Мазмұны кіріспе автокөлікті сақтандырудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу icon

Мазмұны кіріспе автокөлікті сақтандырудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу



НазваниеМазмұны кіріспе автокөлікті сақтандырудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу
страница5/9
Дата03.05.2013
Размер0.74 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5   6   7   8   9


1.4.4 Ұйымдастырушы жабдықтауға қойылатын талаптар


Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.

Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.

Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.

Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен можернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру – құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру - әдістемелік шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдық-тау есептерінің өзгеруіне әкеледі /5/.


1.4.5 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар


Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.

Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:

  1. Ақпаратты алу.

  2. Ақпаратты түрлендіру.

  3. Ақпаратты тұтыну.

Бірінші саты – экономикалық объектілердегі қызмет барысында туындайтын бастапқы ақпаратты жинауды және тіркеуді орындайтын операциялар тобын қамтиды. Бұл операцияның мақсаты мекемелердің, кәсіпорындардың, аймақтардың және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат алу.

Екінші саты – ақпаратты түрлендіру операцияларының тобы, кеңістік және уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.

Үшінші саты – операциялар тобын және олардың бас қарушылық шешімдерді қабылдау үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін ақпаратты тұтынудағы маңызын біріктіреді.

Басқарудың ақпараттық кезеңінің негізгі сатысына сәйкес келесі техникалық жабдықтар қолданылады:

  1. Ақпаратты жинау және тіркеу;

  2. Ақпаратты өткізу;

  3. Машиналық тасығыштарды дайындау;

  4. Ақпаратты өңдеу;

  5. Ұйымдастыру техникасы.

Ақпаратты жинау және тіркеу жабдығы бастапқы мәліметтерді тасығыштарға тіркеуге арналған.

Ақпаратты өткізіп беретін жабдық мәліметтерді өңдеу орталықтарына және оны қолдау орнына кеңістіктегі ығысу арқылы жеткізіп беруде қолданылады.

Машиналық тасығыштарды дайындау жабдығы, мәліметтерді машиналық тасығыштарға, оның ішінде магниттік табақшаларға жазу үшін қажет. Қазіргі кезеңдегі жабдықтардың ерекшелігі сол, мәліметтерді магниттік табақшаларға жазу кезінде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады /5/.


^ Кесте 3

Техникалық жабдықтау

Техникалық құралдар атауы

Физикалық модуль

Сипаттамалары


ДЭЕМ Intel Pentium 4

Процессор


Зерделік сақтаушы құрылғы

МҚДЖ

Монитор

Батырмалар тақтасы

Тышқан

^

Intel, 2.4MHz



512Mb

40Gb

17 дюймдік

102 батырмалы

2 баспалы

Принтер

Принтер

HP LaserJet

Фкас – модем


Факс – модем

Sony – 42S

Телефон


Телефон

Panasonik


1.4.6 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар


Программалық жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.

Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің “және – немесе ” шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлмі.

Операциялық жүйе – ол есептеу кезеңін тиімді ұйымдастырып және есептеу жүйесінің қорларын (жедел жадылы процессорды, арналарды және т.б.) тиімді тиеуді орындайды. Бұл жүйеге операциялық жүйелер мен жеке программалардың (драйверлердің) мүмкіндігін кеңйтетін программалар жатады.

Есептеу кезеңін ұйымдастырудың тиімділігі ақпараттық жүйенің тәсілін, оның генерациясының параметрлерін және оған тиімді қолданбалы программалар пакентін (ҚПП) қосуды үйлесімді таңдаумен жүзеге асырады. Әдетте программалық өнімді тұрғызу жабдығы бар болып отырған операциялық жүйеде қамтылғанмен, бірақ қазіргі уақытта операциялық жүйеде қамтылмаған көптеген осы заманғы программалау жабдықтары да бар. Бұл өнімдер ақпараттық жүйелерді программалық жабдықтау өте қажет.

Сынаққа арналған программалар (тесттер) ДЭЕМ-нің жұмыс қабілетін тексеріп, егер жөндеу қажет болса, оны анықтап, машинаның немесе жүйе жұмысының ақауына ат қойып (диагноз), оны шектеп тоқтатады.

Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын және ақпараттық жүйенің әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің нақты есептерін шешетін программалар кіреді. ҚПП – жалпы жүйелік және функционалдық болып екі топқа бөлінеді. Мұндағы жалпы жүйелік қолданбалы программалар пакеті кез-келген ақпараттық жүйеде қолданылуы мүмкін. Оны қолданбалы программалар пакеті арқылы:

  • Мәліметтерді басқаруда ;

  • Мәліметтерді орындаудың типтік орындалу ретін;

  • Деректі программалық әдістерін;

  • Дискретті программалар әдістерін;

  • Үздіксіз есептерді шешу әдістерін және басқаларды

орындайтын алгоритмдердің, әрі есептердің шешілу әдістерінің ерекшеліктеріне қарай бөлуге болады /5/.

Нақты объектінің ақпараттық жүйесінің арнаулы программалық жабдықтауына функционалды ҚПП кіреді. Функционалды ҚПП деп параметрлік икемділік бар және басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпаратты алуға бағытталған, өзара байланысқан программалардың бірігуі айтылады. Нақты басқару объектісінің әрбір ақпараттық жүйесінде осы ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын, өзінің функционалдық ҚПП – ң жиынтығы болады. Арнаулы программалық жабдықтауға нақты ақпараттық жүйені тұрғызудағы оның қызметін жүзеге асыру үшін құрастырылатын жеке есептердің шешілу программалары және функционалдық ҚПП – ң бірігуі жатады.


^ Кесте 4

Программалық жабдықтау

Тип

Атауы


Мүмкіндіктері
^
Жалпы программалық жабдықтау

ОЖ

Microsoft Windows NT Server 4.0

Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау.

Microsoft Windows NT Workstation 4.0

MS Office XP

Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.

Microsoft Windows 2000

Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.

Арнаулы программалық жабдықтау

ҚПП

Visual Basic

Программа құру.

МББЖ

Paradox



Қорғау

ОЖ паролі

Желіге енуді бақылайды.

МББЖ паролі

МБ кестелеріне ену құқын анықтайды.


1.4.7 Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар


Математикалық жабдықтау – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық, үлгілері мен алгоритмдерінің жиынтығы. Мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі математикалық жабдықтауы белгілі бір нақты міндеттерді тиімді шешуді қамтамассыз ету керек және осы міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-ң қызметін басқарып, оның ісінің дұрыстығын бақылып отыруды қамтамассыз ету керек.

Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:

  • типтік және жасалатын әдістемелер, ақпаратты өңдеу алгоритмі;

  • мәліметтерді іздеу және сорттау алгоритмі, шығыс құжаттарын қалыптастыру және тарату(экранға және баспаға).

Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтаудың жалпы талаптарына мыналар кіреді:

  • математикалық әдістер мен алгоритмдердің тиімдісін қолдану ;

  • ҚПП–н көрсететін типтік әдістерді, алгоритмдерді, модель-дерді және мүмкіндіктерді максималды қолдану;

  • қолданылған математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндігін ескеруді, шешу уақыты мен есте сақтау көлемі бойынша төменгі мағынаға ие болуы қажет;

  • алгоритмдерді көрсетудің барлық түрі жіберіледі: формулалы, сызба, блок-жүйе, сөзбен сипаттау және т.б.

Математикалық жабдықтау алгоритмдері келесідей жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:

  • ҚПП –де пайдалануға негізделген стандарттық, іздеушілік және септеулік процедураларын максималды пайдалану;

  • ақпаратты іздеудің шешімдерінің нақты мәнінің болмауы;

  • өз сипаттамасында программа тілінің мүмкіндіктерін максималды пайдалану;

  • есептердің функционалдық байланысын қамтамассыз ету;

  • қатысты жай блоктарға бөлшектеп байланыстыруды енгізу;

  • программаның орындауы жолына бақылау енгізу;

математикалық әдістер мен тәсілдер және олардың шешімдері берілген нақтылықтағы шешімдердің бір мәнділігін және бірлігін қамтамассыз етуі қажет /9/.

1.4.8 Ақпараттық және программалық құралдарды бұзылудан және деректерден алудан қорғау

Ақпаратты қорғау дегеніміз – мәліметтер жүйесінде сақталатын орындалған программаларға енуді басқаруға мүмкіндік беретін әдістер мен амалдар жиынтығы.

Ақпаратты және программалық құралдарды қорғау мақсаты – көп программалы есептеу жүйелеріндегі ақпаратты ойланбай пайдалануды жою, мәліметтерді пайдалануды қажетсіз орындарды анықтау және оларды жою, сондай-ақ қателіктердің салдарын жоюда құралдарды таңдау.

Ақпаратты және программалық құралдарды қорғау жүйесі келесі сипаттарға ие болу керек:

● қауіпсіздік – кездейсоқ және әдейіге емес бұзудан мәліметтердің қорғанысын қамтамасыз ету, жүйе немесе сонда сақталынатын мәліметтермен жұмыс істеуге пайдаланушының құқығын анықтауға мүмкіндік беретін әдістерді ашу модификациясы немесе жиынтығы;

● ұқсастыру – пайдаланушыларға, техникалық құралдарға және қорғалатын (мәліметтер элементіне, есептерге, программаларға, мәліметтер базасына) идентификаторларды иемдету (код атауы);

● конфиденциялылық мәліметтерге берілген және олардың қорғаныс дәрежесін анықтайтын статус;

● құпиялылық – ақпаратты жабық және қорғалуға жататын деп жариялайтын құқығы;

● өкілеттілік – қорғалған мәліметтермен сол немесе басқа процедураларды жүзеге асыруда пайдаланушының, терминалдың немесе басқа объектінің құқығы;

● түпнұсқалық – қойылған идентификатордың объектіге қатысты-ғын тексеру.

Кездейсоқ бұзылулардан ақпаратты және программалық құралдарды қорғау жүйесі келесілерді қарастырады:

● вирустарға қарсы программалардың болуы;

● пайдаланушылар үшін сапалы құжаттаманың болуы;

● жабдықтарды жетілдірудің амалдарын пайдалану.

Ақпаратқа және программалық құралдарға санкцияланбаған енуден сақтандыру үшін келесі бақылау шаралары қолданады:

● парольді пайдалану. Пакетте бекітілетіндер: пакетті ашу паролі, әкімгер паролі. Бұл пакетті ашуға және нормативті – анықтамалық ақпараттың өзгерісіне шектеу қоюды қамтамасыз ету;

  • белгілі бір директорияларға енуді шектеу;

  • пайдаланғаннан кейін ақпаратты есте сақтау құрылғысынан жою;

  • техникалық құралдарды және пайдаланушыларды бақылау;

  • техникалық құралдардың құқықтарын анықтау (есептерді және ақпараттық файлдарды пайдалануға келісім берілген жұмыс күндері және сағаттары);

  • техниклық құралдарды, есептерді және ақпараттық файлдардың пайдаланушыларынан ұқсастыру;

  • шектеуі пайдаланудағы ақпараттарды өңдеу кезінде техникалық құралдардың және пайдаланушылардың жұмысын тіркеу;

  • санкцияланбаған әрекеттер кезіндегі сигнализация;

  • әр түрлі бағыттағы көмекші программалар (бақылау және қорғаныс механизмі, берілетін құжаттар және т.б. құпиялық графигін ұсыну)



1.5 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық схемасы

Аќпараттыќ жүйе – бұл жүйе жинау, саќтау, жаңарту, өңдеу және ақпараттарды беру, экономикалыќ объектіні басқаруға қажетті.

ҚР ақпараттандыру туралы заңында ақпараттық жүйенің келесідей анықтамасы көрсетілген: ақпараттық жүйе – бұл ақпараттық технологиялардың жиынтығы, ақпараттық желілер және құралдар олардың бағдарламалық – техникалық қамтамасыз етілуі, ақпараттық процестердің орындалуына арналған.

Концептуалды схема бас әдістемелер кезінде ақпараттық жүйенің жұмыс жасауын және оның құруын көрсетеді.

Өзара байланысқан құрылым схемалардың жиынтығын көрсетеді, бұлардың құрамына иерархиялық және ұзындық тәуелді жүйеастылары кіреді.

Автоматтандырылѓан аќпараттыќ жүйелердіњ жобалы ќұжаттарының өңделуі кезінде жүйенің әртүрлі элементтерініњ графикалыќ суреттелуі маңызды орынѓа ие болады, мысалы, аќпараттыќ үлгілердіњ, блок – схемалық алгоритмдердің, ақпараттарды өңдеудегі технологиялыќ процестердіњ, айналым құжаттарының, аќпараттардың көптігі және т.б.

Тұтас аќпараттыќ жүйенің негізгі концептуалды схемасы бүтіндей жүйені ќұрудың методологиялыќ аспектілерін көрсетеді жєне негізгі аспаптыќ ќұралдарды аныќтайды, сонымен ќатар функционалдық жүйе астыларына кіретін пәндік облыстар. Ал функционалдық жүйе астыларының ролінде ЛЕЖ қолданылуы мүмкін.

Автокөлікті сақтандырудағы ақпараттық жүйенің концептуалдық схемасы төмендегі суретте көрсетілген. Ол жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады.

Ақпараттық жүйенің жабдықтаушы бөлімі программалық, техникалық және ақпаратты жабдықтаушы түрінде көрсетілген, ал мінездемелері бөлек кестелерде келтірілген.

Аќпараттыќ жүйенің функционалдық бµлімінде ақпарат қалай, мәліметтер базасынан алынғанын, басқа қайнарлардан өңделгенін және шығу кезінде қандай құжаттар алынғанын көрсетеді.

Осы есепте қолданылатын талдау жүйесі иерархиялық. Ал бухгалтерлік баланстың кодтау жүйесі сериялы – реттік.


^ 2. АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ ЖОБАЛАУ

2.1 Ақпараттық жүйе есептер кешенінің орны

Бұл АЖ есептер кешенінен тұрады:

^ Көлік жүйесінің мәлімдемесі” есебі – бұл жерде көліктің түрі, двигателінің номері, түсі, кузовының номері туралы көрсетілген. Сонымен қатар көлікті қандай сомаға бағаланғаны, оның маркасы, моделі, қай жылы шығарылғаны және т.б. көрсетіледі. Бұл есептің ең маңыздысы үш түрлі бағдарламаның біреуін таңдау болып табылады, олар: “эконом”, “стандарт” және “люкс”.

Эконом” бағдарламасы бойынша – сақтандыру жағдайы болып сақтандырылған көлік құралына жол-көліктік оқиға нәтижесінде зиян келу табылады.

^ Стандарт” бағдарламасы бойынша – сақтандыру жағдайы болып сақтандырылған көлік құралына төмендегілердің нәтижесінде зиян келу табылады:

  1. жол-көліктік оқиғасы;

  2. жолдан тыс жерде жүру барысында өзге көлік құралдарымен немесе объектілермен соқтығысу;

  3. объектілердің құлауы, жануарлармен немесе құстармен жанасу;

  4. өрт, су астына қалу, табиғи апаттар (бұршақтан өзге);

  5. үшінші тұлғалардың бұзақылығы, вандализмі және өзгедей құқыққа қарсы әрекеттері: тонау, қарақшылық, көлік құралын қасақану жою немесе зақымдау (қосымша шарттар бойынша сақтандырылған болмаса, айдап кету, ұрлаудан өзге).

^ Люкс” бағдарламасы бойынша – сақтандыру жағдайы болып сақтандырылған көлік құралын айдап кету, ұрлаудан өзге кез-келген оқиға нәтижесінде зиян келтіру болып табылады.

^ Азаматтық – құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру” есебі – көлік құралының иесінің азаматтық құқықтық жауапкершілігінің ерікті түрде сақтандыру шарты бойынша сақтандырылу объектісі (әрі қарай - жауапкершіліктің ерікті түрде сақтандырылуы) болып сақтанушының (сақтандырылған жүргізушінің) Қазақстан Республикасының Көлік құралының иесінің азаматтық құқықтық жауапкершілігінің міндетті түрде сақтандырылуы жөніндегі заңдармен анықталған сақтандыру төлемдері жетіспеген жағдайдағы Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарымен анықталған оның аса жоғары қауіп көзі болып табылатын көлік құралын пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген зиянды өтеудің Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен анықталған міндетімен байланысты мүліктік мүддесі табылады.

Жауапкершілікті ерікті түрде сақтандыру бөлігіндегі сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып сақтанушының (сақтандырылған жүргізушінің) сақтандырылған көлік құралын пайдалану нәтижесінде зардап шегуші деп танылған үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген зиянды өтеудің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі саналады.

Ұрлықтан және айдап кетуден сақтандыру” есебі - көлік құралын айдап әкетуден, ұрлаудан ерікті түрде сақтандыру бөлігіндегі сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып сақтандырылған көлік құралын айдап әкету, ұрлау табылады.

Пайда алушы болып көлік құралын айдап әкетуден, ұрлаудан ерікті түрде сақтандыру бөлігіндегі сақтандыру шарты бойынша өзгедейі Полистің «Пайда алушы» немесе «Ерекше шарттар» ұясында көрсетілген болмаса, сақтанушы табылады.

Сақтандырылған көлік құралын сақтанушының пайда алушының сақтап қалуда мүліктік қызығушылығы жоқ тұлға Пайда алушы бола алмайды.
1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

Мазмұны кіріспе автокөлікті сақтандырудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу iconМазмұны кіріспе банктік операциялар жүйесінде клиенттерге қызмет көрсетудің АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу
Банктік операциялар жүйесінде клиенттерге қызмет көрсетудің АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу
Мазмұны кіріспе автокөлікті сақтандырудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу iconМазмұны 1 Проектілерді басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ
Проектілерді басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Мазмұны кіріспе автокөлікті сақтандырудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу iconЖоспа р: І. Кіріспе
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Мазмұны кіріспе автокөлікті сақтандырудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу iconДипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік салымдары және зейнетақы төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу Алматы, 2007 ж. МазмұНЫ
Азақстан республикасы зейнетақы және әлеуметтік салымдарын есепке алудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу 6
Мазмұны кіріспе автокөлікті сақтандырудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу icon1 ҚР қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығының ақпаратты қорғау бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Азақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің заңды мәртебесі, атауы, орналасқан жері және басқаруы
Мазмұны кіріспе автокөлікті сақтандырудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу icon1. Проектілерді басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Рецензент: Қазақ Бас Архитектура және Құрылыс Академия профессоры, т.ғ. д. Айдосов А
Мазмұны кіріспе автокөлікті сақтандырудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу iconКіріспе кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ

Мазмұны кіріспе автокөлікті сақтандырудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу iconМазмұны кiрiспе
Коммерциалық банктің Қаржылық сенімділігін бағалаудың АҚпараттық ЖҮйесін негіздеу
Мазмұны кіріспе автокөлікті сақтандырудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу iconМазмұны кiрiспе
Коммерциалық банктің Қаржылық сенімділігін бағалаудың АҚпараттық ЖҮйесін негіздеу
Мазмұны кіріспе автокөлікті сақтандырудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу iconҚазақстан республикаының білім және ғылым министрлігі т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университет
Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесін негіздеу
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов