

А. Организмдердің тіршілік етуі үшін қолайлы жағдайдың тууы

В. Организмдердің бір ортадан екінші ортаға көшуі

С. Организмдердің тіршілік етуі үшін қолайсыз жағдайдың тууы

Д. Организмдер климаттық әсерінен өзгерістерге ұшырауын айтамыз.


11. Смогтық негізгі қосылыстары не?

А. Хлорфторкөміртектер

В. Көміртектер

С. Фторкөміртектер

Д. Хлор тотығы

12. Экология қандай ғылымның саласы болып табылады?

А. Биология

В. Зоология

С. География

Д. Геоэкология


13. Биосферадағы ластану процесін неше топқа бөлеміз?

А. 3

В. 2

С. 4

Д. 1


14.Смогтың неше түрі бар?

А. 2

В. 1

С. 3

Д. 4


15. Фотохимиялық смог алғаш рет қай жылы байқалады?

А. 1945

В. 1930

С. 1950

Д. 1940


16. Табиғи ластану не жатады?

А. Вулкан

В. Өндірістен шығатын газ

С. Транспорттан шығатын түтіндер


17. Озонның жұқырауы қай ғасырда байқалады?

А. 19-ғ

В. 16-ғ

С. 18-ғ

Д. 17-ғ


18. Фотохимиялық қай қалаларда байқалады?

А. Токио,Сеул, Лос-Анжелес

В. Улан-Батор, Пекин, Нью-Йорк

С. Токио, Пекин, Ұлыбритания

Д. Египет, Нью-Йорк, Сеул


19. «Ойкос» қандай мағынаны білдіреді?

А. Үй

В. Табиғат

С. Орта

Д. Ғылым


20. Ауаның ластануы неше топқа бөлінеді?

А. 2

В. 4

С. 5

Д. 3

8-шы сынып оқушылардың жалпы саны 23. Тест сұрақтары бойынша 23 оқушы жауап беріп, соның ішінде, 5оқушы- «5», 10оқушы- «4», 8оқушы- «3» бағаланды. Ал (толық) процентпен шаққанда тестке толық жауап берген 55%, дұрыс толық жауап берген 35%, дұрыс емес жауап берген 15%. Оқушылардың білім деңгейлері №2- суретте көрсетілген.


Қорытынды


Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында жүргізілген жұмыстың нәтижесі мынадай қорытында жасауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталып көрсетілгендей еліміздегі экологиялық жағдайлар кейбір жерлеріміздің экологиялық апат аймағына айналуы, экологиялық тәрбиеге байланысты, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, әр түрлі табиғат қорғау туралы заңдарға талдау жасау, бұл мәселенің бірден пайда болмағанын, оның қоғам дамуы барысында адам мен табиғаттың қатынасы негізінде пайда болып, қазіргі кезеңде аса маңызды, дүние жүзіндегі мәселеге айналып отыр.

Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі мүмкіндіктерін шешуде жалпы орта білім беретін пәндердің алатын орны ерекше. Барлық пәндерді экологиямен байланыстырып, пәнаралық байланыста жүргізілуі керек. Солардың ішіндегі экологиялық білім мен тәрбие беруде биология пәнінің орны ерекше.

Тақырып бойынша жүргізілген тәжірибелік зерттеу жұмысымызда жалпы орта білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие берудің жәй күйі зертттеліп мына міндеттерді шешуге бағытталды:

  • жоғары сыныптың бағдарламалары, оқулықтары, әдістемелік құралдардың оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі қазіргі жағдайын қарастыру;

  • мұғалімдермен экологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу;

  • экологиялық білім мен тәрбие үлгерімінің көрсеткіштерінің бастапқы және соңғы деңгейін анықтау.

Жоғары аталған міндеттерді шешу үшін биология пәнінен өткізілген сабақтардың, сыныптан тыс өткізілген жұмыстар негізінде, оқушыларға және мұғалімдерге сауалнама, КВН, оқушылардың шығармалары арқылы жүзеге асты.

Сыныптан тыс жұмыстар арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы мына бағыттарда жүргізілді:

  1. Экологиялық апталық, факультатив сабақтар, экологиялық тақырыптағы әңгімелер.

  2. Табиғи ортадағы жұмыстар: қоғамдық пайдалы еңбектер және «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру.

Осы бағытта жүргізілген жұмыстар оқушылардың табиғатқа жауапкершілік сезімдерін, экологиялық тәрбиелігін қалыптасытыруға мүмкіндік беретініне зерттеу жұмысымның барысында көз жеткіздім.

Оқушылардың экологиялық тәрбиелілігін қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың ішінде экологиялық апталықтың орны ерекше, себебі экологиялық білім беру жүйесінде апталықтар ерекше міндеттерді атқарады да оқушылар ат салысып қатысады.


Әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (баптары бойынша

түсіндірмелері) оны жүзеге асыру жөніндегі құжаттар. – Астана, 2000

  1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңы. //Егеменді Қазақстан, 1997.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995- А: Жеті Жарғы, 1998 6бап -8б

  3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А: Білім, 1997

  4. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А: Ана тілі, 1995.-6б.

  5. Ә.С.Бейсенова,Ж.Б. Шілдебаев, Г.З.Сауытбаев Экология Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001. -555б.

  6. Сарыбеков Н.С, Сарыбеков М.Н, Сарыбеков Д.Н. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері.- Алматы, 1996.-45с.

  7. Руссо Ж.Ж. Педагогические сочинение т. 2-М.,1977.-465с.

  8. Белинский В.Г, Чернышевский А.И, Добролюбов Педогогические наследие. – М., 1954.-25с.

10.Герцен А.Н. Диалетизм в науке. Письмо об изучении природы (1842-1846) собр. Сочин в 30-томах.-М.,1954.-24с.

11.Писарев Д.И. Педагогика –М., 1977.-46с.

12.Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. – А: Ер Дәулет, 1994.-84б.

13.Люблинская А.А. Формирование нравственной позиции начинается в детстве. М: Начальная школа, 1982.-85с.

14.Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. –Алматы: Қазақстан, 1980.-72б.

15.Тихонова А.Е. Дидактические и методические основы экологического образования и воспитания школьников. Хабаровск, 1984.-81с.

16.Дарвин Ч. Происхождение видов.- М: Госсельгиз, 1952. -98с.

17.Геккель Э. Естественная история мировозрения Лейпциг: соб. 1908 1т.- 274 с

18.Ушинский К.Д. Собр. Соч. Том 10-М.-Л:1950.-87с.

19.Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. А: Рауан, 1992.-82б.

20.Зверев И.Д. Экология в школьном обучении. М.: Изд-во Знание, 1982-82с.

21.Құрсабаев А.Р. Атамекен тәлім тәрбие бағдарламасы, А: Жалын, 1991.

22.Балтабаев М.Х. Кәусар бұлақ //Қазақстан мектебі, №4, 1999.

23.Балтабаев М, Ұзақбаева С, Қышқышбаев П, Быковский М, Әлмұхамбетов Б, Жолымбетов К, Елім-ай ән-күй пәнінің бағдарламасы. – А: Рауан,1991.-36б.

24.Бозжанова К.Б. Оқушылармен жүргізілетін кластан және мектептен тыс жұмыстар жүйесі. А., 1991.

25.БолдыревН.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы А: Мектеп, 1987.-32б.

26.Жалпы білім беретін мектепте табиғат қорғау жұмысын күшейту туралы (әдістемелік хат) мектептегі тәрбие жұмысы. – Алматы, 1978.-55б.

27. Сәтімбекова Р. Табиғат қорғау. А: Рауан, 1992.-92б.

28. Нұғыманов И, Орынбеков С. Экологиялық білім берудің

педогогикалық негізі. //Қазақстан мектебі, 1996.-127б.

29.Жарықбаева Қ.Б. Психология А: Білім, 1993.-69б.

30. Ильина А.Н. Педогогика А: Мектеп, 1977-175с.


Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің үлгісі

Экологиялық білім мен тәрбие берудің мүмкіндіктері




Мектептен тыс жұмыстар: танымжорық, наурыз мерекесі


Сыныптан тыс жұмыстар (апталық, үйірме және т.б.)

Факультатив

«Этноэкология»

Биологиялық курс

«Экология»








Экологиялық білім және тұлғаның адамгершілік қатынасы: табиғат, қорғау, аялау және т.б.



«Табиғат – тағдырым» атты экологиялық апталықтың жоспары




Күні, уақыты

Экологиялық апталық бағдарламасында жүргізілетін, іс-шаралар, жұмыс түрлері

1.

6.02.06

сағ. 14:00

Апталық ашылу салтанаты, оның бағдарламасымен таныстыру, апталыққа қатысушы қонақтардың тілегі мен пікірлері

2.

7.02.06

сағ. 14:00

«Халық жүрегінде–табиғат тағдыры» халқымыздың ақын-жазушыларының әңгімелерін, өсиет сөздерін сахнада көрініс түрінде бейнелеп, мағынасын түсіндіре отырып, өнеге алу бағытында өткізу

3.

8.02.06

сағ. 14:00

«Ата-бабам айтқан сөз» халықтың мақал-мәтелдерін, қасиетті сөздер, көркем сөздері

4.

9.02.06

сағ. 14:00

«Табиғат адамның алтын бесігі» табиғат пен адамның біртұтастығын айту

5.

10.02.06

сағ. 14:00

«Табиғатты қорғау» КВН етіп өткізуге болады

6.

11.02.06

сағ. 14:00

«Табиғатым – тағдырым» қорытынды кеш:

1. Кеш қонақтарының пікірі

2. Озық нөмірлер жеңімпаздары

3. Викториналық сұрақтар «Алтын сандық» ойыны

4. Музыкалық сәлемдемелер /2-4 нөмір/



Тарих – география факультетінің «Тарих - география»

мамандығының ИСГ 21-1,3 тобын бітіруші білімгер

Ж.Исаева «Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық

білім мен тәрбие берудің маңызы» тақырыбы бойынша

жазған диплом жұмысына


Р Е Ц Е Н З И Я


Ж.Исаева өзінің дипломдық жұмысын «Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Қазіргі уақытта экологиялық білім мен тәрбие беру жер бетінің тұрғынын қамтуға тиісті бүкіл халықтың мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан Республикасының Конституциясынан орын алуға, арнаулы өкіметтік қаулы қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен-күнге арта түсуі-бұл істі асыруда бала бақшадан бастап, Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалануды дипломант міндеттеп отыр.

Қазіргі таңда экологиялық проблемалардың зардаптың көлемінің ұлғаюына байланысты жас ұрпақтың экологиялық көзқарасын қалыптастыру керек екендігін, оқушыларға сыныптан тыс уақытта экологиялық білім мен тәрбие беру жолдарын қарастырған. Олар үйірме, апталық танымжорыққа жалпы сипаттама беріп, «Табиғатым - тағдырым» тақырыпта №30 орта мектепте 8-шы сынып оқушылар аралығында экологиялық апталық өткізген.

Дипломант оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің биология сабағында экология деген тарауды алып тест және бақылау жұмысын жүргізіп оқушылардың экологиялық білім деңгейлерін анықтаған.

ИСГ 21-5 тобын бітіруші білімгер Ж.Исаева «Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы» тақырыбына жазылған дипломдық жұмысын «өте жақсы» деп бағалаймын. «Өте жақсы» баға алуына тілектеспін.

№5 Жамбыл атындағы қазақ-орта мектебінің

оқу ісі жөніндегі орынбасары: Д.Қ.Тоғатаева


Тарих – география факультетінің «Тарих - география»

мамандығының ИСГ 21-1,3 тобын бітіруші білімгер

Ж.Исаева «Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық

білім мен тәрбие берудің маңызы» тақырыбы бойынша

жазған диплом жұмысына

П І К І Р

«Тарих – география» мамандығының ИСГ21 – 1,3 тобын бітіруші білімгер Ж.Исаева «Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы» бойынша жазылған дипломдық жұмысы: 69 компьютерлік таспа беттен, кіріспеден, 2 - кестеден, 2– суреттен және 30- әдебиет пайдаланып жазған.

Дипломдық жұмыс негізгі 2 бөлімнен тұрады.

Бірініші бөлімде оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері қарастырылған. Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі жөнінде Ә.С.Бейсенова, Н.С.Сарыбеков, Ш.Б.Шілдебаев және т.б. ғалымдардың еңбектеріне жалпы сипаттама беріп өткен.

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің бір тармағы ретінде оқушыларды жан-жақты дамытуға, оның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге бағыттайтындығын дипломант өзінің дипломдық жұмысында жазып өткен.

Екінші бөлімде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірбиелік жұмысы қарастырылған. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруді биология сабақтарындағы тәжірбиелік жұмыс кезеңі бақылаудан өткізгендігін жазған. Осы № 30 орта мектептің 8-шы сынып оқушылардан тест, бақылау жұмысын ала отырып, олардың экологиялық білім деңгейлерін сандық көрсеткішпен диаграммада келтірген. Сонымен қатар сыныптан тыс жағдайда оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жолдарын анықтаған.

Ж.Исаева «Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы» тақырыбына жазылған дипломдық жұмысын «өте жақсы» деп бағалаймын.


«География және экология»

кафедрасының аға оқытушысы: А.Қ.Даменова

1   2   3   4



Похожие:

3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері iconІ сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда окушыларға экологиялық тәрбие берудің мәні және оның құрылымы
3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері iconТұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері
3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері icon3 I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері
Дәстүрлі емес сабақ технологиялары арқылы білім берудің педагогикалық негіздері
3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері iconМазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол мекенінде өткізілген туристік экологиялық жарыс
3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері iconБаяндама: Ағылшын тілің деңгейлеп оқыту
Оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда әсіресе әдіс тәсілдерді дұрыс таңдай білу,оқушыларға бірыңғай талап қою,дидактикалық білім мен...
3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері iconМазмұны Кіріспе І
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру формалары
3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері iconМазмұны Кіріспе І
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру формалары
3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері iconМазмұны кіріспе
Экологиялық тәрбие берудің маңызы
3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбиені қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері
3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері icon3-7 I тарау: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері
Кәсіптік бағдардың мәні мен мазмұны
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов