Кіріспе 4 1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7 icon

Кіріспе 4 1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7



НазваниеКіріспе 4 1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7
страница1/9
Дата03.05.2013
Размер0.98 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




ЖОСПАР

Кіріспе 4

1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7

1.1. Интеграция теориясының негіздері 7

1.2. ТМД интеграция негізінің қалыптасуы және дамуы 16

1.3. ТМД интеграциясына әсер ететін факторлар 24

2 тарау. ТМД-дағы экономикалық интеграция және Қазақстан 34

2.1. Орталық Азиядағы Экономикалық Қауымдастық 34

2.2. Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесі 40

2.3. ГУУАМ - саяси – экономикалық бірлестік ретінде 48

2. ТМД мемлекеттерінің әскери саладағы ынтымақтастығы 53

Қорытынды 59

Әдебиеттер тізімі 62




Кіріспе


XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.

Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде.

Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар: қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе Батыстың шикізат қөзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құру.

Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің халықаралық – құқықтық құрылу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, әлеуметтік – экономикалық және валюталық – қаржы жүйесі де құрылып бітті. Бірақ Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртұтас халықтың шаруашылық кешен қирады, көптеген сауда – экономикалық және өндірістік – технологиялық байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мұның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды.

Бұл жұмыс КСРО-ның ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуынан кейінгі жағдайлардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық ролі мен орнын, жаңа құрылымдағы заман талабына сай интеграциялық үрдістің жүру жолдарын және сол үрдістегі Қазақстан Республикасының позициясын қарастырады. Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы әлемдік қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы аймақтың және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет ретінде әлемге әйгілі.

Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы Одақтың республикалар арасында жаңа экономикалық және әлеуметтік байланыстарды, құру міндеттерді белсенді түрде араласты. Қазақстан Республикасының ТМД-ны құрудағы орны мен ролі көпшілікке мәлім. Президентіміздің ұсынысы бойынша, 1991 жылы желтоқсанда Алматы қаласында он бір тәуелсіз мемлекет басшылары жиналып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы жариалаған болатын. Содан бері жаңа бірлестік өз өмірін жалғастыруда.

^ Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі дүниежүзілік дамуда ғаламдану үрдісі жүруде. Ал сол ғаламданудың бастамасы интеграция. Біз XXІ ғасыр интеграция ғасыры деп айтсақ жаңылмаймыз деп ойлаймын. Қазіргі таңда барлық мемлекеттер интеграциялануға ұмтылуда, өйткені әлемдік тәжірбие көрсетіп отырғандай оқшау экономика еш уақытта дами алмайды. Интеграцияланудың теріс жақтарынан гөрі оң жақтары басымырақ. Міне сондықтан да Қазақстан Республикасы дамудың интеграция жолын әр уақытта қолдайды. Интеграция әр уақытта да өз өзектілігін жоғалтпаған. Оған деген қызығушылық, КСРО ыдырап, әр бір бұрынғы Одақтас мемлекет өз тәуелсіздіген алғаннан кейін үдей түсті.

Диплом жұмысының өзектілігі оның ғылыми-теориялық негізі де дәлелдейді. Қазіргі кезеңде отандық дипломатия қызметінің даму шеңберінде алдынғы кезекте оның практикалық аспектісі орын алады. Дипломатиялық сферада жұмыс істеуші мамандар үшін, Қазақстанның ТМД елдерімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа да байланыстарын ұйымдастыруда тиімді тұстарын пайымдауы, қажеттіліктерін анықтауда көмек ретінде ғылыми зерттеулердің қажет екендігі анағұрлым сезіледі.

Тақырыптың өзектілігін негіздейтін тағы бір факт, қазіргі кезде Қазақстанның ТМД-ның басқа елдермен белсенді қарым-қатынасы және жасалып жатқан екіжақты, көпжақты келісімдер. Мемлекеттер арасындағы қатынастардың көлемінің кеңеюі және дамуына байланысты ТМД органдарының іс-әрекеті күрделеніп, кеңейе түсуде.

Халықаралық қатынастар тарихы көрсеткендей, мемлекеттер арасындағы экономикалық, саяси, ғылыми және мәдениет салаларындағы толыққанды қатынастарды орнату кезеңінде мемлекетаралық институттар маңызды роль атқаратының көреміз.

ТМД елдерінің проблемеларын зерттеу, оның қазіргі даму тенденцияларын анықтау тәжірибесі Қазақастан сыртқы саясатының қалыптасуына негіз бола алады.

^ Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысын жазудағы автордың мақсаты қазіргі кездегі ТМД-ның ролі мен маңызын анықтау және осыған байланысты Қазақстанның позициясын көрсету. Жүйелі түрдегі посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістерді зерттеу және олардың халықаралық қатынастарға ықпалын жан-жақты ашып көрсету. Осы мақсаттарды жүзеге асырудағы міндеттер:

  • Интеграциялық дамудың әлемдік маңызын зерттеу;

  • Интеграция теориясын қарастыру;

  • ТМД құрылуындағы мәселелерді қарастыру;

  • ТМД интеграциясының экономикалық, әскери жақтарын қарастыру.

Деректемелер. Жоғарыда көрсетілген мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруға негіз болған деректерді сипатына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар – дипломатиялық құжаттар мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектері; ТМД елдерінің екіжақты және көпжақты келісімдері; баспасөз материалдары.

Жұмыс жазу барысында автор келесі деректерге сүйенеді: ТМД шеңберінде көптеген салаларға арналып қабылданған құжаттарды қолдандым. Бірқатарын атап өтер болсақ, олар - “Соглашение о создании Содружества Независимых Государств”, “Алматинская декларация”, “Устав Содружества Независимых Государств”, “Соглашение о Таможенном союзе”, “Договор о создании Единого экономического пространства между Республикой Казахстан, Кыргызской Республикой и Республикой Узбекистан” т.с.с. Бұл жұмыста мынадай мемлекет қайраткерлерінің еңбектерім қолдандым. Олар, Н.Ә. Назарбаевтың “Сындарлы он жыл”, “На пороге XXІ века”, “Евразийский союз: идеи, практика и перспективы“, Н.Р.Исингариннің ”10 лет СНГ. Проблемы, поиски, решении“, ”Проблемы интеграции в СНГ“, “Транспорт магистраль экономической интеграции в СНГ”, ”Казахстан и Содружество: проблемы экономической интеграции“. К. Токаев:”Под стягом Независимости“, ”Дипломатия Казахстана” т.б.

Баспасөз материалдарына тоқталар болсақ, “Казахстанская Правда”, “Панорама”, “Евразийское сообщество”, “Экономист” т.б.

^ Зертелу деңгейі. ТМД елдерінің интеграциялық үрдісі тарих ғылымы толық зерттелмеген нәрселердің бірі.

Әлемдік тарихта мемлекеттер арасындағы өзара қатынас көбіне халықаралық келісімдер мен шарттарды, дипломатиялық келіссөздер мен көпжақты конференцияларды талдау арқылы жүзеге асырылады. Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестердің негізгі даму тенденциясын талдайтын зерттеулерді атап өтер болсақ, Н. Исингарин, ТМД-дағы интеграция үрдісіне айрықша назар аударатын Н.Назарбаевтың еңбектері, Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағытын көрсететін К. Тоқаевтың еңбектері. Атап айтар болсақ, Н.Ә. Назарбаевтың, “На пороге XXІ века” сараптама ретінде “Сындарлы он жыл”, “Евразийский союз: идеи, практика и перспективы“ еңбектерін айтуымызға болады. Және осы ТМД-ға интеграция үрдісіне көптеген зерттемелік жұмысы бар Н. Исингариннің еңбектерін айтуға болады. Олар ”10 лет СНГ. Проблемы, поиски, решении“, ”Проблемы интеграции в СНГ“, ”Казахстан и Содружество: проблемы экономической интеграции“. “Таможенный союз: дела и планы”, К.Токаев “Дипломатия Казахстана” т.б.

Теориялық жағынан Шишков Ю.В. “Теория региональной капит. инт.”, Барановский В.Г. “Политическая интеграция в Западной Европе”, Haas E. “The unіtіng of Europe”, Гаджиевтің еңбектерін айтуға болады.

Мемлекетаралық құқықтық мәселесімен танымал ғалым, еңбектері халықаралық мамандар арасында кең тараған М.А.Сәрсенбаевтың кітабы, бұл еңбектерде автор ТМД-ның саяси-құқықтық аспектілерін ашып көрсеткен.

Осы негізде бұл жұмыстар белгілі бір дәрежеде назар аударғанымен, бірақ, ТМД елдерінің қалыптасуы мен даму тарихы тереңірек әлі де болса зерттелмеген.

^ Методологиялық негізі. ТМД-ның қалыптасуы мен дамуы интеграциялық процесті ғылыми және объективті негізінде зерттеу мақсатында жүйелік сараптама, талдаудың тарихи анықтамалалық әдісі, функционалдық құрылымдық талдау, сонымен қатар синтез және талдау әдістері пайдаланылды. Зерттеу тәсілдері: саралау, талдау әдісі, салыстырмалық жүйелік структуралық әдістерді қолдануға автор тырысты.

^ Тақырыптың ғылыми – тәжірбиелік жаңалығы. Жұмыс барысында КСРО ыдырауының кейбір жақтары мен ТМД-ның құрылуы, посткеңестік аймақтағы интеграциялық үрдісті автор жан-жақты ашып көрсетті. Әлемдік тәжірбиедегі интеграциялық үрдістің ТМД аймағындағы үрдіспен байланыстылығын көрсетеді.

Диплом жұмысының құрылымы үш тараудан, кіріспе, қорытынды, әдебиет тізімдерінен тұрады. І тарау интеграциялық үрдістің теориялық, саяси негіздеріне арналады. Ол үш бөлімнен тұрады. Бұл тарауда интеграция теориясы, КСРО ыдырауы және оның себептері, оң және теріс ықпалдары, ТМД-ның қалыптасуы және дамуы, және осы аймақтағы интеграцияға әсер етуші кері жене оң факторларды баяндайды. ІІ тарауда ТМД-дағы экономикалық интеграциялық бірлестіктер және Қазақстанның қосқан үлесі туралы айтылады. Ал, ІІІ тарауда ТМД аймағындағы әскери ынтымақтастық туралы болмақ.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

Кіріспе 4 1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7 iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары

Кіріспе 4 1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7 iconІ тарау. Жастармен әлеуметтік жұмысты зерттеудің теориялық-Әдістемелік негіздері 7
Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық,...
Кіріспе 4 1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7 iconІ тарау. Жастармен әлеуметтік жұмысты зерттеудің теориялық-Әдістемелік негіздері 6
Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық,...
Кіріспе 4 1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7 iconКіріспе бет і-тарау білім берудің ақпараттандырудың теориялық негіздері
Кіріспе бет
Кіріспе 4 1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7 iconІ-тарау Түрік бірлігі мен исламшылдық, жәдидшілдік идеологиясының өлкеде қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуына әсері
Ақпан төңкерісінен кейінгі Оңтүстік Қазақстанда демократиялық өзгерістер және қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуы
Кіріспе 4 1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7 icon1. Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері
Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми...
Кіріспе 4 1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7 iconТақырыбы. Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері Мазмұны. Кіріспе. І тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
Тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
Кіріспе 4 1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7 iconМазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері

Кіріспе 4 1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7 iconМазмұны. Кіріспе
Тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
Кіріспе 4 1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7 iconМазмұны. Кіріспе
Тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов