Мазмұны кіріспе I. Тарау. ӘЛемдік және отандық ТӘжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі icon

Мазмұны кіріспе I. Тарау. ӘЛемдік және отандық ТӘжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі



НазваниеМазмұны кіріспе I. Тарау. ӘЛемдік және отандық ТӘжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
страница6/6
Дата03.05.2013
Размер0.76 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5   6
^

13-14 сабақтар


Сабақтың тақырыбы: «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдары.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарымен жұмыс істеуге үйрету.

  2. Графикалық редактормен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

  3. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық-құрылымдық ойлау қабiлетiн дамыту.

  4. «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарын пайдаланып, графикалық ақпараттарды өңдеуде оқушылардың эстетикалық мәдениетi мен шығармашылық икемдiлiгiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

«Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарының атқаратын қызметiн компьютер мен жұмыс дәптерi арқылы қарастыру. Аталған құралдармен жұмыс жасау технологиясы оқушыларға түсiндiрiледi. “Қылқаламның” түрлері мен “Өшiргiш” құралының түрлерi мен көлемiн өзгерту тәсілдері көрсетiледi.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Бүгiн бiз дайын суреттерi бар файлдарды ашу әрекетiн қайталаймыз. Содан кейiн «Қарындаш» және «Қылқалам» құралдарының атқаратын қызметтерiмен танысамыз. Құралдар тышқанды шерту арқылы таңдалады. «Қылқалам» құралын таңдағанда оның түрлерiне, ал “Өшiргiш” құралын таңдағанда оның көлемiне назар аударыңдар. Ал ендi жұмыс жасап көрелiк! Осы құралдармен жұмыс істеу үшiн, тышқанның сол жақ батырмасын шертулі күйде ұстап, оны жылжыту керек. Өз беттерiңмен жұмыс істеп көрiңдер.

^ 13-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Арунаға жiп шумақтарын тарқатуға көмектес. Әр шумақты түрлi бояулармен боя.

  2. Әлімге нені токқа қосқанын есiне түсiруге көмектес.

14-сабаққа арналған тапсырмалар:

1. Артық нысанды сыз.

2. Жұмбақтарды шешіп, суреттерін сал:

Қысы, жазы бір түсті.

/Шырша/

Өзі қызыл, өзі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

/Құлпынай/

Қыста ақ, жазда сұр. /Қоян/

Үй күзетеді, үрмейді /Құлып/

  1. Мағыналары қарама-қарсы сөздердi сызықтар арқылы қос.

Суық – Ыстық

Ауру – Сау

Көңiлсiз – Көңiлдi

Кiшкентай – Үлкен

Мейiрiмдi – Қатыгез

Жарық – Қараңғы

Қатты – Жұмсақ

Тәттi – Ащы

Сергiту сәтi
^

15-16 -сабақтар


Сабақтың тақырыбы: «Сызық», «Доға» құралдары.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға «Сызық» құралымен жұмыс істеуді үйрету.

  2. оқушылардың графикалық редакторде жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Тапсырмалар оқушылардың жаңа құралдарды меңгере отырып, өткен тақырыптарын қайталауға ыңғайлы етiп таңдалған. Түрлі сызықтар, сурет салуды игеру. Ақпарат түрлерін қайталау.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Бүгiн бiздiң танысайық деп отырғанымыз – “Сызық” құралы. Ал ендi осы құралды тышқанмен шертіп, экранға әр түрлi қалыңдықтағы сызықтар салайық. Кез келген түстi және оның қалыңдығын таңдап, сызықтар салуға болады. Егер сендер сызықтарың экранда көлденеңнен немесе ұзыннан орналасуын қаласаңдар, онда Shift пернесiн басып тұру керек. Өз беттерiңмен жұмыс жасап көрiңдер.

15- сабаққа арналған тапсырмалар.

  1. Сызықтар арқылы нүктелерді бір-бірімен қос.

  2. Кім қандай үн шығарады? Сызықтар арқылы қос.

16-сабаққа арналған тапсырмалар

  1. Бұл буындар қай суретке сәйкес келедi? Оларды сызықтар арқылы қос.

  2. Үлгіге қарап, цифрлар сал.

  3. Суреттердi боя.

Сергiту сәтi

17-сабақ


Сабақтың тақырыбы: № 2 бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерiн жазып, қойғаны дұрыс.

^ 1 - тапсырма.

1-нұсқа

Шығару құрылғысын дөңгелектеп қорша. Монитор, баспа құрылғысы, дыбыс бағандары, дискеттер.

2-нұсқа

Енгiзу құрылғысын дөңгелектеп қорша. Пернетақта, микрофон, дискеттер.

2-тапсырма.

1-нұсқа

Қандай құрылғы компьютерде ақпараттарды сақтайды, астын сыз: жады.

2-нұсқа

Қандай құрылғы ақпаратты қағаз бетiне басып шығарады, астын сыз: баспа құрылғысы.

3-тапсырма.

1-нұсқа

Ақпаратты енгiзу құрылғысын жаз: пернетақта.

2-нұсқа

Ақпаратты өңдеу құрылғысының атын жаз: процессор.

4-тапсырма.

1-нұсқа

Суретте қанша тiктөртбұрыш барын есепте: 6.

2-нұсқа

Суретте қанша үшбұрыш барын есепте: 6.

5-тапсырма.

Нүктелердi сызықтар арқылы қос.

Сөйлемдердiң ақиқат немесе жалған екенiн анықта:

1-нұсқа

Бiрiншi дене – шаршы. Ақиқат.

Екiншi дене – үшбұрыш емес. Жалған.

Сызық – үшiншi дене емес. Жалған.

Соңғы дене – Бесбұрыш. Ақиқат.

Тiзбекте дөңгелек бар. Жалған.

2-нұсқа

Бiрiншi дене – үшбұрыш. Ақиқат.

Екiншi дене – сызық емес. Жалған.

Шаршы – үшiншi дене емес. Жалған.

Соңғы дене – алтыбұрыш. Ақиқат.

Тiзбекте дөңгелек жоқ. Ақиқат.

6-тапсырма.

Сызықтардан құралған нысанды үлгiге қарап сал және оны боя.

Сергiту сәтi


^ СЕРГIТУ СӘТТЕРI

1. Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.


2. Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

3.Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.

4. Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

5. Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).

^ Жаңа құрылым мектебінің мұғалімі

Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп- жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзін-өзі тануына көмек көрсететін, физикалық және рухани жағына экологиялық таза, ізгілендірілген, өмірге, дүниеге тік қарай алатын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Мұндай өнімді және нәтижелі, сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етеді. Сондықтан да мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процесін ғана қамтып қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері мен қызметкерлерінің (мектеп кітапханасыы, мектеп асханасы, сабақ кестесі, сыныптар және т.б.) де түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап етеді. Болашақтағы үлгілі мектептің орнығуына байланысты онда білім беретін мұғалімдер де, олардың кәсіптік сапалары мен педагогикалық қызметіне ерекше өзгерістер енгізуді қажет деп санайды.

Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі, арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болу керек.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қарастырылуы қалыпты жағдай. Өйткені, Ы.Алтынсариннің «Мұғалім-мектептің жүрегі»,-деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түспек.

Бүгінгі күн талабына мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол - 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр. 12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдына негізгі үш бағытты басшылыққа алады. Олар 1-бағыт: оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту. 2-бағыт: оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ал отырып жеке даралық бағытта оқыту. 3-бағыт: ішкі қажетіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту. 12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент – мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру, профильдік компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру, тұлғалық компонент –оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.

Жаңа үлгідегі мектеп мұғалімі қандай болу керек? Деген сұраққа оның кәсіби шеберлігі жөнінде жалпы орта мектептің мұғалімдеріне қойылатын талаптар басшылыққа алына отырып, негізгі талаптар толықтырылып, жаңа реформалық үлгідегі талаптар ұсынылды. Бұл үшін мұғалімге педагогикалық мәселелер бойынша пәннің теориясы мен әдістемесі, педагогика саласы бойынша оның әдіснамалық негізін, ғылымның, танымның теориясы мен әдістерін меңгеру оның кәсіптік сапаларының қалыптасуы мен зерттеушілік қызметінің қалыптасуына өз септігін тигізеді. Сонымен, білім реформасы инновациялық-дидактикалық іс-әрекетті, инновациялық әдістерді және технологияларды, педагогикалық іс-әрекет субъектісінің дамуы мен өздігінен дамуына бағыт беретін талаптарды түзеді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қазіргі мектептерге зерттеушілік-шығармашылығы талаптарын толық меңгерген, қызығушылықпен баланың жеке тұлға болып дамуына өз үлесін қоса алатын, баланы өздігінен өмірге жетелейтін ақыл-кеңес бере алатын мұғалім қажет.

Оқу процесінде көптеген күтпеген жағдайлар болады. Атап айтсақ: оқушылардың сабаққа үлгермеушілігі, ата-аналармен қарым-қатынас деңгейінің жеткілікті болмауы, құрдастарымен келіспеушілік жақтары және т.б. Бұл мәселелердің шешімін мұғалім әрбір баланы жеке дара зерттей отырып, мәселенің себебін зеректікпен анықтай алады. Егер ол мәселелер шешілмеген жағдайда бұл психологиялық соққыға тек қана мұғалім немесе мектеп, ата-ана ғана емес, қоршаған орта, құрдастары да әсер етуі мүмкін. Сондықтан асығыс шешім қабылдаудан бұрын мәселенің мән-жайын толық зерттеп біліп алу тағы да мұғалім үшін жауапты нәрсе. Мұғалім оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, оқушылардың не қалайтынын қанағаттандыруды ұйымдастыруы қажет. Кез келген жаста оқушы үшін көпшілік алдында ұятқа қалу, беделін түсіру, ұрыс-жанжалға бару ішкі жан дүниесін бұзады. Сондықтан ұлы Абай атамыздың:

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүріс-тұрысы, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өткен жөн:

- сабаққа педагогикалық-психологиялық талдау жасау;

- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;

-сабақты ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері;

- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.


^ 12 жылдық білім беру барысында Информатика пәнін оқытудың нәтижелері


^ Білуі тиіс

Білуі тиіс

Білуі тиіс

- Компьютерде жұмыс жасағанда,санитарлық-гигиеналық талаптарды

- ЕТ кабинетінде компьютермен жұмыс барысында днесаулықтарын сақтап, техника қауіпсіздік ережесін қадағалауды

- Мемлекеттік ақпараттық сақтану жүйелерін

- компьютердің қосымша, яғни перифериялық құрылғыларын және олардың функцияларын

- ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қосымша бөліктері мен олардың функцияларын



- ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелердің қосымша бөліктері мен олапдың функциялары

- MS Windows стандартты ортасын

- MS Office элементарлық негіздерін

- негізгі қолданбалы бағдарламалар және жүйелік бағдарламалар: офистік бағдарламалар, корпоративті ақпараттық жүйелер, мультимедиа, интернет

- кең таралған қолданбалы және жүйелік бағдарламалар: проектілеу жүйелері, ғылыми бағдарламалық жасақтама, геоинформациялық жүйелер

- ақпараттық жүйелердің қолданылу орны: ролі және функцияларын

- ақпараттық жүйелердің мазмұны, құрамын

- ақпараттық жүйелердің деңгейлерін


- ақпараттық технологияның ролі мен функцияларын

- ақпараттық технологияның мазмұны және құрамын

- ақпараттық технологияның деңгейлерін

- Интернеттің элементарлық негіздері

- веб-сайт, электрондық почта, веб-форум, веб-чат, электрондық магазин



- Ethernet, Extranet, Intranet және Internet желілік жүйелері-Google, Yandex, Yahoo, Aport ақпараттық-іздеу жүйелері

- e-Learning дистанциялық оқыту

- видеоконференц байланыс

- интерактивті технология

- электрондық сауда

- WWW – World Wide Web дүниежүзілік ақпараттық портал

- компьютер көмегімен өлшеу және есептеу технологияларының принциптері

- компьютер мониторингі

- интеллектуалды машиналар мен роботтар

- электрондық үкімет

- алгоритмдер мен программалар

- моделдеу, конструктрлеу, проектілеу және басқару бағдарламалары

- компьютерді басқару объектілері мен жүйелерінің негіздері

- Интернетке қосылу

- текстік, графикалық ақпараттарды құру, сақтау

- аудио және видео ақпараттарды демонстрациялау


- Интернеттен қажетті ақпараттық ресурстарды іздеу және табу

- инновациялық технологиялар білімін қолдана білу

- құжаттарды анализдеу және синтездеу

- қажетті ақпараттық ресурстар кітапханасын дүниежүзілік ақпараттық портал

-Интернет арқылы жіберу

- графикалық бағдарламалар Photoshop, Corel Draw, Adobe Illustrator

- AutoCAD БҚ



ҚОРЫТЫНДЫ


Сонымен, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейімдік оқытуды, көптілділікті қамтамасыз етеді.

Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі, ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде.

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.

Келешегімізден үмітті болуымыз үшін жас буын өскенде, ата-баба мұрасын білу қажет. Ол үшін жас буынды уақыт санына төтеп беріп, тұрмыс өлшеміне шақ келген ата-бабаларымыздың қасиетті тәжірибесімен ауыздандыру керек. Себебі, қазіргі адамгершілік, әдептілік, имандылық сынды шынайы қасиеттерді адамзаттың әлсіз тұсы деп қарауға жетіп қалған техногендік өркениеттіліктің уытын қайтару үшін салт-дәстүрлерге маңызды рөл жүктеледі. Мектепте оқытылатын информатика пәні оқушыларға компьютерлік технологиялардың барлық мүмкіндіктерін үйретуге негізделген. Міне осы білім беруді ұлттық негізде тәрбиелік жұмыстармен байланыстыра жүргізсе оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеуге болады.

Қорыта келгенде айтарым, білім-қоғамды қанағаттандыратын, рухани мұраны сақтайтын ұрпақ пен ұрпақты сабақтастыратын құрал. Сондықтан, оқушының елдің ертеңі, үміт күтер азаматы екенін ескере отырып, тұлға ретінде қалыптастыру, олардың білім деңгейлерінің әлемдік стандартқа сай болуға лайықты жұмыс істеу, білімді де тәрбиелі азамат тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.
^

Қолданылған әдебиеттер:


  1. 12 жылдық білім беруге өтудің эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыру туралы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 327 бұйрығы. Астана,2001 жылдың 10 мамыры // Қазақстан мектебі.-2001.-С.7.-1б

  2. 12 жылдық мектептің негізгі орта буынының білім мазмұны // Қазақстан Тарихы. -2006. -3.-С. 3-10б

  3. Ізмұқанов М «12 жылдық оқу мерзіміне көшу туралы» // Бастауыш мектеп. -2004–С.1-3-5б

  4. Құланбай Ә «Он екі жылдық білім беру жүйесі» // Егемен Қазақстан. 2003.-С. 22 қаңтар

  5. Аймауытов Ж «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» Қызылорда, 1929ж -58б

  6. Рахметова С.Р «Бағдарламалар. 12 жылдық мектептің 1-4 сыныптары» Алматы: «Атамұра»,2004ж-19б

  7. Құрманалиев М «Әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатымыз» // Қазақстан Мұғалімі. -2006.-30 қыркүйек. –Б.3

  8. Құсайынов А «Он екі жылдық оқу:салыстырмалы көзқарас» // Егемен Қазақстан. -2001. –С.24 тамыз

  9. Құсайынов А «Сапалы білім-заман талабы» // Егемен Қазақстан. -2007-2 қараша.-№339-340.-Б.8

  10. Құсайынов «Білім реформасы:Дамыған елдер тәжірибесі // Егемен Қазақстан. -2005. -23 маусым. –С.139.-4б

  11. Құтпанбаев Ә «Он екі жылдық білімнің қажеттілігі // Ұлт Тағлымы. -2001. –С.4-5.-73-79б

  12. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білм беру тұжырымдамасы // Қазақстанның Білім және Ғылым Әлемі. -2006. -2.-С.5

  13. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы // Мектеп. -2006. -2.- С. 6-11б

  14. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан Мұғалімі. -2004-С. 20 қаңтар

  15. Әбілқасымова А «Мектеп реформасы: 12 жылдық білім беруге көшу қажет пе? // Егемен Қазақстан. -2004-С.24 ақпан

  16. Өтеғали Е «12 жылдық эксперимент сыныптарда информатика пәнін оқыту ерекшеліктері» // 12 жылдық білім беру. -2007.-12б

  17. Буранбаев Л.С «Жалпы білім беру мекемелерінің қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу» эксперимент жұмысының нәтижелері // Шағын Мектеп. -2004. -2 -1-13б

  18. «6 жасар балалардың психологиялық аспектілері» // ХХ1 ғасыр мектебі. -5-7б

  19. «12 жылдыққа көшу жағдайында эксперимент барысында бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың үлгісі» Информатика негіздері 2008ж-№2-24б

  20. «Информатика негіздері» 2003-№5, 29-30

  21. Мәдиева Қ. «12 жылдық білім беруді жүзеге асырайық» // Қазақстан мектебі. -2005.- №7. -3 б.

  22. Бабанский Ю.К., Сластенин В.А., Сорокин Н.А и др. «Педагогика». – М.:Просвещение, 1988. – 479 б.

  23. Денев Д.Ж. «Бастауыш кластар педагогикасы. ІІ бөлім – Дидактика – Благоевград кітап баспасы. 1983.

  24. Огородников И.П. «Сабақтың тиімділігін көтеру» - М, Білім, 1990.

  25. Рутинштейн С.Л. «Ойлау және оны зерттеу жолдары» - М. 1968-347 б.

  26. Ж.А.Қараев т.б. «Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешенінің құрамы мен оқу бағддарламаларын әзірлеуге және сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар» Алматы.: РБК, 1998.

1   2   3   4   5   6



Похожие:

Мазмұны кіріспе I. Тарау. ӘЛемдік және отандық ТӘжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі iconІ- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс
Жалпы білім беретін мектептер тәжірибесінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану жолдары
Мазмұны кіріспе I. Тарау. ӘЛемдік және отандық ТӘжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі iconМазмұны Кіріспе 5 1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Кіріспе 5
Мазмұны кіріспе I. Тарау. ӘЛемдік және отандық ТӘжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Мазмұны кіріспе I. Тарау. ӘЛемдік және отандық ТӘжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың...
Мазмұны кіріспе I. Тарау. ӘЛемдік және отандық ТӘжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі iconКіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі
Бүгінгі білім саласында республикалағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және мұғалім іс-әрекетін жаңаша...
Мазмұны кіріспе I. Тарау. ӘЛемдік және отандық ТӘжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі iconІ тарау. Бастауышта білім беруді 6 ұйымдастырудың тарихи мәселелері 6
Коменский мектеп білімнің мазмұны мен көлемін де жаңа бағытта шешті. Мектеп оқуында тек ескі тілдерге үйрету, сыңар жақты формалистік...
Мазмұны кіріспе I. Тарау. ӘЛемдік және отандық ТӘжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі iconМазмұны кіріспе бірінші тарау испаниядағы прогрессивтік және реакциялық КҮштердің КҮресі

Мазмұны кіріспе I. Тарау. ӘЛемдік және отандық ТӘжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі icon3-7 I тарау: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері
Кәсіптік бағдардың мәні мен мазмұны
Мазмұны кіріспе I. Тарау. ӘЛемдік және отандық ТӘжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары

Мазмұны кіріспе I. Тарау. ӘЛемдік және отандық ТӘжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Фразеологизмдердің түрлері, белгілері және тұрақты тіркестердің басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов