Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе icon

Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе



НазваниеМемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе
страница1/6
Дата03.05.2013
Размер0.81 Mb.
ТипРеферат
скачать >>>
  1   2   3   4   5   6


Реферат


Бітіру жұмысының тақырыбы «Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері» деп аталады. Құрылысы бойынша бітіру жұмысы 60 бетті құрайды. Үш тараудан, кіріспе мен қорытынды бөлімдерден тұрады. Алғашқы екі тарау жеке-жеке тақырыптары бар бөлімдерге бөлінген.

Бітіру жұмысының бірінші тарауында кедендік төлемдердің экономикалық мәні, оның жанама салықтар жүйесіндегі ролі және кедендік алымдардың түрлері және олардың сипаттамасы мен мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асырудағы кедендік төлемдер мен тарифтік реттеу мағынасын зерттеу тұрғысынан қарастырылады.

Екінші тарауда Қазақстан Республикасында тауарға кедендік төлемдерді салу тәртібі мен шартына, тауардың кедендік құнын анықтаудың әдіс-тәсілдеріне және кедендік төлемдерден түскен төлемдерді талдау және оның мемлекеттің бюджетін қалыптастырудағы роліне арналған.

Қазақстан Республикасындағы банк карточкасы арқылы кедендік төлемдерді кеден бекеттерінде төлеу тиімділігі және кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы заңдарды жетілдіру мәселелері үшінші тараудан орын алады.

Сондай-ақ бітіру жұмысы қолданылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімін құрайды.

Бітіру жұмысы Қазақстан заңдарына және көпжақты және екіжақты халықаралық келісім-шарттарға сүйене және оларды талдай отырып жазылған.

Сонымен қатар, осы тақырыпты зерттеу барысында қазақстандық және ресейлік ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды.


^

Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері




Кіріспе




І.тарау. Кедендік төлемдердің жалпы сипаттамасы


    1. Кедендік төлемдердің экономикалық мәні, оның жанама

салықтар жүйесіндегі ролі

    1. Кедендік алымдардың түрлері және олардың сипаттамасы

    2. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүзеге

асырудағы кедендік төлемдер мен тарифтік реттеу мағынасы

^

ІІ.тарау. Кедендік төлемдерді алуға қолданып жүрген механизм


2.1. Қазақстан Республикасында тауарға кедендік төлемдерді

салу тәртібі мен шарты

2.2. Тауардың кедендік құнын анықтаудың әдіс-тәсілдері

2.3. Кедендік төлемдерден түскен төлемдерді талдау және

оның мемлекеттің бюджетін қалыптастырудағы ролі

^

ІІІ.тарау. Қазіргі кездегі кедендік төлемдерді алу ерекшелігі


3.1. Банк карточкасы арқылы кедендік төлемдерді кеден

бекеттерінде төлеу тиімділігі

3.2. Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету

жөніндегі шаралар


Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер


Қосымшалар


Кіріспе


Қазақстан Республикасының егемендігін алуы әлем шаруашылығындағы қатынастардың интеграциясына бастау салды, экономиканы тұрақтардыруда маңызды роль ойлайтын сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына әкелді. Үлкен табиғи және ресурстық материалдық өнеркәсіптік күштердің болуы алыс және жақын шетелдермен сауда, экономикалық және ғылыми-техникалық қатынастардың қарқынды дамуына алғышарттар жасайды.

Сыртқы сауданың либерализациясы, экспортқа шектеулерді алып тастау мен соңғы уақытта басқа дамыған елдердің нарығына бұрылу негізінен сыртқы нарықтар қазақстандық өнімнің өтуі, сауда дискриминациясын жою және шетелдегі қазақстандық экпортерлердің мүдделерін қорғау үшін жалпы қабылданған құқықтық базаны пайдалану мақсатындағы мемлекеттің сыртқы саула саясатына байланысты болып табылады. Осыған орай экспорттық басымдылықты өсіру экономиканың қайта құрылуына және өсуіне мүмкіндік береді.

Сонымен бірге ішкі нарықты шетел өнімінің экспансиясынан қорғау және қолдау мемлекеттің импорттық саясатын үнемі жетілдіруді алға қояды.

Қазіргі жағдайда тарифтік шаралардың қолдару сферасы мен мақсаттары импорт пен экспорт бойынша айрықшаланады. Кейінгіде тарифтік шаралардың ауыртпалық орталығы импортты реттеу мен экспортқа шектеулерді қысқарту немесе толығымен жою кезіндегі оның механизмдерін сатылап өңдеу жағына қарай, экспортты мемлекеттік қолдау жүйесін құру жағына қарай өзгеруде.

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында сыртқы экономикалық қызметті реттеудің экономикалық әдістері үлкен маңыздылықты алуда. Солардың ішінде ұлттық нарықты дұрыс ұйымдастырылмаған имопорт немесе экспорттан қорғауда қолданылатын кедендік төлемдер болып табылады.

Қазақстанның импорттық саясатының басымдылықтарын көрсететін кедендік тариф импорттың құрылымын оптималдау және валютаның шығындарын рационализациялау үшін жасалған. Тауарлар мен тауар топтамалары бойынша баждардың көлеміне байланысты кедендік тариф, не отандық өндірісті шетелдік бәсекелестіктен қорғауға, не отанлық және шетел өндірістерінің арасындағы бәсекелестікке мүмкіндік жасайтын жағдайларды құруға жасалған, сонымен қатар отандық өнімнің бәсекелестік қатілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа кедендік тариф, сыртқы экономикалық қызметтің жаңа нысандарын дамытуға, Қазақстаннан экспортты біздің өнімнің импортерларына әртүрлі мақсатты жеңілдіктер беру арқылы ынталандыру үшін жасалған.

Егемендік алғаннан кейін Қазақстанда 1992 жылдың аяғында сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, Республиканың импорттық саясатын тиімді жүзеге асыру, Республикалық бюджеттің табысын сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстардан көбейту мақсатында импорттық кедендік тариф енгізілді. Бұл дипломдық жұмыста қарастырылатын басты мәселелер: ұлттық өндірушіні қорғауда сыртқы сауданы реттеу үшін, импорттық саясаттың жүзеге асыру тиімді ме, Қазақстан дамыған елдердің сыртқы экономикалық қызметті тиіміді жүргізу мен экономиканы жөндеудегі тәжірибесін қолдана ала ма, Республикада кедендік төлемдерді қолданудың басымдылықтары қандай.

Диплом жұмысының мақсаты кедендік төлемдердің салу механизмін зеттеу және мемлекеттің кіріс жүйесіндегі ролі болып табылады.

Қойылған мақсаттан келесі міндеттер шығады:

  • кедендік төлемдердің экономикалық мәнін, олардың түрлерін және салу әдістерін ашу;

  • экспорт пен импортты, сыртқы экономикалық реттеу жүйесіндегі кедендік төлемдердің мәнін ашу;

  • Қазақстан Республикасындағы төлемдердің есептелуі және алыну тәртібін қарастыру;

  • мемлекеттік бюджетке түсетін кедендік төлемдерді талдау және олардың өзгеру факторларын анықтау;

  • Қазақстан Республикасындағы кедендік тарифті реттеуді жетілдірудің жолдарын ұсыну.

Зерттеу пәні болып Қазақстан Республикасының территориясында әрекет етерін кедендік төлемдер жүйесі табылады.

Диплом жұмысын жазудың теоретикалық негізі кедендік саясатты жүзеге асыру және сыртқы экономикалық қызметті реттеу облысындағы отандық және шетелдік экономистердің жариялымдары болып табылады. Ақпараттық база болып Қазақстан Республикасының заң актілері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігінің кедендік және салық комитетінің мәліметтері табылады.


^

І.тарау. Кедендік төлемдердің жалпы сипаттамасы

  1   2   3   4   5   6



Похожие:

Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconКіріспе АҚшаның МӘні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Ақшаның қажеттілігі және оның пайда болуы
Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconКіріспе
Салықтардың экономикалық мәні, қағитаттары, қызметтері түрлері
Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconДипломдық жұмыс Тақырыбы : «Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға Қазақстан Республикасы)»
«Салық және салық салу» мандандыруының сырттай бөлімінің 2 курс студенті Кибраева Айнаш
Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconТарау. Кедендік төлемдерді алудың теориялық тұрғылары Кедендік төлемдер ұғымы және түрлері
Осындай жағдайда дамыған ел өз шекараларын ашып, реттеудің әкімшілдік әдістерін ғана қолдана алады. Ал біз үшін әзір мұндай реттеуді...
Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconТарау. Кедендік төлемдерді алудың теориялық тұрғылары Кедендік төлемдер ұғымы және түрлері
Осындай жағдайда дамыған ел өз шекараларын ашып, реттеудің әкімшілдік әдістерін ғана қолдана алады. Ал біз үшін әзір мұндай реттеуді...
Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconЖоспар Кіріспе 3 1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың,...
Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconМазмұны кіріспе автокөлікті сақтандырудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу
Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу
Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconІ. Кедендік бақылау кеден ісінін кұрамдас бөліктері. Кедендік бақылау мәні, құылымы максаттары
Барлық елдердегі ұлттық экономикалар есімдеудің белгілі бір дәрежеде ашық болуда халықаралық еңбек бөлінісімен халықаралақ бәсекеге...
Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Фразеологизмдердің түрлері, белгілері және тұрақты тіркестердің басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы

Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconІ тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні
Кіріспе бет
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов