Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе icon

Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе



НазваниеМемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе
страница5/6
Дата03.05.2013
Размер0.81 Mb.
ТипРеферат
скачать >>>
1   2   3   4   5   6

^ Ақшаны пайдалану икемдігі. Кедендік төлем жүргізілгеннен кейін қалған ақшаны тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін пайдалануға болады. Мұнымен қатар, карточка көмегімен сіз қолма-қол ақша алуыңызға да болады.


^ Кредит лимитін белгілеу. Сіздің белгілі бір лимит шеңберінде кредит желісін ашу мүмкіндігіңіз бар.

ҚКБ карточкасы арқылы кедендік төлемдерді төлеу

 Қазкоммерцбанк жаңа қызметті сыртқыэкономикалық қызметтерге қатысушылар үшін ұсынады.Енді Қазкоммерцбанктің VISA немесе MasterCard төлем карточкаларының иелері болып табылатын компания немесе жеке тұлға оны Қазақстан Республикасының кеден бекеттерінде кедендік төлемдер ретінде пайдалана алады.

^ Кеден бекеттерінде қандай қызметтерге төлеуге болады?

ҚР кеден бекеттерінде карточка иелері мына қызмет түрлеріне төлем жасай алады:

  • Кедендік жүк декларациясын ресімдегені үшін алым (кеден процедурасы);

  • Кеден бажын (экспорттық-импорттық);

  • ҚҚС;

  • Қорғаныс бажын (тауар түріне байланысты);

  • Акциз (тауар түріне байланысты) және басқ.

Бұл қызметтің артықшылықтары мен ерекшеліктері неде?

  • Төлем кеден бекетінде жасалады;

  • ПОС-терминал берген чек төлемді растау болып табылады, бұл бірден кеден жүгін ресімдеуге кірісуге мүмкіндік береді;

  • Жетпей қалған соманы кедендік ресімдеуді  үзбей-ақ, жылдам қосымша төлеу мүмкіндігі;· Кеден алымдарын артық төлеу болмайды;

  • Уақытша сақтау қоймалары мен көлік және басқ. жалға алу мерзімі қысқарады.

Төлем қалай жүзеге асырлады?

Кеден инспекторы төлем түрін көрсете отырып, төлеуші  мен декларант туралы қажетті ақпаратты компьютерге енгізеді. Одан кейін төлеушінің төлем карточкасын ПОС-терминалдың есептеу қондырғысынан өткізеді. Авторландыру сұратуына оң жауап алған жағдайда:

  • Банк төлеушінің карточкалық шотындағы сұратумен көрсетілген ақшасын шектейді;

  • ПОС - терминал  төлем түрлерін бөле отырып (ҚҚС, кедендік төлемдер және т.б.) төлем  жүргізілгені туралы деректері көрсетілген чек береді.

  • чек ПОС – терминалмен бірге төлеу фактісін растайды және одан әрі кедендік ресімдеуге көшуге мүмкіндік береді.

Кедендік төлемдерді  қайда төлеуге болады?

Қазіргі уақытта ҚР 96 кеден бекетінде  ПОС – терминалдар орнатылған. Қазкоммерцбанктің клиенттері кедендік төлемдерді ПОС-терминал деректері арқылы жүзеге асыра алады.

Аталған қызмет қанша тұрады?

Аталған қызметті ұсыну үшін Қазкоммерцбанк пен Халық банкі арасында ҚКБ клиенттері кеден төлемдерін төлеу мүмкіндігі келісілген шартқа отырды. Осыған байланысты біржолғы тәртіпте карточка иелерінен ұсталатын тарифтер бекітілді.



^ 3.2. Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар



Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының кеден органдары заңнамалық және нормативтік базаны нығайтуға, кедендік бақылауды жетілдіруге, осы күнгі ақпараттық технологияларды енгізуге және кедендік инфрақұрылымды дамытуға бастапқы назар аударып отыр.

2003 жылғы 1 мамырдан бастап құқықтық нормаларды біріктіруге және жүйелендіруге, халықаралық кеден кеңістігіне ықпалдасу мақсатында кеден рәсімдерін үйлестіруге және оңайлатуға мүмкіндік берген Кеден кодексі қолданысқа енгізілді. Оны дамыту үшін Үкіметтің 11 қаулысы, 38 ведомстволық және басқа министрліктермен бірлескен нормативтік құқықтық кесімдер қабылданды.

Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының кеден қызметін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.

2004 жылдың басынан бастап республиканың сыртқы сауда статистикасы дербес жүргізіледі және кеден шекарасында радиациялық бақылау жүзеге асырылады.

Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда. Барлық аумақтық бөлімшелерде рәсімдеудің бүкіл кезеңінде жүк кедендік декларациялардың (ЖКД) қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін көзбен көріп қадағалау мониторларымен жарақтандырылған кедендік рәсімдеу орталықтары құрылды.

Алдын ала және кезеңдік декларациялау жүзеге асырылады, бұл – жүктердің кеден шекарасы арқылы өту уақытын қысқартады, сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасайды.

Ең адал кәсіпкерлерге сертификаттар берілді, бұл оларға «жасыл дәлізді» пайдалануға құқық береді.

Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шымкент қалаларының әуежайларында кедендік тексеру маңызды емес уақыт ішінде жаңа технологиялық схема бойынша жүргізіледі.

2003 жылдың соңында елдің кеден қызметінің Ақпараттық бекеті ашылды.

Бір қатар шет елдердің жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі тәжірибесі зерделенді және осының негізінгде «KTNET», «Самсунг» компанияларымен және біздің республика мамандарының қатысуымен «Электронды Үкіметтің» құрамдас бөлігі ретінде «электронды кеден» құру бағдарламасы әзірленді. Оны іске асыру СЭҚ-қа қатысушыларға қызмет көрсету уақытын қысқартады, «адам факторының» әсерін азайтады.

Ең жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қолданысқа енгізілді: тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (ТЖБАЖ), контейнерлік скайнерлеу кешені («ТС-SCAN»), «Янтарь» радиоактивті материалдарды стационарлық анықтау жүйесі, «Wed-декларант» электронды декларациялау кешені, олар сыртқы сауда рәсімдерді жеделдетуге және айқындылығын қамтамасыз етуге, кедендік бақылаудың тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.

Шекарадағы бақылаушы органдармен және СЭҚ-қа қатысушылармен өзара іс-қимыл күшейтілуде. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бірыңғай бақылау -өткізу пункттері құрылуда, бұл жерде барлық бақылаушы органдардың өкілдері орналасқан, олардың өзара іс-қимыл және «бір аялдама» қағидасы бойынша өздерінің бақылаушы функцияларын жүзеге асрыу тәртібі айқындалған.

Бірыңғай бақылау өткізу пункттерін салу бағдарламасына сәйкес 5 ББӨП: Оңтүстік Қазақстан облысында Ғ.Мұратбаев атындағы, Павлодар облысында «Шарбақты», Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл», Солтүстік Қазақстан облысында «Қарақоға» және Қостанай облысында «Ұбаған» қолданысқа енгізілді.

Ресей және Қырғыз тараптарымен біріккен кедендік бақылауды жүргізу және шекарада бірыңғай бақылауының құрылысы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Кедендік әкімшілендіруден нысандары мен әдістері жақсару үстінде. Тәуекелдерді талдау және басқару жүйесі енгізілуде. Кедендік құнды кедендік бақылаудың халықаралық стандарттарына сәйкес айқындауға жеңілдіктер мен преперенцияларды ұсыну заңдылығына бақылау жүргізілуде. Тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылуда. Үкіметтің қаулылары мен ақпараттың ресми көздері ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін негізгі тауарларға бағалы каталогтар бекітілді. Бұл кедендік құнды төмендету фактлерін болдырмауға ықпал етеді. Құны өндірушіден, брендтен және басқа да құрамдастардан өзге спецификалық түрдегі тауарларға бақылауды жеңілдетеді.

Бюджеттің әлеуметтік ортаға шығыс бөлігінің өсуіне байланысты инфляцияның өсіміне жол бермеу бойынша әсерлі шараларды қолдану шағын және орта бизнес санаттарына жатқызылатын СЭҚ-қа қатысушылардың салықтық салымын жеңілдету мақсатында комитеттің бастамасымен ҚР Үкіметінің өнімнің өзіндік құнын төмендетуге бағытталған бірқатар шараларды көздейтін үстіміздегі жылдың 7 наурызындағы №217 және үстіміздегі жылдың 5 мамырдағы №430 екі қаулы қабылданды. Жекелеп алғанда жеке адамдардың тауарларды жеңілдетілген тәртіппен әкелудің салмақтық нормалары 10 есе, ал жеміс-жидек өнімінің 5 есе жоғарлады. Бұдан басқа тұтыну кәрзіңкесіне кіретін бірқатар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға кедендік баждарды жаңа төмендету ставкелері қабылданды.

Барлығы үстіміздегі жылдың 8 ай ішінде Республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне 204,4 млрд. теңге сомасында кедендік төлемдер мен салқытар келіп түсті. 2002 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 108,7 млрд теңгені құрады немесе 2,1 есе өсті.

2005 жылғы 27-28 мамыр күндері Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы Кедендік бақылау департаментінің негізінде кедендік рәсімдеу және бақылауларды жетілдіру мәселелері бойынша Республикалық семинар өткізілді.

Семинар Қаржы Вице-министрі – кедендік бақылау Комитетінің төрағасы Б.М.Сапарбаевтың төрағалық етуімен өтті.

Бұл іс шараға Өзбектсан Республикасы мемлекеттік кедендік комитеті төрағасының орынбасары С.Х.Насыров және Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік кедендік инспекцияның диреткоры С.Т.Омарқұлов, Көлік және коммуникациялық, ауыл шаруашылық, денсаулық сақтау министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызмет, «КазАТО» халықаралық автокөлікпен тасымалдаушылар одағының өкілдері және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар қатысты. Өзбек кеден қызметінің басшылары және ҚР ҚМ КБК департамент, басқарма, кеден бекеттерінің басшылары қатысты.

Семинар – кеңестің барысында кедендік рәсімдеулерді оңайлату және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолайлы жағдайларды жасау мәселелері жан-жақты талқыланды. Кедендік кодексті пайдалану тәжірибесіне жан-жақты талдау жасау және кәсіпкерлердің ұсыныстарын еске алу негіздерінде кедендік Заңнамаларды жетілдіру, Кодекске өзгерістер енгізу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, кеден мақсаттары үшін қажетті, оның ішінде кедендік рәсімдеудің оңайлатылған тәртібін, сондай-ақ тәуекелділік басқару жүйесін қолдану кезінде таңдалған кедендік режимдерге сәйкес ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқарту нормалары (12-ден 5-ке дейін), «уақытша сақтау орындары» туралы баптарға алдын ала және мерзімдік декларациялау рәсімдерін, тауарларды кедендік рәсімдеудің оңайлатылған тәртібін пайдаланған кездерінде уақытша сақтау мен төлемдердің төленуін қамтамасыз етуді енгізбей-ақ кедендік декларацияны беруге рұқсат етіледі, тауарларды өткізетін тұлғаның негізделген сұрау салу бойынша транзиттік заттарды жеткізу мерзімдері ұзартылады.

Кедендік қызметтің ашықтылығын күшейтудің, кедендік бақылау мен рәсімдеу процестерін жеделдетудің негізгі кілті – оларды автоматтандыру болып табылады. Сондықтан да тауарлардың жеткізілуін бақылайтын автоматтандырылған жүйе, контейнерлерді сканерлеу стационарлық жүйесі («ТС-SCAN»), кәсіпкер тұлғаларды тіркеудің автоматтандырылған пункттері (кедендік дүңгіршек), радиоактивтік материалдарды анықтайтын «Янтарь» стационарлық және «Web-декларант» жүйелері іске қосылды.

Семинарға қатысушылар атап өткендей соңғы кездері кедендік органдарының басқа бақылаушы ұйымдармен шекарадағы қарым-қатынасы арта түсуде. Мысалы мемлекеттік шекарада бірыңғай бақылау-өткізу пункттері (ББӨП) құрылуда. Оларда барлық бақылаушы органдардың өкілдері «бір аялдама» қағидаты бойынша өздерінің тексеру функцияларын атқарады. Қазіргі таңда 3 бірыңғай бақылау-өткізу пункті жұмыс істейді. Келер жылдың аяғына дейін осындай әдіспен жұмыс істейтін барлығы 8 ББӨП енгізілмекші.

Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік кедендік инспекциясының директоры С.Т.Омарқұлов кедендік рәсімдеуді және негізу тәуекелдік басқару жүйесін оңайлатылған жол керектігін айтты.

Сонымен қатар оның айтуынша ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында қабылданған Қырғыз Республикасының Кедендік Кодексі Киот конфенциясына қатысты жасалып, ең бастысы кедендік рәсімдерді оңайлатуға бағытталған. Омарқұлов мырзаның пікірінше қызметте электронды ақпараттарды кең қолдану керек деген ұсыныс айтты, сонымен қатар көошілес елдердің кеден органдарымен электрондық қарым-қатынас ұйымдастыру жөн болар деді.

Өзбекстан Республикасының мемлекеттік кеден комитеті төрғасының орынбасары С.Х.Насыровтың ойынша кедендік рәсімдеудің оңайлатылған жолы шешілсе, тауар айналым және кедендік рәсімдеудің жолы әлде қайда жедел түрде өтеді. Ол кеңеске қатысушыларға көбісі Қазақстан Республикасының кедендік кодексінен алынған кедендік тариф жөнінде және Өзбекстан елінің кедендік кодексі жобасы жасалып жатқан жөнінде ақпарат берілді.

Біріккен бірыңғай бақылау-өткізу пункттерін іске асыру қаржы шығындарын екі есеге, ал кедендік рәсімдеуді жүргізу уақытын үш есеге азайтуға мүмкіндік береді.

Әуежайлар қызметтерінің тиімді және сапалы жұмысына қол жеткізу мақсатында, әуежайлардың «ҰШУ» залында бақылаудың үш кезеңдік жүйесі енгізілуде, бұл әуежайларда бақылау рәсімдерін өту уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Басқа мемлекеттер кеден органдарының біріздендіру құралдарымен Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеруге тыйым салу енгізілді.

Тексеру ұлттық қауіпсіздікке, адамның өімірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан халықтарының мәдени игілігін сақтауға қауіп төнген жағдайда, транзитте мәлімделген тамуардың сәйкессіздігі, сондай-ақ безендіру құралдарының бұзылуы сияқты ерекше жағдайларда ғана жүргізілді.

Қазақстан кәсіпкерлерінің форумында Елбасының берген тапсырмасына сәйкес Комитетте және оның аумақтық органдарында Консультативтік кеңестер құрылды, ақпараттық-консультативтік пункттер, «сенім телефондары» жұмыс істейді. «Дөңгелек үстелдер», кеден органдарының кәсіпкерлерімен кездесулері өткізілді, біз олармен «кеден кәсіпкерлер үшін» қағидаты бойынша серіктестік, сенімді қатынастарды орнатуға ұмтыламыз.

Елбасының жолдауынан туындайтын әлеуметтік салаларға бөлінетін бюджеттің шығыс бөлігінің көбеюіне байланысты ақшаның құнсыздануын болдырмау, шағын және орта бизнесті дамыту, халықтың күнделікті сұраныс тауарларына қажеттілігін қанағаттандыру мақсаттарында Комитеттің ұсынысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің биылғы жылғы 7-ші наурықдағы №217 «Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы кәсіпкер-тұлғалардың тауарларды өткізулерінің кейбір мәселелері» және 5-ші мамырдағы №430 «Тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулыларды қабылданды. Оларда өнімдердің өзіндік құнын азайтуға және тасымалданатын заттардың салмақтық нормаларын көбейтуге бағытталған шаралар қамтылған. Мысалы, тауарлардың барлық категориялары бойынша 2 тоннаға дейін, жеміс-жидек пен бау-бақша көкеністерін 5 тоннаға дейін өткізуге рұқсат етілген. Сонымен қатар жиынтық кедендік төлемдердің айрықша бөлігі (бір килоға 0,5 ЕВРО-дан кем емес деген) алынып тасталып, төлем ставкасы кедендік құнының 17 пайызын құрайды. Бұл жеке адамдар шығындарының сомасын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді, кедендік рәсімдеу рәсімдерін өту уақытын қысқартады. Бірақ, бұл үшін облыс, аудан, қала әкімшіліктерінің басқа мемлекеттік органдарының бірлескен үйлесімді және үйлестірілген жұмысы қажет.

Бюджетке кедендік төлемдер мен салықтарды өндіріп алу саласында кедендік әкімшілендіру әдістерін жетілдіру негізгі бағыттарының бірі болып қалады.

Кедендік құнының халықаралық қағидаттарына сәйкес келетін құнды айқындауды бақылау жүзеге асырылады, тарифтік және тарифтік емес шаралар қолданылады. Жеңілдіктер мен преференцияларды ұсынудың заңдылығын бақылау күшейтіледі. Ең алдымен, импортталған тауарлардың кедендік құнын дұрыс айқындау, тауар номенклатурасының кодтарын, сондай-ақ шыққан елін дұрыс айқындау мәселелеріне баста назар аударылады.

Қабылданған шаралар бюджетке түсімдерді едәуір жоғарылтауға мүмкіндік береді. 2005 жылғы қаңтар-сәуір айлары ішінде республиканың кеден органдары бюджетке 90,0 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін қамтамасыз етті. 2004 жылғы көрсеткіштермен салыстырғандап 20,3 млрд. теңгеге немесе 28,9% артық.

Одақтан кейінгі кезеңде кеден саласына төлем карточкалары арқылы бюджетпен қолда бар ақшасыз есеп айырысу жүйесі алғаш рет рет негізілді. Төлем карточкасы ретінде, аймақтық филиалдар жүйесі ең дамыған екінші деңгейдегі банктер эмитенттенген карточкалар пайдаланылады. Жүйені енгізудің оң белгілерінің бірі басқа елдерде көзделгендегідей бюджетке төлемдерді төлеу үшін арнайы төлем карточкасын әзірлеу қажеттілігінің жоқтығы болып табылады.

Семинар-кеңеске қатысушылар «Ғ.Мұратбаев» атындағы бірыңғай бақылау-өткізу пунктінде болып, тауарлардың жеткізіліуін бақылайтын автоматтандырылған жүйесін көздерімен көріп, жұмысымен танысты.


Қорытынды


Кеден проблемасын алу проблемасын зерттеу келесідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

Кедендік баж – бұл Қазақстан Республикасының территориясында тауарды сыртқа шығарғанда Қазақстан Республикасы кеден органдарымен өндіріліп алатын төлем.

Кедендік тариф – бұл нарықтық экономика жағдайында сыртқы экономикалық қызметтерді реттеудің маңызды құрамы болып табылатын кедендік баждардың жиынтығы.

Кедендік тариф Қазақстан Республикасының импорттық саясатының артықшылығын көрсете отырып, импорттық құрылымын жетілдіруге және валюта шығындарын тиімділеуге ықпал етуге құрылады.

Баждардың жеке тауарлар мен тауарлар тобына қатысты көлеміне тәуелді кеден тарифі, не отандық өндірушіні шетел бәсекелестерінен қорғау, не отандық және шетелдік өндірістердің шараларына жағдай жасап, сондай-ақ отандық өнімдердің бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылатуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, кеден тарифі сыртқы экономикалық қызметтердің жаңа нысандарының дамуына ықпал етіп, біздің тауардың импорттерлеріне әртүрлі жеңілдіктер бере отырып, Қазақстаннан экспортты шығаруды ынталандыру.

Нарықтық экономикаға және сыртқы экономикалық қатынастарды диберализациялау жағдайында кеден баждары маңызды экономикалық реттеушіге айналды. Кеден баждарының көмегімен мемлекет сәйкес тауарлардың әкелінуі мен шығарылуын ынталандырады немесе оларды шектейді. Отандық тауарды өндірушілер тауарлар мен шетелдік баламаларын бірдей экономикалық жағдайға қояды, белгілі бір экономикалық ғылыми, техникалық, экологиялық, валюта қаржылық, сыртқы экономикалық қатынастар саласында жүргізіп, сыртқы экономикалық қатынатсар субъектілерінің қызметтерін жалпы мемлекеттік, ұлттық мүдделердің арнасына бағыттайды.

Кеден баждары, импорттық және отандық тауарлар өндірісіне бәсекелестік жағдайларын теңестіреді және қайсыбіріне артықшылықтар берместен реттеушілік қызмет атқарады:

  • протенционистік қызметін отандық нарыққа импорттық тауарлардың келуіне шек қоя отырып, баждық кедергінің деңгейі жоғары болған жағдайда мұндай әкелуге тіптен тыйым сала отырып жүзеге асырады;

  • тауарлар импорты үшін кең мүмкіншіліктер жасай отырып, ынталандыру қызметін жүзеге асырады.

Әлемдік тәжірибе тауарлар қозғалысының бағыттаушы байланысты кедендік баждар: импорттық, экспорттық, тарнзиттік, маусымдық арнайы, антидемпингтік, компенсациялық болып бөлінеді.

Кеден баждарының басты бөлігін іс жүзінде әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, импорттық баждар құрайды.

Кеден саясаты мемлекеттік биліктің орталық органдарының қарауына жатады, дәлірек айтқанда, Қазақстан Республикасының МКМ-г.

Қазақстан Республикасының кеден саясатының мақсаты:

Қазақстандық нарықты қорғау; өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау; экономиканы дамытуды ынталандыру; экономикада құрылымдық қайта құруды жүргізуге ықпал ету; бәсекелестікті қолдап, монополизмге қарсы әрекет ету; экспортты, импортты алмастырушы өндірісті ынталандыру; шетел инвестициясын тарту; сауда саясатының мәселелерін шешу; мемлекеттік биліктің орталық органдарымен анықталған басқа да мақсаттар.

Кедендік баждарды алудың бір проблемасы Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтетін тауарлардың кедендік құнын дұрыс анықтау.

Қазақстан Республикасының кедендік территориясынығ сыртқа шығарылатын тауарлардың кедендік құны счет-фактурада көрсетілген тауарлар бағасы негізінде, сондай-ақ, келесі нақты шығындары, түсіру, қайта тиеу, жеткізу шығындары; сақтандыру сомалары, сондай-ақ сатушының тартқан залалдары (комиссиондық және брокерлік сыйақылар, контейнерлер құны, қаптардың құны).

Импорталатын тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін бағалардың 6 әлісі қолданылады жән олар келесідей кезекте пайдаланылады:

- әкелінетін тауарлармен жасалған мәмілелер бағасы бойынша, бірыңғай тауарлармен жасалған мәмілелер бағасымен; құнын шегеру; құнын қосу; резервтік әдіс.

2002-2005 жылдардағы мемлекеттік бюджет табыстарына кеден төлемдерінің түсуінің динамикасын талдау белгілі бір өсудің байқалғандығын көрсетеді.

2002 жылдардағы 7994 млн. теңгеден 2005 жылғы 18472 млн. теңгеге дейін мемлекеттік бюджети табыстарының жалпы сомасында кедендік төлемдердің үлес салмағы 2005 жылы 3,5% - ға дейін өсті. Бұл кеден төлемдерінің өсу қарқынының табыстары мен салықтардың өсу қарқынынан жоғары болумен түсіндіріледі.

Кеден және салық заңдарына сәйкес кеден төлемдерінен басқа тауарларды кедендік территорияға әкелгенде кеден органдарымен мемлекеттік бюджет табыстарына салықтық төлемдер есептелініп төленеді: ҚҚС және акциздер 2005 жылы импортталатын тауарлардан т үскен ҚҚС 2004 жылмен салыстырғанда 55,3%-ға ұлғайғандығын атауға болады. Сонымен бірге, импортталатын тауарлардан акциздердің түсуін 7,1%-ға төмендеген.

Кедендік табыстардың түсу мөлшері мемлекеттік бюджет табыстарының жалпы көлемінде: 2002 жылғы 7,0%-дан 2005 жылдың екінші жартысында 10,8%-ға дейін өсті.

Мемлекеттік бюджетке 2005 жылғы кедендік төлемдер мен салықтар түсімін талдау біршама облыстарда кеден түсімдерінің едәуір бөлігі Алматы қаласының Салық комитетіне (19054 млн. теңге); Батыс Қазақстан облысы (67,17 млн. теңге); Қарағанды облысы (5221 млн. теңге) келуі.

Алайда, жоспардың барынша орындалуы Ақмола облысының Салық комитетіне (46,3%), Атырау облысына (45,4%), Солтүстік Қазақстан облысына (29,7%) келеді.

Кедендік төлемдер мен салықтар Республикалық және жергілікті бюджет арасында тартылады, мұнда, олардың басым бөлігі Республикалық бюджетке келеді. Осылайша, 2005 жылы Республикалық бюджетке 55726 млн. теңге немесе 98,2% жалпы сомадан келген табыстары түссе, жергілікті бюджетке 1042 млн. теңге немесе 1,8%-ға түсті. Мемлекеттік бюджетке кеден баждары мен салықтардың түсу жоспарының орындалуы 2005 жылы 5,7% құраса, көбінесе баждар бойынша жоспардың орындалу есебінен қорғау шаралары ретінде алынатындары 51,8%, экспорттық кдеен баждарын алумен байланысты 46,6%, кедендік бақылау және процедуралар бойынша алымдардан 26% импортталатын тауарларға ҚҚС –ның жоспарының орындалуы 6% құрады.

Бұл Қазақстан Республикасының кеден органдарының белсенді шаралар жүргізгендігін көрсетеді.

Болжамдық есептегі төлемдер мен алымдағы жинақтарының ұлғаюы үкіметпен қабылданған заңнаманы жетілдіру шаралары есебінен, сондай-ақ кедендік бақылауды күшейту жолымен.

Қаражаттарды жинауда елеулі өнімді кедендік және салықтық жеңілдіктерді экспорттаушыларға салмау және энергия тасушыларға бақылауды жоспарлаудан әкеледі.

Әкелу баждары ұлттық бағалар динамикасы мен деңгейіне, ішкі өндіріс жағдайына сыртқы экономикалық қызметтерден келетін мемлекеттің табыстарының деңгейіне ықпал етеді.

Баждар деңгейі ұлттықбағалар деңгейіне тікелей әсер етеді және олардың арасында тура пропорционалдық байланыс бар: бағалардың төмендеуі ішкі бағалардың төмендеуіне әкеледі, ал жоғарлауы өсуіне.

Кеден тарифтеріне қатысты айтсақ, олар ұзақ мерзімдік болашаққа айтарлықтай роль атқармайды, бірақ сауданы либерализациялаумен байланысты қысқа мерзімді жоспарда пайданың көзі ретінде маңызды роль атқарады. Сонымен бірге импортқа тарифтер құрылымы бірқатар критерийлерге жауап беру керек:

  • тарифтер контрабанданың пайда болуына әкелетіндей соншалықты жоғары болмау керек немесе өте дифференцияланған болмауға тиіс, өйткені, бұл ішкі салалардың қорғанысының бұрмалануына әкеледі;

  • тариф деңгейі басқа салықтармен бірге бағдарланып, олардың әрбір салықтың бюджет табыстарына қажет салымдардың жалпы көлемін анықтауға болады;

  • қысқа мерзімді табыстарға деген қажеттілікті қанағаттандырылған соң бюджет тапшылығын тақылау үшін және басқа да орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспардағы салықтардан аз тәуелді болуды қамтамасыз ету үшін тарифтерді біртіндеп қысқартады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында халықаралық сауданың көмегімен экономикалық өсудің мүмкіндігі пайда болады.

Қазақстан Республикасының экспортын мемлекеттік реттеудің жүйесінің орталық буыны бұл кезеңде сыртқа шығарудың қаржы несие механизмі болуы керек, яғни, өзіне ішкі нарық пен экспорттық операцияларды сақтандыруда қызмет ететіндерге қарағанда қолайлырақ жағдайда берілетін экспорттық несиелер, сондай-ақ, экспортты ынталандыру қаржы тетіктері – салықтық жеңілдіктер мен тікелей субсидиялар, экспортерлерге шикізатты шығару кезіндегі жеңілдіктер, егер олар қайта экспорттау үшін қолданылса.


Сыртқы сауда

(Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің деректері бойынша)

 
1   2   3   4   5   6



Похожие:

Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconКіріспе АҚшаның МӘні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Ақшаның қажеттілігі және оның пайда болуы
Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconКіріспе
Салықтардың экономикалық мәні, қағитаттары, қызметтері түрлері
Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconДипломдық жұмыс Тақырыбы : «Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға Қазақстан Республикасы)»
«Салық және салық салу» мандандыруының сырттай бөлімінің 2 курс студенті Кибраева Айнаш
Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconТарау. Кедендік төлемдерді алудың теориялық тұрғылары Кедендік төлемдер ұғымы және түрлері
Осындай жағдайда дамыған ел өз шекараларын ашып, реттеудің әкімшілдік әдістерін ғана қолдана алады. Ал біз үшін әзір мұндай реттеуді...
Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconТарау. Кедендік төлемдерді алудың теориялық тұрғылары Кедендік төлемдер ұғымы және түрлері
Осындай жағдайда дамыған ел өз шекараларын ашып, реттеудің әкімшілдік әдістерін ғана қолдана алады. Ал біз үшін әзір мұндай реттеуді...
Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconЖоспар Кіріспе 3 1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың,...
Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconМазмұны кіріспе автокөлікті сақтандырудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу
Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу
Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconІ. Кедендік бақылау кеден ісінін кұрамдас бөліктері. Кедендік бақылау мәні, құылымы максаттары
Барлық елдердегі ұлттық экономикалар есімдеудің белгілі бір дәрежеде ашық болуда халықаралық еңбек бөлінісімен халықаралақ бәсекеге...
Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Фразеологизмдердің түрлері, белгілері және тұрақты тіркестердің басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы

Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе iconІ тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні
Кіріспе бет
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов